Шаруашылық субъектісінің қызметінің қаржылық нәтижелерін талдауы: мақсаттары, әдістері және көрсеткіштері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс №10. Шаруашылық субъектінің қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау .

Дәрістің мақсаты : Бүгінде нарықтық экономикалық қатынастар орнаған жағдайда шаруашылық субъектінің өндірістік шаруашылық жағдайын талдаудың мазмұнынын, пәні мен міндеттерін ашып, олардың шаруашылық қызметте алатын орнын анықтау.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар :

Қаржылық талдаудың мақсаты, әдістері, ақпарат көздері

Өнімді өткізуден түскен пайданы факторлық талдау

Қаржылық нәтижелерге инфляцияның әсерін талдау

Кешенді шығындарды талдау.

Тақырыптың қысқаша мазмұны

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқада қызметтер түрлері үшін қажетті қаржы ресурстрамен қамтамасыз етілуімен оларды мақсатқа сай тиімді тарату мен пайдалану, басқа субъектілермен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлем қабілеті және қаржылық тұрақты болуымен сипатталады. Кәсіпорынның төлемдерін уақытында жүргізу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсы екендігін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеті мен несие қабілетін сақтай отырып табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржылық ресурстар көздері.

Қысқаша тұжырымдама беретін болсақ: қаржылық тұрақтылық бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы шаруашылық қызметті біртұтас кешенді талдауды ішкі және сыртқы талдау деп екіге бөлуді қажет етіп отыр.

. Сыртқы талдау- акционерлерді, банктерді, сақтандыру ұйымдары мен үкімет орындарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайын, есепті кезеңнің шаруашылық қызмет нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер, бюлетеньдер мен арнайы анықтамалардан басылып шығарылатын қаржылық есеп беру.

2. Ішкі немесе басқаруды талдау - бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сапасының төмендеуіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығаруына және өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын, қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп түрі болып табылады.

Сондықтан ішкі талдау басқару есебі ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргіземіз.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты міндетті төмендегідей:

Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерістер.

Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестігі оларды таратудағы рационалдығы және пайдалануды тиімді зерттеу.

Айналым капиталының көлемін оның өсу кемуін және ағымдағы міндеттемелерінің ара-қатынасын анықтау.

Кәсіпорынның активтерімен оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу.

Ағымдағы активтердің айналымының есебі, оның ішінде дибеторлық берешекті есептеу.

Баланс өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау.

Кәсіпорынның табыстылығын бағалау

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ мерзімге және қысқа мерзімге болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Бақылау сұрақтары :

1. Қаржылық талдауды жүргізудегі басты міндеттерәдістері?

2. Қаржылық талдауды жүргізудегі басты әдістерді атаңз?

3. Қаржылық талдаудың басқаруды талдаудан айырмашылығы қандай?

4. Қаржылық талдаудың түрлерін атап, қысқаша анықтама беріңіз?

Әдебиеттер:

Савицкая Г. В. Анализ хозяйственной деятельности предприятияий 1998-494 б.

Баканов М. Н., Шеремет А. Д. Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны, әдістері және негізгі көрсеткіштері
Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны мен әдістері
Жамбылгипс акционерлік қоғамының техника-экономикалық көрсеткіштері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің кешенді талдауы
КазАБЭК ЖШС-ның бухгалтерлік есебі және қаржылық-шаруашылық қызметінің талдауы
Нарықтық экономика жағдайындағы шаруашылық субъектілердің басқарудағы жүйелі талдауы және Үлбі металлургиялық зауыты АҚ-ның қаржылық нәтижелерін зерттеу
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын талдау әдістері мен көрсеткіштері
АКНИЕТ түрік кәсіпорыны ЖШС-нің бухгалтерлік есебі мен қаржылық-шаруашылық қызметінің талдауы
Ұйымның қаржылық нәтижелерін есептеу және талдауы (Дент Опт ЖШС мысалында)
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау және талдауы: Болат өндірістік кооперативінің қаржылық нәтижелерін зерттеу
Кәсіпорын қаржылық қызметінің мониторинг жүйесі және негізгі көрсеткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz