Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.0 Теоретикалық лексикографияның ғылыми негіздері ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Лексикография теориясы туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1.1 «Лексикография» ұғымының мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1.2 Біртілді оқу сөздігін түзу ісіндегі ішкі
лексикологиялық заңдылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.1.3 Сөздіктердің жанрлары мен типтері туралы ілім ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.1.4. Сөздіктің элементтері мен параметрлері туралы ілім ... ... ... ... ... ... ... 20
1.1.5 Біртілді оқу сөздігіндегі лексикографиялық құрастырма
негіздері туралы ілім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
1.1.6 Бастапқы материалдар (картотекалар) туралы ілім ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
1.1.7 Сөздік түзу ісін жоспарлау мен ұйымдастыру туралы ілім ... ... ... ... ... 38
1.2 Лексикография тарихының мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
1.2.1 Сөздіктер тарихын зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
1.2.2 Типтік лексикографиялық мәселелерді шешу тарихы ... ... ... ... ... ... ... .49
2.0 Шағын көлемді біртілді оқу сөздіктерінің
құрылымдық негіздері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
2.1 Оқу лексикографиясы терминінің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
2.2. Оқу сөздігінің дидактикалық құндылығы мен антропоөзекті
бағдары туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59
2.3. Оқу сөздіктерін түзудегі градуалдылық ұстанымының
қолданым ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
2.4 Біртілді оқу сөздігінің лексикалық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66
2.4.1 Біртілді оқу сөздігіндегі құрылымдық сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66
2.4.2 Оқу сөздігіндегі минимум мәселесі. Біртілді оқу сөздігінің
«ортақ минимум» негізі туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
2.5. Біртілді оқу сөздігіне лексикалық бірліктерді сұрыптап
алу ұстанымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..78
2.5.1 Біртілді оқу сөздігіне алынатын лексикалық бірліктердің
қолданым жиілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 79
2.5.2 Біртілді оқу сөздігіне алынатын лексикалық
бірліктердің тақырыптық таралымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..104

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..118
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..121
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Лексикография өзге ғылым салаларымен тығыз байланыстағы, көптеген жағдайларда осы ғылым салаларының тоғысында, шек-арасында дамып отыратын ғылыми пән болып саналады. Қоғамдық сананың көрінісі ретіндегі, ұжымдық тәжірибені жинақты түрде бейнелейтін ғылыми шығарма ретіндегі лексикографиялық туындыларды түзудің ғылыми-теориялық мәселелері тіл білімінің әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттаным салаларымен тікелей байланысты. Лексикография теориясы ұғымның, зат пен құбылыс атауларының мағыналарына түсінік беру жағынан семасиологиямен, тілдегі сөздік құрамның жиынтығы ретінде лексикологиямен, ғылыми апарат пен метатіл мәселелері жағынан логикамен, тіларалық коммуникацияға байланысты аударма теориясымен, басқа да көптеген ғылым салаларымен тығыз байланыста. Сөздік атаулының, бір жағынан, ғылыми өнім, екінші жағынан, ақпарат көзі, үшінші жағынан тілді үйрететін дидактикалық туынды болып саналатыны белгілі. Тілдің табиғатын зерттейтін көпқырлы ғылым саласы ретінде лингвистиканың дидактикамен тоғысатын жерлері көп. Осы екі ғылым саласының ара-жігінде пайда болып жатқан ғылыми пәндер де жеткілікті. Солардың бірі – лексикографиядағы жаңа салалардың бірінен саналатын оқу лексикографиясы.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұсынылып отырған жұмыс шағын көлемді біртілді сөздіктің ғылыми негіздерін, сөзтізбе құрамы мен құрылымдық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Осы сала бойынша қазақ тіл білімінде жүргізілген зерттемелердің көпшілігі өзге тілді азаматтарға арналып жасалатын екітілді аударма сөздіктердің құрылымын қарастыруға бағышталған болатын. Бірінші кезекте өз ана тілін үйренушілерге бағдарланған, екіншіден Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін өз бетінше үйренгісі келетін өзге тілді (отандас және шетелдік) азаматтар үшін де өте пайдалы болатын біртілді шағын сөздіктің құрылымы іс жүзінде бұған дейін зерттелген емес. Көпұлтты, көп конфессиялы республика жағдайында халықты ұйыстыратын басты факторлардың бірі мемлекеттік тіл болғандықтан, оны үйренуге қолайлы жағдай тудыру - ғылыми қауымның басты міндеттерінің бірі. Қазақ тілін өз бетінше үйренуге арналып түзілетін шағын көлемді сөздіктерді түзудің ғылыми негіздерін зерттеу осы аталған міндетті жүзеге асыруға қызмет етеді. Оқу лексикографиясының теориялық мәселелерінің жан-жақты зерттелінбеуі, зерттелген жағдайда да тәжірибеге енгізілмеуі еліміздегі сөздік түзу ісінің жай-күйіне кері әсерін тигізуде. Осы жайт қазақ тілінің қолданымға ыңғайлы шағын көлемді сөздіктерін зерттеу мен құрастыру ісіне тікелей қатысты. Дидактикалық, ғылыми және анықтамалық интенциялардың теңгермелі болуын ескере отырып жасалатын біртілді шағын оқу сөздігінің ғылыми-теориялық негіздерін зерттеу қазіргі таңдағы қазақ теоретикалық лексикографиясында маңызды мәселеге айналып отыр. Аталған жайттар зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
1. Соссюр Ф.де. Труды по языкознанию. М., 1977.
2. Смирницкий А.И. К вопросу о слове (Проблема «отдельности слова») // Вопросы теории и истории языка в свете трудов И.В.Сталина по языкознанию. М., 1952.
3. Щерба Л.В. Опыт общей теории лексикографии // Известия АН. Отд. л-ры и языка‚ 1940. Вып.3. С. 89-117;
4. Денисов П.Н. Основные проблемы теории лексикографии: автореферат дис. ...докт. филол. Наук. М., 1976.
5. Морковкин В.В. Об объеме и содержании термина «лексикография» // Вопросы языкознания, 1987. №1.
6. Maһn E.A. Pһ. Darstellung der Lexіcograpһіe nacһ allen іһren Seіten // Eіn Beіtrag zur pһіlologіscһen Erklarungskunst, besonders des A.T. fur bіblіscһe Exegeten und Spracһforscһer uberһaupt. Bd.І. Rudolstadt, 1817.
7. Гак В.Г. Лексикография // Лингвистический энциклопедический словарь. М.‚ 1990. С. 258-259.
8. Денисов П.Н. Практика, история и теория лексикографии в их единстве и взаимообусловленности // Словарные категории. М., 1988. С.25-33.
9. Гвишиани Н.Б. К вопросу о метаязыке языкознания // Вопросы языкознания, 1983. №2. С.64-72.
10. Никитина С.Е. Семантический анализ языка науки. М., 1987. С.93-109.
11. Касарес Х. Введение в современную лексикографию. М.‚ 1958.
12. Tollenaere F.de. Nieuwe wegen in de lexicologie. Amsterdam, 1963.
13. Булаховский Л.А. Введение в языкознание. Ч.2. М., 1953.
14. Галкина-Федорук Е.М. Современный русский язык. Лексика. М.,
1954.
15. Карпович А.Е. О лексикографической терминологии // Современная русская лексикография / Сб. ст. Л.‚ 1977. С. 205-210.
16. Большой энциклопедический словарь. Языкознание. М., 1990.
17. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы,
Сөздік – Словарь, 2005. – 440 б.
18. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966.
19. Современный словарь иностранных слов. М.‚ 1992.
20. Берков В.П. Вопросы двуязычной лексикографии (Словник). Л.‚1973. 190 с
21. Лайонз Дж. Введение в теоретическую лингвистику. М., 1978, 146).
22. Гак В.Г. Грамматика и тип словаря // Слово в грамматике и словаре. М., 1984.
23. Ысқақов А. Кіріспе сөз // Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 1-том. Алматы, 1974. 3-22 бб.
24. Томанов М., Малбақов М. Г.Ю.Клапрот қазақ тілі жайында // ҚР ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. 1989. №1.
25. Букин И. Русско-киргизский и киргизско-русский словарь. Ташкент, 1883.
26. Лаптев И. Материалы по казак-киргизскому языку. М., 1900.
27. Ильминский Н.И. Материалы к изучению киргизского наречия. Казань, 1861.
28. Киргизско-русский словарь. Оренбург, 1897.
29. Бокин Т. Русско-киргизский словарь. Верный, 1913.
30. Абай. Қалың елім, қазағым. Алматы: Атамұра, 2002.
31. Абай. Қарасөз, поэмалар. Алматы: ЕЛ, 1993.
32. Махамбет. Алматы: Арыс, 2001.
33. Малбақов М. Қазақ тілі түсіндірме сөздігінің құрылымдық негіздері. Филология ғылымдарының докторы диссертациясы. Алматы, 2003.
34. Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречии. Том 1-4. СПб, 1888-1911.
35. Мұсаева Ж. Қазақ лексикографиясында қолданылатын атаулардың метатілдік табиғаты. Фил. ғ.к. авторефераты. Алматы, 2006. 26 б.
36. Түсіпқалиева Р. Қазақ лексикографиясы: екітілді шағын сөздіктердің құрылымы. Ф.ғ.к. авторефераты. Алматы, 2007.
37. Көбденова Г. Қазақ тілінің тарихи лексикографиясы. Ф.ғ.к. авторефераты, Алматы, 2008.
38. Malkiel Jakob. Distinctive Features in Lexicography. A Typological Approach to Dictionaries Exemplified with Spanish, part 1-2, 1959. Univ. of California Press, Berkeley and Los Angeles.
39. Sebeok T.A. Materials for a Typology of Dictionaries. Lingua, Amsterdam, 1962, vol. XI.
40. Rey-Debove J. Etude linguistique et semiotique des dictionnaires français contemporains. The Hague – Paris, Mouton, 1971, 329 pp.
41. Дюбуа Ж., Дюбуа К. Педагогическая речь словаря // Актуальные проблемы учебной лексикографии. М., 1977. С.38-50 (перевод Г.Н.Макаровой).
42. Дубичинский В.В. Принципы лексикографирования и типология словарей // Вопросы языкознания. 1991. №5.
43. Сарыбаев Ш.Ш. Проблемы казахской региональной лексикографии. Автореф. дисс. доктора. Алма-Ата‚ 1973. 105 с.
44. Қалив Б. Қазақ тілінің қазыналы сарайы // Лениншіл жас‚ 1984‚ 20 наурыз.
45. Қалив Б. Түсіндірме сөздікке түсініктеме //Қазақ әдебиеті‚ 1988‚ 25 қараша.
46. Қалив Б. Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігі туралы // Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері. Алматы‚ 1989‚ 5-14 бб.
47. Қалив Б. Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігін статистикалық жағынан сипаттау //Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері. Алматы‚ 1989‚ 14-24 бб.
48. Қалив Б. Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінде қойылған стильдік белгілер жайында // Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері. Алматы‚ 1989‚ 143-175 бб.
49. Малбақов М. Қазақ лексикографиясының тарихы. Филол.ғ.к. авторефераты. Алматы, 1992.
50. Атабай Б.А. Л.З.Будагов сөздігіндегі қазақ сөздері. ФҒК... авторефераты. Алматы‚ 1998. 27 б.
51. Жұбанов А.Қ. Лексикография саласындағы автоматтандыру тәсілі // Қазақ тіл біліміндегі функциональдық бағыт. Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы, 2006.
52. Морковкин В.В. О базовом лексикографическом знании // Учебники и словари в системе средств обучения русскому языку как иностранному. М., 1986. С. 102-117.
53. Zgusta L. Manual of Lexіcograpһy. Praһa, 1971.
54. Караулов Ю.Н. Об одной тенденции в отечественной лексикографии // Актуальные проблемы учебной лексикографии. М., 1977.
55. Сороколетов Ф.П. Терминология и лексикография // Теория языка. Методы его исследования и преподавания. Л.‚ 1981.
56. Глебовский А.С. Эволюция структуры словарной статьи в англоязычной лексикографии (VІІІ-XX вв.): Автореф. дисс. канд. Л.‚ 1988. 17 с.
57. Гринев С.В. Основы лексикографического описания терминосистем. Автореф. дисс. ДФН.‚ М.‚1990. 43 с.
58. Түсіпқалиева Р. Қазақ лексикографиясы: екітілді шағын сөздіктердің құрылымы. Ф.ғ.к. диссертациясы. Алматы, 2007.
59. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері. Алматы‚ 1989. 176 б. 60. Жиенбаев С. Сөздіктің мақсаты мен жасалу принциптері //ҚазССР ҒА Хабарлары. 3-шығуы. Алматы‚ 1945.
61. Ысқақов А. Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігі // Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10-том.‚ 505 б.
62. Малбақов М. Сөздік түзу тәжірибесіндегі дәстүр мен жаңашылдық // Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімі. Алматы, 1999. 239-243 бб.
63. Иванов В.В. Зачатки исследования языка у хеттов // История лингвистических учений. Древний мир. Л., 1980.
64. Герценберг Л.Г., Саймуддинов Д. Лингвистическая мысль и языковедческая практика в Иране в домонгольское время // История лингвистических учении. Средневековый Восток. Л., 1981.
65. Кононов А.Н. Махмуд Кашгарский и его «Дивану лугат ит-турк» // «Советская тюркология», 1972, №1.
66. Bergstrasser G. Das Vorbild von Kasgaris Divan lugat at-turk // “Orientalistische Literaturzeitung”. 1921. №7-8. С.154-155.
67. Звегинцев В.А. История арабского языкознания. М., 1958.
68.Dubois J., Dubois C. Introduction a la lexicographie. P., 1971. р. 49-56.
69. Ленин В.И. Полное собрание сочинении. М., 1970. т. 51.
70. Гак В.Г. О некоторых закономерностях развития лексикографии (учебная и общая лексикография в историческом аспекте) // Актуальные проблемы учебной лексикографии. М., : Рус.я-к. 1977. – 320 с. зд. 11- 27.
71. Сыздықова Р. Қазақ лексикографиясының дамуындағы орыс ғалымдары мен авторларының қызметі // ҚазССР ҒА Хабарлары. Тіл-әдебиет сериясы. 1975. №1. 3-9 бб.
72. Хусаинов К.Ш. Радлов и казахский язык. Алма-Ата, 1971.
73. Аханов К. Қазақ лексикографиясы туралы ойлар // Қазақстан коммунисі‚ 1965. N2‚ 28-32 бб.
74. Кенесбаев С.К. Из истории составления двухтомного толкового словаря казахского языка. Тезисы доклада. Алма-Ата‚ 1960. С. 1-4.
75. Досмухамедова К.Х. Лексикографическое оформление имен прилагательных в большом русско-казахском словаре. Автореферат дисс...КФН. Алма-Ата‚ 1980. 22 с.
76. Алиева К.Т. Лексикографическое оформление предлогов в русско-казахских словарях. Автореферат дисс... КФН. Алма-Ата‚ 1985. 20 с.
77. Джанкараева А.И. Лексикографическое оформление наречий в русско-казахских словарях. Автореферат дисс... КФН. Алма-Ата‚ 1990. 23 с.
78. Жунусова Ж.Н. Лексикографическое оформление глагольных времен в русско-казахских словарях (непрошедшие времена). Автореферат дисс... КФН. Алма-Ата‚ 1990. 20 с.
79. Алиева Г.А. Лексикографическое оформление сложных существительных в русско-казахских словарях. Автореферат дисс... КФН. Алматы‚ 1991.
80. Агманова А.Е. Лексикографическое оформление отглагольных суффиксальных существительных со значением носителя процессуального признака в русско-казахских словарях. Автореферат дисс... КФН. Алма-Ата‚ 1990. 19 с.
81. Елибаева Р.Д. Лексикографическое оформление префиксальных глаголов в русско-казахских словарях (префиксы‚ не образующие видовых пар). Автореферат дисс... КФН. Алма-Ата‚ 1991. 20 с.
82. Муратова Б.А. Лексикографическое оформление отыменных суффиксальных существительных со значением носителя предметного признака в русско-казахских словарях. Автореферат дисс... КФН. Алма-Ата‚ 1991. 18 с.
83. Ибраева Б.М. Лексикографическое оформление глагола в казахско-русских словарях. Автореферат дисс... КФН. Алма-Ата‚ 1989. 24 с.
84. Мусатаева М.Ш. Макро- и микроструктуры двуязычного (русско-казахского) словаря. Автореферат дисс... ДФН. Алматы‚ 2000. 57 с.
85. Сарыбаев Ш.Ш. Еліктеуіш сөздердің түсіндірме сөздікте берілу тәртібі // Қазақ ССР ҒА Хабарлары. Филология‚ өнер сериясы. 1960. 1 (14) шығуы.
86. Қалиев Б. Өсімдік атауларына анықтама беру мәселесі // Вестник АН КазССР‚ 1971‚ N10. 45-52 бб.
87. Қалиев Б. Өсімдік атауларының түсіндірме сөздікте берілуі // Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. 1973. N4. 61-67 бб.
88. Бизақов С. Халық атауларын түсіндірме сөздікте беру принциптері // Қазақ ССР ҒА Хабарлары. Тіл‚ әдебиет сериясы. 1983. N3. 8-12 бб.
89. Ысқақов А. Еліктеу сөздер мен оларды лексикографиялау жөнінде // Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері. Алматы‚ 1989‚ 37-52 бб.
90. Османова А. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіндегі көп мағыналы етістіктердің лексикографиялық сипаты // Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері. Алматы‚ 1989‚ 53- 61 бб.
91. Жүрсінова М.‚ Бизақов С. Тағам атауларының он томдық түсіндірме сөздікте берілуі // Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері. Алматы‚ 1989‚ 75- 84 бб.
92. Бизақов С. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде сөз варианттарын айқындау және сипаттау жүйелері // Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері. Алматы‚ 1989‚ 85-95 бб.
93. Нүрғазиева Г. Етістікті фразеологизмдердің қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде берілуі // Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері. Алматы‚ 1989‚ 96-104 бб.
94. Бархударов С.Г., Новиков Л.А. Каким должен быть учебный словарь? // Русский язык за рубежом, 1971, №3. С.46-50.
95. Rey A. Les bases theoriques de la description lexicographique du français: tendances actuelles., Р., 1968.
96. Tһorndіke E.L. Tһe Tһorndіke-Century junіor dіctіonary. Cһіcago, 1935.; Tһorndіke E.L. Tһe Tһorndіke-Century senіor dіctіonary. Cһіcago, 1941.
97. Tһorndіke E.L., Barnһart C.L. Tһorndіke-Barnһart begіnnіng dіctіonary. 8tһ ed. Glenvіew, 1971.; Tһorndіke E.L., Barnһart C.L. Tһorndіke-Barnһart іntermedіate dіctіonary. 2nd ed. Glenvіew, 1974.; Tһorndіke E.L., Barnһart C.L. Tһorndіke-Barnһart advanced dіctіonary. 2nd ed. Glenvіew, 1974.
98. Малбақов М. Шағын тілүйренім сөздігінің минимум құрамы туралы // Тілтаным. 2008.№1.
99. Морковкин В.В., Дорогонова И.А. О новом типе лексического минимума современного русского языка // Русский язык за рубежом, 1976. №2. С.59-62.
100. Алтынсарин И. Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку. Оренбург, 1879.
101. Скопина М.А. Проблема минимизации словарного состама в русской лингводидактике // Проблемы учебной лексикографии и обучения лексике. Сб.статей. Под ред. Денисова и Морковкина. М., 1978. С.148-155.
102. Жаксылыкова К. Научные основы отбора, комплесной организаций языкого материала по казахскому языку. Алматы, 2007.
103. Күзекова З. Бастапқы кезең оқулықтарының теориялық негіздері // Академик Ә.Т.Қайдар және тіл білімінің мәселелері. Алматы, 2005. 550-557 бб.
104. Жубанов Х. Исследования по казахскому языку. Алма-Ата, 1966.
105. Джубанов А.Х. Квантитативная структура казахского текста. Алма-Ата, 1987.
106. Жұбанов А.Қ. Қолданбалы лингвистика: қазақ тілінің статистикасы. Алматы, 2004.187-200 бб.
107. Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. Алматы, 1965. 31-б. 92.
108. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары. Алматы, 1951. 76-85 бб.
109. Ысқақов А. Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. Алматы, 1967.
110. Жанұзақов Т. Тіл біліміндегі статистика // Лениншіл жас, 1965. 7 шілде, №7.
111. Бектаев К. Частотный словарь языка Абая // Материалы международного конгресса по частотным словарям. Л., 1966; Сонікі: Статистика және лингвистика // Білім және еңбек. 1967. №6.
112. Исенгалиева В.А. Тюркские глаголы с основами, заимствованными из русского языка. Алма-Ата, 1966; Хасенова А.Қ. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. Алматы, 1971
113. Ахабаев Ә., Бектаев Қ.Б. Текст единицалары және олардың сипаттамалары // Қазақ тексінің статистикасы. Алматы, 1973.
114. Аралбаев Ж. Вокализм казахского языка. Алма-Ата, 1970.
115. Татубаев С. Статистический анализ спектров гласных. АКД, Алма-Ата, 1968.
116. Джунусбеков А. Гласные казахского языка. Алматы, 1972.
117. Раимбекова М. Длительность гласных в казахском языке. АКД, Алма-Ата, 1968.
118. Кошкаров А. Спектральный анализ фрикативных согласных казахского языка в структурах типа СГС, ГСГ. АКД, Москва, 1972.
119. Кенесбаева С. К вопросу исследования протетического звука в словах арабского происхождения статистическим методом // Статистическое и информационное изучение тюркских языков. Алма-Ата, 1969.
120. Мырзабеков С. Статистико-лингвистический анализ структуры глагола современного казахского языка: Автореф. дис. канд. филол. наук. – Алматы, 1973. – 32 с.;
121. Молдабеков К. Лингвостатистические исследования казахских текстов для младших школьников: Автореф. канд. дис. филол. наук. Алматы, 1985. – 26 с.;
122. Белботаев А. Лингвостатистические характеристики частей речи казахского текста: Автореф. дис. канд. филол. наук. – Алматы, 1992. – 32 с.
123. Абай тілі сөздігі. Алматы, 1968.
124. Қазақ тексінің статистикасы. Алматы: Ғылым, 1973.
125. Құрышжанов Ә., Жұбанов А., Белботаев А. Куманша-қазақша жиілік сөздік. – Алматы, 1978. – 277 б.
126. Бектаев Қ.Б., Жұбанов А.Қ., Мырзабеков С., Белботаев А.
М.Әуезовтің «Абай жолы» романының жиілік сөздігі. Алматы, 1979.
127. Бектаев Қ.Б., Жұбанов А.Қ., Мырзабеков С., Белботаев А.
М.О.Әуезовтің 20 томдық шығармалар текстерінің жиілік сөздіктері.
Алматы-Түркістан, 1995.
128. Белботаев А., Жұбанов А., Өскенбаев С. Тіл жиілік сөздігі: «Абай»
энциклопедиясы. – Алматы, 1995. – 750 б.
129. Белботаев А. Қазақ тіліндегі жиілік сөздіктер // Ә.Қайдар және тіл
білімінің мәселелері Алматы, 2004. 38-41 бб.
130. Қалыбеков Б. 50-жылдардағы бастауыш мектеп оқулықтарының лексикалық жүйесі мен морфологиялық құрылымының статистикасы. Фил.ғ.к. авторефераты. Алматы, 2003.
131. Белботаев А.Б. Қазақ мәтiндерінде жиі қолданылатын сөздерді тіл үйретуде оқыту әдістемесі туралы //Академик Ә.Т.Қайдар және тіл білімінің мәселелері. Ғылыми конференция материалдары.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 131 бет
Таңдаулыға:   
қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
а.байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты

ӘОЖ 811.512.122’374 Қолжазба құқығында

Байниязова жанар Төлеубайқызы

ҚАЗАҚ ЛЕКСИКОГРАФИЯСЫ:
БІРТІЛДІ ОҚУ СӨЗДІГІН түзудің ғылыми негіздері

10.02.02 – қазақ тілі

филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
жазылған диссертация

Ғылыми кеңесші –
филология ғылымдарының
докторы, М.Малбақов

Алматы, 2008

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Теоретикалық лексикографияның ғылыми
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... .7
1.1 Лексикография теориясы туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1.1 Лексикография ұғымының мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1.2 Біртілді оқу сөздігін түзу ісіндегі ішкі
лексикологиялық
заңдылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...11
1.1.3 Сөздіктердің жанрлары мен типтері туралы
ілім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.1.4. Сөздіктің элементтері мен параметрлері туралы
ілім ... ... ... ... ... ... ... 20
1.1.5 Біртілді оқу сөздігіндегі лексикографиялық құрастырма
негіздері туралы
ілім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..33
1.1.6 Бастапқы материалдар (картотекалар) туралы
ілім ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
1.1.7 Сөздік түзу ісін жоспарлау мен ұйымдастыру туралы
ілім ... ... ... ... ... 38
1.2 Лексикография тарихының
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...40
1.2.1 Сөздіктер тарихын
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..41
1.2.2 Типтік лексикографиялық мәселелерді шешу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . 49
2.0 Шағын көлемді біртілді оқу сөздіктерінің
құрылымдық негіздері ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
2.1 Оқу лексикографиясы терминінің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
2.2. Оқу сөздігінің дидактикалық құндылығы мен антропоөзекті
бағдары
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 59
2.3. Оқу сөздіктерін түзудегі градуалдылық ұстанымының
қолданым
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 62
2.4 Біртілді оқу сөздігінің лексикалық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .66
2.4.1 Біртілді оқу сөздігіндегі құрылымдық
сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..66
2.4.2 Оқу сөздігіндегі минимум мәселесі. Біртілді оқу сөздігінің
ортақ минимум негізі
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..68
2.5. Біртілді оқу сөздігіне лексикалық бірліктерді сұрыптап
алу ұстанымдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..78
2.5.1 Біртілді оқу сөздігіне алынатын лексикалық бірліктердің
қолданым
жиілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...79
2.5.2 Біртілді оқу сөздігіне алынатын лексикалық
бірліктердің тақырыптық
таралымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
4

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..118
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..121

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Лексикография өзге ғылым салаларымен тығыз
байланыстағы, көптеген жағдайларда осы ғылым салаларының тоғысында, шек-
арасында дамып отыратын ғылыми пән болып саналады. Қоғамдық сананың
көрінісі ретіндегі, ұжымдық тәжірибені жинақты түрде бейнелейтін ғылыми
шығарма ретіндегі лексикографиялық туындыларды түзудің ғылыми-теориялық
мәселелері тіл білімінің әлеуметтік лингвистика, психолингвистика,
этнолингвистика, лингвомәдениеттаным салаларымен тікелей байланысты.
Лексикография теориясы ұғымның, зат пен құбылыс атауларының мағыналарына
түсінік беру жағынан семасиологиямен, тілдегі сөздік құрамның жиынтығы
ретінде лексикологиямен, ғылыми апарат пен метатіл мәселелері жағынан
логикамен, тіларалық коммуникацияға байланысты аударма теориясымен, басқа
да көптеген ғылым салаларымен тығыз байланыста. Сөздік атаулының, бір
жағынан, ғылыми өнім, екінші жағынан, ақпарат көзі, үшінші жағынан тілді
үйрететін дидактикалық туынды болып саналатыны белгілі. Тілдің табиғатын
зерттейтін көпқырлы ғылым саласы ретінде лингвистиканың дидактикамен
тоғысатын жерлері көп. Осы екі ғылым саласының ара-жігінде пайда болып
жатқан ғылыми пәндер де жеткілікті. Солардың бірі – лексикографиядағы жаңа
салалардың бірінен саналатын оқу лексикографиясы.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұсынылып отырған жұмыс шағын көлемді
біртілді сөздіктің ғылыми негіздерін, сөзтізбе құрамы мен құрылымдық
ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Осы сала бойынша қазақ тіл білімінде
жүргізілген зерттемелердің көпшілігі өзге тілді азаматтарға арналып
жасалатын екітілді аударма сөздіктердің құрылымын қарастыруға бағышталған
болатын. Бірінші кезекте өз ана тілін үйренушілерге бағдарланған, екіншіден
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін өз бетінше үйренгісі келетін
өзге тілді (отандас және шетелдік) азаматтар үшін де өте пайдалы болатын
біртілді шағын сөздіктің құрылымы іс жүзінде бұған дейін зерттелген емес.
Көпұлтты, көп конфессиялы республика жағдайында халықты ұйыстыратын басты
факторлардың бірі мемлекеттік тіл болғандықтан, оны үйренуге қолайлы жағдай
тудыру - ғылыми қауымның басты міндеттерінің бірі. Қазақ тілін өз бетінше
үйренуге арналып түзілетін шағын көлемді сөздіктерді түзудің ғылыми
негіздерін зерттеу осы аталған міндетті жүзеге асыруға қызмет етеді. Оқу
лексикографиясының теориялық мәселелерінің жан-жақты зерттелінбеуі,
зерттелген жағдайда да тәжірибеге енгізілмеуі еліміздегі сөздік түзу ісінің
жай-күйіне кері әсерін тигізуде. Осы жайт қазақ тілінің қолданымға ыңғайлы
шағын көлемді сөздіктерін зерттеу мен құрастыру ісіне тікелей қатысты.
Дидактикалық, ғылыми және анықтамалық интенциялардың теңгермелі болуын
ескере отырып жасалатын біртілді шағын оқу сөздігінің ғылыми-теориялық
негіздерін зерттеу қазіргі таңдағы қазақ теоретикалық лексикографиясында
маңызды мәселеге айналып отыр. Аталған жайттар зерттеу тақырыбының
өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің негізгі нысаны – оқу лексикографиясындағы қазақ тілінің
лексикалық негізіне бағдарланған біртілді шағын оқу сөздігін жасаудың
ғылыми-теориялық негіздері, оның сөзтізбесін түзудің құрылымдық
ерекшеліктері.
Зерттеудің пәні. Тіл білімінде лексикографияның жеке саласы ретінде
қарастырылатын оқу лексикографиясы.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Дереккөздер ретінде шағын оқу
сөздіктерінің отандық және шетелдік үлгілері, оқу лексикографиясының
жалпытеориялық, құрылымдық мәселелері зерделенетін ғылыми еңбектер, қазақ
лексикографиясының тарихы бойынша жасалған зерттемелер, шағын көлемді оқу
сөздігін түзудің тәжірибесі мен ғылыми негіздері қарастырылатын зерттеу
еңбектері пайдаланылды.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Жұмыстың ғылыми-теориялық базасы мен
әдіснамалық негізі ретінде осы тақырыпқа қатысты әлемдік лексикография мен
қазақ лексикографиясы салаларындағы Л.В.Щерба, В.П.Берков, Ж.Дюбуа,
К.Дюбуа, А.Рей, Л.Згуста, П.Н.Денисов, В.В.Морковкин, Ю.Н.Караулов,
Ш.Ш.Сарыбаев, Б.Қ.Қалиев, М.Малбақов, Р.Түсіпқалиева, т.б. ғалымдар
тарапынан жазылған ғылыми еңбектердегі тұжырымды ой-пікірлер алынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты –
жалпылама қолданымға арналып түзілетін, ортақ лексика-грамматикалық
минимумға негізделген, құрылымдық бірліктер мен сөздік құрамдағы базистік
лексиканы қамтитын шағын көлемді сөздік түзудің ғылыми-теориялық және
практикалық негіздерін анықтау. Аталған мақсатқа жету мүддесі төмендегі
міндеттерді шешуді талап етеді:
1. Оқу лексикографиясының әлемдік тәжірибесін қорыта отырып, оның
жалпытеориялық мәселелерін бағамдау;
2. Отандық оқу лексикографиясы тәжірибелерін тұжырымдау;
3. Шағын көлемді оқу сөздіктерінің құрылымына қатысты ғылыми-теориялық
әдебиетті зерделеу;
4. Шағын сөздіктің сөзтізбесіне алынатын лексикаға қатысты алғанда
тілдік сананың лексикалық базасын құрайтын бірліктердің, құрылымдық
сөздердің, жалпығылыми базистік сөздіктің құрамын анықтау;
5. Сөздік бірліктерді сөзтізбеге сұрыптап алуда басшылыққа алынатын
ұстанымдар құрамын айқындап, олардың қызмет ету ерекшеліктерін көрсету;
6. Зерттеу нысанына сәйкес сөздік түрінің сөзтізбесіне алынатын тілдік
бірліктердің сандық және сапалық құрамын айқындау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы ретінде ең алдымен
қазақ тіл біліміндегі теориялық лексикография мәселелерінің қазақ
лексикографиясы тәжірибесіне қатысты алғаш рет жүйелі түрде зерттелуін,
екіншіден, біртілді лексикография саласындағы шағын көлемді оқу сөздігінің
ғылыми-теориялық, құрылымдық мәселелерінің қазақ тілінде тұңғыш
қарастырылуын, үшіншіден, қазақ тілінің лексикалық негізін құрайтын базалық
лексика құрамын сөзтізбеде қамту мәселесінің қазақ тіл білімінде тұңғыш рет
зерттеліп отырғандығын айту қажет. Осы зерттеме арқылы шағын оқу сөздігіне
алынатын базалық лексика құрамын анықтауға мүмкіндік туып отыр.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- қазақ лексикографиясындағы оқу лексикографиясы, оқу сөздігі
атауларының орнына терминдік мәнде тілүйренім лексикографиясы,
тілүйренім сөздігі атауларын қолданған жөн;
- 4000 бірліктен тұратын шағын оқу сөздігінде қазақ тілінің лексикалық
негізін құрайтын базалық лексика толық қамтылуы қажет;
- қазақ тілінің лексикалық негізі - инвариант қызметін атқарады;
- базалық лексиканы қамтитын біртілді оқу сөздігіне алынатын лексикалық
бірліктер құрамы үш бөліктен құралады (құрылымдық сөздер, ең жиі
қолданымдағы лексикалық бірліктер, ең басты тақырыптық сөздер);
- құрылымдық сөздер - тілдегі лексикалық негіздің өзекті бөлігі;
- біртілді шағын оқу сөздігінің сөзтізбесіне тақырыптық топтар
құрамындағы негізгі атаулардың мүмкіндігінше толық қамтылуы қажет;
- сөздіктің барлық түрінде де дидактикалық интенция басым болады.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Зерттеудің теориялық тұрғыдан
маңыздылығына қатысты қазақ лексикографиясында шағын көлемді біртілді
сөздік түзудің ғылыми-теориялық негіздерінің айқындалып отырғандығын атауға
болады. Ұсынылып отырған еңбекте сөз болатын теориялық мәселелер таяу
болашақта елімізде түзілетін шағын сөздіктердің ғылыми негізде
құрастырылуына мүмкіндік тудырады. Сонымен бірге, қазақ лексикографиясында
шағын жанрларда жасалатын біртілді сөздіктердің сөзтізбе құрамы мен
құрылымының теориялық мәселелерін анықтауға, жалпы оқу лексикографиясы
теориясы мәселесінің қазақ тіл білімі негізінде зерделенуіне өзіндік үлесін
қосады.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Зерттеуде қазақ тіл білімінде тұңғыш
рет қазақ тілінің лексикалық негізіне бағдарланған біртілді шағын оқу
сөздігінің сөзтізбесін түзудің құрылымдық ерекшеліктері анықталып отыр.
Мұның өзі зерттеудің болашақта жасалатын шағын сөздіктерді құрастыру ісінде
басшылыққа алынатын көмекші құрал қызметін де атқара алатындығын білдіреді.
Зерттеудің нәтижелерін қазақ тілін еліміздегі өзге тілді азаматтарға,
шетелдіктерге үйретуде, жалпытілдік және салалық лексикалық минимум
сөздіктерін құрастыруда, қазақ тілінің өзге тілді азаматтарға арналған
оқулықтары мен оқу құралдарындағы сөздіктерді, салалық минимум сөздіктерін
жасауда қолдануға болады. Сонымен бірге, зерттеу нәтижелерін қазақ
лексикографиясы бойынша, лексикографияның тарихына, теориясы мен
практикасына байланысты арнаулы курстарда пайдалану мүмкіндігі болады.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында сипаттамалы әдіс,
салыстырмалы-тарихи әдіс, құрылымдық және лингвостатистикалық әдістер,
салыстыру, салғастыру, анализ, синтез жасаудың әдіс-тәсілдері қолданылды.
Зерттеу нәтижелерінің талқылануы мен жарияланымы. Зерттеу жұмысының
тұжырымдары мен негізгі нәтижелері республикалық және халықаралық
деңгейдегі ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда, атап
айтқанда: “Қазіргі таңдағы ғылым мен білім” атты халықаралық ғылыми-
теориялық конференцияда (Шымкент, 2005), “Мемлекеттік тіл: бүгіні мен
ертеңі” атты Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің 15
жылдығына арналған ғылыми-әдістемелік конференцияда (Шымкент, 2007),
“Мемлекеттік тілдің дамуындағы жаңа үрдістер” атты республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференцияда (Шымкент, 2007), “Педагогикалық кадрларды
дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері және жаратылыстану
ғылымдарының даму перспективалары” атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияда, “Қазақ халқының рухани мәдениеті: зерттеу мен оқытудың
өзекті мәселелері” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда
(Шымкент, 2008) және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің 80-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияда (Алматы, 2008) баяндалып
Талқыланды, сондай-ақ, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік
университеті Шымкент институты мен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институты жанындағы лингвистикалық семинарларда баяндалып, түрлі ғылыми
басылымдарда 12 мақала жарыққа шықты.
Зерттеудің құрылымы. Диссертациялық еңбек кіріспеден, негізгі екі
бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Еңбектің соңында зерттеуде қолданылған
әдебиеттер тізбесі берілген.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I. Теоретикалық лексикографияның ғылыми негіздері

1.1 Лексикография теориясы туралы түсінік

1.1.1 Лексикография ұғымының мәні мен мазмұны

Адам баласының тілі - негізінен сөздерден тұратын тіл. Осыны
білгендіктен Ф. Соссюр де сөздердің тіл механизмінің өзегін құрайтындығын
айтып еді [1, 143]. Осыған ұқсас пікірді орыс ғалымы А.И. Смирницкий де
айтқан болатын: Сөз – тілдегі сөздік құрамның негізгі бірлігі ғана емес
ол, сонымен қатар, жалпы адамзат тілінің орталық өзегін құрайтын бірлік
[2, 183]. Лексикография – лингвистикалық қызметтің барлық нәтижелерін
жария етіп, жарыққа шығаратын негізгі канал (В.В. Морковкин) екендігін,
оның үстіне, тіл білімі ғылымындағы жеке сөздің, сөздік бірліктің барлық
қасиеттерін жинақты түрде қарастыратын бірден-бір саланың да лексикография
болып табылатындығын тілші қауым біледі. Осы тұрғыдан лексикографияны тіл
туралы ғылым санатындағы лингвистика мен тілді танып білуге ықыласты қоғам
арасын жалғайтын тілдесім қызметі десе де болғандай.
Қазіргі кезде лексикографияның негізгі салалары ретінде жалпы
лексикография, терминологиялық лексикография, есептемелік лексикография
және оқу лексикографиясы қалыптасып үлгерді. Олардың өздерінің ішінде де
жаңа салалардың бой көтеруі – табиғи процесс. Мысал үшін терминологиялық
лексикография саласында деректерді автоматты өңдеу мен сөздіктерді машина
(электрондық есептеуіш машиналар) көмегімен түзу қолға алынуда. Осыған
байланысты есептемелік лексикографияда да жаңалықтар көбейе түсуде.
Лингвистиканың қоғам алдында есеп беретін, қоғамға көрсететін басты
өнімі – сөздік. Тіл білімі ғылымынан хабары жоқ қарапайым қоғам мүшесінің
түсінігі бойынша, жалпы лингвистиканың бар болмысын ақтайтын жалғыз өнім –
сөздік.
Адамзат қоғамында практикалық лексикографияның пайда болып, сөздіктердің
түзіле бастағанына төрт мың жылдан астам уақыт өткен. Ал содан бергі
кезеңде жасалған сөздіктердің жалпы саны, ХХ ғасырдың ортасында жасалған
санақ бойынша, он мыңнан асқандығы белгілі. Лексикография мәселелерін
зерттеушілер сөздік түзу саласында мол тәжірибе жинақталғанымен, сөздік
құрастыру тәжірибелерін қорытып, ғылыми талдау жасаудың, оны жетілдірудің
ғылыми-теориялық негіздемесін даярлау ісінің тым кеш қолға алынғанын
айтады. Расында да, лексикография атты ғылым саласының XX ғасырдың
ортасына дейін жетілген теориясының болмағандығы да шындық. Осы орайда,
лексикография теориясының мәселелерін жүйелі түрде зерттеп, оны жеке ғылыми
пән ретінде қарастырудың XX ғасырдың орта кезеңіне дейін яғни академик Л.В.
Щербаның еңбегіне дейін [3] жүйелі түрде жүргізілмегенін айтпай отыра
алмаймыз. Теориялық мәселелерді зерттеудегі кемшіліктер лексикографиядағы
практикалық жұмыстардың болашағының айқын болмауына, сапасының нашар
болуына әкелді. Кеңес Одағы тіл білімінде лексикография теориясын алғаш рет
қарастырған ғалым П.Н. Денисов болатын. Ғалымның еңбегінде негізінен
сөздіктер типологиясы мен сөздіктің элементтері мәселелері сөз болады [4].
Лексикографияның теориялық мәселелерін жан-жақты зерттеу ісін оқу
лексикографиясы саласында жалғастырған В.В.Морковкин жоғарыда аталған екі
аспектіге тағы да бес аспектіні қосып, олардың жалпы санын жетіге жеткізеді
(лексикография ұғымының мазмұнын ашу, сөздіктік лексикология,
сөздіктердің типтері туралы ілім, сөздіктің құрылымдық элементтері туралы
ілім, лексикографиялық құрастырманың негіздері туралы ілім, бастапқы
сөздіктік материалдар туралы ілім, сөздік түзу ісін жоспарлау мен
ұйымдастыру туралы ілім). Ғалым лексикография теориясының құрылымын
төмендегі үлгі бойынша бейнелеуді жөн санайды:
0. ЛЕКСИКОГРАФИЯ
1. теоретикалық лексикография
1.1 лексикография теориясы
1.1.1 лексикография ұғымының көлемін, мазмұнын, құрылымын анықтау
1.1.2 сөздік лексикологиясы
1.1.3 сөздіктердің жанрлары мен типтері туралы ілім
1.1.4. сөздіктің элементтері мен параметрлері туралы ілім
1.1.5 лексикографиялық құрастырма негіздері туралы ілім
1.1.6 бастапқы материалдар (картотекалар) туралы ілім
1.1.7 сөздік түзу ісін жоспарлау мен ұйымдастыру туралы ілім
1.2 лексикография тарихы
1.2.1 сөздіктер тарихы
1.2.2 типтік лексикографиялық мәселелерді шешу тарихы [5]

Біз теоретикалық лексикография мәселелері бойынша осы үлгіні қабылдай
отырып, оны негізге аламыз. Сол себепті лексикографияның теориясына
байланысты бұдан арғы зерттеу жұмысы осы жүйе бойынша жүргізіледі.
Лексикографияның теориялық мәселелері күн тәртібіне сөздік түзу ісін ғылыми
тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында қойылған болатын. Бұл саланы жеке ғылыми
пән ретінде қарастырып, теориялық тұрғыдан зерттеудің қажеттілігі бірінші
рет 1817 жылы неміс ғалымы Э.Манн еңбегінде сөз болды [6]. Сол кезден бері
сөздіктер, бір жағынан, лексикографиялық практиканың нысаны, екінші
жағынан, лексикографиялық теорияның зерттеу пәні болып табылады.
Лексикографияның жеке ғылым саласы екендігі, оның өз ғылыми нысаны,
болатындығы дәлелденді. Қандай түрлі сөздік болса да, оны түзу процесінде,
белгілі бір тілге лексикографиялық сипаттама жасау кезінде лексикограф
күрделі теориялық мәселелерге душар болады. Олардың шешімін дұрыс табу үшін
осы саланың ғылыми-теориялық негіздерін білу шарт. Тіл-тілдегі жекелеген
сөздердің мазмұны уақыт өткен сайын өзгеріске ұшырап, жаңарып отыратыны
тәрізді, сол сөздерді тіркеп, түсіндірумен айналысатын лексикографияның да
ғылыми әдіс-тәсілдері жаңғырып отырады. Осыған байланысты типтес
лексикографиялық мәселелердің шешімдері де әр тарихи кезеңде өзгеріп жатыр.
Жаңалықтар көп. Жаңа кезең жаңа талаптар қояды. Сөздіктердің құрылымы
өзгеруде. Олардың жаңа типтері мен жанрлары пайда болуда. Қазіргі кезеңде
лексикография лингвистика ғылымының аясынан асып ғылым мен техниканың
жүздеген, мыңдаған салаларында қызмет жасауда.
Теориялық проблематикасы бар, демек теориясы бар жеке лингвистикалық пән
ретінде қарастырудың қаншалықты ақиқаттылығын анықтау үшін, ең алдымен, осы
проблематиканың көлемін анықтап алу қажет. Сол үшін де лексикографияның
басқа лингвистикалық пәндермен байланыстарын қарастыру қажет. Тілдегі
сөздік құрамды тіркеп, көрсеудің тәсілдері мен көлемін зерттеуші теориялық
пән ретінде лексикография әсіресе лексикологиямен тығыз байланыста. Тілдегі
сөздік құрамды жүйелі түрде зерттейтін пән болғандықтан лексикология
көбінесе лексикографиялық туындыларда бейнеленген материалдарды
пайдаланады. Тілдегі лексикалық бірліктерге лексикография тұрғысынан
жасалатын тізімдеме мен сипаттама ұзақ уақыт бойы лексикологиялық
зерттеменің бір түрі саналып келді. Шындығында, лексикология лексиканың
жекелеген фактілерін зерттеумен айналысатын болса, лексикография тілдегі
лексикаға жаппай сипаттама жасаумен айналысады. Сөз мәселесін зерттейтін
лексикология лексикография үшін ең маңызды нәрсені: ұлт тілінің сөздік
құрамына толық сипаттама жасауды, ұлт тілінің сипатын ашатын ерекшеліктерді
ашып көрсету ісін жүзеге асыра алмайды. Ұлттық тілдің толық сөз құрамы тек
қана лексикографиялық туындыларда көрініс табады. Мұндай сипаттама табиғи
тіл құралдарының немесе қосымша арнаулы метатілдің көмегімен жасалады.
Лексикографиялық туындыларда лексикалық бірліктің грамматикалық сипаттамасы
да жасалады. Сөздік мақала құрамында берілетін сипаттамада бірліктің жеке
өзіне тән грамматикалық белгілер (категориялық, парадигматикалық,
синтагматикалық) қамтылады. Сөздіктің көптеген түрлерінде, әсіресе аударма
сөздіктерде, бұған қосымша қысқаша грамматикалық очерк беріледі. Демек,
сөздік пен грамматикада да проблематика ортақтығы бар. Сөзге толық
лексикографиялық сипаттама жасау кезінде оның фонетикалық ерекшеліктері де
қамтылады. Тілдің фонетикалық құрылымы туралы деректердің көлемі сөздіктің
көлеміне, мақсаты мен міндеттеріне байланысты өзгеріп отырады.
Лексикографияның негізгі қызметі лексикалық бірліктің мағынасын ашу
болғандықтан ол сөздің мазмұндық құрылымының компоненттерін қарастыратын
ғылым ретіндегі семасиологиямен тығыз байланыста дамып отырады. Осы
тұрғыда, мысалы, сөздің басты, лексикалық мағынасынан өзге мағыналары мен
мәндері туралы айтуға болады. Олардың қатарында лингвоелтанымдық және
лингвомәдениеттанымдық мағыналарды атауға болады. Сөз болған мағыналар
тілді тұтынушылар арасында белгілі бір сөздің мәніне қатысты болатын алуан
түрлі мазмұнды белгілер мен жағдаяттардың жиынтығын береді. Демек, сөз
мағынасының құрамы мен құрылымына, оларды сөздіктерде қамтудың әдіс-
тәсілдеріне қатысты мәселелер екі пәнге ортақ болып табылады.
Лексикографиялық туындыларда ұлттық тілге тән ассоциациялар жүйесі
бейнеленеді. Бұл мәселенің психолингвистикаға қатысы болатыны белгілі.
Себебі олар ұлттық дүниетаным, ұлттық діл ерекшеліктерін құрайды. Демек,
лексикографияның дамуы үшін психолингвистикалық, этнолингвистикалық,
лингвомәдениеттанымдық зерттеулердің нәтижелері маңызды болмақ.
В.Г.Гак теоретикалық лексикографияның қарастыратын мәселелері қатарында
сөздіктердің жалпылама типологиясы мен жаңа типтерін жасауды; сөздіктің
макроқұрылымын зерттеуді (лексиканы сұрыптап алу, сөздер мен сөздік
мақалаларды орналастыру принципі, омонимдерді беру, сөздікте және оның
соңындағы қосымшада қосалқы материалдарды: грамматикалық мақалаларды,
дәйектемелерді, т.б. беру); сөздіктің микроқұрылымын, яғни жеке сөздік
мақаланың құрылымын (сөздің грамматикалық және фонетикалық түсіндірмесі,
мағыналарға бөлу мен жіктеу, сөздік анықтамалардың түрлері, шартты белгілер
жүйесі, тілдік дәйектеме материалдардың түрлері, фразеологияның берілуі,
қосалқы деректерді орналастыру, т.б.) зерттеуді атайды [7, 258-259].
Теоретикалық лексикографияның құрамы туралы қазақ лексикографиясында
бізден бұрын жүргізілген зерттеу жұмыстарында жақсы жазылған: Қазіргі
кездегі әлемдік лексикографияда қалыптасқан жіктеме бойынша теоретикалық
лексикография өзара байланысты екі бөліктен: лексикография теориясы мен
лексикография тарихынан құралады. Лексикографияның тарихы түрлі тарихи
дәуірлер мен кезеңдерде жасалған сөздіктерге жалпыфилологиялық талдау
жасап, оларды ғылыми айналымға қосу мәселелерімен айналысады.
Лексикографияның теориясы сөздік түзу тәжірибесін қорытып, жүйеге салады,
сөздіктердің тарихи тұрғыдан қалыптасқан жанрларын жетілдірудің теориялық
мүмкіндіктерін зерттейді. Сөздіктерді түзудің ұстанымдары (принциптері) мен
әдіс-тәсілдерін жасайды. Лексикографияның теориясы лексикографияның
тарихына, лексикографиядағы отандық және әлемдік дәстүрлерге, сондай-ақ‚
теориялық зерттеулерге сүйенеді. Лексикографияның теориясы, тарихы,
практикасы өзара бірлікте қарастырылатын‚ бірінсіз бірі болмайтын‚ бірімен
бірі өте тығыз байланысты‚ біріне бірі тәуелді салалар болып табылады [8,
25-33]. Біз де осы тұжырымды жөн көреміз.
Лексикографияның теориясында қарастырылатын алғашқы мәселе, бірінші
аспект – лексикография ұғымына анықтама беру болып табылады. Белгілі бір
ғылым саласының арнаулы ғылыми тілін, ондағы ғылыми аппарат құрамын, ұғым
мен зат, құбылыс атауларының табиғатын талдау ісімен салалық метатіл
ілімінің айналысатыны белгілі. Лексикографияның да өз метатілі бар [9, 64-
72; 10]. Ғалымдардың лексикография терминіне берген анықтамалары әртүрлі.
Испан лексикографы Х.Касарес оны сөздік жасау өнері деп атайды [11, 28].
ХХ ғасырдың орта шеніндегі ғалымдар осыған ұқсас көзқарасты ұстанған:
Лексикография – сөздіктерді түзу өнері, сөздік түзу техникасы [12, 9].
Кеңес Одағы тіл білімінің өкілдерінің пікірі бойынша лексикография –
сөздік түзу бойынша жасалатын ғылыми жұмыс [13, 137; 14], сөздік түзумен
айналысатын ғылым түрі [15, 173]. Лексикографияға үлкен лингвистикалық
сөздікте: сөздік түзудің теориясы және практикасымен айналысатын ғылым
саласы [16, 258-259] түрінде түсінік беріледі. Қазақ тіл білімінде
аталмыш терминге берілген негізгі анықтамалардың бірінде (Ғ.Қалиев) ол екі
мағынада: 1) сөздік жасаудың теориясы мен практикасын зерттейтін тіл
білімінің саласы; 2) белгілі бір тілдегі я ғылым саласындағы сөздіктердің
жиынтығы – ретінде көрінеді [17, 197]. О.С.Ахманованың лингвистикалық
терминдер сөздігінде: 1) сөздік түзу туралы ғылым; 2) тілдегі лексикаға
сипаттама жасау ретінде сөздік түзу ісі; 3) тілдегі немесе білім
саласындағы сөздіктер жиынтығы [18, 215] - деген анықтама беріледі. Кірме
сөздер сөздігінде: 1) сөздік түзу ісі; 2) тіл біліміндегі сөздік түзудің
теориясы мен тәжірибесін зерттейтін сала; 3) сөздік түрінде басылған
еңбектердің жиынтығы, сөздік түріндегі әдебиет [19: 174, 336]. Кеңестік
дәуірдегі екі тілді (аударма) лексикография теориясының негізін қалаған
ғалым В.П. Берковтың пікірі бойынша, лексикография: 1) сөздік түзу
ұстанымдарын зерттеумен айналысатын ғылым саласы, сөздік жасаудың теориясы;
2) сөздік түзу ісі; 3) тілдегі сөздіктердің жиынтығы; 4) елдегі
сөздіктердің жиынтығы [20, 4].
Жоғарыда келтірілген анықтамалар бойынша дау айту қиын. Алайда, бұл
жерде бір мәселені естен шығармаған жөн. Ол сөздің бастапқы этимологиясына
қатысты мәселе. Бұл туралы бұдан арғы зерттеу барысында оқу
лексикографиясы терминінің мәнін ашу кезінде кеңірек сөз болады.

1.1.2 Біртілді оқу сөздігін түзу ісіндегі ішкі лексикологиялық
заңдылықтар.
Ұғымдарға сөздікте түсінік беру мәселесі, В.В. Морковкиннің сөзімен
айтқанда, сөздік лексикологиясы (словарная лексикология) - лексикография
теориясындағы маңызды аспектілердің бірі. Сөздік түзу ісінен хабары аз
адамдар оны жасауды оңай шаруа деп ойлайды. Олардың ойынша, барлық зат,
құбылыс, ұғым атауларының жалпыға ортақ, түсінікті анықтамалары бар
болғандықтан, мәселе соларды түрлі дереккөздерден теріп алып, сөздікте
тізіп беруде ғана болмақшы. Алайда, өкінішке орай, лингвистикалық
еңбектердегі тілдік бірліктерге берілетін ғылыми сипаттамаларға ден қойып,
сараптама жасайтын болсақ, ортақ мәнді бірөңгей қағидалардың өте сирек
ұшырасатынын байқау қиын емес. Ғылыми еңбектерде бір-біріне мүлде қарама-
қарсы келетін сипаттамалардың да болу жағдайлары кездеседі. Ғалымдардың
ғылыми көзқарастары, пікірлері бір-бірінен ерекшеленеді. Ғылыми
зерттемелерге назар аударар болсақ, бір-біріне баламалы қатынастағы, бірін
бірі толықтыратын, кей жерде бір-біріне қайшы келетін көзқарастардан
туындайтын ғылыми тұжырымдардың куәсі боламыз. Бір қарағанда қарапайым
көрінетін сөз ұғымына берілетін анықтамадан бастап, сөздердің лексика-
грамматикалық таптарына берілетін түсініктемелерге дейін әрқилы болуы
мүмкін. Бұлар - әр ғалымның, әрбір ғылыми ортаның, әр ғылыми мектептің
көзқарастарындағы өзгешеліктерден туындайтын ерекшеліктер. Осындай жағдай
лексикографиялаудың мақсаттарына сай келетін, сөздікке қатысты ерекше
лексикологиямен айналысуға алып келеді. Сөздік лексикологиясында тілдік
бірліктерге жасалатын сипатттамның әдіс-тәсілдері, лексикографиялаудың
заңдылықтары екшеліп, айқындалады. Тілдік және метатілдік құбылыстардың
лексикографиялаудың қажеттеріне бағдарлана түсіндірілуі қамтамасыз етіледі.
Осыған қажетті әдістемелік шешімдердің типтік үлгілері ұсынылады.
Қазақ лексикографиясын зерттеуші М. Малбақовтың пікірі бойынша, сөз
болып отырған ұғым лексикалық бірліктердің сөздіктерде лексикографиялану
заңдылықтарын қамтиды. Лексикалық бірліктер санатына жеке-дара бірліктер
де, тұтас бір топты, категорияны, жүйені қамтитын күрделі бірліктер де
кіреді. Ғалым лексикографиялану заңдылықтары бойынша келтіруге болатын көп
мысалдардың бірі ретінде сөздіктердегі негізгі сөздік тұлғаның берілу
ерекшеліктерін, лексикалық бірлікке берілетін сипаттаманың ерекшеліктерін
атайды. Мысал ретінде сөздіктегі негізгі сөздік тұлғаның сипаты мен
сипаттамасына қатысты етістіктердің негізгі сөздік тұлғасы қандай, сөз
таптарының конверсиясы құбылысы қалайша көрсетіледі, лексикалық бірліктің
тілдік жүйедегі, сөздік құрамдағы орны қалай бейнеленеді деген тәрізді
сұраулардың лексикографиялық шығармалардағы шешімі әр түрлі болып шығатынын
айтады. Лексикалық бірлікке берілетін сипаттаманың да сөздіктің жасалу
мақсатына, көлеміне, адресатына байланысты алуан түрлі болып келетіні
белгілі.
Сөздіктегі сөз мағынасын ашу (сөздіктегі семасиология), лексикалық
бірлікке анықтама беру мәселесі – лексикографиялаудың күретамыры іспеттес
мәселе. Оның шешімі нақты сөздіктердің сыртқы типологиялық, ішкі құрылымдық
ерекшеліктеріне тәуелді. Мәселен, сөздіктердегі тілдердің саны мәселесін
алайық. Сөздіктің біртілді, екітілді және көптілді түрлері болады.
Біртілді сөздікте негізінен оқырмандардың жас ерекшеліктері, білім
дәрежесі, тілді білу деңгейі ескеріледі. Сөз мағынасы соған байланысты
ашылады. Сөзге берілетін анықтама мектепке дейінгі балаларға арналып
жасалатын шағын сөздікшеде - бір түрлі болса, мектеп оқушыларына арналған
сөздікте - екінші түрлі, ал жалпылама қолданымға арналып түзілетін үлкен
сөздікте - үшінші түрлі болуы мүмкін. Салалық ғылым түрі бойынша арнаулы
ғылыми тілде, кәсіби маманға арналып жасалатын терминологиялық сөздіктегі
анықтама яғни ғылыми дефиниция бұлардан да өзгеше болмақ.
Екітілді сөздікте ескерілуі қажетті жағдайлар көп болады. Аударылатын
сөздің мағынасын толық ашу ісі екінші тілде балама сөздің болуболмауына
байланысты болмақ. Кей жағдайда сөз мағыналары біріктіріліп жіберіледі
немесе негізгі мағына ғана беріледі. Аударма сөздіктердің ғылыми-теориялық
негіздерін зерттеуші ғалым В.П. Берков екітілді лексикографияның екі тіл
арасында болатын өзара функционалдық тәуелділік мәселесін зерттейтіндігін
жазған болатын. Кіріс тіл – аргумент, шығыс тіл – функция - деген еді
[20, 13]. Демек, екінші тілдің жүйесі мен құрылымы толық көрінбейді, олар
тек бірінші тілге толық сипаттама беру үшін қажетті мөлшерде ғана ашылады.
Және бұл мәселе де, жоғарыда сөз болғандай, сөздіктің көлемі мен
адресатының ерекшеліктеріне (оқырманның ана тілі, тілдік даярлығы,
мамандығы, т.б.) байланысты әр түрлі шешілуі мүмкін.
Грамматиканың ежелгі гректер заманында жазба тілге, жалпы жазу атаулыға
қатысы бар жазу өнері аталғаны, кейінірек тілді зерттеу мағынасында
қолданылғаны, бертін келе тілдің құрылымы мәнін иеленгені белгілі [21].
Классикалық тіл білімінде тілді екі салаға бөліп қарастыру үрдісі бар.
Біріншісі – тілдің жүйелік құрылымы ретіндегі грамматика саласы болса,
екіншісі – тілдегі сөздік құрамның жиынтығы ретіндегі сөздік. Грамматика
қаншалықты дербес, бөлек ғылым саласы болғанымен, жазба немесе ауызша
мәтінсіз өзінің қызметін толыққанды атқара алмайды. Жеке дыбыс, морфема,
сөз, фраза тәрізді мәндә бірімдердің мағыналары да сөйлемнің, мәтіннің
құрамында ғана нақтыланады. Поэзия, проза, драма тәрізді әдебиет пен өнер
туындыларындағы, ауызекі сөйлеу тіліндегі, ғылыми шығармалардағы мәтін
құрылымының өзіндік грамматикалық ерекшеліктері болатыны анық. Өз құрамында
аталған мәтін түрлерін қамти отырып, өзіндік ерекше жүйе мен құрылымда
мәтін түзетін салалардың бірі – лексикография. Лексикография ғылымның
көптеген салаларымен тікелей байланысты. Себебі онда әлеуметтік
лингвистика, этнолингвистика,, психолингвистика, аударма теориясы тәрізді
көптеген пәнаралық ғылым салаларымен бірге лингвистиканың ішкіқұрылымдық
деңгейлеріне жататын лексикология, семасиология, стилистика тәрізді
салаларының жетістіктері қамтылып отырады. Қамтылғанда, сөздік түзім
талаптарына сәйкес, лексикография ғылымының заңдылықтары бойынша қамтылады.
Осы мәселе төңірегінде зерттеулер жүргізген В.Г.Гак лексикологиялық
категориялардың лексикографиялық туындылардағы қолданымын сөз етіп,
грамматика мен сөздік мәселесінде осы екеуіне ортақ үш түрлі аспекті туралы
жазады. Олар: а) сөз мағынасының айқындалуы мен өзгеруіне қатысты
грамматикалық факторларды қамтитын семантикалық-лексикологиялық аспекті; ә)
сөздікке енетін грамматикалық деректердің көлеміне қатысты
жалпылексикографиялық аспекті және б) грамматикалық деректерді сөздікте
берудің, лексикографиялаудың әдіс-тәсілдерін қарастыратын техникалық
аспекті [22, 42]. Ғалым аталған мәселенің сөздіктің микроқұрылымын (сөздік
мақаладағы мағына ажырату, сөздік мақала құрылымы мәселелері) ғана емес,
сонымен қатар, оның макроқұрылымын да қамтитынын сөз етеді. Оның айтуынша,
лексика мен грамматиканың арақатынасындағы маңызды мәселе – сөздік мақала
құрылымының грамматикалық факторларға тәуелділігі. Бұл тұрғыдан алдымен
қарастырылатын жағдай – атау сөздің тұлғасы. Сөздік мақаланың құрылымы атау
сөздің тұлғасына, оның грамматикалық қасиетіне тікелей байланысты болады.
Сөздікте атау сөз терінде келтірілетін бірліктің негізгі сөздік тұлғасы
болады. Бұл туралы М. Малбақов былайша жазады: Негізгі сөздік тұлға
(основная словарная форма‚ maіn entry word form of ћead-word) терминінің
тезаурус бойынша анықтамасы: сөздік бірімі‚ вокабула түрінде‚ сөздіктің сол
жағында орналасқан сөздік тұлға. Бұл термин сөздік бірімдердің категориялық
белгісін білдіретін негізгі тұлғаны көрсетеді. Сол себепті тезаурустағы
анықтама сәтті шыққан деп айта алмаймыз. А.Е.Карпович негізгі сөздік
тұлғаға: сөздік мақаладағы белгілі бір сөз табына жататын бірліктер үшін
дәстүрлі түрде таңдалып алынатын грамматикалық тұлға түрінде анықтама
береді [15]. Біз осы пікірді негізінен қолдай отырып‚ негізгі сөздік
тұлғаның сөз табына жататын бірліктермен қатар түрлі сөз категориялары мен
топтарына жататын бірліктер үшін де таңдалып алынатын тұлға болуын жөн
санаймыз. Сондықтан қазақ лексикографиясында осы екі мағынада қолдануды
ұсынамыз. Қазақ тілінің екі томдық түсіндірме сөздігінің кіріспесінде:
...Осындай екі-үш түрде айтылатын сөздің әдеби тілде көбірек кездесетін
вариантын негізгі реестр сөз етіп алдық деген жолдар кездеседі. Бұл жерде
негізгі сөздік тұлға туралы сөз болып отырғаны анық. Көп томдық түсіндірме
сөздіктің бірінші томындағы кіріспеде: ...қазақ тілінде сөз тудырудың амал-
тәсілдері де‚ олардың қалыптасқан түр-түрлері де аса мол болуына байланысты
олардың қандай түрлерін лұғаттық мақалаға тірек сөз я тірек форма ету
жайындағы мәселе - қазақ лексикографиясының тәжірибесінде түбегейлі
анықталмаған мәселе деген сөйлем кездеседі [23, 15]. Осындағы лұғаттық
мақалаға тірек сөз‚ лұғаттық мақалаға тірек форма тіркестерінде де негізгі
сөздік тұлға туралы сөз болып отырғаны белгілі. Негізгі сөздік тұлға
боларлық форма таңдауда қандай өлшемдердің негізге алынуы қажет деген
мәселені тілдің грамматикалық құрылысындағы ерекшеліктерді ескере отырып
шешу қажет. Ондай тұлғаның тілдегі дәстүр бойынша белгіленетін кездері де
болады. Мәселен түркі тілдеріндегі етістіктердің негізгі сөздік тұлғасына
назар салар болсақ‚ қырғыз‚ алтай‚ чуваш тілдерінде бұйрық райлы түбір
етістіктер (жаз-‚ ал-‚ бар-)‚ ал түрік‚ өзбек‚ ұйғыр тілдерінде - мақ
тұлғалы етістіктер‚ хақас тілінде етістіктің барыс жалғаулы түрі
қолданылады екен. Қазақ лексикографиясының тарихына көз жүгіртер болсақ‚ Ю.
Клапрот [24]‚ Е. Букин [25]‚ И. Лаптев [26] сөздіктерінен -мақ тұлғасын‚
Н.И. Ильминский сөздігі [27] мен Қазақша - орысша сөздікте [28] бұйрық
райлы тұлғаны‚ Т. Бокин сөздігінде [29] етістіктің І және Ш жақ тұлғаларын
қөреміз. Сөздіктердің біразында тұйық етістік тұлғасын байқауға болады.
Жекелеген хрестоматиялар мен орысша - қазақша сөздіктерде -ар-ер‚ -уға-
уге тұлғалары кездеседі. Бұл кездейсоқ құбылыс емес. Қазақ тілінде‚ шынында
да‚ осы аталған тұлғалардың барлығы да бір кездері қолданыста болған‚ тіпті
қазіргі кезде де ұшырасатындары бар екендігі анық. Ұлы Абайдың өлеңдері мен
қарасөздерінде - мақ тұлғасының (Жаздым үлгі жастарға бермек үшін) [30;
31]‚ Махамбет өлеңдерінде -ар-ер‚ -арға-ерге‚ -уға тұлғалы етістіктердің
қолданысы жиі байқалады [32]. Солай бола тұра‚ сөздіктерде етістік
атаулының бір негізгі сөздік тұлғамен берілуі міндет екендігі анық. Қазақ
тілінің он томдық түсіндірме сөздігінде етістіктер бұйрық рай тұлғасында
берілген. Осы шешімді дұрыс деп ойлаймыз. Себебі бұл контекске байлаусыз‚
нөлдік тұлға. Сонымен бірге‚ сөздікте етістіктің тұйық райлы тұлғасы да
міндетті түрде берілу керек екендігін айту керек. Себебі ол қимыл атауының
көрсеткіші‚ процестің атауы‚ етістік пен есім арасындағы көпір іспеттес
тұлға [33]. Жоғарыда айтылғандай, туыстас тілдерінің (қырғыз, алтай,
чуваш) сөздіктерінде нөлдік тұлғаның пайдаланылып келгені мәлім. Бұл
тұлғаны түркі лексикографиясында бірінші болып қолданған ғалым – В.В.Радлов
[34]. XX ғасырда жасалған қазақ сөздіктерінің көбісінде, атап айтқанда, екі
томдық түсіндірме сөздікте, он томдық түсіндірме сөздікте, Х.Махмудов пен
Ғ. Мұсабаевтың Қазақша-орысша сөздігінде, екі томдық Орысша-қазақша
сөздікте негізгі сөздік тұлға – у тұлғалы тұйық етістік формасы болды.
В.П. Берков негізгі сөздік тұлғаны таңдаудың үш түрлі жолын көрсетеді.
Ғалымның айтуынша, біріншіден, мұндай тұлға ретінде ең контекске тәуелсіз,
сөйлемнен тыс қолданылу мүмкіндігі мол тұлға алынуы керек. Екіншіден,
морфологиялық тұрғыдан қарастырғанда, мұндай тұлға дыбыстық құрамы жағынан
да,, графикалық жағынан да өзімен түбірлес сөздердің негіздерімен сәйкес
келетіндей нөлдік тұлғада болу керек [20]. Алғашқы екі өлшем бойынша ең
тиімді тұлға – бұйрық райлы түбір етістік.
Етістіктің негізгі сөздік тұлғасы ретінде латын лексикографиясында – осы
шақтағы жекеше бірінші жақ көрсеткіші, арабтарда – өткен шақтағы жекеше
үшінші жақ, ағылшын, француз тілдерінде – инфинитив, бірқатар түркі
тілдерінде – мақмек, татар және башқұрт тілдерінде – тұйық етістіктің –у
тұлғасы қолданылып келеді. Өткен ғасырдағы қазақ сөздіктерінде де негізінен
осы тұлға қабылданған еді. Біз бұл тұлғаның бастапқы кезде инфинитивтің
баламасы ретінде алынған болар деген ойдамыз. Қазақ тіліндегі қайшылық: -у
тұлғасының қимыл есімдері тұлғасымен сәйкес келуі. 1999 жылы жарық көрген
Қазақ тілінің сөздігінде етістік нөлдік тұлғада берілді. Біз өз
тарапымыздан осы шешімді жөн санаймыз.

1.1.3. Сөздіктердің жанрлары мен типтері туралы ілім.
Академик Л.В. Щербаның еңбегінде лексикографияның теориялық мәселелері
алғаш рет жүйелі түрде күн тәртібіне қойылды. Лексикография теориясы
саласындағы алғашқы тәжірибелік жұмыс болғандықтан да ғалым өз зерттеуін
тәжірибе деп атады. Ол кезеңде лексикография теориясын зерттеудің
қазіргідей тарамдалған, жатық жүйесі жоқ еді. Ғалымның жұмысы негізінен
сөздіктердің типологиясы мәселесіне арналып жазылғандықтан, ол өз
зерттеуінде алты түрлі антитеза (академиялық сөздік – анықтамалық сөздік,
энциклопедиялық сөздік – жалпы сөздік, тезаурус сөздік – жай сөздік, жай
сөздік – идеологиялық сөздік, түсіндірме сөздік – аударма сөздік, бейтарихи
сөздік – тарихи сөздік) келтіру арқылы сөздік түрлерін бір-бірімен қарама-
қарсы қойып, шендестіреді. Келтірілген антиномиялардың мәні мен маңызы
туралы қазақ лексикографиясында аз жазылған жоқ. Мысал үшін М.Малбақовтың
Біртілді түсіндірме сөздіктің құрылымдық негіздері [33], Ж.Мұсаеваның
Қазақ лексикографиясында қолданылатын атаулардың метатілдік табиғаты
[35], Р.Түсіпқалиеваның Қазақ лексикографиясы: екітілді шағын сөздіктердің
құрылымы [36], Г.Көбденованың Қазақ тілінің тарихи лексикографиясы:
құрылымы мен ұстанымдары [37] атты зерттеулерін атауға болады. Аталған
еңбектерде сөз болып отырған мәселе жан-жақты талданады. Р.Түсіпқалиеваның
зерттеуінде лексикографияның жаңа саласының, яғни оқу лексикографиясының,
оның басты өнімі болып табылатын оқу сөздігінің ерекшеліктері ескеріле
отырып, жетінші дихотомиялық жұп (жалпы сөздік – оқу сөздігі) ұсынылады
[36, 31].
Испан лексикографиясын зерттеген Я.Малкил 1959 жылы сөздіктер
типологиясын жасау үшін қажетті үш айырым белгіні атайды: 1) сөздіктің
диапозоны, яғни материалды қамту аясы; 2) сөздіктің перспективасы; 3)
сөздіктің презентациясы [38]. Бірінші және үшінші айырым белгілер
түсініктеме беруді қажет етпейтін болғандықтан, екінші белгіге тоқталалық.
Ғалым перспективаның да үш түрін қарастырады. Бірінші: тарихи (динамикалық)
және синхронды (статикалық) сөздік. Екінші перспектива материалды
орналастыру ұстанымына байланысты: а) әліпбилік (дәстүрлі) орналасу; ә)
семантикалық (сөз таптары немесе тақырыптық топтар бойынша орналастыру); б)
еркін орналастыру. Соңғы үшінші перспектива, автордың өз сөзімен айтқанда,
сөздіктің негізгі тоны [бұл жерде сөздік метатілінің ерекшеліктері сөз
болып отыр – Ж.Б.] мен нормативтілікке қатысына байланысты. Сөздіктің тоны:
а) объективті, ә) нұсқаушы (preceptive) немесе б) ойнақы болуы мүмкін.
Нұсқаушы тонға байланысты автор оқырманды тәрбиелеудің яғни оның сөз
мәдениетін көтеру мақсатының байсалды лексикографиялық еңбекке
келісімсіздігін, лайықсыздығын ескертеді.
Сөздіктер типологиясы бойынша 1962 жылы арнаулы еңбек шығарған
Т.А.Себеок өзінің жіктемесін эмпирикалық негіздерге сүйене отырып жасайды.
Ол он жеті белгіні атайды: 1) сөздіктің автордың ана тілінде жасалуы; 2)
сөздіктің мәтіндерге байлаулы болмауы; 3) сөздіктің материалды қамту
шектері; 4) сөздіктегі материалдың алуан түрлілігі; 5) атау сөздің жекеше
немесе көпше тұлғада берілуі; 6) сөздіктің сөз формасына негізделуі; 7)
сөздіктің сөз мағынасына негізделуі (синонимдер сөздігі); 8) сөздік
мақалалардың әліпбилік ретте сыртқы тұлғалары бойынша берілуі; 9) сөздік
мақалалардың мағына, мән бойынша реттеліп берілуі; 10) қарама-қарсы
сілтемелер қолдану жолымен материалды формалық жағынан қосалқы безендірудің
болуы; 11) қарама-қарсы сілтемелер қолдану жолымен материалды мағыналық
жағынан қосалқы безендірудің болуы; 12) сөздің паспортталуы: а) қандай
диалектіге жатады, ә) қандай мәтіндерде тіркелген; 13) экземпликация
(қолданым мысалдары); 14) глосса (сөзге жасалатын түсініктемелер мен
ескертпелердің болуы); 15) сөздік бірліктің қолданым жиілігінің көрсетілуі;
16) сөздік бірліктің этимологиясының берілуі; 17) сөздік мақалада
энциклопедиялық түсініктеменің болуы [39]. Ғалымның пікірі бойынша,
сөздік лексикографтың өз ана тілінде жасалатын болса, мұндай сөздікте
нұсқаушы, академиялық типті сөздікке айналу тенденциясы сақталады. Сөздік
нақты мәтіндер негізінде жасалса, мәтіндерді басты назарда ұстаса, ол
анықтамалық сөздік типіне жақындайды.
Бұл жіктемеде сөздіктің тілі, ішкі құрылымы, сөздік бірлік пен сөздік
мақаланың орналасу реті, құрамы мен құрылымы ескерілген. Автордың
практикалық бағдарды басты назарда ұстануына байланысты құнды жіктемелердің
бірінен саналады.
Француз лексикографы Ж. Рей-Дебов Я. Малкилдің, Т. Себеоктың, т.б. біраз
ғалымдардың жіктемелерін қорыта келіп өз жіктемесін ұсынады. Ол тоғыз
айырым белгіні нұсқайды: 1) дидактикалық шығарма (автордың жеке пікірі
байқалмайды); 2) анықтамалық ретінде пайдалану үшін жасалған (сөздік
кірістер белгілі жүйе бойынша кодталған, ақпарат берудің арнайы
бағдарламасы бар); 3) екі құрылымды: макроқұрылымы (номенклатурасы, яғни
сөзтізбесі) және микроқұрылымы (сөздік мақалалардағы ақпараттар жиынтығы)
бар; 4) материалдың ерекше орналасымы (тұлғасы немесе мазмұны бойынша); 5)
сөздік бірлігі (кіріс сөз) құрылымы жағынан әріп пен фразадан жоғары
бірліктер аралығында; 6) ақпараттардың реттеліп, бірақ бір-бірінен
бөлектеліп орналастырылуы; 7) сөздіктің номенклатурасы – реттелген,
иерархиялық тұрғыдан құрылымданған көпшілік; 8) сөздіктегі айтылым
(сипаттама) екі мағынаны біріктіреді: таңбалар туралы айтылым және заттар
туралы айтылым. Білдіру және болу етістіктері арқылы ашылатын мұндай қарама-
қарсылық жай сөздікте байқала бермейді. Мұның өзі анықтамаларда аталған
айырым белгілерді анықтау мақсатында семиотикалық талдау жасаудың
қажеттігін көрсетеді. Ғалым аталған мәселелерді терең зерттеп, талдаумен
айналысатын ерекше лингвистикалық пәннің – теоретикалық лексикографияның
жасалуы қажеттігін жазады [40]. Бұл жерде басты назар аударатын нәрсе –
ғалымның сөздіктегі дидактикалық интенцияның басым болатындығын
тұжырымдауы. Тоғыз айырым белгі ішінде сөздіктің дидактикалық шығарма
ретінде көрінімін бірінші атайды.
Лексикография теориясы бойынша Л.В. Щербадан кейін озық тұжырымдар
жасаған француз ғалымдары К.Дюбуа мен Ж.Дюбуа лексикография теориясының
қарастыратын мәселелері ретінде сөздіктер типологиясы мен сөздіктің
құрылымдық элементтері туралы ілімді атайды [41]. Яғни ғалымдар бұрыннан
бері яғни Л.В. Щерба еңбегі бойынша белгілі типология мәселесіне екінші
мәселені - сөздіктің ішкі құрылымдық элементтері мәселесін қосады. Бұл сол
кезеңдегі лексикография теориясы үшін айтарлықтай маңызды жаңалық болды.
Орыс ғалымы П.Н. Денисов лексикография теориясының негізгі мәселелерін
зерттеуге арналған докторлық еңбегінде осы пікірді жөн санайды [4, 5].
Ғалымның сөздіктерге жасайтын типологиясы өз диссертациясында қолданымға
енгізіліп отырған төрт координатқа (лингвистикалық, психологиялық,
социологиялық және семиотикалық) негізделеді. Олардың әрқайсысы жеке
координаттар жүйелері спектріне тарқатылады. Осымен байланысты сөздік
құрамның түрлі көзқарастар тұрғысынан (синтагматикалық, парадигматикалық,
эпидигматикалық, тәжірибелік, функционалды-стилистикалық, т.б.)
бөлінулері баяндалады. Ғалымның көзқарасы бойынша, сөздіктер типологиясының
лингвистикалық координатасы бір топ координаттарды құрайды. Оларды бөліп
шығарудың негізгі жолы – тілдің лексикалық жүйесінің түрлі аспектілеріне,
сөздердің топтары мен қатарларына, сондай-ақ, оларды біріктіруші формалды
белгілер мен семантикалық категорияларға талдау жасау. Психологиялық
координата лексикографияны мүмкіндіктері шектеулі адамға бағдарлайды.
Мысалы, біртілді сөздіктің адресаттарының ерекше бір түрі – шетелдіктер, -
тілдік түйсігі (чутье) жоқ адамдар. Психологиялық координата сөздіктерді үш
класқа бөледі: 1) сөздіктің тілі өзінің ана тілі болып табылатындар үшін
жасалатын; 2) шетелдіктер үшін жасалатын; 3) машиналар үшін. Психологиялық
координата оқырмандардың жас ерекшеліктеріне байланысты сөздіктерді төменгі
сынып оқушылары үшін жасалатын, жоғарғы сынып оқушылары үшін жасалатын және
ересектер үшін жасалатын сөздік түрлеріне бөледі. Семиотикалық координата
сөздіктер типологиясына тарихи нақтылық береді. Ол психологиялық
координатамен бірге әлеуметтік-психологиялық нақтылықты да береді. Демек,
белгілі бір ұлттық мәдениеттің немесе белгілі бір елдің өкілі ретіндегі
әлеуметтік адамның ерекшеліктерін ескереді.
Сөздіктердің типтері туралы мәселені ғалым лексикография теориясының
бірінші мәселесі санайды. Сөздіктер типологиясын төрт координат негізінде
баяндай отырып, осы координаттардың әрқайсысының екі түрлі қолданым аясы
болатынын ( 1) сөздіктің берілген бір типіне қатысты, 2) сөздіктің кез
келген типіне қатысты) ескертеді. Осы мәселеге орай, лексикография
теориясын сөздіктердің типологиясына (ғылыми жіктемесіне) және сөздіктің
құрылымы немесе элементтері туралы ілімге бөліп қарастырады.
Автордың пікірі бойынша, сөздіктердің жіктемесі дегеніміз – белгілі бір
мәдени ареалда немесе белгілі бір ұлттық лексикографиялық дәстүрде тарихи
тұрғыдан қалыптасқан сөздіктер мен олардың жанрларының практикалық
жүйеленген түрдегі сипаттамасын жасау [4, 6].
Жалпы лексикография бойынша жасалған жіктемелер арасындағы мамандар
тарапынан сапалы саналып жүрген еңбек - В.В.Дубичинскийдің
Лексикографиялау ұстанымдар мен сөздіктер типологиясы атты мақаласы [42].
Ғалым осы еңбегінде сөздік түзу ғылымының шығармашылық, ғылыми-аналитикалық
сипатының үнемі ескеріле бермейтіндігін жазады. Ғалым бұрынғы жіктемелерді
қорыта келіп, сөздіктердің мынадай типтерін атайды:
А) сипатталатын тіл санына байланысты:
- біртілді: 1) түсініктеме беруші немесе түсіндіруші (энциклопедиялық,
түсіндірме, терминологиялық, этимологиялық, ономастикалық, кірме сөздер
сөздігі т.б.); 2) тіркеуші, мұнда түсініктемесіз тек сөз тізбелері беріледі
(орфографиялық, жиілік, кері әліпбилік т.б.);
- екі тілді және көптілді (аударма);
Ә) лексиканы қамтуына байланысты:
- лексиканы шектеусіз қамтитын (энциклопедиялық, түсіндірме, т.б.);
- белгілі бір принцип негізінде белгілі бір лексикалық топтарды ғана
қамтитын сөздіктер. Олар мына негіздер бойынша сұрыпталып алынады:
1) хронологиялық принцип бойынша (этимологиялық, тарихи,
сөздіктер, жаңа сөздер сөздігі,т.б.);
2) лексиканың стильдік қабаттары бойынша (әдеби, сөйлеу, қарапайым
тілдер сөздігі, жаргонизмдер сөздігі, диалектизмдер сөздігі, т.б.);
3) авторлық лексиканы қамтитын (жазушыақынфилософ, т.б. тілі сөздігі);
4) лексиканың аумақтық ерекшеліктеріне байланысты (диалектизмдер
сөздігі, регионализмдер сөздігі, т.б);
5) сөздердің тілішілік градациясына байланысты (синонимдер, антонимдер,
паронимдер сөздігі, аудармашының достары, фразеологиялық, т.б.
сөздіктер);
6) адресатқа қатысты (мектеп сөздігі, шетелдіктерге арналған сөздік,
кәсіпкерлерге арналған сөздік, т.б.);
7) лексиканы кәсіби тұрғыдан сұрыптау бойынша (терминологиялық сөздік,
салалық рубрикаторлар, классификаторлар, идентификаторлар,
терминологиялық тезаурустар т.б.);
8) көлемі бойынша (үлкен немесе толық, қысқаша т.б. сөздіктер);
9) безендірілуі мен ақпарды детализация жасау бойынша (иллюстративті,
қалта сөздігі т.б.);
Б) функционалды бағдарына байланысты:
- функционалдық-салалық (терминологиялық, тар кәсіби, кең кәсіби,
тематикалық сөздіктер, тезаурустар, т.б.);
- функционалды-тілдік (сөзтіркесім сөздігі, етістікті меңгеру сөздігі,
т.б.)
- функционалды-образдық (фразеологиялық сөздік, қанатты сөздер сөздігі,
т.б.);
В) лексикалық материалды беру реті бойынша:
- семасиологиялық, әліпбилік (түсіндірме, орфографиялық, аударма сөздік,
т.б.);
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылым негіздері
Сөздік құрастырудың техникасы
ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРІК - ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ СӨЗДІГІ
Тарихи лексикография
СӨЗДІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Идеографиялық оқу сөздігінің тілдік жүйені меңгертудегі орны
Сөздіктің элементтері мен параметрлері және тарихи сөздіктер
Жалпы тіл білімі - тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін ғылым
Қазақ тілінің лексикографиясының типтері
Лексикография
Пәндер