Қажым Жұмалиев – эпостық жанрдың түрлерін зерттеуші ғалым


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 138 бет
Таңдаулыға:   

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ӘОЖ 821. 512. 122. 09 Қолжазба құқығында

МАМЫРОВ АЗАМАТ ЫБЫРАЙҰЛЫ

Қажым Жұмалиев - эпостық жанрдың түрлерін зерттеуші

10. 01. 02 - қазақ әдебиеті

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші филология ғылымдарының докторы, профессор Бисенғали З. Қ.

Қазақстан Республикасы

Алматы 2006

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Қ. Ж¦МАЛИЕВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАР . . . . 7

  1. Батырлық жырлар (идеялық мазмұн, образ, композиция,

көркемдік әдіс) . . . 7

  1. Ғашықтық жырлар (идеялық мазмұн, образ, композиция,

көркемдік әдіс) . . . 29

  1. Қ. ЖҰМАЛИЕВ - ТАРИХИ ЖЫР ЖАНРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ ТУРАЛЫ . . . 38
  2. Қ. ЖҰМАЛИЕВ - ҚАЗАҚ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭПОСТЫҚ

ЖАНРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ОНДАҒЫ ҚАЛАМГЕРЛІК

ЕРЕКШЕЛІК ЖАЙЛЫ . . . 66

  1. Қазақ ақындарының поэмаларындағы түрлік ерекшелік пен стиль

даралығы туралы . . . 66

3. 2 Эпостық жанрдың прозалық түрлеріне қатысты пайымдаулары . . . 108

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 133

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 137


КІРІСПЕ

Тақырыптың µзектілігі . Әр ±лттыњ белгілі бір ѓылым саласын жасаушы, дамытушы, ел игілігіне жаратушы шоқ ж±лдыздай кемел т±лѓалары болатыны анық. Қазақ әдебиеттану ѓылымыныњ қалыптасуында қ±нды пікірлер мен елеулі ењбектер бере білген ±лтымыздыњ мақтанышы санаулы саңылақ ѓалымдар бар. Олардың әдебиеттануға қосқан үлесін кейінгі буын әдебиет зерттеуші ѓалымдар нақты µмір с‰рген кезењ шындықтарымен бірлікте қарастыра отырып зерттеуде. Ұлттық әдебиеттану ғылымында өзіндік орны бар ѓалымдарымыздың зерттеу еңбектеріндегі ой-пікірлер мен тұжырымдарды бүгінгі ғылыми көзқарас тұрғысынан жан-жақты танып білу қазіргі тањда µзекті мәселелердіњ бірі. Б±л ретте қазақ әдебиеттану ѓылымында нақты әрі нәтижелі ғылыми зерттеулер ж‰ргізіліп жатқандыѓын қорѓалѓан кандидаттық, докторлық ж±мыстардан, монографиялық ењбектерден кµруге болады. Дей т±рѓанымен, бұл игі істе осы к‰нге шейін тым аз, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алѓаннан бері м‰лдем арнайы зерттелмеген ѓалымдарымыз бар. Солардың бірі әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны саласында қырық жылға жуық қызмет еткен көрнекті ғалым, академик - Қажым Ж±малиев.

Қ. Ж±малиев қазақ әдебиеттану ѓылымында ењ алѓашқы болып 1941 жылы “Х‡ІІІ-ХІХ ѓѓ. қазақ әдебиеті тарихы” деген тақырыпта кандидаттық, 1946 жылы “Абайѓа дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясыныњ тілі” деген тақырыпта докторлық диссертациялар қорѓаѓан ѓалым адам.

Іргелі қазақ халқыныњ рухани жан сарайын, болмыс бітімін, ілім-білімін, тыныс-тіршілігін пәрменді етуге, сµз µнері мен мәдениетін µскелењ адамзат баласы ж‰регініњ тµріне кµтеріп, жан азыѓы етуге баѓыштаѓан жазушы, ѓалым, ±стаз Қажыѓали (әдеби лақап аты Қажым) Ж±малы±лы Ж±малиев әлі жете зерттелмеген т±лѓа.

Тµњкеріске толы ХХ ѓасырдыњ басында д‰ниеге келіп, кіндік қаны тамѓан киелі топырақтыњ қадір-қасиетін т±ла бойына дарытып, жастайынан жиын-тойда “µлењші бала” атанып, елінде м±сылманша, Орынборда орысша сауат ашып, бой т‰зеп, болашаѓын баѓамдаѓан жастыњ сол кездегі Қазақстанныњ орталыѓы Алматыѓа ‰лкен білім іздеп келіп, қазақ әдебиеттану ѓылымында µз ойы, т±шымды т±жырымдары бар бірегей т±лѓа болып қалыптасуы кездейсоқ емес, талап пен таланттыњ ±штасуынан туѓан нәтиже деп қабылдау қажет.

Біз б±л жұмысымызды “Қ. Жұмалиев-эпостық жанрдың түрлерін зерттеуші” дегенімізбен ѓалымныњ бір ѓана фольклористика ғылымындағы батырлық эпосқа қатысты кµзқарастарына тоқталып қана қоймаймыз, б±дан әлде қайда ауқымды әдебиет тектерініњ бірі эпос пен оның жанрлық т‰рлеріне жататын көркем шығармалар хақында ғалымның әр жылдарда айтқан т±жырымдарын тұтастай қамтып, ѓылыми тұрғыдан сараламақпыз. ¤йткені, к‰ні б‰гінге дейін Қ. Ж±малиевтіњ бұл салаға қатысты ғылыми ой-пікірлері, тұжырымдары жеке тақырып етіп алынып, арнайы зерттелген емес.

Академик Қ. Жұмалиевтің 1938 жылғы орта мектептің жоғарғы кластарына арнап жазған «Әдебиет теориясы» оқулығында біз зерттеу нысанымыз етіп алған эпос және оның түрлеріне қатысты: «Эпос - көркем әдебиеттің негізгі жанрының бірі. Әдебиеттің басқа жанрларына (тектеріне) қарағанда эпос жанрынад жататын көркем шығармаларда оқиға, адамдардың араларындағы қарым-қатынастар біртіндеп дамиды. Қандай өмір құбылысын суреттесе де, әр жағдайдағы адамдардың арасындағы тартысты баяндаса да, не олардың мінез-құлық, іс-әрекеттерін сипаттаса да, жазушы өзінің оларға қалай қарайтынын аңғартпайды. Тек көруші, бақылаушы, біреулерден естіп, сол естігенін, объективтік қалыпта суреттеп айтып беруші дәрежесінен аспайды. Міне осы әдіс негізінде берік сақталып, жазылған көркем шығармалар, мейлі өлеңмен, мейлі қарасөзбен жазылсын, эпостық жанрға жатады» - деп бұл салаға жататын көркем шығармалардың жанрлық ерекшелігін ашып берген болатын [1, 222-223 бб. ] .

Қ. Жұмалиевтің әдеби, ғылыми мұрасы туралы ғалымның көзі тірісінде де, кейін өзі қайтқасын да газет-журнал беттерінде түрлі деңгейде мақалалар жарияланғаны белгілі. Мұның барлығы ғалымның творчестволық тұлғасын, адами қадір-қасиетін жан-жақты ашып көрсетудегі игі істер. Бұл ретте жекелеген мақалалардан басқа нендей ењбектер бар дейтін болсақ 1968 жылы М. Қаратаев, С. Сейітов, З. Қабдоллов, Х. Әдібаев шыѓарѓан “Қажым Ж±малиев” [2] атты шағын ±жымдық жинақпен 1987 жылғы М. Атымовтың «Қажым Жұмалиев» атты монографиясын атауға болады [3] . Содан соњ Р. Зайкенованыњ “Қ. Ж±малиев ењбектеріндегі әдебиеттану ѓылымыныњ µзекті мәселелері” деген филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация жұмысы барлыѓы белгілі [4] .

Алдыњѓы ±жымдық жинақ пен монографиялық ењбекте Қ. Ж±малиевті “жазушы”, “ѓалым”, “±стаз” деп ‰ш қырынан алып қарастырады. Осында біз зерттеп отырѓан ѓалымдық қыры дұрыс кµрсетілген, бірақ терењдей жан-жақты ашып берілмеген. М±ны кµлемі шаѓын ењбектен талап ету орынсыз.

Қ. Ж±малиевтіњ ѓылыми ењбектері жµнінде қазақ әдебиеттану ѓылымында біршама тыњ пікірлер қалыптастырѓан зерттеулердіњ бірі Р. Зайкенованыњ жоѓарыда аталѓан кандидаттық ж±мысы.

Қ. Ж±малиев туралы жоѓарыда кµрсетілген бірлі жарлы ењбектер болѓанымен әлі де айтыла берер, ашылып, айқындала т‰сер т±стары да жетерлік. Біз зерттеу нысаны етіп отырған эпостық жанр түрлерінің даралық сипаты, идеялық-көркемдік ерекшеліктері т. б. өзіндік белгілері туралы ғалым пікірлері көркем шығарманың жанрлық табиғатын тануда тірек тұжырымға айналғандығын естен шығармауымыз керек.

Өмір құбылыстарын сан алуан жағынан суреттеп беретін эпостық жанрдың түрлерін талдау мен танудағы ғалым пайымдауларының әдебиеттануға қосқан үлесін айқындау күн тәртібінен әзірге түскен емес.

Ғалымның қазақ әдебиеттану ғылымында эпостық жанрдың түрлерін зерттеу барысында үлкен жетістіктерге жетіп, тың соқпақтар салғандығы зерттеушілер тарапынан тыс қалып келеді.

Зерттеу жұмысының басты мақсаты Қ. Жұмалиевтің эпостық жанр түрлеріне (эпикалық жыр, тарихи жыр, поэма, роман, новелла, әңгіме) қатысты тұжырымдарының қазақ әдебиеттану ғылымының дамуына қосқан үлесін атап көрсету. Зерттеу тақырыбының өзектілігі осыдан туындайды.

Зерттеудіњ мақсаты мен міндеті . Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеті Қ. Жұмалиевтің эпостық жанр түрлеріне жататын көркем шығармаларға қатысты айтылған ғылыми-эстетикалық ой түйіндері мен тұжырымдарының қазақ әдебиеттану ғылымына қосқан үлесінің мән-маңызын ашу, кеңестік идеология талабынан туындаған кейбір қарама-қайшы пікірлерінің себеп-салдарын нақтылау. Осы мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысында мына төмендегідей міндеттер нысанаға алынбақ:

- эпикалық жырлардың идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін талдау барысындағы ізденістерін айқындау;

- қазақ әдебиеттану ғылымында тарихи жырдың сипатын, жанрлық дербестігін танып білуде айтылған тұжырымдарын нақтылау;

- қазақ поэмаларындағы ақындық сөз саптау, стильдік ерекшелікке қатысты теориялық қағидаларының мәнін ашып көрсету;

- эпостық жанрдың прозалық түрлерін талдаудағы көзқарастары мен ұстанымдарын саралау.

Зерттеудіњ ѓылыми жањалыѓы .

- Диссертациялық жұмыс Қ. Ж±малиевтіњ сан-салалы ѓылыми-зерттеу еңбектерінің ішінен әдебиет тектерінің бірі - эпос және оның жанрдың түрлеріне жататын көркем шыѓармаларѓа қатысты ой-т‰йіндері мен тұжырымдарын тұтас қамтып, жан-жақты талдауға алғаш рет ұмтылыс жасайды.

- ғалымның мектеп оқулықтары мен кейінгі монографиялық еңбектеріндегі эпикалық, тарихи жырларға қатысты тұжырымдарын өзара салыстыру арқылы ғылыми ой-пікірінің эволюциясы айқындалды.

- Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін ақталған Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедұлының эпостық жанр түрлеріне қатысты ой-пікірлері Қ. Жұмалиевтің ғылыми көзқарастарымен алғаш рет салыстырылып зерттелді.

- кеңестік идеологияның салқынына ұшырап, ғалымды ұлттар арасына іріткі салушы атандырған «Кенесары-Наурызбай» жырына қатысты Қ. Жұмалиевтің пайымдаулары ғылыми айналымға қайта енгізілді.

Зерттеу әдістері. Тарихи-салыстырмалы және кешенді-ж‰йелі талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу нысаны мен пәні . Диссертациялық ж±мыстыњ басты нысаны, зерттеу материалдары ретінде академик Қ. Ж±малиевтіњ халықтық м±ралар мен қазақ қаламгерлері шыѓармашылыѓына қатысты жазылѓан «ХІХ ғасырдың ақыры мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтың жаңа жазба әдебиеті» (1941), «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері» (1958), «Қазақ әдебиет тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі» (1960), «Стиль - өнер ерекшелігі» (1966), «XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (1967) атты ѓылыми-зерттеу ењбектері алынды.

Зерттеу ж±мысыныњ әдістемелік және теориялық негіздері . Зерттеу барысында осы тақырыпқа қатысы бар Ә. Марѓ±лан, Б. Кенжебаев, Т. Н±рта-зин, М. Атымов, З. Ахметов, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, З. Қабдолов, Р. Берді-баев, Р. Нұрғалиев, С. Қасқабасов, Р. Зайкенованың теориялық еңбектерінің тұжырымдары, әдістемелік ұстанымдары негізге алынды.

Зерттеудіњ ѓылыми-тәжірибелік мәні . Зерттеу нәтижелері қазақ әдебиеттануында жинақталѓан ѓылыми т±жырымдар мен теориялық қаѓидаларды толықтырады. Зерттеу ж±мысыныњ негізгі нәтижелерін жоѓары оқу орынарындаѓы қазақ әдебиеті оқытылатын лекцилық дәрістерде және семинар сабақтарда пайдалануѓа болады. Сонымен бірге, б±л зерттеуді арнайы курстарда да кµмекші оқу қ±ралы ретінде пайдалану м‰мкіндігі анық.

Қорѓауѓа ±сынылатын негізгі т±жырымдар :

- ХХ ѓасырдыњ 30-60 жылдары әдеби µмірге белсене араласқан Қ. Ж±малиевтіњ ѓылыми-зерттеу ењбектері де қазақ әдебиеттануыныњ қалыптасу жолында, сол арқылы жалпы әдебиеттану ѓылымыныњ даму ‰рдісінде µзіндік орын алары анық. Сол себепті Қ. Ж±малиевтіњ ѓылыми м±раларын б‰гінгі кµзқарас т±рѓысынан зерттеу, шынайы баѓасын беру, ѓылыми айналымѓа қосу - уақыт талабынан туындап отырѓан қажеттілік. Зерттеу нәтижесінде мынадай тұжырымдар жасалынды:

- эпикалық жырлардың жанрлық ерекшелігін танытатын ғалым еңбектеріндегі пікірлер қазақ фольклористика ғылымындағы маңызды теориялық пайымдаулармен тығыз байланысты;

- ғалымның қазақ әдебиетіндегі тарихи жыр жанрының дербестігін дәлелдеудегі тұжырымдары - ғылыми таным тұрғысынан дәйекті;

- сөз өнеріндегі өзіндік стильге қатысты Қ. Жұмалиевтің ғылыми-эстетикалық ой-пікірінің мән-маңызын ашуда, эпостық түрге қатысты тұжырымдарының ролі зор;

- ғалымның қазақ әдебиетіндегі эпостық жанрдың түрлерін методологиялық тұрғыдан өзіне дейінгі еңбектермен бір арнада, ал әдістік жағынан өзінше топшылайды.

Ж±мыстыњ сарапталуы мен сыннан µтуі. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында талқыланып, қорғауға ұсынылды. Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен нәтижелері мақала, тезистер түрінде «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Тіл таным», «ҚазҰУ Хабаршысында», халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар жинақтарында жарияланды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.


І Қ. ЖҰМАЛИЕВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАР

  1. Батырлық жырлар (идеялық мазмұн, образ, композиция көркемдік әдіс)

Аса көрнекті әдебиеттанушы ғалым, академик Қ. Жұмалиевтің ғылыми зерттеу еңбектерін зерделей отырып, кеңестік кезеңнің өзінде де қазақ ұлты асқар рухты ел екендігін ешкімнен именбей, жасқанбай мол мұрамыз эпикалық, тарихи жырлар арқылы дәлелдеп бере алғанын аңғарамыз. Сонымен қатар, сол тұстағы идеологиялық талаптардардың да әсерін байқаймыз. Дей тұрғанмен, ғалым тұжырымдарының өміршендігі басым түсіп, ұлттық әдебиеттану ғылымында тірек тұжырымға айнала білгендігін ұлы сыншы уақыттың өзі көрсетіп отыр.

Ғалымның қазақ әдебиеттану ғылымындағы тұңғыш еңбегі «Әдебиет теориясы» (1938) бастап, соңғы «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (1967) аралығында эпостық жанрдың түрлеріне қатысты пайымдауларын әркез жетілдіріп отырғандығын осы еңбекті жазу барысында көз жеткіздік. Эпостық жанрдың түп төркіні бірнеше ұрпақтың дүниетанымын бойына сіңірген батырлық жырлардың жанрлық сипаты, түрлік ерекшелігіне қатысты ғалым: «Эпостық жанрдың ең ескі және көлемді түрінің бірі - эпостық поэмалар немесе батырлар жыры. Бұларды жай поэмалардан бөліп, жекелеп көрсетудің негізгі себебі - авторы белгісіз, халықтық мұра болғандығында, олардың туу негізінде шындық болмыс жатса да, шығарушыларының ой-санасының әлі сәбилігімен байланысты қиял араласып отырғандығында. Ал, басқа жағынан: өмір құбылысын объективтік қалыпта баяндауы, оқиғаны біртіндеп дамытуы т. б. жақтарынан кейін туған, авторы мәлім, поэмалардан еш айырмасы жоқ. (Әрине, тілдерінің ескішілдігін, композициясының қарапайымдығын еске алмағанда. ) - дейді [5, 243 б. ] .

«Қ. Жұмалиев зерттеулеріндегі эпикалық жырлар» атты бірінші бөлімде біз ғалымның эпикалық жырлардағы вариант, версияларды жүйелеу, идеялық мазмұн мен көркемдік ерекшеліктерді тану, жырдың қай кез, қай дәуірде туған шығарма екендігін болжау, әлеуметтік-тарихи жағдай мен тарихи оқиғалдарың сүрлеуін айқындау, эпостық жырларды зерттеуде күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді атап көрсету т. б. барысында айтылған өзіндік ой-пікірлерінің қазақ әдебиеттану ғылымындағы үлес салмағын ашып көрсетпекпіз.

Осы бағытта негізгі нысанымыз Қ. Жұмалиевтің ғылыми-зерттеу еңбектерімен бірге эпос зерттеуші отандық ғалымдардың пікірлері ретіне орай ғана алынады.

Қазақстанда фольклористика ғылымының қолға алынуы ХІХ ғасырдың екінші жартысы. Бұл қазақ халқының орыс мемлекетіне тұтастай қосылу кезеңі екендігі тарихтан мәлім. Міне, осы тұста ел билеу жүйесінде, мәдени өмірде, шаруашылықта өзгерістер көп болды. Соның бірі ауыз әдебиеті түрлері жинақталып, зерттеле бастауы. Әсіресе, батырлық жырлардың зерттелуі осы кезеңнің еншісінде. Қазақ эпосын жинап, жариялап пікір айтқан ғалымдар: Ш. Ш. Уәлиханов, В. В. Радлов, Г. Н. Потанин, И. Н. Березин, Ә. Диваев, Т. Беляев, П. И. Мелиоранский, Н. Н. Ильминский т. б. Қазақ ауыз әдебиеті салаларының көлемі жағынан үлкені эпостық жырлардың жариялануы мен зерттелуі кеңес үкіметі тұсында және бір сатыға көтерілді. Оның басында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедұлы, С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ә. Марғұлан, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев, Ә. Қоңыратбаев, М. Ғабдуллин т. б. тұр.

Қазақ ауыз әдебиетін жинау мен зерттеуде ХІХ ғасырдың екінші жартысында өнімді еңбек еткен Ш. Уәлиханов, В. Радлов, Ә. Диваев халық мұрасын талдауда ауыз әдебиетінде мифтің ғана рөлі жоғары деген сол кездегі біржақты қасаң түсініктен аулақ болды. В. Радлов қазақ фольклорын алғаш рет жан-жақты жүйелеп кітап етіп шығарса, Ә. Диваев өмірін әдеби мұраны жинауға арнағаны белгілі. «Алпамыс» пен «Қобыландыны» хатқа түсіру Ә. Диваевтың үлесінде. Ш. Уәлиханов «Ер Көкше», «Ер Қосай», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырларын ел ішінен жазып алуымен қатар, туысқан қырғыз халқының «Манас» эпосының «Көкетай ханның өлімі және оның асы» деген бөлігін алғаш бастырып шығарған. Мұнымен қатар қолда бар әдеби жәдігерлерді басқа халықтың ауыз әдебиеті үлгілерімен салыстыра отырып, өзіндік бірліктерін ашып көрсетеді. «Дала өмірін жырлаған поэзия болғандықтан, бұл екі елдің (араб, қазақ - М. А. ) поэзиясы бір-біріне өте көп ұқсас, екеуінің де сюжеті дала өмірі тәрізді үнемі біркелкі болып келеді. Екеуінің де көшпенді тұрмыс, сұлу табиғат, рулардың қарым-қатынасы, талас-тартысы суреттеледі» - дейді [6, 239 б. ] .

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары ауыз әдебиеті оның ішінде эпостық жырдың жанрлық табиғатын танып білуде тың тұжырымдар айтқан Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедұлы.

Ә. Бөкейханов «Ер Тарғын» жырының Марабай нұсқасымен қара сөз түріндегі вариантын ел ішінен жинап бастырған. Мұнымен қоса «Едіге», «Батыр Бекет», «Қобыланды» жырларындағы тарихи оқиғалардың сүрлеуі зерделенеді. Ал, А. Байтұрсынов «Ер Сайын» эпосын бастырып шығарумен қоса, жырдың жанрлық белгілерін айқындайды. Және эпосты ертегі жыр, тарихи жыр деп екіге бөліп, әрқайсысының жанрлық белгілерін нақтылай түседі. Х. Досмұхамедұлының зерттеулерінің жетістігі фольклордың сан түрлі жанрлық түрлерінің мазмұнына, көркемдігі мен құрылысына, қызметіне, поэзиялық және прозалық болып келуін жіктеп көрсетуі еді. Бұл сөз жоқ эпостың түрлерін жүйелеу тәртібін ғылыми жолға қоюдағы алғашқы бастама.

Қазақ эпосын талдауда концептуальды пікір айта білген тағы бір топ фольклортанушы ғалымдар М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Б. Кенжебаев, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Е. Ысмайлов, М. Ғабдуллин т. б.

М. Әуезовтің бұл салада жүргізген ғылыми ізденістерінің нәтижесін «Әдебиет тарихынан» көре аламыз. Мұнда ғалым фольклорды жанрлық сипаты бойынша топтап келіп, эпикалық мұраларды батырлар әңгімесі, ел поэмалары, тарихи өлеңдер деп үшке бөліп қарастырады. С. Сейфуллин «Қазақ әдебиетінде» эпостың тарихи мәнін түсіндіре келіп, оның жанрлық түрлеріне сипаттама жасайды. С. Сейфуллиннің аталмыш еңбектегі үлкен жетістігі ноғайлы терминін сөз ете отырып, қазақ жырларының тарихи генетикалығы жөнінде алғаш ой айта білуінде. С. Мұқановтың эпос жөніндегі зерттеулерінен рухани қазынамызды терең түсінетіндігін және эпостың ортақ белгілерін жинақтап бере алатындығын көреміз. Б. Кенжебаевтың эпос талдаудағы жетістігі қазақ батырлар жырының шығыс дастандарымен тамырлас болып келуін аңғара білуі. Қ. Жұмалиевте бұл саланың білгір маманы саналып, өзінің пайымдау, тұжырымдарымен ерекшелене білді. Бұл турасында Р. Бердібаев: «Қазақ фольклоршылары қатарынан эпостың жанрлық сипаттарына көңіл бөліп, парасатты пайымдау жасаған ғалымдардың бірі - академик Қ. Жұмалиев. Ол эпостың генезисіне, табиғатына және негізгі белгілеріне байланысты түйінді тұжырымдар айтып, жеке нұсқалар бойынша нақтылы талдаулар келтірген» - дейді [7, 23 б. ] .

Қ. Жұмалиев эпостық жырларды сөз ету барысында «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» жырларына тоқталады.

Қ. Жұмалиевтің 1941-1942 жылдары орта мектептің 8-класына арнап жазған «Қазақ әдебиеті» оқулығы мен 1958 жылғы «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері» еңбегінде «Қобыланды батыр» жырына бірінші тоқталады. Оның өзіндік себептері де бар. Бұл жөнінде ғалымның жырды талдау барысында жасаған тұжырымдарын таратып айтуда тоқталмақпыз. «Қобыланды батыр» жыры өзінің идеялық-көркемдік ерекшеліктері мен әдебиет зерттеушілердің назарына ерте іліккен жыр. 1889 жылғы «Туркестанские ведомость» газетінің кезекті үш санында (34, 38, 42) Туземецтің «Женщины по киргизской былине Кобыланды» деп аталатын мақаласы жарияланды. Туземецтен кейін «Қобыланды батыр» жырын зерттегендер профессор П. А. Фалаев пен көрнекті шығыстанушы ғалым А. Н. Веселовский.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қажым Жұмалиев – эпостық жанрдың түрлерін зерттеуші
Исатай - Махамбет жырының мәнісін сөз ете келіп, осы жырдың авторы
Махамбет поэзиясында сөздердің стильдік - мағыналық қолданысы
Тарихи роман поэтикасы
Қ. Жұмалиев және Махамбеттану мәселелері
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ
Лиро- эпостық және батырлар жырындағы салт- дәстүрлерді оқыту
Махамбет жырларының ерекшелік сипаты
Тарихи поэтиканың әдебиет теориясы және әлем әдебиеті тарихынан арақатынасы
Лирикалық шығарманы талдау жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz