Педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді тұлғалық – кәсіби дамыту процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялау
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жарияланған еңбектер тізімі
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жарияланған еңбектер тізімі
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жалпы білім беру жүйесіне, оның ішінде педагогикалық білім беру жүйесіне де өз әсерін тигізуде. Қазіргі мектепке теориялық білімдерді, кәсіби қабілеттер мен дағдыларды тұтастай пайдалана білетін, педагогикалық ойлау деңгейі жоғары, педагогикалық міндеттерді өз бетінше шығармашылық тұрғыдан шеше алатын мұғалімдер қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «...мұғалімдердің біліктілігін неғұрлым сапалы деңгейге көтеру» мәселесін атап көрсеткен болатын. Оқушылардың денсаулығының нашарлауы және олардың дене дайындығы деңгейінің төмендеуі педагогикалық жоғары оқу орындарындағы студенттердің кәсіби даярлығына жаңаша тұрғыдан келудің қажеттілігін шарттайды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында (2007 ж.) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және тән күш-қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделген.
Бұл міндеттердің ойдағыдай жүзеге асырылуы педагогикалық жоғары оқу орындарының жаңа тұрпаттағы мұғалімді, яғни шығармашылық ойлау қабілеті, кәсіби-педагогикалық біліктілік деңгейі жоғары, рухани дамыған педагог – маманды даярлау мәселесіне жаңа тұрғыдан келуіне тікелей байланысты.
Салауатты өмір салтына үйретудің үлгілері (медициналық, білімдік, саяси және т.б.) жеке тұлғаның еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігінің факторы және адамның өзін-өзі жүзеге асыруы мен бақытты болуының шарты ретінде қарастырылып, сынақтан өткізілуде. Сонымен қатар педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ететін шешуші шарттардың бірі мұғалімнің мықты рухының және денінің саулығына негізделетін жалпы еңбекке қабілеттілігі болып табылады.
Педагогтың біртұтас дене мәдениетін тәрбиелеу мәселесі елдегі әлеуметтік-демографиялық жағдайға, сонымен қатар негізгі белгілері оқыту процесінің жоғары психикалық және дене күшін, маманның жоғары жауапкершілігін, білім беру жүйесіндегі педагогтың жоғары деңгейдегі денсаулықты қалыптастырушы кәсібилігін қажет ететін білім беру кеңістігінің педагогикалық - психологиялық факторларына да байланысты екендігі туралы мәселені өзектендіре түседі.
Жоғары педагогикалық оқу орындары оқушылардың денсаулығына байланысты мәселелерге белгілі бір назар аударады.
Дегенмен мұғалімдерде өскелең ұрпақтың дене мәдениетін тәрбиелеуге, олардың денсаулығындағы кеңінен таралған ауытқулардың алдын алуға мүмкіндік беретін практикалық қабілеттер мен дағдылардың қалыптастырылуы жүзеге асырылмауда. Педагогтарды даярлау стандарты мұғалімдердің дене мәдениетін қалыптастыру бойынша қандай да бір сауықтыру іс-шараларын өткізу бойынша іс-әрекетінің тиімділігін бағалау мәселелерін қарастырмайды.

1. Дене тәрбиесі сабақтарында жаңа технологияларды қолданудың әдісі // «Қазіргі жағдайда салауатты өмірді қалыптастырудың инновациялық технологиялары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы. –Шымкент, 2006. -24-25 б.б. (Г.Л.Сауырбекова, Е.Л. Құдайбергеновпен авторлық бірлестікте).
2. Дене тәрбиесі сабақтарында жеке тұлғаны қалыптастырудың әдісі //«Қазіргі жағдайда салауатты өмірді қалыптастырудың инновациялық технологиялары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы. –Шымкент, 2006. -35-36 б.б. (Г.Л.Сауырбекова, У.О. Мұсаевпен авторлық бірлестікте).
3. Қазіргі кезде оқушыларға әскери - патриоттық тәрбие берудің мәні мен мақсаты //«Қазіргі жағдайда салауатты өмірді қалыптастырудың инновациялық технологиялары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы. –Шымкент, 2006. -41-43 б.б. (А.Қ.Бекбосынов,Н.Қ.Айменовпен авторлық бірлестікте).
4. Жоғары оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау процесінде рухани және дене тәрбиесін ықпалдастыру - әлеуметтік – педогогикалық процес ретінде // «Ұлт тағылымы» Республикалық ғылыми-педагогикалық журналы, 2009, № 3. -57-61 б.б.
5. Болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін ықпалдастыру арқылы педогогикалық мәдениетін қалыптастыру // «Қазақстанның ғылыми әлемі» Халықаралық ғылыми журналы, 2009, № 5.-80-86 б.б. (А.Б. Нұрлыбековамен
авторлық бірлестікте).
6. Болашақ мұғалімдерді кәсіби бейімдеуде рухани баюы мен танымдық қабілетін жетілдіру жолдары // «Мектеп директоры» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналы, 2009, № 5. -7-11 б.б.
7. Болашақ дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерін кәсіби және әдістемелік дайындаудың кейбір жолдары //«Мектептегі дене шынықтыру» Республикалық ғылыми журналы, 2009, № 4. -7-11 б.б.
8. Болашақ мұғалімдерді жеке тұлғалық және кәсіптік даярлаудың педагогикалық жағдайы // «Қазақстан кәсіпкері» Республикалық ғылыми журналы, 2009, № 8. -36-39 б.б.
9. Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы студенттерге рухани тәрбие беруді ұйымдастырудың негізгі ұстанымдары //«Білім - Образование» Республикалық ғылыми- педагогикалық журналы, 2009, № 4 (46). -52-55 б.б.
10. Болашақ мұғалімдерге рухани тәрбие берудегі педагогикалық жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері //«Ізденіс» Республикалық ғылыми журналы, 2009, № 3 (1). -223-227 б.б.
11. Болашақ мұғалімдерді дайындаудағы тәрбие мәселесінің педагогикалық сипаты //«Қазақстан жоғары мектебі» Республикалық ғылыми - педагогикалық журналы, 2009, № 4. -36-41 б.б.

ӘОЖ 377.5:378:37.03
Қолжазба құқығында
ДЕМЕУОВ АХАН ҚАЛЫБАЙҰЛЫ
Педагогикалық оқу орындарындағы болашақ
мұғалімдерді тұлғалық – кәсіби дамыту процесінде
рухани және дене тәрбиесін интеграциялау
13.00.01- Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы,
этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу
үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Шымкент, 2010
Жұмыс М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде
орындалды
Ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Нұрлыбекова А.Б.
Ресми оппоненттері педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Қозыбақов М.Ж.
педагогика ғылымдарының кандидаты
Махмутова Г.И.
Жетекші ұйым Абай атындағы Қазақ Ұлттық
педагогикалық университеті
Қорғау 2010 жылы ___ __________ сағат _____ М.О.Әуезов атындағы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы педагогика
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.20.01
диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке
хан даңғылы, 5.
Диссертациямен М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университетінің кітапханасында танысуға болады (160012, Шымкент қаласы,
Тәуке хан даңғылы, 5 үй, 2- қабат).
Автореферат 2010 жылы ___ ______ таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы Жолдасбекова С.А.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық
өзгерістер жалпы білім беру жүйесіне, оның ішінде педагогикалық білім беру
жүйесіне де өз әсерін тигізуде. Қазіргі мектепке теориялық білімдерді,
кәсіби қабілеттер мен дағдыларды тұтастай пайдалана білетін, педагогикалық
ойлау деңгейі жоғары, педагогикалық міндеттерді өз бетінше шығармашылық
тұрғыдан шеше алатын мұғалімдер қажет. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ...мұғалімдердің біліктілігін
неғұрлым сапалы деңгейге көтеру мәселесін атап көрсеткен болатын.
Оқушылардың денсаулығының нашарлауы және олардың дене дайындығы деңгейінің
төмендеуі педагогикалық жоғары оқу орындарындағы студенттердің кәсіби
даярлығына жаңаша тұрғыдан келудің қажеттілігін шарттайды. Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңында (2007 ж.) ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және
оның шығармашылық, рухани және тән күш-қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-
жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделген.
Бұл міндеттердің ойдағыдай жүзеге асырылуы педагогикалық жоғары оқу
орындарының жаңа тұрпаттағы мұғалімді, яғни шығармашылық ойлау қабілеті,
кәсіби-педагогикалық біліктілік деңгейі жоғары, рухани дамыған педагог
– маманды даярлау мәселесіне жаңа тұрғыдан келуіне тікелей байланысты.
Салауатты өмір салтына үйретудің үлгілері (медициналық, білімдік,
саяси және т.б.) жеке тұлғаның еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігінің
факторы және адамның өзін-өзі жүзеге асыруы мен бақытты болуының шарты
ретінде қарастырылып, сынақтан өткізілуде. Сонымен қатар педагогикалық іс-
әрекеттің тиімділігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ететін шешуші шарттардың
бірі мұғалімнің мықты рухының және денінің саулығына негізделетін жалпы
еңбекке қабілеттілігі болып табылады.
Педагогтың біртұтас дене мәдениетін тәрбиелеу мәселесі елдегі
әлеуметтік-демографиялық жағдайға, сонымен қатар негізгі белгілері оқыту
процесінің жоғары психикалық және дене күшін, маманның жоғары
жауапкершілігін, білім беру жүйесіндегі педагогтың жоғары деңгейдегі
денсаулықты қалыптастырушы кәсібилігін қажет ететін білім беру
кеңістігінің педагогикалық - психологиялық факторларына да байланысты
екендігі туралы мәселені өзектендіре түседі.
Жоғары педагогикалық оқу орындары оқушылардың денсаулығына байланысты
мәселелерге белгілі бір назар аударады.
Дегенмен мұғалімдерде өскелең ұрпақтың дене мәдениетін тәрбиелеуге,
олардың денсаулығындағы кеңінен таралған ауытқулардың алдын алуға мүмкіндік
беретін практикалық қабілеттер мен дағдылардың қалыптастырылуы жүзеге
асырылмауда. Педагогтарды даярлау стандарты мұғалімдердің дене мәдениетін
қалыптастыру бойынша қандай да бір сауықтыру іс-шараларын өткізу бойынша іс-
әрекетінің тиімділігін бағалау мәселелерін қарастырмайды.
Теория мен тәжірибе педагогикалық іс-әрекеттің мәндік ерекшеліктерін
анықтау оның әкімшілік билікке ғана емес, сонымен қатар рухани беделге
құрылатындығына басты назар аударылатындығын көрсетті. Сондықтан рухани
мәдениет өзінің барлық ерекшеліктерімен бірге басым сипатқа ие болады.
Болашақ мұғалімдердің денсаулықты қалыптастырушы тұлғалық - кәсіби
дамуының мақсатын, мазмұны мен тәсілдерін анықтайтын рухани мәдениетті
қалыптастырудың қажетті шарты ретінде дене тәрбиесі процесінде жүзеге
асырылатын қозғалыс әрекетін қарастыруға болады. Сонымен қатар
мұғалімдерді кәсіби даярлау жүйесіндегі дене тәрбиесінің теориясы мен
тәжірибесіне ізгілендіру үрдісі әсерінің күшеюі анық байқалады. Бұл, өз
кезегінде, рухани және дене тәрбиесінің интеграциясын, оның дене
мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктерінің зерттелуін шарттайды.
Өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беру, олардың рухани күштерін жетілдіру
арқылы өзін-өзі тану және тәрбиелеу, терең ой-сана мен дене мәдениетін
қалыптастыру мәселелері көрнекті ғұлама – ойшылдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұни,
Қ.А.Ясауидің және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан. Сонымен қатар қазақ
ағартушылары Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, Ш. Уәлихановтың еңбектерінде
де бұл мәселеге үлкен мән беріледі. Дене тәрбиесі мен рухани тәрбиені
өзара сабақтастықта пайдалану туралы құнды пікірлер А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиевтің еңбектерінде
зерделенген.
Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді даярлау
мәселелері мен оның жекелеген аспектілері В.А.Сластенин, Н.В.Кузьмина,
Н.Д.Хмель, В.С.Ильин, Б.Т.Лихачев, Г.К.Нұрғалиева, К.А.Дүйсембаев,
Қ.Б.Бөлеев, А.А.Қалыбекова және т.б.; студенттерге рухани - адамгершілік
тәрбие беру мәселесі И.Ф.Харламов, К.И.Болдырев, М.А.Данилов, А.А.Калюжный,
Е.В.Бондаревская, Э.И.Монозсон, В.А.Ким, А.А.Бейсенбаева, Р.К.Төлеубекова
және т.б. бірқатар еңбектерде қарастырылған.
Интеграциялау бағыттары тәрбие мен оқытуға кешенді тұрғыдан келу
(Ю.К.Бабанский, Э.М.Моносзон, М.М.Поташник және т.б.); дамыта және
тәрбиелей отырып оқыту (И.Я.Лернер, Б.Т.Лихачев және т.б.); мектептегі
және жоғары оқу орнындағы оқыту мен тәрбиенің сабақтастығы
(П.И.Пидкасистый, В.Э.Тамарин және т.б.); эвристикалық бағдарламалаудың
теориясы мен әдістемесін дайындау (В.И.Андреев) мәселелерін және басқа да
көптеген бағыттарды зерттеуде көрініс табады.
Педагогика саласындағы интеграциялау процестері қазіргі уақытта ерекше
маңызға ие болып, олардың мәнін түсіну және саналы түрде реттеу өзекті
мәселеге айналуда. Педагогикалық әдебиеттерде интеграциялау мәселесінің
дидактикалық, әдістемелік және тәрбиелік аспектілері А.П.Беляева,
М.Н.Берулава, Б.С.Гершунский, И.Д.Зверев, В.Г.Разумовский, Ю.С.Тюнников
және т.б. еңбектерінде ашып көрсетілген. Пәнаралық байланыстарды ескеру
негізіндегі кәсіби-педагогикалық білім берудің теориясы мен тәжірибесін
дайындау мәселесіне О.А. Абдуллина, Ю.К. Бабанский, В.В. Давыдов, М.А.
Данилов, И.Д. Зверев, И.Я. Лернер, М.И. Махмутов және т.б. қомақты үлес
қосты.
Дене тәрбиесі мен спорттың теориясы мен тәжірибесінде жеке тұлғаның
дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері дене белсенділігінің тұжырымдамасы
(В.К.Бальсевич, Б.А.Тойлыбаев, О.А.Аяшев, Ж.К.Оңалбек, Оразов Ш.Б.), дене
мәдениеті бойынша білім берудің мазмұны, құралдары мен әдістері туралы
түсініктер (Б.А.Ашмарин, Л.П.Матвеев және т.б.); жеке тұлғаның дене
мәдениетінің теориясы (М.Я.Виленский, В.М.Выдрин, В. И.Столяров)
дайындалған.
Қазіргі уақытта мектептегі және жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесі
бойынша білім берудің жеке тұлғаға бағдарланған технологиялары жобаланып,
дене мәдениетінің мәні мен интеграциялану бағыттары (Л.П.Матвеев,
Ю.М.Николаев, А.Б.Нұрлыбекова) зерттелуде. Сонымен қатар мектеп оқушыларына
интеграцияланған валеологиялық білім берудің мәні мен мазмұны туралы
зерттеулер (И.И.Брехман, В.В.Колбанов, Ж.З.Торыбаева және т.б.) де бар.
Сонымен қатар денсаулық, салауатты өмір салты мәселесі бойынша
мамандар қоғамдағы әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық және
әлеуметтік-демографиялық жағдайға және оқушылардың аурушаңдығын төмендетуге
ықпал ететін, мұғалімдердің дене мәдениетін қалыптастыратын факторлардың
өз деңгейінде зерттелмегендігін алға тартады. Болашақ мұғалімдердің
дене мәдениетін қалыптастыру жүйесі дайындалмаған. Теорияда педагогикалық
білім беру жүйесіндегі кәсіби даярлыққа сәйкес мұғалімнің денсаулықты
қалыптастырушы функциясына байланысты мәселелер қазіргі уақытқа дейін
өз шешімін таппаған. Қазіргі мұғалім оқыту іс-әрекетін жүзеге асырумен
қатар үнемі жұмысқа қабілеттіліктің жоғары деңгейін сақтауы қажет,
өйткені баланың оқуы мен оның денсаулығының сақталуы осыған байланысты.
Білім беруді ізгілендіру және гуманитаризациялау, рухани тәрбиенің
басымдылығы идеяларының аясында дамыта отырып оқыту мен тәрбиелеудің
қазіргі денсаулық сақтаушы және денсаулық қалыптастырушы технологияларды
жүзеге асыру тұрғысынан мұғалімдердің тұлғалық – кәсіби дамуы
процесіндегі педагогикалық интеграциялаудың мәні жөніндегі мәселе әлі
толығымен ашылған жоқ.
Осыған сәйкес кәсіби іс-әрекетке қажетті рухани, дене және денсаулықты
қалыптастырушы мүмкіндіктері бар мұғалімдерге деген объективті қажеттілік
пен жоғары оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді даярлаудың осы міндетті
шешуге бағытталмаған қалыптасып қалған қисынының арасында қарама-
қайшылық туындайды. Бұл қарама-қайшылықтан мынадай зерттеу мәселесі келіп
туындайды: кәсіби даярлықтың қазіргі талаптарына жауап беретін болашақ
мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың алғышарттары мен
технологиялық механизмдері қандай?
Зерттеу мақсаты: болашақ мұғалімдерді тұлғалық-кәсіби дамыту процесінде
рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың мазмұны мен технологиясын
теориялық тұрғыдан негіздеу және эксперименттік сынақтан өткізу.
Зерттеу объектісі – педагогикалық оқу орындарындағы болашақ
мұғалімдерді тұлғалық-кәсіби дамыту процесі.
Зерттеу пәні - педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді
тұлғалық-кәсіби дамыту процесінде рухани және дене тәрбиесін
интеграциялау.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер педагогикалық оқу орындарындағы дене тәрбиесі оқытушы мен
студенттің өзара іс-әрекеті ретінде ұғынылып, болашақ мұғалімдердің
әртүрлі функцияларды жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыру мақсатымен өзін-
өзі өзгерту және өзін-өзі дамыту процесінің құндылықтарын игеруге
бағытталатын болса;
болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың
алғышарттары рухани, дене және тұлғалық - кәсіби дамуды шарттайтын
денсаулықты білім берудің негізгі құндылығы ретінде негіздеуге
бағдарланса;
болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялауды
қамтамасыз ететін модель интеграциялаудың әлеуметтік-мәдени, психологиялық
және педагогикалық аспектілеріне сәйкес шарттар мен факторлар кешенін
қамтитын болса;

технологиясы көпнұсқалы болса және ол педагог пен студенттің субъект —
субъектілік өзара іс- әрекетін жүзеге асырып, болашақ мұғалімдердің
рухани, дене және кәсіби дамуын кезең бойынша өзіндік тұрғыдан анықтауға
ынталандыратын болса онда педагогикалық оқу орындарындағы болашақ
мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялау процесі табысты
жүзеге асырылуы мүмкін.
Зерттеудің міндеттері:
Тұлғалық-кәсіби даму процесіндегі болашақ мұғалімдердің рухани және дене
тәрбиесінің мәнін, ерекшеліктері мен деңгейлерін ашып көрсету.
Педагогикалық оқу орындарындағы студенттердің рухани және дене тәрбиесін
интеграциялаудың мәні мен алғышарттарын анықтау.
Кәсіби –педагогикалық даярлау процесіндегі болашақ мұғалімдердің рухани
және дене тәрбиесін интеграциялаудың педагогикалық моделін дайындау.
Болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың кезеңдік
технологиясын дайындау және эксперименттік сынақтан өткізу.
Зерттеудің жетекші идеясы: педагогикалық оқу орындарындағы
студенттерді тұлғалық – кәсіби дамыту процесінде рухани және дене
тәрбиесін интеграциялаудың ғылыми – теориялық және ғылыми -әдістемелік
негіздерін дайындау денсаулықты, салауатты өмір салтын білім берудің
негізгі құндылығы ретінде қарастырып, оны мақсатты түрде жүзеге асыра
алатын болашақ маман тұлғасын қалыптастыруды шарттайды.
Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері: жеке тұлғаның рухани және
дене тәрбиесі мен дамуы мәселесі, кәсіби педагогикалық әдеп, білім беру
философиясы, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту теориясы саласындағы отандық
және шетел ғалымдарының еңбектері; тұлғаның мәдениетін педагогикалық-
психологиялық құбылыс ретіндегі, дамудың тұлғаның өзін-өзі дамытуын
ынталандырушы педагогикалық процесс ретіндегі, мәдениеттің әлеуметтік
феномен ретіндегі көп аспектілі табиғатын ашып көрсететін философиялық,
әлеуметтанушылық, педагогикалық және психологиялық тұжырымдамалар және т.б.
Зерттеу әдістері: теориялық - анализ, синтез, аналогия, жобалау,
модельдеу, жүйелік тұрғыдан келу әдістері; эмпирикалық - бақылау,
сауалнама әдістеріне, сонымен қатар болашақ мұғалімдердің оқу, рухани,
дене және дене тәрбиесі-спорттық іс-әрекетінің нәтижелерін, құжаттарды
зерделеуге негізделген әдістер; эмпирикалық әдістердің жекелеген әдістері
осы деңгейдегі жалпы әдістермен – педагогикалық оқу орындары
оқытушыларының жұмыс тәжірибесін зерделеу және жалпылау, эксперттік
бағалау, педагогикалық эксперимент, диагностикалық тапсырмаларды талдау
әдістерімен толықтырылды.
Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың,
психологтардың, педагогтардың және дене тәрбиесі бойынша мамандардың ғылыми
еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (ҚР Конституциясы, ҚР Білім
туралы Заңы, ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, ҚР
Қазақстан-2030 даму стратегиясы, ҚР білім беру ұйымдарында тәрбие берудің
кешенді бағдарламасы, Дене тәрбиесі тұжырымдамасы және т.б.), оқу-
әдістемелік әдебиеттер, мерзімді баспа материалдары, бағдарламалар, озат
педагогикалық тәжірибе, автордың педагогикалық—зерттеушілік тәжірибесі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезең (2005-2006 ж.ж.) – дайындық кезеңі. Бұл кезеңде
зерттеудің ұғымдық аппараты қалыптастырылды; рухани және дене тәрбиесінің
теориясы мен тәжірибесі, педагогикалық интеграция мәселесі бойынша
отандық және шетел әдебиеттеріне талдау жасалды; эксперименттік материалдар
дайындалды; анықтаушы эксперимент жүзеге асырылды.
Екінші кезең (2006-2008 ж.ж.) — қалыптастырушы эксперимент кезеңі.
Мұның аясында педагогикалық эксперимент өткізіліп, эксперименттік
мәліметтерді жинақтау жүзеге асырылды.
Үшінші кезең (2008-2009 ж.ж.) – эмпирикалық мәліметтерді өңдеу кезеңі.
Жинақталған материал жүйеленіп, жалпыланды және оның теориялық негіздемесін
дайындау (статистикалық өңдеу, салыстырмалы талдау, алынған мәліметтерге
түсініктеме беру) жүзеге асырылды.
Зерттеу базасы: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ.А.Ясауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа жоғары оқу орындарының 55 оқытушысы
мен 950 студенті қатысты.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- педагогикалық оқу орындарындағы студенттердің рухани және дене
тәрбиесінің мәні мен ерекшеліктері ашып көрсетілген;
-педагогикалық оқу орындарындағы студенттердің рухани және дене
тәрбиесін интеграциялаудың алғышарттары анықталған;
-құндылықты денсаулықты қалыптастырушы негіздегі болашақ мұғалімдердің
рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың деңгейлік моделі дайындалған;
-білім берудегі негізгі құндылық ретіндегі денсаулыққа негізделе
отырып, педагогикалық оқу орнындағы студенттердің рухани және дене
тәрбиесін интеграциялаудың көпнұсқалық технологиясы дайындалған.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: зерттеу жұмысының барысында
алынған нәтижелер мен олардың негізінде дайындалған нақты ғылыми-
әдістемелік ұсыныстар болашақ мұғалімдерді тұлғалық-кәсіби дамыту
процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың тиімділігін
арттыруға ықпалын тигізеді. Дайындалып, сынақтан өткізілген Болашақ
мұғалімдерді тұлғалық-кәсіби дамыту процесінде рухани және дене тәрбиесін
интеграциялау атты арнайы курс бағдарламасын, студенттердің рухани және
дене тәрбиесін интеграциялаудың деңгейлік моделі мен технологиясын,
сонымен қатар зерттеу материалдарын педагогикалық оқу орындарының іс-
әрекетінде, педагог мамандардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау
мекемелерінің тәжірибесінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1.Педагогикалық оқу орындарындағы студенттердің рухани және дене
тәрбиесінің мәні мен ерекшеліктері.
2. Болашақ мұғалімдерді тұлғалық-кәсіби дамыту процесінде рухани және
дене тәрбиесін интеграциялаудың мәні мен алғышарттары.
3. Болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың
ғылыми негізделген деңгейлік (әлеуметтік-мәдени, психологиялық,
педагогикалық деңгейлер) моделі.
4. Болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялауды
жоғары оқу орындарындағы тұлғалық-кәсіби дамыту процесінде жүзеге
асырудың технологиясы.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі автордың бастапқы
теориялық және әдіснамалық ұстанымдарымен, зерттеу мәселесіне сай кешенді
әдіс-тәсілдердің пайдаланылуымен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа
сәйкестілігімен, эксперименттік бағдарламаның педагогикалық мақсатқа сай
келуімен, зерттеу жұмысы нәтижелерінің сандық және сапалық талдануымен,
экспериментке қатысқан студенттер деңгейіндегі оң өзгерістермен, болашақ

интеграциялаудың мазмұны мен технологиясы тиімділігін педагогикалық оқу
орындарында эксперименттік сынақтан өткізілуімен қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіру.
Зерттеу жұмысының материалдары мен негізгі қағидалары 2005-2009 ж.ж.
Қазақстанда өткізілген Халықаралық (Шымкент, 2006) ғылыми-практикалық
конференцияда талқыланып, Ізденіс, Білім-Образование, Ұлт тағылымы,
Қазақстанның ғылыми әлемі, Қазақстан жоғары мектебі, Мектептегі
дене шынықтыру, Мектеп директоры атты ғылыми журналдарда жарияланды.
Зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері М.Әуезов атындағы
ОҚМУ-нің ғылыми-әдіснамалық семинарында, ОҚО педагог- мамандардың
біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау, білім беруге жаңа
технологияларды ендіру Орталығының ғылыми-әдістемелік кеңесінде баяндалды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері,
болжамы, зерттеу әдістері, кезеңдері беріліп, диссертацияның практикалық
мәні ғылыми жаңалығы мен қорғауға ұсынылатын тұжырымдар берілген.
Зерттеу жұмысының Болашақ мұғалімдерді тұлғалық-кәсіби дамыту
процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың теориялық негіздері
атты бірінші тарауында философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық,
педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау негізінде
педагогикалық білім беру жүйесіндегі негізгі мәдениеттанушылық бағыттар
анықталады; болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесінің мәні мен
оларды интеграциялаудың алғышарттары ашып көрсетіледі; тәрбие,
құндылық, интеграциялау, рухани және дене тәрбиесін интеграциялау
ұғымдарының мәні нақтыланады; болашақ мұғалімдердің рухани және дене
тәрбиесінің мәні мен оларды интеграциялаудың алғышарттары анықталады; жеке
тұлғалық-кәсіби дамыту процесіндегі болашақ мұғалімдердің рухани және дене
тәрбиесінің ерекшеліктері мен деңгейлерін ашып көрсетіледі; кәсіби –
педагогикалық даярлау процесіндегі болашақ мұғалімдердің рухани және дене
тәрбиесін интеграциялаудың педагогикалық моделі ұсынылады.
Зерттеу жұмысының Болашақ мұғалімдерді тұлғалық - кәсіби дамыту
процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың технологиясы деп
аталатын екінші тарауында болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін
интеграциялаудың әртүрлі кезеңдеріндегі оқытудың формалары мен
құралдарын таңдау қисыны негізделеді; болашақ мұғалімдердің рухани және
дене тәрбиесін интеграциялаудың тиімділігін қамтамасыз ететін технологияны
тәжірибе жүзінде тексерудің нәтижелері баяндалады.
Қорытындыда теориялык және практикалық, эксперименттік жұмыстардың
нәтижесіне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар берілген.
Қосымшада эксперименттік жұмыстың жекелеген материалдары ұсынылған.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Біздің қоғамның жағдайы, оның интеллектуалдық, адамгершілік және т.б.
әлеуеті өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің сапасына байланысты.
Сәйкесінше, қазіргі педагогикалық білім беру жүйесінің даму
стратегиясын анықтауға және мұғалімдердің тұлғалық – кәсіби дамуының
өзекті мәселелерін тәжірибелік тұрғыдан шешуге міндетті болашақ кәсіби
даярлық жүйесінің бейнесін қалыптастыру – қазіргі педагогикалық
міндеттердің аса маңыздыларының бірі болып табылады.
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде педагогтың тұлғалық – кәсіби
дамуы мектеп оқушыларының кәсіби-педагогикалық бағдарлануын, педагогикалық
оқу орындарындағы болашақ мұғалімдердің даярлығын, бітірушілердің шынайы
педагогикалық тәжірибеге бейімделуін, тәжірибенің жинақталуына байланысты
педагогикалық шеберліктің жетілдірілуін қамтитын үздіксіз процесс ретінде
қарастырылады.
Тұлғалық-кәсіби даму процесіндегі болашақ мұғалімдердің рухани және
дене тәрбиесін интеграциялаудың қажеттілігі: а) педагогикалық іс-әрекет
жүзеге асырылатын жартылай парадигмалы және көпмәдениетті білім беру
кеңістігінің денсаулықты қалыптастырушы мәртебесімен; ә) әлемнің біртұтас
бейнесін, жүйелі білімдерді, жүйелі ойлауды қалыптастыруға, күрделі
пәнаралық міндеттерді шешуге жүйелік тұрғыдан келуге бағытталған, білім
беру парадигмасын дамытудың негізгі бағдарларының бірі ретіндегі
іргелендіруге бағытталуымен; б) жастардың белгілі бір бөлігінің девианттық
мінез-құлқының алдын-алу бойынша оқу орындарындағы педагогикалық ұжымның
тәрбие жұмысы нәтижелерінің жұмсалған күш-жігерге сәйкессіздігімен; в)
мұғалімдердің кәсіби даярлығының барлық құрамдас бөліктеріне әлеуметтік-
мәдени және педагогикалық-психологиялық шарттар тарапынан талаптардың
күшеюімен, яғни өмір нарығындағы маманның бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз ететін оның біліктілігінің, рухани және дене дайындығының
анағұрлым жоғары деңгейінің қажеттілігімен анықталады.
Жоғары педагогикалық білім беруді ізгілендіру оны гуманитаризациялау,
салалық жіктеу, білім беру бағыттарын нұсқаландыру, білім беру мазмұнының
бір және көпнұсқалық компоненттерінің бірлігі арқылы жүзеге асырылады.
Жоғары педагогикалық білім беруді іргелендіру жалпы мәдени, педагогикалық
– психологиялық және пәндік компоненттерді қамтитын әрбір бағыттың
анықталуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Жеке тұлғаның рухани және дене тұрғысынан қалыптасуы, біздің ойымызша,
кәсіби педагогикалық білім беру мақсатының, құралдарының және тиімділігінің
өлшемі болып табылады. Рухани мәдениет оның нәтижесінде жаңа сапа
туындайтын, адамның қалыптастырушы-қайта өзгертуші іс-әрекетінде жүзеге
асырылатын шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудан басталады.
Біздің пікірімізше, руханилықты сөзбен тәрбиелеуге болады деп ойлау
қате ұғым, мұндай тәрбие тек рационалды сананы ғана қалыптастырады. Өмірде
рухани іс- әрекет рационалды сананың іс-әрекетімен емес, жан күшінің
жұмысы арқылы (сезімталдық, басқа адамға көңіл аудару, жан жомарттығы,
мейірімділік, елгезектік және т.б.) жүзеге асырылады.
Біз әрбір мұғалім сәйкес келуі тиіс жеке тұлғаның рухани мәдениетінің
мынадай моделін қарастырамыз: іс-әрекет мәдениеті - ойлау мәдениеті -
сөйлеу мәдениеті - эмоция мәдениеті- жеке тұлғаның рухани мәдениеті. Мұнда
біз болашақ мұғалімнің рухани мәдениетінің келесі құрылымын ұсынамыз (1-
сурет).
–
Сурет 1 - Болашақ мұғалімнің рухани мәдениетінің құрылымы
Іс-әрекетте және қарым-қатынаста көрініс табатын рухани мәдениеттің
белгілері мыналар болуы мүмкін: оқшаулану - сыртқы әсерлерден тәуелсіздік
және дербестік ретінде; еркіндік – жеке тұлғалық әлеуетті жүзеге асыра
отырып, ерік-жігерді жүзеге асырудың ішкі мүмкіндігі ретінде;
жауапкершілік – ар- ұят арқылы (сыртқы реттегіштер арқылы емес) реттелетін
іс-әрекеттерді мотивациялаудың ішкі негізі ретінде; креативтілік – өзін
және әлемді жақсартуға деген белсенді ұмтылыс; ерік-жігер - жалпы алғанда
өмір сүру іс-әрекетіндегі және өмірлік шығармашылықты (сонымен қатар
өзіндік шығармашылықты, өзін-өзі өзектендіруді, өзін-өзі жүзеге асыруды)
қамтамасыз ететін өзіндік тұтас объектіні бейнелейтін сапа ретінде;
өзінің жеке тұлғалық әлеуетін және күтілетін нәтижелерге қол жеткізудегі
мақсатқа ұмтылушылық; жеке тұлғаның аумағы - адамдарға әсер етудің күші
мен тереңдігі ретінде жүзеге асырылатын жоғары рухани ұмтылыстар,
ұсақтанбау, іс-әрекеттегі және мінез-құлықтағы күнделікті, таптаурынды
бағдарлардан алшақтау.
Педагогикалық жүйедегі рухани тәрбиені ұйымдастырудың негізгі
принциптері мынадай болуы мүмкін: оқытуға мотивациялау және жеке тұлғалық-
кәсіби даму (оқыту компоненті арқылы жүзеге асырылады); өзара іс - әрекет
және ынтымақтастық педагогикасы (психологиялық қамтамасыз ету арқылы жүзеге
асырылады); өз күшін сынау арқылы тұлғалық-кәсіби кемелденуге жету
(басқару технологиялары арқылы жүзеге асырылады).
Оқу орнындағы дене тәрбиесінің негізгі міндеті - студенттердің
интеллектіне, мотивтеріне, эмоцияларына, ерік-жігеріне, өзін-өзі реттеуге,
экзистенциалды саласына және пәндік-тәжірибелік іс-әрекетіне жағымды әсер
ету үшін жағдайларды қамтамасыз ету болуы қажет. Бұл, өз кезегінде тұрақты
әлеуметтік-психологиялық көріністердің: дене белсенділігі және салауатты
өмір салты саласындағы жағымды мотивацияның, құндылық бағдарлардың,
қызығушылықтардың және қажеттіліктердің дамуын қамтамасыз етеді.
Дене мәдениеті – адамның тұтастай өмір сүру салты мен мінез-құлқын
анықтайтын фактор (2 -сурет).
Бұл қағида дене тәрбиесінің сауықтыру құндылықтарын толыққанды меңгеру
- оқыту мен тәрбиенің жаңа технологияларын іздестіруді қажет етеді деген
тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Денсаулықты қалыптастырушы құндылықтарды меңгеру тек жеке тұлғаның
дене тәрбиесі сабақтарына жүйелі түрде белсенді кірістірілуі жағдайында
ғана мүмкін, бірақ жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесінің дәстүрлі
ұйымдастырылуы оған ықпалын тигібей, ал кейде керісінше, кедергі келтіріп,
студенттерді дене тәрбиесінен, сауықтыру іс-әрекетінен алшақтатуға
әкелетінін тәжірибе дәлелдеді. Сондықтан дәстүрлі дене тәрбиесінен
инновациялық технологияларға өтудің маңызы зор.
Педагогикалық процестің дамуы, негізінен, оның принциптерін негіздеу
мен оларды жүзеге асыру деңгейіне байланысты. Экономикалық, саяси, мәдени
жағдайлар, сонымен қатар әлемдік қауымдастықта дамып отырған
мәдениеттердің диалогы дене мәдениетінің құндылықты негіздеу,
интеграциялық, процессуалдық, диатроптық, диалогтық, сабақтастық, басқару
мен өзін-өзі басқарудың бірлігі мен үйлесімділігі сияқты принциптерді
ерекшелеу қажеттілігін шарттайды.
Интеграция термині әдебиеттерде XIX ғ. бастап кездеседі және қайта
құру, толықтыру ретінде түсіндіріледі. Мұндай түсіндіру адам білімінің
әртүрлі салаларында кеңінен қолданылуды қарастырады. Бұл ұғымның
педагогикада пайда болуы және оның дамуы білім кеңістігінде жүріп жатқан
объективті процестермен байланысты.
Қазіргі уақытта интеграция шешуші мәнге ие болып, білім беру
жүйесі дамуының басым бағытына айналды. Біріншіден, бұл бағытта жүріп
жатқан өзгерістер ғылыми талдаудың жаңа пәндерінің пайда болуы ғылымның
жүйелі түрде дамуының сәті болып табылады. Пайда болған құбылыстар әртүрлі
ғылымдар үшін зерттеудің жалпы пәндерін анықтай отырып, шын мәнінде
ықпалдастық сипатында болады. Екіншіден, педагогика ғылымының дамуындағы
іріктеу процестері педагогикалық шынайы болмыстың жаңа феномендерін табу
және зерттеу, олардың қасиеттерін белгілеу және зерттеудің ғылыми объектіне
сәйкес келетін өзіне тән ерекшеліктері бар теориялық принциптер мен
әдіснамалық құралдарды анықтау бойынша күш-жігердің көрінісі болып
табылады.
Сурет 2 - Болашақ мұғалімнің дене мәдениеті (ДМ)
Философиялық сөздікте интеграция ұғымына мынадай анықтама беріледі:
Интеграция – әртүрлі әлеуметтік топтардың бірігуі және үйлесуі (таптық
ықпалдастық), әртүрлі мәдени элементтердің ортақ гомогенді мәдениетте
ассимиляциялануы (мәдени ықпалдастық), әртүрлі моральдық нормалардың
бірігуі және үйлесуі (моральдық ықпалдастық), ал шет тілі сөздігінде:
Интеграция (лат. – қайта қалпына келтіру, толықтыру, тұтастыру) – қандай
да бір бөліктердің біртұтастыққа бірігуі. Н.П.Кондаковтың пікірінше,
Интеграция - қандай да бір элементтерді біріктіру, тұтастыру, қандай-да
бір бірлікті қайта қалпына келтіру; жүйелер теориясында – жекелеген
компоненттердің өзара байланысының осы күйді шарттайтын процеске бірігу
күйі.
Жоғарыда айтылғандардың барлығын жалпылай отырып, біз ықпалдастық
ұғымының келесі түрде түсіндірілуін ұстанамыз: біз интеграцияны бұрын
бөлшектенген элементтердің біртұтастық белгілерімен жаңа сапаға
біріктірілуінің объективті процесі ретіндегі жүйе дамуының бір қыры деп
түсінеміз.
Интеграция деп біз келесі шарттардың бірін орындайтын процесті
атаймыз: а) ол тәуелсіз заттардың жиынтығына олардың арасындағы қандай да
бір байланыстарды ендіреді, яғни осы ансамбльді құрылымға айналдырады; ә)
ол бұрын қалыптасқан құрылым элементтерінің арасына жаңа байланыстар
ендіреді; б) ол аталмыш құрылым элементтерінің арасындағы бар байланысты
күшейтеді. Мұнда 2 және 3 мағынадағы интеграция процестері туралы
айтылғанда, олардың құрылым интеграциялары деңгейін жоғарылататындығы атап
көрсетіледі.
Интеграция процесі – бұл бұрын шашыраңқы болған көптеген
компоненттердің біртұтас түзілімінің ретті түрде жүріп отыратын қалыптасу
және даму сәттерінің үздіксіз ауысуының заңды процесі.
Педагогикалық әдебиеттерде интеграция мәселесінің педагогикалық,
дидактикалық және әдістемелік аспектілері ашып көрсетілетін еңбектер бар:
З.А. Малькова, Н.Д. Никандров, Б.С. Гершунский, B.C. Шубинский
–интеграциятың педагогика ғылымына әсері; А.П. Беляева, В.Н. Федоров, И.Д.
Зверев, В.Н. Максимова - ғылымдағы интеграция процестерінің оқытуға әсері;
Ю.С. Тюнников –оқу-тәрбие жұмыстарындағы интеграция процестерін анықтау
және сипаттау әдістемесі; Ю.К. Дан, А.А. Пинский, В.В. Усанов — көп
пәнділікті жою және пәндерді интеграциялау арқылы оқу –тәрбие процесінің
тиімділігін жоғарылату; В.Г. Разумовский, Л.В. Тарасов – педагогикалық
ойлауды интеграция идеясы негізінде қайта құру; М.Н. Берулава –
жаратылыстану-ғылыми және кәсіби-техникалық пәндерді, сонымен қатар жетекші
құрылымдық жаратылыстану-ғылыми және техникалық білімдерді интеграциялау;
Л.А. Волович – орта кәсіби мектеп студенттерінің кәсіби және гуманитарлық
дайындығын интеграциялау; Ф.Ф. Харисов – жалпы білім беретін мектептегі
және т.б. оқу-тәрбие процесін және ұлттық мәдениетті интеграциялау және
т.б.
Болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялауды
жобалау және мұғалімдердің іс-әрекетінің тиімділігін және нәтижелілігін
анықтайтын шарттардың нақты белгілену қажеттілігі олардың шарттайтын
алғышарттарын анықтауды қарастырады. Осындай алғышарттардың төрт тобын
қарастыралық: әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-
ықпалдастырылған, педагогикалық. Алғышарттардың бірінші тобындағы елдің
адами әлеуетін сақтау, дамыту және жүзеге асыру үшін қауіп төндіретін
жетекші әлеуметтік-шартталған тәуекел факторлары мыналар болды: өмір
ұзақтығының төмендеуі және халық өлімінің өсуі бағыттары; өмір сүру іс-
әрекетінің экологиялық факторлары (оның ішінде әлеуметтік-экологиялық)
әсерімен дене және психикалық саулық деңгейінің төмендеуі; келешек ұрпақтың
адамдық әлеуетінің аса маңызды құрамдас бөліктері ретіндегі балалардың,
жастардың, отбасы жағдайының төмендеуі; ғылым мен білімнің дамуы және
олардың қажеттілігінің төмендеуі. Алғышарттардың екінші тобы- дене,
психикалық және рухани денсаулықтың сипаты ел әлеуметтік-экономикалық
қиындықтардан шыққанда емес, онымен бір уақытта салауатты өмір салтының
принциптері жүзеге асырылғанда ғана жағымды өзгеріске ие болады. Бұл
принциптерді педагогтардың белсенді қатысуынсыз өмірге енгізу мүмкін
емес. Алғышарттардың үшінші тобы-ғылымдардың өзара әрекеттесуінің
анықталған екі ағымдарының өзара байланысы тұрғысынан білім берудің маңызды
ықпалдастырылған құндылығы ретіндегі денсаулық мәселесінің және
педагогика ғылымының өзара байланысының сипатымен анықталады.
Алғышарттардың төртінші тобы - соңғы уақытта қызмет етудің әртүрлі
аспектілері - операцияларды зерттеу, болжам жасау, ұйымдастыру теориясы,
бейімдеудің, оқытудың абстрактілік теориялары және т.б. сипаттайтын
интегративті теориялар пайда бола бастауымен сипатталады.
Студенттердің кәсіби даярлығы оларда педагогқа жаңа әлеуметтік-мәдени,
ғылыми-педагогикалық жағдайларда қажетті жеке тұлғаның рухани, дене
қасиеттерін қалыптастыру міндетіне тәуелді. Болашақ мұғалімдердің рухани
және дене тәрбиесінің интеграциясы жекелеген оқу пәндерінің ішінде
құрылатын білім мазмұны мен ойлау әдістеріндегі сол ортақ нәрсені анықтап,
қалыптастырады. Осы ортақ нәрсені анықтағаннан соң ғана студенттерді арнайы
оқытуға, сол арқылы олардың қабілеттерін саналы және мақсатқа сай дамытуға,
дене тәрбиесі-спорттық іс-әрекет процесінде олардың тұтас дүниетанымы мен
оны жүзеге асырудың орындаушылық механизмін тиімді қалыптастыруға болады.
Мұның барлығы дене тәрбиесінің мәнін шынайы түрде (сөз жүзінде
емес) қайта ұғынуды, оның рухани (тұлғалық) және әлеуметтік-мәдени
мағынасын ашып көрсетуді және оның тәжірибелік іс-әрекетте жүзеге асырылуын
талап етеді.
Осылайша, болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығындағы барлық оқу
пәндерінің өзара байланысына (олардың мүмкін болатын ықпалдастығына дейін)
бастайтын педагогикалық жүйені конструкциялау қажеттілігі туындайды.
Педагогикалық білім берудің интеграциялық бағыты таным тәсілдері
(ғылым, әлеуметтік-нормативтік сала, өнер, дін) мен денсаулықты
қалыптастырушы білім парадигмаларының (білім алу мәдениеттің анағұрлым
технологиялық және қозғалмалы бөлігі ретінде барлық мәдени құндылықтарды,
адам іс-әрекетінің түрлері мен формаларын ассимиляциялайды) синтезіндегі
рухани және дене конвергенциясы міндетін жүзеге асыруға қабілетті
педагогикалық технологияны құрудағы анағұрлым озық әдіснамалық позицияларды
нұсқайды.
Интеграциялау тұрғысынан келу білім берудің барлық мүшелерінде
денсаулық мәдениетін бақылау және конструктивті-рефлексивті қабілеттерді
дамыту, ойлау таптаурындарын азайту, салауатты өмір салтына деген туа
біткен қажеттілікті өзектендіру арқылы тәрбиелеуге бағдарлайды.
Рухани және дене тәрбиесінің ерекшеліктерін талдау кәсіби-
педагогикалық даярлық процесіндегі болашақ педагогтың рухани және дене
құрамдас бөліктерін интеграциялаудың педагогикалық моделін дайындауға
мүмкіндік берді. Оны келесі түрде ұсынуға болады (3 - сурет).
Болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың
моделін педагогикалық (мазмұндық) деңгейде талдау Дене тәрбиесі
пәнінің мазмұнын денсаулықты қалыптастырушы негізде қайта құрылымдауды
қарастырады.
Рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың мақсаты: педагогикалық іс-
әрекет арқылы жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайларды жасау.
Интеграция компоненттері: мақсаттық компонент, басқару компоненті
(педагогикалық ұжым, педагог), интеграт (құндылықтар жүйесі), оқу пәнінің
мазмұны (дидактикалық бірліктер), ықпалдастық процесі (кезеңдер, формалар,
әдістер, тәсілдер және т.б.), ықпалдастық іс – әрекеті, ықпалдасу нәтижесі.
Интеграция механизмдері: метатіл, мазмұнның, тапсырманың, мінез-құлық
ережелерінің акцентуациясы, оқу тілдерінің креолдануы. Интеграция
процесінің тәсілдері: жалпылаудың, экстраполяцияның, нақтылаудың түрлері,
әртүрлі құбылыстар мен процестердің салыстырмалы талдауы, ғылыми
параллельдер мен ұқсастықтарды пайдалану, әртүрлі объектілерді талдауға
жалпы тұрғыдан келуді ашып көрсету, себеп-салдардық байланыстарды басқа
пәндерден алынған білімдерге сүйене отырып біріктіру. Интеграция іс-
әрекеті:
ойындардың түрлері – шапшаң, спорттық, іскерлік, рөлдік, дидактикалық,
педагогикалық. Ойын іс-әрекетінің элементтері – оқу іс-тәжірибесі
процесіндегі педагогикалық міндеттердің теориялық шешімдері, педагогикалық
жағдайларды модельдеу, өзін-өзі талдау, педагогикалық іс-тәжірибе
кезеңіндегі тапсырмаларды өз бетінше шешу және т.б. Нәтиже: студенттің
педагогикалық мәдениеті деңгейінің жоғарылауы.
Рухани және дене тәрбиесі интеграциясының негізгі ерекшеліктері
мынада: жеке тұлғаның әртүрлі аспектілерін анықтайтын компоненттер қойылған
мақсатқа байланысты әртүрлі сипатта өзара әрекеттесуі мүмкін;
интеграциялаушы рөлді мақсатты анықтайтын компонент атқарады; жеке
тұлғаның әртүрлі компоненттері тәрбиелік процесінің байланысы жекелеген
ұғымдардың, категориялардың, тұжырымдамалық сызбалардың, заңдардың және
теориялық, нормативтік білімнің басқа да элементтерінің диффузиясы
негізінде жүзеге асырылады; жеке тұлғаның екі тәрбие түрі процесінің
ықпалдастығы жаппай емес, іс - әрекеттің жекелеген
тұстарымен,
Сонымен қатар зерттеу мәселесін теориялық тұрғыдан талдау бізге
студенттердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялау технологиясын
дайындауға мүмкіндік берді.
Бұл технологияның ерекшелігі ретінде мыналарды атап көрсетеміз:
біріншіден, ол өз ішінде толығымен пәндік орталықтандыруды сақтайды,
екіншіден, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz