Құран Кәрімнің жазылуы, көбейтілуі және харәкәлануы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Доғанбаев Бақберді Аллидинұлы

Құран Кәрімнің жазылуы, көбейтілуі және харәкәлануы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В021100-«Теология» мамандығы

Түркістан 2014

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті«Қорғауға жіберілді»«___» 2014 ж.кафедра меңгерушісі, филос. ғ. к.,доцентҚаратышқанова Қ.ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТақырыбы:Құран Кәрімнің жазылуы, көбейтілуі және харәкәлануы5В021100-«Теология»мамандығыОрындағанДоғанбаев. Б. А.Ғылыми жетекшісі,филос. ғ. д., профессорКенжетаев Д. Т.Түркістан 2014:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Қорғауға жіберілді»

«___» 2014 ж.

кафедра меңгерушісі, филос. ғ. к.,

доцент Қаратышқанова Қ.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Құран Кәрімнің жазылуы, көбейтілуі және харәкәлануы

5В021100-«Теология» мамандығы

Орындаған Доғанбаев. Б. А.

Ғылыми жетекшісі,

филос. ғ. д., профессор Кенжетаев Д. Т.

Түркістан 2014

Мазмұны

Кіріспе . . ……… . . . … . . . 4

І Бөлім. Құран Кәрімнің жазылуы

1. 1. Құранның Хз. Пайғамбар заманында жазылуы . . . 10

1. 2. Жазылған Құран аяттарының сақталуы . . . 17

1. 3. Құранның бір кітап халіне келтірілмеуінің себептері . . . 22

ІІ Бөлім. Құран мәтіндерінің бір араға жиналуы

2. 1. Құран мәтіндерінің жиналуын қажет еткен себептер . . . 24

2. 2. Құранды жинау ісінің Зейд бин Сабитке берілуі . . . 28

2. 3. Құранды топтастыруда қолданылған метод және мұсхафтың ерекшеліктері . . . 30

ІІІ Бөлім. Құран Кәрімнің көбейтілуі

3. 1. Құранның көбейтілуін қажет еткен себептер . . . 37

3. 2. Құранды көбейту мақсатында құрылған комиссияның іс-әрекеттері . . . 43

3. 3. Құранды көбейтуде негізге алынған принциптер және Құранға харәкә және ноқта белгілерінің қойылуы . . . 50

3. 4. Көбейтілген Мұсхафтардан қазіргі күнге жеткендері . . . 56

Қорытынды . . . 61

Пайдаланған әдебиеттер . . . 63

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Құран Кәрім, 610-632 жылдары арасындағы жиырма үш жыл бойынша адамзаттың соңғы пайғамбары Хз. Мұхаммедке уахи жолымен түсірілген. Хз. Пайғамбардың тірі кезінде жазыла бастаған және түскен күннен қазіргі кезге дейін қандайда бір өзгертуге ұшырамаған. Құранның бұл ерекшелігі, Құраннан басқа илахи кітаптардың ешқайсысына бұйырмаған. Өйткені Құранның қорғалуы және сақталу ісі уахидың иесі Аллах Тағала тарапынан болмақ. Аллах Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Расында Құранды біз түсірдік. Әрі шын мәнісінде оны біз қорғаушымыз» (Хижр, 9) . Құран Кәрімнен басқа ешбір илахи кітаптарға Аллах Тағала бұлай кепілдік бермеген. Аллах Тағаланың бұл берген кепілдігін жер жүзінде жүзеге асырушы тұлға Хз. Пайғамбар және оның сахабалары болмақ.

Қазір қолымызда болған Құранның осындай дәрежеде жетуі түрлі қиыншылықтармен жүзеге асқан. Бұл әлемдік кітаптың өз дәрежесінде сақталып қазіргі күнге жетуіне Хз. Пайғамбардың және оның сахабаларының қосқан үлестері өлшеусіз. Алғаш уахи келе бастаған кезде Меккеде оқу жазу білетін адамдардың саны саусақпен санарлық еді Хз. Пайғамбардың өзі үмми(сауатсыз) болатын. Сондықтан алғашқы келген уахилар көп жағдайда жаттау арқылы сақталынатын. Өйткені ол заманда Арабияда жазу өнері кең таралмаған еді адамдар кез-келген нәрсені жаттап алуға дағдыланған болатын. Бірақ Құранның сақталуы үшін бұл жеткілікті болмады Хз. Пайғамбар Құранның жазылу арқылы сақталу керектігін нақты түсініп оны өзі тағайындаған уахи жазушыларына жаздыра бастады. Ислам діні Арабияға келген күннен бастап Арабияда жазу ісі және ғылым қарыштап дами бастады. Исламға дейін араптар арасында бірде-бір қандайда бір жанырда жазылған шығарма болмаған еді. Ислам діні білім үйренуді насихат ететін дін оның дәлелі ретінде ең алғашқы Құран аяты «оқы» сөзімен басталады. Бұның өзі Исламның ғылымға қаншалықты көңіл бөлетіндігін көрсетеді. Құран Кәрім Хз. Пайғамбардың өмірде болған кезінде жаздырылған, сонымен қатар тек қана жаздырылып қана қойылмаған сахабалар тарапынан жатталған болатын. Хз. Пайғамбар заманында уахи әлі жалғасып жатқандықтан Құран бөліктері бір кітап халіне келтірілмеді. Бұл іс өзінен кейінгі сахабаларына қалдырылды. Хз. Әбу Бәкірдің Құранды топтастыруға кіріскен кезінде Құран бөліктері шашыраңқы халде болатын олар сахабалардың қолында әр түрлі жазу құралдарының үстіне жазылып сақталған еді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Құран Кәрім түскен күннен қазіргі күнге дейін зерттеліп келеді. Өйткені Құран Кәрім әлемдік кітап және адамзаттың ақыретке дейінгі сұрақтарына жауап береді. Өзінің түп негізін сақтаған Аллах тарапынан қорғалғандықтан өз маңызын ешқашан жоймақ емес.

Қарастырылып отырған жұмыстың мақсаты осы тақырыпта еңбек жазған белгілі ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып Құран Кәрімнің бүгінгі күндегі дәрежесіне қалай жеткендігін жан-жақты зерттеу болмақ. Құран тарихын жазу барысында мынадай міндеттер қойылды:

  • Құран Кәрімнің жазылу тарихын зерделеу;
  • Жазылған Құран бөліктерінің қалай сақталғандығын қарастыру;
  • Құранның бір кітап халіне келтірілмеуінің себептері;
  • Шашыраңқы Құран аяттарының бір кітап халіне келтіруді қажет еткен себептерді қарастыру;
  • Құран Кәрімді көбейтуді қажет еткен себептерді зерделеу;
  • Көбейтілген Құран мұсхафтарының ноқталануының мәні.

Зерттелу деңгейі. Хз. Пайғамбар және сахабалардың көпшілік бөлігі үмми(сауатсыз) болғандықтан және жазу құралдары аз болғандықтан уахидың алғашқы кезеңдерінде Құран мәтіндері көбінесе жатталатын болған, бірақ Хз. Пайғамбар жазу ісіне аса бір маңыз берді. Аллах Тағала Құран Кәрімге Кітап атын беріп жазылуын әмір еткен болатын. Өйткені кітап сөзінің мағынасы «жазба және жазылған нәрсе» деген мағынаға келеді. Сондықтан Хз. Пайғамбар сауатты жазу білетін сахабаларды уахиды жазатын катиб(жазушы) сайлады. Хз. Пайғамбар әрбір уахи келген кезде олардың біреуін шақырып, Жәбрейлдің айтуымен түскен аяттың қай жерге қай сүренің ішіне жазылатындығын айтып жаздыртатын. Хз. Пайғамбардың келген уахиды жаздыртқанына байланысты көптеген дәлел риуаяттар хадис кітаптарында орын алған. Уахиды жазған жазушылардың саны қырыққа жуық болғандығы хадис кітаптарында айтылады. Құран тыңдаған сахабалар егер де жазу білетін болса есіткен Құран аяттарын жазады және жазған бұл мәтіндерін жаттайтын жазу білмейтін сахабалардың арасында да Құран жаттағандары көп болған. Құранның Хз. Пайғамбар заманында жазылғандығына байланысты ислам ғалымдары көптеген дәлелдер ұсынады. Солардың бірі Ибн Хишамның айтуы бойынша Хз. Омардың мұсылман болу оқиғасында қарындасының қолында болған Таха сүресінің алғашқы аяттары жазылған парақ, Құранның жазыла бастағанын көрсететін дәлел. Тағы да Абдуллах б. Омардан мынадай бір хабар жеткен: «Біз, өзімізбен бірге Құран нұсқаларын алып жүрген кезде дұшпан саналған мемлекеттерге баруға рұқсат берілмеді. Бұның себебі, ол нұсқалардың жау қолына өтіп кетуінен қорққандықтан болатын» . Хз. Пайғамбар өзіне түскен Құран аятттары және сүрелерді ол дәуірде кең қолданылған әр түрлі жазу құралдарына жаздыратын болған. Бұл жазу құралдары мыналар:

1. Құрма ағашының жапырақтары, қабықтары жазу құралы болды.

2. Жұқа ақ тастар.

3. Малдың жауырын және қабырға сүйектері.

4. Малдың тазартылып иленген терісі.

5. Саз балшықтан жасалған түрлі бұйымдардың үстіне.

6. Пергамент және мата бөліктерінің үстіне жазылды.

7. Қағаз. Бірақ қағаз ол кезде қымбат және қол жетімсіз болғандықтан жиі қолданылмады.

Хазіреті Аллах елшісі әрбір жаңадан түскен уахи мәтіндерін бірінші кезекте ер адамдарға, артынша әйелдерге оқып түсіндіретін. Түскен Құран мәтіндерін жазғандар оны жаттайтын болған әрі жазған мәтіндерін үйлерінде сақтайтын еді. Құранның сақталу мәселесі бойынша Мұхаммед Салим Мухайсин бұл мәселеде Хамидуллахтың пікірін жақтап былай дейді: «Хз. Пайғамбар заманында бұл жазу құралдарының үстіне жазылған Құран мәтіндері шашыраңқы халде сахабалардың қолдарында сақталған. Яғни Құранның барлығы жазулы және белгілі бір жерде сақтаулы емес болатын». Дәруәзә болса, бұлармен бір пікірде болып Құранның шашыраңқы бөліктер түрінде кейбір Мұсылмандардың жанында болғандығын жеткізеді.

Бұл мәселе жайлы өз пікірін жазған Захид әл-Кәусәри, бұл мәтіндердің сахабалардың үйлерінде сақталғандығын айтады және «Құран Хз. Пайғамбар заманында жазылған еді. Хз. Пайғамбардың құзырында жазылған бұл бөліктерді сахабалар үйлерінде сақтаған болатын» дейді. Оқу жазу білмейтін үмми(сауатсыз) және өздерінің жеке бір Құран нұсқалары болмаған мұсылмандар Хз. Пайғамбардың Құран оқуы, намаз оқуы және уағыз айтқан кездерінде жаттап алатын болған. Хз. Пайғамбардың өмірде болған кезінде уахи үздіксіз келіп тұрғандықтан Құран мәтіндерін бір кітап халіне келтіп мұсхаф жасау мүмкін болмаған еді. Егер де Хз. Пайғамбардың заманында Құран Кәрімді бір кітап халіне келтіруге әрекет жасалған болса еді уахи ұдайы келіп жатқандықтан жиі-жиі өзгертулер енгізіп алдыңғы жазылған мұсхафтың орнына жаңадан мұсхаф жазып отыруға тура келетін еді әрине бұл мүмкін емес болатын. Сахабалардың көпшілігі Құранды жаттайтын араларында қари сахабалар да бар еді және өздеріне тиесілі жеке мұсхафтары бар сахабалар да бар еді. Бұл кезде Хз. Пайғамбар тірі болатын ол өмірде болған кезде Құранның жойылуына байланысты қандайда бір қауіп жоқ болды. Осындай себептерге байланысты ол кезде Құранның сақталуына байланысты қандайда бір қауіп туындамады. Бірақ Хз. Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін иртидат(діннен шығу) оқиғалары және жалған пайғамбарлар пайда болды.

Хз. Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін оның халифасы Хз. Әбу Бәкір дәуірінде Құранға байланысты жасалынған іс-әрекет, хижри жыл санауы бойынша он бірінші жылдың соңында немесе он екінші жылдың басында, халифалық міндетінің алғашқы жылында болды. Шамамен он бес айға созылған Құранды топтастыру іс-әрекеті, Яамама шайқасынан кейін басталып халифа Хз. Әбу Бәкірдің хижри он үшінші жылдың алтыншы айында қайтыс болуынан бірнеше ай бұрын аяқталды. Халифа Хз. Әбу Бәкірдің аз ғана екі жылдық халифалығның көп бөлігі Ислам топрақтарында Хз. Пайғамбардың өлімінен соң пайда болған мәселелерді шешумен кетті. Бұл дәуірде Араптар арасында тайпалардың діннен шығыуы, зекет беруді қаламайтындардың артты және жалған пайғамбарлар пайда болды. Хз. Әбу Бәкірдің қысқа екі жылдық халифалығында бұл мәселелердің барлығы өз шешімін тапты. Оның халифалығы заманында өте маңызды істерінің бірі шашыраңқы халдегі жазулы Құран нұсқаларын бір араға жинап Құранды бір кітап халіне келтіріп оның жойылып кетуіне байланысты алаңдаушылықтың алдын алды. Хз. Али, Хз. Әбу Бәкірдің жасаған бұл іс-әрекетінің өте рахметті және маңызды бір іс болғандығын өзінің мына сөздерімен көрсетеді: «Аллах Хз. Әбу Бәкірге рахмет етсін, мұсхафтар мәселесіне келгенде ең жоғары әжір(сыйлық) оған тиесілі, Құранды ең алғаш болып топтастырған ол болатын». Хз. Әбу Бәкір Құранды топтастыру ісін Хз. Пайғамбардың уахи жазушысы болған Зейд б. Сабитке тапсырды. Хз. Әбу Бәкірдің халифалығы заманында Құранның топтастыру іс-әрекетінен соң Хз. Омардың халифалығы кезінде Құранға байланысты қандайда бір іс-әрекет жасалынбады. Дегенмен Хз. Османның халифалығының алғашқы жылдарында мұсылмандар арасында негізгі Мұсхафтан Құранды көбейту қажеттілігі сезіле басталған болатын. Сахабалардың Мединеден тыс басқа жерлерге шығуы Хз. Омардың халифалығы заманында тек қана рұқсатпен жүзеге асатын еді. Одан кейін халифа болған Хз. Осман заманында бұған толық еркіндік берілген еді. Ислам өлкелеріне таралған сахабалар Құранды өздері білген қырағаттармен үйрете бастаған болатын. Осының негізінде мұсылмандар арасында қырағатқа байланысты түрлі келіспеушіліктер пайда болды. Бұл келіспеушіліктердің алдын алу мақсатымен халифа Осман негізгі Мұсхафты Хафсадан алдыртып комиссия құрып жеті нұсқада көбейтті.

Көбейтілген Құран нұсқасының сол нұсқаны үйрететін үйретуші мұғалімдерсіз жіберілмегенін айту маңызды болып есептелінеді. Мысалы Мединеге Зейд б. Сабит, Меккеге Абдуллах б. Сайд, Шамға Мұғира б. Шихаб, Басраға Амир б. Қайс және Куфаға Әбу Абдуррахман әс-Сүлеми халифа Османның бұйрығымен жіберілген болатын.

Осы тақырып бойынша маңызды жұмыстар жасаған Абдулфәттах әл-Кади бұл мәселе жайлы былай дейді: «Бұл ғалымдардың әрқайсысы жіберілген өлкенің адамдарына, Хз. Пайғамбардан тәуатур жолымен келген Мұсхафтың жазуына лайық болып саналған қырағаттарды оқитын. Хз. Османның Мұсхафтармен бірге оны оқытатын ғалымдарды жіберудегі мақсаты адамдардың Хз. Пайғамбардан жеткен қырағаттарды үйренуін қамтамасыз ету болатын.

Хз. Осман заманында истинсах (көбейтілу) етіліп белгілі Ислам орталықтарына жіберілген Мұсхафтардан төрт данасы өртелген, түрлі соғыстар және басқа да оқиғалардың себебінен жоқ болып кеткен, бірақ бұлардың арасынан үш данасы қазіргі күнге дейін жеткен. Ол Мұсхафтардың біреуі Түркиядағы Топкапы Сарайында, ал екіншісі болса Ташкентте үшіншісі Лонданда сақтаулы тұр. Қазіргі күнге дейін жеткен бұл үш нұсқаға байланысты зерттеулер жасаған белгілі пәкістандық ислам ғалымы Мұхаммед Хамидуллах бұл нұсқаларды зерттей келе нұсқаларда мағына жағынан толық бірдей болғандығын айтқан.

Халифа Османның көбейттірген Мұсхафтары харәкә және ноқталарсыз болды және мұндай белгілер қойылмастан көбейтілген болатын. Осындай түрде жазылған Құран мәтіндерін әр түрлі аймақтарда өмір сүрген араб халықтары бұлардың арасын айыра алатын. Құранды оқу үшін қандайда бір харәкә және ноқталау белгілеріне қажеттілік туған жоқ болатын. Белгілі ислам ғалымы Әбу Ахмәд әл-Әскәридің айтуы бойынша Құранды ешқандай харәкәсіз және ноқталаусыз оқу халифа Османның заманынан Абдулмәліктің халифалығына дейінгі аралыққа дейін жалғасқан болатын. Алайда халифа Абдулмәліктің кезінде Иракта араб еместер арасында Құранның сөздері мен әріптерін қате оқуларына байланысты бөлінушіліктер пайда болды.

Осыған байланысты мемелекет адамдары Құранның бұрмаланып оқылуына байланысты өз алаңдаушылықтарын білдірген болатын. Осының негізінде Құран мәтіндерінің дұрыс оқылуын қамтамасыз ететін ой-пікірлер айтыла бастады. Осы мәселе жайында Убейдуллах б. Зияд және әл-Хаджаж б. Юсуф әс-Сақафи өз пікірлерін айтты. Соның ішінде әл-Хаджаж Құран жазуына байланысты жаңартулар жасады. Оның жасаған бұл реформалары Құран жазуының ең ашық, анық түрде және оңай оқылуын қамтамасыз етуді негізге алынды. Халифа Осман өзінің көбейттірген мұсхафтарына байланысты оның ішінен жазуға кемшіліктердің шығатындығын айтты және оның араптар тарапынан түзеттірілетінін айтқан болатын. Құранды ең алғаш ноқталаған адам Әбул-Әсуәд әд-Дуәли болды. Ол Құранның оқылуын жеңілдететін белгілер қоюға кірісіп нәтижесінде фәтхә үшін әріптің үстіне бір ноқта, кәсрә үшін астына бір ноқта, дамма үшін әріптің алдына бір ноқта белгілерін жасады. Ол осылайша Құранның оқылуына байланысты қателіктерді түзетуге тырысқан болатын.

Әбул-Әсуәд әд-Дуәлимен бірге Құранды ноқталауға өз үлесін қосқан адам Иахя б. Ямер. Дегенмен оның Құранды ең алғаш ноқталағаны жайында қандайда бір нақты дәлел жоқтың қасы. Иахя б. Ямер Мерв қаласындағы мұсхафтарды ең алғаш ноқталаған адам болғандығы айтылады. Бұл мәселе жайындағысын айтады. Ибн Халликан оның айтуы бойынша Ибн Сириннің ноқталанған бір мұсхафы бар еді, оны Иахя б. Ямер ноқталаған екен. Иахя б. Ямердің Әбул-Әсуәд әд-Дуәли сияқты Құран оқылуының жақсаруына қосқан үлесі болғандығы анық.

Жылдар өткен сайын Құран оқуының жеңілдетуіне байланысты іс-әрекеттер арта түсті. Ноқталарды ең алғаш қойған және оларды Құранда қолданған адам әл-Халил . Ноқталардың қойылу себептерін түсіндіріп хамза, шәдда белгілерін қойған да ол болатын. әл-Халил қазіргі кезде қолданылып жатқан Құранның оқылуын жеңілдетуге бағытталған белгілердің көпшілігін жасады.

Зерттеу әдісі . Бұл зерттеу жұмысында салыстыру, классикалық және саманауи процестерді синтездей отырып, анализ жасау әдісі кеңінен қолданады. Құран тарихының негізгі ұстанымдарын негізге ала отырып дәлелді пікірлер келтірілді.

Диплом жұмысының құрылымы. «Құран Кәрімнің жазылуы, көбейтілуі және харәкәлануы» деп аталатын жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі-65 бет

Бірінші бөлімде Ұлы Жаратушы тарапына түсірілген Құран уахиының ең алғаш Хазіреті Пайғамбар заманында қалай жазыла бастағаны және сақталуы және жазылған Құран бөліктерінің неліктен бір кітап халіне келтірілмегендігі баяндалады.

Екінші бөлімде жазылған Құран бөліктерінің Хазіреті Әбу Бәкір заманында топтастырылуы топтастырылуын қажет еткен себептер және Құранды бір кітап халіне келтіру ісінің Мединелік сахаба Зейд б. Сабитке берілуі баяндалады және Құран бөліктерін жинау барысында қолданылған метод сондай-ақ топтастырылған мұсхафтың ерекшеліктері айтылады.

Үшінші бөлімде Құранның халифа Осман заманында көбейтілуі, Мұсхафтың көбейтілуін қажет еткен себептер, Құранды көбейту ісінің Зейд б. Сабиткеберілуі және көбейтілген Осман мұсхафтарының харәкәлануы баяндалады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І Бөлім. Құран Кәрімнің жазылуы

  1. Құранның Хз. Пайғамбар заманында жазылуы

Білгеніміздей Хз. Пайғамбардың негізгі міндеті, уахи жолымен келген Аллахтың әмірі мен тыйымдарын адамдарға жеткізу, сондай-ақ уахидың сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету болды. Осы себептен Аллах елшісі бір жағынан таблиғ міндетін атқарған кезде екінші жағынан сахабаларға Құранды оқытқызды және жаттатқызды. Хз. Пайғамбар өзіне түсірілген аят пен сүрелерді Аллахтың рұқсатымен алдын өзі жаттайтын еді сосын асхабына таблиғ ететін еді. Әр жыл Рамазан айында Жәбрейіл Хз. Пайғамбарға келіп ол кезге дейін түскен барлық аяттарды оған оқиды, Хз. Пайғамбар да Жәбрейілге оқып беретін еді. Осылайша Құранды муқабәлә(бір-бірлеріне қарсы отырып оқу) етіп жаттайтын еді. Тіпті Хз. Пайғамбардың қайтыс болатын жылы бұл муқабәлә екі рет жасалынды. Хз. Пайғамбардың рамазанда болған соңғы муқабәләсін «әл-ардатул ахирә» деп атайды. Бұл жайында Хз. Фатима Хз. Пайғамбардың өзіне жасырын түрде: «Жәбрейіл әр жыл сайын Құранды менімен бірге бір рет муқабәлә жасайтын еді. Бұл жылы Құранды екі рет муқабәлә жасадық. Содан-ақ ажалымның келгендігін түсіндім» деп айтқанын Хз. Айша айтады.

Аллах Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Расында Құранды біз түсірдік. Әрі шын мәнісінде оны біз қорғаушымыз» (Хижр, 9) деу арқылы оның қорғалуы тікелей Аллах тарапынан болатындығын білдіреді. Хз. Пайғамбар Құранды бүкіл адамдарға жеткізуге міндеттелген осы міндетін орындау үшін үлкен қайрат танытқан. Аллах тарапынан жіберілген Құран Кәрімнің сақталуына себепкер болды [1. 27б] .

Хз. Пайғамбар және сахабалардың көпшілігі үмми(сауатсыз) болғандықтан және жазу құралдары аз болғандықтан алғашқы кездерде Құран мәтіндері көбінесе жатталатын еді, бірақ Хз. Пайғамбар жазу ісіне аса бір маңыз берді. Аллах Тағала Құран Кәрімге Кітап атын берген жазылуын әмір еткен. Өйткені кітап сөзінің мағынасы «жазылған нәрсе» деген мағынаға келеді. Сондықтан Хз. Пайғамбар сауатты жазу білетін сахабаларды уахиды жазатын катиб(жазушы) қылды. Әрбір уахи келген кезде олардың біреуін шақырып, Жәбрейлдің айтуымен түскен аяттың қай сүренің ішіне жазылатындығын айтып жаздыртатын еді. Хз. Пайғамбардың келген уахиды жаздыртқанына байланысты көптеген риуаяттар хадис кітаптарында орын алған. Уахиды жазған жазушылардың саны қырыққа жуық болды.

VI-VII ғасырларда жазу Арабия түбегінде кең жайылған және жеңіл бір қатынас құралы емес еді. Жағдай осылай болса да соған қарамастан Құран Кәрімнің барлығы Хз. Пайғамбар заманында жазылды.

Құранның ең алғашқы уахилары деп саналатын аяттарда оқу және жазу туралы айтылған. Бұл аяттарда оқудың, қаламмен жазудың, білмеген нәрсені үйренудің айтылуы уахидың өте ерте кезден бастап жазыла бастағанын көрсететін дәлелдердін бірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәпсір әдістемесі
Қасиетті Құран Кәрімнің түркі тіліндегі алғашқы аудармалары
Құран Кәрім
Эвтаназия туралы жалпы түсінік
Құран тарихы
Психология және когнитивтік психология
Құран – тұтастай тұңғиық ғылым
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ «РИСАЛА ДАР АДАБИ ТАРИҚАТ» ЕҢБЕГІНІҢ МАЗМҰНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ислам шариғатындағы ижтиһадтың түсінігі мен түрлері
Тәпсірдің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz