Бүгінгі жастар неге жиі ажырасады?


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Бүгінгі жастар неге жиі ажырасады?

Жасыратыны жоқ, соңғы кездері осы бір сөзді жиі естиміз. Кеше ғана өзіміз бақытты сәтіне куә болып, тойына қатысып, жақсы тілек айтқан жас жұбайлардың денінің көп уақыт өтпей-ақ ажырасып кеткенін естігенде өкініп қаламыз. Неге ажырасты? Сүйіп қосылған қос жүрек бірінен-бірі неге тез суына қалды? Әттеген-ай . . . Бірақ өкінгенмен не пайда? Жалпы, соңғы кездері осы ажырасу дегеніміздің өзі қазақ қоғамында қалыпты жағдайға айналып бара жатқан секілді. Елімізде шаңырағы шайқалып, ойраны шыққан отбасылардың саны жылдан-жылға артуда. Айтыңызшы, жас жұбайлар неге ажырасады осы? Соншама не жетпейді оларға?

Батысқа еліктейміз деп барымыздан айырылып қалмайық

Ертеде халқымызда ажырасу деген атымен болған жоқ десе де болады. Кейіннен де «түгенбайдың баласы ажырасып кетіпті» деген сөзді біздің ұлтымыздың өкілдері арына тиген дақтай қабылдайтын. Ал қазіргі уақытта кеше қосылған жастардың бүгін ажырасып жатқанына тіпті таңғалмайтын болып алдық. Кейбір деректер бойынша еліміздегі әрбір төртінші неке сәтсіз аяқталады екен. Мысалы, соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда 683 мың отау тігілсе, оның 179 мың 800-і ажырасып кеткен. Жалпы, некеге тұру үрдісі соңғы жылдары арта түскенімен, ажырасқандар да одан қалысар емес. Соңғы бес жылда отау тігу 14, 4 пайызға артса, ажырасу да 21, 9 пайызға көбейіпті.

Жалпы, ажырасу дегеннің қандай індет екенін біз жақсы білеміз. Әсіресе, жер көлемі ұлан-ғайыр болғанымен, сан жағынан аз қазақ сынды халыққа ажырасудың тигізер кері әсері орасан зор.

Иә, ажырасудың себептері қандай? Әрине, себептері өте көп. Жоқшылыққа шыдай алмау, шектен тыс қызғаншақтық, туған-туыстармен арадағы нашар қарым¬-қатынас, маскүнемдік пен нашақорлық - бәрі, бәрі жаңа үйленген екі жастың арасының ажырап кетуіне себеп болуы мүмкін. Десе де психологтар отау көтерген жастардың ажырасуының негізгі себебі ретінде олардың отбасын құруға жауапсыздықпен қарауын айтады. Ал ажырасудың этикалық, медициналық, психологиялық, құқықтық, әлеуметтік тұрғыдан салдары өте көп. «Мешкей деген жақсы ат емес» дегендей, «байдан шыққан», «қатын тастаған» деген де адамға абырой әпермейді.

Халқымызда «үйлену оңай, үй болу қиын» деген дана сөз бар. Үй болғаннан кейін ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтыны тағы да белгілі. Қарап отырсаңыз, қазіргі жастардың дені бір-бір үйдің еркетотайы. Қыздарымыз да, ұлдарымыз да басынан сөз асырғысы келмейді. Бірін-бірі кешіре білмегеннен соң кішкене сөздің арты керіске ұласады.

Баяғыда аналарымыз өзінің үкілеген қызын «ертең сен бір әулеттің келіні боласың» деп тәрбиелейтін еді ғой. «Келінім саған айтам, қызым сен тыңда» дей отырып, болашақ өмірдің сабақтарын құлағына құятын. «Қызға қырық үйден тыйым салатын». Ал қазіргі біздің үлкен қателігіміз - қыз бала тәрбиесін қолдан жіберіп алғанымыз болса керек. Ер-азаматты қадірлеп, құрметтей алмайтын қыздардан қандай жақсылық күтуге болады. Батысқа еліктейміз деп барымыздан айырылғанымыз да ақиқат. Қазіргі қыздарымыз кіндігін ашып жүруден еш қымсынбайтын болды. Қылықты қыздарымыз бен ұғымды ұлдарымыз азайды.

Отбасы мерекесі керек пе?

Мәпелеген қыздарымыздың тұрмыс-қа есеппен шығатыны да белгілі жай. Кейбір қыздар үшін болашақ күйеу жігіттің үйі мен көлігі бар болуы міндетті. Бәлкім, қыздарымызды да түсінуге болатын шығар. Қай қыз жоқшылықта өмір сүргісі келеді дейсіз. Өкінішке қарай, арты ажырасуға соқтыратын басты себептердің бірі де осы материалдық жағдай екені сөзсіз. Отбасындағы жанжал да көбіне жігіттеріміздің өз отбасын асырай алмай жатуынан туындайды. Ал ислам діні ер адамға бір құшақ отын жинап әкеліп сату арқылы болса да отбасын асырауға бұйырады емес пе? Сондықтан да болар қыздарымыз табысы аз, отбасы тұрмақ, өзін- өзі асырай алмайтын еркектерден ерте құтылғысы келетін көрінеді. Бұл сөзімізге мысал ретінде соңғы жылдары ажырасуға өзі бірінші болып арыз беретін әйелдердің санының артқанын айтсақ да жеткілікті. Өйткені, бұрынғы замандағыдай емес, қыз келіншектеріміз өзін-өзі асырай алады. Ер-азаматтың тапқан табысына қарап отыратын күн баяғыда өткен. Егер бұрынғы кеңестік заманда ажырасуға негізінде еркектер арыз беретін болса, қазір керісінше көрінеді. Оның үстіне өмірімізге дендеп енген нарық заманы да талай шаңырақтың шайқалуына алып келгенін жасырып керегі жоқ. Ала дорба асынып, саудаға шыққан талай әйелдердің жүріс-тұрысы ерлерінің көңіліне күмән ұялатып, ыстық ұяның бұзылуына себеп болыпты.

Біз «Отан отбасынан басталады» дейміз. Отбасында тыныштық салтанат құрса, Отанымыздың да іргесі мығым болмақ. Осы орайда отбасылық құндылықтарды қоғамдық ортаға берік орнықтыру өте маңызды. Мысалы, көрші Ресей жыл сайын шілденің сегізінде отбасы күнін атап өтеді. Ресми түрде «День семьи, любви и верности» деп аталатын мереке 2008 жылдан бері бұл елде кеңінен тойланады екен. Ұл-қызына үлгілі тәрбие берген ата-аналарды марапаттау рәсімі де осы күні өтеді. Отбасын дәріптеуге арналған осындай мереке бізге де cөзсіз керек-ақ.

Біздің әрқайсымыз бақытты болғымыз келеді. Десе де бақытты болудың өзімізге байланысты екенін көп жағдайда есімізден шығарып аламыз. Осы арада мен данышпандарымыздың «Отбасында бақытты адам өмірде де бақытты» деген сөзін қыздарымыздың есіне тағы бір рет салғым келеді.

Демографиялых ахуал Ажырасу - абырой емес

16-Қыркүйек, 2010 954 рет қаралған

Отбасы - шағын мемлекет. Оның да іргесі - берік, берекесі - биік болу керек. Береке-бірлік болғанда ғана жарасымды тірлік болмақ.

Соңғы уақытта дәм-тұзы жараспай, ажырасып жатқандар саны күн санап артып келеді. Тіпті ажырасу қалыпты жағдайға айналғандай. Бұрындары «бәленшенің баласы ажырасыпты» деген сөз - бір ауылдың арына түскен дақ еді. Ал қазіргі таңда бұл ешкімге де жаңалық емес, ешкім мән беріп қарамайды да. Өйткені екінің бірі ажырасып жатқан бұл қоғамның еті үйренген оған.

Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, Қазақстанда 1999-2008 жылдар аралығында шаңырақ көтергендер саны жыл санап өсіп отырса, 2008 жылдан бастап бұл көрсеткіш біршама төмендеген. Ал ажырасқандар, керісінше, арта түскен. Бұл - жаңа он жылдықтың басты кемшін тұсы. 1999 жылы ажырасуға 25, 6 мың адам бел буса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 35, 9 мыңды құрапты. Яғни жыл сайын орта есеппен 35 мыңға жуық отбасының шаңырағы шайқалып, оты сөнген. Мың адамға шаққанда аталмыш уақыт аралығында бұл көрсеткіш 1, 7-ден 2, 3 промиллеге дейін артқан.

2009 жылдың алғашқы төрт айында 39, 208 мың заңды неке қиылса, биылғы жылдың сол уақытында бұл көрсеткіш 41, 021 мыңға жеткен. Яғни шаңырақ көтергендер саны артқан. Бірақ, бір өкініштісі, былтырғымен салыстырғанда биылғы жылы некеге отырғандармен қатар, сол ақ некені бұзғандар да анағұрлым жоғары. 2009 жылдың бастапқы төрт ай бойынша 12, 805 ажырасу тіркелсе, биыл сол аралықта бұл цифрлар 815-ке артып, 13, 620-ны құраған. Негізінен ажырасушылардың жасы 18 бен 35 аралығындағы жастарды құрайды екен. Бір айта кетерлігі, 50 жасқа дейінгілердің арасында ажырасуға алдымен көбінесе әйелдер жағы арызданса, 50-ден асқандардың арасында еркектер ажырасуды оң шешім санайтын көрінеді.

Ажырасудың себептері көп, бірақ бірнеше негізгісі бар. Олардың ең біріншісі - жастардың бір-бірін жақсы танымай жатып, бас қосуы. Мұны АХАЖ-дың қызметкерлері де растап отыр. Ажырасуға арыз беретіндердің көп бөлігі өз шешімдерінің себебін мінездерінің сәйкеспейтіндігімен, тұрмыста ортақ тіл табыса алмайтындығымен түсіндіртін көрінеді. Психологтардың айтуынша, көбіне 3-4 ай таныстытқан кейін шаңырақ көтеріп жатқан жастар ажырасады екен. Бұл уақытты қыдырумен, түрлі кафе, клубтарға барумен өткізіп, жанындағы адамды өмірлік жар ретінде тани алмайды. Үйленгеннен кейін ғана оның бар болғаны бос уақытты бірге өткізуге тек жақсы серік екенін түсінеді. Сондықтан да мамандар бірге болған уақытында жастарға мейлінше мол әңгімелесіп, ішкі сырларымен бөліскен дұрыс деп кеңес береді. Бұл бір-бірін жақсы тани түсуіне, кейін оңай түсінісуіне мол көмек болады.

Ажырасуға екінші себеп - маскүнемдік пен нашақорлық. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, сауалнамаға қатысқандадың 51 пайызының ойынша отбасының шырқы дәл осы себеппен бұзылатын көрінеді. Ары қарайғы орындарда ажырасуға түрткі болатын мыналар екен: әлеуметтік жағдайы (баспананың болмауы) - 41%, жас жұбайлардың отбасылық өмірге әлі де болса дайын болмауы - 31%, тұрмыстық жағдайының төмендігі - 29%, туыстар арасындағы түсініспеушілік - 18%, нәрестенің болмауы - 10%. Дәл осы аталғанлар отбасының шырқын бұзатын негізгі себептер екен.

«Тең-теңімен, тезек-қабымен» дегенді атам қазақ бекер айтпаған ғой. Кастаға бөлініп өмір сүретін Үндістанда ажырасу деген мәселе жоқ десе де болады. Мұнда 1000 некеден тек 11-і, яғни 1, 1%-ы ажырасатын көрінеді. Бұл әлемнің басқа елдеріне қарағанда ең төмен көрсеткіш. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, орта есеппен Ресейде 1000 отбасының 80%-ы, Белоруссияда 62%-ы, Украинада 55%-ы, Канадада 48%-ы, АҚШ-та 45, 8%-ы, Ұлыбританияда 42%, ал Францияда 38%-ы кейін ажырасып кетеді екен. Демек, әлем бойынша әр екінші отбасының оты сөніп, ошағы ойрандалады. Мұндайға жол бермеу үшін Жапония, Корея сияқты бірқатар елдерде үйленердің алдында екі жастың бір-біріне қаншалықты сай келетінін, мінездерінің сәйкестігін, жарасымдылығын тексеріп кәдімгідей сынақ жүргізетін көрінеді. Жастардың жарасымдылығын зерттей отырып, оларды таныстыратын, кейін тіпті үйленуіне себеп болатын түрлі көптеген арнайы орталықтар жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, бұл агенттіктерде танысып, жарасып кетіп жатқандар жылдан жылға арту үстінде және ажырасушылар да аз көрінеді. Бұл бір жағынан күлкілі көрінгенмен, екінің бірі ажырасып жатқан қазіргі уақытта «Үйлену - оңай, үй болу - қиын» дегенді ескеріп, бұған да көңіл бөлген жөн сияқты.

Ажырасу - арты алапат апатқа соқтыратын тажал…

19. 10. 2011 0 пікір

«Үйленіпті» деген қуанышқа толы сөздің артынан «ажырасыпты» дегенді де неге жиі еститін болдық?! Кеше ғана ақ көйлек киіп, аймалап сүйіп, «өзіңсіз өмір жоқ» деп серттескен, «пәниден бақиға көшкенге дейін бірге боламыз» деп ақ некесін қиғызып, Алланың алдында ант берген жастар неліктен айырылысады? Қасірет осы тұстан өрбіп жатыр. Уақыт өте келе бірге тұра алмайтынына көздері жетіп, көңілдері семіп, ажырасып тынады. Өліп-өшіп қосылған жандардың сезім жалының сөнуі жігерсіздігінде жатса керек-ті. Ұлы күшті оңай ойыншыққа айналдыруға болмас. Махаббат- от, отпен ойнаудан қорқу да керек… Меніңше, отбасыны ұстап тұрған ұстын махаббат емес, өзара түсіністік пен сыйластықтың жиынтығы. Сондықтан көзсіз сезім ойрандап кетпеу үшін ақылдың әрдайым алда жүргені де абзал. Ажырасудың себептері сан түрлі. Жантанушылар солардың басты себептерінің бірі ретінде адамның өзімшілдігін көрсетеді. Жұптасқан екеу бірін-бірі түсінуге, кеткен кемшілігі үшін кешірім сұрап, ақылға жүгініп, өмірді әрі қарай жалғауға дайын болмағандықтан, әрқайсысы өзінің сөзін растап, ақырында шаңырақ ортасына түсіп құриды.

Өмірдің аты - өмір. Ол ешқандай қағидаға бағынбайды. Ертегідей, екі жастың бір-бірін алақанда аялауы кітап пен кинода ғана кездесетіні де шындық. «Үй болғасын ыдыс-аяқтың сықырлайтыны да» заңды. Өмірде күтпеген, кездейсоқ жайлар кездеседі. Соның бәріне шыдамдылықпен төзгендер ғана берік отбасының іргесін қалайды. Ошақтың ойрандалуын әкелетін жайттарды ойлап, тізбектеп көрсек: Екі жас бірін-бірі толық зерттеп білмей жатып, жылт еткен махаббат сезіміне алданып, бас қосады. Уақыт өте келе кешегі қырмызыдай сызылған қыз қырсық мінездерін көрсете бастайды. Ал кеше жүзінен нұр төгіліп, бұл үшін тау қопаруға дайын тұратын жігіт енді айнып, бақытын сырттан іздейді . Сонсоң, біздің жастар әлеуметтік жағынан нашар қорғалған. Көбінің баспанасы болмағандықтан, үйленген соң ата-енесімен бірге тұруына тура келеді. Ал бұрыннан балаларына бұйрық беріп, айдап өргізіп, иіріп жусатып үйреніп қалған енесі немесе атасы жаңа түскен келінге талапты қатаң қоюы да мүмкін. Кейде жай ғана қатаң қоймай, келінге күн көрсетпей, ізіне түсіп, істеген ісін жақтырмай, өмірін өксікке толтырып, көзінен жас арылтпайтын да ата-аналар бар. Қазақ қоғамында ажырасуға кейде құдалар арасындағы келіспеушілік те әсер ететіні ежелден белгілі. Немесе, жұбайлардың бірінің жеңіл жолға салынуы немесе басқа адаммен шатасуы. Әйтпесе, арақ, наша, ойынқұмарлықтың кесірінің зардабы. Одан қалса, перзенттің болмауы. Мұндай жағдай сирек болса да кездеседі. Көп жағдайда жастардың бірінің денсаулығы келмегендіктен, ұзақ уақыт перзентті бола алмаулары ықтимал. Қазіргі заманда бұл мәселені медициналық жолмен шешуге болады. Тіпті бір-бірін шын сүйген адамдар бала асырап алуы да мүмкін. Немесе, еріксіз үйлену немесе алып қашудың салдары. Не тұрмыс тауқыметі. Қазіргі жастар мүмкіндігінше бақуатты тіршілік кешкісі келеді. О баста күйдім-сүйдіммен үйленгенімен, келе-келе тұрмыстағы ауыртпалықтар жан-жақтан қысқан кезде оған шыдамай, әркім өз жөнімен кететін жағдай кейінгі жылдарда жиі кездесетін болды. Мұның себебі - біздің жастардың әлеуметтік жағынан қорғалмағандығы. Жастардың көбі жұмыссыз, баспанасыз, пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Ал қалалы жерде мұндай ауыртпалықты көтеру жас отбасы түгілі кексе адамдарға да оңай тимейді.
Көзқарастарының сәйкеспеуі де өз әсерін тигізеді. Ал бүгінгі күнде қазақ баласының кришна, иегова, сатанизм, тағы басқа осы сияқты азғындатқыш ағымдарға ілесуі, тіпті исламның өз ішінде сан түрлі ағымдарға еріп, адасуы себеп болып жүр.
Біздің мүмкіндігінше жүйелеп, топтап көрсетіп отырғанымыз - ажырасуға көбірек ықпалы тиіп жүргендері ғана. Ал жұмбағы көп мына дүниеде ажырасудың себебін айтып тауысу мүмкін емес шығар. Тіпті кейде ажырасуға түкке тұрмайтын жағдайлар да себеп болады. Әйтсе де, бүгінде мұндай келеңсіздіктерге аса мән бермей, күнделікті құбылыс ретінде қарап жүрміз. Етіміз де үйреніп кетті. «Пәленшенің қызы қайтып келіпті» немесе «баласы ажырасыпты» дегенге елең ете қалатын апаларымыз да қазір ондай гу-гу әңгімеге уақыт тоздырғысы жоқ. Өйткені, қазір ажырасуды әңгіме ету сәннен кеткен. Себебі де түсінікті. «Көп қайнаған сорпаның дәмі кетер» демекші, ажырасудың да қоғамда жиілеп кетуіне байланысты оған назар аудармайтын болдық. Енді еліміздегі ажырасқандардың статистикасына назар аударайық. Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостиль қою басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, республикамызда отбасын құру мен ажырасудың прапорциялық қатынасы 1:4-ке сәйкес екен. Бұл әр төрт некенің біреуі ажырасып тынады деген сөз. Яғни, қиылған некенің 25 пайызы. Ал Алматы қаласы мен Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш 1:3-ке тең. Ең өкініштісі, елімізде бұндай цифрлардың жыл санап артуы болып отыр. Мәселен, 2009 жылы 38 871 неке бұзылса, 2010 жылы 40 982 отаудың шаңырағы шайқалған. Яғни өткен жылы сексен мыңнан астам адамның тағдыры тоқырауға ұшыраған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы ұғымы
Отбасы түрлері және оның қызметтері
Отбасы әлеуметтануы туралы
Жас отбасылар туралы
Әлеуметтік жұмыс туралы
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ОТБАСЫ МЕН ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АЖЫРАСУДЫҢ ТЕНДЕНЦИЯСЫН ТАЛДАУ
Қазақстандағы жас отбасы және оның мәселелері
Тұқым қуу қасиетін зерттеу әдістері
Түркия жасыл ай қоғамның құрылуы мен мақсатына қысқаша шолу
Абай Құнанбаев(1845-1904) жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz