Қалталылардың экологиясы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Тақырыбы: “Қалталылардың экологиясы ”

Орындаған:Аликеева Айдана

БЭК 3 курс 1 топ

Тексерген:аға оқытушы

Сексенова Дана

Алматы 2012 ж.

Қалталылар, қалталы жануарлар , төменгі сатыдағы аңдар (Metatherіa) - сүтқоректілердің бір класс тармағы. Солтүстік Америкада төменгі бор кезеңінен, ал Еуропада эоцен - миоцен дәуірлерінен белгілі. Австралия, Тасмания, Жаңа Гвинея, Үлкен Зонд аралында, Оңтүстік, Орталық және Солтүстік Америкада кездеседі. Жаңа Зеландияда жерсіндірілген. Қалталы жануарлардың дене құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Ми сыңарларының сыртында сайлары мен бұдырлары аз болады, ұрғашыларының жұмыртқа жолдары жұп болады, жамбасының шап сүйектерімен буындасып кеткен қалта сүйектері денесінің құрсақ бөлімінде орналасқан, бірнеше азу тісінен басқа сүт тістері түспейді. Көптеген түрінің бауырында қалтасы болады. Қалтасы жоқ түрлері де кездеседі. Қалталы жануарлардың ұрығы жатырда қағанақсыз (тек бандикутта қағанақ болады) дамиды, жатырмен қатысы болмағандықтан ұрықтың қоректік заты - сары уызы тез таусылады, сондықтан Қалталы жануарлардың буаздық мерзімі өте қысқа болады. Мысалы, америка опоссумы 12, алып (сұр) кенгуру 38 - 40 күнде толық жетілмеген ұрпақ береді. Құрсақтан шыққан әлсіз ұрпағы жерге түспестен анасының бауырындағы қалтаға түседі де емшекке жабысады. Дамуы аяқталып, сүттен басқа қорек жеуге жарағанда жерге түседі. Бірақ анасынан ұзап кетпей, қауіп төнгенде қалтаға тығылып, жауларынан қорғанады. Қалталы жануарлардың тіс қатары құрылысына қарай 2 отряд тармағына - көп күрек тістілерге (Polyprotodontіa) және екі күрек тістілерге (Dіprotodontіa) бөлінеді. 9 (кейбір мәліметтерде 15) тұқымдасы, 250-дей түрі белгілі. Қалталылардың ішінде кәсіптік мақсатта көп ауланғаны - кенгуру (Macropodіdae) . Бұлардың 15 - 17 туысқа бірігетін 55 түрі бар. Алматы хайуанаттар саябағында алып (исполин) кенгуру (Macropus gіgantea) ұсталады. Кенгурудың дене тұрқы 25 - 160 см, құйрығының ұзындығы 15 - 105 см (кейбір түрінде өте мықты болады), салм. 1, 4 - 90 кг. Көпшілік түрі секіріп қозғалады, жүгіргенде жылд. 50 км/сағасырқа дейін жетеді. Топталып жүреді, өте сақ жануарлар, негізінен, өсімдікпен қоректенеді. Жылына 1 рет 1 - 2 күшік табады, ұрпағын бауырындағы қалтасына салып, 6 - 8 ай асырайды. Кенгурудың 9 түрі қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.

Қортық опоссум. Австралия және оған жалғаса жатқан Тасмания, Жаңа Гвинея аралдарында қалталы жануарлар өте көп кездеседі. Солардың бірі - опоссумдар. Олардың ересектерінің ішінде ұзындығы жарты метрдей үлкендері де, өте ұсақ қортықтары да болады. Қортық опоссумдардың тіршілігі өте қызық. Олар ара қашықтығы 10 м ағаштар арасында оп-оңай секіре береді. Секіргенде қалықтап ұшқан сияқты көрінеді. Бұл уақытта құйрығы құс қауырсыны тәрізді бағыттағыш қызметін атқарады. Осы құйрығының көмегімен жапырақтар жинастырып, өзіне шар тәрізді ұя жасап алады. Қортық опоссумдардың ұрғашысының үлкендігі сіріңке қорабына сыятын ғана болса, ал оның баласы оймаққа сыяды. Дүниедегі ең кішкене қалталы жануар - опоссумдар өсімдіктердің нектарымен және насекомдармен қоректенеді. Олар да түн жануары күндіз тынығады. Кейбір ұшқыш опоссумдар 30-40 м аралықтағы ағаштарға секіріп түсе алады. опоссумдар (Dіdеlрһуіdае) көпшілік өмі-рін ағашта өткізеді. Бұлардың бір ерекшелігі ересектері ағашқа өрмелегенде, жастарында анасының денесіне бекінуге көмектесетін қармалағыш құйрығының болуы. Олар кеміруші-лермен, құстармен және олардың жұмыртқаларымен, насекомдармен қоректенеді. Әдетте бұларды “қалталы егеу-құйрықтар” деп қате атайды. Тез көбейеді. Мысалы, кейбір түрлері он шақты, кейде одан да көп бала туады. Опоссум-дардың бір түрі (DidеІрһиs vігgіпіапиs) солтүстік Америкада кеңінен тараған. Жаралы немесе қатты қорыққан опоссум өлген сияқты құлайды. Онда сонымен бiрге көздердi шыныланады, ауызнан көбiк ағады, артқы бездерінен сасық иіс шығарады. Бұл әдіс опоссумды жиi құтқарады - қуғыншы денесін иiскелеп өлі деп санап әрі қарай жүредi. Опоссум кейiнiрек қайтадан тіріліп қашады.

Кенгурулар (лат. Macropodidae) - қалталы сүтқоректілер тұқымдасына жататын жануар. 15 - 17 туысқа бірігетін 55 түрі бар. Кенгурудың дене тұрқы 25 - 160 см, құйрығының ұзындығы 15 - 105 см (кейбір түрінде өте мықты болады), салмағы 1, 4 - 90 кг. Көпшілік түрі секіріп қозғалады, жүгіргенде жылдамдығы 50 км/сағатқа дейін жетеді. Австралияда, Жаңа Гвинеяда, Тасманияда, Бисмарк архипелагында таралған. Көптеген түрі шөбі қалың, бұта өскен жазық аймақтарда жүреді, кейбір түрі ағашқа жақсы өрмелейді, таулы жерде де кездеседі. Қалталы жануар кенгурулердің қорегін іздегенде, қорыққанда ағаштың биік басына шығып кететіндері бар. Жерде ебдейсіз қозғалатын кенгурулер ағаштың ұшар басындағы бұтақтардан мүлтіксіз секіреді. Түнді ағаш басында отырып өткізеді. Топтанып жүреді, өте сақ жануарлар. Өсімдікпен қоректенеді, бірақ кейбір түрі құрт, жәндікті де жейді. Жылына 1 рет 1 - 2 күшік туады да, оны бауырындағы қалтасына салып, 6 - 8 ай асырайды. Көп тараған жерде мал жайылымына, егінге зиян келтіруі мүмкін. Терісі мен еті және хайуанханалар үшін ауланады. Алматы хайуанаттар саябағында алып (исполин) кенгуру бар. Кенгурудың 9 түрі қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Кенгурулар - қалталы сүтқоректілер тұқымдастары. Ұз. 25-160 см, құйрығы, 15-105 см, салмағы 1, 4-90 кг. Артқы аяқтары, алдыңғыларынан ұзын және күшті. Бірінші саусағы жоқ, екіншісімен үшіншісі тері жарғағымен біріккен. Бала шығаратын дорбасы алға қарап ашылған, қарны күрделі, көп камералы. Күйіс қайырады. Жерде тіршілік ететін жануарлар, бірақ кейбір түрлері ағашты мекендейді. Құйрығын тенгергіш ретінде қолданып, сағатына елу шақырым жылдамдықпен секіріп жүреді, (13 м ұзындыққа дейін) . Өсімдікжегіштер. Жылына бір рет табатын тұқымын 6-8 ай бойы дорбасында ұстайды. Көптеген түрі ауланады. 9 түрі Қызыл кітапқа енгізілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүтқоректілер және оларға тән белгілер
Қалталылардың экологиясы туралы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
«Сүтқоректілердің шығу тегі»
Қарақұйрықтылар отрядының морфофизиялық мінездемесі
Сүтқоректілердің жалпы сипаттамасы
Табиғат тазалығы – денсаулық кепілі
Аңдар биологиясы жайлы мәлімет
Сүтқоректiлер класы (Mаmmalia)
МАТЕРИКПЕН МҰХИТТЫҚ АРАЛДАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫНА СИПАТТАМА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz