Педагогикалық процесті басқару жүйесіндегі мұғалім мен жаттықтырушы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Педагогикалық процесті басқару жүйесіндегі мұғалім мен жаттықтырушы.

І. Кіріспе.

1. 1. Педагогикалық процес туралы жалпы түсінік.

ІІ. Негізгі бөлім.

2. 1. Мектепті басқару мен басшылық ету ұғымының мәні және негізгі принциптері.

2. 2. Мектепішілік педагогикалық процесті басқару жүйелері.

2. 3. Мұғалім педагогикалық және әдістемелік білім деңгейін жетілтіру.

ІІІ:Қорытынды.

Кіріспе

Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жаңаруы, кеңестік дәуірдің барлық салаларына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Бұл әлемдік кеңістікте білім беру саласына да әсерін, тигізді. Әсіресе, білім берудің концентуалдық базасын негізеуге және айқындауға ерекше мәнділік сипат берді. Сондықтан, Садықов Т. С. Хмель . Н. Д, Жампеисова Қ. Қ. Қалиева С. И., Хан Н. Н. Ильясова А. Н. дайындаған педагогикалық білім беру тұжырымдамасы Қазақстан Республикасында терең қызығушылық тудыртты.

Тұжырымдамалар негізінен педагогиканың белгілі бір проблемаларын қарастырып отырды. Мысалы «Мектеп педагогикасы» бағдарламасы бойынша, онда мұғалімнің кәсіби дайындығы мен және педагогикалық процеске, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды шығармашылықпен және ізгілік демократиялық идеясымен тығыз байланыста жүзеге асатындығы айтылған.

Болашақ мұғалімдерді дайындаудың мазмұнына шығармашылық ізденісті күшейтуге, білім берудің жаңа технологиясын ендіруге қазіргі тенденция ескерілді. «Мектеп педагогикасы» бағдаламасында

«Педагогика мамандығына кіріспе», »Адамзат тарихындағы педагогикалық ой-пікірдің және мектептің дамуы» атты бағдарламаларда ескерілмей қалмады.

Жалпы, «Мектеп педагогикасы» бағдарламасы үш деңдейден, яғни олар:

І-ші деңгей: «Педагогика және педагогикалық зерттеулердің ғылыми әдістері» .

ІІ-ші деңгей: «Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы».

ІІІ-ші деңгей: «Мектепе тұтас педагогикалық процесті басқару» тұрады.

1. 1. Педагогикалық процес туралы жалпы түсінік.

Қазіргі кезеңдегі біртұтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың күш салуының арқасында жинақталады, өйткені педагогикалық құбылыстар компоненттерінің, қасиеттері, заңдылықтары туралы дербес бөлімдері бірте-бірте жинақалады. «Педагогикалық процес» деген сөдік ғылым айналымға ХІХ ғасырдың ІІ жартысында П. Ф. Каптерев енгізгенімен, ұғымының мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды. Бұл педагогикалық процестің негізгі мақсаты оқушылар тұлғасын қалыптастыру болады.

Педогогиканың екі категориясы, яғни оқыту және тәрбиеден тұрады. Олар бір-бірімен өзара байланысып, тұтастай педагогикалық процеске айналады. Бірақ бұл екі ұғымның бір-бірінен өзінше ерекшеліктері бар, яғни оқыту процесінің өзіндік ерекшелігі мынады: оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым оңайырақ басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процесс. Мысалға : әрбір сабақ үстінде бақылау, жаттығу жұмыстары және сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады. Ал, тәрбие процесінде ойлаған мақсаттарды, белгіленген тәрбие шараларын тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау мүмкін емес. Сонымен қатар, бұл тәрбие жұмысын өткізуге сырқы факторларда зиянды әсер етіп отырады.

Қазіргі кезде тұтас педагогикалық процестің мәні өте зор, себебі, қоғамдық - өндірістік қатнастың дамуына байланысты оқыту мен тәрбие бірлестік принциптерін толық іске асуын талап етеді. Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесі тұтас педагогикалық процесс немесе оқу тәрбие процесі деп аталады. Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу- оқу тәрбие процесінің басты шарты.

Педагогикалық процесті ұйымдастырудың барысында оқушы және оқушылар ұжымы бір жағынан тәрбие обьектісі екінші жағынан тәрбие субьектісі болады. Осыған орай, оқу тәрбие процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың шығармашылық еңбек етуіне зор үлесін қосады. Тәрбиенің субьектілері мен обьектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы: тәриешілер мен оқушылар арасынадғы қарым -қатынас арқылы ақпарат алмасу, ынтымақтастық немесе бірлестік іс -әрекеті тағы басқа . Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуына игі әсер ететіні белгілі.

Педагогикалық процесс өзіне тән компоненттері бар. Олар:

-оқыту мен тәрбие мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұлар бір - бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады.

Тәрбие мен оқыту процестері бірте -бірте өзін -өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процестеріне ұласады. Сондықтан тұтас педагогикалық поцесті оқыту, тәрбие, білім және даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырылған.

Педаогикалық процестің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптармен оларды орындауға оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни, даму деңгейіне сай келсе, онда қайшылық даму поцесінің көзіне айналады.

Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары және принциптері, олардың тұтастығын өзара байланысын дәлелдейді.

Тұтас педагогикалық процестің мақсаты, міндеттері, мазмұны, формасы және әдістері қоғамның әлеуметтік экономикалық талаптарына, саясатына байланысты. Мектепте оқу-тәрбие жұмсын ғылыми-техникалық үдеу негізінде ұйымдастру үшін осы педагогикалық процестің заңдылықтарындағы, сонда көрсетілген міндеттерді іске асыруда педагогика ұжымының әрбір мүшеснің, іскерлігін, білімділігін, шығармашылық қабілетіне сүйену қажет.

Қоғамның мүмкіншілігі өскен сайын тұлғаны жан-жақты дамытуға үлкен жағдай жасалады. Оқыту мен тәрбие тұтас педагогикалық процесте табиғи өзара байланысты. Бұлардың бірлігін бір-бірінен ажыратуға болмайды. Осындай тұтастық педагогикалық принциптердің жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Педагогикалық процестің мәні туралы әртүрлі көзқеарастарды (с:т. Шацкий, Н. К. Круская, А. С. Макаренко, М. А. Данилов, Ю. К. Баббанский, В. М. Коротов және т. б. ) зерттеу жалпы тәртіптегі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аталған авторлардың назарларына педагогикалық процестің әртүрлі жақтары білікті эмприкалық жолмен жинақталған білімдер жайлы болады.

Педагогикалық процестің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің сыртында мұғалім үшін өте маңызды бір қатар мәселелер қалып, ол : не себепті біртұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенің бірлігі, оның оқыту, даму және тәрбиелік қызметерінің бірлігі қалайша қамтамасыз етіледі оқушылардың өзара әрекетінің ерекшеліктері қалай анықталады; өзара әрекет тек қана оқудан тыс уақытқа тән бола ма және т. б. пайда болған сұрақтарға жауап басқа кеңістікте жатыр- ол біртұтас педагогикалық процестің барлық салалары мен қасиеттерін сипаттау. Ал бұл қойылған сұрақтарға эмприкалық емес, теориялық методологиялық деңгейдегі жауап.

Бір деңгейден басқа тұтастық мәнін және оның бөліктері арасындағы өзара байланыстылығын анықтау деңгейіне көшу теориялық талдауға көшуді талап етеді. Жекелік абстрактылық нақтылыққа көшу күрделі құбылыстарды теориялық талдау әдісі болады, ал оны бірінші К. Маркс өзінің еңбектерінде бірінші болып сиптатап қолданды. В. И. Ленин осы әдістің орнын және оның нақтылы ғылыми талдау үшін қолдануды көрсетеді.

Затты теориялық қарастырудың обьектісі болып заттың басқалармен байланысы мен дербес өздері емес, белгілі бір нақтылықтың ішіндегі басқа заттармен заттың бірі байланысы, оған қатынасы бар. Бірақ бұл мұндай мүмкіншілітің болуы, егер эмприкалық зерттеулерде алдын ала теориялық қорытынды жасалып, ұғымдар мен анықтамаларда тұтастық жалпы жақтары мен байланыстары көрсетіліп белгіленсе ғана мүмкін. Онда тұтастыққа теориялық талдау заттық нақтылықтың ішіндегі қатынастарын анықтау болады.

Қандай да болмасын обьектіні тұтас қарастыру мүмкіншілігі оның әрбір элементтік бөлігін өз негізінде дербес жүйе ретінле есебінде қарастырылуы, мүмкін яғни, таным, соның ішінде педагогикалық шындықты тану осы аспектіде нақтылы таным болады. Мұндай обьектіні теориялық тәсілмен елестету, онда шындық әртүрлілігінің бірлігі ретінде оның өмір сүруінің әртүрлі ішіндегі бөліктер бірлестіктерінің формалары мүмкін болады. Біртұтас обьектіні тұтастықтың ең кішкентай «кереге көзсіз» генетикалық бірліксіз елестету мүмкін емес.

Жүйелілік бағыттағы көзқараста педагогикалық процесті элементарлық бірлік «кереге көзсіз» арқылы қарастыру арқылы оны моделсіз құастыруға болады, негіз болатын абстракция ең аз дегенде екі қасиеті болуы керек: өз нәрсенің мәнін, себептерін аша алуы және басқалармен шегіне жеткен, жанама түрде емес. Басқаша айтқанда, көрсетілген абстракция осы нақтылы көп нақтылықтан абстракциялаудың шегі соңы болады, бұдан әрі құбылысқа сай кеселсіз көрсету мүмкін емес. Немесе, көрсетілген абстракция дамыған біртұтастықтың дамымаған бастамасы, яғни тұтастық барлық басқа созылатын, шығатын тұтастық көз негіз.

Элементарлық бірлікті марксистік педагогикада негіздеуге көптеген зерттеушілер және оның әртүрлі обьектілеріне қатысты және ат салысты. Бірақ та бұл істелінген жұмыстар нәтижесі жеткілікті дәрежеде емес еді, себебі оны жасаушылар қойылатын методологиялық абстракцияны анық көрсету мен оны қолдану жағдайына қойылатын талапты бұзған еді. Белгілі бұл бағыттардың әлсіздігі мынадан байқалады, авторлардың ойларын белгілі бір дәрежеге жеткізе алмады, онда педагогикалық теория өзінің дамуының ғылыми негізделген логикасына ие бола алмады.

Педаогикалық процесті біртұтас обьект ретінде қайта жасауға бастапқы абстракция көмегімен ол жанама бөліктердің күрделену шынжыр буыны ретінде көрінуі керек. Олар арқылы обьективті сол процестің өзара қарама-қайшы мәндерді шарасыз өтеулері керек.

2. 1. Мектепті басқару мен басшылық ету ұғымының мәні

және негізгі принциптері.

Қазіргі заман мектебі - күрделі жүйе, ол оқушылардың, олардың оқытып, тәрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп әкішілігінің (директоры, оның оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелік қызмет көрсететін адамдардың іс-әрекетінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар, мектеп дегенміз-мұғалімдер мен онда қызмет ететін адамдар ұжымы, олар білім беру жүйесін мемлекетті тұрғыдан басқарудың обьектілері болып табылады. Олар өзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады:Басқарушы және басқарылушы. Бұл қазіргі кез-келген оқу-білім беру мекемесінің алдына өмірдің өзі қойып отырған міндеттерді жүзеге асыру бойынша іс- әрекетінде көрінуі керек. Мектеп басшылығы мен мұғалімдерден тұратын басқару жүйесі жетекші болып келді. Басқарылушы кіші жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады. Мектеп басқарудың басты мәні педагоктардың оқыту мен тәрбиеде ең жақсы нәтижеге жету мақсатында оқушылар мен олардың ата- аналарының іс -әрекетін мақсатты ұйымдастыру. Адамдар - қоғамының, оның кез-келген даму сатысындағы, ішкі өзіне тән қасиеті. Бұл қасиеттің жалпылық сипаты бар және ол қоғамның жүйелік табиғатынан, адамдардың қоғамдық, ұжымдық еңбектерінен, еңбек пен өмір барысында қарым-қатынас жасау, өзінің материалдық және рухани өмірінің жемісін алмасу қажеттерінен бастау алады.

ХХ-ХІХ ғасырлар тоғысындағы басқару білімінің қарқынды өсуі мен өзгеру уақыты. Осы кезде басқарудың классикалық мектептің негізін салушы А. Файолдың еңбектерін айтуға болады, ол 1916 жылы басқарудың принциптерін ұсынған. «Басқарудың классикалық теориясы» 1930 жылдары ең басты орындарда болғанымен кейін ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында басқарушылық ғылми дамуында «басқарушылық қатынастар теориясы» атты жаңа бағат қалыптасты. Классикалық теория бірескен іс -әрекет нәтижелілігінің негізгі шарттары:

-не, қашан, қайдан және қалай істеу кеектігін анықтайтын басқарудың нақты ресми құрылымы, жемісті жұысты қамтамасыз ету деп санаған. Ал адамдар қатынастың теориясын- адамның ұйымдағы мінез -құлқын анықтацйтын факторларды, мақсаттылық пен жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бірінші орынға қояды. ұл теория ХХ ғасырдың 60 жылдары Батыста әсіресе АҚШ-та кең өріс алған. Кейін оның орнына, басқарудың жүйелілік теориясы пайда болып, жағдайлылық теориялар, басқарудың ационалисік (ақылой талабына ғана негізделген) және мінез -құлықтың жағымды жақтарын біріктіріп, олардың орнына ұйымдастырушылық даму теориялары келді. Мектеп мәселесіне арналған зерттеулер бар. Оларда мектепті басқарудың (Э. Г. Костяшкин, В. П. Стерзикозин, Т. И. Шаманов, Н. Д. Хмель т. б. ) мәні ашылды. Басқарушылық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жүйесіне енгізу бойынша (И. П. Раченко, В. и. журавлев, Г. ТХайруллин т. б) мұғалімнің шығармашылық зерттеушілік және эксперименталды қызмет - әрекетін ұйымдастыру бойынша ғылымды практикаға енгізу бойынша ) Ю. К. Бабанский, Г. И. Горская, Ш. Т. Таубаева т. б. ) Қазақстандағы педагогикалық кадрлардығң мамандығын көтеру жүйесін дамыту тарихы бойынша (Б. А. Альмухамбетов т. б. ) жұмыстар жүргізді. Мектепі басқарудың жаңашылдық аспектрлері М. М. Поташкин. А. С. Лазаров, Н. р. Юсуфбекова т. б. еңбектерінде талданған. Г. И. Щукинаның пікірінше : басқару дегеніміз-мектеп ішіндегі «психологиялық, ұйымдастырушылық жән әдістемелік »

сияқты күрделі поцестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу деп көрсетеді. Ал М. М. Поташник былай дейді. басқару-мектептің қалыптасуын, тұрақтануын, тиімді қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ететін барлық субьектілердің мақсатты іс-әрекеті » деп көрсетеді. . Осы анықтама маңызы екі нәрсеге назар аудартады.

І-ден: Кез-келегн басқарудың мақсатты іс-әрекет болып табылады,

ІІ-ден:ол басқарудан өзінің міндеттерімен ерекшеленеді.

Педагогикалық басқару әлеуметтік мақсатта жүзеге асады, ол адамдардың іс- әрекетін басқару мен олардың бірігуіне қатысты. Алайда, ол жалпы әлеуметтік басқарудың өзінің обьектілерімен (оқушылармен, мектептер, мектептен тыс мекемелер, халыққа білім беру бөлімшелеі, т. б. ) олардың заңдылықарымен ерекшеленеді.

Практикалық іс-әрекет ретіндегі педагогикалық басқару- оқушылардың оқуы мен тәрбиесін басқару. Ал педагогикалық басқару теориясы- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жүйесі, ұжымдар мен жеке адамдар жүзеге асыратын тәрбие мен оқыу процестерін басқару туралы білімдер.

Педагогикалық басқару ұғымы білім беруді басқару ұғымынан кең, өйткені ол тәрбие мен оқытуды жүргізетін бақа мемлекеттік және қоғамдық ұрылымдарды ( жанұя, қоғамдық ұйымдар, мамандықты көтеру жүйесінің мекемелері, т. б. ) қызмет етеді. Шындығында, педагогикалық басқарудың кез-келген адам-адам жүйесінде орны бар. Бұл жағдайда педагогикалық мақсаттар басарудың негізгі түріне бағынады- педагогикалық поцесс субьектісі іс -әрекетін басқару.

Педагогикалық басқарудың білім беру жүйесіндегі басты обьектісі- өсіп -келе жатқан ұрпақтың іс -әрекеті. Оларды оқыту мен тәрбиелеуді басқару тікелей (мұғалімдер, тәрбиешілер арқылы) , не жанама - мемлекеттік қоғамдық ұйымдар арқылы жүргізіледі.

Басқару суьектісінің қызметтер жиынтығын басшылық дейді.

Білім беру мекемесін басқару іс - әрекетінің басқа мекемелер немесе өнеркәсіп орындарындағы басшылықтың жұмысынан едәуір айырмашылығы бар. К. Д. Ушинский былай деп жазған «Егер қаржы немесе әкімшілік әлемде олардың идеяларының орындаушыларға ұнайтын-ұнамайтындығын ескермей, ұйғарыммен, жарлықпен қызмет етуге болатыны болса, қоғамдық тәрбие беру әлемінде ашық айтылып, ашық қабылданған пікірден басқа идеяны жүзеге асырудың басқа амалы жоқ ». -деген.

Мектеп басқару теориясы арасында ғылыми іс-әрекет пен практикалық іс

-әрекет ретінде обьектілері, басқарудың тәсілдері мен нәтижелерінде

айырмашықтар бар. Мектепті басқару теориясының обьектісі - барлық құрамды элементтімен алынған жүйе. Практиканың обьектісі - мектептің әртүрлі ұрамдық топтарының іс - әрекеті (ұжым, сынып, жеке субьект) .

Практикалық басқару іс-әрекінің амал-тісілдері- басқару

әдістері. Басқарудағы ғылыми іс-әрекетің амал - тәсідері- ғылымның

нақты бір обьектісін зерттеуде қолданылатын жолдар, тәсіл, амалдар:

мектептерді басқару бойынша білім беру органдарының жұмыс тәжірибесін қорытындылап

талдау, ғылыми болжамдар жасау, оларды .

Білім беру жүйесіндегі немесе бөлек топтағы практикалық басқару

іс-әрекетінің нәтижесі- тәжірибені көбейту, бұған оқу - тәрбие поцесінің

қорытындылар дәлел бола алады. Басқару теориясының нәтижесі-жаңа

заңдар, практикалық іс-әрекеттер жүзеге асырылатын заңдар, принциптер,

ережелер, тұжырымдар.

Мектептегі практикалық басқару іс - әрекетінің бағыттары, құндылығы

жағынан бірдей емес. Мектептің неізгі әлеуметтік міндеттеріне сәйкес өсіп

келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады, осыған

байланысты, басқарудың барлық бағыттарының ішінде оқу тәрбие жүйесін

басқару бірінші орында болады.

Осылайша, педагогикалық басқару -практикалық іс -әрекет, ол тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру. Педагогикалық басқару теориясы-мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жүйесі, ұжымдар мен жеке адамдар, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер жүзеге асыратын педагогикалық жүйені басқару, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, оқыту және дамыту.

Білімнің бұл саласының міндеттері-педагогикалық басқаруды зерттеу,

оның теориялық және практикалық мәселелірін жете зерттеу, оны

жетілдірулің ғылыми ұсыныстарын жасау. Сонымен қатар, педагогикалық

басару мектептің барлық жұмысы мен қатар басқа жұмыстың түрлерін

жоққа шығармайды. Білім беруді басқару теориясы ағарту саласындағы

ерекшеліктерді ескере отырып, әлеуметтік басқарудың жалпы

заңылықтарына негізелінеді.

2. 2. Мектепішілік педагогикалық процесті басқару жүйелері.

Мектеп жұмыстарының ішінде ең басты мәселелердің бірі-педагогикалық ұғымға ғылыми тұрғыдан сауатты басшылық жасау қажет. Мектеп жұмысын меңгеріп, зор жауапкершілікпен жүзеге асыратын тұлға директор және оның оқу - тәрбие жұмысы жөніндегі орныбасарлары. Олар өздерінің міндеттерін педагогикалық ұжыммен ынтымақтасып, демокраиялық принцип негізінде іске асырылады. Мектеп басшылары бақылаудың барысында мұғалім мен оқушылардың және басқа да қызметкерлердің жұмысы туралы ақпарат алады. Мектептің ішкі жұмыстарын бақылау нәтижелері, оның іс - әрекетін жақсыларға игі әсерін тигізеді. Мектеп ісін бақылау үшін оған бірсыпыра педагогикалық талаптар қойылады. Олар:

-Бақылауды ұдайы және жүйелі түрде жүргізіп отыру;

-бақылаудың әр - түрлі формаларын пайдалану;

-бақылаудың әділеттілігі және жариялылығы;

-бақылаудың тиімділігі және нәтижелілігі.

Оқу тәрбие процесінің бірнеше түрлері бар:

1. жаппай. мысалы:барлық сыныптарды жүргізілетін жазба бақылау жұмыстары. Бірнеше күн оқушылардың сабаққа қатысуын, яғни сабаққа келеушілер санын бақылау т. б.

2. тақырыптық -оқу немесе тәрбие жұмыстарының кейбір жақтарын арнайы тақырып бойынша тексеру.

3. дербес-кейбір мұғалімнің тәрбиенің мектеп қызмекерлерінің іс-әрекетін бақылау;

4. ұжымдық - сынып ұжымының, оқушылардың ұзартылған күн тбының кейбір үйірмелерің іс-әрекетімен танысып бақылау. Осы аталған бақылау жүйесін және оған қойылатын талаптарды орындау үшін мектеп директоры өзінің орынбасарларымен бірлесіп, бақылаудың түрлерін, орындау мерзімін және мақсаты мен міндеттерін мектептің жалпы жоспарында керсетіледі. Сөйтіп педагогикалық кеңесте бекітіледі. Бақылау тиімді болу үшін нәтижелі тексеру керек. Мысалы:Егер мектеп директорының мамандығы математика пәнімен байланысты болса, ол математика және физика, сызу пәндерінің мұғалімдерінің сабақтарына кіріп нәтижелі көрсетуі сөзсіз. Осы сияқты мектеп директоры орынбасарларының бірі- тіл және әдебиет маманы, екіншісі - химия, биология пәндерінің маманы болса, олар осы пәндерді біретін мұғалімдердің сабаққа қатысып, ойдағыдай талдау жасап, әдістемелік көмек беретіндігі белгілі. Бақылау ширақ әрі сапалы өткізу үшін мектеп басшысы кесте жасайды, міндеттерін өзара бірлесіп тікелей іске кіріседі. Бақылау, тексеру - бұлар сабақтас, бір -бірімен байланысты ұғымдар. Мсыалы. пән мұғалімінің оқу жұмысы жөнінде іс -әрекетін бақылау және тексеру қажет. Осы оқу жұмысын тексеру барысында сабақтың тиімділігімен сапасына ерекше көңіл аударылады.

2. 3. Мұғалім педагогикалық және әдістемелік білім деңгейін жетілтіру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны
Жаттықтырушының кәсіби маңызды қасиеттері
Педагогика. Дәрістер
Белсенді оқытулар: жаңа тәсілдер. Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерінің принциптері
Ұжымда тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы
Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері
Тәлімгерліктің ерекшеліктері
Педагогикалық қарым - қатынас технологиясы
Компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқыту құралы ретінде пайдаланудың әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz