Тұлғааралық коммуникация


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

тақырыбы: Тұлғааралық коммуникация

Жоспары:

  1. Коммуникация және қарым-қатынас туралы түсiнiк.
  2. Коммуникацияның әлеуметтiк сипаты.
  3. Қарым-қатынас функциялары.

Әдебиеттер:

  1. Г. М. Андреева /Социальная психология/- Москва 1999 ж.
  2. А. А. Бодалев /Психология общения/-1991ж
  3. Р. Харрис /Психология массовых коммуникаций/

1-шi сұраққа жауап.

Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.

Егер адамдар арасында, топ арасында коммуникация болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы коммуникация арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.

Қарым-қатынас - өте күрделі феномен. Оның әртүрлілігі көптеген функцияларына тәуелді, ал көпқызметтілігі жеке адам мен қоғам өміріндегі орын мен мағынасына байланысты.

Қарым-қатынастың ішкі құрылымы да өте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жан-жақты талдау үшін үшке бөлеміз.

Коммуникация мәнін түсінуде келесі сөздер кілттік болып табылады: байланыс, контакт, өзара әрекет, алмасу, біріктіру амалы. Әлеметтік- психологиялық феномен ретінде коммуникация нақтырақ сөзбен белгілеу үшін контакт, яғни жанасу сөзін алуға болады. Адамдар арасындағы контакт тіл мен сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу коммуникациясының негізгі тәсілі болып табылады. Ол адам санасын белгілік жүйелер арқылы обьективтеу ретінде қарастырылуы мүмкін.

Коммуникация (информативті) - арақатынас серіктестігінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру үрдісі.

Интеракция (интерактивті) - тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.

Перцепция (перцептивті) - адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар.

Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады:

1) Жоғарыдан төменге - 1. Мәселе қою (не, қай уақытта)

2. Жабдықталуы, құралы(қалай, қандай, кіммен) .

2) Төменнен жоғарыға - орындалуы туралы, тексерілуі туралы.

3) Горизанталдық бағытта - пікір алмасу, әрекеттерді координациялау, жоспарлау, орындалуы туралы мәлімдеу.

Коммуникация процесі жүзеге асу үшін мынадай 4 элементтер керек:

  1. хабар беруші
  2. мәлімет
  3. канал, ақпарат беру құралы
  4. ақпарат алушы

Коммуникацияның негiзгi төрт түрi бар.

1. формалдф коммуникация

2. формалдф емес коммуникация

3. вертикалды коммуникация

4. түлғааралық коммунигкация.

Коммуникацияның нашар болу себептерi.

-топтаурындар нәтижесiнде объективтiк талдауды және адамдар арасындағы мәселенi түсiну жеке тұлға немесе жағыдайға қатысты жеңiл пiкiр, топтың пiкiрi.

-алдын -алған ұстанымдар жеке пiкiрiне қарсылық бәрiн жоққа шығаруға деген икемдiлiк

-адамдар арасындағы түсiнiспеушiлiктiң жоқтығы нашар қатынастар, көңiл-күйдiң жоқтығы.

-сұқбаттасушының ақпаратқа деген қызығушылығының және көңiл-күйiнiң жоқтығы. Адамдардың ақпаратқа деген қызығушылығы және оның өзiне керек мәндi екенiн сезiнгенде ғана пайда болады.

-пiкiр қалыптастырудағы қателiктер, сөйлемдi қате құру, мәлiметтердiң күрделiлiгiт. б.

-қарым-қатынас стратегиясы мен тактикасын дұрыс таңдамау.

Қарым-қатынастың көптеген анықтамаларында авторлардың оның мәнін 3 жалпы категория арқылы ашуға ұмтылатыны көрінеді: “іс-әрекет”, “қатынас”, “бейне”. Оларға қатысты қарым-қатынас көріністі түсінік ретінде шығады және олардың онтологиялық бірлігінің бір формасы болып табылады. Іс-әрекет өзінің негізгі формаларына қатысты тектік түсінік болып табылады: еңбекке, танымға, ойынға, қарым-қатынасқа қатысты. Бірақ бірқатар жағдайларда қарым-қатынас және іс-әрекет бірдеңгейлі түсініктер ретінде қарастырылады. Жиі жағдайда бұл логикалық дәлсіздік “іс-әрекет” түсінігін еңбек іс-әрекетімен теңестіруден пайда болады, бұл мынаған әкеледі:

  1. іс-әрекет пен қарым-қатынасты теңестіруге; өйткені еңбек және қарым-қатынас қатынасының шынайлығы олардың бірдеңгейлігін білдіреді;
  2. қарым-қатынас пен іс-әрекетті өзара жоққа шығарушы қарама-қайшылыққа; өйткені еңбек және қарым-қатынас қатынасының шынайлығы олардың мәнді айырмашылықтарын білдіреді

А. А. Бодалев және басқа психологтардың көзқарастары бойынша, қарым-қатынас - адам іс-әрекетінің формасы Егер іс-әрекет - бұл адамның заттар әлемімен, табиғатпен, жануарлармен және адамдармен өзара әрекет процесі болса, онда қарым-қатынас - бұл адамдардың бір-бірімен өзара әрекет процесі. Қарым-қатынас ұғымының гносеологиялық “торшасы” болып адамның адаммен тікелей өзара әрекеті болып табылады.

Л. П. Буева қарым-қатынасты көлемдірек анықтайды. Оның ойы бойынша, қарым-қатынас - бұл қоғамдық субьектілердің (тұлғалар, топтар) өзара байланыс және өзара әрекет процесі, ол іс-әрекетпен, ақпаратпен, тәжірибемен, қабілеттіліктермен, дағдылармен және ептіліктермен, сонымен қатар іс-әрекет нәтижелерімен алмасумен сипатталады. Л. П. Буева қарым-қатынастағы тағы да қоғам және тұлғаның қалыптасуы мен дамуының қажетті және жалпы шарттарының бірі ретінде де түсіндіреді. Макроорта - бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.

Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек - бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.

Коммуникацияда қолданылатын қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.

Кммуникацияның әлеуметтiк сипаты .

Ол қандайда болмасын жеке тұлға қоғамда сүрет қоғам оның өсiп дамуына ықпал етедi.

Қоғам адам тобы.

Қоғамның дамуы әр адамның дамып жетiлуiне ықпал етедi. Қоғамның дамуы жеке тұлғаның дамуы. Адамның өзiнiң жұмысына деген қатынасы. Әр қоғамның өзiнiң мүшелерiне қоятын талаптары бар. Қоғамда бiрiншi орынға адам мүддесi қойылады сосын қоғам мүддесi қойылады.

Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.

Адамдар түрлі әлеуметтiк топтардың құрамына кіреді. Адам бір уақытта белгілі жұмыспен айналыса алады, спорт клубының мүшесі бола алады, қоғамдық қызметтер атқара алады, саяси өмірге араласа алады және сонымен қатар отбасындағы әке мен шеше міндеттерін де атқара алады. Адам өзі кіретін топтың әрқайсысында белгілі орын ала отырып сол топтың iшiнде әлеуметтiк әрекеттестiктi қалыптастырады.

Әлеуметтiк әрекеттестiк - бұл бiр-бiрiне уақыт аралата әсер етiп, әр серiктестiктiң әлеуметтiк әрекетi жүзеге асып отыруын және серiктестiктердiң бiр-бiрiнiң әрекеттерiне бейiмделуiне қол жеткiзу. Мұндай әрекетте екi адамның немесе бiрiккен әлеуметтiк топтың қарым-қатынасын айтамыз.

Қарым-қатынас туралы ұғым:

1-ден Бiрiгiп әрекет ету қажеттiлiгiнен туындайтын, құрамына ақпарат алмасумен өзара әрекеттесудiң бiртұтас стратегиясын жасау, өзге адамдарды қабылдау және түсiну адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуының күрделi көп мақсатты процесi.

2-ден Субъектiлердiң белгiлi құралдарымен жүзеге асыратын бiрiгiп әрекет ету қажеттiлiгiнен туындаған және серiктесiнiң жай-күйiн, мiнез-құлқымен тұлғалық маңыздылық құрылымын едәуiр өзгертуге бағытталған өзара әрекеттесу.

Кезінде бірінші болып қарым-қатынастың көпдеңгейлі, иерархиялық, көпөлшемді ұйымдасуын көрсеткен белгілі кеңес психологы Б. Г. Ананьев қарым-қатынастың макро-, мезо-, микродеңгейлерін бөледі: қарым-қатынасқа түсуші адамдар өмір сүретін қоғам, өздері мүшесі болып табылатын әр типті ұжымдар, өздері жиі байланысқа түсетін жақын қоршаған ортасы, сонымен қатар осы іс-әрекет субъектісі ретіндегі өзараәрекеттесуші адамдардың қарым-қатынаста қалыптасатын және жүзеге асатын индивидуалды сипаттамалары.

Микродеңгей тұлғааралық қарым-қатынастың ең ұсақ бөлшектерінен тұрады. Макродеңгейге басқару мен сауда сияқты ірі құрылымдар кіреді. Кез-келген әлеуметтік жағдайларда адамдар барлық деңгейлерде өзара әрекеттеседі.

Әдетте тұлғааралық қарым-қатынастың екі формасын қарастырады: монологиялық, бұл кезде серіктестердің біреуіне ғана белсенді қатысушы рөлі беріледі, ал басқасына - пассивті орындаушы, және - диалогтық, қатысушылардың ынтымақтастығынан көрінеді. Екі адам қарым-қатынасы процесін білдіретін сөздер көп емес - әңгімелесу, сөйлесу, диадикалық қарым-қатынас (екеудің қарым-қатынасы) . Бұл процеске қатысатын адамдарды сөйлеуші және тыңдаушы әңгімелесушілер немесе қарым-қатынас серіктестері деп атайды.

Қарым-қатынасқа байланысты келесi ұғымдар бар:

Тұлға диспозициясы - бұл әрекеттiң белгiлi бiр жағыдайлары және осы жағыдайлардағы белгiлi бiр мiнез-құлықты қабылдауға деген бейiмдiлiктiң жүйесi немесе кешенi.

Өмiр салты - бұл адамдардың тарихи нақты әлеуметтiк қатынастары типтiк болып табылатын өмiр сүру формасы.

Әлеуметтiк институт - бұл адамдардың бiрiгiп әрекет етун ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары.

Фактiлiк қатынас.

Коммуникативтiк құралдарды тек қатынас процесiн қолдау мақсатында ғана падаланылатын мазмұнсыз құбылыс.

Әлеуметтiк психологиялық бiлiктiлiк.

Индевидтiң өзiн қоршаған адам мен тұлғаарлық қатынастар жүйесiнде тиiмдi әрекеттесе алу қабiлетi.

Өркениет

Еңбек бөлiнiсiмен қоғамдық өмiрмен әлеуметтiк топта жiктелiнудiң пайда болумен өнеркәсiптi тұтынумен таратуды рационализациялау материалдық өндiрiске ғылымның өмiрiмiздiң барлық салаларына құқықтық нормалардың енумен адамдардың мiнез-құлқын және олардың өзара қатынастарын нормативтiк құндылықты реттеумен байланысты, әлеуметтiк және мәдени дамудың деңгейi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы шетелдік компаниялардың қызметіндегі коммуникация процесін басқару
Тұлғааралық коммуникациядағы сөйлеу тiлi мен мәдениетiнiң рөлi
Психологиялық қарым-қатынас және оның құрамы
Тұлғааралық қарым - қатынас
Коммуникация процесі
Тұлғааралық қарым - қатынастарды ұйымдастыру және қолдау қызметі
Коммуникация бағыттары
Бұқаралық коммуникация және оның саяси ықпалы. Коммуникация түсінігі
Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
Қарым - қатынастағы психологиялық кедергілер және оларды жеңу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz