Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Негізгі бөлім
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Тұжырымдамасы аясында кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру мәселелеріне арналған. Кәмелеттік жасқа толмағандар түсінігі, соның ішінде, кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының түсінігі,ҚР қылмыстық заңнамаларына сәйкес кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауаптылығы ерекшеліктері,құқықтық саясат Тұжырымдамасы аясында кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық заңнамамызды жетілдіру мәселелері қарастырылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қарастырып отырған тақырып, қазіргі таңда өте актуальды мәселелердің бірі болып табылады. Мұндай өзектілік, Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігін қамтамасыз етудің тиімді жүйесінің және қылмыстық заңдарымыз дұрыс қалыптастырудың теориялық және пратикалық маңыздылығынан туындайды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағалы көптеген жетістіктерге жетіп, әлем сахнасында беделі орынды иеленді. Мұндай жетістіктердің бірі адам құқығы мен бостандықтарын бірінші орынға қойып, олар мемлекет тарапынан қорғайға алуға қатысты. Оған дәлел , 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата заңымыздың 1 бабында : «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген.
Бірақ бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып ұрпақтарға қалдыру қажет.
Белгілі ғалымдар Абдиров Н.М. және Интыкбаев М.К. айтуы бойынша, қоғам дамуының өтпелі кезеңінде кәмелетке толмағандардың мінез-құлқындағы әлеуметтік ауытқушылықтар қоғамға жоғары қауіптілік туғызады және соның негізінде қоғамдық қатынастардың бұзылуы мен өскелең ұрпақтың өнегелілік және дене бітімінің қалыпты өсуіне кедергісін келтіреді[1, 60бет].
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес балалар мемлекет қорғауында. Республика судьяларының ІV-съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Сот төрілігін жүзеге асыру сапасын арттыруға мамандандырылған соттарды одан әрі дамыту ықпал етеді. Мүмкін, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі және басқадай мамандандырылған соттар құруды ойластырған жөн болар» - деп атап өтті [2; 3 бет]. Соттарды мамандандыру кәмелетке толмағандар істері сот төрілігі саласына да қатысты болуға тиіс, бұған «Қазақстандағы ювенальді әділет» халықаралық жобасын іске асыру ықпал етеді. Болашақта мемлекетімізде ювенальді соттарды құру Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында да қарастырылған. Аталған мәселені шешу зерттеушілерден пәнаралық көзқарас шеңберінде ювенальді әділет моделін кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғаудың пәрменді институты және сонымен бір мезгілде жастар арасындағы қылмыстылықпен күресу құралы ретінде әзірлеуді талап етеді. Кәмелетке толмағандар қылмысын құқыққа қарсы ауытқудың дербес түрі ретінде бөліп көрсету бұған тиісінше құзырет берілген органдар мен лауазымды адамдардың мамандануын қажет етеді.

1. Абдиров Н.М., Интыкбаев М.К Подросток в орбите наркотизма: проблемы, предупреждение. Монография, Караганда 1997г.
2. Н.А. Назарбаев «Казахстан 2030: Процветание, безопасность и улучшение благосостояние всех казахстанцев» Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы 1997
3. Долгова А.И., Коробейников В.К., Кудрявцев В.И., Панкратов В.И. Понятие советской криминологии. Москва : ВНИИ по изучению причин и разработке мер предупреждения преступности. 1985 г.
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. Алматы ЖШС «Норма К» 2004 г.
5. Н. Дулатбеков Ювенология: Оқулық. Астана: Фолиант, 2010 ж.
6. ООН. Шестой Конгресс ООН по предупреждению преступности и отвращению с правонарушителями А/сопз 87/6
7. Карпец И.И. Индивидуализация наказания в уголовном праве. Москва 1961 г.
8. Бабаев М.М., Сахаров А.Б. Особенности применения воздействия к несовершеннолетним преступникам. Вопросы борьбы с преступностью. Москва 1968 г.
9. Ананьев Б.Г. Некоторые вопросы изучения человека. // Человек и общество. Вып. 1. Л. 1966 г.
10. Инструкции комиссий по делам несовершеннолетних 1920 № 68

МАМЫТБЕКОВА АКЖАМАЛ МУРАТБЕКОВНА
Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Тұжырымдамасы аясында
кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық
заңнамасын жетілдіру
6МО30100 - Заңтану мамандығы
магистрлік диссертация
авторефераты
Қазақстан Республикасы
Астана, 2011
Жұмыс Қазақстан Республикасы Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің
Қылмыстық, қылмыстық атқару құқығы және криминология кафедрасында орындалды
Ғылыми жетекші: заң ғылымдарының кандидаты
Қожантаева Ж.К.
Ресми оппонент: Қаржы полициясы академиясының
бастығының орынбасары
Смагулов А. А.
Қорғау 2011 ж. __ маусым күні сағат _____ Қазақ Гуманитарлық Заң
Университетінің мемлекеттік аттестациялық комиссия отырысында (ауд.___)
өтеді. Мекен жайы: 010000, Астана қ., Қордғалжын тасжолы, 8.
Диссертациямен және авторефератпен Қазақ Гуманитарлық Заң
Университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады.
Автореферат ___ _______________ 2010 ж. таратылды.
Кіріспе
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс Қазақстан
Республикасының құқықтық саясат Тұжырымдамасы аясында кәмелетке
толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын
жетілдіру мәселелеріне арналған. Кәмелеттік жасқа толмағандар түсінігі,
соның ішінде, кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының түсінігі,ҚР қылмыстық
заңнамаларына сәйкес кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
ерекшеліктері,құқықтық саясат Тұжырымдамасы аясында кәмелетке толмағандарға
қатысты қылмыстық заңнамамызды жетілдіру мәселелері қарастырылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қарастырып отырған тақырып, қазіргі
таңда өте актуальды мәселелердің бірі болып табылады. Мұндай өзектілік,
Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігін
қамтамасыз етудің тиімді жүйесінің және қылмыстық заңдарымыз дұрыс
қалыптастырудың теориялық және пратикалық маңыздылығынан туындайды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағалы көптеген
жетістіктерге жетіп, әлем сахнасында беделі орынды иеленді. Мұндай
жетістіктердің бірі адам құқығы мен бостандықтарын бірінші орынға қойып,
олар мемлекет тарапынан қорғайға алуға қатысты. Оған дәлел , 1995 жылы 30
тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата заңымыздың 1
бабында : Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық
және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы –
адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген.
Бірақ бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды
түрде қорғап, нығайтып ұрпақтарға қалдыру қажет.
Белгілі ғалымдар Абдиров Н.М. және Интыкбаев М.К. айтуы бойынша, қоғам
дамуының өтпелі кезеңінде кәмелетке толмағандардың мінез-құлқындағы
әлеуметтік ауытқушылықтар қоғамға жоғары қауіптілік туғызады және соның
негізінде қоғамдық қатынастардың бұзылуы мен өскелең ұрпақтың өнегелілік
және дене бітімінің қалыпты өсуіне кедергісін келтіреді[1, 60бет].
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес балалар
мемлекет қорғауында. Республика судьяларының ІV-съезінде Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: Сот төрілігін жүзеге асыру
сапасын арттыруға мамандандырылған соттарды одан әрі дамыту ықпал етеді.
Мүмкін, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі және басқадай
мамандандырылған соттар құруды ойластырған жөн болар - деп атап өтті [2; 3
бет]. Соттарды мамандандыру кәмелетке толмағандар істері сот төрілігі
саласына да қатысты болуға тиіс, бұған Қазақстандағы ювенальді әділет
халықаралық жобасын іске асыру ықпал етеді. Болашақта мемлекетімізде
ювенальді соттарды құру Қазақстан Республикасының құқықтық саясат
тұжырымдамасында да қарастырылған. Аталған мәселені шешу зерттеушілерден
пәнаралық көзқарас шеңберінде ювенальді әділет моделін кәмелетке
толмағандарды құқықтық қорғаудың пәрменді институты және сонымен бір
мезгілде жастар арасындағы қылмыстылықпен күресу құралы ретінде әзірлеуді
талап етеді. Кәмелетке толмағандар қылмысын құқыққа қарсы ауытқудың дербес
түрі ретінде бөліп көрсету бұған тиісінше құзырет берілген органдар мен
лауазымды адамдардың мамандануын қажет етеді.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын кәмелетке толмағандарға
қатысты жетілдіруарқылы біз, жасөспірімдер арасындаға күн санап өсіп келе
жатқан қылмыстылықтың алдын алып, басқа шетелдерге үлгі боламыз. Бұл біздің
мемлектімізідің дүниежүзілік сахнадағы орнын тағы да бір сатыға көтерері
анық.
Зерттеу жұмысының ғылыми зерттелу деңгейі. Магистрлік жұмысты жазу
Қазақстан ғылымдарының ішінде осы тақырыпта зерттеулер жүргізіп, жалпы
кәмелеттік жасқа толмағандар қылмысын нақты материалдарға сүйене отырып
жазған К.А. Бегалиев, К.А. Вайсберг, У.С. Джекебаев, С.Х. Жадбаев, М.С.
Нәрікбаев, Е.І.Қайыржанов, С.А. Шапинова, ресейлік ғалымдар С.В. Бахрушин,
В.И. Куфаев, П.И. Люблинский, С.С. Алексеев, И.И. Карпец, Г.М. Миньковский,
А.Б. Сахаров және басқа да көрнекті ғалымдар еңбектеріне баса көңіл бөлген.
Қазақстандық материалдарға сәйкес К.А. Бегалиевтің Предупреждение
безнадзорности и правонарушений несовершеннолетних; М. С. Нарикбаевтың
Актуальные вопросы применения нового уголовного и уголовно-процессуального
законодательства РК; У. С. Джекебаевтың О криминологических аспектах
психологического взаимодействия людей в процессе общения; Е. I.
Қайыржанов, Д. Бұғыбайқызының Кәмелетке толмаған қылмыскерлерге жаза
тағайындаудың ерекшеліктері тақырыбына арналған моногафиясы және тағы да
басқа ғалымдардың еңбектерін айтуға болады. Сондай-ақ Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілері, халықаралық шарттар және
т.б. құжаттар қарастырылған.
Кеңес дәуірі және кеңес дәуірі кезеңінен кейін жазылған зерттеу
жұмыстарының маңыздылығына назар аудара отырып, сол кезеңде кәмелетке
толмағандар қылмыстылығын зерттеген ғалымдар еңбектеріде пайдаланған.
Зерттеу жұмысының әдістемесі. Зерттеу жұмысын жазу барысында ең
алдымен шынайылықтың объективті және жан жақты танымының негізгі әдісі
ретінде ең алдымен ғылыми танымның диалектикалық әдісі қолданылды. Аралас
құқықтық категория жүесіндегі кәмелетке толмағандар қылмыстылығының
белгілерін анықтауға мүмкіндік беретін жүйелілік және функционалды әдістер
де кеңінен қолданылды. Сондай-ақ, магистрлік жұмысты жазу барысында
салыстырмалы-құқықтық, формальды-логикалық, құрылымдық-құқықтық және нақты
әлеуметтік сияқты жеке ғылыми әдістерде орын алды.
Зерттеу жұмысының объектісі және пәні. Зерттеу жұмысының объектісі
кәмелетке толмағандар қылмыстылығының қоғамға қауіптілік дәрежесі. Зерттеу
жұмысының пәні, кәмелетке толмағандардың құқықтық жагдайы, түрлі тарихи
кезеңдердегі кәмелетке толмағандардың кұқықтык мәртебесі, олардың теріс
мінез-құлқының пайда болу себептері, жасоспірімдер қылмысының негізгі
ерекшеліктері, мемлекеттің қылмыстық саясатын жүзеге асырудың құрамдас
бөлігі болатын жастар арасындағы құқыққа қайшы мінез-құлқына карсы тұру
саласындағы құқыққорғау органдары қызметінің мәні, кәмелетке толмаған құқық
бұзушылардың заңдық жауаптылығын жүзеге асыру механизмі және олардың алдын
алу мәселелері қарастырылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының
мақсаты -Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық
саясат Тұжырымдамасы аясында кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан
Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру мәселелерін теориялық
тұрғыдан зерттеу. Белгіленген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу
қажет:
1) Қазақстан Республикасындағыкәмелетке
толмағандар ұғымының әлеуметтік-құқықтық
сипатын белгілеу;
2) Қазақстан Республикасындағы кәмелетке
толмағандар қылмыстылығының негізгі үрдісі:
жағдайы, құрылымы, динамикасын анықтау;
3) Кәмелетке толмағандардың арасындағы
қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын
зерттеу;
4) ҚР қылмыстық заңнамаларына сәйкес
кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық
жауаптылығы;
5) Кәмелетке толмағандарға катысты ҚР
қылмыстық заңнамасын жетілдіру мәселелерін
көтеру.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында соңғы жылдардағы
кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық дәрежесі, статистикалық
мәліметтер мен тенденциялар қарастырылды.Қазақстан Республикасының 2010-
2020 жылдарға арналған құқықтық саясат Тұжырымдамасы аясында кәмелетке

жетілдіру мәселелері және қылмыстық заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен
толықтырулар жан жақты талқланды. Олардың тиімділігі мен тиімсіз тұстары
көрсетілген.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
1) Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың
қылмыстылығының үрдісі. Оның біздің мемлекетіміздегі жағдайы, құрылымы
және динамикасы қарастырылды.
2) Кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасына криминологиялық толық
сипаттама берілді, олардың психологиялық ерекшеліктері көрсетілді.
3) Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамаларына сәйкес кәмелеттік
жасқа толмағандардың қылмыстық жауаптылығы қарастырылды. Соның ішінде,
кәмелетке толмағандарға тағайындалатын қылмыстық жауапкершіліктің, басқа
қылмыс субъектілеріне тағайындалатын жазалардан ерекшелігіне көңіл бөлінді.
4) Кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының
қылмыстық заңнамасын 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат
тұжырмымдамасы аясында жетілдірудің мәселелері талқыланды.
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Жұмыстың
теориялық маңыздылығы, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алу,
осы феноменмен күресу және осы мәселеге объективті баға беру. Қазақстан
Республикасының қылмыстық заңнамаларын кәмелетке толмағандарға қатысты
жетілдіру мәселелерін қарастырып, оны жан жақты зерттеу. Осындай
жетілдірудің тиімділігі және қандай нәтижелерге қол жеткізетінімізге болжау
жасау.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы келесіде, яғни осы жұмыста
көтерілген мәселелер тек теория болып қалмай, егер практикада қолданылатын
болса, кәмелетке толмағандар қылмыстылығының өсуі тоқтап, керісінше, мұндай
қылмыстылық қоғамымызда азаюы мүмкін. Зерттеу жұмысында келтірілген
қорытынды, ережелер мен ұсыныстары: құқық шығармашылық қызметте; сот және
атқарушы билік органдарының тәжірибелік қызметтерінде; қылмыстық құқық
саласы бойынша кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы ғылыми зерттеуде
қолданылуы мүмкін.
Зерттеу нәтижесінің апробациясы. Диссертацияның мазмұны екі ғылыми
мақалада көрініс тапты, олар; Қарағанды Болашақ университетінде 2011
жылдың 16 наурызында өткен Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытудың
заманауи үрдістері ғылыми тәжірибелік конференциясы материалдарында
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу мәселелері атты
ғылыми мақалада және Астана қаласындағы ЕҰУ 2011 жылы 25 наурызда өткен
"Предупреждение преступности: реалии и перспективы в ХХI веке" халықаралық
ғылыми тәжірибелік конференциясы материалдарында жарық көрді.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Зерттеу тақырыбының құрылымы
оның мақсаттары мен міндеттерін айқындайды. Жалпы көлемі 90 бетті құрайтын
жұмыс. Диссертация кіріспеден, жеті бөлімшені біріктіретін екі бөлімнен,
қорытындыдан және жұмысты жазу барысында қолданылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Негізгі бөлім
Магистрлік жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың маңыздылығы,
объектілері мен пәні, мақсаты мен міндеттері және қолданылған әдістемелер
мен әдістері, теориялық және тәжірибелік мәні, қорғауға ұсынылатын
тұжырымдар, сондай ақ жұмыстың құрылымы мен көлемі көрсетілген.
Кәмелетке толмағандардың криминологиялық сипаттамасы деп аталатын
бірінші бөлім Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың
қылмыстылығының негізгі үрдісі: жағдайы, құрылымы, динамикасы,
кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстылығының себептері мен
жағдайлары, кәмелетке толмағандарған қылмыскер тұлғасының криминологиялық
сипаттамасы сұрақтарын қамтиды.
Қазақстан Республикасында кейінгі жылдары кәмелетке толмағандардың
қылмастылық үрдісі түрлі болып келеді. Кейбір облыстарда қылмыстылық өссе,
кейбір облыстарда, керісінше азайған. Алайда, мұндай статистикалық
тұрақсыздық жылдарға да байланысты орын алғанын атап кеткен жөн. Тағы да
ескере кетерлік жайт, кейінгі жылдары жасөспірімдер арасында ауыр және аса
ауыр қылмыстар жасау фактілері орын алуда, мәселен, кәмелетке толмағандар
арасында кісі өлтіру қылмысы 2005жылы Республика бойынша кәмелетке
толмағандар жасаған қылмыстардың 13% құраса, 2007 жылы 15.8%, 2009 жылы 17%
құраған. Яғни адам өлтіру қылмысы тұрақты өсуде. Сондай ақ, кәмелетке
толмағандар арасында мүлікке қатысты қылмыстардың өскенін байқаймыз.
Қылмыстылықпен күрес, әрине, оларды жасауға итеретін қылмыстардың
себептерін және жағдайларын зерттеуді ұйғарады. Біз қазіргі уақытқа дейін,
социалистік қоғамды құрсақ, әлеуметтік құбылыс ретіндегі қылмыстылықты
тудыратын басты себептер жойылады деп сенгенбіз. Осымен бірге, адамзаттың
тәжирібесі, оның мәңгі серігі - қылмыстылық екенін дәлелдейді.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары үшін жауаптылыққа тарту үшін
олардың негізгі себептерін анықтап кана қоймай, оларды жауаптылыққа
тартудың бастамасының ерекшеліктеріне де тоқталғандұрыс. Ең бірінші
кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот Австралияда (1890г.), кейіннен
осындай соттар Канадада (1894г.) және 1899ж. АҚШ-та құрылған болатын, әрине
сот төрелігіндегі мұндай тарихи өзгеріс кездейсоқ емес болатын. Оны
ювениалдык юстицияның тарихи даму жағдайлары өмірге алып келді. Бірак
арнайы импульс қажет болды, кәмелетке толмағандарға қатысты арнайы сот
төрелігі болмаса жасөспірімдер мен балалар қылмыстылығымен күрес жетістікке
жете алмайтын еді. XIX ғасырдың аяғында олардың қылмыстарының саны арта
түсті, жас құқықбұзушылар мен қаңғыбастар қоғамның күнделікті өміріне
өзгерістер енгізді. Сол кезеңде қолданылып жүрген қылмыстылықпен күресу
құралдары тиімсіз болатын, ал кәмелетке толмағандарға қатысты қолдану
олардың жаңа қылмыс жасауына жағдай жасап келді.
Бүгінгі күні кәмелетке толмағандардың қылмыстарының себептерінің
қатарында мұндай мәселелері жоқ деп айтуға болады. Ол Қазақстан
Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасына негізделе отырып кезең-
кезеңмен қылмыстық саясатына да тығыз байланысты болып отыр.
Себептіліктің барлық концепциялары, олар қалыптасқан жағдайлардағы
уақыттың талаптарына сай болу керектігімен келісу қажет. Сонымен бірге,
бүгінгі уақытта да, алдыңғы жылдардағы ғылымдардың теоретикалық
ұстанымдарында - білімнің осы саласындағы онан арғы ғылыми іздеулер үшін
басты криминологиялык негізі ретіндегі ғылыми құндылық бар [3, 44 бет ].
Қазақстан 1989 жылы посткеңестік елдердің ең алғашқылардың бірі болып
БҰҰ-ның Балалардың құқықтарын қорғау туралы Конвенциясын бекітті.
Конвенция бала ұғымына белгілі бір анықтама береді. Қазіргі кезде
Қазақстанда кәмелетке толу жасы - 18 жас. Ескере кететін жайт, Қазақстанда
кәмелетке толмаған мен баланың жасына байланысты сипаттамасы заңдық
түсінікте біртекті болып табылады. Бала құқықтары туралы Қазақстан
Республикасы Заңының 1-бабының 1-бөлігінде баланың он сегіз жасқа толмаған
(кәмелетке толмаған) тұлға екені көрсетілген [4, 25 бет]. Бұл тұрғыда
Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында жасқа байланысты қазіргі халықаралық
стандарттарға жауап беретін специфика көрініс тапқан.
Енді кәмелетке толмағандардың психологиялық дамуына тоқталайын.
Қазіргі қоғамдағы құндылықты қайта құрулар Мен шыңына жылдам өрлеуші
қабілетті еркін тұлғаны таңдауға бағытталған.
Бұл адамдық болмысқа қарай қозғаушы күш ретінде ізгілікті құл-
шыныспен қарауға, оның тұлға екендігіне және оның тарапынан ойлау
қабілетіне ерекше назар аударуды күшейтеді.
А.Н. Леонтьев іс-әрекет мотиві, оның мәні және мақсатты жүзеге асыруға
дайындық арасындағы өзара диалектикалық байланыстарды анықтап берді. Іс-
әрекет мәні мен мотивтері дамуына қарай туындап отыратын өзара байланысқан
біртұтас жүйе тұлғаның психологиялық іргетасын құрайды.
Бүкіл келешек өмірінің құндылықтарын анықтауға қабілетті басты
тұлғалық маңызды қасиеттерді қалыптастыру үшін жасөспірім-жет- кіншектердің
жасы, әсіресе сензитивті (ашық, қолайлы, табысты) болып келеді. Міне,
сондықтан бүгінгі таңда тұлғаны жан-жақты етіп дамыту мәселесінде,
жасөспірім және жеткіншектердің жастық кезеңдеріне қатысты болып келетін
ювеналдық қызмет ерекше қызығушылық тудыруда.
Заңдық тәжірибеде ювеналдық жас шекаралары 14 пен 18 жас аралығы болып
саналады. Психологиялық көзқарас тұрғысынан бұл жастық кезеңі біржақты бола
алмайды, өйткені ол әлеуметтік мәдени факторлардың ықпал етуінен
қалыптасатын психикалық функциялардың дамуының арнайы ерекшеліктері бар кеш
өсуді және ерте жастықты біріктіреді.
Ювеналдық кезең онтогенездің бір болігі ретінде үлкен өмірді
меңгеруді енді бастағалы отырған тұлғаның өзін-өзі тану және өзін- өзі
қалыптастыруының қиын процестерімен ұштасып жатады. Адам өмірінің ювеналдық
кезеңі жөніндегі психологиялық білім болашақ заң кызметкеріне іс жүзінде
кәсіби сенімді шешім қабылдауына комектеседі.
Осындай қылмыстылыққа алып келетін, девианттық мінез құлыққа
тоқталайық. Ювеналдық кезеңдегі дамудың тиімді жағдайлары тұлғаға
әлеуметтік ортамен өзара тиімді ара қатынастарды, былайша айтқанда,
әлеуметтік бейімделуді қамтамасыз етеді. Бұл оның барысында жасөспірім
бейімдеушілік маңызы бар әлеуметтік мінез құлықтардың механизмдерін игеріп
және оның нұсқауларын меңгеретін, әлеуметтік ортамен өзара байланыс процесі
әлеуметтендіруге жатқызылады.
Тұлғаның жайсыз жағдайда дамуы өзінің шешімін табу барысында мөлшерден
асып кететін, тұлғалар арасындағы және тұлғалар ішіндегі жанжалдармен
байланысты болатын, сөйтіп, жасөспірімнің әлеуметтік ортамен өзара
байланысын бұзуға ықпал ететін, жағымсыз мінез құлықтардың реакциясы -
бейімделу бұзылысына (дезадаптацияға) әкеліп соғуы мүмкін. Тұлғааралық
қатынастар саласында бейімделу бұзылысының диагностикалық белгілері болып
агрессия, депрессия, алаңдаушылық мінез- құлықтың қарсылығы және т.б.
саналуы мүмкін.
Бейімделу бұзылысы жағдайында бұрынғы уақыттары мұндай мәселелер
жөнінде ешқандай қарама қайшылықтар болмаған, жастардың мінез-құлқының
шектен шығып кетуімен және нұсқауларды орындаудан бас тартуымен қатар жүруі
мүмкін.
Тиісінше, жастардың психологиялық белсенділігінің динамизимі бір жақты
шарада оны әлеуметтік қолайлы жағынан суреттесе, сонымен қоса бас тартушы,
әлеуметтік жағымсыз бейне ретінде де көрсетеді.
Жастардың жағымсыз мінез-құлықтарын девиантты немесе ауытқу деп
атайды.
Ауытқулы (немесе девиантты) мінез-құлық (латынша deviatio - ауытқу) –
қоғамда қабылданған құқықтық, рухани нормаларға және психологиялық
салауатты нормаларға қайшы келетін іс шараларды және жекеленген
әрекеттердің жүйесі.
А. И. Ковалеваның анықтамасы бойынша: Ауытқап кететін мінез-құлық
қоғамның қалыптасып отырған моральдық және құқықтық талаптарына сәйкес
еместігін анықтайтын, жеке адамдардың немесе қоғамның жекеленген топтарының
мінез-құлықтарының жеткіліксіз ұйымдастырылған үлгісі. Нормативті,
дәстүрлі шеңберден шығып кету ерекше іс-қимылдар жасау арқылы әл ауқаттың,
сол сияқты қызмет етудің сипаты мен жағдайларының ауысуына байланысты.
Осылайша девиантты мінез-құлық термині институттықтан тысқары мінез-
құлықтармен байланысты болатын, мөлшерден алшақтаумен белгіленеді. Мұндай
мінез-құлық қоғамда қабылданған құқықтық, рухани нормаларға және денсаулық
психикасының нормаларына керісінше , өзінің нақты мүмкіндіктерін көрсету
арқылы зерттеу, оқып білу, тәжірибе жасауды қолдау түрінде жастық шақта жиі
пайда болады[5, 34бет].
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының
жалпы сипттамасыдеп аталатын екінші бөлімде, келесі мәселелер
қарастырылады; кәмелетке толмағандар қылмыстылығының түсінігі,
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамаларына сәйкес кәмелетке
толмағандардың қылмыстық жауаптылығы, кәмелетке толмағандарға катысты
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру мәселелері және
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығымен күресудің шетелдік тәжірибесі.
Кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдердің қылмыстық іс-әрекеті
күрделі әлеуметтік проблема, ол өзімен бірге бірқатар мәселелерді көтеруді
қажет етеді. Осыған байланысты бұл мәселе ғалымдар мен практик заңгерлердің
терең зерттеу жүргізуінің объектісі болуын қажет етіп отыр.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы ұғымы ең алдымен екі терминмен
тығыз байланысты екенін ұғынуымыз қажет. Өйткені, оның құрамында жалпы
қылмыстылық мәселесімен қатар, жасы кәмелеттік жасқа толмай тұрып қылмыс
жасаған адамдардың қылмыстық жауаптылығын шешумен байланысты кешенді
сұрақтардың болуымен байланысты.
Жасы кәмелетке толмағандардың жауаптылығы жайлы мәселе
қылмыскерлікпен күресті шешуде маңызды орын алады. Құқық бұзушылық үшін
қолданылатын жауаптылықтың түрлі салалары бар болатын болса, сондай
салалардың бірі - қылмыстық жауаптылық.
Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауаптылығыҚазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің Жалпы бөлімінің 15 бабы (қылмыстық
жауаптылық басталатын жас шамасы) және 6 бөлімнің баптарымен реттеледі.
Қазақстан Республиқасы Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық
жауаптылыққа 16 жастан, тек кейбір қылмыстар үшін ғана 14 жастан тартылады.
ҚР ҚК 15-бабында ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін, кісі өлтіру (96-бап),
денсаулықка қасақана ауыр зиян келтіргені (103 бап), зорлау (120 бап), адам
ұрлау (125-бап), ұрлау (175-бап), тонау (178- бап), қаракшылық (179-бап),
қорқытып алу (181-бап), жарылғыш заттар мен жару кұралдарын ұрлау не
корқытып алу (255-бап), т.б. да қылмыс жасағандары үшін қылмыстық
жауаптылыққа тартылып, заң алдында әділ жазасын алады.
Кәмелетке толмағанның құқықтық мәртебесі оның қоғамдық-Құқықтык
қатынастар жүйесінде алатын орнымен аныкталып, оның қажеттіліктері мен
мүдделерін канағаттандыру бойынша нақты қалыптасатын шынайымүмкіндіктермен
және оған қойылатын талаптармен сипатталады. Жалпы құқықтық мәртебеге
қарағанда кәмелетке толмағанның жеке мәртебесі динамикалы және ол нақты
тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің ерекшеліктерін сипаттай отырып, адам
өмірінде болатын нақтыоқиғаларға байланысты өзгеруге бейім. Кәмелетке
толмағандардың құқықтық мәртебесі Қазақстанда танылған халықаралық құқық
ережелерінен тұрады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында
неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болатындығы
бекітілген. Конституциялық құқық нормалары адам және азамат құқықтары мен
бостандықтары саласында балалар мен үлкендердің тең жағдайын бекіткен. Бала
құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселесі дүниежүзілік қауымдастықтың
басты мәселесі болып отыр. Кәмелетке толмағанның құқықтық мәртебесі
дегеніміз құқық субъектісі ретінде даралайтын кәмелетке толмағантұлғаның
құқықтары, бостандықтары және міндеттері мемлекетпен танылатын және
кепілдік беретін жүйе болып табылады.
Бірінші кезекте, бала - отбасылық қатынастың субъектісі болып
табылады, ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері балалардың
заңмен белгіленген тәртіппен куәландырылған тегіне негізделеді (Неке және
отбасы туралы Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы). Барлық уақытта
қоғамның әлеуметтік құрылымында әлеуметтік қажеттілігі оның
мұқтаждықтарымен сипатталатын адамдардың тұрақты тобы ретінде отбасына
маңызды рөл беріледі. Президенттің Қазақстан-2030 атты Қазақстан халқына
жолдауында көрсетілгендей, неке және отбасы институтын бекіту мәселесін
талқылау керек.
Кәмелетке толмаған адам құқықтық қатынастың субъектісі ретінде
танылмайды. Оларға қатысты құқық нормасында көзделген санкциялар толық
көлемде қолданылмайды. Алайда, әрекет қабілетсіздік немесе ішінара әрекет
қабілеттілік кәмелетке толмағандардың тарапынан жасалатын құқықбұзушылықты
ақтамайды. Басты мақсат - кәмелетке толмағандардың олар қатысатын кез-
келген құқықтық қатынастардағы артықшылық жағдайын анықтау, ол құқықтар
кешенінің болуымен және міндеттердің жоқтығымен анықталады. Арнаулы
құқықтық мәртебе заңдық нормалармен белгіленген мемлекеттегі, қоғамдағы
құқықтық жағдай ретінде, сол мемлекеттің қызмет қағидаларымен нақтыланған,
жеке тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі аркылы қол
жеткізілетін және Неке мен отбасы туралы, Баланың құқықтары туралы,
Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және кәмелетке толмағандар үйлері
туралы, Шектеулі мүмкіндіктерге ие балаларды әлеуметтік және медициналық-
коррекциялык колдау туралы Қазақстанның заңдарымен бекітіледі. Кұқық
бұзушылық субъектісі және құқықбұзушылық үшін заңды жауаптылық
субъектісі ұғымдарын ажыратуға байланысты туындайтын қарама-қайшылықтарды
кәмелетке толмағанның деликт қабілеттілігін анықтау арқылы шешуге болады.
БҰҰ Бас Ассамблеясының Қарарымен 1985 жылы қабылдаған Пекиндік
ережелеріне сәйкескәмелетке толмағандарға катысты сот төрелігі барлық
кәмелетке толмағандар үшін әлеуметтік әділеттілікті жан-жақты қамтамасыз
ету ауқымында әрбір елдің ұлттық даму процесінің құрамдас болып болып
табылады, сонымен қатар бір мезгілде жастарды қорғауға және қоғамда бейбіт
тәртібін қолдауға ықпал етеді [6, 87 бет].
Пекиндік ережелер кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі
жүйесінің мақсатын балалардың қолайлылығын қамтамасыз ету ретінде
айқындайды, оның процесуалдық кепілдіктері ретінде: кінәсіздік
презумпциясы, тағылған айып туралы хабардар болу құқығы, айғақ беруден бас
тарту құқығы, адвокатқа кұқығы, ата-анасы мен қамқоршысының қатысуына
құқығы, куәлармен беттесуге құқығы және жоғары тұрған инстанцияға шағымдану
құқығы табылады. Кәмелетке толмағандардың кұқықтық мәртебесінің кепілі
судьялардың мамандану және кәсіби шеберлігі қағидасына негізделген сот
төрелігі болып табылады. Балалардың мұндай санатына қатысты мемлекеттің
ювенальды саясаты оларды қылмыстық ортаның зиянды әсерінен қорғау үшін
шараларды белсендіруге бағытталуы тиіс. Сондықтан да сот отырысы кәмелетке
толмағандардың мүддесіне жауап беріп, түсінушілік, кұпиялылық жағдайында
жүзеге асырылуы керек.
Баланың Құқықтары туралы ҚР Заңында балалардың мүдделеріне орай
мемлекеттік саясат мақсаттары айқындалған, бірақ оны іске асыру тетіктері
жоқ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан -
балалықты қорғау тұрғысында атты 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарлама жобасын әзірледі, алайда қазіргі сәтте бағдарлама бекітілмеген.
Осы бағдарлама балаларды қорғау және олардың құқықтарын сақтау саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі стратегиялық бағыттарын және бала жасындағы
халықтың барлық санаттарының әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін
қамтамасыз етудің жүйелі жүйесін жасауды көздейді. Кәмелетке толмаған
балалардың құқыққа қарсы кызметін ескерту мақсатында Кәмелетке толмағандар
арасындағы кұқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз
және панасыз қалуының алдын алу туралы Заң кәмелетке толмаған балалар
арасындағы кұқық бұзушылықтардың, қадағалаусыздықтың және панасыздықтың
алдын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz