Экологиялық қылмыстардың өзекті мәселелері



Жоспар.

Кіріспе.

І.Тарау. Экология кұқығының жүйесі
І.1Экология құқығының ұғымы.
І.2 Құқықтық қорғауға жататын экологиялық жүйелер.

ІІ.Тарау. : Экологиялық қылмыстардың өзекті мәселелері.
ІІ.1Табиғи ортаны қорғау механизмі
ІІ.2Қоршаған табиғи ортаға зиян келтіру
Кіріспе.

Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану қоғамның экономикалык даму барысын жетілдірудің міндетті шарты.
Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады.
Экологиялық құқық - бұл осы кезең мен болашақтың адамдардың мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты қоғамдык, қатынастарды реттейтін жана құқық салаларының бірі болып табылады. «Экология» — бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз — «Жер» туралы ғылым.
Алғашқы рет бұл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель ұсынып және ұзак уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда қолданылды. Ол өзінін әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болды, өйткені тура осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология — тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын ілім ретінде қолданылады.
Табиғат — санада және санадан тыс жүретін объективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі қызметті атқарады:
Жердегі өмірге қажетті биологиялық жағдайды қамтамасыз ететін экологиялық кызмет;
Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі болып табылатан экономикалық қызмет;
Адамның жан дүниесінін қалыптасуына әсер ететін негіз —
құлықтылық қызмет.
Адам - табиғаттың эволюциялық даму нәтижесінің өнімі. Табиғатқа қатынасына байланысты ол — онын әсерін байкайтын, өмірдің жаратылысынан тәуелді болатын, оны қоршаған ортанын объектісі ретінде және табиғи ресурстарды пайлаланатын, өзінің шаруашылық қажеттіліктерін шешу үшін табиғатты бейнелеуші субъект ретінде танылады.

Такырыбы: Экологиялық қылмыстардың өзекті мәселелері.
Жоспар.
Кіріспе.
І.Тарау. Экология кұқығының жүйесі
І.1Экология құқығының ұғымы.
І.2 Құқықтық қорғауға жататын экологиялық жүйелер.
ІІ.Тарау. : Экологиялық қылмыстардың өзекті мәселелері.
ІІ.1Табиғи ортаны қорғау механизмі
ІІ.2Қоршаған табиғи ортаға зиян келтіру

Кіріспе.

Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
қоғамның экономикалык даму барысын жетілдірудің міндетті шарты.
Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану
қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның
парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады.
Экологиялық құқық - бұл осы кезең мен болашақтың адамдардың мүдделері
үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты қоғамдык,
қатынастарды реттейтін жана құқық салаларының бірі болып табылады.
Экология — бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз — Жер туралы ғылым.
Алғашқы рет бұл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель ұсынып
және ұзак уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда қолданылды. Ол
өзінін әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болды, өйткені тура
осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы
қатынастар шиеленісе түсті. Экология — тірі организмдер мен олардың өмір
сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын ілім
ретінде қолданылады.
Табиғат — санада және санадан тыс жүретін объективті анықтылық және адам
жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі
қызметті атқарады:
Жердегі өмірге қажетті биологиялық жағдайды қамтамасыз ететін экологиялық
кызмет;
Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі
болып табылатан экономикалық қызмет;
Адамның жан дүниесінін қалыптасуына әсер ететін негіз —
құлықтылық қызмет.
Адам - табиғаттың эволюциялық даму нәтижесінің өнімі. Табиғатқа
қатынасына байланысты ол — онын әсерін байкайтын, өмірдің жаратылысынан
тәуелді болатын, оны қоршаған ортанын объектісі ретінде және табиғи
ресурстарды пайлаланатын, өзінің шаруашылық қажеттіліктерін шешу үшін
табиғатты бейнелеуші субъект ретінде танылады.

І.Тарау. Экология кұқығының жүйесі
І.1Экология құқығының ұғымы.
Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы негізі 2 нысандағы қоғамдық
қатынастар негізінде — табиғат ресурстарын пайдалану мен табиғатты қорғауда
көрініс табады. Табиғат ресурстарын пайдалану — материалдық қажеттіліктерді
қанағтттандыруға бағытталған қоғамның экономикалық мүддесімен анықталады.
Табиғатты қорғау - қазіргі кезең және болашак ұрпақтар үшін қоршаған табиғи
ортаның сапасымен байланысты қоғамның экологиялық даму мүддесі болып
табылады. Бірақ, тірі организмдердің (соның ішінде адамның да, қоғамның да)
жалпы қоршаған ортамен емес, табиғи ортамен байланысты екендігін де көрсету
керек. Сондықтан, экологияны сөзбе-соз түсіну үшін,тек табиғи ортамен ғана
өзара қарым-қатынас болған жағдайды айту керек. Міне тек осы жерде ғана
табиғатты дамыту (жақсарту) туралы, экологиялық заңдарды сақтауға аса назар
аудару керек, Қоршаған ортада — бұл әлеуметтік экологияның заты емес.
Әлеуметтік экологияға, оның құрамдас бөлігі ретінде құқықтық экология
кіреді. Құқықтық экология деп — Қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан
туындайтын қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың
жиынтығын айтамыз. Құқықтық эколотияның анықталуының. бірі болып, экология
құқығы танылады- Экология құқығы — бұл қазіргі және болашақ ұрпақ үшін
қоршаған табиғи ортаны тиімді пайдалану мен қорғауға байланысты қоғам мен
табиғаттың қарым-қатынасын анықтайтын қоғамдық (экологиялық) қатынастарды
реттейтін нормалардың жиынтығы. ..- Мемлекеттің экологиялық қызметінің
дамуы — экология құқығы деген атқа ие болған жаңа құқықтық бірліктің
құрылуына алып келді. Құқық саласының құрылу процесі объективті түрде
нетізделінеді, яғни табиғатты қорғау немесе қоршаған ортаны қорғау туралы
басты реттеуші заңның болуы және болмауына байланысты емес. Бұндай заңның
түрлерінін болуы берілтен бірлестіктің ішкі даму процестерінің нәтижесі
болып табылады, егер онын өмір сүруі халықтын түбегейлі қажеттіліктерінен
туындайтын болса.
Экология құқығы, құқық саласы ретінде біздің ортақ үйіміз — жерде өмір
сүретін адамдардын мүдделері үшін коғам мен табиғат арасындағы үйлесімді
байланыстарға жету мақсатында экологиялық қоғамдық қатынастарды жүзеге
асыратын арнайы тәсілдерді реттейтін құқықтық нормалардың жүйесін құрайды.
Кез келген жүйе — біріккен, жүйе құрайтын факторларды ретке келтіруші
көптетен элементтерден тұрады.
Экология құқығының әдістері — қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді
байланысқа жетуге бағытталған, олар табиғатқа да, қоғамға да қатысты
заңдылықтардың құқықтық реттелуінін сақталуына негізделеді. Экология құқығы
3 негізде оқытылады: пән ретінде, сала ретінде, ғылым ретінде.
Экология құқығы сала ретінде — экологиялық құқықты сала, пән ретінде
танудың ғылыми ілімдерінің жүйесін құраиды. Экологиялық, құқықты — құқық
саласы ретінде тану үшін, біз белгілі бір зандарға жүгінеміз, оның
нормаларына түсінік береміз.
Экологиялық құқықты оқу пәні ретінде біз, теориялық және тәжірибелік
сұрақтарын қамтитын оқыту әдістемесіне және де құқық нормалары мен олардың
тәжірибе жүзінде жүзеге асыру қажеттілігін білуге мән береміз.
Мемлекет және қоғам түрлі биологиялық. химиялық, физикалық, санитарлық--
гигиеналық және басқа да әдістерді қолдана отырып қоршаған ортаны қорғауды
қамтамасыз етеді. Қоршаған табиғи ортаны құқықтық қорғау — бұл мемлекеттің
экологиялық функциясы көрінетін табиғатты қорғау қызметінің бір әдісі. Ол
қоршаған табиғи ортаны қорғауға бағытталған заңдарды, қаулыларды, басқа да
нормативтік-құқыктық актілерді шығарудан және қолданудан тұрады. Біздің
мемлекетімізде Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздік
тұжырымдамасы, Қоршаған ортаны қорғау туралы, Экологиялық сараптама
заңдары және басқа да көптеген нормативтік актілер қабылданды.
Қоршаған ортаны қорғау — бұл табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-
қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды
пайдалану мен толықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар
жүйесі.
Қоршаған ортаны қорғау туралы занда қоршаған ортаны қорғаудың басты
қағидалары керсетілген. Қоршаған ортаны қорғау келесі басты қағидаларды
нетізге ала отырып жүргізіледі:
1)адамның өмірі мен денсаулығын қкорғаудың басымдығы,
халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған
ортаны сақтау және қалпына келтіру.
2)Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға
көшуі, адамдардың қазіргі және болашакқ ұрпақтарының салауатты және қолайлы
қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның
әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып
шешу;
3)экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардан экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
4)табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты
пайдаланғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны
қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу;
5)биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени
жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта
объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
6)қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік
реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін
жауапкершіліктің ымырасыздығы;
7)қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған
ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
8)халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жертілікті өзін-өзі басқару
органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына
белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы;
9)халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау
саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың құқыктық әдісі дегеніміз экологиялық
құқықтық қатынастарды реттеу мақсатында қолданылатан тәсілдердің жиынтығы.
Оларға мыналар жатады:
а) қорғауға жататан, табиғи объектілерді белгілеу;
б) табиғат объектілерін қорғауды бекітетін, шектейтін,
рұқсат беретін міндетті ережелері мен талаптарды анықтау;
в) олардың сақталуы мен орындалуын бақылау:
т) қоршаған табиғи орта заңндарын бұзғаны үшін жауапкершілік және
шығындарды өтеу шараларын жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жойып жіберуден, бүлінуден,
зақымданудан, азып-тозудан, ластанудан, ұтымды пайдаланбаудан және өзге де
зиянды ықпал етуден: жер, оның койнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен
өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі, табиғи экологиялық жүйелер, климат
және жердің озонды қабаты қорғалуға тиіс. Экологиялық, ғылыми және мәдени
жағынан ерекше құнды қоршаған ортаның объектілері, сондай-ақ ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар да ерекше қорғалуға жатады
Қоршаған табиғи ортаның құқықтық нормаларын үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа табиғатты қорғау заңдарының құрамына кіретін құқықтық
нормалар жатады. Бұл табиғатты қорғауға арналған зандар мен қаулылар. Олар
жерді, ауаны, суды, орманды, жануарларды және т. б. қорғауға байланысты
жалпы экологиялық талаптардан тұрады (Мысалы, ҚР Президентінің Жер туралы,
Жер койнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заң күші бар Жарлықтары,
Орман және Су кодекстері, Ерекше қорғалатын табиғат аумақтары туралы,
Жануарлар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану туралы заңдар және
басқа актілер). Мұндай талаптар шаруашылық қатынастарға шаруашылық
заңдылықтар арқылы оларды экологизациялау жолымен әсер етеді. Сондықтан да,
екінші топқа экологиялық талаптарды көрсететін шаруашылық заңдылықтары,
басқа салалар заңдылықтарының құқық нормаларынан тұрады. Экологиялық-
шаруашылық нормалар негізінде табиғатты қорғау императивтері іске асатын
техникалық нормалар мен стандарттар әзірленеді. Керсетілген нормалар мен
стандарттар өндірістік және басқа да объектілерді қолдану, жоспарлау,
жобалау, құрылысын жүргізу және пайдалану кезінде қолданылады.
Бұл нормалар тобы қоршаған ортаның құқықтық механизмінің бір жағын ашады,
онын басқа жағы кепілдік жүйесі болып табылады. Оған жататындар:
экономикалық кепілдіктер (жоспарлау, ынталандыру), ұйымдық, (басқару,
бақылау), заңдылық (жауапкершілік) идеолотиялық (тәрбиелеу).
Атмосфералық ауа қоршаған табиғи ортанын негізгі өмірлік маңызды
элементтерінің бірі болып табылады. Атмосфера космостық зиянды сәулелерден
қорғайды, жалпы планетаның және жергілікті бір жердің климатын анықтайды,
адамдардың денсаулығына, еңбек қажеттілігіне, өсімдіктер және жануарлар
әлемінің өмір сүруіне манызды әсер етеді. Атмосфералық ауа сонымен қатар
теологиялык, экологиялық, қорғаныс және басқа да функциялар атқарады.
Атмосфералық ауаның өмір үшін маңызы мен қызметін ескере отырып, мемлекет
құқықтық және басқа да әдістерді қолдану арқылы оны қорғауға үлкен көніл
бөледі. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау мемлекетпен, қоғамдық
ұйымдармен, мекемелермен, кәсіпорындармен, сонымен қатар азаматтармен
құқықтық нормаларды қолдану және заңдарды бекіту негізінде жүзеге
асырылады. Бұл нормалар қоғамның экологиялық экономикалық мәдени —
сауықтыру қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында атмосфераның оттегі қорын
және басқа да пайдалы қасиеттерін ұтымды пайдалану мен өндіруге, ауаның газ
құрамының орнықтылығы мен табиғи жағдайын сақтауға бағытталған ескерту,
тыйым салатын, қалпына келтіретін, жазалайтын шаралардан тұрады.
Қазақстан Республикасында 1981 жылы қабылданған Атмосфералық ауаны
қорғау туралы заңнын әліде зандық күші бар. Бұл заңда атмосфералық ауаны
қорғау шаралары қарастырылған. Атмосфералық ауаны қорғау мақсатында
ластайтын заттарды сыртқа шығарудың шекті нормалары көрсетілген.
Атмосфералық ауаны қорғауға байланысты шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру
үшін атмосфералық ауаға теріс әсер тигізетін объектілер (мемлекеттік есепке
алынады) және атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың түрлері мен мөлшері
мемлекеттік есепке алынады. Заңда атмосфералық ауаны қорғау туралы зандарды
бұзғаны үшін жауаптылықтын негіздері көрсетілген. Бұндай зан бұзушылықтар
үшін тәртіптік, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік
керсетілген. ҚР Жер туралы Жарлығына сәйкес меншік және жер пайдалану
объектісі (жылжымайтын мүлік) болып табылатын табиғи шаруашылық жүргізу
объектісі.
Жер деген түсінікті әртүрлі мағынада қарау керек; ол біріншіден планета
ретінде, екіншіден планетаның беткі қабаты ретінде. Үшіншіден планетаның
жер қыртысы ретінде қарауға болады. Жердің табиғи компонент ретінде ерекше
маңыздылығын ескере отырып. жерді құқықтық қорғау оның мемлекет меншігінде
ме, әлде азаматтардың меншігінде ме оған қарамастан жүзеге асырылады. Жер
біртұтас жалпы халықтық байлық ретінде ҚР Конституциясында керсетілтендей,
құқықтық қорғау объектісі болып табылады.
ҚР Президентінің Жер туралы жарлығының 103-бабын-да жерді қорғаудың
мақсаты мен міндеттері көрсетілген. Яғни, жерді қорғау қоршаған табиғи
ортаның бөлігі ретінде, жерді қорғауға, жерді ұтымды пайдалануға, ауыл
шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан жердің негізсіз алынуын
болдырмауға, сондай-ақ топырақ құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға
бағытталған құқықтық ұйымдық экономикалық технологиялық және басқа шаралар
жүйесін қамтиды. Жерді қорғаудың мақсаттары:
1) өндірістік экологиялык қауіпсіз технологияларын көтермелеу және орман
мелиоративтік шараларын жүргізу жолымен жердің тозуы мен бүлінуін,
шаруашылық қызметінің басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;
2) тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына
келтіруді қамтамасыз ету;
3) жерді ұтымды пайдаланудың экологиялық нормативтерін
практикаға енгізу болып табылады.
Жерді құқықтық қорғау ауыл шаруашылық жерлері қорын сақтауға топырақ
құнарлығын арттыру мен сақтауға бағытталған. Көп жағдайда жерді ұтымды
пайдалану жерді қорғаудың ен жақсы әдісі болып табылады. Кең мағынада жерді
қорғау, бұл — жерді ұтымды пайдалану; ландшафтың әдемілігі мен
рекреакциялық бағалылықтарды сақтау; жерді ауыл шаруашылық емес мақсаттар
үшін негізсіз алып қоюдан қорғау; жерге меншік құқығы мен жер пайдалану
құқығын қорғаудың біртұтастығы.
Табиғат ортасының біртұтас жүйесінде жер қойнауы жермен тағыз байланыста
элемент болып табылады. Жер қойнауы дегеніміз — топырақ қабатынан, ол жоқ
болса — су бетінен және су қоймаларының түбінен төмен орналасқан ғылыми-
техникалық процесті ескере отырып жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізуге болатын терендікке созылған жер қыртысының бөлігі.
Міне ҚР Президентінің Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
жарлығында осындай анықтама берілген. Осы жарлықта қоршаған табиғи орта мен
жер қойнауын қорғау міндеттері көрсетілтен. Жер қойнауын және табиғи ортаны
корғау:
1) халықтың денсаулығы мен өмірін корғау;
2) пайдалы қазбаларды тиімді және кешенді пайдалану;
3) табиғи ландшафтарды сақтау және бүлінген жерлерді, өзге де
теоморфологиялық құрылымдарды қалпына келтіру;
4) жер сілкінуді, көшкінді, су басуды, топырақтың отыруын болдырмау
мақсатында жер қойнауының үстінгі бөліктерінің энергетикалық жай-күйін
сақтау бағыттарына негізделген құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық,
технологиялық жүйелерді және басқа шараларды қамтиды.
Жер қойнауының зкономикалық және халық шаруашылық мәні, оны қорғаудың
көптеген бағыттарын белгілейді.
- Жер койнауын қорғаудың бірінші бағыты, жер қойнауына немқұрайлы
қараудын алдын алу, барлау және өндіру кезінде, оны тиімді пайдалану
негізінде пайдалы қазбалардың қорларынын азаюын ескерту болып табылады;
- жер қойнауын қорғаудың екінші бағыты, олардың ластануына ескерту жасау,
сонымен қатар, зиянды қалдықтармен
және кір сулармен ластанбаған жер асты сулары, минералды қайнар көздері мен
пайдалы қазбалары бар жерлерді ластанудан сақтау;
- жер қойнауын қорғаудын үшінші бағыты, табиғат ортасына және қоршаған
ортаның кейбір бөліктеріне зиянды әсерлерден қорғаудан көрінеді, ол пайдалы
қазбаларды пайдалануда топырақтың жоғары қабатының ластануы мен бұзылуынан,
жер асты сулары айналымының бұзылуынан көрініс табады;
- жер қойнауын қорғаудын төртінші бағыты ерекше жер қойнауының
объектілерін, табиғи ескерткіштер және мәдени ескерткіштерін, емдеуге және
демалуға арналған жерлерді қорғаудан көрініс табады. Жер қойнауын құқықтық
қорғау жер қойнауын қорғау және тиімді паңдалану, минералды ресурстардың
азаюының алдын алу, жер қойнауын қалдықтармен және
басқа да заттармен ластауды құқықтық реттейтін құқық нормаларын шығару мен
қолдану негізінде жүзеге асырылады)
Су - ерекше экологиялық функцияны орындайтын орны толмас табиғат байлығы.
Су адам өмір сүруін, табиғаттың тіршілік етуі мен дамуын қамтамасыз ететін
табиғат ресурстарына жатады. Ол адамның, барлық андар мен өсімдіктердің
клетка құрамына кіреді. Су аса маңызды экономикалық орын алады. Біздің
мемлекетімізде су пайдаланудан бірінші орында ауыл шаруашылығы, ал екінші
орында өндіріс пен энергетика, үшінші — коммуналдық шаруашылық. ҚР Су
кодексіне сәйкес мемлекет аумағындағы барлык су Қазақстан Республикасының
су қорын құрайды. Су қоры мыналарды қамтиды: өзендер, көлдер, батпақтар,
тоғандар, су қоймалары, басқа да жер бетіндегі су ресурстары, сондай-ақ
каналдар мен магистралды су құбырларының сулары, жер астындағы сулар.
мұздықтар.
Барлық су табиғат жүйелерінің экологиялык тұрақтылығын бұзуы, халықтың
денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ барлық қорларының азаюына, судың
физикалық химиялық, биологиялық қасиеттерінің өзгеруі, олардың табиғи
толығу, тазару қабілетінің төмендеуі, судың гидрологиялық және гидроге-
ологиялық режимінің бұзылуы салдарынан сумен жабдықтау жағдайларының
нашарлауына және басқа қолайсыз құбылыстарға әкеліп соқтыруы мүмкін
ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғалуға тиіс.
Суды қорғау судың ластануын, былғануын және сарқылуын болдырмауға
бағытталған ұйымдық, экономикалық, құқықтық және басқа шаралар жүйесін
қамтиды.
Орман — бір-біріне жақын өсетін бір түрлі немесе көп түрлі ағаш
өсімдіктерінен және биологиялык жағынан өзара байланысты, бір-біріне және
сыртқы ортаға ықпал жасайтын басқа да көптеген организмдерден тұратын
табиғи кешен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылы 23 қаңтарда қабылданған Орман кодексі
бойынша орман қоры жерлері құрамында мынадай жерлер болады:
1) орманды жерлер (ағаш өскен, сондай-ақ ағаш өспеген- ағаш кесілген
жерлер, өртең жерлер, ағашы селдір жерлер, алаңқай жерлер, бос жерлер,
тұтаспаған орман дақылдары және баскалары);
2) ормансыз жерлер (ауыл шаруашылығының пайдаланатын жерлері, жолдар,
кварталдық орман жолдары, өртке қарсы жарма жерлер және басқалары).
Қазақстан Республикасында барлық ормандар сақталуға және қорғалуға
жатады. Ормандарды сақтау мен қорғаудын негізгі мақсаттары мен міндеттері
мыналар болып табылады:
1) орман өрттерінің алдын алу, оларды дер мезгілінде анықтау және сөндіру
жөніндеті шараларды жүртізу;
2) ормандарды заңсыз кесуден, зақымдаудан, талан-таражға салудан және
басқа орман талаптарын бұзудан сақтау, сондай-ақ орман қорының жерлерін
сақтау;
3) орманның зиянкес жәндіктері мен ауруларының ошақтарын дер кезінде
анықтау және оларға қарсы күрес;
4) ормандардың сақталуын, қорғалуын, ұлғайта өсірілуі мен ұтымды
пайдаланылуын қамтамасыз ететін басқа да іс-әрекеттер.
Құқықтық қорғау — бұл жануарлар әлемін қорғаудағы міндеттемелерді
орындаудың бір әдісі, құқықтық нормаларды қолдану мен шығарудың еркін
білдіру, тұтастығын сақтауға бағытталады, жануарлар қауымының табиғи
көптүрлілігі, оларды тиімді пайдалану мен ұдайы өндіру болып табылады.
Жануарлар әлемі қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде қоршаған ортаның
басқа беліктерімен тұрақты экологиялық байланыстағы және табиғи
бостандықтағы барлық жер бетіндегі және судағы жануарларды қамтиды.
Жануарлар дүниесін қорғау:
1) жануарлар дүниесін қорғау, ұтымды пайдалану мен ұдайы өндіру жөніндегі
нормалар мен ережелерді бекіту;
2) жануарлар дүниесін пайдалануға шек қою және тыйым салуды бекіту;
3) жануарлар дүниесін өз еркімен пайдаланудан және пайдалану тәртібін
бұзудан қорғау;
жануарлардың мекен ету ортасын, көбею жағдайларын
және жануарлардың көшу жолдарын қорғау;
жойылу қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар
түрлерін көбейту;
жануарлар ауырған жағдайда, табиғи апаттар және басқа
да салдардан өлім қаупі туған кезде, оларға көмек керсету;
жануарлар дүниесіне адамдардың адамтергершілік қатынаспен қарауына
тәрбиелеу.

І.2Құқықтық қорғауға жататын экологиялық жүйелер.
Экология саласындағы мамандар экологиялық жүйені- жалпы аумақта тұратын
және де жабық заттар айналымында ұзақ өмір сүретін жабық функпионалды,
біртұтас организмдер жиынтығы ретінде анықтады. Экологиялық сөздікте
мынадай анықтама берілген: Біртұтас функционалды, біріктірілген кез келген
тірі жандардың бірлестігі және оның тұратын ортасы. Экологиялық жүйе — бұл
көп мағыналы түсінік. Ол табиғи экожүйелерде де (су, орман) және жасанды
экожүйеде (жабық бассейн) де қолданылады.
Экожүйенің маңызды қасиеттері:
1)Тұйықтығы, экологиялық жүйенің өзалдына қызмет етуі. Экологиялық
жүйенің тұйықтығы барлық азаматтар мен ұйымдардың әрекеттерін, бұл
әрекеттер табиғатпен байланыссыз болса да, экологиялық нәтижелерін ескеруді
міндеттейді;
2) Табиғи компоненттерді құруға әкелетін экологиялық жүйедегі өзара
байланыс. Ол жер, су, орман және өзге де табиғи объектілерді атмосфералық
ауамен байланыстырады. Ол табиғи объектілер қызметін жүзеге асыруға
көмектеседі және мұндай қызмет процесінде өзі де өзгереді.
3) Биоөнімділік. Экожүйенің өз өндірісіне жердің әртүрлі құкқықтық
статусын анықтайтын қызметтерді орындауға көмектеседі. Құнарлылығы жоғары
жерлер біріншіден, ауыл шаруашылық мұқтаждықтарына беріледі, ал аз өнімді
жерлер басқа максатқа беріледі.
Экожүйенің өзінің ұдайы өндірісі - ол өзінің реттеу қабілеттілігі.
Берілген белгілер экожүйе түсінігін анықтауға мүмкіндік береді.
Экологиялық жүйе — құрамдас компоненттерінің өзара байланысының жабық
жүйесі бар, оған тұрақктылық белгілі биологиялық өндірушілігі бар басқа да
тұрақты экологиялық экожүйелермен өзара байланысқан қоршаған ортаның табиғи
саласы. Қоршаған ортаны пайдайану және қорғау аясындағы заң шығарушылықтың
негізгі міндеттерінің біріне адамның денсаулығын қорғау, оның өмір сүруін,
жұмыс істеуін, толық демалуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске
асыру. Осы мақсаттарда қаладағы және басқа елді мекенде, демалыс
орындарында, емдеу орындарында қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асырады.
Сондықтан да, рекреациялық және емдеу-сауықтыру аймақтарында қоршаған
ортаны қорғаудың маңызы өте зор.
Рекреакциялық аймақтарға халықтың жалпы немесе ұйымдастырылған демалуына
арналған жер және су кеңістігінің табиғи және мәдени учаскелері жатады.
Мұндай аймақтардың құрамына - қала аумағы, қала маңы және жасыл аймақтар,
орман парктері, ұлттық, табиғи парктер, ботаникалық-зоологиялық бақтар,
дендрологиялық парктер, серуен бағыттары, демалыс үйлері мен базаларының
аумағы, заказниктер мен қорықтардың кейбір учаскелерін халықтын аралауына
болатын бөліктері жатады.
Емдеу-сауықтыру аумақтарына - адамдардың денсаулығын сауықтыру мен
емдеуге арналған жер немесе су кеңістігінің аумағы жатады. Бұған курорттық
және санитарлық — курорттық аумақтар жатады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық құқықтық тәртіп пен табиғи объектілер мен ресурстарды қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
Экологиялық қылмыстардың белгілерінің құқықтық сипаттамасы
Экологиялық қылмыстар туралы
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар, экоцид
Экологиялық қылмыстардың түрлеі
Халықаралық қылмыстық құқық бойынша соғыс қылмыстары және оларды жасау үшін жауаптылық сұрақтары
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Экологиялық қылмыстардың түсінігі
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жайлы
Экологиялық қылмыстар және жауапкершілік негіздемелері
Пәндер