Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру ұғымы


А. Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010
Ұ. Қонысбаева
А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты
ЕҢБЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҰҒЫМЫ
В данной работе рассматриваются понятие общественной организации труда, основные положения и основные элементы.
This article deals with the concept of public organization of work, substantive provisions and basic elements.
Еңбек адамдардың өмір сүруінің маңызды шарты, олардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру. Аса айтулы жаңалықтар ашулардан бастап күнделікті өмірдегі ең қарапайым заттарға дейін адам жасаған игіліктердің бәрі оның мақсат-мүдделі, саналы еңбек қызметінің нәтижесі болып табылады. Кең мағынада алғанда адамдардың еңбек қызметі қоғам өмірінің табиғи қажеттілігі, оның материалдық негізін қалыптастыру ретінде көрінеді.
Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру ұғымын терең түсіну үшін кейбір бастапқы ережелерді карастыру қажет. Бұл, ең алдымен, материалдық және рухани игіліктерді жасауға бағытталған адамның мақсаты қызметі ретіндегі еңбектің сипаттамасы. Бұл жағдайда әңгіме еңбек процесінің өзі туралы, адам мен табиғат арасындағы қатынастар туралы болып отыр. Адамның мақсатты қызметі, еңбектің мәні (бұл қызметтің неге бағытталғаны) және өндірістің заттай элементтері, яғни еңбек құрал-жабдықтары ретінде еңбекті біріктіру еңбектің ұйымдық-техникалық сипаты туралы түсінік береді. Екінші жағынан, кез келген қоғамдық өндіріс адамдардың бірлескен, ұжымдық қызметін көздейді. Бұл ретте әңгіме өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы қатынастар туралы болып отыр. Адамдардың бірлескен еңбек процесіндегі олардың еңбегін пайдалану жөніндегі адамдар арасында қалыптасқан барлық қатынастардың жиынтығы еңбекті коғамдық ұйымдастыру (қоғамның немесе жеке кәсіпорын ауқымында) ұғымы туралы түсінік береді. Бұл орайда өндірістің техникалық жарақтануына адамдардың бірлескен қызметінің тиімділігі байланысты болады.
Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру элементтері қатарына мыналар жатады: қоғамның еңбек ресурстарының болуы мен олардың жай-күйі, еңбекті бөлу мен кооперациялау, еңбек тәртібін қамтамасыз ету және бірлескен еңбек процесін басқару, еңбек шараларын және өндірістің басқа да жағдайларын белгілеу, өндірілген өнімді бөлу тәртібі мен осы процеске өндірушілердің өздерінің қатысу деңгейі, жұмыс күшін ұдайы ұлғайту (кәсіби даярлық) .
Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформа мен нарықтық қатынастардың орнығуы жағдайларында еңбекті қоғамдық ұйымдастыру мәселелері ерекше әлеуметтік маңызға көтерілуде. Бұл өндіріс құрал-жабдықтарына меншік қатынастарының түбегейлі өзгеруімен, әрі соған сәйкес қоғамның жаңа әлеуметтік құрылымын қалыптастырумен, еңбекті басқарудың тиімді тетігін жасау қажеттілігімен, коғамдық-еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің жаңа нысандары мен әдістерін іздестірумен байланысты болып отыр. Бұл жағдайларда жұмыс беруші мүдделері мен қызметкер мүдделері арасындағы теңдестікті қамтамасыз ету мәселесі қолданылып жүрген заңнамада қағидатты шешімін алуы тиіс.
Ел Президентінің "Қазақстан-2030" Қазақстан халқына Жолдауында адам ресурстарының жай-күйіне жоғары баға беріледі, ал олардың сапасы біздің басты активтеріміздің қатарында қарастырылады. Республикада ғылыми және творчестволық әлеуеттің жоғары деңгейіне ие болып отырған жоғары білімді халық бар, мұның өзі, сөз жоқ, біздің халқымыздың және бұрынғы жүйенің аса ірі жеңісі болып табылады. Сонымен, бір мезгілде қоғамда бар еңбек ресурстары коғамның бағалы капиталы ретінде неғұрлым жаңарған және өркениетті нысандарда дамуы тиіс [1] .
