Төтенше жағдайларда халықты қорғау


Жоспары:

Кіріспе

1. Гидрологиялық төтенше жағдайлар

2. Геологиялық қауіпті құбылыстар

3. Адамдардың инфекциялық науқастығы

4. Жарылғыш заттарды, газ-ауа және шаң-ауа қоспаларын жіктеу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Халықты қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан және төтенше жағдайлар кезіндегі апаттардан қорғауды ұйымдастыру мен іске асыру, оның зардабының әсерін азайту немесе кісі өлімін азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің рөлі ерекше.

Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:

қорғаныс ғимаратына жасыру;

халықты таратып қоныстандыру және көшіру;

жеке және дәрігерлік қорғаныс құралдарын қолдану;

дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру;

азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау;

радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;

өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;

зақымдау аймақтарындағы ұйымдарға жұмыс пен халықтың өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;

адамдарды, техниканы, киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу.

Қорғаныс ғимараттарына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе әуә шабуылынан, сол сияқты қауіпті жағдайдан қорғауды негізгі және ең сенімді әдісі.

Адамдарды радиациядан қорғайтын панаханада жасыру, тек жеке және ұжымдық дәрігерлік қорғаныс құралдарын қолдануды қамтамасыз еткен де ғана сенімді бола алады.

Таратып қоныстандыру әдісі АҚ топтарына жататын қалалардың халқын, яғни жау шабуылы құралдарының әсерінің қауіпі нақты төнген халықтың бөлігін қорғау үшін жүргізіледі.

Стихиялық апаттарда, өрттерде, өндірістік обьектілердегі апаттарда және жарылыстарда халықты қорғау.

Бұл әдісте адамдарды қауіп төнген аудандардан дер кезінде алып кетуді және оларға жеке қорғаныс құралдырын кигізіп, радиациядан қорғайтын панаханада жасыру мен қауіпсіз аймақтарға орналастыруды қарастырады.

Таратып қоныстандыру мен көшіру туралы шешімді Үкімет өзі қабылдайды, шешімді орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүзеге асырады.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезінде, қырып-жою құралдарының қолданылу қауіпі туындағанда тұрғындардың жекелеген бөлігін дер кезінде көшіру (ішінара көшіру) жүргізілуі мүмкін.

Жеке және дәрігерлік қорғаныс құралдарын қолдану қазіргі заманғы қырып жою қаруларының зақымдағыш факторларының ықпалын әлсірете алады. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш заттардан және улы газдардан және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғауға арналған. Дәрігерлік қорғаныс құралдары қазіргі қарудың зақымдағыш факторларының ықпалынжоюға және әлсіретуге арналған. Оларға радиациядан қорғайтын препараттар, антидоттар және АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдищасындағы өзге бактериядан қорғау құралдары мен жеке химиядан қорғау пакеті жатады.

Әуеден шабуыл, химиялық, радиациялық, биологиялық зақымдану қауіпі туғандағы қимылдар.

Әуеден шабуыл болғанда - біріншіден, қалалық, аудандық Азаматтық қорғаныс штабынан жоғарыда айтылған қауіптер туралы хабар түседі. Сол кезде не істеу керек? Жарықты, газды, пештегі отты сөндіру керек. өз басыңыздың құжатын яғни, документтерді жинап, тамақ, су алып үйден шығамыз. Көршілерге тез ескертіп, мүмкіншілік болса қарт, ауру адамдарға көмек көрсетеміз. Тезірек панаханаға жету немесе басқа ылдилау (шұңқыр, құдық), таса жерлерге паналау керек.

Радиоактивтік немесе химиялық шабуылда да осындай дабылдар беріледі. Егер хабар жеткенде үйде болғанда есік терезелерді бекітіп, саңылауларды бітеу керек. Далағ шығатын болсаңыз комбинизон, етік, егер олар болмағанда пленкадан жасаған иыққа жамылғыш (накидка) кию керек. Азаматтық қорғаныс штабынан екінші рет хабар берілгенше паналаған жерден кетпей күту керек. Қауіптің өткендігі жөнінде хабар алған соң, асығып-саспай, байсалдылықпен қимылдау қажет.

Орта және жоғары оқу орындарында төтенше жағдай кезінде адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әскери емес жасақшылар тобы құрылады.

- Барлау топтары - 15-16 адамнан тұрады.

- Қоғамдық тәртіп қорғау топтары.

- Санитарлық дружина - 25 адам.

- Санитарлық бекеттер - 2-3 дам.

- Радиайиялық не химиялық бақылау бекеттері.

- Құтқарушы топтар - 30-35 адам.

- Бірнеше өрт сөндірушілер топтары - әрқайсысында 4-5 адам.

Төтенше жағдайларда студент қыздарды ауруханаларға жіберуі мүмкін.

Студенттер ересек азамат ретінде төтенше жағдай және де басқа қатерлі апаттардың зардабын жоюға белсене қатысуы керек. Сондықтан бұндай жағдайға нақтылы дайындықпен келуі тиіс. Азаматтық қорғаныс сабақтарын мұқият ұғып, жүргізілетін пратикалық сабақтарында белсенділік көрсету; азаматтық қорғаныстың өткізетін барлық шараларына қатынасу; өздері төтенше жағдайларға психологиялық дайын болу, егер шын қиыншылыққа кездескенде асып-саспай, қайраттылық көрсету.

Құтқару және кешеуілдетілмей қалпына келтіру жұмыстарының барысы.

Дұшпанның жаппай қырып-жою қару-жарақтарын халық шаруашылығы объектілерінде қолдануының тигізетін зардабы қарудың өлшемі мен түрлеріне байланысты әр түрлі болады.

Ядролық, химиялық, бактериологиялық, биологиялық және қырып-жоюдың өте күрделі түрлерін пайдаланған кездерде толық және қатты бүлінген, түгелімен қираған, өртенген жерлерді қайта қалпына келтіру және құтқару жұмыстары өте қиын жағдайларда жүргізіледі.

Құтқару және кешеуілдетілмей қадпына келтіру жұмыстарының негізгі мақсаты: адамдарды құтқару; жарақаттанғандарға көмек көрсету; апатқа ұшыраған және бүлінген жерлердегі құтқару; қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жағдайлар жасау.

Құтқару жұмыстарының мазмұны болып: жұмыс бөлімщелерінде көліктерді қозғалысқа келтіру және барлау жұмыстарына кірісу; жұмыс жүріп жатқан жерлердегі және жолдағы өртті сөндіру; жарақаттанғанда мен көміліп қалғандарды құтқару; зақымданғандар мен өртеніп жатқан мекемелердегі өртті сөндіру; бүлінген, құлаған жерлердегі құтқару, ауа жеткізу, жарақаттанған адамдарға оларды қауіпті жерден қатерсіз, зардап көрмеген аудандарға тасымалдау. Ол адамдарды, санитарлық өңдеуден өткізу және залалсыздандыру, киімдерін, территорияларды тазарту жұмыстарын жүргізу керек.

Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары.

Ядролық зақымдану ошақтарының жағдайларына, қираған мекемелердің және құрылымдардың, коммунальды-энергетикалық және технологиялық қондырғалардың радиоактивтік зақымдану деңгейлерінің және басқа әсерлер мен жағдайлардың жұмыстар жүргізгендегі тигізетін келеңсіз жақтарын реттеу жұмыстары Азаматтық қорғаныстың басшысы мен жасақтаушы командирінің ұйымдастыруымен басқарылады.

Алдымен қираған және бүлінген жерлердегі жолдарды ашып алады. Бұл жолдар арқылы қорғаныс мақсатында пана қылған мекендердегі жарақаттанғандар мен жаралыларды, қираған мекемелердің апат болғанда ішінде қалып, құтқаруға қиын жұмыстардан бастайды.

Ядролық зақымдану ошақтарындағы қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу өте қиын жағдайларда жүреді, себебі ондай жерлерде әлде де, жаңа апаттар болуы, тағы да бұрынғының үстіне адамдардың зардап шегуі көбейе берулері мүмкін.

Коммунальды-энергетикалық және технологиялық апат пен бүлінген жерлердегі қайта құру мекемелеріндегі бөлімшелер мен қондырғыларды ажырату жұмыстарынан басталады.

Электр жүйелеріндегі апатты қайта қалыптастыру үшін жеке бір учаскелердегі немесе электрмен қамтамасыз ететін отрақ жерден ажырату керек. Алдымен үзілген сымдарды изоляциялау қажет, содан соң жерден жинап алып, уақытша бір жоғарылау жерге іліп қою керек. Кейін қалпына келтіру кезінде үзілген сымдарды алмастырып отырады. Мұндай учаскелер зақымданған кездерде «Химиялық дабыл» деген дабыл тез іске қосылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары
Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау
Халықты қорғауды ұйымдастыру
ТЖ кезінде халықты қорғау
Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен қорғау әдістері
Төтенше жағдайлар кезіндегі тұрғындарды қорғаудың негізгі әдістері мен принципдері
Төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғау
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері»
Төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсету
Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен қолданатын шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz