Қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуы



Кіріспе
Негізгі бөлім:

Қазақ даласындағы саяси ой. пікірлер
Ғалымдардың ой пікірі

Пайдаланған әдебиеттер
ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының тарихы өзінің аса күрделі әлеуметтік және қоғамдық-саяси қайшылықтарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар рухани азаттық пен демократиялық – ағартушылық идеяларға толы бұл кезеңде, ұлт зиялыларын ойландырған мәселелер, елдің елдігін, ұлттың бірлігін, жердің тұтастығын сақтау, қазақ халқын өркениетті елдердің қатарына қосу, ол үшін қазақ елін қалың ұйқыдан оятып, оқу, өнер-білім, іскерлік жолына салу, ең бастысы дербес мемлекет құру еді. Олай болса ғасыр басындағы дағдарыстан шығудың жолын қарастырған алаш көсемдерінің теориялық ізденістері, практикалық қызметі бүгін де өз маңызын жойған жоқ.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде ХХ ғасыр зиялылары тағдыры турасында: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ» [1, 15 б.], – деп жазған болатын.
Міне, ұлт бостандығы жолында жанкешті қызмет еткен осы ұлт зиялыларының өмірі мен қоғамдық-саяси және шығармашылық қызметін зерттеу егемен ел болуымызбен күн тәртібіне шықты. Бұл мүмкіндікке зерттеуші ғалымдар еліміздің тәуелсіздігі салтанат құрған кезеңде ғана қол жеткізді.
Ғұмар Қараш – қазақ тарихында өз орнын ала алмай келген тұлғаның бірі. Өйткені оның өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі, шығармашылығы халқына адал еңбек етіп, болашаққа жөн сілтеп, өз ұлтын өркениетті елдер қатарына қосуға бағытталған.
Туған халқының мүддесі үшін адал қызмет етіп, сол жолда құрбан болса да, ұзақ жылдар бойына ұлтына беймәлім болып келген Ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін тарихи тұрғыдан зерттеу қазіргі заман қажет етіп отырған тың тақырып екендігін айғақтайды.
Тақырыбымыздың тарихи-танымдық маңызы осындай өзектілігімен ерекшеленеді.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Ғ. Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі, көзқарасы біртұтас кешенді ғылыми жеке тақырып ретінде арнайы зерттелмегенімен, әдебиет, заң саласындағы зерттеулерде белгілі дәрежеде ғылыми айналысқа енді. Олардың құндылығы ғұмырнамалық, әдеби, саяси құқықтық көзқарасы ғылыми танымдық тұрғысынан жазылғандығымен және берілген бағалар өзінің әркелкілігімен ерекшеленеді. Қазақ халқының патриот перзенті Ғ.Қараштың аз ғана ғұмырының барлық қыры арнайы зерттеуге лайық. Ал жарық көрген әртүрлі зерттеулерді саралау Ғ.Қараштың өмірі мен қызметінің толық ашылып, зерттелмеген тұстары көбірек екендігін көрсетіп отыр. Ғалымдар Ғ.Қараштың әдеби-шығармашылық қызметінің қыр-сырын ашу бағытында көп еңбектенді.
1 Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999. - 296 б.
2 Алаш-Орда. Сборник документов (Сост. Мартыненко Н.) -Алма- Ата: Айқап, 1992. - 192 с.; Брайнин. С., Шафиро Ш. Очерки по истроии Алаш Орды (под ред. Н.И.Ванаг), - Алма-Ата- Москва, 1935. – 149 с.
3 Сейфуллин С. Тар жол тайғақ кешу. Тарихи-мемуарлық роман. - Алматы: Жазушы, 1977. - 392 б. Тугжанов Г. Казахская литература. – Москва: - Т. 5. 1931. - 236 с.; Мұқанұлы С. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. (Ұлтшылдық, байшылдық дәуірі) - Алматы: 1932. – 329 б.; Садуақасұлы С. Қазақ әдебиетінің аяқ алысы // Егемен Қазақстан, 1991. 9 қараша;
4 Манаев Н. Шәңгерей. Өлеңдер жинағы. - Алматы: 1934. - 79 б.
5 Ысмайлов Е. Қазақ әдебиеті, 9 кл. арналған хрестоматия. ІІ бөлім, -Алматы, 1940. - 112 б.
6 Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты (бұдан кейін ҚРОММ) 1985 - қор, 1 - тізбе, 3 - іс. Ысмайлов Е. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Қолжазба, - 234 б
7 ҚРОММ. 1985 - қор, 1- тізбе, 6 - іс. С.Аманжолов хаты.
8 Антология казахской поэзии. - Москва: Гослитиздат 1958. – 861 с.
9 СубханбердинаҮ. Қазақ халқының атамұралары. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш.-Алматы:Қазақстан Республикасы Орталық ғылыми кітапхана, 1999. - 834 б.; Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі (1860-1958). - Алматы: Мектеп,1981. – 240 б.;Аллаберген Қ., Оразай Ф., Нұсқабайұлы Ж. Қазақ журналистикасының тарихы (1870-1995).

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім:

Қазақ даласындағы саяси ой- пікірлер
Ғалымдардың ой пікірі

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының тарихы өзінің аса күрделі
әлеуметтік және қоғамдық-саяси қайшылықтарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар
рухани азаттық пен демократиялық – ағартушылық идеяларға толы бұл кезеңде,
ұлт зиялыларын ойландырған мәселелер, елдің елдігін, ұлттың бірлігін,
жердің тұтастығын сақтау, қазақ халқын өркениетті елдердің қатарына қосу,
ол үшін қазақ елін қалың ұйқыдан оятып, оқу, өнер-білім, іскерлік жолына
салу, ең бастысы дербес мемлекет құру еді. Олай болса ғасыр басындағы
дағдарыстан шығудың жолын қарастырған алаш көсемдерінің теориялық
ізденістері, практикалық қызметі бүгін де өз маңызын жойған жоқ.
      Елбасы Н.Ә.Назарбаев Тарих толқынында атты еңбегінде ХХ ғасыр
зиялылары тағдыры турасында: Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы
қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер
мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ [1, 15 б.], – деп жазған
болатын.
   Міне, ұлт бостандығы жолында жанкешті қызмет еткен осы ұлт зиялыларының
өмірі мен қоғамдық-саяси және шығармашылық қызметін зерттеу егемен ел
болуымызбен  күн тәртібіне шықты. Бұл мүмкіндікке зерттеуші ғалымдар
еліміздің тәуелсіздігі салтанат құрған кезеңде ғана қол жеткізді.
   Ғұмар Қараш – қазақ тарихында өз орнын ала алмай келген тұлғаның бірі.
Өйткені оның өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі, шығармашылығы халқына адал
еңбек етіп, болашаққа жөн сілтеп, өз ұлтын өркениетті елдер қатарына қосуға
бағытталған.
   Туған халқының мүддесі үшін адал қызмет етіп, сол жолда құрбан болса да,
ұзақ жылдар бойына ұлтына беймәлім болып келген Ғұмар Қараштың өмірі мен
қоғамдық-саяси қызметін тарихи тұрғыдан зерттеу қазіргі заман қажет етіп
отырған тың тақырып екендігін айғақтайды.
   Тақырыбымыздың тарихи-танымдық маңызы осындай өзектілігімен
ерекшеленеді.
   Мәселенің зерттелу деңгейі. Ғ. Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси
қызметі, көзқарасы  біртұтас кешенді ғылыми жеке тақырып ретінде арнайы
зерттелмегенімен, әдебиет, заң саласындағы зерттеулерде белгілі дәрежеде
ғылыми айналысқа енді. Олардың құндылығы ғұмырнамалық, әдеби, саяси
құқықтық көзқарасы ғылыми танымдық тұрғысынан жазылғандығымен және берілген
бағалар өзінің әркелкілігімен ерекшеленеді. Қазақ халқының патриот перзенті
Ғ.Қараштың аз ғана ғұмырының барлық қыры арнайы зерттеуге лайық. Ал жарық
көрген әртүрлі зерттеулерді саралау Ғ.Қараштың өмірі мен қызметінің толық
ашылып, зерттелмеген тұстары көбірек екендігін көрсетіп отыр. Ғалымдар
Ғ.Қараштың әдеби-шығармашылық қызметінің қыр-сырын ашу бағытында көп
еңбектенді. Ғ.Қараш туралы зерттеулердің басым көпшілігі оның ақын-жазушы,
қаламгер ретіндегі шығармашылығын ашуға арналған. Ал Ғ.Қараштың қоғамдық-
саяси қызметі толымды түрде жазылмай келеді. Бұл жағдайдың қалыптасуы
тиісті деректердің ғылыми айналымға енбеуімен байланысты.
   Ғ.Қараш – өткен ғасырдың 20-30 жылдары орын алған зорлық-зомбылықтың
кінәсіз құрбаны болып жазықсыз жазаға ұшырап, кейін ақталған қазақ
интеллигенциясының қайраткерлері қатарындағы ірі тұлғалардың бірі, қоғам
және саясат қайраткері, шығармашылықтың ірі өкілі.       
   Ғ. Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін Алаш қозғалысы, оған
қатысқан қазақ зиялылар тарихымен тікелей байланыстыра отырып зерттеуді
қажет етеді. Өйткені өткен ғасыр басында ұлт азаттық қозғалысқа қатысқан
интеллигенция өкілдерінің дені ұлттық мәселені шешуді Алаш алдына қойды.
Осы мақсатта бұл ұлт-азаттық қозғалысқа қазақтың барлық оқыған зиялылары
қатысты. Қазақстандағы патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы қазақ
оқығандарын өз айналасына топтастырып, олардың қоғамдық-саяси ой-
пікірлерінің қалыптасуына ықпал етті.
   Жиырмасыншы жылдары Алаш тарихы бойынша жарық көрген зерттеу
жұмыстарының қатарына Н.Мартыненко құрастырған Алаш қозғалысының тарихына
арналған Алаш Орда атты құжаттар жинағы сол кезеңдегі идеологиялық
тұрғыда Алаш қозғалысын сынау мақсатында жазылғанымен Алаш қозғалысының
тарихынан құнды деректер бере алатын құжаттар жинағы ретінде бүгінгі күнге
дейін қолданылып келеді

Қазақ даласындағы саяси ой- пікірлер

       1933 жылы желтоқсанда БК(б)П Қазақ Өлкелік Комитетінің жанындағы
Партия тарихы институтында Алаш қозғалысы мәселесі төңірегінде болған қызу
пікір-таласта аталмыш институт қызметкерлері С.Брайнин мен Ш.Шафиро
Алашорданың тарихи ролі атты баяндама жасайды. Кейін аталмыш авторлар осы
баяндама негізінде Очерки по истории Алаш Орды атты еңбек жариялайды. Бұл
еңбекте С.Брайнин мен Ш.Шафироның Алаш қозғалысы жөніндегі тұжырымдары сол
кезеңдегі идеология талабына сай жазылғанына қарамастан, авторлардың Алаш
партиясы мен Алашорда тарихына қатысты нақтылы мәліметтері Алашорда
идеологиясын ашық түрде насихаттау деп бағаланды. Осыдан соң БК(б)П Қазақ
өлкелік партия комитетінің бюросы 1935 жылғы 15 сәуірдегі қаулысымен
аталмыш кітап пайдаланудан алынып тасталды. Сонымен бірге жоғарыда айтылған
Н.Мартыненко құрастырған құжаттар жинағы үшін де осы үкім оқылып, еңбек
ғылыми айналымнан шығарылады [2].
   Ғ.Қараштың қоғамдық қызметін зерттеуге арналған жұмыстар негізінен
бірнеше кезеңдермен ерекшеленеді. Алғашында, яғни ХХ ғасырдың 30- жылдары
кеңестік идеологияның үстемдігі жағдайында жарық көрген тарихи-саяси
әдебиеттерде қайраткер ақынның қазақ әдебиетіндегі алатын орны туралы
айтыла бастады. Алайда сол кезеңдегі заман талабымен Ғ.Қараштың қызметіне
буржуазияшыл-ұлтшыл деген біржақты теріс баға берілді. Мәселен,
Ғ.Тоғжановтың   1931 жылы Мәскеуден шыққан Әдеби энциклопедияның бесінші
томына жазған мақаласында, С.Мұқановтың 1932 жылы Қазақстан баспасынан
шыққан ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті атты еңбегінде Ғ.Қараштың әдеби
мұрасына таптық принцип тұрғысынан талдау жасалды. Сондай-ақ алаш қозғалысы
мүшелерінің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін зерттеу мәселесінде айырықша
орын алатын С.Сейфулиннің Тар жол тайғақ кешу атты мемуарлық еңбегінде де
Ғұмар молда ақын, Алашорданың жыршысы есебінде бағаланды [3].
   Жоғарыда айтылғандай, кешегі Кеңес өкіметінің тұсында алаш зиялыларымен
бірге Ғұмар Қараштың да дүниетанымы, саяси көзқарасы мен шығармалары
жөнінде түрлі кереғар пікірлер айтылып, әрқилы бағалар беріліп отырды.
Соған қарамастан Ғұмар Қараштың шығармашылығы мен қоғамдық-саяси қызметі
зерттеушілер назарынан тыс қалмады.
   Мәселен, 1934 жылы жарық көрген Шәңгерей жинағына Нұғыман Манайұлының
жазған алғы сөзінде Шәңгерей мен Ғұмар өзара сабақтастық тұрғысынан
қарастырылып, ақын өміріне қатысты кейбір тың мәліметтер келтіріледі [ 4].
   Сонымен, 30-жылдары Ғұмар Қараш мұралары жөнінде бір жағынан ауыр сындар
айтылып жатса, екінші жағынан ол қазақтың көрнекті ақын жазушылары
санатында оқулық кітабына енгізіледі. Мәселен, 1939 жылы Е.Ысмайлов пен Т.
Ақшолақовтың құрастыруымен орта мектептің 9 класына арналған хрестоматияда
Ғұмардың 11 өлеңі мен Сырым батыр тарихи жыры жарияланды [5].
   Ғұмартануда ғалым Есмағамбет Ысмайловтың орны ерекше. Ғалымның 1943 жылы
қараша айында ХХ ғасырдағы қазақтың демократияшыл әдебиеті деген
тақырыпта ғылым кандидаты дәрежесін алу мақсатында қорғаған диссертациялық
еңбегі Ғұмар Қараш мұраларына мейлінше әділ баға беруімен ерекшеленеді [
6].
   Е.Ысмайловтың архивінде сақталған С.Аманжоловтың хатына қарағанда Ғұмар
мұраларын жинауға оның да атсалысқанын көрсетеді. Соғыстан аман- сау
оралған ғалым Сәрсен Аманжолов ғылыми жұмыс қызметімен Мәскеуге тоқтап,
кітапхана, архивтерде жұмыс істегенде, Е.Ысмайловтың өтініші бойынша Қараш
өлеңдерінің көшірмесін жіберіп отырған. Нақтылап айтқанда, С.Аманжолов
Ғұмар Қараштың Дұрыстық жолы газетінде жарияланған өлеңдері мен
мақалаларын түгелдей жинап, жіберіп тұрған, мұны мұрағат деректері
дәлелдейді [ 7, 178 п.].
   1947 жылы қаңтардың 21-інде Қазақстан Коммунистік большевиктер партиясы
Орталық Комитетінің Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет
институты жұмысындағы саяси өрескел қателер туралы деген қаулысынан кейін
Мұрат, Шортанбай, Шәңгерей т.б. ақындармен бірге Ғ.Қарашқа да революцияға
дұшпан буржуазиялық-ұлтшыл Алашорда партиясының қайраткерлерінің бірі
деген баға берілді. 
   Сөйтіп, осы қаулыдан соң Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1957
жылғы Қазақстан халқының әдеби-поэзиялық және музыка мұрасын зерттеуді сын
тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы және оларды жақсарту шаралары туралы
қаулысына дейінгі аралықта Ғұмар мұраларын оқуға тиым салынды. Аталған
қаулыдан кейін 1958 жылы Мәскеу қаласында жарық көрген  Қазақ поэзиясының
антологиясына [8] ақынның Достыма және Түсінбеймін атты екі өлеңі
беріліп, Ғ.Қараш қазақтың ірі ақыны деп бағаланады. 
   Қазақстан газетінің шығу тарихы мен басылымның ұйымдастырушысы әрі
шығарушысы болған Ғ.Қараштың газет бетінде көтерген мәселелері туралы Қазан
төңкерісіне дейінгі баспасөз тарихын жазып, библиографиялық көрсеткіштерін
жасаған Ү.Субханбердина,Қ.Атабаев  сынды зерттеушілердің еңбектері зерттеу
жұмысымызда кеңінен пайдаланылды [9].
   Ғ.Қараштың ғұмырнамасын зерттеушілердің қатарында М.Ысмағұловтың еңбегі
ерекше орын алады. Ол 1959 жылы Қазақстан мұғалімі газетінде жариялаған
көлемді мақаласында Ғ.Қараштың шәкірт тәрбиесіне қатысты айтылған
тұжырымдары мен баланың еркін, жан-жақты өсіп жетілуіне, мектеп мұғалімінің
тигізетін ықпалы туралы педагогикалық ой-пікірлерін бағалап, Ғ.Қараштың
өмірі мен қызметін зерттеудің жаңа бағытын ұсынды [10]. М.Ысмағұловтың
Ғ.Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі жөнінде жазылып, бірақ
жарияланбаған қолжазбасы бүгінде ғылыми айналысқа еніп, ғұмартанудағы құнды
дерек болып отырғаны анық  [11].
       С.З.Зиманов пен М.Ш.Ысмағұлов 1962 жылы Мәскеу қаласында жарыққа
шыққан Философская энциклопедия деген еңбекте Ғұмар Қараштың өмірі мен
пәлсапалық ой-тұжырымдарына ғылыми талдау жасап, оның дұрыс бағалануына
атсалысты [12].
   1970 жылдары бірқатар еңбектерде Ғ.Қараштың қоғамдық-экономикалық ой-
пікірлері қарастырылды. С.Зимановтың кеңестік ұлт мәселелеріне байланысты
зерттеулерінде, С.Байсаловтың Қазақстанның алғашқы ұжымдық шаруашылығының
құқықтық негіздері атты мақаласында Ғұмардың туған жерінде Құрқұдық
артелін ұйымдастырудағы қызметі айтылған. ХХ ғасырдың басындағы қазақ
зиялыларының саяси-экономикалық көзқарастарын анықтауға қалам тартқан
зерттеуші М.Жақсыалиев М.Сералин, Ж.Сейдалин, Б. Қаратаев, сынды Ғ.Қарашты
қазақ қоғамының ілгері дамуына демократиялық бағыт ұстаған, халықтың
әлеуметтік дамуын жақтаған ірі қоғам қайраткері ретінде қарастырды [13].
   Бірақ осы кезеңде Ғұмар Қараш туралы көзқарас түзелді десек, әлі
қателесеміз. Бұған дәлел, тарихшы П.Пахмурный М.Жақсыалиевтың Ғұмар Қарашты
прогресшіл демократтар бағытына жатқызған пікіріне үзілді-кесілді қарсы
шығып, Ғұмарды Алаш партиясының ұранын жазған ұлтшыл деген кесімді пікір
түйеді [14, с. 166-167]. Ал, Ғұмардың әлеуметтік ой-пікіріне тоқталып, оны
қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілі ретінде қарастырған
Ғ.С.Сапарғалиев пен М. С. Дүйсеновтың жарыққа шыққан еңбектері кейін жинап
алынып, пайдалануға тиым салынады [14].
   Дегенмен осы тұста халқымыздың абзал азаматы Ғұмар Қараш есімін бұрынғы
Кеңес Одағы көлемінде таныстыруға жазушы, ғалым М. Мағауин үлкен еңбек
сіңірді. 1978 жылы аталмыш автордың құрастыруымен Ленинград қаласында жарық
көрген Қазақстан ақындарының жинағына Қараштың алты өлеңі енгізіледі [15,
с. 24-26].
   Сонымен, өткен ғасырдың 30-жылдарының ортасынан бастап, 80-жылдардың
аяғына дейін бұл тақырыпты нақты тарихи тұрғыдан зерттеуге ресми идеология
мүмкіндік бермеді. Ал Ғ.Қараштың аты аталса, тек ол идеологиялық жау
тұрғысынан аталуға тиіс болды. Алаш қозғалысы тақырыбы бойынша жаңа
әдістемелік және теориялық деңгейде ой-тұжырымдар жасаған көрнекті  ғалым
К.Нұрпейісов атап көрсеткендей, осы 1930 жылдардың ортасынан 1980 жылдардың
соңына дейін отандық тарихнамада Алаш қозғалысына байланысты зерттеулер
жүргізудің мүмкіндіктері болмаған [16, 14 б.].
   Сондықтан ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін ғұмартану бойынша елеулі еңбек
бола қойған жоқ. Тек 1980 жылдардың екінші жартысынан басталған қоғамдағы
демократиялық жаңарулар және Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялауы
нәтижесінде ұлттық тарихымызға терең көңіл бөлініп, ХХ ғасырдың басындағы
алаш қайраткерлерінің қоғам дамуындағы алатын орнын анықтау мәселелерін
көтерген мақалаларда Ғұмар есімі қайта ауызға алынды.
   Алаш-Орда: құрылуы, қызметі және күйреу тарихы деген тақырыпта
Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің жанындағы партия тарихы
институтының ұйымдастыруымен 1989 жылдың шілде айында өткен пікір алысуда
Алаш қозғалысы тарихын тиесілі дәрежеде бағалау мақсатында құнды да маңызды
тұжырымдамалар жасалды.
   Демек, қазақ демократиялық интеллигенциясының ХХ ғасырдың бас кезіндегі
қоғамдық-саяси қызметін зерттеудегі шын мәніндегі жаңа кезең 1980 жылдардың
соңына қарай басталды. Оған жол ашып берген сол кездегі бүкіл Кеңестер
Одағын қамтыған қайта құру кезеңі еді. Соған байланысты тоталитарлық
жүйенің құрбаны болған Ғұмар Қараш сияқты қазақ мәдениеті мен ғылымының
көрнекті қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын қайта қарау үшін Қазақстан
Коммунистік партиясы Орталық комитеті жанынан құрылған комиссияның
қорытындысы болды.
   Қорытындыда: Ғұмар Қараштың шығармаларында патшалық отарлау саясаты да,
өкіметтің екіжүзділігі де, жергілікті үстем таптың надандығы мен топастығы
өлтіре сыналды. Оның өлеңдері өмірдің мәні туралы, болмыстың заңдары
туралы, сол кезең дүниесіндегі өз халқының орны туралы философиялық ой-
толғамдарға толы. Ұлтты қайта өрлеуге бастайтын жол ағарту арқылы өтеді
[17], - деп Ғұмар Қарашқа тағылған жазықсыз айыптың күшін жоққа шығарды.
   Тек осы қаулы қабылданғаннан соң ғана мерзімді басылымдарда Ғұмар
Қараштың өмірбаяны мен шығармашылық қызметін айқындайтын мақалалар
жариялана бастады. Алайда бұл мақалалардың көпшілігі әдебиетшілер мен
журналистердің үлесінде болды. Сонымен бірге Ғұмардың халқымен қайта
табысуына мүмкіндік алған осы кезеңде әдебиеттанушы Қ.Сыдиықов Замана
деген атпен Ғұмар Қараштың шығармалары мен өлеңдері топтастырылған жеке
кітап бастырып шығарды. Әрине, бұл қоғам қайраткері Ғ.Қараштың соңына
қалдырған мол мұраларын зерттеушілер үшін игілікті іс болғанын баса
айтуымыз қажет [18]. 
   Еліміз тәуелсіздігі ұлттық көзқарасқа негізделген отандық тарих
ғылымының жаңа арнаға түсуіне және өткен тарихымызды жаңаша саралауға жол
ашты. ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының Алаш қозғалысындағы қызметін
қажетті деңгейде айқындап көрсету соңғы жылдарды ең өзекті тақырыптардың
біріне айналды. Бұл тұрғыда қазақ зиялылары тарихындағы ақтаңдақты
беттерінің сырын ашып, олардың мол мұрасын зерттеудің бағытын айқындап
берген М.Қозыбаевтың, К.Нұрпейісовтің, М.Қойгелдиевтің, Д.Аманжолованың, Ғ.
Ахмедовтың және өзге де зерттеушілердің еңбектері жарыққа шықты [19].
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында тарих ғылымындағы оң өзгерістерге сәйкес ХХ
ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайға, Алаш қозғалысының
даму ерекшеліктеріне, қазақ зиялыларының қазақ халқының азаттығы жолындағы
саяси күресіне арналған бірқатар ғылыми диссертациялар қорғалды. Бұл ғылыми
жұмыстардан ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы әлеуметтік-
экономикалық, қоғамдық-саяси жағдай, елдегі ұлттың рухани оянуы және
демократиялық жаңғырулар, қазақ зиялы қауымының қалыптасуының алғы
шарттары, қазақ елдігін қалыптастыру жолындағы ұлт зиялыларының қоғамдық-
саяси қызметтері және олардың Кеңестік жүйенің қыспағына түскен ауыр
тағдырлары жөнінде мәліметтер аламыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Қазақстандағы экономикалық теорияның дамуы: өткені және бүгінгісі
Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының мәні
Саясаттану ғылым және оқу пәні
Қылмыстық саясаттың мазмұнын бейнелейтін объективті және субъективті факторлардың негізгілері
Шоқанның пікірі бойынша, бұлар оқыған еуропалықтардың еліктеуіне тұрарлық құбылыстар
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф, демократ
Ш.Уәлихановтың педагогикалық және философиялық ой-пікірлері
М. Әуезовтің ой-пікірлері қалыптасуының даму жолдары
Дүниежүзі саяси географиясы дамуының негізгі кезеңдері
Пәндер