Миманса дүнитанымы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Миманса дүнитанымы

Ежелгі үнді алты даршаны миманса мен веданта жүйесімен аяқталады. Миманса мен веданта өзара тығыз дүниетанымдық байланыста болған. Ведантаны кейде уттарамиманса, ал мимансаны - пурва деп аталынған.

Миманса мектебі брахманизм идеологиясы дағдарысқа ұшырай бастағанда және веда беделі әлсіреген кезде қалыптасады. Мимансаның негізін Джаймини дана (шамамен б. д. д ІІғ - б. д ІІІғ аралығы) қалыптастырған деген болжам орныққан. Джаймини атауы «Самаведа» ведантасында кезігеді. Оны 2500 нақыл сөзден тұратын «Миманса - сутра» трактатының иегері деген ой басым. Трактатты жазушы құрбандық шалу ережесіне, жөніне, веделық рәсім-жорағыға, діни салттарға арнайы көніл бөледі.

Миманса философиясында таным ілімі арнайы талданады. Джаймини «дұрыс танымның» ( прамана ) бес бірдей қайнар көзін атап өтеді. Олар - веда мәтіні ( шабда ), сезімдік қабылдау ( пртьякша ), логикалық тұжырым ( анумана ), салыстыру ( упамана ), жорамалдау ( артхапатти ) . Мимансалықтар таным тәсілдерінің арасынан салыстыру мен шамалауға кеңірек тоқталады. Шартты түрде алсақ, мимансалықтар таным процесіне сезімдік қабылдауға салыстырмалы түрде ерекше ықылас танытып, индуктивті тәсілге жиі жүгінеді. Бұл дедуктивті тәсілдерінің іргесін қалаған ньяялық дәстүрге керағар ізденіс сияқты.

Мимансалықтар жорамалдау немесе «дәйектеу» ұғымына көбірек көніл аударады. Сондағы діттегені - жанама түсінік арқылы, оқиғаға тікелей қатыссыз жәйіттерді анықтап, оларды жақшадан шығару, терістеу арқылы нағыз себептерді іріктеу. Осы логикалық тәртіп арқылы ежелгі үнді философиясында алғаш рет болжау идеясы және оның танымдағы рөлі анықтала басталынады. Болжаудың негізін реалиситік көзқарас құрайды. Мимансалықтар әлемнің обьективті болмысына және онв тануға болатына күманданбайды. Миманса философиясының мағынасына тереңірек үңілсек, оның басты идеясы материялистікте, діни де дәстүрді бірден ашық қолдай бермегенін пайымдаймыз. Оны тейстік дәстүрдің жалғасы деудің де реті келмейді. Мимансалықтардың самхит беделін қабылдауы да, қолдауы да ерекше. Құдіретті күшті тек рәсім - жорамал мәтінінде ғана қабылдап, оны тілдің қайсібір абстракциясына айналдырады. Жасампаз қайда, қай түрде болды? Оны бұрын - соңды ешкім көріп сезе алған жоқ. Құдайды қабылдамай, ол туралы жорамал айтуға дәйек болмайды. Осыдан теистік көзқарас дүниенің шығу тегін түсіндіре алмайды. Мимансалықтар құрбандық шалатын әрбір сенушінің жеке құдайы болады деген ведизмнің қағидаларында қабылдамайды. Олар ведизмнің рәсімдік жағдаяттарын қабылдайды, бірақ одан құдайға деген наным - сенімді және оның іс - әрекеттері туралы түрлі түсініктерді күдікке ұшыратады, ведизм ұстанымдарын қайтадан қарастырады. Сонымен дәстүрлі түсініктердің ақиқаттығына деген күдікті рух ортодоксалды жүйені сыни тұрғыдан қарауға итермелейді.

Алғашқы миманса немесе пурва - мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған. Бұл кітапта түсіндірме жазғандар - Шабарасвами, Кумарила Бхатта, Прабхара мимансалық ілімді жалғастырды. «Миманса» сөзі “кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу” деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім - салт мәселелері.

Пурва - мимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау. Миманса мектебі ол үшін екі тәсілге жүгінді: а) мимансаның рәсім туралы түсініксіз кеңестерін талқылау арқылы, оның салтын қиналмаяқ орындайтын әдістемесіне үйрету;

б) рәсім-салтқа көндіретін наным - сенімді философиялық тұрғыдан ақтау.

Мимнса философтары ведалық рәсім - салтты сақтауға қызмет етті, оның мына негіздерін анықтады:

тән өлсе де жойылмайтын, тіпті аспанда да рахаттану салтын жалғастыру арқылы жанмен бірге өмір сүретіндігіне күманданбау;

салтқа сүйенетін күнасыз веданың, нақты дүниенің ерекше құпиялы құдіретіне сену.

Буддистер, жайнистер, чарвактар веданың құдіретіне күманданбады. Буддистердің кейбіреуі дүниенің реальдылығына, жанның өзінше өмір сүретініне күман келтірді. Упанишадалықтар болса, адамның мақсаты - салт-дәстүр арқылы “аспандағы шаттыққа” жету деген ықыласқа немкетерлікпен қарады.

Миманса философиясында таным теориясы, метафизика, этика теологиямен қатар қарастырылады.

Мимансаның өкілдері ведвның беделін сақтау мақсатымен танымның табиғатын, шындық пен қателіктің сипаты мен өлшемін арнайы, тереңірек қарастырады.

Мимансалықтар танымның - тікелей және жанамалы, дәлелді және дәлелсіз сияқты түрлерін мойындайды. Дәлелді таным дегеніміз зерттеліп отырған зат туралы басқа білімге қарсы келмейтін кейбір жаңа мәліметтер. Бар нәрсенің қай-қайсысы болмасын, тікелей танымның обьектісі бола алады. Тікелей таным сезіммен (бес түйсік пен ақылдан) байланысты. Ол обьектінің не екенін жалпы білдіреді, біріқ обьект дегеніміздің не екенін анықтамайды. Обьектінің мағынасы талқылана бастағанда, обьектінің не екенін ұғына бастаймыз.

Сонымен қабылдаумен танылған обьектілер реальды, нақты және олардың белгілері арқалай. Егерде сезімдер сау, оның обьектілері мен қажетті қосымша жағдайлары болса, онда қабылдау дұрыс болады. Сондықтан қабылдауда түсіндіру элементі болса да, тікелей қабылдайтын таным жалған, не елес күйінде болмайды (кейбір буддистер мен ведантистерге қарсы), сондай-ақ ақылмен талдамайақ тікелей ұққандардың бәрі бірдей (буддистер айтқандай) таза, ерекше танымға жатпайды. Қажет дегенде, біз әр түрлі обьектілер дүниесін және олардың сан алуан белгілерін көз алдымызға елестетеміз, тани да аламыз.

Мимансалықтар үшінқабылдаудан басқа, танымның бес түп тамырын, ал бхатталықтар - алтыншысында атап өтеді. Олар:

анумана - логикалық таным, ньяя теориясына ұқсас;

упамана - салыстыру. Салыстыруды, ньяялықтар сияқты танымның ерекше қайнар көзі дей келе отырып, мимансалықтар оны басқаша талқылайды. Мимансалықтар үшін, салыстыру дегеніміз қабылдайтын обьектінің ұқсастығын ескере отырып, бұрын еске алып отырған обьектпен қабылдап отырған обьектінің ұқсастығын тану. Салыстыру тәсілдері арқылы әзірге жоқ обьектінің ұқсастығын айқындайды. Мысалы, қолдағы сиырды білетіндер, енекенің суретін көріп, олардың ұқсастығын таба алады. Тек мұндай таным қабылдаумен де, естелікпен де, тоқтаммен де, уәжбен де шектелінбейді. Екі түрлі обьектінің ұқсастығы алдын - ала қалыптасқан, дайын күйде мәлім болған жоқ. Обьект ұқсастығы салыстыру аргументімен анықталады.

Ұқсастық - обьектінің сапасына да, жалпы түсінігіне де жатпайды, ол - реальдылықтың ерекше категориясы. Ұқсастықтың сапасы бар, біріқ онымен шектелмейді. Ұқсастық жалпылама, бірақ көп нәрсемен тепе-тең;

шабда - бедел немесе уәж. Шабда ведвның беделін ақтауға арналғандықтан, уәж мәселесіне ерекше назар аударылған. Мимансалықтао беделді уәжге көбірек тоқталады. Беделді уәждің екі түрі, - кейбір ұлағаттылардың жазбаша немесе ауызша мәліметтері, яғни кейіпкерлі (паурушея) куәлілік және веданың беделі, яғни кейіпкерсіз куәлілік (апаурушея) деп жіктелінеді. Беделді кеңестер обьектінің өмір сүруі туралы мәліметтер береді, немесе кейбір қимыл - әректті орындаудың жөн жобасын көрсетеді. Миманса философиясы веданы өсиеттің кейіпкерсіз куәсі ретінде жоғары бағалйды. Веда адамдарды рәсім-салтқа бірдей үгіттейді. Веда жеке тұлғаның - адамның да, құдйдың да жасағаны шығармасы емес, веда әлем сияқты мәңгі. Веданың сөзі де, дыбысы да, әріптері де өзгермейді, бір-біріне айырғысыз. Мұндай өстетті ешқандай алдамшы жасай алмайды. Веда да ешқандай кемшілік табылмайды. Веда парызды қалыптастырады. Веда туралы білімді логикалық тоқтам арқылы толықтыра беруге болмайды;

артхапатти - постулаттау, дәлелді сипаттауды керек етпейтін жорамал. Постулаттау - бір құбылысты талқылауда, түсіндіруде соған қажетті фактіні біз қабылдай алмасақта, сол мәліметсіз жайды таным процесіне жорамалмен қолдану әдісі, жорамал әдісті қолдану мүмкіндігі. Мұндай білім қабылдауға да, логикалық тоқтамға жатпайды. Дегенмен жорамалдау тәсілі өмірде жиі қолданылады. Мимансалықтар, әсіресе Бхатта мектебінің өкілдері жорамалдау әдісін қабылдамақ фактіні түсіндіру үшін және есіткен сөздің мағынасын ашып беру үшін диі қолданады. Постулаттың жорамалдан, гипотезадан айырмашылығы сол, постулат сөздің мағынасын уақытша, уәжбен қабылдамай, оны бірден-бір дұрыс түсінік деген сенімде қалыптастырады. Бхатта мектебі уйреткендей, қабылдамау - қайсы бір обьектінің өмір сүрмейтінін тікелей растатқызатын танымның бастамасы. Обьектінің өмір сүрмейтіні туралы білімді қабылдаудан да, логикалық тоқтамнан да алуға болмайдв. Бірақ қабылдамау қабылданбаған обьектілердің бәрі де өмір сүрмейді деген ойды дәлелдей бермейді. Егер затты белгілі бір жағдайда ғана танысақ, онда тек осы жағдайда қабылдамаған заттардың немесе оның көріністерінің жоқ екендігіне күмандануға болмайды.

Дұрыс таным жеткілікті жағдай жасалынғанда қалыптасады. Танымның жеткілікті жағдайы обьект туралы шындықты тудырады, арттырады. Осыдан мимансалықтар екі тоқтам жасайды: а) танымның дәлдігі табиғаттан тыс ортада емес, сол танымды тудыратын жағдайлардан пайда болады;

б) танымның дәлдігі - сол обьект туралы білімге кәміл сену, білімді басқа жолмен тексеруге бара бермеу. Бұл көзқарасты іштей дәлелдік теорисы депте жатады. Іштей дәлелдік теориясы бойынша, шындық - өзінше айқын, шындақты ойланбай қабылдаймыз, ал жалғандықты тоқтам арқылы шығаруға болмады. Таным болғанда, ойлану жетілген кезде, обьектінің жағымдыжақтарына деген сенімде артады. Веданың шындығы өзінше айқын. Веданың мағынасы адамды күдіктен де, кармаданда тазартудан білінеді.

Білімнің шындығы өзінше айқын болса, оның қателігі неден басталады? Бұл сұрақпен үнді философиясы үнемі шұғылданады. Прабхара мектебі бойынша, білімнің бәрі де рас, айқын, ал жалғандықтан білім иумайды. Қателік көргенді қабылдау мен елестетуден, еске түсіруден туындайды. Естің жаңылысуы, оның себеп пен салдарды ажыратпауы - жалған елестетуді, қателікті тудырады.

Бхатта мектебі прабхаралық дәлелді толық қабылдамайды, реальды обьектілердің дұрыс емес арақатынасынан туындайтын жалған елестетуді мойындайды. Қаелік екі түрлі обьектіні дұрыс салыстырмағанда немесе олардың дұрыс емес кездейсоқ байланысына назар аударып, сонымен шектелінгенде туындайды, дұрыс түсінікті ығыстырады. Қателік - танымдағы дұрыс емес, ерекше құбылыс және обьектінің санаға тигізр кейбір теріс ықпалы. Бірақ танымды бұрмалау, шыдықты толық жоя алмайды.

Мимансаның метофизикасы. Мимансалық дүниетаным заттар мен обьектілерді қабылдауға болғандықтан, олардың реальдылығына күмәнданбады. Материалды дүние мен оның элементтері мәңгі және тұрақты субстанция. Сондықтан миманса мектебін реалистік ағымға жатқызады.

Мимансалықтар үшін жандар да мәңгі, тұрақты рухани субстанция қабылданатын обьектіге жатады. Дүниені ешкім жоқтан жасамйды, босқа бүлдірмейді, тек карма заңы оны реттейді. Дүние мына құрамдас бөлшектерден тұрады:

а) тірі заттардан . Олардың жаны жеткен жемістерін айнадай ашып көрсетеді;

б) организмнің сенсорлы және моторлы мүшелерінен . Индрия өткен қимыл-әрекет желісінде азаптандыратын немесе рухтандыратын құралы іспеттес;

в) объектілерден. Азаптандыратын және рахаттандыратын нәтижелер аясы әрекеттің затын, ойдың обьектісін құрады.

Дүние туралы осындай реальды көзқарас құдайдың болмысын қабылдауға, мойындауға ыңғай білдірмейді. Олар үшін дүниені жасаған ешбір жоғарғы жан, құдай жоқ. Дүние өзінше мәңгі өмір сүреді.

Миманса метофизикасы плюралистік (заттар мен жан - дүниенің екі субстанциясы) және реалистік (субстанцияның бәрі де нақты, рас) қағидаға сүйенген. Бұл философияны эмпиристік дәстүрге жатқызбайды. Өйткені мимансалықтар танымның екі түрін - тәжірибелік емес, ведалық деңгейлерін бірге қабылдайды, сондай - ақ сезіммен қабылдауға болмайтын обьектілердің, әртүрлі реалдылықтың бар екендігін жоққа шығармайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Його
Ежелгі Үндістанның ортодоксалды және ортодоксалды емес мектептерінің негізгі мінездемелері
КӨНЕ ҮНДI ФИЛОСОФИЯСЫ. УПАНИШАД РӘСIМI. ВЕДАНТА ЖҮЙЕСI
Қазақстандық патриотизм – мемлекеттік принцип
Ежелгі үнді философиясы жайлы
Ерте Үнді философиясы
Ежелгі шығыс философиясындағы ерекше дүниетанымдық идеялар
КӨНЕ ҮНДI ФИЛОСОФИЯСЫ ТУРАЛЫ
Үнді діні
Үнді діни философиясындағы астика және настика ағымыдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz