Сот шығындары: ұғымы, құрамы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 б.

І. ҚР Азаматтық іс жүргізу заңдары

1.1.Азаматтықіс жүргізу заңдарымен реттейтін қатынастар ... ... 7 б.
1.2. Азаматтық сот ісін жүргізудің міңдеттері мен принциптері10 б.
1.3. Ведомстволық бағыныстылық және соттылық ... ... ... ... ..19 б.
1.4. Соттың құрамы, қарсылық білдіру ... ... ... ... ... ... ... ... 23 б.

ІІ. Сот шығындары: ұғымы, құрамы
2.1. Мемлекеттік баждар жалпы ережелер ... ... ... ... ... ... ... .30 б.
2.1.1. Мемлекеттік баждың ставкалары ... ... ... ... ... ... ... ... .32 б.
2.1.2. Баж төлеуден босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42 б.
2.1.3. Мемлекеттік баж төлеу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51 б.
2.1.4. Мемлекеттік баж қайтару тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... .53 б.

2.2. Іс жүргізіге байланысты шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55 б.
2.2.1. Талап қою бағасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59 б.
2.2.2. Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар ... ... ...56 б.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63 б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66 б.
Дипломдық жұмыс азаматтық іс жүргізудегі “Сот шығындары: ұғымы, құрамы” атты актуальды тақырыптардың біріне арналған.
Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтыққатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтыққатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін белгілейді.
ҚР азаматтықіс жүргізу заңдары соттардың Азаматтықіс жүргізу Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын қоғамдыққатынастарды реттейді.
Азаматтық істер қаралып, содан соң сот шешімін орындалуы кезінде сот шығындары пайда болады.
Сот шығындары мемлекеттік бажбен іс жүргізуге байланысты шығындардан турады.
Дипломдық жұмыстың 1 тарауында ҚР азаматтық іс жүргізу заңдары, азаматтықсот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптері, ведомстволықбағыныстылықжәне соттылықтуралы айтылған.
ІІ тарауда сот шығындары: мемлекеттік баж туралы жалпы ережелер, ставкалары, төлеуден босату, төлеу мен қайтару тәртібі, іс жүргізуге байланысты шығындар түрлері қаралған.
Мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері ҚР Салық Кодексінде белгіленеді. Мемлекеттік баж—уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және (немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем /1/.
1. ҚР Президентінің қазақхалқына Жолдауы. А.:2006
2. ҚР Конституциясы.-Алматы,1998
3. ҚР Азаматтық-іс жүргізу Кодексі,2002
4. ҚР АзаматтықКодексі,2002
5. Гражданский процесс. Под ред.Треушникова М.К. - М.: Спарк, 1998 г.
6. Айырбастау келісімі // Қазақ ҰлттықУниверситет Хабаршысы. 2003 ж.№3
7. Айырбастау келісімі және бартер.//Қаржы және қаражат. 2004 №4
8. Договор обмена и бартер// Экономика Казахстана. 2004. №5
9. Аргунов В.М. Участие прокурора в гражданском процессе. Изд.МГУ, 1999
10. Шеглов В.М. Судебные расходы. Томск, ТГУ, 2000.
11.Осокина Г.Л. Право на защиту в исковом производстве. Под ред.проф.Щеглова В.Н.. Томск, 1990 г.
12.Гурвич М.А. Судебное решение. Теоретические проблемы. М., 1996
13.Чечина Н.А., Чечот Д.М. Актуальные проблемы теории и практики гражданского процесса. - Л.: ЛГУ, 1999 г.
14.Исполнительное производство. М., 1990 г.
15.Особенности рассмотрения отдельных категорий гражданских дел. Учебное пособие. Под ред. М.К. Треушникова. М., 1995 г.
16.Жуйков В.М. О новеллах в гражданском процессуальном праве. М., 1996 г
17.Гражданское процессуальное законодательство. Комментарий, М.,Юридическая литература, 1991 г

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 б.

І. ҚР Азаматтық іс жүргізу заңдары

1.1.Азаматтықіс жүргізу заңдарымен реттейтін қатынастар ... ... 7 б.
1.2. Азаматтық сот ісін жүргізудің міңдеттері мен принциптері10 б.

1.3. Ведомстволық бағыныстылық және соттылық ... ... ... ... ..19 б.
1.4. Соттың құрамы, қарсылық білдіру ... ... ... ... ... ... ... ... 23 б.

ІІ. Сот шығындары: ұғымы, құрамы
2.1. Мемлекеттік баждар жалпы ережелер ... ... ... ... ... ... ... .30 б.

2.1.1. Мемлекеттік баждың ставкалары ... ... ... ... ... ... ... ... .32 б.

2.1.2. Баж төлеуден босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42 б.

2.1.3. Мемлекеттік баж төлеу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51 б.

2.1.4. Мемлекеттік баж қайтару тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... .53 б.

2.2. Іс жүргізіге байланысты
шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55 б.
2.2.1. Талап қою бағасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59 б.
2.2.2. Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар ... ... ...56 б.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63 б.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66 б.

Кіріспе

Дипломдық жұмыс азаматтық іс жүргізудегі “Сот шығындары: ұғымы,
құрамы” атты актуальды тақырыптардың біріне арналған.
Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдар азаматтық, отбасылық,
еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтыққатынастарынан,
табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
қатынастардан және басқа да құқықтыққатынастардан туындайтын даулар бойынша
істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін
белгілейді.
ҚР азаматтықіс жүргізу заңдары соттардың Азаматтықіс жүргізу Кодекспен
және басқа заңдармен өз құзыретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді
қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын
қоғамдыққатынастарды реттейді.
Азаматтық істер қаралып, содан соң сот шешімін орындалуы кезінде сот
шығындары пайда болады.
Сот шығындары мемлекеттік бажбен іс жүргізуге байланысты шығындардан
турады.
Дипломдық жұмыстың 1 тарауында ҚР азаматтық іс жүргізу заңдары,
азаматтықсот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптері,
ведомстволықбағыныстылықжәне соттылықтуралы айтылған.
ІІ тарауда сот шығындары: мемлекеттік баж туралы жалпы ережелер,
ставкалары, төлеуден босату, төлеу мен қайтару тәртібі, іс жүргізуге
байланысты шығындар түрлері қаралған.
Мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері ҚР Салық Кодексінде
белгіленеді. Мемлекеттік баж—уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың
немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және
(немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем 1.
Төлеушілер:
Заңдықмәні бар іс-қимылдар жасау және (немесе) құжаттар беру женінде
мемлекет уәкілдік берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш
жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып
табылады.
Баж алу объектілері
1. Мыналардан:
1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер
бойынша арыздардан (шағымдардан), аппелляциялықшағымдардан, атқару
парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке
шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден, сондай-ақсоттың шетел
соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын, құжаттардың
көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;
2) нотариаттықіс-қимылдар жасағаны үшін, сондай-ақнотариат
куәландырған құжаттар көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;
3) азаматтықхал актілерін тіркегені үшін, сондай-ақазаматтарға
азаматтықхал актілерін тіркеу туралы куәліктерді және азаматтықхал актілері
жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтіруге байланысты
куәліктерді қайтадан бергені үшін;
4) шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден
адамдарды шақыруға құқықберетін құжаттарды рәсімдегені үшін, сондай-ақосы
құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін;
5) шетелдіктердің паспорттарына немесе оларды ауыстыратын
құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және қазақстан Республикасына
келу құқығына виза бергені үшін;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, қазақстан
Республикасының азаматтығын қалпына келтіру және қазақстан Республикасының
азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін;
7) тұрғылықты жерін тіркегені үшін;
8) аңшылыққұқығына рұқсат бергені үшін;.
9) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;
10) қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге,
тасымалдауға, қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және
қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергені үшін;
11) азаматтық қаруды (аңшылық суық қаруды, пневматикалық қаруды және
аэрозольдық газды құрылғыларды қоспағанда) тіркегені және қайта
тіркегені үшін;
12) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралықшартқа сәйкес
Қазақстан Республикасында жасалған, ресми құжаттарға қазақстан
Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль
қойғаны үшін;
13) жүргізуші куәлігін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы
куәлікті, мемлекеттік нөмір белгілерін бергені үшін мемлекеттік баж алынады
2.
Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шағындарға:
1) куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға теленуге тиісті сомалар;
2) сол жерде қарау жүргізілуге байланысты шығындар;
3) заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шағындар;
4) жауапкерді іздестіру жөніндегі шығындар;
5) іс бойынша жарияланымдар мен хабарландыруларға байланысты шығындар;
6) тараптарға хабарлау және оларды сотқа шақыру жөніндегі шығындар;
7) тараптар мен үшінші тұлғалардың жолақысы және олардың сотқа келуіне
байланысты шеккен тұрғын жайды жалға алу жөніндегі шығындар;
8) өкілдердің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындар;
9) соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын орындауға
байланысты шығындар;
10) сот қажет деп таныған өзгө де шығындар жатады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – азаматтық іс жүргізудегі сот шығындар
туралы толықмағлумат беріп, атқаратын рөлін, маңызын көрсетуге бағытталған.
“Сот шығындары” атты тақырып азаматтықіс жүргізуде және жалпы заңтану
саласында теориялықжәне практикалық жағынан маңызы зор.

1-тарау. Қазақстан Республикасының
азаматтық іс жүргізу заңдары

1.1. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен реттейтін катынастар
Қазақстан Республикасының азаматтықіс жүргізу заңдары соттардың осы
Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретіне жатқызылған талап қою жөне
өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде
туындайтын қоғамдыққатынастарды реттейді 3.

Қазакстан Республикасының азаматтықсот ісін жүргізу туралы заңдары:
Қазақстан Республикасының аумағында азаматтықістер бойынша сот ісін
жүргізу тәртібі конституциялык заңдармен, қазақстан Республикасының
Конституциясына және халықаралыққұқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен
нормаларына негізделген қазақстан Республикасының Азаматтықіс жүргізу
кодексімен айқындалады. Азаматтықсот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге
заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге тиіс 4.
Қазақстан Республикасының халықаралықшарттықжәне өзгеде
міндеттемелері, сондай-аққазақстан Республикасы КонституциялықКеңесі мен
Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары азаматтықіс жүргізу құқығының
құрамдас бөлігі болып табылады 4.
Азаматтықсот ісін жүргізу туралы заңдар азаматтық, отбасылық, еңбек,
тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құкьіқтыққатынастарынан,
табиғи ресурстарды пайдалану мен коршаған ортаны қорғау жөніндегі
қатынастардан жөне басқа да құқықтыққатынастардан туындайтын даулар бойынша
істерді, сондай-ақерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін белгілейді
3.
Егер азаматтық істер бойынша іс жүргізу барысында әкімшілік қуқықта
сәйкес шешілуге тиіс мәселені қарау қажет болса, ол осы Кодекстің 26-
бабының ережелеріне сәйкес азаматтықсот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
Азаматтык сот ісін жүргізуде басым күші бар құқыктык нормаларды қолдану:
1. Қазақстан Реслубликасы Конституциясының жоғары заң күші бар және ол
Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Азаматтықіс жүргізу
Кодекс пен қазақстан Республикасы Конституциясы нормадарының арасында
қайшылықболған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады.
2. Азаматтықіс жүргізу Кодекстің нормалары мен қазақстан Республикасы
конституциялықзаңының арасында қайшылықболған жағдайда конституциялықзаңның
ережелері қолданылады. Осы Кодекс нормалары мен өзге заңдардың арасыңда
қайшылықболған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралықшарттар осы Кодекстен
басым болады және халықаралықшартта оның қолданылуы үшін заң шығарылуы
талап етіледі деп көрсетілген жағдайларды қоспағанда, олар тікелей
қолданылады.
Азаматтықіс жүргізу заңының уақыт жағынан қолданылуы Азаматтықсот
ісін жүгізу әр жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне
қарай күшіне енген азаматтықіс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге
асырылады3.
Жаңа міндеттер жүктелетін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың
күшін жоятын немесе оларды қамтитін, олардың пайдаланылуын қосымша
шарттармен шектейтін азаматтык іс жүргізу заңының кері күші болмайды.
Дәлелдемелердің жарамдылығы оларды алған кезде қолданылып жүрген
заңға сәйкес белгіленеді.

1.2. Азаматтықсот ісін жүргізудің
міндеттері мен принциптері
Азаматтык сот ісін жүргізудің міндеттері:
Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және
ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылықпен құқықтәртібін нығайту,
құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Сот істерді азаматтықсот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде
қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің, басқа да
нормативтік құқықтықактілердің талаптарын дәлме-дәл сактауға міндетті.
Соттардың адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген
құқықтарына және бостандықтарына қысым жасайтын заңдар мен өзге де
нормативтік құқықтықактілерді қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға
тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтықакт адам мен азаматтың
Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандыктарына қысым жасайды
деп тапса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және
КонституциялықКодекске осы актіні конституциялықемес деп тану жөнінде
ұсыныс жасауға міндетті. Сот КонституциялықКеңестің шешімін алған соң іс
бойынша іс жүргізу қайта басталады 5.
Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз
сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңының бұзылуына кінәлі судья
заңда билгіленгендей жауапты болады.
Сот істі шешу күшінде мемлекеттік немесе өзге органның актісі
заңға сәйкес келмейді немесе ол өкілеттікті асыра пайдаланып шығарылған деп
тапқан жағдайда одан артықзаң күші бар құқықтықактілерді қолданады.
Даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқықнормалары болмаған
жағдайда сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқықнормаларын қолданады, ал
мұндай нормалар болмаған жағдайда дауды заңдардың жалпы негіздері мен
мағынасын негізге ала отырып шешеді.
Егер заң актілерінде немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті
мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен
парасаттылықшешімдерін негізге ала отырып шешуге міндетті.
Азаматтықістер бойынша сот төрелігін азаматтықіс жүргізу заңдарында
белгіленген ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады. Соттың биліктік
өкілеттілігін кімнінде болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп
соғады.
Төтенше, сондай-ақөзге де заңсыз құрылған соттар шешімінің заң күші
болмайды және орындалуға тиісті емес.
¤з қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтықсот ісін жүргізуді жүзеге
асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе осы Кодексте көзделген
азаматтықсот ісін жүргізу принциптерін өзгеше түрде елеулі бұзған соттын
шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуға тиіс.
Азаматтықіс бойынша сот шешімдерін осы Кодексте көзделген
тәртіппен тек тиісті соттар ғана тексеріп, қайта қарай алады 4.
Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта
қорғау:
әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялыққұқықтарын,
бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте
белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды
тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың
немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын
мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.
Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және
азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдықжәне мемлекеттік
мүдделерді қорғау үшін талап қойып (арыз беріп) сотқа жүгінуге құқылы.
Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңда белгіленген соттылығын
өзгертуге болмайды. Жоғары тұрған соттың өзінен төменгі соттың жүргізетін
ісін тараптардың келісімінсіз алып қоюға және оны өзінің іс жүргізуіне
қабылдауға құқығы жоқ.
Егер заңға қайшы келсе немесе әлдекімнің құқығын және заңмен
қорғалатын мүдделерін бұзса, сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз
болады.
Жеке адамның арнамысы мен қадір-қасиетін құрметтеу
1. Азаматтықіс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтықпроцеске қатысушы
адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен
іс-әрекеттерге тыйым салынады.
2. Азаматтықсот ісін жүргізу барысында мемлекеттік органдар мен
лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен адамға келтірілген моральдықзиян
заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс 8.
Жеке өмірге қол сұғылмаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы
сейлесудің, почта, телеграф және езге де хабарлардың құпиясы. Азаматтардың
жеке өмірі, жеке және отбасылыққұпиясы заңның қорғауында болады. әркімнің
жеке салымдар мен жинақтар, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта,
телеграф және өзге де хабарлар құпиясына қүқығы бар. Азаматтықпроцесс
барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайлар мен
тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
Меншікке қол сұғылмаушылық:
Меншікке заңмен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді өз
мүлкінен айыруға болмайды. Азаматтықсот ісін жүргізу барысында адамдардың
банктегі салымдарын және басқа мүлікті пайдалануға тыйым салу, сондай-ақоны
алып қою Азаматтықіс жүргізу Кодексте көзделген жағдайлар мен тәртіп
бойынша жүргізілуі мүмкін 4.
Судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады және қазақстан
Республикасының Конституциясымен заңға ғана бағынады
Судьялар мен соттар азаматтықістерді өздеріне сырттан ықпал ету
болмайтын жағдайларда шешеді. Соттың сот төрелігін атқару жөніндегі
қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша
жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
Судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі қазақстан Республикасының
Конституциясымен және заңмен белгіленген.
Барлықадамдардың заң мен сот алдындагы теңдігі:
Азаматтықістер бойынша сот төрелігі заң мен сот алдындағы теңдік
негізінде жүзеге асырылады.
Азаматтықсот ісін жүргізу барысында:
азаматтардың ешқайсысына артықшылықберілмейді және олардың ешқайсысы шыққан
тегі,әлеуметтік, лауазымдықжәне мүліктік жағдайы, жынысы, ұлты, тілі, дінге
көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты жері жөніндегі себептермен немесе өзге де
кез келген мән-жайлар бойынша келтірмеуге тиіс. Заңды тұлғалардың
ешқайсысына артықшылықберілмейді және олардың ешқайсысы да орналасқан
жеріне, ұйымдық-құқықтықнысанасына, бағыныстылығына, меншік нысанасына және
басқа да мән-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс.
Сот ісін жүргізу тілі:
Азаматтықістер бойынша сот іс мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал
қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен орыс тілі
немесе басқа тілдер бірдей қолданылады.
Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз берілген тілге қарай сот
ұйғарымымен белгіленеді.
Тараптар азаматтықсот ісін жүргізу барысында өз айқындамасын таңдап
алады, оны қорғау әдісі мен амалдарын дербес және соттан, басқа органдар
мен адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады. Сот істің нақты мән-жайын
анықтау мақсатында аз бастамасымен айгақтар жинаудан босатылған, алайда
тараптың дәлелді өтініші бойынша оған Кодексте көзделген тәртіппен қажетті
материалдарды алуға жәрдемдеседі 4.
Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің
мән-жайын толықжөне объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы
үшін қажетті жағдайлар жасайды, іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары
мен міндеттерін түсіндіреді, іс жүргізу әрекеттерін жасаудың немесе
жасамаудың салдары туралы ескертеді және осы Кодексте көзделген жағдайларда
олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Сот іс жүргізу шешімін
зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бірдей негізде қамтамасыз етілген
дәлелдемелерге ғана негіздейді. Сот тараптарға бірдей және құрметпен
қарайды 3.
Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау:
Судья істе бар дәлелдемелерді олардың жиынтығымен әділ, жан-жақты
және толыққарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл
орайда ол заңмен ар-ұятты басшылыққа алады.
Сот үшін ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды.
Куәлік жауап беру міндетінен босату:
Ешкім өзіне, жұбайына (зайыбына) және ауқымы заңмен айқындалған
жақын туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті емес.
Діни қызметшілер тәубаға келіп, өздеріне сенім білдірген адамға қарсы
куәлік беруге міндетті емес.
Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларда
аталған адамдар жауаптар беруден бас тартуға құқылы және бұл үшін қандай да
болсын жауапқа тартылмайды.
Білікті заң көмегін алуға қуқықты қамтамасыз ету
әр адамның азаматтықпроцесс барысын Азаматтықіс жүргізу
Кодекстің ережелеріне сәйкес білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда
көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі 4.
Сотта істі қараудың жариялылығы:
Барлықсоттар мен барлықсот сатыларында сотта істі қарау
ашықжүргізіледі.
Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар шешімдерді
хабарлауды қоса, сондай-ақбала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық,
коммерциялықнемесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар өмірінің
ашықайтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету қажет
екендігін не істі ашыққарауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайларды
негізге алған іске қатысушы адамының өтінішін сот қанағаттандырған кезде,
сондай-ақАзаматтықіс жүргізу Кодекстің 179-бабының алтыншы бөлігінде
көзделген жағдайда заңға сәйкес істерді қарау жабықсот отырысында жүзеге
асырылады 3.
Азаматтардың жеке хат алысуы және жеке телеграф байланысты ашықсот
отырысында арасында осы хат алысу мен телеграф байланысы болған адамдардың
келісімімен ғана жария етілуі мүмкін. Бұлай болмаған жағдайда бұл
адамдардың жеке хат алысуы мен жеке телеграф байланысы жабықсот отырысында
жария етіліп, зерттеледі. Аталған ережелер фото және кино құжаттарын, дыбыс
және бейне жазбаларды, сондай-ақтехникалыққұралдардың көмегімен алынған
жеке сипаттағы мәліметтер бар хабарларды меттеген кезде де қолданылады
4.
Соттың жабықотырысында істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар,
олардың өкілдері, ал қажет болған жағдайларда куәлар, сарапшылар, мамандар,
аудармашыларда қатысады.
Сот істі соттың жабықотырысында қарау туралы дәлелді ұйғарым шығарады.
Сот отырысының залына, егер іске қатыспайтын адамдар болса немесе куә
болмаса, он алты жаска толмаған азаматтар жіберілмейді.
Жабықсот отырығында істі қарау азаматтықсот ісін жүргізудің
барлықережелері сақтала отырып жүргізіледі.
Іске қатысушы адамдар мен ашықсот отырысына қатысушы азаматтардың
сотта істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс
жазуды пайдаланын жазып алуға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға
және суретке түсіру, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске
катысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана
мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет
жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мумкін. Сотта істі қарау
барысында кауіпсіздікті қамтамасыз ету:
Сотта істі қарау соттың жұмысы және процеске қатысушылардың
қауіпсіздігін камтамасыз ететін жағдайда жургізіледі. Судьялар мен сот
отырысы залында отырған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында төрағалықетуші істі қарау кезінде қатысқысы келген адамдарға
тексеру жүргізу, оның ішінде олардың жеке басын куәландырытын құжаттарды
тексеру, жеке өздерін тексеру және олар алып келген заттарды тексеру туралы
өкім бере алады. Сот актілерінің міндеттілігі: Сот азаматтықістер бойынша
сот актілерін шешімдер, ұйғарымдар, қаулылар мен бұйрықтар нысанында
қабылдайды 9.
Заңды күшіне енген сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулыларымен
бұйрықтары, сондай-ақсоттармен судьялардың заңды өкімдері, талаптары,
тапсырмалары, шақырулары мен басқа да жолданыстары барлықмемлекеттік
органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдықбірлестіктер,
басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей
міндетті және қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз
орындалуға тиіс.
Сот актісінің міндеттілігі іске қатыспаған мүдделі адамдардың
бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандыктарын және заңмен қорғалатын
мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну мүмкіндігінен айырмайды.
Сот актілерін орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де
көрінісі заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы: Соттың
әрекеттері мен шешімдеріне Азаматтықіс-жүргізу Кодексте белгіленген
тәртіппен шағым жасалуы мүмкін іске қатысушы адамдардың осы кодексте
белгіленген төртіппен шешімді жоғары тұрған сотқа қайта қаратуға құқығы бар
4.
Азаматтықсот ісін жүргізу принциптерінің мәні:
Азаматтықсот ісін жүргізу принциптерін бұзу оның сипаты мен
маңыздылығына қарай, шығарылған сот актілерінің кепіл жоюға әкеп соғады.

1.3. Ведомстволық бағыныстылық
және соттылық

Азаматтықістердің соттарға ведомстволықбағыныстылығы
Егер бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен
қорғалатын мүдделерді қорғау осы Кодекске және басқа заңдарға сәйкес өзгеше
сот тәртібімен жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы істерді соттар
азаматтықсот ісін жүргізу тәртібімен қарайды.
Соттар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік. қаржы,
шаруашылық, жер құқықтыққатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастар мен басқа да
құқықтыққатынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапты билікпен
бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талап
қоюды қарайды.
Мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы қабылданған актіге
сотта дау жасалуы мүмкін.
Соттар Азаматтықіс жүргізу Кодекстің 25-29-тарауларында келтірілген
ерекше талап қойылған іс жүргізу істерін қарайды 3.
Соттар Азаматтықіс жүргізу Кодекстің 289-бабында келтірілген ерекше
іс жүргізу істерін қарайды 3.
Егер халықаралықшартта, қазақстан Республикасының заңдарында немесе
тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, соттар шетелдік азаматтар,
азаматтығы жоқадамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел
қатысатын ұйымдар, сондай-ақхалықаралықұйымдар қатысатын істерді де
қарайды.
Заң бойынша соттың құзыретіне жатқызылған басқа да істер сотқа
бағынысты болады.
Дауларды аралықсоттың шешуіне беру:
Сотқа бағынысты мүліктік дау, оған заң актілерінде тыйым салынбаған кезде
және осы Кодекстің 170-бабының 4) тармақшасына және 192-бабына сәйкес,
тараптардың келісімі бойынша аралықсоттың қарауына берілуі мүмкін 3.
Сотқа ведомстволықбағыныстылықтың басымдығы. Біреулері - сотқа, ал
басқалары сот емес органдарға ведомстволықбағынысты өзара байланысты
бірнеше талаптар біріктірілген кезде барлықталаптар сотта қаралуға тиіс.
Нақты даудың кімге бағыныстылығына қатысты күмән немесе қолданыстағы
заңдарда қиғаштықтар болған жағдайда оны сот қарайды.
Аудандық(қалалық) сотта және оған теңестірілтен соттың соттауына
жататын азаматтықістер Кодекстің 28-30-баптарында көзделген істерді
қоспағанда, азаматтықістер аудандық(қалалық) және оларға теңестірілген
соттарда қаралып, шешіледі 4.
Облыстықжәне оларға теңестірілген соттардың соттауына жататын
азаматтықістер:
1. Облыстықжәне оларға теңестірілген соттар бірінші сатыдағы соттар
ретінде: 1) талап қою бағасы арызды беру кезіне заңмен белгіленген он бес
мың айлықесептік көрсеткіштен асатын кезде тараптары заңды тұлғалар, заңды
тұлға құрмай көсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар болып табылатын
мүліктік даулар жөніндегі.
¤зара байланысты бірнеше істің соттылығы:
әр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерге талап қоюшының
таңдауымен жауапкердің біреуі тұратын немесе орналасқан жер бойынша
қойылады.
Бір арызға біріктірілген, әртүрлі соттардың соттауына жататын
талаптар, егер бул ретте осы Кодекстің 171-бабына сәйкес жоғары тұрған
соттың судьясы бұл талаптарды болу туралы ұйғарым шығармаса, мәлімделген
талаптардың бірі соттауына жатқызылған жоғары тұрған сотта қаралады 3.
Дербес талабын мәлімдеуші үшінші тұлғаның талабы және қай сотта
сотталатындығына қарамастан қарсы талап бастапқы талапты қараған жердегі
сотқа бөріледі.
қылмыстықістен туындайтын талап, егер ол қылмыстықіс жүргізілген
кезде азаматтықталап қою ретінде мәлімделген немесе шешілмеген болса, осы
Кодексте белгіленген соттылығы туралы ережелер бойынша азаматтықсот ісін
жүргізу тәртібімен қарауға беріледі.
Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру:
Соттылықережелерін сақтай отырып сот жүргізуге қабылдаған іс,
кейіннен ол басқа соттыңсоттауына жатса да, мәні бойынша шешілуге тиіс.
Егер:
1) тұрғылықты жері бұрын белгісіз болған жауапкер істі өзінің
тұрғылықты жері бойынша сотқа беру туралы өтініш жасаса;
2) бір немесе бірнеше судьяға қарсылықбілдірілгеннен кейін, сондай-
ақназар аударуға тұратын басқа мән-жайлар бойынша судьяларды ауыстыру
немесе аталған сотта істі қарау мүмкін болмаса;
3) істі аталған сотта қарау кезінде оның істің соттылықережелерін
бұза отырып қабылданғаны анықталса;
4) сотқа талап қойылса, сот істі басқа соттың қарауына береді.
3. Істің сол соттың соттауына жатпайтыны туралы тараптардың
арыздарын сол сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша
ұйғарым шығарылады. Осы баптың екінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында
көзделген жағдайларда істі беру жоғары тұрған сот судьясының ұйғарымымен
жүзеге асырылады. Тараптың (тараптардың) іс сол соттың соттауына жатпайтыны
туралы арызын қанағаттандырмай қалдыру туралы сот ұйғарымына жоғары тұрған
сотқа шағымдануға болады, оның шешімі түпкілікті болып табылады және
шағымдануға, наразылықкелтіруге жатпайды. Істі бір соттан басқасына беру -
бұл ұйғарымға шағымдану мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берген жағдайда
шағымды қанағаттандырмай қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін
жүргізіледі.
4. Істің соттылыгы туралы соттардың арасындағы дауларды жоғары
тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға,
наразылықкелтіруге жатпайды.

1.4. Соттың құрамы, қарсылық білдіру

Соттың құрамы
1. Соттың бірінші сатысындағы азаматтықістерді соттың атынан әрекет
ететін судья жеке-дара қарайды.
2. Істерді апелляциялықтүрде немесе қадағалау сатысындағы соттарда
қарауды соттың алқалы құрамы жүзеге асырады. Іс алқалы түрде қаралған кезде
соттың құрамына саны тақ(кем дегенде үш) судья кіруге тиіс, олардың біреуі
төрағалықетуші болып табылады.
Алқалы құрамдагы соттың мәселелерді шешу тәртібі
1. Істерді соттың алқалы құрамы қараған және шешкен кезде
барлықсудьялар тең құқықтарды пайдаланады. Істі алқалы түрде қараған және
шешкен кезде туындаған барлықмәселелерді судьялар көпшілік дауыспен шешеді.
әрбір мәселені шешкен кезде судьялардың ешқайсысы дауыс беруден қалыс
қалуға құқылы емес.
2. Төрағалықетуші ұсыныстарды енгізеді, өз пікірін айтады және
соңынан дауыс береді.
3. Көпшілік шешімімен келіспеген судья осы шешімге қол қоюға
міндетті және ерекше пікірін жазбаша түрде баяндай алады, ол
төрағалықетушіге тапсырылады және мөр басылған конверттегі іске қоса
тіркеледі. Ерекше пікірмен апелляциялықжәне қадағалау сатыларындағы сот осы
істі тиісті сатыда қарау кезінде танысуға құқылы. Судьяның ерекше пікірінің
бар екендігі туралы іске қатысушы адамдарға хабарланбайды және ерекше пікір
соттың отырыс залында жарияланбайды.
Судьяның істі қарауға қайта қатысуына жол берілмейтіндігі
1. Бірінші сатыдағы сотта азаматтықісті қарауға қатысқан судья сол
істі апелляциялықнемесе қадағалау сатысындағы сотта қарауға, сондай-ақоның
қатысуымен қабылданған шешім күшін жойған жағдайда бірінші сатыдағы сотта
істі жаңадан
қарауға қатыса алмайды.
2. Апелляциялықсатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі
бірінші немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауға қатыса алмайды.
3. Апелляциялықнемесе қадағалау сатысындағы сотта істі қарауға
қатысқан судья, өзінің қатысуымен қабылданған қаулы күшін жойған жағдайда
аталған сатыларда осы істі қарауға қайтадан қатыса алмайды.
4. қадағалау сатысындағы согга істі қарауға қатысқан судья осы істі
бірінші, апелляциялықсатылардағы соттарда жаңадан қарауға қатыса алмайды.
Судьяға қарсылықбілдіру үшін негіздер.
1. Егер судья:
1) осы істі мұның алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман,
аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы
ретінде қатысса;
2) іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің
туысы болса;
3) істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не
оның әділдігіне негізді күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, ол істі
қарауға қатыса алмайды және оған қарсылықбілдірілуге тиіс.
2. Істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды.
Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының
хатшысына, сот приставына қарсылықбілдіру үшін негіздер
1. Азаматтықіс жүргізу Осы Кодекстің 40-бабының бірінші бөлігінде
аталған қарсылықбілдіру үшін негіздер прокурорға, сарапшыға, маманға,
аудармашыға, сот отырысының хатшысына, сот приставына да қолданылады 3.
2. Сонымен қатар сарапшы немесе маман, егер:
1) ол іске қатысушы адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет
жағынан немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе;
2) ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз
болса не осы азаматтықісті қарағанда пайдаланылса, істі қарауға қатыса
алмайды.
3. Прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы
хатшысының, сот приставының осы істі мұның алдында қараған кезде тиісіншө
прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот приставы
ретінде қатысуы оларға қарсылықбілдіруге негіз болып табылмайды.
қарсылықтар білдіру (өздігінен бас тарту) туралы мәлімдемелер және
оларды шешудің тәртібі:
1. Осы Кодекстің 40, 41-баптарында аталған мән-жайлар болған кезде
судья, прокурор, сарапшы, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот
орындаушысы, сот приставы өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Сол
негіздер бойынша іске қатысатын адамдар қарсылықбілдіретінін мәлімдеуі
мүмкін 4.
2. ¤здігінен бас тарту мән қарсылықбілдіру істі мәні бойынша қарау
басталғанға дейін дәлелденіп, мәлімделуге тиіс. Істі қарау барысында
өздігінен бас тарту (қарсылықбілдіру) туралы мөлімдеме жасауға қарсы болу
(қарсылықбілдіру) негіздері сотқа немесе өздігінен бас тартуды
(қарсылықбілдіруді) мәлімдеуші адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі
болған жағдайда ғана жол беріледі.
3. Істі жекедара қараушы судьяға мәлімделген қарсылықбілдіруді
(өздігінен бас тартуды) сол соттың төрағасы немесе сол соттың басқа
судьясы, олар болмаған жағдайда- жоғары тұрған сот судьясы қарайды.
4. Істі соттың алқалы құрамда қарауы кезінде судьялардың біреуі
өздігінен бас тартуды (қарсылықбілдіруді) мәлімдеген жағдайда сот іске
қатысушы адамдардың пікірін тыңдайды және, егер түсініктеме бергісі келсе,
қарсылықбілдірілген судьяның пікірін тыңдайды және қарсылықбілдіру туралы
мәселені қарсылықбілдірілген судьяның қатысуынсыз шешеді.
қарсылықбілдіруді жақтаған және оған қарсы дауыстар саны тең болған кезде
судья қарсылықбілдірілген болып есептеледі. Бірнеше судьяға немесе соттың
бүкіл құрамына мәлімделген қарсылықбілдіруді нақсол сот толыққұрамында жай
көпшілік дауыспен шешеді.
5. қарсылықбілдіруді қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру
туралы ұйғарым шағым беруге, наразылықкелтіруге жатпайды. ¦йғарымға
келіспеушілік туралы дәлелдер аппеляциялықнемесе қадағалау шағымдарына,
наразылықкелтіруге енгізілуі мүмкін.
6. Прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы
хатшысының, сот орындаушысының, сот приставының ездігінен бас тартуы
(қарсылықбілдіруі) туралы мәселені істі қарайтын сот шешеді.
7. ¤здігінен бас тарту (қарсылықбілдіру) туралы мәселе соттың
ұйғарымымен шешіледі.
қарсылықбілдіру (өздігінен бастарту)туралы мәлімдемені
қанағаттандырудың салдары
1. Аудандықнемесе оған теңестірілген сотта істі жеке-дара қараушы
судья қарсылықбілдірген жағдайда бұл істі сол сотта басқа судья қарайды.
Егер іс қаралатын сотта судьяны ауыстыру мүмкін болмаса, жоғары тұрған сот
арқылы іс басқа аудандықнемесе оған теңестірілген сотқа беріледі.
2. Облыстықнемесе оған теңестірілген сотта, қазақстан
Республикасының Жоғарғы сотында істі қарау кезінде судья өздігінен бас
тартқан не қарсылықбілдірген не соттың барлыққұрамы қарсылықбілдірген
жағдайда, істі сол соттағы басқа су-дья немесе басқа құрамдағы судьялар
қарайды.
3. Егер облыстықнемесе оған теңестірілген сотта өздігінен бас тарту
немесе қарсылықтар білдіру қанағаттандырылғаннан кейін не осы Кодекстің 39-
бабында аталған себептермен осы істі қарау үшін соттың жаңа құрамын құру
мүмкін болмаса,
облыстықнемесе соған теңестірілгөн сот іс бойынша тараптар болса, ол
қаралатын сот ұйғарымы үшін іс қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына
берілуге тиіс 4.
Іске қатысушы тулғалардың құрамы
Тараптар: дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші
тұлғалар, дау нысанасына бесталаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар,
прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары,
ұйымдар немесе Кодекстің 6-б және 7-баптарында көзделген негіздер бойынша
процеске қатысатын жекелеган азаматтар, сот ерекше іс жүргізу тәртібімен
қарайтын істер бойынша мәлімдеушілөр мен мүдделі адамдар (осы Кодекстің 289-
бабы) іске қатысушы тұлғалар болып танылады.
Азаматтықіс жүргізу құқыққабілеттілігі Азаматтықіс жүргізу құқықтары
мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі (азаматтықіо жүргізу
құқыққабілеттілігі) материалдыққұқықсубъектілері болып табылатын
барлықазаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады 3.
Азаматтықіс жүргізу әрекет қабілеттілігі
1. Сотта құқықтарын өз іс-әрекеттерімен жүзеге асыру және
міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттілігі (азаматтықіс
жүргізу әрекет қабілеттілігі) он сегіз жасқа толған азаматтарда және
ұйымдарға толықкөлемде болады.
2. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың,
сондай-ақәрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын,
бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары
немесе өзге де “заңды өкілдері қорғайды, алайда сот мұндай істерге
кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған
азаматтардың өздерін тартуға міндетті.
3. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақәрекет
қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын
және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері қорғайды.
4. Заңда көзделген жағдайларда, азаматтық, отбасылық, еңбек,
кооперативтік, әкімшілік және өзге де құқыққатынастарынан және тапқан
табысына немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістеріне билік етуге
байланысты мәмілелерден туындайтын істер бойынша он төрт жастан он сегіз
жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың өз құқықтарын жөне заңмен қорғалатын
мүдделерін өз басы қорғауға құқығы бар. Кәмелетке толмағандарға кемек
көрсету үшін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін мүндай істерге
қатысуға тарту соттың қалай шешуіне байланысты.
Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері
1. Іске қатысушы тұлғалардың іс материалдары мен танысуға, олардан
үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын
мәлімдеуге; дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға;
іске қатысушы басқа адамдарға, куәларға, сарапшылар мен мамандарға
сұрақтар қоюға; өтініш жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап
ету туралы өтініш жасауға; сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер
беруге; сот процесі барысындатуындайтын барлықмәселелер бойынша өз
дәлелдерін келтіруге.

ІІ-тарау. Сот шығындары: ұғымы, құрамы

Сот шығындары мемлекеттік бажбен іс жүргізуге байланысты
шығындардан тұрады.

2.1.Мемлекеттік баж. Жалпы ережелер
Мемлекеттік баж—уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе
лауазымды адамдардың заңдықмәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және (немесе)
құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.
Төлеушілер:
Заңдықмәні бар іс-қимылдар жасау және (немесе) құжаттар беру жөнінде
мемлекет уәкілдік берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш
жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып
табылады.
Баж алу объектілері
1. Мыналардан:
1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер
бойынша арыздардан (шағымдардан), аппелляциялықшағымдардан, атқару
парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке
шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден, сондай-ақсоттың шетел
соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын, құжаттардың
көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;
2) нотариаттықіс-қимылдар жасағаны үшін, сондай-ақнотариат
куәландырған құжаттар көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;
3) азаматтықхал актілерін тіркегені үшін, сондай-ақазаматтарға
азаматтықхал актілерін тіркеу туралы куәліктерді және азаматтықхал актілері
жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтіруге байланысты
куәліктерді қайтадан бергені үшін;
4) шетелге баруға және қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден
адамдарды шақыруға құқықберетін құжаттарды ресімдегені үшін, сондай-ақосы
құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін;
5) шетелдіктердің паспорттарына немесе оларды ауыстыратын
құжаттарына қазақстан Республикасынан кету және қазақстан Республикасына
келу құқығына виза бергені үшін;
6) қазақстан Республикасының азаматтығын алу, қазақстан
Республикасының азаматтығын қалпына келтіру және қазақстан Республикасының
азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін;
7) тұрғылықты жерін тіркегені үшін;
8) аңшылыққұқығына рұқсат бергені үшін;.
9) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;
10) қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге,
тасымалдауға, қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және қазақстан
Республикасынан әкетуге рүқсат бергені үшін;
11) азаматтыққаруды (аңшылықсуыққаруды, пневматикалыққаруды және
аэрозольдықгазды құрылғыларды.қоспағанда) тіркегені және қайта тіркегені
үшін;
12) қазақстан Республикасы бекіткен халықаралықшартқа сәйкес
қазақстан Республикасында жасалған, ресми құжаттарға қазақстан
Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль
қойғаны үшін;
13) жүргізуші куәлігін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы
куәлікті, мемлекеттік нөмір белгілерін бергені үшін мемлекеттік баж
алынады.
2. Мемлекеттік баждың тіркелген проценттік ставкалары, егер
Кодексте өзгеше белгіленбесе, қазақстан Республикасының заң актісімен
мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлықесептік керсеткіш мөлшері
негізге алына отырып есептеледі.

2.1.1. Мемлекеттік баждың ставкалары:
Мемлекеттік баждың соттардағы ставкалары
1. Сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер
бойынша арыздардан (шағымдардан), аппелляциялықшағымдардан, сот бұйрығын
шығару туралы, аппелляциялықшағымға қосылу туралы өтініштерден, сондай-
ақсоттың құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін мынадай
мелшерде мемлекеттік баж алынады 10
1) мүліктік сипаттағы талап арыздардан:
жеке тұлғалар үшін — талап қою сомасының 1 проценті; заңцы тұлғалар үшін —
талап қою сомасының 3 проценті;
2) мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының жеке
тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекетіне шағымдардан —
30 процент;
3) мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды
тұлғалардың қүқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекетіне шағымдардан —
500 процент;
4) салықтексеруі актілері бойынша хабарламаларға дауласу туралы
талап арыздардан:
жеке кәсіпкерлер мен шаруа (фермер) қожалықтары үшін — есептелген
салықпен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (өсімпұлдарды қоса)
сомасының және хабарламада көрсетілген айыппұлдардың О,1 проценті;
заңды тұлғалар үшін — есептелген салықпен бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдер (өсімпұлдарды қоса) сомасының және хабарламада
көрсетілген айыппұлдардың 1 проценті;
5) некені бұзу туралы талап арыздардан — 30 процент.
Неке бұзу кезінде мүлікті бөлген жағдайларда баж осы баптың 1)
тармақшасына сәйкес талап қою бағасына қарай белгіленеді;
6) белгіленген тәртіппен хабар ошарсыз кетті деп немесе жүйке
ауруы немесе ақыл есінің кемдігі салдарынан іс-әрекетке қабілетсіз деп
танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға
сотталган адамдармен неке бұзу кезінде мүлікті бөлу туралы талап арыздардан
осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;
7) тұрғын үй-жайларды жалға алу туралы шартты өзгерткені немесе
бұзғаны туралы, мұраға қабылдау мерзімін ұзарту туралы, тыйым салынған
мүлікті босату туралы талап арыздардан және мүліктік емес сипаттағы немесе
бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан — 50 процент;
8) ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан) — 50
процент;
9) сот шешіміне жасалған апелляциялықшағымдардан — мүліктік емес
сипаттағы талап арызды берген кездегі алынатын мемлекеттік баж мөлшерінен —
50 процент, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша — арыз беруші дауға салып
отырған сома негізге алына отырып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінен;
9-1) сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден осы баптың 1
-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік баж ставкасының 50
проценті;
10) атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот
ұйғарымына жеке шағымдардан, сондай-ақшетел соттары мен арбитраждарының
шешімдері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдары
ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰЖАТТАРЫ, МЕРЗІМДЕРІ МЕН СОТ ШЫҒЫНДАРЫ
Сот шығындары
Сот шығындары ұғымы және олардың құрамы
Жасырын тергеу әрекеттері
Мемлекеттік баж төлеу тәртібі
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде
ҚР мен шет елердің азаматтық іс жүргізу құқығы
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысындағы еңбекке ақы төлеу және шығындарды өтеу
Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық
Пәндер