Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам



Кiрiспе
1 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен
дамуы
2 Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
3 Тұжырымдаманың мақсаты мен мiндеттерi
4 Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның перспективалық
көрiнiсi
5 Азаматтық қоғамды дамытудың негiзгi принциптерi мен құқықтық
негiздерi
6 Тұжырымдаманы iске асыру жолдары мен тетiктерi
6.1 Азаматтық қоғам институттары қызметiнiң құқықтық негiзiн
жетiлдiру
6.2 Мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам институттарының
ынтымақтастық құралдарын нығайту
6.3 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарын дамыту
6.4 Азаматтық қоғам институттарының халықаралық ынтымақтастығын
дамыту
Қорытынды
Адами әлеуеттi, азаматтардың iскерлiгiн жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрi қалыптастыру негiзiнде ғана Қазақстанды өмiр сүру сапасының стандарттары жоғары, қазiргi заманғы, серпiндi мемлекет ретiнде дамытуға болады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгiленген Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру стратегиясына сәйкес әзiрлендi.
Бұл Тұжырымдамада қазiргi кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негiзгi үрдiстерi талданады, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдағы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетiктерi баяндалған.
Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негiзгi бағыттары мен азаматтық бастамаларды iске асыру мүмкiндiктерiн айқындайды. Ол азаматтық институттардың жұмыс iстеуi үшiн қолайлы жағдай жасауға бағытталған мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу үшiн негiз болады.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
 Кiрiспе
1   Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен
    дамуы
2   Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
3   Тұжырымдаманың мақсаты мен мiндеттерi
4   Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның перспективалық
    көрiнiсi
5   Азаматтық қоғамды дамытудың негiзгi принциптерi мен құқықтық
    негiздерi
6   Тұжырымдаманы iске асыру жолдары мен тетiктерi
6.1 Азаматтық қоғам институттары қызметiнiң құқықтық негiзiн
    жетiлдiру
6.2 Мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам институттарының
    ынтымақтастық құралдарын нығайту
6.3 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарын дамыту
6.4 Азаматтық қоғам институттарының халықаралық ынтымақтастығын
    дамыту  
  Қорытынды

Кiрiспе
      Адами әлеуеттi, азаматтардың iскерлiгiн жандандыру, азаматтық қоғамды
одан әрi қалыптастыру негiзiнде ғана Қазақстанды өмiр сүру сапасының
стандарттары жоғары, қазiргi заманғы, серпiндi мемлекет ретiнде дамытуға
болады.
      Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011
жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында
белгiленген Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және
Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына
кiру стратегиясына сәйкес әзiрлендi.
      Бұл Тұжырымдамада қазiргi кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды
дамытудың негiзгi үрдiстерi талданады, сондай-ақ азаматтық қоғамды
дамытудың алдағы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетiктерi баяндалған.
      Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негiзгi бағыттары
мен азаматтық бастамаларды iске асыру мүмкiндiктерiн айқындайды. Ол
азаматтық институттардың жұмыс iстеуi үшiн қолайлы жағдай жасауға
бағытталған мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтiк
құқықтық актiлер әзiрлеу үшiн негiз болады.

 1. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы
мен дамуы
      1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында басталған
экономикалық, әлеуметтiк және саяси салалардағы түбегейлi реформалар түрлi
әлеуметтiк топтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн қоғамдық
бiрлестiктердiң құрылуын ынталандырды.
      Қазақстанда алғашқылардың бiрi болып экономиканың мемлекеттiк емес
секторы қызметкерлерiнiң мүдделерiн бiлдiрген тәуелсiз кәсiподақтар пайда
бола бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және дiни бiрлестiктер,
саяси партиялар белсендi түрде институцияланды. "Невада - Семей" қоғамдық
қозғалысы азаматтық сана-сезiмнiң анағұрлым жарқын көрiнiсi болды, ол өз
алдына ядролық полигондарды жабу мiндетiн қойды.
      Елдегi азаматтық қоғам мен оның институттарын белгiлi бiр дәрежеде
дамытуға мемлекеттiң осы процесс үшiн тиiстi саяси, құқықтық және өзге де
жағдайлар жасау жөнiндегi қызметi жәрдем етедi.
      1991 жылғы 27 маусымда "Қазақ ССР-iндегi қоғамдық бiрлестiктер
туралы" Қазақ ССР-iнiң Заңы қабылданды.
      Нәтижесiнде елде "Қазақстанның халық конгресi", "Алаш" партиялары,
Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП), Қазақстанның социалистiк
партиясы, Қазақстанның республикалық партиясы, "Лад" республикалық славян
қозғалысы және "Азат" Қазақстанның азаматтық қозғалысы, "Мемориал" қоғамдық-
ағарту қоғамының филиалы, Алматы-Хельсин тобы, "Бiрлiк" қозғалысы, "Әдiлет"
тарихи-ағарту қоғамы, "Поколение" зейнеткерлер қозғалысы және басқалары
пайда болды.
      1990 жылдардың басында Әлеуметтiк қорғау коалициясы құрылды, оның
аясына қоғамдық өткiр проблемаларды талқылау, оларды шоғырланған негiзде
шешудiң тетiктерiн iздестiру жолымен еңсеру жөнiнде бiрлескен жұмыс үшiн 28
түрлi ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бiрiктi.
      1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентi
әлеуметтiк-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтiк
серiктестiк жөнiнде республикалық үшжақты комиссия құру туралы қаулыға қол
қойды, бұл сындарлы үшжақты қатынастарды дамытуға және әлеуметтiк
серiктестiк жүйесiн құрудың бастауы болды.
      Партиялар мен қозғалыстардың құрылуы мен жұмыс iстеуi және, тиiсiнше,
елдiң партиялық жүйесiнiң одан әрi дамуы үшiн құқықтық өрiс құруға 1995
жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996 жылы Қазақстан
Республикасының "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" және "Саяси партиялар
туралы" заңдарының қабылдануы ықпал еттi. Бұдан басқа, Қазақстан халықтары
Ассамблеясына бiрiккен ұлттық мәдени орталықтар белсендi дами бастады.
Этносаралық келiсiм елде реформалар жүргiзудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк
беретiн iргетасқа айналды.
      1990 жылдың аяғы азаматтық институттар қызметiнiң кәсiбиленуiмен
ерекшелендi, мұның өзi олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттiлiктер мен
мұқтаждықтардың түрлi ауқымын шешу жөнiндегi жұмысының тиiмдiлiгiн көтеруге
мүмкiндiк бердi.
      Бұқаралық ақпарат құралдарының, (бұдан әрi - БАҚ) баспа
кәсiпорындарының мемлекет иелiгiнен шығу, сондай ақ БАҚ-тың мемлекеттiк
қаржыландыру мен дотациялау жүйесiнен мемлекеттiк ақпараттық саясатты
жүргiзуге арналған мемлекеттiк тапсырысқа көшу процесiне байланысты масс-
медиа нарығында сапалық өзгерiстер болды.
      1998 жылғы 7 қазанда ел Парламентiнiң Қазақстан Республикасының
Конституциясына елдiң сайлау жүйесiне партиялық тiзiмдер бойынша сайлау
енгiзудi көздейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi партиялық құрылыс
процестерiн жеделдеттi. Сөйтiп, 1998 жылғы желтоқсаннан бастап 1999 жылғы
тамызды қоса алғанда, Қазақстанның азаматтық партиясы (ҚАП), Қазақстанның
Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП), "Азамат" демократиялық партиясы,
Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП), "Отан" республикалық саяси партиясы,
Қазақстан әйелдерiнiң демократиялық партиясы, "Руханият" партиясы, "Алаш"
Қазақстанның ұлттық партиясы құрылды. Парламентте партиялық фракциялар
пайда болды.
      1999 жылы iс жүзiнде барлық өңiрлерде "YЕҰ ақпарат орталықтары"
ашылды, олардың басты мiндетi өңiрлiк үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-
қимыл жасау, оларға консультативтiк көмек, ақпараттық және әдiстемелiк
қолдау көрсету болды.
      2000 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң ("Epкін де
еңселi әрi қауiпсiз қоғамға" атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың
түрлi топтарының мүдделерiн iске асырудағы рөлi күннен-күнге артып келе
жатқан үкiметтiк емес ұйымдарды дамыту үшiн жағдайлар жасау жөнiнде
Үкiметке алғашқы тапсырмалар берiлдi.
      2000 жылы мемлекеттiк билiк органдарымен (бұдан әрi - билiк) өзара iс-
қимыл тетiктерiн жасау үшiн YEҰ күш-жiгерiн шоғырландыратын Қазақстанның
үкiметтiк емес ұйымдарының конфедерациясы құрылды.
      2000 жылғы желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасындағы
әлеуметтiк әрiптестiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңы атқарушы билiк
органдарының өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен жұмыскерлердiң бiрлестiктерi
арасындағы мүдделердiң келiсiлуiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк саясат
дәрежесiне көтердi.
      2002 жылғы шiлдеде қабылданған және күшiне енген "Саяси партиялар
туралы" Қазақстан Республикасының Заңы елдiң партиялық жүйесiндегi одан
арғы сапалық құрылымдық өзгерiстерге алып келдi.
      2001 жылы "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы, 2002 жылы - Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк
қолдау тұжырымдамасы қабылданды.
      2003 жылы ел Үкiметi үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың
2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiттi, соған сәйкес облыстық
(қалалық) бағдарламалар әзiрлендi.
      Сол жылдың өзiнде-ақ Әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң
бiрiншi съезi өткiзiліп, оған көптеген көрнектi дiн қайраткерлерi, әртүрлi
конфессиялардың өкiлдерi қатысты, "Бейбiтшілік пен келiсiмге" декларациясы
қабылданып, Бейбiтшiлiк пен тұрақтылық форумы құрылды.
      2003 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың
қатысуымен бiрiншi Азаматтық форум өткiзiлдi. Ол үкiметтiк емес сектордың
саяси танылуын белгiледi және азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттiк
органдардың өзара iс-қимылының жүйелi тетiктерi қалыптасуының бастауы
болды. 2005 жылы екiншi Азаматтық форум өткiзiлдi, ол елдiң қоғамдық
өмiрiне қатысуға бизнес-қауымдастықтардың тартылуына ықпал еттi.
      Орталық және жергiлiктi деңгейлерде "билiк - қоғам" серiктестiгiнiң
ұзақ мерзiмдi тұрақты тетiктерiн және түрлi үндесу алаңқайларын құру
жөнiндегi жұмыс белсендi жүргiзiле бастады. Қорытындысында, 2005 жылғы
сәуiрде "Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы қабылданып, ол билiк органдары мен YEҰ-ның өзара
қатынастарының принциптiк жаңа жүйесiнiң құрылуына мүмкiндiк бердi.
      2003-2005 жылдары бiрiн бiрi алмастыра отырып, азаматтық қоғамды одан
әрi демократияландыру және дамыту жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау жөнiндегi
тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес пен Қазақстан Республикасы Президентiнiң
жанындағы Демократия мен азаматтық қоғам мәселелерi жөнiндегi ұлттық
комиссия жұмыс iстедi.
      Екi құрылымның да жұмысы мемлекет пен азаматтық қоғам институттары
арасында Қазақстанның саяси дамуының аса маңызды мәселелерi жөнiндегi
жалпыұлттық үндесудi тереңдету және саяси жүйенi жетiлдiру мен елде
демократиялық қайта құруды жүргiзуге бағытталған шараларды бiрлесiп
тұжырымдау үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк бердi.
      2006 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында демократиялық
реформалар бағдарламасын әзiрлеу және нақтылау жөнiндегi мемлекеттiк
комиссия құрылды, оның жұмысына саяси партиялар мен қоғамдық
бiрлестiктердiң өкiлдерi қатысады.
      Барлық деңгейдегi әкiмдердiң халық алдында есеп беруiнiң шеңберiнде
елде әкiмдерге қоғамдық сенiм комитеттерi (бұдан әрi - ӘҚСК) сияқты
азаматтық бақылау нысаны дами бастағанын атап өтуге болады. ӘҚСК жұмысының
тәжiрибесi мемлекеттiк органдардың қызметiн азаматтық қоғам институттары
бақылауының ықтимал өнiмдi модельдiк тетiгi ретiнде зерделеудi талап етедi.
      Сөйтiп, өткен жылдары елде азаматтық қоғам институттары - саяси
партиялар, коммерциялық емес (үкiметтiк емес) ұйымдар, кәсiподақтар, ұлттық-
мәдени бiрлестiктер, мемлекеттiк емес БАҚ және тұтастай алғанда мемлекеттiк
емес секторды бiлдiретiн басқа да институттар қалыптасып, қазiргi уақытта
мейiлiнше тез дами бастады. Бүгiнгi күнi Қазақстанда 12 саяси партия, түрлi
бағыттағы 5820 YЕҰ, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы,
471 ұлттық-мәдени бiрлестiк, 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияларды
бiлдiретiн 3340 дiни бiрлестiк, түрлi меншiк нысанындағы 6646 БАҚ ресми
тiркелiп, жұмыс iстеуде. Осы және басқа да азаматтық қоғам институттары
елдi одан әрi демократияландырудың маңызды ресурсына айналды.
      Сонымен бiрге, қоғамда азаматтық қоғамның одан әрi өсуiне ғана емес,
елдi әлемдiк жаһандану процесiне барған сайын тартып бара жатқан қыр
көрсетулерге де байланысты бiрқатар проблемалық мәселелер көрiнiс бере
бастады. Олар тұтастай алғанда елдегi азаматтық қоғамды одан әрi үйлесiмдi
дамытуды тежейдi, оның әр бөлiгi үшiн сипаттамалық ерекшелiктерi бар және
өз шешiмiн талап етедi.
      Мысалы, коммерциялық емес ұйымдардың (бұдан әрi - КЕҰ) мемлекеттiк
органдармен тең құқылы азаматтық әрiптестiгi мәселелерi шешiмiн тапқан жоқ.
Конкурстық рәсiмдердiң ашықтығын арттыру және бағдарламалар мен жобалардың
қазiргi кезеңiнде қажеттiлiктердi айқындауда КЕҰ-ның қатысуы үшiн
мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру тетiгi жетiлдiрудi талап
етедi. Өңiрлердегi, әсiресе ауылдық жерлердегi КЕҰ әркелкi дамуда. Тiркеу
тәртiбi күрделенген және рұқсат беру сипатына ие, тiркеу алымының мөлшерi
ұлғайтылған, азаматтардың заңды тұлға болып құрылмаған бейресми
бiрлестiктерiнiң мәртебесi туралы мәселе реттелмеген. Бизнес-құрылымдар КЕҰ-
дың әлеуметтiк маңызды бастамаларын қаржылық қолдауға нашар қатысуда.
      Әлеуметтiк қажеттiлiкке қарамастан, елдегi партиялық құрылыс баяу
қарқынмен жүруде, партиялардың ролi мен өкiлеттiгi шектеулi. Партиялардың
көпшiлiгiнде қажеттi қаржылық және материалдық ресурстар, саяси партияларды
тiркеу үшiн қол жинау мәселелерi жөнiнде нақты ережелер мен регламент жоқ.
Партияларды қайта ұйымдастыру, бiрiктiру және қосу мәселелерi заңнамалық
реттеудi қажет етедi. Саяси партиялардың сайлау комиссияларын құруға қатысу
тетiгi жетiлдiрiлмеген.
      Кәсiптiк одақтар мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын әзiрлеу
мен iске асыруға толық көлемде қатыспайды. Ұжымдық шарттар мен келiсiмдер
әлi де болса еңбекшiлердiң құқықтарын қорғаудың пәрмендi тетiгiне айналған
жоқ.
      Отандық БАҚ-тың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң дамуы нормативтiк-құқықтық
және экономикалық ынталандыру болмағандықтан тежелiп отыр. Көптеген БАҚ-тың
материалдық-техникалық базасы жеткiлiксiз және қаржылық қаражаты шектеулi,
сондай-ақ мемлекеттiк ақпараттық саясат бағдарламалары шеңберiнде бюджет
қаражатына қол жеткiзе алмайды. БАҚ аккредиттеу, мемлекеттiк органдардан
ақпарат, өз хаттары мен өтiнiштерiне жауап алу кезiнде қиыншылық көруде.
Журналистер мен БАҚ-тың құқықтық қорғалу деңгейiнiң төмендiгi Қазақстандағы
сөз бостандығының шектелуiне әкеледi.
 2. Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
      Азаматтық қоғам - онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты
әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi
мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге адам болып табылатын қоғам. Бұл
ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсiз өмiр сүретiн
қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, дiни, отбасылық және басқа
қатынастардың барлық жиынтығын бiлдiредi, жеке мүдделердiң әралуандылығын
көрсетедi.
      Қоғам демократиялық дамудың белгiлi бiр сатысында ғана азаматтық
болады және елдiң экономикалық, саяси дамуына, халықтың әл-ауқатының,
мәдениетi мен сана-сезiмiнiң өсу шамасына қарай қалыптасады.
      Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және демократияны дамыту өзара
тығыз байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым
демократиялырақ болады.
      Азаматтық қоғамды дамытудың алғышарттары меншiктiң алуан түрлi нысаны
кезiнде азаматтарда экономикалық дербестiктiң пайда болуы мен адами жеке
тұлға мәртебесiнiң артуы болып табылады.
      Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның саяси iргетасы
ретiнде қызмет етедi, бұлар жеке тұлғаның барлық құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда тұрақтылық, қауiпсiздiк, әдiлеттiлiк
және ынтымақтастық жағдайын құру мақсатында оны дамыту үшiн қажет.
      Азаматтық қоғамның экономикалық негiзiн, тең танылуы мен қорғалуының
заңнамалық кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлген, меншiк нысандарының
әралуандылығы мен дара меншiк иелерiнiң егемендiгi құрайды.
      Азаматтық қоғам өмiр сүруiнiң басты базалық шарттарының бiрi тәуелсiз
БАҚ арқылы қамтамасыз етiлетiн жариялылық болып табылады.
      Демократия жағдайында азаматтық қоғам институттары мен мемлекет ортақ
жүйеде әртүрлi, бiрақ өзара тәуелдi бөлiктер ретiнде жұмыс iстейдi.
      Билiк пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм
негiзiнде қалыптасады, ал өзара iс-қимыл ымыраға қол жеткiзуге бағытталады.
      Демократиялық мемлекеттiң азаматтары дербес бостандық құқығын
пайдаланады, бiрақ сонымен бiр уақытта олар басқа мемлекеттiк
институттармен бiрге болашақты құру жауапкершілігiн бөлiседi.
      Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйе жағдайында ғана билiк пен
азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде
қалыптасатын ең жоғары даму деңгейiне жетедi. Азаматтық қоғамдағы
демократиялық рәсiмдер билiк қызметiнiң сапасын бұқаралық бағалау құқығына
және қоғам мүдделерi үшiн билiкке ықпал ету тетiктерiне негiзделедi.
      Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекеттiң мiндетi
жаратылысы жағынан әртүрлi азаматтар мен заңды тұлғалардың бiрлестiктерi
(партиялар, YЕҰ, БАҚ, одақтар, қауымдастықтар, бастамашылық топтары және
басқалары) адам мен мемлекет арасындағы байланысты жүзеге асыратын және
соңғысының билiктi бiр қолға алуына мүмкiндiк бермейтiн азаматтық қоғамды
жан-жақты дамыту үшiн қажеттi жағдай жасау болып табылады.
      Азаматтық қоғамның мiндетi - жеке адам мен мемлекет арасында делдал
болу.
      Азаматтық қоғамның мақсаты қоғамның әр мүшесiнiң мүдделерiн қорғау,
оның мүдделерiн билiк пен қоғам алдында бейiмдеу, билiк қызметiн қоғамдық
бақылау әрi оның iшкi және сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады.
      Азаматтық қоғам институттарына саяси партиялар, жергiлiктi
қоғамдастықтар, кәсiптiк одақтар, дiни бiрлестiктер, шығармашылық, қоғамдық
және ғылыми одақтар мен бiрлестiктер, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-
ақ қоғам үшiн түрлi қызмет пен қызмет көрсетулердiң кең ауқымын iске
асыратын, қызметтiң алуан түрiн жүзеге асыратын мемлекеттiк емес қорлар,
коммерциялық емес мекемелер, заңды тұлғалар одақтары (қауымдастықтары),
қоғамдық пайдалы мiндеттердi шешетiн басқа да ұйымдар мен бастамашыл топтар
түрiнде құрылған мемлекеттiк емес ұйымдар жатады.
      Саяси партия - мемлекеттiк билiктiң, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың
өкiлеттi және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлi әлеуметтiк
топтардың мүдделерiн бiлдiру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында
олардың саяси ырқын бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi
бiрлестiгi.
      Кәсiптiк одақтар - азаматтардың өз кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы
негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк-
экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру мен оларды қорғау, еңбек
жағдайларын жақсарту үшiн ерiктi түрде құратын дербес, тiркелген жеке
мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiктерi.
      Дiни бiрлестiктер - жергiлiктi дiни бiрлестiктер (қауымдастықтар),
дiни басқармалар (орталықтар), сондай-ақ дiни оқу орындары мен
ғибадатханалар.
      Бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, радио- және
теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс- бейне жазбасы және көпшiлiк
қол жеткiзе алатын телекоммуникациялық желiлердегi (интернет және
басқалары) WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе
үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны.
      Қоғамдық бiрлестiктер - саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және
азаматтардың ортақ Мақсаттарға қол жеткiзуi үшін ерікті негізде құрылған,
заңнамаға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi. Қоғамдық бiрлестiктер
коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
      Yкiметтiк емес ұйым - ортақ мақсаттарға қол жеткiзу үшiн азаматтар
және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес ерiктi негiзде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси
партияларды, кәсiптiк одақтарды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда).
      Ұлттық-мәдени бiрлестiк - өзiн белгiлi бiр этникалық бiрлiкке
жатқызатын, өзiнiң этникалық ерекшелiгiн сақтау, тiлiн, бiлiмiн және
мәдениетiн дамыту мәселелерiн дербес шешу мақсатында азаматтардың өздерi
ерiктi өзiн-өзi ұйымдастыруы негiзiндегi бiрлестiгi.
      Жергiлiктi өзiн-өзi басқару - жергiлiктi маңызы бар мәселелердi
тiкелей немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың құрылатын органдары
(институттары) арқылы өздерi дербес шешу мақсатында белгiлi бiр мекендер
шегiнде тұрғылықты жерi бойынша азаматтардың өзiн-өзi ұйымдастыруының
нысаны.
      Азаматтық қоғам мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      азаматтық бастамаларды қолдау, дамыту және көтермелеу;
      мүдделердi жақындастыру және белгiлi бiр мақсаттарға қол жеткiзу
негiзiнде адамдарды одақтарға, бiрлестiктерге ерiктi түрде кiрiктiру үшiн
жағдайлар жасау жөнiндегi жұмысқа қатысу;
      азаматтардың жалпымемлекеттiк және жергiлiктi проблемаларды шешуге
қатысуын қамтамасыз ету;
      азаматтардың құқықтарын қорғауға жәрдем көрсету және халықтың түрлi
топтарының мүдделерiн iске асыру;
      қоғамда жалпы адами нормаларды, құндылықтар мен адамгершiлiк
негiздерiн бекiту;
      адамның тәуелсiз өмiр сүруiн қамтамасыз ететiн еңбек өнiмдiлігi үшiн
жағдай жасауға қатысу;
      әлеуметтiк қызметтер көрсету;
      билiктiң, бизнестiң және қоғамдық институттардың қатынастарын
үйлестiруге жәрдемдесу, қоғамдық келiсiм және әлеуметтiк жанжалдарды азайту
үшiн жағдайлар жасау, әлеуметтiк және өзге де жанжалдарды сындарлы үндесу
жолымен шешу;
      мемлекеттiк шешiмдер қабылдау процесiнде ашықтық пен мөлдiрлiкке
жәрдемдесу;
      әлеуметтiк еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi аса маңызды қоғамдық
функцияларды орындайтын кәсiподақтық ұйымдардың қызметiн қолдау;
      сөз бостандығын қолдау, БАҚ тәуелсiздiгiн нығайту және ақпараттық
кеңiстiктiң ашықтығын қамтамасыз ету.
 3. Тұжырымдаманың мақсаты мен мiндеттерi
      Осы Тұжырымдаманың мақсаты адам құқықтары мен адами өлшем саласындағы
халықаралық шарттар мен пактiлер шеңберiндегi халықаралық-құқықтық
құралдарға сәйкес азаматтық қоғам институттарын жан-жақты дамыту әрi
олардың мемлекетпен және бизнес-секторлармен тең құқылы серiктестiгi үшiн
заңнамалық, әлеуметтiк-экономикалық және ұйымдастыру-әдiстемелiк базаны
одан әрi жетiлдiру болып табылады.
      Алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн күш-жiгердi негiзгi бес
мiндетке шоғырландыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару
Азаматтық қоғам туралы мәлімет
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ
Азаматтық қоғамның құрылымы
Азаматтық қоғам түсінігі мен оның қызметі
Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы
Азаматтық құқық қабілеттілік пен азаматтық әрекет қабілеттіліктің мәні мен мағынасын ашу
Мемлекет және азаматтық қоғам
Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы
Пәндер