Еңбекті қоғамдық ұйымдастыруға, еңбек ресурстарын қайта бөлуге мемлекеттің экономикалық саясаты тікелей әсер етеді. Табиғи ресурстарды байыптап әзірлеу, инфрақұрылым, коммуникация және ақпарат секілді экономика секторларының республика үшін елеулі маңызы бар. Оларды дамыту экономикалық жағынан өсумен ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік саланың дамуымен де, Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа интеграциясымен де байланысты. Индустриалдық стратегия республиканың тіректі саласы - мұнай-газ өндіру секторын, сондай-ақ барлық өндіруші өнеркәсіпті недәуір дамытуды көздейді. Жеңіл және тамақ өнеркәсібін, мұнай және газ өңдеуді, химия мен мұнай-химия, машина жасаудың көмекші салаларын, түбегейлі ғылымды көп қажет ететін өндірістерді, қызметтер көрсету, туризм салаларын жедел қарқынмен дамыту көзделіп отыр. Артықшылықтар ретінде ауыл шаруашылығы, ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі, тұрғын үй құрылысы әрі инфрақұрылымды жасау одан әрі дамитын болады. Осының бәрі экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, сонымен бірге халықтың салалық жұмыспен қамтылуы мәселелерін де шешеді.
А. Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010
Қонысбаева Ұ. Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру ұғымы
Қазақстан Республикасының экономикалық өсу стратегиясы бірқатар негізгі қағидатгарға құрылған, олардың арасынан - жеке меншік институтын нығайтуды, соның ішінде жерге меншікті, сондай-ақ меншік құқығын қорғайтын заң жүйесін жасауды бөліп көрсеткен жөн. Республикада кәсіпорындарды жекешелендіру, негізінен аяқталды. Сонымен қатар, өндірістің бірқатар сыншыларында, ауыл шаруашылығында және әлеуметтік секторда нарықтық қатынастардың деңгейі әлі де болса төмен күйінде қалып отыр. Осы жағдайлардың бәрі еңбек ресурстарын тиімді пайдалануда теріс ықпал етуде [2. 57] .
Соңғы жылдары республикада жеке кәсіпкерлік, шағын бизнес, кәсіпкерлік қызмет бостандығына кепілдіктер белгілеу жөнінде мемлекеттік қолдау көрсету тұрғысында бірқатар маңызды шаралар қабылданды. Мәселен, Қазақстан Республикасының 1992 ж. 4 шілдедегі №1543-ХІ "Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы" Заңы жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдаудың негізді нысандарын белгілейді, мемлекеттің жеке кәсіпкерлік қызметіне тікелей араласуынан бас тарту саясатын, жеке кәсіпкерлердің барынша еркіндігін, коммерциялық құпияны қорғауды және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жеке кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілігін баянды етеді ( Жаршы, 1992, №16 ст. 424) ; Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет бостандығына құқықтарын қорғау туралы" Жарлығында жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы үшін кедергілерді жою жөніндегі шаралар көзделген, соның ішінде орталық дербес орган ретінде Шағын бизнесті қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агентгігі құрылды.
Сөз жоқ, материалдық игіліктерді тікелей өндірушілер ретінде жолдамалы қызметкерлер мүдделерін қорғау, олар үшін еңбектің салауатты әрі қауіпсіз жағдайларын туғызу мызғымайтын бағыт болып қала береді. Мұның өзі меншік иесі (жұмыс беруші) мен қызметкердің өндірістегі теңсіздігімен байланысты болып отыр, сондықтан да мемлекет оларға еңбектің қалыпты жағдайларын жасап бөлігінде жолдамашы қызметкерлердің бөлігінде жолдамашы қызметкерлердің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Әсіресе жұмыстан босатылған қызметкерлерді және жұмыспен қамтылмаған халықты кәсіби оқытып-үйрету еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Нарықтық экономиканы дамыту жағдайларында еңбекті қолданудың жаңа салаларына азаматтарды даярлау жұмыспен толық әрі тиімді камтамасыз етуге ықпал ететін маңызды фактор болып табылады және халықты қорғаудың негізгі шараларының бірі ретінде қарастырылады. Мысалы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты еңбекпен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, белгіленген тәртіп бойынша жұмыссыз деп танылған адамдарды кәсіби дайындау, қайта дайындау, олардың біліктілігін көтеру, жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік өкілетгі органның жолдамасы бойынша, еңбек рыногының мұқтаждығы ескеріліп, күшіндегі заңнамаға сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен, білім беру жүйесінің оқу орындарында немесе білім беру қызметіне құқығы бар кәсіпорындарда жүзеге асырылады.
Нарықтық экономиканың Қазақстан Республикасында қалыптасуының қазіргі кезеңінде еңбекті қоғамдық ұйымдастыруды реттеу мәселесінде еңбек құқығының рөлі артуда. Құқықтық реттеу өндірісті ұйымдастыруға, еңбек өнімдерін таратып бөлуге және айырбастауға, бірлескен еңбек процесінде жұмыскерлердің келісімді жұмысын қамтамасыз етуге, жекелеген адамдардың іс-әрекетін өндірістің жалпы тәртібіне бағындыруға байланысты көптеген мәселелерді қамтиды. Еңбек құқығы өндіріс процесінде адамдар арасында қалыптасатын қатынасты сол қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен заңдық міндеттерін белгілеу арқылы реттейді, оған тиянақты форма, тұрақты сипат береді. Еңбек қатынастарының құқықтық формасы, қажет болған жағдайларда, тиісті мәжбүрлеу әрекеттерімен қамтамасыз етіледі.
Еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың (құрылымдық тұрғыда) еңбек құқығы жүйесін құруда объективтік фактор болып табылатындығын атап өткен жөн. Атап айтқанда, еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың элементтері мен еңбек құқығының негізгі институттары арасында занды байланыс бар.
Қоғамның еңбек ресурсының болуы, оның жағдайы және пайдаланылуы еңбекпен қамту және жұмысқа орналасу институтын құрайтын құқықтық нормалардың жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Бұл институттың қызметтік рөлі құқықтық кепілдіктерді анықтауға, еркін еңбекке, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға, жұмыссыздықтан сақтануға конституциялық құқығын әр адамның іске асыруы үшін қажетті экономикалық және ұйымдық негіздерді бекітуте келіп тіреледі [3. 24] . Мәжбүрлеп жұмыс істеуге тек сот үкімімен не төтенше немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі [4. 8] .
Еңбектің бөлінуіне және топтастырылуына еңбек құқығы нормаларының жіктелуі ықпал жасайды. Еңбектің объективтік және субъективтік факторлары жіктелудің негіздемесі болып
А. Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010
Қонысбаева Ұ. Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру ұғымы
табылады. Мысалы, экономиканың қандай да бір саласының ерекшелігі, денсаулық үшін қауіпті жұмыс, өнеркәсіпте туындайтын қиындық. Қолайсыз табиғи жағдай, кәсіпорынның шалғай орналасуы, т. б. объективтік факторларға жатады. Мұндай жағдайларда еңбекақы төлеуде және еңбекті қорғауда әр түрлі жеңілдіктер мен кепілдіктер, әлеуметтік сақтандыру, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын тиісінше белгілеу заңнамада көзделеді. Жұмыскердің жынысы, жасы, жұмыс істеу қабілетіндегі кемдік (әйел, жасөспірім, мүгедек, т. б. ) жағдайларының субъективтік жағына жатады. Бұл жағдайда да осы адамдардың еңбегін ұйымдастырудың өзінше тәртібі, оларға жеңілдіктер мен кепілдіктер беру заңнамада көзделеді [5. 25] .
Еңбек тәртібін қамтамасыз ету және бірлескен еңбек процесін басқару - еңбек тәртібі институтының басты міндеті. Құқықтық санат ретінде еңбек тәртібі өзара міндеттемелерге негізделген: жұмыскердің міндеттемесі - ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне барынша отырып өзіне жүктелген еңбек міндеттерді ойдағыдай орындау және жұмыс берушінің міндеттемесі - материалдық және моральдық мадақтау шараларын (қажет болған жағдайда тәртіптік ықпал ету шараларын) пайдалана отырып кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) қажетті жұмыс режимін сақтау, жұмыскерлердің бірлескен еңбек процесін еңбек заңнамасының, ұжымдық және жеке еңбек шарттарының шеңберінде басқаруды қамтамасыз ету.
Еңбек өлшемін және өндірістің басқа да жақтарын белгілеу жұмыс уақыты мен демалыс уақыты, еңбекті қорғау, т. б. институттарды құқықтық реттеудің мәнін құрайды. Бұл өндірістің ерекшелігі мен сипатын ескере отырып еңбектің ұзақтығын (қалыпты, қысқартылған, толық емес жұмыс уақыты және оның режимі), демалыс уақыттарының түрлерін (жұмыс кезіндегі үзілістер, демалыстар) жұмыс процесі кезінде адамның қауіпсіздігіне, денсаулығының, жұмыс қабілетінің сақталуына кепілдік беретін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық және емделу-сауықтыру шаралары мен құралдарын белгілеу жолымен қамтамасыз етіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz