Қазақстандағы діндер


Қазақстандағы діндер
Қазіргі Қазақстандағы конфессиялық жағдай
Этносаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісі. Қазақстанда қоғамдағы жасампаздық пен келісім жағдайын және тұрақтылықты қамтамасыз ететін этностар мен діндердің өзара әрекеттесуінің тұрақты моделі қалыптасты. Президент Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «біздің этносаралық және дінаралық келісімнің моделі - ол әр түрлі конфессиялардың өзара әрекеттесуінің бүкіл әлемдік процессіне Қазақстанның қосқан шынайы үлесі». Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері еліміздегі дінаралық қатынас саласында мемлекеттік сарабдал саясат жүргізіліп келеді.
Қазақстан Республикасындағы дін және дінаралық қатынас саласындағы ахуал соңғы екі онжылдықта айтарлықтай өзгерістерге ие болды. Қоғамдағы діннің орны нақтыланып, мәртебесі көтеріліп, қызмет аясы кеңіп, соның нәтижесінде діндарлар мен діни бірлестіктер саны артуда.
Қазақстан халқы көптеген этностар мен ондаған діни конфессиялардан тұрады. Түрлі наным, сенімді ұстанатын Қазақстан халқының келісімі мен ынтымақтастығы, оның саяси тұрақтылығының нығаюына, экономика мен әлеуметтік жағдайдың кемелденуіне бастайтын жағдайлар.
2009 ж. жалпыұлттық санағының нәтижесіне сәйкес халықтың 70. 2 %-ы өздерін мұсылмандармыз, 26 %-ы - христиандармыз, 0, 03 %-ы - иудеилерміз, 0, 1 %-ы - буддистерміз, 0, 2 %-ы - басқа діндерді ұстанушылармыз деп атады. Сонын ішінде ешқандай дінді ұстанбаймыз деп - 2, 8 %-ы, жауап берсе, 0, 5 %-ы жауап беруден бас тартты.
Қазақстанда этносаралық және дінаралық келісімнің тұрақты моделі қалыптасқанымен, ол мемлекет, азаматтық қоғам, оның ішінде діни бірлестіктер тарапынан үздіксіз қолдау көрсетіп отыруды қажет етеді. Осы сала ахуалына қызығушылық танытатын барлық тараптар біріге отырып, үнемі талдау жасап отырғаны жөн.
Осы арада, Қазақстанда дінаралық қатынас орнатудың негізгі ұстанымдарын атап өту керек.
1. Елдің Конституциясы мен заңдары ар-ождан бостандығы мен діни сенімді қорғауға кепіл береді.
Конституция діни, этникалық және басқа тұрғыдағы кемсітушіліктерге тыйым салады. Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңы діни бірлестіктердің еркін іс-әрекет жасауы үшін барлық құқықтық негіз қалады. Ел маңызды халықаралық келісімге және адам құқығына қатысты шарттарға, оның ішінде БҰҰ-ның негізгі халықаралық келісіміне (пакт) қосылды.
2. Мемлекет конфессиялардың өз қызметтерін жүзеге асыруы үшін тең және қолайлы жағдай жасайды.
Бұл тәуелсіздік кезеңінде діни бірлестіктер санының артуына мүмкіндік берді.
Қазақстан халқының басым көпшілігі өздерін мұсыл-ман санағанымен, бұл басқа діни сенім иелерінің толық-қанды іс-әрекет жасауына кедергі келтірмейді. Бұған мұсылмандық емес діни ұйымдар санының өсуі дәлел бола алады. Тәуелсіздік алғаннан бері православиелік, католиктік және протестанттық қауым саны біршамаға артты. Сондай-ақ иудейлер мен буддистердің ұйымдары да қызмет жасайды.
3. Мемлекет саясатының маңызды бағыты ретінде дінаралық диалогты атауға болады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді ұлтаралық және дінаралық диалогтың теңдессіз институты құрылды.
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты өз уәкілеттігіне қарай органдардың бір қатары жүзеге асырады. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі құрамындағы өкілетті орган - Дін істері жөніндегі комитет құрылды. 2010 жылы Дін істері жөніндегі комитет Мәдениет министрлігі қарауына берілді.
2011 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Дін істері жөніндегі комитет Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігіне ауыстырылып, Мәдениет министрлігі қарамағынан шығарылды. Осыған орай, Агенттікке конфессияаралық келісім, азаматтардың сенім бостандығына және діни бірлестіктермен өзара әрекеттесуге құқықтарын қамтамасыз ету қызметтері мен уәкілеті берілді.
Бұл шешім еліміздің басшылығы дін саласындағы мәселелерге көп көңіл бөлетіндігінің куәсі. Үкіметтің құрамына енді тікелей енетін уәкілетті органның статусын көтеру пайда болатын жағдайларды шұғыл әрі тез шешуге мүмкін береді.
Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі азаматтардың сенім бостандығына құқығын қамтамасыз ету, әр түрлі сенімді ұстанушылардың діни бірлестіктері арасындағы өзара түсінушілік пен төзімділікті нығайту, олардың мемлекетпен өзара әрекеттесуі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша одан сайын үдетіле жұмысын атқарады.
Агенттік заңнамамен бекітілген тәртібінде азаматтардың сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету, діни бірлестіктермен қарым қатынасты реттеу және дінтанулық сарпатамаларды өткізуді қамтамасыздандыру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетін үйлестіру мәселелерін реттейтін ҚР заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жасау қызметтерін жүзеге асырады.
2000 жылдан бастап Үкімет жанында консультациялық-кеңестік орган - Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес жұмысын атқаруда. Мемлекеттік органдармен ұдайы негізде конфессияаралық келісімді нығайту мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-насихаттау жұмысы атқарылады, конфессияаралық қарым қатынастарды үйлестіру мен нығайту мәселелері бойынша республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар және семинарлар өткізіледі.
Дін саласындағы жүйелі ғылыми зерттеулерді жүргізу, мониторинг пен талдау жасау мақсатында 2007 жылы дін мәселелері жөніндегі Ғылыми-зерттеу және талдау орталығы ашылды.
Осылайша, Қазақстанда уақыт тезінен өткен этносаралық және дінаралық келісім моделі қалыптасты. Біздің еліміздегі түрлі конфессиялардың өзара әрекеттестігі тәжірибесін халықаралық аренадағы БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ секілді халықаралық ұйымдар үлгі тұтады.
Діни институттардың дамуы. Қазақстанда тәуелсіздіктің екі онжылдығы барысында діни институттардың сан жағынан да, сапа жағынан мәнді өсуі болды. Діни бірлестіктер саны бірнеше есе өсіп кетті, рухани дәстүрлер қайта өрлей бастады, жаңа ғибадатханалар салынуда - мешіттер, шіркеулер, ғибадат үйлері, синагогалар салынды. Халықтың діндарлығының деңгейі өсті. Сарапшылардың бағалары бойынша, діндарлардың саны 80-жылдардың ортасымен салыстырғанда 20-25-тен 90-95 % дейін өсті. Бұл үдерістер еліміздегі азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайту, ар-ұждан бостандығын, рухани жаңаруын қамтамасыз етуге бағытталған жүргізіліп жатқан саясаттың нәтижесінде орын алды.
Мұсылман және православие христиандарының діни бірлестіктері жалпы діндарлардың 90-нан аса пайызын құрайды.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда діннің нақты қайта өркендеуі жүзеге асты. 1989 ж. 1 қантарында Қазақстанда 671 діни бірлестік, 20 конфессия мен деноминациялар болды.
20 жыл ішінде діни бірлестіктердің саны 6 есеге өсіп, 2011ж. 1 қаңтарында 4479 жетіп, ал конфессиялар мен деноминациялар саны 40-тан асып кетті. Қазіргі уақытта 3200-ге жуық мешіт, шіркеу, ғибадатханалар жұмыс істейді.
Діни бірлестіктердің жалпы санында келесілер бар: ислам - 2756, Орыс православие шіркеуі - 303, рим-католиктік шіркеу - 84, протестанттық және жаңа діни ағымдар - 1301. Діни бірлестіктерге 3377 діни ғимараттар тиесілі, олардың ішінде 2416 - мұсылман мешіттері, 269 - православие шіркеулері, 88 - католиктік костелдер, 5 - синагога, сондай-ақ басқа да протестанттық және т. б. шіркеулер.
Елде 8 жоғары (оның ішінде 2 исламдық, 1 католиктік, 1 лютерандық, 4 протестанттық), 6 арнаулы орта және 3 жалпы білім беретін рухани оқу орындары бар. Сондай-ақ ірі мешіттер жанынан ашылған курстар мен шіркеу жанынан ашылған жексенбілік мектептер бар. Осы таңда республикада 20 елден келген 400-ге жуық шет елдік миссионерлер жұмыс жасауда. Алайда, миссионерлердің ісі мен әрекеттеріне, олардың бағдарламаларына Ұлттық қауіпсіздік мәселесіне сай құқықтық, ғылыми және өркениеттік мәндегі сараптамалар жасау қажет екендігін айту керек.
Республикада діндарлар қатарының уақыт өткен сайын артып келе жатқандығы әлеуметтік зерттеулер нәтижесінен көрінеді. Қазіргі қазақстандық қоғам өмірінде діннің маңыздылығы өскен. Оның серпіні мен ерекшелігі мынадан көрінеді:
- әлеуметтік-саяси өмірдің көптеген саласында діннің әсері күшеюде;
- халықтың көлемді тобының күнделікті өміріне діни бірлестіктердің әсері өсуде;
- діни білім саласы дамып, оның қаржы және материалдық базасы нығаюда;
- шет елдерден келген діни бірлестіктердің Қазақстандағы миссионерлік және насихаттау әрекеттері жандануда.
Осы мәселеде жоғарыда көрсетілген «Қазақстанның ел бірлігі доктринасында» этносаралық, дінаралық ахуалға теріс ықпалын әсерін тигізетін бірқатар факторлар жоқ емес делінген.
Атап айтқанда, бұл әлемнің түрлі бөліктеріндегі, соның ішінде кейбір көрші елдердегі этно-діни қайшылықтардың күшеюі. Қазақстанға сырттан этно-діни экстремизм мен радикализмнің әртүрлі нысандарының кіруі әлеуетті қауіп туғызады. Қоғамда орын алып отырған әлеуметтік және тұрмыстық жергілікті проблемалар да этностық рең алып кетуі мүмкін. Жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысында жіберілген қателіктер көпэтностық Қазақстан халқының этносаралық және мәдениетаралық төзімділік дәстүріндегі сабақтастықтың бұзылуына қауіп туғызуы мүмкін.
Осы және өзге аспектілер мемлекеттің де, сондай-ақ бүкіл қоғамның да тарапынан жіті назар аударуды талап етеді.
Діндердің бейбіт өмір сүруі, экстремизмнің таралуына қарсы әрекет - Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының басты мәселелері.
Жаһандану және халықаралық байланыстың ары қарайғы дамуы жағдайында ғаламдық геосаяси тенденциялар, сондай-ақ көрші аймақтардағы, әсіресе ТМД, Орталық Азия және Таяу Шығыстағы оқиғалар Қазақстанның ахуалына (жағдайына) әсерін тигізетіндігі айқын болды. Кейбір көрші елдерде әлеуметтік-экономикалық қиындықтар туындап жатқанын ескере отырып, дінаралық қатынастар саласындағы саясатты құру кезінде аталған факторға көңіл аударып, экстремистер мен лаңкестердің елімізге енуіне жол бермейтіндей шаралар мемлекет пен қоғам тарапынан үнемі жүргізіліп отыруы керек.
Қазақстандағы Ислам
Қазақстан территориясында исламның таралуы.
Қазақстанда исламның таралуының басталуы. Қазақстанның тарихы мен мәдениеті көп ғасырлар бойы ислам дінімен байланыса дамып келеді. Ислам діні қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі болып табылады. Қазақ халқының арғы тегі болып есептелетін көне түркілер исламның қалыптасуы мен көптеген жетістіктеріне өз үлестерін қосты.
Орталық Азия мен Қазақстанға исламның енуі VII-VIII ғасырларға жатқызылады. Алғашқы араб-дін таратушылары 670 жылдардан бастап келе бастады. VIII ғ. басында Орталық Азияда миссионерлік қозғалыстың жандануы байқалады.
Исламның түбегейлі орнығуына VIIIғ. ортасында, 751 ж. Тараз қаласының маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтардың жеңіске жетуі айтарлықтай ықпалын тигізді. Қытай әскері күйрей жеңіліп, Жетісу мен Шығыс Түркістан азат етіледі. Араб әскерінің бұл жеңісі Орта Азия жерінде ислам діні мен мәдениетінің орнығуының бастуы еді.
Қазіргі уақыттағы Қазақстан жеріне исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылды. Бастапқыда жаңа дін оңтүстік өңірлерге ене бастады. X ғ. аяғына қарай ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. X ғ. басында мұсылмандықты Қарахан әулеті билігінің негізін қалаушы Сатұқ қабылдайды, ал оның ұлы Боғра-хан Харұн Мұса 960ж. Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды.
Бұл аймақ әр-түрлі діндердің тоғысқан жері болғандығына қарамастан ислам дінін тарату бейбіт түрде жүріп жатты. Ұлы Жібек жолы көпшілік діндер, солардың ішінде христиандық (көпшілігі несториандық пен яковшілер), буддизм, заростризм діндері үшін қолайлы аймақ болды. Далалы өңірде тұратын түркі халқы тәңіршілдікті ұстанды. Тұрғылықты халық арасына ислам еш зорлық-зомбылықсыз бейбіт жолмен таралды.
Ислам мәдениеттің дамуына айтарлықтай әсер етті. Орат Азияда ислам ілімі игі істердің жүзеге асуы арқылы нығая түсті. Аймақтың тұрғындары мұсылман қауымының ажырамас бөлшегіне айналды. Ислам құндылықтарының орнығуы халықтың әлемдік діннің гуамнисттік дәстүрлерін қабылдауына өз ықпалын тигізді.
Орта Азиялық мұсылман ғылымы мен мәдениетінің дамуына ортағасырлық шығыс мәдениеті тың серпін берді. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари және Мұхаммед Хайдар Дулати атты ұлы ойшылдар ғылым мен философияның көрнекті өкілдеріне айналды.
Оңтүстік Қазақстандағы көшпенді түркі халқының арасында исламды таратуда Ясауия тариқатының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауи ( 1166 ж. немесе 1167ж. қайтыс болған) зор үлес қосты. Әмір Темірдің Ясауиге деген құрметінің белгісі ретінде XIV-XV ғғ. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі салынды, қазіргі таңда бұл тарихи жәдігер тек Қазақстандағы ірі мұсылмандық сәулет ескерткіші ғана емес, сонымен қатар, әлемдік озық үлгілердің бірі болып саналады.
XIII-XIV ғғ. Исламның таралу ерекшеліктері. XIII ғасырда Орталық Азия мен Қазақстан жерлеріне бағытталған монғол шапқыншылықтары мен олардың дәстүрлі діни сенімдерін ұстанатын тайпаларының (монғол және түркі) қоныстана бастауы салдарынан исламның таралуы біраз уақытқа дейін бәсеңдеді. Осы шапқыншылықтар кезінде көптеген қалалар жойылды, ғылым мен мәдениет орталықтары тоналды, мешіт пен медреселер қиратылды. Ұлы Жібек жолындағы сауда-саттыққа ауқымды зиян келтірілді.
Алайда, уақыт өте келе қайта өркендеу басталды. Монғол басқыншылары мен ел билеушілері ислам діні мен түркі тілін қабылдай бастайды. Бұл жағдай ортағасырларда ислам дінінің көшпелі дала өңіріне қайта таралуына кең ықпал етіп, басқа да бұқара халық топтарын өзіне тартуға мүмкіндік берді.
Монғол билеушілері өздерінің діни сенімдерін мұсылмандарға күштемей, діни төзімділік танытты. Алтын Орданың ханы Берке (1255-1266) және басқа да хандардың (Өзбек, Түдеменгү) мұсылмандықты қабылдауымен исламның орны нығая түсті. Мысалға, Өзбек хан тұсында (1312-1342 жж. ) Алтын орданың астанасында 13 мешіт қызмет етіп, ханның өзі күніне 5 рет намаз оқыған. Дін әртүрлі тайпаларды біріктіруші құралдың біріне айналды. Көшпенділер арасына исламды мақсатты түрде тарату басталды. Дін уағызшылары далалы өңірге Орталық Азиядан, Еділ өңірлері мен мұсылман әлемінің басқа да аудандарынан ағыла бастады. Миссионерлер арасында суфийлік бағыттың өкілдері де аз болмады. Сопылықтың нақышбандия мен ясауия тариқаттары билік пен қоғамдық санаға айтарлықтай ықпал еткен, сол себепті билік өкілдері сопылық тариқаттардың жетекшілерімен санасып отырған. Сонымен қатар, сопылар мешіттер мен медреселерді өз иелігінде ұстап, барлық діни рәсімдерге қатысып отырған.
Монғол шапқыншылығы кезеңінен соң қазіргі Қазақстан жерінде пайда болған мемлекеттерде (Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан) исламдану үдерісі әртүрлі өтіп жатты. Қарапайым халық арасында ескі сенімдердің (тәңіршілдік, шаманизм) қалдықтары сақталып қалды.
Ислам XV ғасырда Жәнібек пен Керей негізін қалаған Қазақ хандығының ресми идеологиясы болыпжарияланды. Ислам діні жоғарғы хандық биліктің нығайуы мен түрлі қазақ тайпаларының бір этникалық қауымға біргіуне ықпал еткен идеологиялық факторлардың бірі болды. Қазақ хандығының халқы исламның сүнниттік бағытының ханафи мазхабын ұстанды, алайда қоғамдық және жеке өмірде исламның тәңіршілдік пен шаманизмнің элементтерімен өзіне тән синтезі пайда болды.
XV - XX ғғ. басындағы Қазақстандағы Ислам.
Қазақ мемлекетінің құрылуындағы исламның рөлі (ХV-ХVIII вв. ) . Қазақ мемлекеті өзінің құрылғанынан бастап мұсылмандық құқықтық нормаларына жүгінді. Барлық қазақ хандары Керей мен Жәнібектен бастап ең соңғы қазақ ханы Кенесары (1847ж. қайтыс болды. ) өздерінің шариғатқа жүгінетіндіктерін атап кеткен.
Қасым хан мен Есім хан қабылдаған көшпелі мемлекеттің дала заңдарына шариғаттың үлкен әсері болды. Тәуке ханның (шамамен 1718ж. қайтыс болды) «Жеті Жарғы» заңдар кодексін қабылдауы исламды қоғамдық өмір мен заңдық тәжірибеде қолдануда айтарлықтай үлкен қадам болды. Осы құжатта көрсетілген әкімшілік, қылмыс және азаматтық құқық нормалары айтарлықтай дәрежеде шариғатқа жүгінген. Бұл заңда мемлекеттің ислам дініне қолдауын мойындайды. Мысалға, «Құдайға тіл тигізген адамның күнәсі жеті куәгер арқылы дәлелденсе, оны тас атып жазалу қажет»; «Егерде біреу христиан дінін қабылдаса, жақындары оның барлық мүліктерін иемденеді».
Қазақ хандығында қалыптасқан қоғамның құрылымы заңды түрде бекітілді, мұнда жүз бен руға бөлінбейтін ақсүйектерге басымдылық берілді. Ақсүйектер қатарына Шыңғыс ұрпағынан таралған төрелер мен Мұхаммед пайғамбар мен оның төрт халифасының ұрпақтарынан таралған деп есептелетін қожалар жатты. «Жеті Жарғы» заңдар жүйесінде қожалардың әлеуметтік дәрежесін ерекшелеу ислам дінінің жоғары әлеуметтік деңгейін көрсетеді.
Сонымен қатар, құқықтық нормалардың басым бөлігі дала әдет-ғұрпымен байланысты болды, немесе шариғат пен әдет-ғұрыптың синтезі күйінде болды. Ислам діні дала әдет-ғұрпының басым бөлігін қабылдауына байланысты, әдет-ғұрып пен шариғаттың ара-жігін анық айыру қиын екені белгілі. Мұндай байланысты «Жеті Жарғыдан» байқауға болады. Қазақ қоғамында ислам мен көне халық дәстүрінің арадасып кеткен тұстары кездеседі. Мысалы, ислам сәбилерді атастыру («Бесік құда») салтын ислам жоққа шығармады. Бұл салт бойынша, мұндай құдаласу арқылы туысқан болу уақыт өте келе қайта жаңғыртылады. Ислам «қалың мал» төлеу секілді көне салттарға да икемділік танытты.
Аймақтардағы ислам дінінің ықпалының қалыптасуы ескі түсініктердің сақталуы және олармен синтезге түсуі арқылы да жүзеге асып отырды. Діни синкретизм қалыптасты, яғни, ислам дінін ұстануда ескі діни нанымдардағы кейбір түсініктер сақталды, әсіресе анимизм, шамандық, ата-баба рухына сыйыну элементтері сақталып қалды. Осылайша, исламға дейінгі нанымдардың элементтері сақталған дәстүрлі ислам кең жайылды. Діни басшылықтың имам, молда және өзге де ресми құрылымдары қалыптасқанымен, олар баяу дамыды.
XVI-XVII ғғ. Қазақстанда исламның жайылуына қазақ халқының орта азиялақ халықтары мен Еділ татарларымен тығыз экономикалық, мәдени байланыстары ықпал етті. Ислам дінінің уағыздарын Бұхар, Самарқанд, Ташкент, Хиуа, Түркістаннан келген уағызшылары тарата бастады.
Тәуелсіз Қазақстандағы Ислам. Тәуелсіз Қазақстан тарихына жүгінсек исламдық институттардың ықпалының артқанын байқамыз. Соңғы жылдардың тәжірибесі исламның қоғамдағы руханилықты қолдап, дамуға қуатты жасампаз ықпалын тигізетінін дәлелдейді. Зорлықты қабылдамау, сондай-ақ нәсілдік және ұлттық төзбеушіліктен бас тартатын Мұхаммед пайғамбар (с. а. с. ) ілімінің бейбітшіл мәні еліміздегі тұрақтылықты сақтап, одан әрі нығайтуға жағымды әсерін тигізеді.
Өзінің «Сындарлы он жыл» атты кітабында Қазақстан Республикасының Президенті былай деп жазады: «Біз, қазақтар үшін ислам - біздің дүниетанымызды анықтайтын ең алдымен жоғары идеал мен факторы, бұрындары ұмытылып кете жаздаған бай мұсысмандық мәдениеті мен ата-бабаларымыздың рухына деген тиісінше баға берудің Рәмізі іспеттес».
Тәуелсіз Қазақстандағы ислам ықпалды қоғамдық күшке айналды. Мұсылман бірлестіктерінің саны қарқынды түрде өсуде. Егер 1991 ж. олардың саны тек 68 болса, 2000 жылдар басында 1652-ге жетті, ал 2011ж. 1-қантарында 2756-ға көтерілді. Елімізде жаңа мешіттер салынуда. 2011 ж. басында 2416 мұсылман ғимараттары қызмет атқаруда.
2005 ж. 22 науырызында Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің қатысуымен еліміздегі ең ірі мешіттердің бірі «Нұр-Астана» мешіті ашылды. Мешіттің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Елбасы: «Жаңа мешіт Қазақстанның жас астанасының нағыз рухани және діни орталығына айналады, ал оның өз сұлулығымен ерекшеленетін ғимараты қаланың сәулеттік келбетін көркемдей түсіп, оны қайталанбастай етеді . . . Діни ғимаратпен танысқан қала қонақтары Астана туралы қазіргі замандағы ең үлкен діндердің бірі исламды ұстанатын мемлекеттің астанасы деген ой қалыптастырады»- деді.
Ол Астанамыздың сол жағалауын көркейткен Ислам мәдени орталығы құрамына енді. Мешіт күніне бес мың адамды қабылдай алады. Айналасында биіктігі 62 метр төрт мұнарасы бар ғимаратты алюминий және алтынмен қапталған 21 күмбез безендіріп тұр. Бас күмбездің биіктігі 43 метр.
Алматыда «Нұр-Мүбарак» Қазақстан-Мысыр Ислам университеті ашылды. Жыл сайын жаңа медреселер пайда болуда. Дін ұстанушылар саны күннен-күнге өсуде, олардың арасында жастар көп. Орташа және жоғарғы діни білім алатын адамдар саны көбеюде. Меккеге қажылыққа баратын қазақстандақтар саны өсуде. 2001 ж. қажылыққа 228 адам аттанса, 2007 ж. желтоқсанында 4300 қажылар ұзақ жолға шықты.
2006 жылдан Қазақстанда мұсылмандардың мейрамы Құрбан айттың бірінші күні демалыс деп жарияланды.
Қазақстан 50-ден астам мұсылман мемлекеттерін біріктіретін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының мүшесі.
Қазақстандағы христиан діні
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz