Конституция (дене бітім), адам нәсілдері және тіршілік орта


КОНСТИТУЦИЯ (ДЕНЕ БІТІМ), АДАМ НӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ОРТА
Адамдар Жер шарының түкпір-түкпірлеріне дейін қоныс теуіп, қоршаған тіршілік ортаның єртүрлі ықпалына ұшырады. Қоршаған орта тұқым қуалау үрдісімен бірге организмнің құрлымдарының барлық деңгейінде єсер етеді, єсіресе организмнің конституциясына.
Қазіргі кезеңде конституцияның жіктелуі (классификациясы) туралы қолданыстағы жалпыға бірдей теория жоқ. Конституция (лат. constitutio - орнату, ұйымдастыру) - тұқымқуалаумен негізделген, сонымен қатар қоршаған ортаның єсеріне жауап реакцияларының қалыптасуымен жүретін жеке тұлғаның салыстырмалы тұрақты морфологиялық, физиологиялық жєне психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Конституция туралы ілім ерте кезеңде туындады. Єрбір дєуір конституцияның анықтамасы мен топтарына µзінің кµзқарасын қалыптастырды. Бірінші рет конституция ұғымымен біз Гиппократ еңбектерінде кездесеміз. Ол белгілі бір конституция типі адамға туғаннан тєн жєне ол µмір бойында µзгермейді деп есептеген. Сонымен қатар, ол жақсы-жаман, күшті-єлсіз, құрғақ-ылғалды, енжар-серпінді деген конституция түрлерін ажыратқан. Темперамент бойынша адам конституциясының тµрт түрі: сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик, Гиппократтың пікірі бойынша организмде қанның, сілемейдің, µттің жєне гипотетикалық «қара µттің» қайсысының басымдық кµрсетуіне байланысты кµрініс береді жєне адамның мінез-құлығын айқындайды.
Анатом-морфологиялық даму кезеңдегі медицинаға адам денесінің пропорциясы мен ішкі ағзаларының мµлшерін µлшеу негізінде қалыптасқан конституция классификациясы тєн: жіңішке, орташа, кең типті; долихоморфты (дене тұрқының ұзындық мµлшері басым), брахиморфты (дене тұрқының кµлденең мµлшері басым) т. б.
Кейбір авторлар, (A. Chaillon, Mac-Auliffe, 1910; C. Sigand 1914) єр түрлі конституциялық типтердің болуы - бұл адам организіміне сыртқы орта факторларының єсерлерінің нєтижесі, деп есептейді. Бұл єсерлер тµрт канал арқылы: атмосфера ауасы - тыныс алу ағзаларына, суда еріген тамақ - асқазан-ішек, ауыз қуысына, топырақ құрылымдары - бұлшық ет аппаратына, ал жарық пен дыбыс сезім мүшелері арқылы миға жєне шеткі нерв жүйесіне єсер етеді.
Э. Кречмер 1924 жылы үш конституция типін ажыратып ұсынды: астеникалық, пикникалық, атлетикалық. Оның пікірі бойынша конституция индивид генотипінің фенотиптік кµрініс беруі.
Богомолец А. А. (1926) дєнекер ұлпасының физиологиялық жүйесін негізге алып, тµрт конституция типтерін ажыратты: 1. астеникалық (нєзік дєнекер ұлпасының басымдылығымен сипатталады) ; 2. фиброзды (тығыз талшықты дєнекер ұлпасының басымдылығымен сипатталады) ; 3. пастозды (борпылдақ дєнекер ұлпасының басымдылығымен сипатталады) ; 4. липоматозды (май ұлпасының жақсы дамуымен сипатталады) . Конституция туралы білімнің қалыптасуына И. П. Павлов та үлкен үлес қосты. Ол µз шєкірттерімен бірге нерв жүйесінің типтерін ажыратты.
Біздің елімізде кеңінен М. В. Черноруцкидің (1927) конституция типтері кеңінен қолданылады. Ол үш түрлі конституция типтерін ажыратады: астеникалық, нормостеникалық, гиперстеникалық. Олардың бiреуiне жатқызу Пинье индексiн (ИП) анықтау арқылы жүргiзiледi.
ИП = бой ұзындығы - (дене салмағы + тыныштық кезiндегі көкiрек жасушасының аумағы) ;
ИП>30 астеникалық конституция (кµлденеңінен дене ұзындығы басым, май ұлпасы нашар, бұлшық еттері єлсіз жетілген, сүйектері жіңішке келеді, аяқ-қолдары ұзын) ;
ИП<10 гиперстеникалық конституция (жақсы жиналған май ұлпасы, жетілген бұлшық ет, мығым денелі, аяқ-қолдары қысқа, кµкірек жасушасы кең) ;
ИП=10 мен 30 аралық нормастеникалық конституция (дененің кµлденеңі мен ұзындығының арақатынасы қалыпты, майдың жиналуы орташа, бұлшық ет жақсы жетілген, кµкірек жасушасы цилиндр немесе конус пішінді) .
Конституция мәселесiне биоритмологиялық тұрғыдан қарастыру адамның белсендiлiгiнiң циркатты (тәулiк) циклде әртүрлi көрiнiс беруiне байланысты «жапалақ», «бозторғай», «кептер» түрлерiн ажыратуға мүмкіндік береді. «Жапалақ»- таң сәрiде жұмысқа қабілеттілігі төмен, түс ауа жұмысқа қабiлеттiлiгi жоғарлайды. «Бозторғай»- ерте тұрып, күндіз жақсы жұмыс iстейдi. «Кептер» - екi белгiнi де бойына жинақтаған.
Қазiргi көзқарастар бойынша конституцияның қалыптасуына сыртқы орта және тұқым қуалаушылық бiрдей деңгейде қатысады. Белгілі бір єсерге жауап беру түрі - бұл салыстырмалы жаңа конституциялық белгі. Адамның сыртқы ортаның экстремальдық жағдайына реакциясы тек әсер ететiн тiтiркендiргiш күшiне ғана емес, сонымен қатар бейiмделу стратегиясы типiне де байланысты. В. П. Казначеев (1873; 1980) индивидтi жауап берудiң үш түрiн ажыратты:
1. «Спринтер» - қысқа мерзiмдi күштi әсерлерге организмнің шыдамдылығы жоғары, ал ұзақ әсер ететiн әлсiз тiтiркендiргiштерге организмнің шыдамдылығы єлсіз;
2. «Стайер» - организмдегі үрдістердің тұрақтылығын ұзақ бірақ, біршама єлсіз әсер ететiн тiтiркендiргiштердің єсері жағдайында ұстап тура алады, күштi қысқа мерзiмдi тiтiркендiргiштерге организмнің шыдамдылығы єлсіз;
3. «Микст» - аралық тип.
Адамның конституциясының типтерi әртүрлi климато-географиялық, әлеуметтiк орта жағдайындағы адам эволюциясының көрiнiсi. Әртүрлi тарихи кезеңдерде және әртүрлi географиялық аймақтарда тұру адамның әртүрлi конституциясының типтерiн туындатты. Мысалы, тропикалық аймақтағы халықа дененiң ұзын болып келуi, тердiң бөлiну аумағының ұлғаюы, тер бездерінің санының жоғарылауы, артериялық қан қысымының жоғарылауы, метоболизм деңгейiнiң төмендеуi тән.
Сiбiрдiң жергiлiктi тұрғындарының жылу өндiруінің жоғарылығына байланысты май қабатының қалыңдауы тән. Олардың арасында брахиоморфты пропорциалы пикникалық дене бiтiм жиi кездеседi.
Жаңа тiршiлiк жағдайы мен климаттық географиялық жағдай әсерiн мына мысалдан көруге болады: Америкада туып өскен еврейдiң бойы, салмағы, бас аумағы мен бастың бет бµлімінің мөлшерiнің көрсеткіштері израйлдық еврейлерге қарағанда ұлғайған, яғни жоғары болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz