Азаматтық құқық - құқық саласы ретінде



ЖОСПАР

Кіріспе бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім:

I. Азаматтық құқықтың жалпы ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.1 Азаматтық құқықтың пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Азаматтық құқықтың әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен байланысы ... ... ... ... ... ... ...13
а. азаматтық құқық және еңбек құқықтары
ә. отбасы құқығымен.
б. экология құқығымен

II. Азаматтық құқықтың қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

2.1 Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі ... ... ... ... ... ... .18
2.2 Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық қағидасы ... ... ... ...19
2.3 Шарт еркіндігі қағидасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.4 Әркімнің жеке ісі мен өміріне араласуға жол берілмейтіндігі ... ... ... ... ... 23
2.5 Азаматтық құқықтардың қорғалуы қағидасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

III. Азаматтық құқық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
3.1. Азаматтық құқық жүйесіне жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
КІРІСПЕ

Азаматтық құқық туралы ұғым

Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі деп есептеуге болады. Өйткені, бұл саламен реттелетін құқық қатынастарының шеңбері кең.
Азаматтық құқығымен реттелетін қатынастарының түсінігі – реттеу пәні мен реттеу тәсілдері.
Азаматтық кодекстің 1-бабының, 1-тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі. Азаматтық құқықтармен реттелетін қоғамдық қатынастарының негізгісі – мүліктік қатынастар. Мүліктік қатынастарға қоғамдағы өндіріс құрал жабдықтарына, мүліктік игіліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.
Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүлікті емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екіге бөлінеді. Байланысы бар мүліктік жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Байланысы жоқ мүліктік қатынастарға азамат есімі, жеке өмір құпиялылығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, заңды тұлғалардың абыройына, қадір-қасиетіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады.
Азаматтық құқық реттеу тәсілдері.
Реттеу тәсілдері мына ережелерге байланысты анықталады:
1. Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың заңи теңдігі;
2. жеке және заңды тұлғалар азаматтық құқықпен азаматтық міндетті өз ниеттерінің негізінде жүзеге асыруы;
Азаматтық құқық, көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген. Диспозитивтік норма дегеніміз – тараптар арларында туындайтын қатынастарды өздерінің қалауынша, егер заңда өзгеше көзделмесе, реттеу мүмкіндігі.
Азаматтық құқық дегеніміз – бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы./ 3., 6 бет./
Азаматтық Заңдар және олардың жүйесі.
1. Азаматтық Заңдарда 1994-жылы 27-желтоқсанда 13-ші сайланған ҚР Жоғары Кеңесінің 2-сесиясы қабылдаған Жаңа Азаматтық Кодексі ерекше орын алады.Азаматтық кодексінің 3-бабында ҚР Азаматтық заңдарының жүйесі анықталған. Азаматтық құқық нормалары заңдарда, нормативтік құқықтық актілерде және заңға сәйкес нормативтік актілерде бекітілуі мүмкін.
2. Заң актілері. Заңның арасынд 1995-жылғы ҚР Конституцияның мейлінше Жоғары Заң күші бар, оның 4-бабында ҚР –да қолданылатын құқықтық актілердің, республиканың халыхаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ конституциялық Кеңес енгізген Жоғары Соты нормативтік қаулыларының нормасы деп белгіленген.
3. Заңға сәйкес нормативтік актілер. ҚР Үкіметінің қаулылары да заңға сәйкес нормативтік актілер қатарына жатады. Мысалы, ҚР Министрлер кабинетінің мына қаулыларын атауға болады: 1994-жылғы 7-қыркүйектегі «Дәрменсіз мемлекеттік кәсіпорындарды қаржы-экономикалық сауықтыру, қайта ұйымдастыру », 1996-жылғы 19-сәуірдегі «Қазақстан Республикасы аумағында сақтандыру қызметін лицензиялау туралы ережені бекіту туралы»./2.1., 8 бет./
Ведомствалық азаматтық құқықтық нормативтік актілер алуан түрлі болады. Мысалы үшін, 1994-жылғы 10-қазанда ҚР Қаржы Министрінің Бұйрығымен бекітілген « Тәркіленген, иесіз мүлікті, қымбат металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды есепке алу, бағалау және сату тәртібі туралы нұсқауды» атауға болады.
Азаматтық Заңның қолданылуы
1. Азаматтық Заңның уақыт бойынша қолданылуы. ҚР Конституция-сының 4-бабының 4-тармағына сәйкес, барлық заңда ҚР қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта деп жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады. Заң актілері ҚР Парламентінің жаршымында және ресми басылымдар болып табылатын « Егемен Қазақстан», « Қазахстанская правда », « Заң газеттерінде» жарияланады.
2. ҚР Парламентінің, оның палаталарының қаулылары – егер актілердің өздерінде өзге мерзімдер көзделмесе, алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап;
3. ҚР Кеңесінің қаулылары – олар қабылданған күннен бастап;
4. Азаматтық кодекстің 4-бабында азаматтық заңның кері күші болмайтыны және олар күшіне енгізілген күннен кейін пайда болатын қатынастарға қолданылатыны туралы ереже бекітілген.
Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы және оның ерекшеліктері
Азаматтық құқықпен реттелген мүліктік қатынастар, сондай-ақ қатысушылары бір-бірімен субьективті азаматтық құқықтармен және міндеттермен байланысатын салаларға қатысты жеке мүліктік қатынастар азаматтық құқық қатынастар деп аталады.
Ерекшеліктері
Азаматтық құқық қатынастарының субьектілері заң жүзінде тең құқылы бір-біріне тәуелсіз, сол арқылы олар басқа құқықтардан ажыратылады.
Азаматтық құқықтық қатынастар заңда көзделген негіздер бойынша да көзделмеген негіздер бойынша да туындауы мүмкін. Азаматтық құқықтың жағдайлары мен мазмұнын белгілегенде тапаптардың келісімі басым болады.
Азаматтық құқық қатынастарының мазмұны
Субьективті құқықтар мен міндеттер де азаматтық құқықтық қатынастарының мазмұны болып табылады. Субьективті құқық дегеніміз – құқық берілген тұлғаның ықтимл мінез-құлық шамасы. Азаматтық құқық қатынастарда тараптар құқық берілген және міндетті тараптар деп екіге бөлінеді.
Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар құрамының өзгеруі мүмкін, мұның өзі, атап айтқанда, құқықтық мирасқорлық себебінен орын алады. Құқықтық мирасқорлық деп – құқықтың бір тұлғадан құқықтық ізашардан екінші тұлғаға – құқықтық мирасқорға ауысуы түсіндіріледі; бұл ретте соңғысы құқық қатынастарында өзінің құқықтық ізіашарының орнын басады.
Азаматтық құқық қатынастарының түрлері
1. Мүліктік және мүліктік емес;
2. Абсолютті және салыстырмалы;
3. Заңдық және міндеттемелі.
Азаматтық құқықтың туындауына заңдық фактілер негіз болып табылады. Заңды фактіге мынандай 3 жайт бар:
• Заңдық айғақ-шындық;
• Заңдық факт – азаматтық құқықтық нормаларында көзделген факт;
• Заңдық факт – азаматтық құқықтық нормалары негізінде белгілі бір заңдық салаларға әкеп соғатын факт.
Біздің осы тақырыпты таңдап алған себебіміз де, осы тақырыптың маңыздылығана байланысты болды. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның өзектілігі мен дәрежесіне тікелей байланысты туындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: осы азаматтық құқықтың Қазақстандық және халықаралық құқықтар арасындағы орны мен маңыздылығын және қоғамдағы орны мен ерекшелігі туралы толық мәлімет беру. Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз: ол азаматтық құқық ұғымы, оның әдістері , азаматтық құқық реттеу тәсілдері, азаматтық заңдарды және азаматтық құқықтың принциптерін анықтау және курстық жұмыстың құрылымды мазмұны мына бөлімдерден тұрады: кіріспе бөлімі, үш тарау, тоғыз параграф және қорытынды бөлімі, сондай-ақ жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі қамтылған.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Ι Нормативтік-құқықтық актілер:
1.1 Қазақстан Республикасы Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз, 1998 жылы 7 қазандағы № 284 І заңымен енгізілген өзгертулер мен тылықтырулар./ Алматы: «ЮРИСТ» Баспасы. – 2004, 31 бет.
1.2 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері) – Алматы: ЮРИСТ, 2006.- 309 б.
1.3 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы жарлық – Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі №2198 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығы.
1.4 «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіндегі құқықтарын қорғау туралы» .1998жылғы 27 сәуірдегі Жарлығы,
1.5 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу» 1995 жыл. 17 сәуір.
1.6 «Шаруашылық серіктестіктер туралы» 1995 жыл. 2 мамыр.
1.7 Ресей Федерациясының Азаматтық Кодексі, 1 бөлімі – РФ Мемлекеттік думасы 1994 ж. 21 желтоқсанда қабылдаған, 2 бөлімі – РФ Мемлекеттік думасы 1995 ж. 22 желтоқсанда қабылдаған.


ΙΙ Арнаулы қолданылған әдебиеттер
2.1 Б.К.Абдыкадыров. Гражданское право.
2.2 Гражданское право. Учебник. Ч.1./Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К.Толстого.М.: «Проспект» , 1997, 113-бет.
2.3 ГК РК (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга 1. Алматы, «Жеті Жарғы », 1998, 100-бет.
2.4 Гражданское право, Сборник статей. Общая часть. Учебное пособие.- Алматы,2003.- 458 с.
2.5 З.Жайлин Ғ.А. ҚР Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім.-1 том.- Алматы: Заң әдебиеті, 2004.-264 бет.
2.6 Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы. Алматы: Дәнекер, 2003жыл.
2.7 Мемлекет және құқық негіздері: Оқулық – Алматы: Жеті Жарғы, 2001. Құрастырған Е. Баянов.
2.8 М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. Азаматтық құқық. 1 том. 2 басылымы.- Алматы,2003.- 736 бет.
2.9 Кулагин М.И. Предпринимательство и право: Опыт Запада. М.: Дело. 1992.С.
3. Төлеуғалиев. Азаматтық құқық. Жалпы және Ерекше бөлім. Алматы: Жеті Жарғы .-2003. 426бет.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі

Курстық жұмыс

Пәні: Азаматтық құқық

Тақырыбы: Азаматтық құқық - құқық саласы ретінде

ЖОСПАР

Кіріспе
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Негізгі бөлім:

I. Азаматтық құқықтың жалпы
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.1 Азаматтық құқықтың
пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .-
1.2 Азаматтық құқықтың
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 11
1.3 Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. .13
а. азаматтық құқық және еңбек құқықтары
ә. отбасы құқығымен.
б. экология құқығымен

II. Азаматтық құқықтың
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
17

2.1 Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың
теңдігі ... ... ... ... ... ... .18
2.2 Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық
қағидасы ... ... ... ...19
2.3 Шарт еркіндігі
қағидасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...21
2.4 Әркімнің жеке ісі мен өміріне араласуға жол
берілмейтіндігі ... ... ... ... ... 23
2.5 Азаматтық құқықтардың қорғалуы
қағидасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... -

III. Азаматтық құқық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 27
3.1. Азаматтық құқық жүйесіне жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... -

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...33
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .35
КІРІСПЕ

Азаматтық құқық туралы ұғым

Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық
экономиканың бірден-бір негізі деп есептеуге болады. Өйткені, бұл саламен
реттелетін құқық қатынастарының шеңбері кең.
Азаматтық құқығымен реттелетін қатынастарының түсінігі – реттеу пәні
мен реттеу тәсілдері.
Азаматтық кодекстің 1-бабының, 1-тармағында көрсетілгендей, азаматтық
заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген
өзге де мүліктік қатынастар, мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік
емес жеке қатынастар реттеледі. Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ
мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі. Азаматтық
құқықтармен реттелетін қоғамдық қатынастарының негізгісі – мүліктік
қатынастар. Мүліктік қатынастарға қоғамдағы өндіріс құрал жабдықтарына,
мүліктік игіліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты
туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.
Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты
мүлікті емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ
мүліктік емес жеке қатынастар болып екіге бөлінеді. Байланысы бар мүліктік
жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын
белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Байланысы жоқ мүліктік
қатынастарға азамат есімі, жеке өмір құпиялылығы, тұрғын үйге қол
сұқпаушылық, заңды тұлғалардың абыройына, қадір-қасиетіне байланысты
туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады.
Азаматтық құқық реттеу тәсілдері.
Реттеу тәсілдері мына ережелерге байланысты анықталады:
1. Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың заңи теңдігі;
2. жеке және заңды тұлғалар азаматтық құқықпен азаматтық міндетті өз
ниеттерінің негізінде жүзеге асыруы;
Азаматтық құқық, көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген.
Диспозитивтік норма дегеніміз – тараптар арларында туындайтын қатынастарды
өздерінің қалауынша, егер заңда өзгеше көзделмесе, реттеу мүмкіндігі.
Азаматтық құқық дегеніміз – бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына,
қатысушылардың теңдігіне негізделген, тауар-ақша қатынастарын және өзге де
мүліктік қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы. 3., 6
бет.
Азаматтық Заңдар және олардың жүйесі.
1. Азаматтық Заңдарда 1994-жылы 27-желтоқсанда 13-ші сайланған ҚР Жоғары
Кеңесінің 2-сесиясы қабылдаған Жаңа Азаматтық Кодексі ерекше орын
алады.Азаматтық кодексінің 3-бабында ҚР Азаматтық заңдарының жүйесі
анықталған. Азаматтық құқық нормалары заңдарда, нормативтік құқықтық
актілерде және заңға сәйкес нормативтік актілерде бекітілуі мүмкін.
2. Заң актілері. Заңның арасынд 1995-жылғы ҚР Конституцияның мейлінше
Жоғары Заң күші бар, оның 4-бабында ҚР –да қолданылатын құқықтық
актілердің, республиканың халыхаралық шарттық және өзге де
міндеттемелерінің, сондай-ақ конституциялық Кеңес енгізген Жоғары
Соты нормативтік қаулыларының нормасы деп белгіленген.
3. Заңға сәйкес нормативтік актілер. ҚР Үкіметінің қаулылары да заңға
сәйкес нормативтік актілер қатарына жатады. Мысалы, ҚР Министрлер
кабинетінің мына қаулыларын атауға болады: 1994-жылғы 7-қыркүйектегі
Дәрменсіз мемлекеттік кәсіпорындарды қаржы-экономикалық сауықтыру,
қайта ұйымдастыру , 1996-жылғы 19-сәуірдегі Қазақстан Республикасы
аумағында сақтандыру қызметін лицензиялау туралы ережені бекіту
туралы.2.1., 8 бет.
Ведомствалық азаматтық құқықтық нормативтік актілер алуан түрлі
болады. Мысалы үшін, 1994-жылғы 10-қазанда ҚР Қаржы Министрінің Бұйрығымен
бекітілген Тәркіленген, иесіз мүлікті, қымбат металдар мен асыл тастардан
жасалған бұйымдарды есепке алу, бағалау және сату тәртібі туралы нұсқауды
атауға болады.
Азаматтық Заңның қолданылуы
1. Азаматтық Заңның уақыт бойынша қолданылуы. ҚР Конституция-сының 4-
бабының 4-тармағына сәйкес, барлық заңда ҚР қатысушысы болып табылатын
халықаралық шартта деп жарияланады. Азаматтардың құқықтарына,
бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің
ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады. Заң
актілері ҚР Парламентінің жаршымында және ресми басылымдар болып
табылатын Егемен Қазақстан, Қазахстанская правда , Заң
газеттерінде жарияланады.
2. ҚР Парламентінің, оның палаталарының қаулылары – егер актілердің
өздерінде өзге мерзімдер көзделмесе, алғаш рет ресми жарияланған күннен
бастап;
3. ҚР Кеңесінің қаулылары – олар қабылданған күннен бастап;
4. Азаматтық кодекстің 4-бабында азаматтық заңның кері күші болмайтыны және
олар күшіне енгізілген күннен кейін пайда болатын қатынастарға
қолданылатыны туралы ереже бекітілген.
Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы және оның ерекшеліктері
Азаматтық құқықпен реттелген мүліктік қатынастар, сондай-ақ
қатысушылары бір-бірімен субьективті азаматтық құқықтармен және
міндеттермен байланысатын салаларға қатысты жеке мүліктік қатынастар
азаматтық құқық қатынастар деп аталады.
Ерекшеліктері
Азаматтық құқық қатынастарының субьектілері заң жүзінде тең құқылы бір-
біріне тәуелсіз, сол арқылы олар басқа құқықтардан ажыратылады.
Азаматтық құқықтық қатынастар заңда көзделген негіздер бойынша да
көзделмеген негіздер бойынша да туындауы мүмкін. Азаматтық құқықтың
жағдайлары мен мазмұнын белгілегенде тапаптардың келісімі басым болады.
Азаматтық құқық қатынастарының мазмұны
Субьективті құқықтар мен міндеттер де азаматтық құқықтық қатынастарының
мазмұны болып табылады. Субьективті құқық дегеніміз – құқық берілген
тұлғаның ықтимл мінез-құлық шамасы. Азаматтық құқық қатынастарда тараптар
құқық берілген және міндетті тараптар деп екіге бөлінеді.
Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар құрамының өзгеруі мүмкін,
мұның өзі, атап айтқанда, құқықтық мирасқорлық себебінен орын алады.
Құқықтық мирасқорлық деп – құқықтың бір тұлғадан құқықтық ізашардан
екінші тұлғаға – құқықтық мирасқорға ауысуы түсіндіріледі; бұл ретте
соңғысы құқық қатынастарында өзінің құқықтық ізіашарының орнын басады.
Азаматтық құқық қатынастарының түрлері
1. Мүліктік және мүліктік емес;
2. Абсолютті және салыстырмалы;
3. Заңдық және міндеттемелі.
Азаматтық құқықтың туындауына заңдық фактілер негіз болып табылады.
Заңды фактіге мынандай 3 жайт бар:
• Заңдық айғақ-шындық;
• Заңдық факт – азаматтық құқықтық нормаларында көзделген факт;
• Заңдық факт – азаматтық құқықтық нормалары негізінде белгілі
бір заңдық салаларға әкеп соғатын факт.
Біздің осы тақырыпты таңдап алған себебіміз де, осы тақырыптың
маңыздылығана байланысты болды. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның
өзектілігі мен дәрежесіне тікелей байланысты туындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: осы азаматтық құқықтың Қазақстандық және
халықаралық құқықтар арасындағы орны мен маңыздылығын және қоғамдағы орны
мен ерекшелігі туралы толық мәлімет беру. Осы мақсатты жүзеге асыруда
алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз: ол азаматтық құқық ұғымы, оның
әдістері , азаматтық құқық реттеу тәсілдері, азаматтық заңдарды және
азаматтық құқықтың принциптерін анықтау және курстық жұмыстың құрылымды
мазмұны мына бөлімдерден тұрады: кіріспе бөлімі, үш тарау, тоғыз параграф
және қорытынды бөлімі, сондай-ақ жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер
тізімі қамтылған.

I. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.1 Азаматтық құқықтың пәні
Азаматтық құқық атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік
заңгерлер Рим азаматтарының құқығы – цивильді құқық деп атаған.
Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді. Римдік jus
civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік
қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы
әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы
сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Сондықтан да азаматтық құқықты
цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды цивилист деп жүр.
Римде құқықты жария және жеке деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және
жеке құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді:
жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал
жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді.
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке деп
бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі
бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.
Сонымен қатар азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің арасында белгілі
бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан азаматтық құқықтық жүйелерде болып
жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін
тигізіп отыр. Бұл орайда біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен
жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді
жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз... , ендеше осы
бағытта әр түрлі өркениеттердің ең соңғы жетістіктерін пайдаланудың маңызы
зор.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі
болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды
тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен
тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша
айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық
құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен
реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінеді. Әдетте құқықтың қандай
салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі
қолданылады. ҚР-нің азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және
қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ
мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік
қатынастар болып табылады. Бір сөзбен айтқанда мүліктік қатынас дегеніміз –
мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі
қатынас болып табылады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің
тиістілігіне қарай заттық қатынас , мүліктің бір адамнан екіншісіне
ауысуы, өтуі міндеттемелік қатынас , меншік иесінің қайтыс болуына
байланысты болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас)
тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен
реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып
алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып
табылады.
Дейтұрғанмен бұдан азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей
реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені, олардың өзіәртүрлі сипатта
кездеседі. Сайып келгенде, мүліктілік дегеніміз заңды белгі болып
табылмайды, ол тек экономикалық түсінік. Сондықтан да азаматтық құқық
пәнінің мазмұнын оны біріктіретін әрі мән-мағынасын ашатын тұсын бөліп
қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік
қатынастардың мынандай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық
құндылыққа ие болумен байланысты материалдық обьектілер жайында
адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында
болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы,
қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы.
Мүліктік құндылық қатынастарға ең алдымен қатысушылардың құн заңына
сүйенетін мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген тауар-ақша
қатынастары және өзге де қатынастар жатады десек, нарықты экономика
жағдайында тауар-ақша қатынасы азаматтық құқықты реттеудің негізгі
өзегіне айналады. Мүліктік қатынас адамдар арасындағы қатынас
болғандықтан ол мүліктік емес қатынастармен біте қайнасып, ұштасып
жатады.
Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары мүліктік емес қатынастардың
екі түрін, атап айтқанда, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес
жеке қатынастар мен мүліктік қатынастарды реттейді. Мүліктік емес жеке
қатынастың бірінші тобына мүліктік қатынаспен байланысы бар мүліктік емес
жеке қатынастар жатады. Бұл жердегі (байланыстылық) деген сөз жеке
қатынастардың мүлікке бағыныштылығын көрсетпейді, қайта қоғамдық
қатынастардың біртұтас бірлікке болуын айқындайды (мәселен, авторлық,
өнертабыс және т.б. қатынастар). Мысалы, бір ұйымның басқа бір заңды
тұлғаның тауарлық белгісін заңсыз қолданса онда ол әлгі тұлғаға зиянын
тигізеді. Мүліктік емес қатынастан келіп мәселен, шығарманың авторы үшін
мүліктік қатынастың мүліктілігі пайда болады. Сондықтан мүліктік
қатынасқа байланысы мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық құқық
нормаларымен реттеледі.
Мүлік қатынасына байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың екінші
түрі мүліктік қатынасқа қарағанда өзге фактілерге орай және басқа
субьектілер арасында да туындайды. Ол жеке адамдар мен ұйымдарға ғана
тән әрі олардан ажырамайтын игілік болып табылады, сондай-ақ онда мүлік
мазмұны болмайды, ақшамен де бағалауға келмейді.
Мүліктік емес жеке қатынас Қазақстан Республикасы Конституциясымен
реттеледі. Конституцияның 2-тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын
құқықтарына арналған. Сонымен азаматтық құқықтың реттеу пәніне
мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың
мейлінше кең ауқымы енеді. Қорыта айтқанда, азаматтық құқықты реттеудің
пәні, міне, осындай. Енді әдістеме жөніндегі мәселеге тоқталайық.
1.2 Азаматтық құқықтың әдістемесі.

Құқықтың әрбір негізгі саласының өзіне тән құқықтық реттеу әдістемесі
болады. Ал оның жеке қырлары субьектілердің құқықтық мәртебесінде,
құқық қатынастарын қалыптастыру негіздерінде, олардың мазмұнын айқындау
әдістерінде және заң санкцияларында топтастырыла көрсетілген.
Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың азаматтық құқықтық реттеу
әдістемесі бірқатар өзіндік белгілерге ие:
1. Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы құқықтық жағдайы
олардың тауар-ақша және басқа қатынастарына негізделген заңды түрдегі
теңдігімен сипатталады. ( АК-тің 1 және 2-бабы, 1-тармағы ). К.Маркс
Капиталда былай деп жазды: Бұл заттар бір-біріне тауар ретінде
қатысуы үшін тауар иелері бір-біріне адам ретінде, бұл заттарды еркімен
билейтін адам ретінде, қатысуға тиіс: демек олардың әрқайсысы екеуіне
ортақ ерікті акт арқылы, өз тауарын басқаға бере отырып, өзге тауарды
өзі иемденеді. Демек, олар бірін-бірі жекеменшікші деп білуге тиіс
.Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігіне
келсек, олардың азаматтық айналымда тең құқықты, тәуелсіз субьектілер
екендігін көреміз,әрі оның әрқайсысы мүліктік оқшаулыққа ие болады,
сондай-ақ бір-бірімен қарым-қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді. Бұл
азаматтық құқық субьектілерінің бірде-бірі азаматтық құқық қатынасында
екінші жаққа біржақты міндет жүктеуіне болмайды деген сөз. Сонымен қатар
құқықтық қатынастағы жақтардың араларында дау туындаған жағдайда,
екінші жақ үшін міндетті болып табылатын шешімді қабылдай алмайды;
2. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз
еркімен және өз мүддесін көзд ей отырып ие болады және оларды
жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен
міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез-келген
жағдайларын белгілейде ерікті (Аз. Кодекстің 2-б, 2-тармағы). Демек,
азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушыларына өзінің қалауынша және
мүддесіне сай келетін жағдайларды таңдауына мол мүмкіндік жасалады;
3. Тараптар азаматтық-құқықтық қатынастарда тең дәрежеде қорғану құқығына
ие және қорғанудың белгілі бір мүмкіндігін таңдауға ерікті ( теңдік және
тұлғалардың өз құқықтарын толық пайдалану мүмкіндігі ). Азаматтық құқықты
қорғау сотпен ( төрелік сотпен немесе аралық сотпен ) жүзеге асады, бұл
орайда Азаматтық Клдекстің 9-бабына сәйкес қорғанудың азаматтық істерді
жүргізу заңдарының ерекше ережелерін сақтай отырып ашық әдістері
қолданылады. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, бұзылған құқықты
қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, құқық
қорғау туралы талап арызбен сотқа шағымдануға кедергі жасамайды. Былайша
айтқанда, сот бұзылған немесе дауға түскен құқықтарды қорғауға тиіс. Егер
қандай –да бір құқық әкімшілік жолмен қорғалса, онда ол заңға тікелей
сүйенуі керек. Мұндай жағдайда құқыққа байланысты дау сотқа бірден
жіберілмей, алдымен әкімшіліктің шешімін күтеді. Әкімшілік шешім
қабылдағаннан кейін ғана оны сотқа беруге болады. Азаматтық Кодекстің 9-
бабының 1-тармағында мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті
өкілді атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтін құжатын жарамсыз немесе
орындауға жатпайды деп тану туралы азаматтық құқықтарды қорғаудың жаңа
тәсілі енгізілген. Азаматтық кодекс қабылданға дейін көптеген құқық
орындаушы органдар заңға сүйеніп жасған құжаттардың сол заңға сәйкес
келмегенімен іс жүзінде оның қолданылып келгеніне әрі мұндай заңсыз
құжаттарды ешкімнің де теріске шығармағанына талай мәрте көз жеткізген
болатын, ал осындай келеңсіздік көп қиындық келтірді;
4. Азаматтық құқықтық жауапкершілік өзіндік сипатымен, атап айтқанда,
мүліктік және өтем түрінде айқындалады; сондай-ақ оған келтірілген залалды
толықтай өтеу талабы да жатады; заң құжаттарында өзгеше көзделмеген
жағдайда, бұл заң бұзушының кінәсінің қандай екендігіне де байланысты
болады.
Осы айтылғандарға сүйене отырып, мынандай тұжырым жасауға болады:
азаматтық құқық – құқықтың бір саласы, ол тауар-ақша қатынастары жіәне
қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-
ақ мүліктік қатыныстарға байланысты ( немесе байланысы жоқ ) мүліктік емес
жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.

1.3 Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен шекарасы

Бұдан бұрын айтылған құқықтық реттеудің пәні мен әдістемесі азаматтық
құқықтың орнымен шектес басқа салалардан бөліп қарауға мүмкіндік береді.
Бірақ та азаматтық құқықты шектес салалардан оқшаулағанда төмендегідей
жағдайларға көңіл аудару қажет: жаңа Азаматтық кодекс (1994-жылы)
қабылданғанға дейін азаматтық құқық өзіне тән қатынастарды реттеді.
Айталық, Қазақ КСР Азаматтық кодексі ( 1963-жылы қабылданған) бойынша
отбасы, еңбек, жер қатынастары , сондай-ақ колхоздардағы өздерінің
Жарғысынан бастау алатын қатынастар, суды пайдалану жөніндегі қатынастар
тиісінше – отбасы, жер, колхоз және су жөніндегі заңдарымен реттеліп келді.
Ендігі жерде Азаматтық кодекстің 1-бабы 3-тармағына сәйкес азаматтық құқық
осы баптың 1-тармағында аталған белгілерге сай келетін отбасылық, еңбек
қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны
қорғау жөніндегі қатынастарға ( мәселен, мүліктік қатынастар және
тараптардың заңдық теңдігіне негізделген болса), егер де тиісінше
отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және
айналадағы ортаны қорғпу туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда,
сондай-ақ оларды реттеуде ағаттықтар кеткен кезде, қолданылады.
Азаматтық және еңбек қатынастарының ара жігін ашу белгілі бір
жағдайда өзіндік қиындықтар да туғызады. Бұл орайда Азаматтық кодекстің
кейбір нормаларының тікелей еңбек қатынастарын реттей алатындығына
мән берген жөн. Атап айтар болсақ, Азаматтық кодекстің 19-бабының 3-
тармағы жеке кәсіпкер мен азаматтардың арасындағы еңбек шартын, оның
ішінде келісім-шартты жасасу мүмкіндігі жөнінде болып келген дауларға
нүкте қояды. Жоғарыда атап өткеніміздей, еңбек қатынасына азаматтық
құқықты қолдану мүмкіндігі Азаматтық Кодекстің 1-бабының 3-тармағында
ап-анық көрсетілген. Осы тұжырымдаманы түсіндіру жөнінде 1995-жылы 22-
желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты өзінің Пленумында №10
қаулысын ( нормативтік сипаты бар ) қабылдады. Бұл қаулы моральдық
зиянды өндіртіп алу туралы заңды соттардың қолдануы туралы деп
аталды. Оның 5-тармағында былай делінген: Еңбек туралы заңдарда
рухани немесе дене зардабын шеккендерге өтем төлету жөнінде тікелей
айтылмауына қарап, жәрірленуші зиянның орнын толтыруға құқығы жоқ
деуге болмайды. Сот КСРО мен республикаларының азаматтық заң
Негіздерінің 131-бабына сүйене отырып, жұмыскерді заңсыз жұмыстан
шығарғаны не басқа жұмысқа ауыстырғаны үшін, оған еңбекақы төлемей,
жұмыста мүгдектікке, кәәсіби ауруға ұшыратқаны үшін, сөйтіп, рухани
және де дене зардабына жол бергеніне байланысты жұмыс берушіден
өтем төлеуді міндеттеуге құқылы .
Осы орайда еңбек құқығы пәнінің азаматтық құқықтан айырмашылығы
-оның еңбек үрдісіндегі қатынасты реттеуінен көрінеді. Себебі онда
еңбек нәтижесін алып беру жоқ. Жұмыс күші тауар болып табылмайды.
Сол себепті де жекелеген жағдайда жалақы жұмыс күшінің құнын
бағалаудың нысаны бола алмайды, жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу оның
істеген ісінің саны мен сапасына қатысты келеді. Құқықтық реттеу
әдістемесі тұрғысынан қарағанда, жұмыскер жұмыс берушімен шарт
жасасып, сол арқылы тең құқықты әріптеске айналатынын байқау қиын
емес, дейтұрғанмен жұмыскер ақыр аяғында еңбек тәртібіне бағынып,
әкімшіліктің талабын, сондай-ақ оның еңбек ету міндетіне жататын
басқа да міндеттерді орындайды.
Отбасы құқығы некеге және отбасына қатысты қатынастарды реттейді.
Отбасы құқығы некеге тұру, некені бұзу және оны жарамсыз деп танудың
жағдайы мен тәртібін реттейді, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балалардың отбасында қалу тәртібі мен түрін, азаматтық хал
актілерінің тіркеу тәртібін, сондай-ақ отбасы мүшелері арасындағы
мүліктік емес жеке қатынастарды айқындайды. Қажет кезінде туыстар мен
басқа адамдар арасындағы жағдайлар заңда көзделмеген ретте қаралады.
Отбасы құқығына реттеудің ерекше әдістемесі тән, ол ерікті түрде
болады, ал жарлық ету түріндегісі – императивті, яғни бұйрықты сипатқа
ие. Осы екі бастаудың өзі оның ерекшелігін білдіреді.
Отбасы құқығының дербестігіне қарамастан ол туралы заңмен реттеуге
келмейтін отбасылық қатынастарға азаматтық заң қолданылады. Ал мұның
өзі отбасы қатынастарына қайшы келе қоймайды. Мысалы, Азаматтық
Кодекстің 223-бабына сәйкес: ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде
жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың үлесті меншігі
болатыны, не олардың әрқайсысына тиесілі немесе меншік құқығында
тиісті бөліктерде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі екені олардың
арасындағы шартта көзделмесе, олардың бірлескен меншігі болып
табылады. Азаматтық кодекстің 223-бабындағы 2-тармаққа сәйкес, егер
некеде тұрған кезде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен сол
мүліктің құнын едәуір арттырған қаражат жұмсалғаны ( күрделі жөндеу,
қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және т.б. ) анықталса, ерлі-
зайыптылардың әрқайсысынын мүлкі олардың бірлескен меншігі деп таңылуы
мүмкін. Осы мысалдың өзі-ақ азаматтық заңды отбасы қатынастарына қолданудың
айқын бір көрінісі болып табылады.
Азаматтық құқық табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны
қорғау жөніндегі қатынастардан былайша ерекшелінеді: а) табиғи объектілерді
пайдалану мен қорғауда мүліктік сипаттың болмауымен, бірақ материалдық
құндылық болып санала тұрса да толық түрде мүлік дәрежесіне ие бола
алмайды. Сонымен, табиғи объектілер арнайы есеп жүиесі (көлем мөлшері және
т.б.) кадастрмен есепке алынады; ә) әзірге табиғат пайдалану жүиесінде (
жерден басқасы ) толық дәрежедегі тауарлық қатынастарға түгел қосылған
жоқ. Солай бола тұрса да заңда табиғатты пайдалану ақылы көрсетілген, бірақ
заңға сәйкес табиғат пайдаланушыларға табиғи ресурстарды( жеке меншікке
берілетін жерден басқасына) сатуына және сатып алуына руқсат етілмейді.
Экологиалық әдебиеттерде кездесетін осындай пікірлерге қарамастан
азаматтық құқық ( бірнші кезекте Азаматтық кодекс) жерді меншіктену және
жер участкелерін пайдалану қатынастардың мейлінше кең түрде реттейтінін
айта кеткен жөн. Бұл орайда тұлғалардың құқықтарын да ( мысалы,
ипотеканы, жер учаскесіне сервитутты , мұрагерлікке берілуді және т.б. )
қорғайды. Осыдан-ақ табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны
қорғау заңымен реттеуге келмейтін қатынастарға азаматтық заңды
пайдалану қажеттігі дау туғызбайтындығын көреміз.
Азаматтық кодекстің 1-бабының 4-тармағына сәйкес, заң құжаттарында
көзделген реттерді қоспағанда, бір тараптың екіншісіне әкімшілік немесе
өзге де билік жағынан бағынуына негізделген мүліктік қатынастарға , оның
ішінде салық жөніндегі және басқа бюджеттік қатынастарға азаматтық
заңдар қолданылмайды.
Жоғарыда аталған қатынастардың азаматтық құқықпен арадағы жігін
жігін ашу онша қиындық туғызбайды, жекелеген жағдайда олар бір-бірімен
пәні бойынша , ал өзге де құқықтық реттеуәдістемесі бойынша
бөлектенеді, ал кейбір жағдайларда олардың жиынтығын талап етеді.
Сөйтіп, бір жағы екіншісіне қандай да бір бағынышты болғпнда мүліктік
қатынас азаматтық заңмен реттелмейді. Осыған орай әкімшілік ( оның ішінде
салыққа қатысты ) не басқа қатынастар азаматтық заңдар қарауынан шығып
қалады.
2.АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)

Принцип ( қағидат ) термині латынның сөзі – бастау, негіз дегенді
білдіреді. Азаматтық принциптері ( қағидаттары ) – ол нормативтік сипаты
бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа
алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасы азаматтық заңының мейлінше
маңызды тұстарын көрсетеді. Демек азаматтық заңды түсіну мен оны
қолдану азаматтық құқықтың тек жалпы принциптері ( қағидаттары ) арқылы
мүмкін болады.2.4., 86 бет.
Принциптер ( қағидаттар ) Азаматтық құқық жүйесінде әрқашанда
бастапқы норма болып саналады. Сондықтан да басқа нормалар онымен
жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек принциптер өзгелерден
басым түседі. Принциптер азаматтық құқықтық нормалардың барлық
жүйесін қамтып, басшылықққа алынады. Азаматтық кодекстің 2-бабындағы
азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісі беки түсуіне
байланысты, енді принциптер нормативтік мәнге ие болды және оны
қолдану міндеттілікке айналды. Бұрын-соңды азаматтық принциптер заң
нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырымдама ретінде
бекітілмеген еді, тек азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен
мәнісіне байланысты деген жалпылама тұжырымдамамен шектелетін (Қазақ
КСР АК-тің 4-бабы).
Профессор Ю.Г.Басин азаматтық құқық принциптерінің ролі мен маңызды
туралы былай деп тұжырымдайды: Біріншіден, ол тікелей әрекет ететін
нормалар түрінде кездеседі. Екіншіден. Ол жаңа заңды жасау немесе
бұрыңғы заң құжаттарын өзгерту кезінде ескеріледі. Үшіншіден, құқық
ұқсастығын қолдану қажет болған жағдайда заң принциптері басшылыққа
алынады. Төртіншіден, мұндай принциптер құқықтық нормалардың бастапқы
мазмұнының немесе шарт талаптарының тиісті жағдайларының мазмұнының
түсінілуі жүзеге асырылғанда назарға алынуға тиіс (мысалы, Азаматтық
кодекстің 6, 392-баптарын қараңыз). Бесіншіден, заң принциптеріне сүйене
отырып, заң нормалары арасындағы қарама-қайшылықты жоюдың жолдарын
табуға болады, мұның өзі егер бұл аталған жағдай кездескенде ғана
қолданылады . Осы мәселелерге орай оған екі жағдайды қосып айтуға
болар еді: біріншіден, принциптер тек заң актілері жүйесінің сипатын
көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ол заңгерлердің құқықтағы құқықтарын
белгілейді.
Екіншіден, азаматтық құқық принциптер өзінің реттеу жүйесі арқылы
бірқатар мемлекеттік құқықтық институттар мен нормаларды, яғни бірінші
кезекте азаматтардың конституциялық құқығын азаматтық құқықтар арқылы
өзіне тән тәсілдермен қорғауды нақтылай түседі.
Азаматтық құқықтың мынандай принциптері бар:
1. азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі;
2. меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;
3. шартт еркіндігі;
4. жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол
беруге болмайтындығы;
5. азаматтық-құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;
6. нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз
еті;
7. азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.
Міне, осы принциптердің бәрі де Азаматтық кодекстің Азаматтық
Заңдардың негізгі бастаулары деп аталатын 2-бабында бекітілген. Яғни
сол арқылы мемлекет пен қоғамның азаматтық заңдарының алдына қойған
мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялық және
ізгілікті қасиеттері көрініс береді. Енді осы көрсетілген принциптерді
талдасақ дейміз.

2.1 Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі.
Азаматтық құқықтың басты қағидаларының бірі олардың қатысушыларының
теңдігіне байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға қатысушылардың
теңдік принципі қоғамдық қатынастарды азаматтық- құқықтық реттеу
әдістемесінің өзімен айқындалады. Яғни бұдан азаматтық құқықтық
қатынастарда тараптарың жағдайы тәуелсіз тең дәрежеде болатындығын көреміз.
Демек азаматтық қатынасқа қатысушының бірі екіншісіне тіптен бағынышты
емес, ал тәуелділігі оның мінез құлқына, екіншісінің ерік-жігеріне қатысты
болмау керек.2.4.,88 бет. Азаматтық заңмен реттелетін мүліктік және
мүліктікемес қатынастар жүйесінде субъектілер теңдігі төмендегідей
жәйттерді білдіреді:
1. мемлекетет немесе оның әкімшілік- аумақтық бөлінісі азаматтық – құқықтық
қатынастарға жалпы негізде, өзге қатысушылармен тең құқықта қатысады.
Бір айта кететін жайт, азаматтық – құқықтық қатынастардағы мемлекеттің
жауапкершілік ерекшелігі (дербес иммунитеті) заңда көрсетілмеген (АК-тің
111-114 баптары);
2. заңды тұлғалардың құқылық мәртебесі біртабан жақын келеді. Мысалы,
қазіргі кезде азаматтар ғана емес, заңды тұлғалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ҰҒЫМЫ
Кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу тарихы мен дамуы, құқық жүйесіндегі орны
Азаматтық құқық нормалары
Кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу және даму тарихы
Құқық жүйесі
Азаматтық құқық қағидалары
Қазақстан Республикасының азаматтық іске қатысушылар
«Құқықтық статистика»
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
Халықаралық жеке құқықтың құқық саласы ретіндегі жүйесі
Пәндер