ХІ-ХV ғасырлардағы Германия


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ХІ-ХV ғасырлардағы Германия

Жоспар

  1. ХІ-ХІІ ѓасырлаода ауыл шаруашылыѓында µндіргіш к‰штердіњ µсуі.
  2. Полаб жєне Прибалтика славяндарына ќарсы неміс агрессиясы.
  3. Герман императорыныњ Италиядаѓы саясаты. І Фридирих Барбаросс. ІІ Фридрих.
  4. Габсбургтер династиясы.
  5. ХІ‡-Х‡ ѓѓ. Германияныњ єлеуметтік-экономикалыќ жєне саяси дамуы.

ХІI ғ. дейiн Германияның даму ерекшiлiгi әр келкi жағдайда дамыды. Себебi, Батыс Европадағы ең iрi мемлекеттердiң бiрi едi. Бiрақ бұл мемлекеттiң iшiнде iшкi қырқысу соғыстармен территориялық бытыраңқылық қуатты мемлекеттiң әлсiреуiне алып келдi. Кейiннен бiрiгудiң нәтижесiнде тағы да орталықтанған қуатты мемлекетке айналды. Басқа Батыс Европа мемлекеттерi сияқты Германияда да ХІ-ХІI ғғ. экономикалық жағынан дамуы басталды. Мысалы, жер өндеу жақсартылды. Бұл процесс өнiмнiң түсiмiнiң көбеюiне алып келдi. Астық егудi көбейттi. Астықпен бiрге техникалық дақылдар егiле бастады. Әсiресе қалаға жақын жерлерде бау-бақша егу қолға алынды. Iшкi отарлау соғысы нәтижесiнде өнделген жерлердiң көлемi ұлғайды. Осылайша ХІI ғ. қарай Германияда ауыл шаруашылығының интенсивтi дамуы қала экономикасының дамуына әсер еттi. Себебi, Х ғ. өзiнде-ақ Германияда қалалар пайда болып дами бастаған едi. Ең алдымен қолөнер ауыл шаруашылығынан бөлiнiп шықты. Рейн өзенiмен Дунайдың жоғарғы ағысында қалалар дамыды. Осының iшiнде ең iрiсi Келн қаласы болды. Себебi, Кельн транзиттiк саудада ерекше орынға ие болып, шұға өндiруден бүкiл Германияда маңызды орын алды. Сонымен бiрге Германияда Майнц, Вормс, Страсбург, Аугсбург, Регенсбург, Гамбург, Бремен, Любек т. б. қалалар дами бастады. қалалардың дамуы қолөнердiң дамуына жаңа шеберханалардың пайда болуына әсер еттi. Ал ХІI ғ. бастап Германияда тау-кен iсi өнеркәсiбi дамыды. Кеншiлер Шварцвальд пен Тюрингде темiр рудасы өндiрiске, Саксония мен Манцфельдте мыс, күмiс кендерi жұмыс iстедi. Бiрақ бұл қалалардың көпшiлiгi феодалдардың қоластында болатын. ХІI ғ. қарай Рейн өзенiнiң бойындағы қалалар өз мырзаларынан тәуелсiздiгiн алу үшiн соғыс бастады. 1073 жылы Вормс қаласында қалалықтар өздерiнiң епископынқуып жiберiп король Генрих IV әскери және финанстық көмек бердi. 1074 жылы Кельн қаласының тұрғындары өз епископына қарсы шықты. Бiрақ бұл күресте олар жеңiлiпқалды. Бұл соғыстарда қалалықтармен король үкiметi княздарға қарсы күресу үшiн одақ жасасты. Бiрақ бұл одақ берiк болмады. Тек қана империялық қалалар ғана өзiн-өзi басқаруғақол жеткiздi. Ал көпшiлiк қалалар княздардың қол астындақалыпқойды. Корольдiң билiгiмен қала халқының арасында одақтың нашар болуы бiр орталықтанған мемлекеттiң саяси бытыраң қылыққа түсуiне себепшi болды. Осындай жағдайларғақарамай Батыс Европаның басқа мемлекеттерi сияқты Германияда шаруашылық өмiрдiң барысында үлкен өзгерiстер болып, тауар-ақшақатынасы дами бастады. Шаруалардың қанау жаңа формасы енгiзiлдi. Мысалы, шаруалар өндiрiлген өнiмнiң 3/1 бөлiгiн салық ретiнде төлеп отырды. Сонымен бiрге дәстүрлi салықтың барлық түрiн төлеген. Көпшiлiк жерлерде шаруалардың төлемi ақшалай оброк формасына көшiрiлдi. Сөйтiп жердi арендаға алушылар (мейерлер) шаруаларды жалдамалы жұмысшы ретiнде пайдаланды. Бүкiл Германияда ХІII ғ. қарай ауыл шаруашылығының барлық жұмысшыларына кесiмдi максимальды жалақы белгiлендi. Әсiресе Германияда осы кезеңдерде ауыл шаруашылығы шаруалары езiлудiң әртүрлiқиын формаларын басынан кешiрдi. Бүл процестер шаруалардың жаппай баскөтерулерiне алып келдi. Мысалы, ХІII ғасырдың басында Фрисландияда штедингтердiң Бремен архиепископына қарсы бағытталған көтерiлiсi басталды. Бүл көтерiлiстiң басшысы Фридрих болды. Олар «ағаш башмакң деп аталатын жасырын ұйымқұрды. Бүл көтерiлiстi басу үшiн феодалдардың әскерi мен император Рудольфтың әскерлерi бiрiгiп күресуге мәжбүр болды. Олар жақсықаруланған әскер болғандықтан көтерiлiсшiлердi талқандады. Көтерiлiс басшысы Фридрих инквизиция сотымен өтқа өртеп өлтiрiлдi. Көтерiлiстiң маңызы зор болды.

1125 жылы Генрих Vқайтыс болғаннан кейiн Германияға король болып Саксонияның герцогi Лотаря III король болып сайланды. Саксониялық болғандықтан ол көбiнесе Саксонияны дамытуға көбiрек көңiл бөлдi. Сөйтiп 1137 жылы ол тақтан тайдырылып, Швабияның герцогi Конрад Штауфен корольболып сайланды. Ол Штауфендер династиясының иелiгi мен өз билiгiн нығайту үшiн жергiлiктi бытыраң қы жатқан княздармен келiсiмге келе бастады. Конрад Штауфеннiң бұл саясатын 1152-1190 жылдары билiк құрған Фридрих I Барбаросса одан әрi жалғастырды. Фридрих I Барбароссаның кезiнде Германияның княздiктерi бiрiктiрiле бастады. Фридрих I Барбаросса Германияның ең күштi провинциясы Баварияны өзiнеқаратты. Сонымен бiрге Солтүстiк Италиядағы қала-мемлекеттердi өзiне бағындырды. Фридрих I Барбаросса Германиядағы барлық қалалардың еркiндiгiн жойып, оларды өзiнiң тағайындапқоятын чиновниктердiң басқаруына бердi. Германияның қол астына енген Италияның қалалары Миланның башылығымен императорға қарсы күресу үшiн одақтарға бiрiге бастады. Одақтасқан қалалардың күресiн сол кезеңдегi Рим папасы Александр IIIқолдады. Себебi Рим папасы Александр III император Фридрих I Барбароссаны өзiнiң ымырыға келмейтiн жауым деп есептеген. Сөйтiп Папа куриясы мен Фридрих I Барбароссаның кезiнде басталған күрес кейiнгi король Генрих VI мен папа Григория VII кезiнде де шиеленiсiп отырды. 1166 жылы Фридрих I Барбаросса өте көп әскерiмен қалаларды бағындырып, Римнен Александр III куып жiберу үшiн соғыс бастады. Бүл соғыстың басты мақсаты Рим папасының орнына өзiне ниеттес болған Пасхалия III папа етiп сайлау болды. Немiстер қалаларға шабуыл жасай отырып Ломбардты кейiннен Римдi жаулап алды. Ал Александр III папа елдiң Оңтүстiгiне қарайқашты. Бұл шабуыл көпке бармады, себебi немiс әскерлерi арасында жұқпалы ауру тарқалып Италиядан керi шегiнуге мәжбүр болды. Немiстердiң бұл шапқыншылықтарына қарсы Италияда Ломбардия лигасы деп аталатын одаққа бiрiктi. Аталған лигаға Италия бойынша 18 қала және бiрнеше князьдықтар ендi. Олар ең алдымен Миланды азат еттi. Елдiң солтүстiгiне Александр III папаның есiмiне байланысты Алессандрия деп аталатынқамал- қала салды. Осы кезде Вермета қаласында империяның сúезiн шақырып император Фридрих I Барбаросса Италияға жаңа жорық жасау үшiн князьдармен келiсiмге келедi. Келiсiм бойынша немiс рыцарлары жаңадан салынған Алессандрияқамал- қаласына шабуыл бастайды. қамалды 6 айға жуық шабуыл жасай отырып жаулап алады. Бiрақ 1176 жылы 26-майда болған шешушi шайқаста император әскерлерi жеңiлiп қалады. Осы жеңiлiстен кейiн Фридрих I Барбаросса бейбiт дипломатиялық келiсiмдер жасай бастайды. 1183 жылы Констанц қаласында келiсiм жасалады. Келiсiм бойынша қалалар өзiн-өзi билеу правосы мен еркiндiгiн сақтап қалады. Дерлiк барлық қалалар тек форрмальды түрде ғана императорды мойындады. Бұл қалалар әр бес жылда корольге шамалы ғана финанстық және әскери көмек көрсетуге тиiстi болды.

Осылайша Батыс Европаның көптеген мемлекеттерiнде бiрорталыққа бiрiгу процесi жүрiп жатқанда, керiсiнше Германияда бытыраң қылық процесi жүрiп жатты. Мұның өзiндiк бiрнеше себептерi болы. Бiрiншiден, императорлар Италияны тағы да басқа мемлекеттердi жаулап алу үшiн жүргiзген күресiне көмек бергенi үшiн князьдарға жеңiлдiктер беруге мәжбүр болды, екiншiден, осы кезде король билiгi өзiнiң мұрагерлiк, суверендiк билiгiнiң маңызын жойып алды. Сондықтан Германияда Англия мен Франция сияқты экономикалық орталық болмады. Себебi мұндай орталық саяси бiрiгудiң негiзi болатын едi.

Дегенмен ХІI ғасырға дейiн Германияның Шығыстағы шекарасы Эльба өзенiне дейiн ғана болса, ХІII ғасырға қарай агрессиялық соғыстардың нәтижесiнде екi есеге дейiн ұлғайды. Олар славяндар мен Балтық өзенi жағалауының Шығыс жағалауындағы территорияларды жаулап алды. Олар ең алдымен жаулап алған территорияларындағы халықтар арасында христиан дiнiн таратты. Мұндай миссионерлiк жұмыстарды ең алдымен рыцарьлар атқарды. Олардың басшылары жаңа жер жаулап алуды көздеген князьдар болды. Славяндар мен Балтық бойы халықтарының жеңiлуiнiң басты себебi олар бытыраң қы орналасқан және бiрлiктерi жоқ едi. Жаулап алынған территорияларда оларқатыгездiк, варварлық саясат жүргiздi. Басқыншылар олардан шiркеу ондығы салығын, астықтан түскен өнiмнiң 3/1 бөлiгiн және соқаны пайдаланғаны үшiн 12 күмiс ақша салық алды. Сонымен бiрге Германиядан славян жерлерiне немiстiң колонист-, оларға көптеген жеңiлдiктер бердi. Колонист-шаруалар жеке басының бостандығы мен өзiн-өзi басқару праволарын пайдаланды. Нәтижеде бұл немiс шаруалары ХІI-ХІV ғасырларға қарай Германияның басқа шаруаларымен салыстырғанда әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлары жақсара бастады. Ал славяндар үшiн қолөнер мен саудамен шұғылдануға бүтiндей тиым салынды. Славяндардың кейбiр ақсүйектерi өздерiнiң мүддесi үшiн германдықтармен ассимиляцияға түсiп, уақыт өте келе олар таза германдықтарға айналып кеттi. Бiрте-бiрте олардың тiлi мен мәдениетi, әдет-ғұрыптары жойыла бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика тарихы және методология пәні
ХІ – ХІІ ғасырлардағы Италия қалаларының қалыптасуы. Қала – коммуналар
Ортағасырлардағы Италия
Орта ғасырлардағы венгрия
ХІ-ХҮ ғғ. Германия ХІ-ХҮ ғғ. Италия
Қала мәдениеті тарихын оқыту
Ежелгі Қазақстан. Қазақстан тас дәуірінде
Византия империясының құлауы
Орта ғасырлардағы Африка елдері (Судан, Эфиопия, Шығыс және Тропикалық Азия)
Жалпы тарихтан дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz