Қазақ халқының салт дәстүрлері. Қазақтың төрт тойы



Қазақтың төрт тойы.

Наурыз мейрамы – күн мен түн тепе – теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егіп, игілікті жұмыстар атөарады. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды. Сондықтан да наурыз тойын «тепетеңдік», «игілік», «жаңару», мейрамы деп атайды..

Қымызмұрындық – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын – жекжаттар бірін – бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын – сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той- томалақтар да өткізіледі.

Мизам (Сабан той) Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын – сауықтар өткізілді.

Соғым басы – қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз
түскен сәттен басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға
сақтаған малдарын сойып, бірін – бірі қонаққа шақырады.
қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса,
ертегі айтып, жұртты қызыққа батырады.

Дәстүрлі үйлену тойы.

1. Қыз таңдау. Бойжеткеннің тал бойынан табылуға тиіс қасиеттер бағаланған соң, жігіттің қасындағылар оның әке – шешесіне сездіреді.
2. Қыз айттыру. Жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, «қызыңның қарғы бауына » деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға, сақиналар сыйланады.
3. Жаушы жіберу. Жаушы шалбарының бір балағын етігінің қонышына сыртына шығарып, екініш балағын қонышқа сұғындырып, ақ түсті атқа мініп, қыздың үйіне келіп, «қарағым көрпе сал» деп бұйырады. Қыз үйі жаушыға «шеге шапан» кигізеді.
4. Құда түсу тойы. Жігіттің туған – туысқандары құдалыққа қыз апуылына барады. Мал сойылып, оның бауыздау қанына құдалар қол батырып, бата бұзбауға серттеседі. Құйрық – бауыр жегізу, құда тарту, ұн жағу т.б. орындалады.
5. Есік – төр көрсету тойы. Қыздың туған – туысқандары жігіт ауылына қарсы тойға барады. Құда түсу тойындағы кәделер қайталанады
6. Ұрын той. Күйеу баланың қалындығымен кездесуіне мүмкіндік туғызу үшін ұрын той өткізіледі.
Ентікпе, шатыр байғазысы, балдыз көрімдігі, қыз қашар, күйеу
қашырар, желі тартар, ит ырылдар,
бақан саларо, үйге кірер,кемпір өлді, шымылдық ашар, төсек
салар, қыз құшақтатар, шаш сипар,
көрпе қимылдатар кәделері алынады.
7. Қыз ұзату тойы. Ат байлар,құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық шаншар, туырлық жабар, түндік жабар, отау байғазысы кәделері алынады.Қыз бен жігіт ақ отауда оңаша кездеседі. Некесі
қиылады.Түрлі ойын – сауық өткізіледі, жар – жар
айтылады.Қыз аттанарда «сыңсу» айтады
8. Келін түсіру тойы. «Беташар» айтылады. Той негізінен қыз
ұзату тойымен бірдей өткізіледі.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқының салт – дәстүрлері

Салт – дәстүрлердің түрлері.

1. Ырымдар 1. Үйлену тойы 1. Жалпы
халықтық тойлар
мен 2. Бала тәрбиелеу
2. Кәсіптік мейрамдар
нанымдар дәстүрлері
3. Жерлеу салты
2. Діни рәсімдер
мен мейрамдар

Ырымдар мен нанымдар.Он және теріс бата, жылан арбау, күн жайлату, ауруды
емдеу, кәрі жілікті іліп қою, отқа май салу,
дуалау, бәдік, алғыс – қарғыс, бақсылық және т.б.

Діни рәсімдер. Намаз оқу, ораза ұстау, зекет- садақа беру, қажыға бару.

Діни мейрамдар. Ораза айт, құрбан айт

Жалпы халықтық тойлар. Наурыз мейрамы, Қымызмұрындық, Сабантой
(мизам), Соғым басы.
Кәсіптік мейрамдар. Биебайлау, сіргежияр, жүн қырқар, тулақшашар, күйек
байлау, шашыратқы, уызқағанақ және т.б.

Қазақтың төрт тойы.

Наурыз мейрамы – күн мен түн тепе – теңдікке келген сәттен бастап
тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егіп,
игілікті жұмыстар атөарады. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара
бастайды. Сондықтан да наурыз тойын тепетеңдік, игілік, жаңару,
мейрамы деп атайды..

Қымызмұрындық – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын
үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып,
ағайын – жекжаттар бірін – бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып,
түрлі ойын – сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той-
томалақтар да өткізіледі.

Мизам (Сабан той) Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған
той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын – сауықтар өткізілді.

Соғым басы – қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз
түскен сәттен басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға
сақтаған малдарын сойып, бірін – бірі қонаққа шақырады.
қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса,
ертегі айтып, жұртты қызыққа батырады.

Дәстүрлі үйлену тойы.

1. Қыз таңдау. Бойжеткеннің тал бойынан табылуға тиіс қасиеттер бағаланған
соң, жігіттің қасындағылар оның әке – шешесіне сездіреді.
2. Қыз айттыру. Жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, қызыңның
қарғы бауына деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға,
сақиналар сыйланады.
3. Жаушы жіберу. Жаушы шалбарының бір балағын етігінің қонышына сыртына
шығарып, екініш балағын қонышқа сұғындырып, ақ түсті атқа мініп, қыздың
үйіне келіп, қарағым көрпе сал деп бұйырады. Қыз үйі жаушыға шеге
шапан кигізеді.
4. Құда түсу тойы. Жігіттің туған – туысқандары құдалыққа қыз апуылына
барады. Мал сойылып, оның бауыздау қанына құдалар қол батырып, бата
бұзбауға серттеседі. Құйрық – бауыр жегізу, құда тарту, ұн жағу т.б.
орындалады.
5. Есік – төр көрсету тойы. Қыздың туған – туысқандары жігіт ауылына қарсы
тойға барады. Құда түсу тойындағы кәделер қайталанады
6. Ұрын той. Күйеу баланың қалындығымен кездесуіне мүмкіндік туғызу үшін
ұрын той өткізіледі.
Ентікпе, шатыр байғазысы, балдыз көрімдігі, қыз қашар, күйеу
қашырар, желі тартар, ит ырылдар,
бақан саларо, үйге кірер,кемпір өлді, шымылдық ашар, төсек
салар, қыз құшақтатар, шаш сипар,
көрпе қимылдатар кәделері алынады.
7. Қыз ұзату тойы. Ат байлар,құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық шаншар,
туырлық жабар, түндік жабар, отау байғазысы кәделері алынады.Қыз бен
жігіт ақ отауда оңаша кездеседі. Некесі
қиылады.Түрлі ойын – сауық өткізіледі, жар – жар
айтылады.Қыз аттанарда сыңсу айтады
8. Келін түсіру тойы. Беташар айтылады. Той негізінен қыз
ұзату тойымен бірдей өткізіледі.

Қыз таңдау дәстүрі.

№ Қызға қойылатын талаптар Талапқа сай ұлттық түсінік
1 Қыз бен жігіт арасындағы Жеті атасын білмеген жетесіз.
туыстық жеті атаға толуы Жеті атасын білген жігіт жеті жұрттың қамын
ойлайды. Жеті атаға толыстық, жеке ел
болыстық.
2 Қыз бен жігіт арасындағы Отау тігер жас – жігеттерде 19 бен 25, ал
жас үйлесімі болуы қыздарға 16 мен 19. Жиырмаға жеткен қыз
сары болар, өңі кетіп, шырайы сары болар.
(Шал ақын)
3 Қыздың ақылдылығы Әйел алсаң, қарап ал ақылдысын, Ол сенің
ақыреттік жақың кісің. (Шал ақын)
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,
Ата – ананың қызынан қапы қалма
(Абай)
4 Қыздың тектілігі Тегіне қарап қызын ал
Соғуына қарап қау ас.
Көріп алған көріктіден,
Көрмей алған текті артық.
Аяғын көріп асын іш,
Шешесін көріп қызын ал.
5 Қыздың сымбаты мен көркі Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне.
Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу,
Махаббаттың отына күйген сұлу.
Ақылына көркі сай
6 Қыздың іскерлігі Өнерсіз қыздан без.
Өнегесіз ұлдан без

Ер жігітке қойылатын талаптар.

№ Халықтық талап Талапқа сай түсінік
1 Кескін келбеті Еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді,
қара қасты, кең маңдайлы, қыр мұрынды,
қияқ мұртты, кең иықты, шешен тілді, жау
жүректі т.с.с
2 Қадір – қасиеті. Қырандай алғыр, сұңқардай ер,
арыстандай айбатты, жолбарыстай
қайратты, қасқырдай өжет, нардай төзімді
т. с. с
3 Қабілет икемі. Ел басқаратын, дау шешетін, жомарттық
жасайтын.
4 Зерде - зейіні Тылсым сырды ұға алмайтын.
5 Өнер - өрісі Өмірден әперер сыбағасын
6 Тапқырлық - ерлігі Дұшпанға найза сұға алатын
7 Қайрат - қаруы Аяқтан шалғанды жыға алатын
8 Жігер - күші Қиындықта сыналатын.
9 Білімі. Биікке бастап шыға алатын
10 Адалдығы Туған елі мен дос – жарандарына адал
болатын
11 Әділеттігі Қара қылды жаратын
12 Шыншылдығы Қаймықпастан, турасын айтатан

Құдалардың түрлеріне байланысты атаулар.

№ Атауы Түсінік
1 Құда Күйеу мен қалыңдықтың аталары мен әкелері,
аға – інілері мен туған туыстары
2 Құдағи Қарама – қарсы жақтың, әжелері, шешелері,
апалары
3 Құдаша Қарама – қарсы жақтың сіңілері
4 Бел құда Туылмаған (белдегі) балаға ниет құдалар
5 Бесік құда Құданың бұл түрі ел ішінде Қызылдай құда,
қарын құда, құрсақ құда деп те аталады.
6 Қарсы құда Ұлы мен қызын бесіктегі кезінде атастырған
құдалар, кейбір жерде бесік кертпе құда,
бесік кертті құда делінеді.
7 Бас құда Бір – бірімен қыз алысып, қыз беріскен қат –
қабат құдалар
8 Жанама құда Екі жақтың сөзін сөйлер құдалар.
9 Бауыздау құда Мал бауыздағанда бата берген құда.

Кіндік кесу дәстүрі.

Рс Кіндік шешенің атқаратын Кіндік кесуге байланысты салт –
міндеті. дәстүрлер
1 Жүкті болған әйелді күту Екі жас үйленіп жатқан кезден кіндік
шеше болуды қалап алатын әйелдер
болады. Ол үшін алдымен екі жасты
арнайы қонаққа шақырып, өз
дастарханынан дәм тарттырады. Осыдан
кейін екі үй арасында да қарым –
қатынас жиілеп,, жарастық орнайды.
Жүкті әйелді күтімге алады.
2 Босану кезінде басы- қасында Толғақ мерзімі жақындағанда жеке үй
болу дайындалады. От жағып, су жылытылады.
Үйдің іші – сырты дүние мүлкі
мұнтаздай тазаланады. Осы істердің,
басы – қасында кіндік шеше ұйтқы
болып, жүреді. Жүкті әйелді толғақ
үстінде кіндік шеше демеп тұрады және
олай – бұлай жүруіне де рұқсат
етіледі.
3 Кіндігін кесу Кіндікті ақбалтамен кесіп, таза жіппен
байлап, түбіне күл сепкен. Ақ балтаны
өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап
қойған. Ер баланың кіндігін ырымдап
үй күшік болмасын деп қырдан асырып
лақтырған. Ал қыз баланың кіндігін
үйдің құты болсын деген оймен от
басы, ошақ түбіне көмеді. Оқымысты
болсын днп кітаптың, ат құлағында
ойнасын деп аттың жалына байлайды.
4 Балаға қамқорлық жасау. Дүниеге келген сәбиді емізбестен бұрын
таза суға малынған қасқырдың жүнімен
ауыздандырған. Бала ер жетіп ел
қатарына қосылғанша кіндік шеше өз
назарынан тыс қалдырмай әрдайым қамқор
болып жүрген.

Балаға ат қою дәстүрі.

№ Балаға ат қоюдағы салт – Түсінік.
дәстүрлер
1 Артық саусағына қарай ат қою Артық, Артықәлі, Артықбай, Қосекен.
2 Балаға тіл – көз тимейді деген Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай
ниетпен ат қою. т. б
3 Баланың дені сау, жаны берік Тасболат, Тастемір, Шымырбай.
болуы үшін ат қою.
4 Баласы шетіней берген үйде жас Аман, Амангүл, Есен, Жүрмін, Тұрсын,
сәбиге ат қою. Тұрсынгүл, Тоқтар.
5 Бала – шағаларының өмірі ұзақ Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжаса, Мыңжасар,
болсын, көп жасасын деген Өмірбек, Сексенбай, Тоқсанбай,
ниетпен ат қою. Ұзақбай.
6 Бұрын – соңды болған қару – Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек,
жарақ аттарына байланысты. Садақбай, Шоқпарбай т. б
7 Елдің ардақты азаматтарының Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Исатай,
атын солардай батыр, дана, Сәкен, Сәбит, Сырым, Төлеби, Ыбырай,
өнерлі болсын деген ниетпен жаңаМахамбет, Қазыбек т. б
туылған балаға ат қою.
8 Ерекше көзге түсетін белгілерінеАнарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет,
қарай ат қою. Меңдібай, Сүндет т. б
9 Ислам дінінің әсеріне байланыстыҒали, Жамая, Зылиха, Иса, Мұхамбет,
ат қою. Омар, Оспан, Хадим, Сүлеймен т. б
10 Қыз аттарына аспан әлемінің, Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз,
аңдардың, асыл тастардың қымбат Күміс, Құралай, Мақпал, Меруерт,
металдың нәзік өсімдіктердің Раушан, Шолпан, Шынар т. б
атын қою.
11 Мерзімінен бұрын дүниеге келген Лекер, Шалабай, Шалабек.
балаға ат қою.
12 Мұрат – мақсатыма жеттім – ау Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат
деген ниетпен.
13 Соңғы балаға ат қою. Кенжебай, Кенжетай, Кенжегүл
14 Төрт түлік мал, аң мен құстарға Арыстан, Алабай, Бота, Ботагөз,
байланысты. Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш.
15 Ұлы жоқ үйде қыз туғанда Болған, Тойған, Ұлболсын, Ұлжан,
Ұлту, Ұлтуған т.б.

Шілдехана тойы.

№ Шілдеханада орындалатын салт –Түсінік.
дәстүрлер.
1 Бала дүниеге келген күні кешкеӘйел аман – есен босанған күні кешке
ауыл жастары шілдеханаға ауыл жастары шілдеханаға жиналады.
жиналады.. Шілдехана кейде үш күнге созылады.
2 Өнерлі жастар таң атқанша Бұған өерлі жастар шақыртпай келіп, таң
жаңа туған баланы, оның анасынатқанша көңіл көтереді.
ардақтап ән салып, күй
тартады.
3 Қыз – келіншектер мен Қыз – келіншектер мен бозбалалар
бозбалалар айтысады. айтысып, жеңгендері тоғызын алады.
4 Әртүрлі ойындар Жастар түнді қуаныш қызықпен өткізеді.
ұйымдастырылады.
5 Шілдеханаға тек қана жастар Шілдеханаға ауыл үлкендері қатыспайды.
қатысады. Жаңа туған нәрестені әртүрлі жын –
шайтан, перілердің салқынынан қорғап,
күзету халық сенімі бойынша тек қана
жастардың міндеті.

Баланы бесікке салу дәстүрі.

№ Баланы бесікке салуда Түсінік
орындалатын салт –
дәстүрлер.
1 Бесіктің жабдықтарын Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке
орын – орындарына қою салады. Бұл томалаққа жиналған ауылдың көрші –
қолаң әйелдері шашуларын ала келеді. Баланы
бесікке салардан бұрын ауылдың жасы үлкен,
беделді әйелі бесік жабдықтарын орын –
орындарына қояды. Содан кейін бесікті
адыраспанмен аластап шығады.
2 Адыраспан түтінімен Баланың ұйқысы тыныш болу үшін және жын –
бесікті аластап шығу. шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып,
түтетіп, баланы бесікке бөлерден бұрын бесікті
айналдыра ырымдайды. Кейде бесіктің бел ағашына
қыздырылған темір тигізіп, те ырымдайды.
3 Тыштыртыма ырымын Баланы бесікке бөлерден бұрын тыштырма ырымы
жасау. жасалады. Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсақ,
кәмпит және басқа тәтті дәмдер жапа тарамағай
астына тосылған алақандарға тасталады. Басқарушы
әйел, тышты ма дегенде, қасындағы әйелдер іле
– шала тыштым деп шу ете түседі. Әрбір
жақсылықты үнемі шашу шашумен қарсы алатын
халқымыздың бұл дәстүрі балаға бесік құт
дарытсын деген ниетпен туған рәсім.
4 Бала бөленген бесіктің1 – бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон
үстіне жеті нәрсе жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдармен
жабу. жабады. Тон, шапан жабу ержеткенде халықшыл
болуына, жүген тез өсіп, ат үстіне ойнақ салсын.
Кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген
тілек.

Баланы қырқынан шығару дәстүрі.

№ Баланы қырқынан шығаруда Түсінік.
орындалатын салт –
дәстүрлер.
1 Ұл баланы қырқынан шығару Ұл баланы қырқынан 37, 39 күнде шығарады.
мерзімі. Бұл ұл баланың қызға төлейтін қалың малы
аз болсын деген ниетте істеледі.
2 Қыз баланы қырқынан шығару Қыз баланы қырық күннен асырып 42 – 44
мерзімі. күнде қырқынан шығарады.
3 Баланы шомылдыру. Бұл кәдеге жиналған ауыл әйелдері ыдысқа
40 қасық су құйып, теңгелер салған суға
баланы шомылдырады.
4 Сүт тырнағын алу Баланың тырнағын алғаннан соң адам
баспайтын жерге көміп тамтайды.
5 Қарын шашын алу. Бұл шашты шүберекке түйіп, тұмарша етіп,
тігіп, баланың оң иығына қадайды. Жалпы
баланың шашын еш уақытта ашық – шашық
жерге тастамайды. Адам аяғы баспайтын
жерге көміп отырады. Қарын шаштың
қарғысы қатты болады деген мақал да осы
салтқа байланысты.
6 Ит көйлегін ауыстыру. Баланың қырқынан шыққанша киетін ит
көйлегіне сәбиді қырқынан шығару үстінде
түрлі тәттілерді түйіп, бір иттің
мойынына байлап қоя береді. Жас балалар
итті қуып жетіп, тәттілерді өзара бөлісіп
алады. Бойныа бала бітпей жүрген әйелдер
қалап алатын дәстүр бар. Баланың анасы ит
көйлекті жыртып береді.

Нәрестені тіл – көзден сақтау дәстүрі.

№ Нәрестені тіл – көзден Түсінік.
сақтау дәстүрлері.
1 Нәрестені тіл – көзден Нәрестені тіл – көзден сақтау үшін
сақтау дәстүрлері. нәрестенің бесігіне, киіміне тұмар
ретінде, жылан басын, үкі, тоғыз моншақ,
күміс тиындарды іліп қойған.
2 Көз тиді деп секем алу. Егер көз тиді деп секем алған жағдайда
сол адамның үйінен бір нәрсесін әкеліп
түтетеді. Осылайша қас күштердің беті
қайтады. Баланы тіл – көзден сақтайды
деген сенім болған.
3 Нәресренің ата – анасы әлде Егер нәрестенің ата – анасы көңіліне
біреудің нәрестеге сұқтана алған жағдайда, іле – шала оған түкірту
қарағанын, балаң балпақтайырымын жасатады. Көзінде қалы бар
екен деген сөзін көңіліне адамның қарағаны тегін жібермейді деп
алу. осындай белгісі бар адамның келуінен
қатты сақтанады.
4 Нәресте сұлқ түсіп, қатты Осының көзі тиді - ау деген адамды
ауырып қалған кезде. таптырып алып, оған түкіртеді. Басқа да
сан түрлі ұшықтау ырымдарын жасайды.
5 Нәрестеге жұрттың назары Нәрестені көзден тасалап, оған көбінесе
түспеуі үшін. жаман – жәутік, ескі – құсқы кигізіп, бет
аузына әдейі күйе жағып қояды.

Жүкті болған келінді күту дәстүрі.

№ Жүкті болған келінге
жасалатын салт – дәстүр. Түсінік.
1. Керегеге орамл тану. Келіннің жүкті болғанын сезген ене
Атамыздың аруаға біліп, қолдап
жүрсіндеп ауылдағы үлкен үйдің оң
керегесіне ақ орамал таңады.
2. Құрсақ шашу. Келін жерік болғанда кішігірім той
істейді. Бұған әйелдер өз үйлерінен бір
–бір дәм пісіріп әкеледі.
3. Жуамен тамақтандыру. Келіннің тәбетін ашу үшін жуа әкеліп
жегізеді.
4. Сағыз шайнату. Іштегі бала шымыр болсындеген ниет.
5. Саз,топырақ, қызыл ірімшік Баланың сүйегі берік болу үшін жегізеді.
жегізу.
6. Келін көңілібас қосуын Келіннің көңілін көтеру үшін, жастардың
өткізу. бас қосуын ұйымдастыру.
7. Арқан еспеу. Бала кіндігіне оралып қалуы мүмкін.
8. Теңді буу, қаптың аузын Керісінше жабулы заттарды алуға, буулы
жабуға рұқсат етпеу. нәрселерді шешуге болады.
9. Түйе етін жемеу. Жүкті әйел баласын 9ай емес 12ай көтеруі
мүмкін.
10. Келіннің етегін бүру, Түсік болдырмауы үшін жасалады.
далаға жалғыз шығармау.

Баланы сынау дәстүрі.

№ Балада болатын Баланың баламасын болжау белгілері.
қасиеттер.
1. Бақытты, жары сұлу. Ұл бала көзін ашып ұйықтайтын болса.
2. Балуан. Бетінде қалы болса.
3. Ел басқаратын көсем.Жастықтың үстінде ұйықтайтын болса.
4. Жайдары. Маңдайы кең болса.
5. Жайдары, ақкөңіл. Шалқасынан жатып ұйқтайтын болса.
6. Жалқау. Желкесінің шұқыры үлкен болса.
7. Кемеңгер. Аяқ –қолын төрт жаққа созып бей –жай ұйықтайтын
болса.
8. Күйеуі көрікті. Қыз болса көзін ашып ұйықтаса.
9. Күйеуі. Баланың бір құлағынан екінші құлағы үлкен болса.
10. Қызғаншақ, кейде Етпетінен ұйықтайтын болса.
ойшыл.
11. Мырза. Алақаны ашық, алсңсыз емес.
12. Өтірікші. Құлағы мен ауызының арасы жақын болса.
13. Сараң. Анасының омырауын тас қылып ұстап отырып алса.
14. Сері. Бас бармағы үлкен,сүйрік болса.
15. Уайымшыл. Бүктісіп ұйықтайтын болса.
16. Шебер. Бармағы майысқан болса.
17. Ынжық. Көрпені тұмшалап орап алып жататын болса.

Баланы: 1. Асырап алу дәстүрі.
2.Cүндетке отырғызу дәстүрі

№ Бала асырап алуда
орындалатын Түсінік.
салт –дәстүрлер.
1. Міндетті түрде тойҚазақ халқында негізінде өз кіндігінен ер баласы
жасау. жоқ адамдар туыстарының, ағайындарының баласын
асырап алатын. Көбінесе ер балаларды, ал оның
реті елгенде қыз баланы да асырап ала беретін.
Малды адамдар атшаптырып той жасаса, дәулеті
шағындар құрмалдық жасайды.
а Ер балаға асық Баланың қолына жілік ұстатып, көпшілікті бұған
жілік, қыз балаға куә ету болса асырап алатын әке мен шешенің де
тоқпақ жілік жұрт алдында оларды тумады деп бөлмеу туралы
ұстау. беретін уәдесі, анты. Жұрт алдында жілік ұстану
салтй екі жағынан да бала аяу, бала беру ісіне
ризашылығын білдіру.
ә Ер баланы ашамайғаЕр балаларды жілік ұстауға қосымша ашамайға
мінгізу. мінгізу жорасы да бар. Өйткені баланы бауырға
салу көбінесе оның 5-6жасар кезінде болады. Бұл
кезде баланың атқа мініп үйренетін кезі. Әрине
тым жақын туыстар арасында балалары есейіп қалған
кезде де бола береді. Ал бөтен елден алғанда
болса мүмкіндігінше жастау болу керек.
2. Сүндет тойды Қалыптасқан дәстүр бойынша ата – бабаларымыз ер
өткізетін күнді балаларын 5.7-не 9-жасында сүндетке отырғызады.
белгілеу. Сүндет тойын өткізетін сәтті күн алдын – ала
белгіленеді.
а. Қонақтарды тойға Тойға қонақтарды баланың өзі шақырады. Оның
шақыру. бауырсақ пен кәмипт толтырылған қоржынынанат
басын тіреген үй иесі дәм татады да түсті матаны
жыртып, бала мінген жорғаның жалына байлайды.
ә. Сәрсенбі күні Сәрсенбінің сәтті күні баланы сүндетке
баланы сүндетке отырғызады. Тойға келген адамдар сүндетің қабыл
отырғызу. болсын!деп, баланың айналасына жеміс – жидек пен
тәтті дәмдер толтырылады.

Бала тәрбиелеу дәстүрлері.

№ Бала тәрбиелеудегі
салт – дәстүрлер. Түсінік.
1. Құрсақ шашу. Жүкті болған келіннің енсі ауыл әйелдерін
шақырып қонақ етеді.олар өз үйлерінен бір
–бір дәм пісірп әкеледі. Оның себебі
–келіннің жерік болып жүрген асын тауып
беру.
2. Жарыс қазан. Толғата бастаған келіннің енсі қыстай
сақтаған жылы –жұмсағын қазанға салып,
жарыс қазанасу қамына кіріседі. Бұл
келін тез босансын деген ниеттен туған
ырым.
3. Шілдехана. Жаңа туған нәрестені әртүрлі жын
-шайтан, перілердіңсалқынынан, қорғап,
күзету үшін.
4. Сүйінші. Немерелері болған әже сүйінші сұратып жас
балалар мен келіндерін жан –жаққа
жібереді.
5. Балаға ат қою. Нәрестеге үш күннен қалмай ат қойылады.
6. Бесік тойы. Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін
бесікке салады.
7. Баланы қырқынан шығару. Қырық күн толғаннан соң нәрестенің сүт
тырнағымен қарын шашыалып, теңгелер
салған су құйып, шомылдырады.
8. Тұсаукесер тойы. Сәби жүре бастаған кезде ата –анасы балам
тез жүріп кетсіндеген оймен жасалады.
9. Тілашар тойы. Бүлдіршіннің тілі жеке –жеке сөздерді
айтуға икемделе бастаған кезде,шығуы үшін
дәстүрлі тілашартойы ырымын жасайды.
10. Атқа мінгізу тойы. Баланың буыны бекіп, ат үстінде өзін -өзі
ұстап отыра алатындай жағдайға жеткенде
ашамай ерге мінгізіп үйретеді.
11. Сүндет тойы. Ер балаларды 5-7 -не 9жасында сүндетке
отырғызады.
12. Тоқым қағар. Бала бірінші рет үйінен алысқа
жолаушылағанда өткізіледі.

Қыз ұзату дәстүрлері.

№ Қыз ұзатуда орындалатын
салт – дәстүрлер. Түсінік.
1. Күйеу келген соң, Ақ отауды тігу үстінде мынадай дәстүрлі
қалыңдыққа пен жігітке рәсімдер орындалады;
арналған ақ отау тігу. 1. құдай жолы; 6. түндік жабар;
2.кереге керер; 7. үзік жабар;
3. шаңырақ көтерер; 8. бау – шу байлар;
4.уық шаншыр; 9. отау байғазысы;
5.туырлық жабар; 10.мойын ұсынар;
2. Отауға түсу. Түн ортасы ауа күйеу жігіттің ақ отауда
оңаша кездесуі отауға түсудеп аталады.
Қыз жеңгелері қалыңдыққа ен күйеуге ақ
шүберек (неке жаулық)салып, тілеуін тілеп,
екі жасты бөлек қалдырған. Қалыңдық
пәктігін жоғалтпаса онда жеңгелері сүйінші
сұраған.
3. Тойға шақыру. Той басталардан екі күн бұрын жан – жаққа
шақырушылар жіберіледі, алыстағы
ағайындылар екі – үш ай бұрын хабардар
болады.
4. Қыздар мен жігіттер Жастар қараңғы түсісімен – ақ киіз үйдің
арасындағы айтыс. іргесін түріп тастап қыздар іште, жігіттер
сыртта тұрып, қызу айтысты бастаған
жеңілген жақ уақ – түйекпен бір тоғыз
төлеген.
5. Сыбағалы табақтарды Ең үлкен жүлде ат бәйгесіне беріледі.
тарту. Балуандар күресі,Бірінші бәйгеге түйе бастатқан тоғыз.
көкпар, ат бәйгесі, Екінші бәйге ат бастатқан тоғыз.
түрлі ойындар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың салт-дәстүрлері туралы ақпарат
Қазақтың салт-дәстүрлері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу
Ұлттық салт- дәстүрлерін көмекші мектепте оқу- тәрбие үрдісінде пайдалану
Үйлену салтына байланысты туған өлеңдердің жанрлық сипаты
Ұлттық салт-дәстүрлер негізінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі әдістемелік нұсқау
Ұлттық тәрбие тағылымы
Қазақ салт-дәстүрлері
Қазақтың салт - дәстүрлері туралы зерттеген ғалымдар
Қазақтың салт – дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру
Пәндер