Ұйғырлар - тарихы



1 Ұйғырлар
2 Музыкалық өнері
3 Ұйғыр мәдени орталықтары
Ұйғырлардың қолы алтын, көңілі-гүл,
Гүлзар баққа айналдырар шөлейтті.
Досқа деген мейірі ашық, көңілі ақ.
Біліп жүрші, ұйғыр деген осындай.
Ілия Бахтия, ұйғыр ақыны
Ұйғырлар - тарихы бай ежелгі этностардың бірі. Ерте кездерден Шығыс Түркістан жерін (қазіргі Қытай халық республикасының Синьцзян - Ұйғыр автономиялық ауданы) мекендейді. Көне замандарда бұл жерден Аспанастын Батыспен, Орта Азиямен, Үндімен және Иранмен жалғастырған Ұлы Жібек жолы керуені өткен.
Ұйғырлардың негізгі бөлігі - 12 миллион адам тарихи отаны Шығыс Түркістанда, қалғаны - шамамен 3 миллионы Түркияда, БАЭ, Австралияда, Канадада, Германияда, АҚШ-та, Үзбекстанда, Қырғызстанда, Түрікменстанда тұрады.
Ұйғыр тілі түркі тілдерінің ішінде қарлық тобына жатады.
Алматы облысын 148 мыңнан астам ұйғыр мекендейді.
Ұйғырлар XIX ғасырдың аяғында қазіргі Алматы облысы төңірегіне қоныс аудара бастады. Қазіргі уақытта қазақстандық ұйғырлардың негізгі бөлігі Алматы облысының аумағында тұрады. Олар негізінен дәстүрлі суармалы жерлерді өңдеу кәсібімен, егін шаруашылығымен қатар мал шарушылығымен де айналысады. Қазақстан ұйғырлардың екінші отанына айналғалы да ғасырдан астам уақыт өтті. Олар жергілікті халықпен тығыз араласып, ағайын-туыстық қарым-қатынаста өмір сүруде.
Тәуелсіз Қазақстанның барлық ұлыстары сияқты, олардың да өзіндік ерекшеліктерін, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтауына зор мүмкіндіктер жасалып отыр.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ұйғырлардың қолы алтын, көңілі-гүл,
Гүлзар баққа айналдырар шөлейтті.
Досқа деген мейірі ашық, көңілі ақ.
Біліп жүрші, ұйғыр деген осындай.
Ілия Бахтия,  ұйғыр ақыны

Ұйғырлар - тарихы бай ежелгі этностардың бірі. Ерте кездерден Шығыс
Түркістан жерін (қазіргі Қытай халық республикасының Синьцзян - Ұйғыр
автономиялық ауданы) мекендейді. Көне замандарда бұл жерден Аспанастын
Батыспен, Орта Азиямен, Үндімен және Иранмен жалғастырған Ұлы Жібек жолы
керуені өткен. 
Ұйғырлардың негізгі бөлігі - 12 миллион адам тарихи отаны Шығыс
Түркістанда, қалғаны -  шамамен 3 миллионы Түркияда, БАЭ, Австралияда,
Канадада, Германияда, АҚШ-та, Үзбекстанда, Қырғызстанда, Түрікменстанда
тұрады. 
Ұйғыр тілі түркі тілдерінің ішінде қарлық тобына жатады.
Алматы облысын 148 мыңнан астам ұйғыр мекендейді. 
Ұйғырлар XIX ғасырдың аяғында қазіргі Алматы облысы төңірегіне қоныс аудара
бастады. Қазіргі уақытта қазақстандық ұйғырлардың негізгі бөлігі Алматы
облысының аумағында тұрады. Олар негізінен дәстүрлі суармалы жерлерді өңдеу
кәсібімен, егін шаруашылығымен қатар мал шарушылығымен де айналысады.
Қазақстан ұйғырлардың екінші отанына айналғалы да ғасырдан астам уақыт
өтті. Олар жергілікті халықпен тығыз араласып, ағайын-туыстық қарым-
қатынаста өмір сүруде.
Тәуелсіз Қазақстанның барлық ұлыстары сияқты, олардың да өзіндік
ерекшеліктерін, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтауына зор
мүмкіндіктер жасалып отыр.
Металлдарды көркемдеп өңдеу: ұсталық кәсіп, ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдар
жасау ұйғырлардың ежелден дамыған қолданбалы өнерінің түрлеріне жатады.
Ұйғыр әдебиетінің ертеректегі шығармалары ретінде Хустанифт, Алтунг
яругті атауға болады. Жиырмасыншы ғасырдағы ұйғыр әдебиетінде Х. Закирий,
А. Қожамбердиев, А. Мухаммади, Н. Семятов, Ү. Мухаммади, Н. Исраилов, И.
Сатаров, К. Хасанов, Ж. Босақов, Х. Абдуллин, И. Бахтия, Х. Искандаров, Х.
Хамраев, З.Сәмәди сияқты ақын-жазушылар өз қолтаңбаларын қалдырды. 
Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің филология факультеті
жанынан ұйғыр бөлімінің ашылуы жоғары білім алуда үлкен маңызға ие болды. 
Ал 1949 жылы ҚазССР Єылым Академиясының жанынан ұйғыр-дұнған мәдениетінің
секторы құрылған болатын. Сол кезден бастап Қазақстанда ұйғыртану дами
бастады. Біраздан кейін сектор ұйғыртану бөлімі болып қайта құрылып, 1986
жылы ұйғыртану институты ашылды. Мектеп баспасы ұйғыр тілінде оқулықтар
шығарады.
Ұйғыр мәдениетінде музыка мен би аса үлкен орын алады, оны танып-білу
қызығушылық тудыратыны анық.

Музыкалық өнері ғасырлар бойы қалыптасқан. Оның куәсі ретінде 12 мақамды
алуға болады. Қазіргі уақытта халықтық өнердің үздік туындысы - 12
мақамның жекелеген бөлімдерін орындау кең таралған. Әндер мен мақамдар
халық аспаптарының сүйемелденуімен орындалады. Кезінде Қазақстан үкіметінің
бастамасымен ұйғыр кәсіби театры құрылды, кәсіби сазгерлер, дирижерлер,
музыканттарды жетілдіруге, көркемөнерпаздардың музыкалық-бишілер ұжымдарын
ұйымдастыруға барынша жағдай жасалды.
Ұйғырлардың дәстүрлі тағамдары әр түрлілігімен ерекшеленеді және ас
талғампаздарын таңдандыра алады. Салқын тағамдарының өзі әртүрлі
көкөністерден жасалған салқын тағамдар және қуырылған көкөністер мен
қайнатылған көкөністерден жасалған салқын тағамдар болып екі түрге
бөлінеді. Салқын тағамдардың ішінен ерешеленетіні гүл тавақ – гүлді табақ,
әртүрлі көкөністерден, еттер мен дәмдеуіштерден араластырылып жасалған
тағам.
Облыстағы ұйғыр мәдени орталықтарының жұмысы этностың салт- дәстүрлерін
қолдауға және дамытуға бағытталған.
2002 жылы құрылған Алматы облысының ұйғыр мәдени орталығының жүйелі жұмысы
өз нәтижесін беруде. Оның басты мақсаты - құрылымдық бөлімшелерді
ұйымдастыру, өзіндік ерекшеліктерін, мәдениетін, тілін сақтау. Сонымен
бірге, орталық қазақ тілін және Қазақстан тарихын оқыту курстарын
жүргізеді. Орталық жанынан Яшлык жастар орталығы және Назугум ән - би
ансамблі құрылып, жұмыс жасауда. Ұлттық-мәденни орталық Қазақстан халқы
Ассамблеясымен, басқа да ұлттық мәдени орталықтармен, мектептермен, білім
беру мекемелерімен, облыстың және қаланың үкіметтік емес ұйымдарымен өзара
тығыз байланыста жұмыс істеуде.
Облыстық ұйғыр ұлттық–мәдени орталығы балалар үйіне, сал ауруларға,
мүгедектерге, көп балалы отбасыларына көмек көрсетуге бағытталған
қайырымдылық жұмыстарын жүргізеді, сонымен бірге, жастардың отансүйгіштік
және саяси тәрбиесіне, азаматтық белсенділігін қалыптастыруға ат салысады.
Мәдени мұра бағдарламасына сәйкес ұлттық дәстүрлер мен қолөнерді дамыту
бойынша қазақ және ұйғыр жастарын оқытуға арналған шеберхана ашылды.
Сонымен қатар, облыстық ұйғыр мәдени орталығының жұмысына басқа да
филиалдар: Ұйғыр ауданының ҰМО басшысы Мамиров Закир Мамирұлы, Талғар
қаласынан Дугашев Розахун Нұрахунұлы, Еңбекшіқазақ ауданынан Илиев Тұғлық
Махпирұлы, Панфилов ауданы ұйғыр халқының мәдениетін қолдау және дамыту
қоғамдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғ. 60-90 жж. Қазақстанға жаңа әкімшілік-саяси басқару жүйесінің еңгізілуі
Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы
Қытай халық құрамындағы түркі тілдес халықтар
ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы қазақ шаруашылығының жағдайы
Қарлұқ қағанаты
Қарлұқ мемлекетінің мәдениеті
Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның этникалық келбетінің қалыптасуы
Ұйғыр қағанаты және Қарлұқ мемлекеті
Қарахандықтар мемлекетінің қалыптасуы
Ұйғыр әдебиеті
Пәндер