Экология және халық денсаулығы


Ж О С П А Р

КІРІСПЕ . . . 3

1 ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ

1. 1 Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі . . . 5

1. 2 Қала экологиясы және адамның денсаулығы . . . 9

1. 3 Климаттық факторлардың ағзаға тигізетін әсері . . . 10

2 ЭКОЛОГИЯНЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ

2. 1 Тұрғындардың денсаулығына экологияның ластануының әсері . . . 14

2. 2 Қазақстанның радиациялық ластануы және Семей ядролық полигоны сынақтардың адамдарға әсері . . . 16

2. 3 Қоршаған ортаның шумен ластануы, оның адам денсаулығына тигізетін әсері . . . 24

2. 4 Қолайсыз қоршаған ортамен адам денсаулығына келтірілетін зиянның орнын толтыру . . . 26

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 35

Кіріспе

Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген қасиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондықтан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына және тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ықпалы зор. Басқа ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.

Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға қабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті.

Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуының маңызы ерекше. Адамның мұқият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазақстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.

Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т. б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналық жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.

Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топқа бөлінеді.

1. Бұлшықет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлық тіршілік әрекеті түрлі қимыл-қозғалыстар жиынтығынан тұрады. «Қозғалыс - тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі.

Тынысалу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.

2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.

3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нәтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды және т. б. Адамның ұзақ өмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рөлі зор. Көбіне көкөніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының бірқалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді. «Артық салмақ - аурудың белгісі» деген ұғым соны аңғартады. Адам денсаулығына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері де жағымды әсер етеді. Мысалы, ораза ұстау - адам ағзасын қажетсіз заттардан тазартады. Балаларды сүндетке отырғызу - терінің таза болуына септігін тигізеді. Намаз оқу - тазалықты сақтап, буын қозғалыстарының белсенділігін арттырады. Әрбір адам өз денсаулығына қамқорлық жасап, үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Ұзақ өмір сүрудің негізгі шарты - денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек.

Адам денсаулығының басты үш көрсеткіші бар. Олар: біріншіден - адам ағзасының орта жағдайларына бейімделуінің жоғары дәрежеде болуы. Ол ағзадағы барлық мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің үйлесімді жұмыс атқаруы арқылы байқалады. Екіншіден - адамның психикалық көңіл күйінің қалыпты дамуы арқылы айқындалады, ойлау, есте сақтау, зейін, дарындылық және т. б. қабілеттіліктерді қоғамның қажетіне жұмсай білу. Үшіншіден - жеке тұлғаның қоғамдағы өз орнын білуімен, жауапкершілігін сезінумен айқындалады. Бұл адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынасы арқылы білінеді.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымының шешімімен 7 сәуір «Бүкіләлемдік денсаулық сақтау күні» деп белгіленген. Біздің елімізде де адамдардың денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың Ұлттық орталығы» ұйымдастырылды.

1 ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ

1. 1 Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі

Экология - тірі организмдердің тіршілік ортасымен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Бұл ғылымға алғаш қызыға қараған Аристотель болса, оның оқушысы “ботаниканың әкесі” Геофаст еңбектерінде өсімдіктерге де типографиялық, географиялық жағдайдалардың ықпал ететін, климат пен ауа райының өсімдіктердің өсуіне, жемісінің пісуіне, гүлі мен жемісінің иісіне де әсер ететін атап көрсеткен. Карл Линей өсімдіктер мен жануарлардың қоршаған орта мен байланысын зерттеген. Ал экология деген термінді 1866 жылы австралиялық ғалым - биолог Э. Геккель ұсынды. “Экология” деген гректің oikas - үй, мен және logos - оқу деген сөздерінен құралған. Қарапайым тілмен айтсақ, қоршаған орта мен тіршілік арасындағы қатынасты, табиғаттағы тепе - теңдікті сақтау мәселелері экология деп түсіну керек. Экология ғылымы қазіргі табиғи ортаның адам денсаулығына жануарлар мен өсімдіктердің организміне тигізетін әсерін және тағы басқа өзгерістерді зерттейді. [1]

БҰҰ - ның шешімі бойынша жыл сайын маусым айының 5- ші жұлдызы қоршаған ортаны қорғаудың бүкіл дүниежүзілік күні деп аталып өтілуде.

Адам баласы тіршілік ету үшін өзіне керекті заттарды табиғаттан алады. Сондықтан табиғат байлығын аялап, қоршаған ортаны ластанудан, бүлінуден қорғау келешек ұрпаққа оларды табиғи қалпынан бұзбай жеткізу үлкен мәселе. Адамдардың денсаулығына әсерін тигізетін қоршаған ортаның ауа мен суы, топырағы мен өсімдіктері таза болғаны жөн. Жер тұрғындарының шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың басты себепкері болып табылады. Қазіргі өркениет табиғаттағы тепе- тендікті бұзып, қоршаған ортаны залалын тигізіп отырғаны жасырын емес. Себебі күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары биосфераға түсіп отырады. Ол қалдықтардан ауаға, суға және топыраққа сандаған химиялық заттар бөлініп, олар адам денсаулығына залал тигізеді. Экологиялық зардап бүгінде адам өлімінің 20 пайызына себеп, болып отыр. Ал кейбір жерлерде жағдай мұнан да қиын. Қазіргі кезде бүкіл жер шарында адамның араласуынан шет қалған, ластанушы заттардың түспеген бірде- бір жер жоқ.

Қоршаған ортаны ластайтын затардың биологиялық әсері олардың адамды уландыруы, нысандық сырқаттарға ұрындыруы, қатерлі ісік тудыруды және мутагендік (гендердің бопсалануы) қасиеттеріне байланысты екендігі белгілі.

Ауаны ластайтын улы заттардың 150- ден астамы белгілі. Олар ауада күн сәулесінің әсерімен ыдырап, реакцияға түсіп, жаңа химиялық қосындылар түзеді. Бұл қосындылар табиғи ортаны ластап, адам организміне әр түрлі әсер етіп, денсаулығын бұзады. Осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе адамның тынысы тарылып өліп кетуі де ықтимал. Улы заттар ірі өнеркәсіптер шоғырланған қалалардың тұрғындарының денсаулығына елеулі зиян келтіреді. Химиялық, түрлі - түсті металл өндіретін өндірістер тынымсыз улы заттар шығарып тұрады. Мысалы, ауаны ластаушы қайта өңдейтін зауттар мен электростанциялар секілді ауаға күкірттің қос тотығын шығаруда, ол әрине адамның және жануарлардың тыныс жолдарын қабындырып, әр түрлі аурулар туғызады. Көмірді жылу электростанцияларында жағудың әсерімен ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауылшаруашылық егістіктеріндегі көкөністер мен жеміс - жидектерге, орман өсімдіктеріне елеулі зиян келтіреді. Оларды пайдаланған адам мен онымен қоректенген жануарлардың тәнінде зиянды физиологиялық өзгерістер байқалады. [2]

Мамандардың мәліметтеріне сүйенсек, соңғы жылдары автокөліктер өте көбейіп улы газдың мөлшері 40 пайызға, ал ұшақтардан бөлініп шығып жатқан улы газдың мөлшері 60 пайызға өскен. Цемент зауытынан бөлінген шаң-тозаң қоршаған ауада, топырақта калий, кальций, магний элементтерінің шамадан тыс көбеюіне себепкер болады. Ал мырыш пен қорғасын өндіретін металлургия зауытынан шығатын улы заттар топырақ пен шөптердің бойына жиналып, ауа мен су арқылы адам мен жануарлардың бойына еніп олардың денсаулығына қауіп келтіреді. Адам организімінің улы заттарға төзімділігі әрқалай. Жас балалар мен қарт кісілер, аурушаң улы заттарға төзімсіз келеді.

Сондықтан қоршаған ортаға зиянды заттар шығаратын кәсіп орындардың қаладан алыстау жерге орналасқаны жөн. Қоршаған ортаны ластаушы көздерін ірі төрт топқа бөлуге болады: 1. Химиялық ластану - көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, пестицидтер мен гербицидтер, шайынды сулар, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.

2. Физикалық ластану - жылу, радиоактивті заттар, электромагниттік толқындар, шулар мен тербелістер.

3. Биологиялық ластану - жұқпалы және паразиттік ауруларды туғызатын қоздырғыш бактериялар, вирустар, микроорганизмдер мен құрттар, қарапайымдылар мен шектен тыс көбейіп кеткен зиян келтіретін жәндіктер.

4. Эстетикалық зиян - табиғаттың әсем ландшафтарының бүлінуі, орман - тоғайлардың жойылуы, табиғаты сұлу жерлерді су басып батпақ - сорға айналуы, сусымалы құмдардың жылжып жайылымдарды, өзендерді, бүлдіруі, су қорының азайып көлдердің құрғауы және тағы басқалар.

Ал биосферадағы ластану процесі үш кезеңге бөлінеді.

Ластанушы заттардың таралуы.

Ластағыштардың биомассаға енуі.

Ластанғыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы.

Адам организімі ластаушы заттарды қабылдаған кезде белгілі бір мөлшерге, немесе деңгейге дейін ғана төзе алады. Ал егер зиянды заттар ол мөлшерден асып түссе, адам организімі оған төтеп бере алмай, денсаулығы бұзылып, ауруға душар болады.

Қоршаған ортамен, табиғатпен адам өмірі тығыз байланысты. Егер онда кейбір құбылыстар мен өзгерістер болып ластанудан табиғатқа зиян келсе, адамзат та одан зардап шегеді, одан айналып өте алмайды. Өзімізді қоршаған сыртқы орта (ауа, су, топырақ) адам өміріне зор ықпал жасайды. Ал денсаулығымыз осыған байланысты. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау еліміздің аса маңызды міндеттері ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген. Өзімізді қоршаған табиғатты, яғни биосфераны бүлдірмей таза сақтау, қолдан келсе оны жақсартуға тазартуға ұлес қосу әрбір сапалы азаматтың негізгі өмірлік парыздарының бірі болып қала бермек. “Табиғат - біздің туған бесігіміз” деп бекер айтылмаған. Қоршаған ортаны, жер бетіндегі сұлу табиғатты сақтап, оны бұзбай сулар мен топырақты, атмосфералық ауаны таза күйінде болашақ ұрпағымызға қалдыру - бізге үлкен міндет. Сондықтан табиғатты жанымыздай сүйіп, өзімізді қоршаған ортаны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Табиғатқа жанашыр болу-адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. [3]

Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын болмаған аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап қосылыстарымен (“минамата”) және т. б. уланудан пайда болған аурулар жатады.

Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар
Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді.

Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті.

Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. Мысалы, поливинилхлорид (ПВХ), полихлорды бифенилдер (ПХБ), ДДТ (пестицид), тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен (еріткіштер) .

Бұл топқа өте улы зат - диоксиндер де жатады.

ПВХ мен винилхлорид бауырдың қатерлі ісігін, тері, сүйек пен аяқ-қолдың зақымдануынан көрінетін винилхлоридтік ауруды туғызады. Ұзақ уақыт бойы винилхлорид қауіисіз деп есептеліп келді. Оны аәрозоль баллондарында газ-тасымалдаушы және медицинада наркоз ретінде қолданып келген. Тек 70-жылдары ғана оның улы қасиеттері анықталды.
Белгілі ДДТ () да хлорлы көмірсуларга жатады. 1939 жылы Моллер бұл заттың инсектицидтік қасиеттерін анықтады. Бұл препараттың 15 млн. тоннасы жер шарының барлық дерлік аймақтарында қолданылған. Антарктиданың өзінен шамамен 25 мың тонна ДДТ табылған. Кейіннен ДДТ май ұлпалары мен ана сүтінде жиналатыны белгілі болды. 70-жылдардан бастап бұл инсектицидті қолдануға тыйым салынды. Бірақ жоғары дәрежеде тұрақтылығына байланысты (ыдырау мерзімі 50 жыл) ол қоректік тізбектерде әлі де интенсивті түрде айналымда болып келеді.
Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі. Диоксиннің канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсері анықталған. Ол әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді. Диоксиннің көп бөлігі (шамамен 200 кг) қоршаған ортаға американдықтардың Вьетнамда қолданған дефолианттары түрінде шығарылды. Нәтижеде тек вьетнамдықтар ғана зардап шеккен жоқ шамамен 20 мың американдықтарды да қамтыды.
Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалау қасиетіне де әсері анықталған. Сонымен қатар канцерогенді және тератогенді әсер етеді.

Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат. 30-100 мл мөлшері адамның өліміне әкеліп соқтырады.

Формальдегид химия өндірісінің маңызды өнімдерінің бірі болып табылады. Фтор альдегид аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін. Сонымен қатар оның канцерогендігі туралы да мәліметтер бар. Адам мен басқа да тірі ағзалар бұл затпен үнемі әсерлесуде болады (пластик, ағашты-талшықтар, консерванттар, автокөліктердің газдары, темекі түтіні т. б. ) . Дүние жүзінде ондаған миллион тоннасы өндіріледі. Қазір бұл затты тұрмыстық мақсатта қолдануды шектеуге бағытталған шаралар жүргізілуде.

Ауыр металдар. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және т. б. кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Ауыр металдардың қоршаған орта мен ағзада жинақталуының негізгі көзі - отынды жағу, пестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар, өндірістік қалдықтар және т. б.

Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский, 1996) антропогенді заттар есебінен қоршаған ортаға қорғасынның 94-97%-ы, кадмийдің - 84-89%-ы, мыстың - 56-87%-ы, никельдің - 66-75%-ы, сынаитың - 60%-ы шығарылады.

Қорғасынның негізгі көзі - автокөлік жанармайы болып табылады. Қорғасынның көп бөлігі металлургия кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығында пестицид ретінде мышьякты) қорғасынды қолдану кезінде шығарылады. [4]

Қоршаған ортада қорғасынның артуы, әсіресе, өнеркәсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. XX ғасырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы қорғасынның мөлшері 1600 жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700-1200 есе артық.

Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынадай: тез шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау.

Кадмий. Ауыр металдардың ішіндегі ең улы элемент. Ортаға кадмийдің шығарылу себептері тас көмірдің шаңы, химиялық тыңайтқыштар, пластмассалардың қалдықтары мен жану өнімдері, темекі түтіні. Қорғасынға қарағанда кадмий топырақтан өсімдікке жеңіл өтеді (70%-ға дейін) де, ағзадан баяу шығарылады. Негізінен бүйректі (бүйректе жиналады), жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян. “Ита-ита” ауруын туғызады.

Сынап. Қоршаған ортада кеңінен таралған. Дүние жүзіндегі сынаптың өндірісі жылына 10 мың т. астам. Ол негізінен электротехникада, медицинада және химия өнеркәсібінде қолданылады.

Металдық (элементарлық) сынап іс жүзінде ағзаға зиянды емес. Бірақ бу түріндегі сынаптың әсері қауіпті. Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген сынап тұздарының қауіптілігі жоғары.

Сынаптың металлорганикалық қосылыстары (әсіресе метил сынап) ағза үшін өте улы және қауіпті.

Асбест. Соңғы кезде дәрігерлердің назарын өзіне аударып отыр. Ұсақ асбест шаңы - асбестоз ауруын туғызады. Өкпе ұлпаларын зақымдап, қатерлі ісіктерге әкеледі. [5]

1. 2 Қала экологиясы және адамның денсаулығы

Қазіргі кездегі адамның экологиялық ортасы - қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады.

Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызды мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланған. Соңғы 45 жылда қала халқының саны 729 млн-нан 2540 млн. адамға дейін өсті, яғни 3, 5 еседей, ал олардың халықтың жалпы санындағы үлесі 29-дан 44%-ға дейін артқан. Сонымен қатар, қалалардың іріленуі жүріп отыр. 1995 жылдың соңына қарай дүние жүзінде халқының саны 1 млн. -нан астам халқы бар 320 қала және 5 млн. -нан астам халқы бар 48 қала болған.

Бірақ урбанизация (латын тілінен аударғанда urbanus - қалалық) процесі тек қала халқының немесе қалалардың мөлшері мен санының артуымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың рөлінің артуынан, көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді.

Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе - бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі.

Қазіргі кездегі қала - күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономико-географиялық, инженерлік-құрылыс, сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады. Көбінесе, қалалармен қоғамдық процестің көптеген белгілерін байланыстырады. Бірақ, қала өркениеті - қолайлы жағдайлар, тұрмыстың жеңілдеуіне әкелгенмен, коммуникация тығыздығы, әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері - тек барлық жағынан қолайлы орта емес.

Қала ортасы адамның басты сапасы - оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транснорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы - осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.

Қала халқының басым бөлігі демалатын қаладан тыс, табиғи жағдайда өткізуге тырысады. Бірақ, мұндай жерлерде мүмкін болатын рекреациялық (рекреация латын тілінен демалу, сауығу) қысым артады да, олар: қаланың жалғасына айналады. [6]

Атмосферадағы тіршілікке кажетті барлық процестер оның тропосфера қабатында жүреді. Оның жер бетінен қалыңдығы 10-18 км. қашықтықты (қалыңдықты) қамтиды.

Көміртегі оксиді (СОІ) және монооксид (СО) . Жалпы отын жаққан кезде көміртегінің екі газы түзіледі. Екеуі де ластағыш газдар. Оның көміртегі диоксиді - улы емес, ал монооксид улы болып келеді Ол адамньң қандағы гемоглобинмен өте тез қосылып зиянды қоспа түзіп ауру туғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған орта және адам денсаулығы туралы ақпарат
Қоршаған орта және адам денсаулығы
Экологиялық саясат туралы ақпарат
«Экологиялық – құқықтық реттеудің түсінігі, мәні. Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы.»
Экология құқығының объектілері
Қазақстан Республикасының экология құқығы
Экологиялық зиянды өтеуді құқықтық реттеу
Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулығына әлеуметтік-экологиялық факторлардың әсері
Экология және тұрақты даму пәнінен ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Қоршаған ортаны ластанудар қорғау жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz