Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы және дамуы



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы және дамуы
2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары

ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын қызметі. Тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілікпен және белсенді ізденумен байланысты шаруашылық кызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерліктің субъектілері жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, кооперативтер және мемлекет. Кәсіпкерлік объектілеріне шаруашылык қызметтің кез келген түрі, коммерциялық, делдалдык, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар жатады.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Өндірістік кәсіпкерлік - тауарлар мен қызметтер, ақпараттар, рухани кұндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Бұл кәсіпкерліктің негізін өндіріс процесі кұрайды.
2. Коммерциялық кәсіпкерлік — тауарлар мен қызметтерді сатып алусатумен айналысатын қызмет түрі. Өнім өндірісімен айналыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шеңберінде болса алып сатарлыққа жатпайды.
3. Қаржылық кәсіпкерлік - сатып алу-сату объектісі ақша, бағалы қағаздар, валюта болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің бір турі. Делдалдық кәсіпкерлік - бір келісімге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызмет. Осындай қызмет көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
4. Сақтандыру кәсіпкерлігі — сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы.
Кәсіпкерліктің барлык түрі табыс алуға бағытталған. Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен байланысты емес. Оның әр турлі варианттары мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылатын капиталдың толық меншікті болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын да қолдануға болады. Алайда, қарыз капиталы пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі өседі. Ал тәуекел дегеніміз- жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен салыстырғанда, табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдығы.
Кәсіпкерлік қызмет әрқашан да жаңалықты іздеу, игерумен тығыз байланыста болуы қажет. Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады: классикалық және инновациялық. Біріншісінің мәні -бизнесмен өз кызметін қарамағындағы бар ресурстардан максимальды қайтарым алу есебімен ұйымдастыруға ұмтылады. Екінші модель өзінде бар ресурстарын ғана емес, сондай-ақ сыртқы ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады. Өзінің және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесі дамуының тиімді варианттарымен шұғылданады.
1. Кәсіпорын экономикасы: А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов
Алматы 2003 ж.

2. Қазақстанда аралас экономика кезіндегі индустриалдық-инновациялық саясат және кәсіпкерлік: мәселелер, концепциялар, шешімдер.
Б.Н. Исабеков .Түркістан 2004 ж.

3. Кәсіпкерлік негіздері. М.Б. Бисенғариев, А.Ш.Хамитов Орал 2001 ж.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы және дамуы
2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары

ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда
алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік
жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын қызметі. Тәуекелмен, ынтамен,
іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілікпен және белсенді ізденумен
байланысты шаруашылық кызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады.
Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерліктің субъектілері жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар,
акционерлік қоғамдар, кооперативтер және мемлекет. Кәсіпкерлік
объектілеріне шаруашылык қызметтің кез келген түрі, коммерциялық,
делдалдык, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы
қағаздармен жүргізілетін операциялар жатады.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Өндірістік кәсіпкерлік - тауарлар мен қызметтер, ақпараттар,
рухани кұндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Бұл кәсіпкерліктің негізін
өндіріс процесі кұрайды.
2. Коммерциялық кәсіпкерлік — тауарлар мен қызметтерді сатып алусатумен
айналысатын қызмет түрі. Өнім өндірісімен айналыспайды.
Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы
жасалады. Егер бұл операциялар заң шеңберінде болса алып сатарлыққа
жатпайды.
3. Қаржылық кәсіпкерлік - сатып алу-сату объектісі ақша, бағалы қағаздар,
валюта болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің бір турі. Делдалдық
кәсіпкерлік - бір келісімге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызмет.
Осындай қызмет көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
4. Сақтандыру кәсіпкерлігі — сақтандырған оқиға болған кезде ғана
қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше
формасы.
Кәсіпкерліктің барлык түрі табыс алуға бағытталған. Кәсіпкерлік қызмет
тек бір ғана меншік формасымен байланысты емес. Оның әр турлі варианттары
мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін
қолданылатын капиталдың толық меншікті болуы міндет емес деген сөз. Қарыз
капиталын да қолдануға болады. Алайда, қарыз капиталы пайданың белгілі бір
бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің
экономикалық тәуекел дәрежесі өседі. Ал тәуекел дегеніміз- жоспар немесе
болжауды қарастырылған вариантпен салыстырғанда, табыс алмаудың немесе зиян
шегудің ықтималдығы.
Кәсіпкерлік қызмет әрқашан да жаңалықты іздеу, игерумен тығыз байланыста
болуы қажет. Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады:
классикалық және инновациялық. Біріншісінің мәні -бизнесмен өз кызметін
қарамағындағы бар ресурстардан максимальды қайтарым алу есебімен
ұйымдастыруға ұмтылады. Екінші модель өзінде бар ресурстарын ғана емес,
сондай-ақ сыртқы ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады.
Өзінің және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесі
дамуының тиімді варианттарымен шұғылданады.
1. Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы және дамуы.

Нарықтық қатынастарға өту кезеңінде экономикалық реформаны сәтті жүзеге
асыру кәсіпкерлікті жан-жақты дамытуды ұйғарады, ал Қазақстанның 2030
стратегиясынан шығатын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде басты
рөл ойнайды.
Кәсіпкерлік - ел экономикасының жандануы мен одан әрі қарай дамып,
тұрақты өсуінің қамтамасыз етілуін іске қосушы тұтқасы ретінде бизнестің әр
алуан түрлері мен ұйымдық формаларынан тұратын нарықтық шаруашылықты
қалыптастыру мен оның жұмыс істеуінде үлкен маңызға ие. Ол өзінің
икемділігіне және өзгермелі нарықтық жағдайларға тез бейімделуіне
байланысты теңдессіз артықшылықтарының негізінде нарықтық экономиканың
мобильді және нәтижелі секторына, сонымен қатар маңызы құрылымдық және
бәсекелестік нарықтық механизмнің маңызды интеграциялық элементіне жатады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың нәтижесінде ұсақ және орта сериялы
өндірістер негізінде нарықты тауар және қызметтерге жергілікті шикізат
ресурстары мен өндіріс қалдықтарын кеңінен пайдалану, қоғамның "орта
сыныбын" қалыптастыру және халықты жұмыспен қамту мақсатында қосымша еңбек
салаларын және жұмыс орындарын көбейту мәселелері тез арада шешімін табады.
Әсіресе, жұмыссыздык деңгейі елеулі белең алған кезеңде кәсіпкерліктің
қосымша еңбек салаларын және жұмыс орындарын көбейтуге ықпал етуі оның
маңыздылығы мен артықшылығын елеулі дәрежеде арттырады. Кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын құрылымдарда жоғары қарқынмен жұмыс орындарын құру
және осының негізінде халықты мүмкіндігінше толық жұмыспен қамтамасыз ету
елімізде және оның жекелеген аймақтарында жұмыссыздықтың салдарынан
туындаған әлеуметтік шиеленістерді азайтады. Сондықтан дамыған нарықтық
экономикасы бар елдерде кәсіпкерліктің, әсіресе, шағын орта және ірі бизнес
сияқты түрлеріне деген қызығушылық азаюдың орнына арта түсуде. Мұны
бизнестегі жеке сектордың кеңеюі де растайды, бұл елдерде сол
экономикасының анағұрлым үлкен секторын алып жатыр және оның үлесіне жалпы
ішкі өнім мен экономикалық белсенді тұрғындардың айтарлықтай бөлігі келеді.
Мысалы, дамыған елдердің экономикасында шағын және орта деңгейдегі
шаруашылықтардың үлесі 90%-дан асады. Осы шаруашылықтар жалпы ішкі өнімнің
50%-ын өндіріп, барлық жұмысшылардың 80%-ын жұмыспен қамтып, жыл сайын
еңбек нарығында қалыптасатын барлық жаңа жұмыс орындарының 75%-ын
қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында да тұрғындардың жұмыспен қамтылуын арттыру және
нарықты отандық тауарлар мен қызметтерге молықтыру мақсатында
кәсіпкерліктің шаруашылықты жүргізу тәжірибесіндегі техникалық-өндірістік
және әлеуметтік-экономикалық потенциалын толығырақ пайдалану үшін оның
пайда болуы мен дамуына үлкен мән берілуде. Елде оның тәуелсіз дами
бастағаның түрлері мен формаларының, Қазақстанның қайта қалыптасушы
экономикасының құрамдас бөлігі ретінде қалыптасу үрдісін қамтамасыз ету
және нарықтык қатынастарға өту жағдайларында әлеуметгік-кономикалык қайта
құрылуларды жүзеге асыруда, олардың рөлін жоғарылату үшін 20-дан астам заң
және нормативтік актілер қабылданды. Сонымен бірге инфляция деңгейін
төмендету, меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру, тіркеу
процедураларын қарапайым түрге келтіру және нарықтық жұмыс істеуіндегі
бәсекелестік режимді күшейту бойынша жалпы экономикалық шаралар дайындалды,
олар іс жүзінде жүзеге асырылу кезінде кәсіпкерліктің пайда болуы мен жер-
жерлерге таралуына және дамуын ынталандыруға қолайлы мүмкіндіктер туғызды.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік алғашқы рет кооперативтік
бастамада шағын кәсіпорындар түрінде 1992 ж. пайда болды. Ол кезде олар
34506 бірлікті құрады. Олардың үлесіне республикадағы жұмыспен қамтылған
жалпы жұмысшылар санының 6%-ы және ЖІӨ 7%-ы тиді. Бұл кезеңде
кәсіпкерлікті құру мен дамыту үшін сонау 1990 желтоқсанда қабылданған
КССР-да шаруашылық қызмет еркіндігі мен кәсіпкерлікті дамыту туралы заң
маңызды мәнге ие болады, келесі жылдары оған өзгерістер мен толықтырулар
енгізіліп, толықтырылады және 1992 жылы шілде айында "Жеке кәсіпкерлікті
қорғау және қолдау туралы" жаңа Заң қабылданды. Аталмыш заңда жеке
кәсіпкерлікті қорғау мен қолдаудың негізгі түрлері мен әдістері бекітіліп,
мемлекеттің жеке кәсіпкерлік қызметке тікелей араласуына тыйым салатын
құқықтық нормалар да қамтылды. Мемлекет тарапынан атқарылып жатқан осындай
іс-шараларға қарамастан, кәсіпкерлік қызмет саласындағы белсенділік әлі де
болса арта қойған жоқ. 1994 жылдың бас кезінде жеке кәсіпорындардың саны
15,7 мыңға жетіп, осы кәсіпорындарда жалпы 164 мың адам жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтары шығады,
оларла негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен
кәсіпкерлік қызметпен айналасушыларға қызметтерінде еркіндікті қамтамасыз
ететін кепілдемелер көрсетілген.
Жеке кәсіпкерлікті, оның ішінде шағын және орта бизнесті қолдау және
дамыту саясатын жүзеге асыру үшін бірқатар қаулы қабылданды.
Әсіресе, Қазақстан республикасы Президентінің "Жеке кәсіпкерліктің
дамуын мемлекеттік қолдау мен ынталандыруға бағытталған іс-шаралар туралы"
Қаулысы кәсіпкерлік құрылымдардың қызметін шектейтін қиыншылықтар мен
тосқауылдарды жоюға үлкен септігін тигізді. Аталмыш қаулыда өндірістік
салада жұмыс істейтін кәсіпкерлерге, сондай-ақ, жеке, отбасылық және
фермерлік шаруашылықтарға қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыру жөніндегі
нақты іс-шаралар кешені қарастырылды. Осы қаулының ережелерін іс жүзінде
орындау және еліміздің облыс орталықтарында кәсіпкерлік қызметтің дамуын
қолдау үшін бос турған өндіріс орындары мен аяқталмаған нысандарды және жер
учаскелерін кәсіпкерлік құрылымдарға беру және сату, қала және аудан
әкімшіліктерінің жанынан құрылған қорлардың кепілі мен қаржылық гарантиясы
негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеу жұмыстарын жүргізу,
пәтерлерді өндірістік қызмет пен сауда-саттық орындары ретінде қайта
жоспарлау кезінде құжаттарды қайта толтыру процедураларын жеңілдету
шаралары атқарылды.
Дегенмен, мемлекеттің инфляцияны ауыздықтау мақсатындағы қатаң ақша-
несие және бюджеттік реттеудің нәтижесінде кәсіпкерлік саласында пайда
болған дағдарысты үрдістер, оның дамуында маңызды қиыншылықтарды туындатты
және шағын бизнеспен айналысушы шаруашылық субъектілердің санының
төмендеуіне әкелді. Мысалы, 1996 ж. шағын бизнес субъектілерінің саны 24030
бірлікке дейін қысқарды, яғни жұмысшылар саны мен жалпы ішкі өнімдегі үлесі
бойынша, ал олардың үлестері жоғарыда көрсетілген мәліметтер бойынша
сәйкесінше 5,2% және 6% дейін қысқарды. Мұндай қысқарудың орын алу
себептерінің қатарына шағын бизнес субъектілеріне салынатын салықтардың
ставкаларының шектен тыс жоғары болуын, олардың қолдарында ақша
қаражаттарының болмауын жергілікті үкіметтердің олардың іске деген
бюрократиялық араласуларын, бақылаушы және тексеруші органдар тарапынан
олардан алынатын заңсыз алымдары және т.б жатқызуы тиіс.
Бірақ та 1997 ж. кәсіпкерліктің пайда болуы мен даму тәжірибесінде, ең
алдымен, шағын бизнес құрт өзгеріске ұшыраған жыл ретінде орын алды, ол
кезде шағын кәсіпорындардың қысқаруларының тоқтауы былай тұрсын, олардың
саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда көптеген есе өсті. Мысалы, 1997 ж.
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын шағын кәсіпорындар саны ел
бойынша 123 мың бірлікті құрады, ал жеке кәсіпкерлердің саны 196 мың
адамға жетті, бұл көрсетілген жылы жеке кәсіпкерлік саласының айтарлықтай
кеңейе тускендігін куәландырады. Занды және жеке шағын кәсіпкерлік
тұлғаларының тез кобеюіне 1997 ж. шыққан ҚР Президентінің 2-ші Жарлығы
үлкен ықпал жасады - "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамуын
белсендендіру шаралары туралы", "ҚР-да аймақтык шағын кәсіпкерлікке қолдау
көрсету мен дамыту бағдарламалары және приоритеттер туралы" және шағын
кәсіпкерліктің, соның ішінде шағын бизнестің өзекті проблемаларын іс
жүзінде шешү үшін сол жылы осылардың негізінде қабылданған бірқатар заң
және нормативтік актілер. Солардың қатарында ел басшылылығын 1997 ж.
наурыздағы №325 "Шағын кәсіпкерліктің ақпараттық-көрме орталығын құру
туралы" және 1997 ж. 26 көктемтегі №665 "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын
құру туралы" Қаулылары мен 1997 ж. маусымда қабылданған "Шағын
кәсіпкерлікті қолдау туралы" Заңы маңызды орындарға ие, біздің
республикамызда шағын бизнесті одан әрі дамыту бойынша бағдарламалық
құжаттарға айналды.
Дегенмен, кәсіпкерліктің құрылымы заң-құқықтық, негізінен, ресми
құжаттардан тұрады, олар шағын бизнестің мәртебесі мен критерийлерін
анықтай отырып, оған заңды шаруашылық формасын береді және сәтті жұмыс
істеуіне көмек пен қолдау көрсету бойынша бір қатар шараларды ұйғарады.
1997 ж. маусым айында қабылданған "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
туралы" Заңында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің пайда болу шарттары мен
олардың шаруашылыктарының көлемі. Бұл заң шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне ойын және шоу-бизнестен басқа кез келген кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыруға мумкіндік береді. Заңда көрсетілгендей "заңды тұлға
ретінде құрылмаған жеке тұлға да, сондай-ақ, жұмысшыларының орташа саны 50
адамнан аспайтын және активтерінің жалпы құны жылына орташа есеппен 1000-ға
тең бір айлық есеп айырысу көрсеткішінен аспайтын кәсіпкерлік қызметпен
айналысушы заңды тұлға да шағын кәсіпкерлік субъектісі бола алады".
Сонымен, қатар шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құрылтайшысына жататын бір
занды тұлғаның жарғылық капиталға салған салымы оның жалпы сомасының 25%-
дан аспауы керек. Егер бұл шек бұзылатын болса, онда заңды тұлға
жеңілдіктерден айырылады. Заңда құқықтық шарттармен қатар шағын
кәсіпкерлікті дамыту үшін оның субъектілеріне арналғаны әділетсіз
бәсекелестік пен бақылаушы органдарының негізсіз араласуынан қорғайтын
бірқатар кепілдемелер де ұйғарылған.
Осылайша Қазақстанда елдегі қалыптасушы нарықтық экономикаға қажетті
масштабтарда кәсіпкерлік қызмет еркіндігін және оның пайда болуы мен сәтті
дамуын қамтамасыз ететін, шағын бизнестің берік құқықтық негізі құрылды.
Осыған байланысты соңғы жылдары елімізде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын
субъектілер санының тұрақты өсіп келе жатқандығы байқалады.
Кіші және орта кәсіпкерліктің қызметі жайлы негізгі көрсеткіштер 2013
қаңтар-тамыз

пайыздарда берілген
  Белсенді Субъектілердің Тауардың
субъектілердің саны өндірілуі
саны
Қазақстан Республикасы102,8 105,1 101,4
Ақмола облысы 99,1 103,8 100,2
Ақтөбе облысы 100,7 108,0 102,1
Алматы облысы 92,9 100,6 101,9
Атырау облысы 100,7 108,2 101,3
Батыс-Қазаөстан облысы102,0 108,5 101,8
Жамбыл облысы 106,4 103,2 104,5
Қарағанды облысы 104,8 104,5 101,2
Қостанай облысы 98,7 102,8 100,6
Қызылорда облысы 114,9 110,3 100,5
Манғыстай облысы 105,1 107,4 100,6
Оңтүстік Қазақстан 99,2 101,1 101,5
облысы
Павлодар облысы 102,2 106,3 100,8
Солтүстік Қазақстан 98,6 101,6 100,2
облысы
Шығыс Қазақстан облысы96,9 103,6 101,5
Астана облысы 106,2 108,0 101,7
Алматы облысы 123,2 109,6 101,6

2.Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары

Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі
белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі. Меншік формасына
байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді.
Мемлекеттік кәсіпкерлік - әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы
жоғары, үкіметтің каржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында
болатын кәсіпкерліктің түрі. Жеке кәсіпкерлік -бір ғана адам айналысатын
бизнес. Жеке сектор мемлекетікке қарағанда бірқатар артыкшылықтарға ие:
* қызмет сферасын тандау еркіндігі;
* бизнес көлемінің шектелмеуі;
* катаң бағамен шектелмеуі.
Әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өндірісті өзі жасай
алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген
салыктан босатылған. Бірақ кемшілігі капиталдың аздығы мен жауапкершіліктің
шектелмеуінде жатыр.
Экономиканың жеке меншік секторындағы кәсіпорындар кәсіпорын иелері бір
немесе бірнеше адам болып келулеріне, кәсіпорын жұмысы үшін
жауапкершіліктеріне, кәсіпорынның жалпы капиталына жеке капиталдарды қосу
тәсіліне байланысты бөлінеді.
Серіктестік - екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнес.
Серіктестіктің бірнеше түрлері бар. Енді олардың әрқайсысына тоқталайык.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - кәсіпорынға өз қаражатын қосқан
адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзі қосқан каражат мөлшерінде ғана
жауапкершілік көтереді.
Жауапкершілігі шектеусіз серіктестік - кәсіпорынға өз каражатын
қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзінің барлық
мүліктерімен ортақ жауапкершілікте болады.
Толық серіктестік - мүшелердің үлестік (пай) меншіктігіне негізделген.
Серіктестіктің барлық мүшелері шаруашылық қызметтің нәтижесі бойынша
өздерінің жеке мүліктерімен толық жауапкершілікті көтереді. Қаржылы жылдың
корытындысы бойынша серіктестік тапкан таза табыс қатысушылар арасында
олардың жарғылык капиталға қосқан үлесіне сәйкес бөлінеді.
Артықшылығы: айтарлықтай қаражатты салыстырмалы түрде қысқа мерзім
ішінде жинақтауға болады; қаражат салу бағытында жұмыла кірісіп кете алады,
экономиканың әр түрлі салаларына қаражат салуда әртүрлілікті колдана алады.
Кемшілігі: таза табысты бөлу кезінде серіктестікке қатысушылар арасында
қиындық туады; салык салуда жеңілдік жоқ.
Командитті серіктестік - үлестік меншікке негізделген. Командитті
серіктестік өзінің салымы мөлшерінде жауапкершілік көтеретін, салымшы
мүшелерді (коммандистер) және міндеттеме бойынша толық ортак жауап беретін
толық жолдастарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарын дамыту
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы 1861-1917 жж
Кәсіпкерліктің даму жолындағы қиындықтарды жеңу және шетелдік тәжірибе
Кәсіпкерлік әрекеттің Қазақстанда даму ерекшеліктері
Кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікті дамыту
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
ҚР-да кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына талдау
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы туралы ақпарат
Мемлекеттік кәсіпкерлік секторының функцияларының механизмі
Кәсіпкерлік экономикалық категория ретінде
Пәндер