Күрес – спорт түрі


Күрес - спорт түрі.
[өңдеу] Күрестің түрлері
Қазақстанда күрестің қазақша күрес, грек-рим күресі, еркін күрес, дзю-до және самбо сияқты жекпе-жек түрлері кең дамыған.
Қазақша күрес - ұлттық спорт түрі. Оның тәсілдері сан алуан. Жекпе-жек барысында бір қолмен белдіктен немесе күрте жағасынан, жеңінен ұстап шалу, үйіріп, сүріндіре, жұлқу, тізеден қағу, іліп немесе кеудеден асыра лақтыру, т. б. көптеген тәсілдер қолданылды.
- 1928 жылы қазақша күрестің бірыңғай ережесі қабылданып, ол 1938 ж. республикалық спорттық жарыстың бағдарламасына енгізілді.
- Қазақша күрес балуандары халықаралық аренада тұңғыш рет 1952 ж. Ашғабат қаласында сынға түсті. Қазақша күрестің салмақ дәрежелері де, ережесі де жиі өзгерістерге ұшырады. Кей жылдары үш, төрт, бес, сегіз, он салмақ дәрежелері бойынша жарыстар өтіп жүрді.
- 1998 жылдан еліміздің балуандары үш салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. 60 кг-ға дейінгі балуандар - кіші балуан, 74 кг-ға дейінгілер - орта балуан, 74 кг-нан жоғарылар - бас балуан деп аталады.
Грек-рим күресі.
Грек-рим күресі, классикалық күрес- қол және тұтас дене қозғалысына негізделген тәсілдерді пайдаланатын спорттық күрес түрі. Бұл күресте қарсыласын белден төмен ұстауға, аяқтан шалуға, т. б. болмайды. Грек-рим күресінің мақсаты - қарсыласының жауырынын жерге тигізу немесе күрес тәсілдерін шебер қолдана отырып, ұпай санымен жеңу.
Грек-рим күресі 1896 жылғы 1-Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді. 1904 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізіліп келеді. 20-ғасырдың 60-жылдарының аяғынан бастап күрестің бұл түрі Қазақстанда жедел дами түсті. Қазақ халқынан шыққанҚажымұқан Мұңайтпасов, Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Байсейітов, Нұрбақыт Теңізбаев, Әсет Мәмбетовсияқты Дүниежүзілік олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерінің есімдері көпшілікке белгілі.
Еркін күрес.
Еркін күрес. Мұнда қарсыластарға әр түрлі техникалық тәсілдерді (қарсыласын лақтыру, аударып түсіру, қапсыра ұстау, белден төмен ұстау, т. б. ) кеңінен қолдануға мүмкіндік беріледі.
Еркін күрес 19-ғасырдың аяғында Англияда пайда болған. 1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. 1951 жылдан дүниежүзілік, 1928 жылдан Еуропа чемпионаттары өткізіледі. Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өткізіліп келеді. Қабден Байдосов, Әбілсейіт Айқанов, Амангелді Ғабсаттаров, Аманжол Бұғыбаев, Сейітжан Әбдікәрімов, Алмас Мұсабеков, т. б. халықаралық аренада халқымызды әлемге танытты. Мәулен МамыровАтлантада(АҚШ) өткен Олимпиялық ойындарда (1996) және дүниежүзілік чемпионатта (1998) қолажүлдені еншіледі.
Дзю-до.
Дзю-до(жапонша дзю - жұмсақ, до - жол) .
19-ғасырдың аяғында Жапонияда джиу-джицу күресі негізінде пайда болған. 1956 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізіледі, Олимпиада ойындарына 1964 жылдан енген. Дзю-дошылар арнайы кілем (татами) үстінде күреседі. Киімдері -кимоно, белбеужәнешалбар. Күрес ережесі бойынша қылқындыруға, қолды бұрауға болады. Жаңадан қатысып жүргендер беліне ақ белбеу, ал жоғары разрядшылар қара белбеу орап шығады. Қазақстанда дзю-до күресі 20-ғасырдың 60-жылдарынан бері дамып келеді. Асхат ЖіткеевПекинде (Қытай) өткен 29-Олимпиялық ойындарда (2008) күміс, дүниежүзілік чемпионатта (2004, Корея) қола жүлдені иеленді. 1995 жылдан Алматыда Ораз Жандосов атындағы халықаралық турнир өтіп келеді.
Самбо.
Самбо(орыстың “самозащита без оружия” - қарусыз қорғану деген сөзінің қысқартылған түрі) . Күрестің бұл түрін қазақ, грузин, татар, әзербайжан, т. б. халықтардың ұлттық күрестерінің айла-тәсілдері негізінде белгілі маманАркадий Харлампиев(1938) құрған. Спорттық және әскери түрі бар. Әскери самбоның қорғаныс және арнайы деген екі түрі бар. Самбо күресінде балуандар арнайы белдікті шапан киеді, күрес кезінде белдіктен, жеңнен, шапанның кез келген жерінен, сондай-ақ қол мен аяқтан ұстап, әдіс қолдануға болады. Самбода әдіс қолданушы балуан тік тұрып, қарсыласының жауырынын кілемге тигізсе немесе буындарды ауырту әдісін қолданғанда, қарсыласы жеңілгендік белгісін берсе ғана таза жеңіс деп есептеледі. 1939 жылдан бастап өткізілген. АлЕуропачемпионаты 1972 жылдан өткізіледі. Қазақстанда самбо 1953 жылдан бері дамуда, республикалық алғашқы біріншілік 1955 жылы ұйымдастырылды. Самбо күресіненАсхат Шахаровәлемнің үш дүркін чемпионы болса, Қанат Байшолақов, Бауыржан Садықанов, Асқар Шайхиев, Арсен Хатипәлем чемпионы, Айтжан Шаңғараев, А. МұсабековЕуропа чемпионы атанды. Әйелдер арасындаСәуле Ғабдоллина, Айсара Керімбекова, Жамал Бозова, т. б. әлем, Азия чемпионы болып, әлем чемпионаттарының жүлдесін алды. [1] [2]
[өңдеу] Пайдаланылған әдебиет
- ↑ “Балалар Энциклопедиясы”, V-том
↑ Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3Қазақша күрес
Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қажымұқан
Күрестің ұлттық түрі«қазақ күресінің»даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтыңұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.
«Қазақша күрес» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.
2004жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда «Қазақша күрес» күресі бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті - Түкиев Серік Адамұлы.
2005 жылыРесейде(Алтай өлкесі) «Қазақша күрес» күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашадаАстанадаҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақша күрес» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарындаГермания, Түркия, Голландия, Францияжәне басқалары бар. Биылғы жылдың шілдесінде Монғолияда «Қазақша күрес» күресі бойынша ІІ Азия Чемпионаты өтті. [1] 2011 жылы тамызда қазақша күрестен Қазақстан біріншілігі болып өтті.
Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері («Самбо») . Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz