Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе
2.Отбасын қолдау орталығының тұжырымдамасы
2.1. Мақсаттары мен міндеттері
2.2. Негізгі ұстанымдары
2.3. Қызмет бағыты
2.4. Ұйымдық құрылым
2.5. Қызмет мазмұны
2.6. Отбасын қолдау орталығының мүшелері
2.7. Отбасын қолдау орталығының жұмыс жоспары
2.8.Ұсынылып отырған үлгі енгізуінен күтілетін негізгі нәтижелер
3. Әлеуметтік көмекке мұқтажы бар балаларға, асырап алушы ата.ана боламын деген кандидаттарға, қауіп.қатер тобындағы отбасыларға деректер қорын құру және жүргізу негіздері
3.1. Деректер қорының ақпараттық жүйесін құру және тағайындау кезеңдері
3.2. Деректерді айқындауда келесі негізгі сұрақтарды ескеру
3.3. «Деректер қоры» ақпараттық жүйесінің элементтері
3.4. Әлеуметтік жұмыста басқарудың ақпараттық жүйесін қолдану шарттары
4. Асырап алушы ата.аналар мен балаларды әлеуметтік.психологиялық зерттеу жүргізудің негіздері
4.1. Институализация жағдайларында баланың дамуының психологиялық ерекшеліктері
4.2. Балаларды әлеуметтік.психологиялық зерттеу негіздері
4.3. Асырап алушы ата.аналарды потенциалды әлеуметтік.психологиялық тексеру
4.4. Асырап алушы ата.ана боламын деуші кандидаттармен сұхбат
5. Әлеуметтік жұмыста нәтижелі кеңес беру дағдылары
5.1. Нәтижелі қатынас
5.2. Сөйлемеу қатынасының бірнеше аспектілері
5.3. Вербалды қатынас. Тойтару әдістері
5.4. Кеңес беру кезіндегі сұрақтар түрлері
5.5. Белсенді тыңдау техникасы
6. Баланың асырап алушы отбасына кіруге әлеуметтік.психологиялық дайындығы
6.1. Баланы отбасына беру және дайындау кезеңдері
6.2. Баланың жаңа отбасында бейімделуі
6.3. Жақсы көрушілік және оның бұзылуы. Асырап алған отбасында баланы жақсы көрудің қалыптасу шаралары
7. Асырап алушы ата.аналарды әлеуметтік.психологиялық дайындау
7.1. Асырап алушы отбасының бейімделу ерекшеліктері
7.2. Асырап алушылар мектебі жұмысының негізгі аспектілері
8. Баланың асырап алушы отбасында даму мен тәрбиелеу шарттарының мониторинг әдістері
8.1. Баланың отбасында қауіпсіздігі мен табыстылығына баға беру әдістері
8.2. Асырап алушы отбасына әлеуметтік.психологиялық жол көрсету
8.3. Асырап алған отбасында баланың бейімделу көрсеткіштері
9. Қосымшалар
10.Пайдаланылған әдебиеттер

Осы әдістемелік құрал Оңтүстік-Қазақстан облысында құрылған, отбасын қолдау Орталығына қызметкерлер тағайындау жұмысының қорытындысы болып табылады. Оқыту тренинг-семинарлар бағдарламасына шетел шығармашыларының (Ұлыбритания, Швеция, Ресей, Белорус) теориялық және практикалық материалдары қолданды, сонымен қатар мемлекеттің қолдауындағы балалармен және балалар үйі мен қамқорлық мекемелер мамандарымен біріге отырып әдістемені құрушылардың практикалық тәжірибелері қолданылды.
2005 жылы БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар фондының қолдауымен, Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру департаменті және ОҚФ РОО «Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясы» жүзеге асыратын «ОҚО балаларын күту балама түрлерін дамыту және қызметті бағалау» жобасы тағайындалған. Бағалау нәтижесінде тәрбиелеу күндізгі бөлім мекемелерінде баланы қолдаудағы басты түрі деп қарастырылады, әлеуметтік қызметінің балама түрлерінің дамуы тиісті шамада орындалмайды. Мамандар мен уақыттың жетіспеушілігінен қамқорлық ұйымдары жұмысты толық көлемде қамти алмайды. Қажетті мамандар жоқ: әлеуметтік қызметкерлер, психолог (қамқорлық ұйымдарда сәйкес мамандар бірлігі белгіленбеген). Сондықтан білім беру департаментінің қолдауымен, жобаның қызметкерлер тобы арнайы қызметті құру шешімін қабылдады, ол ОҚО отбасын қолдау Орталығы. Орталық Шымкент қаласының №3 балалар үйінің негізінде құрылды, бұл ОҚО әлеуметтік қызмет көрсетуді дамыту міндеттеріне сәйкес келеді – қамқорлық ұйымның қызметін балаларды күту, отбасы түрлерін дамыту жағына аудару. Орталық қызметкерлер штатына балалар үйінің мамандары кіреді: психолог, әлеуметтік оқытушы, дәрігер-педиатр. Қазіргі кезде орталық мамандары оқытудан өтті. Отбасын қолдау Орталығының үлгісін дайындау жұмысы жүргізілуде.
Бұл үлгінің басты элементі қызметті мамандандыруды қолдау және қамқорлық қолдауды делегаттау болып табылады – негізінен мемлекеттік қорғауды керек ететін балаларды табу, асырап алушы ата-аналар мен патронаттық тәрбиелеушілерді іздестіру, іріктеу және оқыту, балаларды асырау және тәрбиелеу жағдайларын бақылау және асырап алушы отбасына жол көрсету. Осылайша әлеуметтік қызмет көрсету сапасы артады және тәрбиелеудің отбасылық балама түрінің дамуына қолайлы жағдайлар туады. Құқықтары мен заңдық мүдделері қорғалған балалар саны артады. Жетім-балалар мен ата-ана қамқорынсыз қалған балалар санатынан басқа бұл жерге мемлекеттік қамқорлықты қажет ететін отбасында өмір сүретін балалар да кіреді. Бұндай балаларға және отбасыларға дер кезінде көмек көрсету арқасында, біз олардың ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар санына қосылмауына ықпал жасаймыз. Баланың отбасында және отбасының бала үшін сақталуы – негізгі мақсат түрінде шешіледі.
Бұл нұсқауға отбасын қолдау қызметтерін құруға жәрдемін тигізетін материалдар кірді. ОҚО отбасын қолдау Қызметінің Тұжырымдамасы ұсынылды. Шетел әлеуметтік қызметтерінің тәжірибесі негізге алына отырып, «Деректер қоры» ақпараттық жүйесін құруға ұсыныстар берілді. Қызмет мамандарының жұмысына көмегі тиетін материалдар енгізілген: институлизациялау шарттарында балалардың даму ерекшеліктері, балаларды және асырап алушы отбасыларды іріктеу және дайындау әдістері, мемлекеттік қамқорлығы қажет баланың даму жағдайының мониторинг әдісі.

10. Қолданылған әдебиеттер
1. Авдеева Н.Н., Хаймовская Н.А. Үш жасқа дейінгі балалардың отбасында және балалар үйінде өзінің бейнесін және байланысын дамыту. – М.: Смысл, 2003.
2. Алиева М.А., Гришанович Т.В., Лобагова Л.В., Травникова Н.Г., Трошихина Е.Г. Мен өмірімді өзім жасаймын. С-П, Речь, 2003.
3. Альтшулер Б.Л. Демалысты – отбасына: Ата-анасының қорғауынсыз қалған балалар және жетім-балалар үшін мекемелерінің тәрбиеленушілерін демалыс кезеңінде азаматтар отбасыларына орналастыруды ұйымдастырудың кепілдеме материалдары. РОО «Право ребенка». М. 2003.
4. Барабанова В.В. Балалар дамуының қиыншылықтарын білу және оларды жеңуге үйрену. Отбасылық балалар үйі: нақтылық, қазіргі Ресейдің мәселелері мен болашағы. М.: Дом. 1995.
5. Боулби Джон. Байланыс: Ағылш.ауд. – М.: Гардарики, 2003.
6. Венгер А.Л., Цукерман Г.А. Бастауыш мектеп оқушыларын психологиялық зерттеу. М., Владос-Пресс, 2003.
7. Джойс Лишман. Әлеуметтік жұмыс қатынастары.
8. Ежов И.В. Яснополянск балалар үйінің тәрбиеленушілерінің жеке рухани дамуының психологиялық қамтамасыз ету бағдарламасы. – Ясная Поляна, 1997.
9. Лисина М.И., Дубровина И.В., Прихожан А.М., Толстых Н.Н. «Балалар үйінің тірбиеленушілерінің психикалық дамуы».
10. Лурье Ж.В., Семенова О.Ф. «Сегізаяқтар мен кішкентай сегізаяқтар» балалық-ата-аналық қатынасының контекстінде үлкен мектеп жасына дейінг балалардың танымалы өрісі мен сезімдік-мотивациялы түзелту және дамыту психологиялық бағдарламасы. М., 1999.
11. Марковская И.М. Ата-аналардың балаларымен қарым-қатынас тренингі. С-П, Речь, 2005.
12. Мухина В.С. Интернаттых мекемелерде тәрбиеленетін балалардың жеке дамуының ерекшеліктері // Баланың жеке қасиетінің дамуы: мәселелері, шешімдері, ізденіс. М., 1995.
13. Ослон В.Н., Холмошорова А.Б. Мамандандырыған ауыстырмалы отбасы Ресейдегі жетімдер мәселелерін шешетін бірден бір моделі. Психология сұрақтары, 2001, № 3.
14. Ослон В.Н., Холмогорова А.Б. Мамандандырыған ауыстырмалы отбасына психологиялық жол көрсету. Психология сұрақтары, 2001, № 4.
15. Семья Г.В. Халықаралық және ұлттық асырап алу кезінде жеміт-балалардың психолгиялық қорғанысының негіздері. М.Из-во: УРАО, 2004.
16. Отбасылық жүйелі психотерапия. Эйдемиллер Э.Г. редациясында. Питер, 2002.
17. Хайрулина А.У., Паренкина Н.В., Лукашева Е.Ю. Ата-анасының қолдауынсыз қалған балаларды жайластыру альтернативті түрі облысында заңдылық пен практика. Мамандар үшін нұсқау. Алматы, 2004.
18. Энди Бильсон, Джудит Харвин. Әлеуметтік әлсіщ балалар мен отбасылармен әлеуметтік жұмыс практикасына кураторлық қызметтерді енгізу үшін әдістемелік құралдар жиыны. 2004.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
БҰҰ- ның ЮНИСЕФ Балалар фонды
ОҚФ БҚҚК Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясы
Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің
әдістемелік құралы
Шымкент 2006 ж.
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе
2.Отбасын қолдау орталығының тұжырымдамасы
2.1. Мақсаттары мен міндеттері
2.2. Негізгі ұстанымдары
2.3. Қызмет бағыты
2.4. Ұйымдық құрылым
2.5. Қызмет мазмұны
2.6. Отбасын қолдау орталығының мүшелері
2.7. Отбасын қолдау орталығының жұмыс жоспары
2.8.Ұсынылып отырған үлгі енгізуінен күтілетін негізгі
нәтижелер
3. Әлеуметтік көмекке мұқтажы бар балаларға, асырап алушы ата-ана боламын
деген кандидаттарға, қауіп-қатер тобындағы отбасыларға деректер қорын құру
және жүргізу негіздері
3.1. Деректер қорының ақпараттық жүйесін құру және тағайындау
кезеңдері
3.2. Деректерді айқындауда келесі негізгі сұрақтарды ескеру
3.3. Деректер қоры ақпараттық жүйесінің элементтері
3.4. Әлеуметтік жұмыста басқарудың ақпараттық жүйесін қолдану шарттары
4. Асырап алушы ата-аналар мен балаларды әлеуметтік-психологиялық зерттеу
жүргізудің негіздері
4.1. Институализация жағдайларында баланың дамуының психологиялық
ерекшеліктері
4.2. Балаларды әлеуметтік-психологиялық зерттеу негіздері
4.3. Асырап алушы ата-аналарды потенциалды әлеуметтік-психологиялық
тексеру
4.4. Асырап алушы ата-ана боламын деуші кандидаттармен сұхбат
5. Әлеуметтік жұмыста нәтижелі кеңес беру дағдылары
5.1. Нәтижелі қатынас
5.2. Сөйлемеу қатынасының бірнеше аспектілері
5.3. Вербалды қатынас. Тойтару әдістері
5.4. Кеңес беру кезіндегі сұрақтар түрлері
5.5. Белсенді тыңдау техникасы
6. Баланың асырап алушы отбасына кіруге әлеуметтік-психологиялық дайындығы
6.1. Баланы отбасына беру және дайындау кезеңдері
6.2. Баланың жаңа отбасында бейімделуі
6.3. Жақсы көрушілік және оның бұзылуы. Асырап алған отбасында баланы
жақсы көрудің қалыптасу шаралары
7. Асырап алушы ата-аналарды әлеуметтік-психологиялық дайындау
7.1. Асырап алушы отбасының бейімделу ерекшеліктері
7.2. Асырап алушылар мектебі жұмысының негізгі аспектілері
8. Баланың асырап алушы отбасында даму мен тәрбиелеу шарттарының мониторинг
әдістері
8.1. Баланың отбасында қауіпсіздігі мен табыстылығына баға беру
әдістері
8.2. Асырап алушы отбасына әлеуметтік-психологиялық жол көрсету
8.3. Асырап алған отбасында баланың бейімделу көрсеткіштері
9. Қосымшалар
10.Пайдаланылған әдебиеттер
Берілген әдістемелік құрал БҰҰ-ның ЮНИСЕФ Балалар фондының қаржыландыруымен
Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру департаменті және ОҚФ РОО
Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясымен жүзеге асырылатын ОҚО
отбасын қолдау орталығын құру жобасы негізінде тағайындалған. Құрал
отбасын қолдау қызметінің қызметкерлеріне арналған, сонымен бірге мүдделі
мемлекеттік ұйымдар мен ведомстволарына, қамқорлық мекемелеріне, білім
беру, халықтың әлеуметін қорғау мекемелеріне арналған.
Құрастырушылар: Коляева М.В.
1. Кіріспе
Осы әдістемелік құрал Оңтүстік-Қазақстан облысында құрылған, отбасын
қолдау Орталығына қызметкерлер тағайындау жұмысының қорытындысы болып
табылады. Оқыту тренинг-семинарлар бағдарламасына шетел шығармашыларының
(Ұлыбритания, Швеция, Ресей, Белорус) теориялық және практикалық
материалдары қолданды, сонымен қатар мемлекеттің қолдауындағы балалармен
және балалар үйі мен қамқорлық мекемелер мамандарымен біріге отырып
әдістемені құрушылардың практикалық тәжірибелері қолданылды.
2005 жылы БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар фондының қолдауымен, Оңтүстік Қазақстан
облысының білім беру департаменті және ОҚФ РОО Қазақстан психологтарының
ұлттық ассоциациясы жүзеге асыратын ОҚО балаларын күту балама түрлерін
дамыту және қызметті бағалау жобасы тағайындалған. Бағалау нәтижесінде
тәрбиелеу күндізгі бөлім мекемелерінде баланы қолдаудағы басты түрі деп
қарастырылады, әлеуметтік қызметінің балама түрлерінің дамуы тиісті шамада
орындалмайды. Мамандар мен уақыттың жетіспеушілігінен қамқорлық ұйымдары
жұмысты толық көлемде қамти алмайды. Қажетті мамандар жоқ: әлеуметтік
қызметкерлер, психолог (қамқорлық ұйымдарда сәйкес мамандар бірлігі
белгіленбеген). Сондықтан білім беру департаментінің қолдауымен, жобаның
қызметкерлер тобы арнайы қызметті құру шешімін қабылдады, ол ОҚО отбасын
қолдау Орталығы. Орталық Шымкент қаласының №3 балалар үйінің негізінде
құрылды, бұл ОҚО әлеуметтік қызмет көрсетуді дамыту міндеттеріне сәйкес
келеді – қамқорлық ұйымның қызметін балаларды күту, отбасы түрлерін дамыту
жағына аудару. Орталық қызметкерлер штатына балалар үйінің мамандары
кіреді: психолог, әлеуметтік оқытушы, дәрігер-педиатр. Қазіргі кезде
орталық мамандары оқытудан өтті. Отбасын қолдау Орталығының үлгісін
дайындау жұмысы жүргізілуде.
Бұл үлгінің басты элементі қызметті мамандандыруды қолдау және
қамқорлық қолдауды делегаттау болып табылады – негізінен мемлекеттік
қорғауды керек ететін балаларды табу, асырап алушы ата-аналар мен
патронаттық тәрбиелеушілерді іздестіру, іріктеу және оқыту, балаларды
асырау және тәрбиелеу жағдайларын бақылау және асырап алушы отбасына жол
көрсету. Осылайша әлеуметтік қызмет көрсету сапасы артады және тәрбиелеудің
отбасылық балама түрінің дамуына қолайлы жағдайлар туады. Құқықтары мен
заңдық мүдделері қорғалған балалар саны артады. Жетім-балалар мен ата-ана
қамқорынсыз қалған балалар санатынан басқа бұл жерге мемлекеттік
қамқорлықты қажет ететін отбасында өмір сүретін балалар да кіреді. Бұндай
балаларға және отбасыларға дер кезінде көмек көрсету арқасында, біз олардың
ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар санына қосылмауына ықпал жасаймыз.
Баланың отбасында және отбасының бала үшін сақталуы – негізгі мақсат
түрінде шешіледі.
Бұл нұсқауға отбасын қолдау қызметтерін құруға жәрдемін тигізетін
материалдар кірді. ОҚО отбасын қолдау Қызметінің Тұжырымдамасы ұсынылды.
Шетел әлеуметтік қызметтерінің тәжірибесі негізге алына отырып, Деректер
қоры ақпараттық жүйесін құруға ұсыныстар берілді. Қызмет мамандарының
жұмысына көмегі тиетін материалдар енгізілген: институлизациялау
шарттарында балалардың даму ерекшеліктері, балаларды және асырап алушы
отбасыларды іріктеу және дайындау әдістері, мемлекеттік қамқорлығы қажет
баланың даму жағдайының мониторинг әдісі.
2. Оңтүстік Қазақстан облысының отбасын қолдау қызметінің тұжырымдамасы
2.1. Мақсаттары мен міндеттері
• Бала мен отбасына жан жақты қолдау көрсетуге мақсатталған қызметтердің
сапасы мен қолайлылығын арттыру арқасында балалардың өмірлік сапасын
жақсарту.
• Азаматтық қоғам құрылымдары мен ұйымдардың серіктестік қарым
қатынастарын құру.
• Қамқорлық ұйымдардың интернаттық мекемелеріне жіберілетін балалар
ағымын ең төменгі деңгейге дейін азайту.
• Отбасына орналасуына мүмкіндігі бар және орналасуға тиесілі кез келген
баланы отбасына орналастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.
• Балаларды үйіне қайтаруына мүмкіндік туғызу немесе ата-аналармен
ынтымақтастық негізінде және үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек
көрсету жолымен баланы биологиялық отбасынан алынуына жол бермеу.
2.2. Негізгі ұстанымдары
• Отбасы – баланың жетілуіне және қалыпты өмір сүруіне жағдай жасайтын
ең жақсы орын.
• Басты жұмыс балаларды ата анасынан айырмау мақсатында жүргізілуі тиіс,
өйткені туған отбасы бала үшін бәрінен артық.
• Әр оқиғаның бірегейлігі алуан түрлі жағдайлар айқындайды, демек көмек
көрсетудің икемді түрі қажет.
• Серіктестік – барлық жақтардың өзара қатынасының негізгі принципі.
• Қызметтің мобильділігі – асырап алушы ата-ана боламын деуші
кандидаттармен және қиын отбасылармен табысты жұмыс жасаудың басты
кепілдігі болып табылады.
• Төрешілдік процедуралар әр отбасына және әр балаға жеке қатынаспен
біріктірілмейді.
2.3. Қызмет бағыты
• Мемлекеттік қорғауды қажет ететін отбасылар мен балалардың Деректер
қоры ақпараттық жүйесін құру және қолдау.
• Отбасымен және балалармен алдын алу және жаңарту жұмыстарын жүргізу.
• Асырап алушы ата-аналарды іріктеу және дайындау.
• Баланы отбасына тапсыруға дайындау.
• Көмек көрсету және үйлестіру. Отбасына жол көрсету.
• Мониторинг.
4. Ұйымдық құрылым (1 сурет)
ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІК МЕКЕМЕЛЕРІ
2.5. Қызмет мазмұны
Отбасымен және балалармен алдын алу және сауықтыру жұмыстары
1. Әлеуметтік-психологиялық көмек сұрап келген балалардың, ата-аналардың,
отбасылардың мұқтаждығын бағалау.
2. Балаларға, ата-аналарға, отбасыларға кеңес беру (заңдық,
психологиялық, медициналық көріністерде).
3. Әлеуметтік көмек (шешім қабылдауда көмек).
4. Баланың туған отбасымен қосылуы.
5. Есірткіқұмарлық, маскүнемдік және зорлықтың алдын алу (қауіп-қатер
тобындағы отбасыларға дер кезінде көмек көрсету, жағымсыз жақтарын
ерте кезден айқындау)
Асырап алушы ата-аналарды іріктеу және дайындау
1. Асырап алушы отбасыларды іріктеу:
• Орталықтың деректер қорын, қамқорлық мекемелерін, БАҚ (Бұқаралық
ақпарат құралдарын) тарту;
• асырап алушы ата-аналарды іріктеу (заңның негізгі талаптарына
сәйкестігі, отбасының әлеуметтік психологиялық дайындығы).
2. Асырап алушы ата-аналардың мектебі:
• асырап алушы ата-ана боламын деуші кандидаттарды әлеуметтік-
психологиялық тұрғыда дайындау (патронаттық тәрбиелеушілерді,
қамқоршыларды, бала асырап алушыларды);
• баланы асырап алу, қамқор, патронат процедураларын құру
(нормативтік-құқықтық актілері, асырап алушы ата-аналар мен
балалардың құқықтары мен міндеттері)
• асырап алушы ата-аналарды оқыту (кеңес беру, тренинг).
3. Баланың асырап алушы ата-аналармен кездесулері.
4. Бірлесуін талдау, керек кезде түзету, ұсыныстар.
5. Асырап алушы отбасына баланы тапсыру.
Баланы отбасына тапсыруға дайындау.
1. Отбасына орналастырмас бұрын баланың қажеттіліктері мен кемшіліктерін
бағалау.
2. Бейімделу кезеңінің бастапқы дағдыларын үйрету.
3. Баланың құқықтары мен міндеттері жөнінде білімін арттыру.
4. Позитивтік дәлел құру.
5. Нәтижелі қатынас дағдыларын оқыту.
Отбасына жол көрсету. Үйлестіру және көмек көрсету.
1. Бала болған қамқор мекемемен және қамқор ұйымымен бірлесе отырып
баланың даму жоспарын тағайындау.
2. Әлеуметтік қызметкердің қатысуы (кеңес беру, ұсыныстар, мамандарды
тарту).
3. Ата-аналар мектебі:
• асырап алушы ата-аналарды оқыту (тренинг-семинарлар);
• отбасыларға жеке кеңес беру (заңгер, медициналық қызметкер,
психолог).
Мониторинг
1. Баланың үлгірімін бағалау, отбасында баланың әлеуметтік-психологиялық
қауіпсіздігін бағалау:
• сынып жетекшісімен, мектеп психологымен кездесу;
• баламен, ата-аналармен кездесу;
• баланың көңіл күйін, іс-қимылдарын, сөйлегендерін сырттай
бақылау;
• баламен сұрастыру жұмыстарын жүргізу және оның отбасында
әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздігіне психологиялық құралдарды
қолдану (жобалау тестері, сауалнамалар және т.б.)
2. Отбасының бейімділік отбасы белгілеріне сәйкестігін қадағалау:
• әлеуметтік оқытушының ата-аналармен сауалнама негізінде әңгімелесуі
ата-аналардың өзінің міндеттерін түсінуі мен отбасының даму барысын
көрсетеді;
• психологиялық зерттеу (қажет жағдайда).
3. Орталық бақылау:
• тұрмыстық жағдайларын бақылау;
• отбасының имандылық, психологиялық жағдайларын бағалау;
• сарапшының мерзімді сауалнамасы (көршілерін, мектеп мұғалімдерін).
4. Жағымсыз жағдай болған кезде баланың жеке қағазын қайта қарау.
2.6. ОҚО отбасын қолдау Орталығының мүшелері:
Штаттық қызметкерлер:
1) ұйымдастырушы – 1 бірлік
2) басқарушы – 1 бірлік
3) психолог – 1 бірлік
4) әлеуметтік қызметкер – 1 бірлік
5) есепші – 1 бірлік
6) медициналық қызметкер – 0,5 бірлік
7) заңгер – 0,5 бірлік
7. ОҚО отбасын қолдау Орталығының жұмыс жоспары
1) Балаларға, жеткіншектерге және жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек
көрсету (кеңес беру, тренинг, сабақтар және т.б.)
2) Балалар күтімінің балама түрлерін дамыту:
• қамқорлық мекемелерінде балалардың қажеттіліктері мен себептерін
ескере отырып деректер қорын және балалардың өзіндік даму жеке
карталарын құру;
• баланың биологиялық отбасына қайта оралу немесе асырап алушы
отбасына орналастыру жұмыстары.
3) Денсаулық сақтау мекемелері арқылы қыз-келіншектерге – болашақ
аналарға және қауіп-қатер топтарындағы жас аналарға көрсетілетін
әлеуметтік көмекті дамыту.
4) Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде (кемтар балалар интернаты, балалар
үйі, түзету интернаты) жұмыс жасайтын әлеуметтік оқытушылар мен
психологтарды дайындау және қайта даярлау жүйесін құру.
5) Қамқорлық мекемелерде, Отбасын қолдау Орталықтарында жұмыс жасау үшін
мамандарды (әлеуметтік оқытушылар мен психологтар) оқыту.
8. Ұсынылып отырған үлгі енгізуінен күтілетін негізгі нәтижелер
• Отбасы мен балаларды қолдауда кешенді жұмыс жүйесі жүзеге асырылады.
• Отбасының қызметтер мен қорларды нәтижелі пайдалану мүмкіндіктері
кеңейтіледі.
• Баланың аман-саулығы және оның құқығын қорғау жұмысы қамтамасыз
етіледі:
- балаларға үздік қамқорлық: балалардың толық дамуы, дамуында
ерекшеліктері бар балалардың азаюы;
- балалар асырап алушы отбасыларда тәрбиеленуі: интернаттық
мекемелерінде және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың азаяды;
- заңмен жанжалға түсетін балалардың азаяды;
- ата-аналарынан айрылған балалар санының азаяды;
- отбасынан уақытша айрылған балалардың отбасына қайта орала алады;
- отбасына қайта орала алмайтын балалар басқа отбасында тәрбиеленеді.
• Экономикалық салдары (интернаттық мекемелерге мемлекеттік қаржының аз
бөлінуі)
• Барлық бағытта профилактикалық кешенді жұмыс қамтамасыз етілуі
(жағымсыз балалар, отбасылар).
3. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕККЕ МҰҚТАЖЫ БАР БАЛАЛАРҒА, АСЫРАП АЛУШЫ АТА-АНА БОЛАМЫН
ДЕУШІ КАНДИДАТТАРҒА, ҚАУІП-ҚАТЕР ТОБЫНДАҒЫ ОТБАСЫЛАРҒА ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ҚҰРУ
ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ НЕГІЗДЕРІ
3.1. Деректер қорының ақпараттық жүйесін құру және тағайындау кезеңдері.
Деректер қорының ақпараттық жүйесін құру - әлеуметтік қызметтің
нәтижелі жұмысының ең басты элементі болып табылады. Бұл жұмыстың бірнеше
кезеңін атап көрсетуге болады:
1. Ақпараттық жүйенің тағайындау мақсаттарын анықтау.
2. Қорға кіретін деректердің негізгі белгілері мен түрлерін анықтау.
3. Деректер қорын компьютерлік бағдарлама түрінде құру.
4. Деректер жинау және талдау.
5. Бағдарламаға ақпараттарды енгізу.
6. Қызметкерлерді ақпараттық жүйемен жұмыс істеуді үйрету.
7. Әлеуметтік қызмет жүйесінде деректер қорын қолдану.
Бұл тарауда ақпараттық жүйе құру кезінде британдық әріптестеріміздің
берген ұсыныстары көрсетілген (Э.Бильсон және Д.Харвин).
Әлеуметтік қызмет көрсетуді жүзеге асыру және дамыту үшін керекті
деректерді алу ақпараттық жүйенің негізгі мақсаты болып табылады.
Халыққа қызмет көрсетуді жоспарлау кезінде бұл жүйе жергілікті және
орталық деңгейде қолданылатын әлеуметтік қызметтердің сандық деректерін
көрсетеді. Негізінде бұл деректер келесі бағыттарда қолданылады:
- әлеуметтік қызмет жүйесіне қойылған мақсаттар мен міндеттерге сай
жұмыс жасау мониторингі;
- жүйе жұмысына өзгертулерді енгізу үшін міндеттер мен бағдарларды
орнату;
- лимиттік қорлардың қалыптасуына көмек көрсету;
- экономикалық нәтижелілік жөнінде ақпарат беру;
- басқару және практикалық қызметкерлердің жұмыстарына көмек көрсету;
- жұмыс практикасына өзгерту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету үшін
орталық және жергілікті көрсеткіштерін құру;
- еліміздің әр түрлі аймақтары, аудандары мен облыстары арасында
салыстырмалы талдау жүргізуге көмек көрсету.

Деректердің негізгі түрлерін айқындау жұмыстарын сенімді ақпараттық
жүйеде ескерілген сұрақтар тізімін құрудан бастаған жөн. Негізгі деректер
келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:
1. Мекен-жай қызметін кім қолданады? Бұл сұраққа жауап, осы қызмет түрін
қажет еткен отбасы мен балалар деректерін алғаннан кейін беріледі.
2. Қызмет сұранысының себебі неде? Қажеттілікті санаттарға бөлу үшін
таптастыруды өңдеу қажет.
3. Қандай қызмет түрлері көрсетіледі? Көрсетілетін қызмет түрінің сипаты
және бала мен отбасының мінездемесі бар қызмет көрсету түрімен баланың
бағытын байланыстыру қажет, одан кейін оның алынуын бақылау қажет.
Алынған деректерді Деректер қорына енгізу үшін көрсетілетін қызмет
түрлерін таптастыру қажет. Екінші деңгей сұрақтары: көрсетілетін
қызмет ұзақтығы, қызмет көрсететін кім, қандай қызмет және қаншалықты
ұзақ?
4. Нәтижесі қандай? Әлеуметтік қызметке сұраныс алынғаннан кейін балалық
шақты әлеуметтік қорғау жүйесінде баламен не болып жатқанын түсіну
үшін барлық жағдайлар жасалуы тиіс.

Әлеуметтік жұмыстың ойдағыдай орындалуы үшін балаға тағайындалған
мекен жайынан немесе стационарлық қызметтерге қатысты шешімдер қабылдау
жұмысын қамтитын деректер болуы тиіс, оның ішіне қызметті тоқтату және
істі қайта қарау, бағалау шаралары кіреді. Алынған деректер басқарудың
жұмыс істеп тұрған ақпараттық жүйесінің нәтижелілігін анықтайтын әсерлер
тізімін құруға қолданылуы мүмкін. Осы кезде деректер жиналатын жаңа
облыстар айқындалады, жұмыс басымдылығын үйлесімді түрге келтіруге болады.
Деректердің бірнеше түрі төменде көрсетілген:
• асырап алу, патронат, қамқорлық деректерінің жүйелілігі;
• қамқорлық жүйесіне кіру және шығу себептері;
• қоғам қамқорлығының ұзақтығы;
• бір жылда қамқорлық жүйесіне кіру және одан шығу жиілілігі;
• балалардың ұлттық құрамы;
• балалардың амандығы жөнінде деректер: мысалы, денсаулық және білім
деңгейі;
• мекен-жайынан көрсетілетін қызметтер деректері, оның ішінде бала және
отбасы жөнінде деректер, қызмет көрсету түрі, ұзақтығы және т.б.
Негізгі деректер элементтеріне мысалдар:
Негізгі деректер элементтеріне келтірілген мысалдар нақты бір жағдайға
сай түзетілуі қажет.
• Отбасыбала мінездемелері
Негізгі деректер элементтері:
Баланың мәліметтері:
- аты
- туған күні, айы, жылы
- жынысы
- азаматтығы
- ұлты
- ана тілі
- үйде қолданылатын тіл
- діні
- мүгедектік немесе баланың созылмалы аурулары
- сұраныс жіберілген кездегі баланың мекен жайы
- тұрақты мекен жайы, егер басқа болса
-
Отбасы мәліметтері:
- ата-аналары
- бауырлары
- басқа да маңызды отбасы мүшелері
• Қызмет көрсетілуге сұраныс немесе баланы қамқорлыққа орналастыру:
Деректер жиналуы тиіс, олардың ішіне отбасы жағдайы, сұраныс
жіберілген уақытта баланың жағдайы және қабылданған басты шаралар жөнінде
ақпараттар кіруі тиіс. Жиналатын деректерге келесі параметрлер кіруі тиіс:
- сұраныс беру себебі
- сұраныс берген тұлға
- сұраныс берілген күні
- сұраныс жіберілген қызмет орнытұлға, кімгеқайда
- сұраныс жіберілген кездегі мән-жайлар (мысалы, анасымен тастанды бала,
немесе баласын қамқорлыққа алу өтінішімен келген ана)
• Баланың жағдайын бағалау:
Қызмет көрсету сұранысына орай бағалау шаралары жүргізілгенде алынған
ақпараттар:
- бағалауды бастау күні
- бағалауды бітіру күні
- бағалау жүргізу негізінде берілетін ұсыныстар
- нәтиже (мысалы, қызмет тағайындалды, күтуге қойылды және т.б.)
• Сотта комиссияда тыңдалуы:
Егер шешім қабылдауға қатысты болса, комиссияда талқылануы немесе
сотта тыңдалуы жөнінде ақпараттар:
- соткомиссия анықталуы
- сотқакомиссияға жіберілетін күн
- тыңдау күні
- ұсыныстар (қызмет орнының ұсынылған шаралары)
- соткомиссия шешімі (мысалы, қамқорлық жөнінде жарлығы, бақылау
жөнінде жарлығы және т.б.)
- балағаотбасына көрсетілетін негізгі қызмет түрі
• Бала жағдайын қайта қарау:
Ақпараттық жүйеде бала жағдайының қайта қаралғаны туралы ақпарат болуы
тиіс:
- қайта қарау күні
- қайта қарау жұмыстарына ата-анасының қатысуы
- қайта қарау жұмыстарына баланың қатысуы
- егер бала қамқорлық жүйесінде болған жағдайда, оның ата-анасымен,
отбасының басқа мүшелерімен қандай дәрежеде қарым-қатынаста болғандығы
(мысалы, жеке қарым-қатынас айына 1 реттен жиі емес, жеке қарым-
қатынас айына 1 реттен жиі, қарым қатынастың басқа да түрлері, және
т.б.)
- қайта қарау жұмыстарының шешімі (мысалы, қызмет көрсету түрін
ауыстыру, қызмет көрсету түрінің ауыстырылмауы, қамқорлық жүйеден
үйіне қайтарылуы)
- шешімнің орындалуы (мысалы, шешім орындалды, шешім жартылай орындалды,
күтуге қойылды)
• Қызметтер:
Балағаотбасына көрсетілетін қызмет жөнінде ақпарат:
- қызмет түрі (мысалы, патронаттық отбасы)
- қызмет көрсетуші
- қызметтің басталу күні
- қызметтің біту күні
- қызметтің біту себептері (мысалы, басқа жерге ауыстыру жоспарлануда,
қамқорлық жүйеге төтенше орналастыру)
- нәтиже

Ақпараттық жүйені тағайындау және құру кезінде ескеру қажет:
• Деректерді қорғау:
Ақпараттық жүйе еліміздің ақпаратты қорғау заңдылығына сай болуы тиіс.
Деректерге кіруге жол бермейтін паролдардың қолданылуы тиіс. Сонымен қатар
қызметті қолданушылардың деректерінің дәлділігі тексерілуі тиіс. Тек заңдық
қажеттілігі бар адамдар ғана деректерді қолдануына рұқсаты бар. Деректер
тек осы ақпарат жүйесі құрылған мақсаттарға ғана қолданылуы тиіс.
• Жүйенің мақұлдануы:
Ақпараттық жүйе практикада жұмысқа қабілеті бар деп танылуы үшін
бірнеше жерлерден мақұлданудан өтуі тиіс. Жүйенің мақұлдануы деректердің
элементтер тізімін құруда және деректер жинау үлгісін өңдеуде көмегін
тигізуі тиіс.
• Қандай деректер қажетті және жеткілікті болып табылады?
Егерде деректер компьютерленген болса, ақпараттық жүйені басқару
қымбат болуы мүмкін, ал деректер өсуі мүмкін. Осыған орай жиналатын және
енгізілетін деректердің керекті болуына қол жеткізу керек. Жергілікті
қызмет жүйесіндегі жергілікті деңгейде бас жетекші мен орталық деңгейде
қызметтерді жоспарлау сұрақтарымен айналысатындардың бір бірімен
ынтымақтастығын қамтамасыз ету, деректер жинаудың жаңа облыстарын өңдеу
және ақпараттық жүйені бағалаудың нәтижелі тәсілі болып табылады. Бұл –
жиналатын ақпараттың пайдалылығына, ақпарат жинау қолайлылығына көмегін
тигізеді, ал процестің өзі жоспарлау процесін нығайту тәсілі болып
табылады.
• Құрылғыларға қойылатын талаптар
Көп жағдайларда ақпараттық жүйе құруға арналған құрылғылар үлкен
қаражатты керек етеді. Ақпараттық жүйелер мұндай қазіргі заман
технологияларын жеңгенімен, нәтижелі жүйені реттеуде маңызды шарт болып
есептелінбейді. Егер керекті деректерді жинау және сақтау құралдары бар
болса, егер қызметкерлер деректерді жергілікті деңгейде талдай білсе, ал
орталық деңгейде деректер келтірілсе, осылардың бәрі қандай жолмен
жасалғанының айырмашылығы жоқ.
4. АСЫРАП АЛУШЫ АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
ЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗДЕРІ
Әлеуметтік-психологиялық зерттеу, әлеуметтік қызметті қажет ететін
балалармен жұмыс жүргізудің маңызды кезеңі болып табылады. Оның мақсаты –
баланың жағдайын бағалау, баланың қажеттілігін, жеке ерекшелігін анықтау.
Бағалауды сапалы өткізу жоспарлаудың нәтижелілігін қамтамасыз етеді. Асырап
алушы ата-ана боламын деуші кандидаттарды іріктеу де маңызды кезең. Бұл
жерде кандидаттармен жұмыс жүргізген кезде баланың қажеттіліктері мен жеке
ерекшеліктеріне сәйкес балаға отбасы іріктелу принципі қойылған.
4.1. Институализация жағдайларында
баланың дамуының психологиялық ерекшеліктері
Баланы зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізу кезінде, баланың дамуының
психологиялық ерекшеліктері мен оның себептері жөнінде мамандардың білім
деңгейінің маңызы зор.
Тарауда М.И.Лисинаның, И.В.Дубровинаның, А.М.Прихожанның,
Н.Н.Толстыхтың, академик В.С.Мухинаның, педагогикалық түзелту институтының
практикалық психологы Э.А.Минкованың, псих.ғ.к. И.В.Ежованың басқаруымен
Яснополянск балалар үйінің психологиялық қызметі жүргізген зерттеулер
нәтижелерінің деректері қолданылған.
Қамқорлық мекемелер тәрбиеленушілерінің зияткерлі даму проблемалары.
Баланың зияткерлі дамуының жеткіліксіз болуы танымдық процестерінің
әлсіреуінен немесе қалыптаспауынан, дамымауынан, есте сақтау қабілетінің
төмендігінен, көңіл аударудың бірқалыпсыздығынан, ойлау қабілетінің
жетілмегенінен, ой өрісінің төмендігінен және т.б. жағдайлардан болады және
білінеді. Зияткерлік дамудың төмендеуінің себептері алуан түрлі болуы
мүмкін: мидың дұрыс жұмыс істемеуінен бастап тәлім-тәрбие ортасының дұрыс
болмауына дейін.
Тәрбиеленушілердің зияткерлік дамуының ерекшеліктері мен деңгейін
психологиялық зерттеу тәрбиеленушілердің көңіл бөлу мен есте сақтау
қабілетінің даму деңгейінің орта статистикалық мөлшерінен ауытқымағандығын
көрсетеді. Вербальды-логикалық ой өрісі төмендеуі айқын көрінеді. Мектеп
жасына дейінгі балалармен және бастауыш мектеп оқушыларымен жағдайдан тыс
жеке әңгімелесулер қиынға соғады. Мысалы, сендерге не ұнайды?, нені
жақсы көресіңдер?, көңіл күйлерің қандай? және т.б. сұрақтар оларды
абыржытады және олар жауап бере алмайды.
Осы деректер педагогикалық аздырып жіберу мен ортаның әсері
интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілердің зияткерлі дамуының төмендеуіне
әкеліп соғатын негізгі себебі болып табылатындығын айқындайды. Балалар
үйінде тәрбиеленетін балалар мен ересек азаматтардың мазмұнды теңбе-тең
әңгімелесуінің болмауы ең маңызды себеп болып табылады.
Тәрбиеленушілердің сезімді-ерікті дамуының проблемалары.
Сезімді-ерікті өрісте барлық зерттеушілер балалар үйінде
тәрбиеленушілердің жеке тұлға ретінде қалыптасуынан ауытқуын және көптеген
қиыншылықтарын белгілейді: әлеуметтік өзара іс-қимылдардың бұзылуы,
өздігінен дамуының кемшілігі, өзін-өзі бағалаудың теңсіздігі, қоршаған
адамдармен қарым-қатынасын құра алмауы, ынтымақтастық тенденцияларының
жоқтығы. Мұндай бұзылыстар көбінесе мазасызданудың артуында, сезімдік
қызуында, психикалық шаршауда, сезімдік стрестерде, әр түрлі кедергілердің
туындауында сезімталдылығының артуында, қиыншылықтарды жеңуге
дайынсыздығында, сенімсіздікте, ашушаңдықта, серпімді белсенділіктің
артуында, сезімдік суықтықта, қоршаған азаматтармен қарым-қатынасының
бұзылуында, депрессияда және т.б. айқын көрінеді. Жетімдер мекемелеріндегі
сезімдік өмірінің толықсыздығы, ересек балаларда түрлі психикалық және
әлеуметтік бейімделуінің бұзылуына әкеліп соғады: кейбірінде бұл
белсенділігінің төмендеуі, кейбірінің қылмыстық іс-әрекеттер жасауы,
көбінесе қоғамда өзін-өзі дөрекі ұстауы бағаланады.
Осындай балалардың дамуындағы бұзылыстар тәрбиеленушілердің жабық
түрдегі мекемелерде орналасқандығынан болады. Балалардың көбісі балалар
үйіне сәбилер үйінен келіп түседі, ол жерде олар үш кейбір кездерде төрт
жылға дейін тәрбиеленген.
Академик В.С. Мухинаның жүргізген зерттеулерінің нәтижелерінде
тәрбиеленушілердің әңгімелесу қажеттілігі аз дамығаны, жалпы дамудың
кешігуі бақыланды. Бұндай балалар сөйлеу дамуында кешігеді, ойнай алмайды,
қоршаған ортамен қатынаса алмайды. Өмірінің алғашқы кездерінде сәбилік
кезге сай келмейтін енжарлық байқалады. Туылған күнінен бастап анасының
махабаты мен еркелігінен кемтар қалған бала жабық түрдегі мекемелерінде
өмір сүргендіктен, ересектермен қалыпты қатынастарда болмағандықтан 6-8
айлық бала өзінің туылғанда пайда болған даму қабілетін жоғалтады, енжарлық
пайда болады. Жабық түрдегі мекемелерде тәрбиелену жағдайлары бала мінез-
құлқында енжарлық беталысын туғызады. Басқа жағынан балада көптеген
керексіз қимылдау іс-әрекет түрлері пайда болады: баланың теңселуі,
саусағын немесе ернін соруы, мағынасыз бір қимылды қайталай беруі.
Интернаттық түрдегі мекемелерде өскен бала өнімді қатынас дағдыларын
меңгермейді. Оның қарым-қатынастары үстірт және асығыс: ол бір кезде озбыр
енжарлыққа өте келе көңіл бөлуді қажет етеді және одан бас тартады.
Сүйіспеншілік пен көңіл бөлуді қажет ете келе бала өзін сол қажеттілікке
сай ұстай алмайды.
Ересек адамдармен іскерлік қарым қатынастары кеш дамиды және жабайы
түрде жүзеге асырылады. Балалар ересектердің ойын үлгідегі қимылдарын
ықыласпен бақылайды, айтылған нұсқауларды орындайды, ұсыныстарды қуана
қабылдайды, бірақ ойынға белсенді қатыса алмайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл әрекетінің тежелуі мен
құмарлығының артық шамада болуы сезімдік-ерікті тұрақсыздығымен, артық
шамадан тыс шаршауымен, ашуланшақтығымен үйлеседі. Бұл сезімнің дамымауы
және сезімдік дамудың ауытқуы тек психикалық, әлеуметтік салдарынан ғана
емес сонымен қатар тұқым қуалаушылық және туғанда пайда болған патология
салдарынан да болады.
Балалардың құрбыларымен қатынастары және бірлескен қызметтері
Құрбылармен қатынас қажеттілігі негізінде қиын емес. Ойын кезінде
балалар іс-қимылға және құрбысының көңіл-күйіне назар аудармайды, кейбір
кезде құрбысының ренішін, сұрауларын тіпті көз жастарын да байқамайды. Бір
жерде бола тұра, бөлек ойнайды. Немесе бәрі бірге ойнайды, алайда ойын
процессуалдық күйде өтеді, ойында бірегейлік қатынас болмайды.
Құрбыларымен үнемі байланыста аздаған балалар ғана болады. Ол баланың
жасы мен баланың топтағы жағдайына байланысты емес. Алайда жалғыз қалатын
балалар да жоқ. Ойындар көп жағдайларда ашушаңдықпен, көңіл күйдің
ауысуымен өтеді.
Жетім-балалардың сана-сезім құрылымының қалыптасуы.
Академик В.С.Мухина жетім-балалардың сана-сезім құрылымының
қалыптасуының бұзылуына көңіл аударады. Адамның сана-сезімі келесі тарихи
тұрғыда құрылған әлеуметтік құрылымда дамиды:
1) өзінің атына өзіндік есімдікті қосқанда;
2) мойындау талаптары;
3) жыныстық теңестіру;
4) жеке тұлғаның психологиялық уақыты: өткен, қазіргі, болашақ;
5) әлеуметтік кеңістік: парызы мен құқығы.
Балалар үйінде балаларды көбіне тегімен шақырады, аты көп уақытта
тегімен үйлеседі. Баланың аты бұйрық беру кезінде ғана қолданылады,
сүйіспеншілікті көрсетуде еш уақытта қолданылмайды. Нәтижесінде баланың
өзінің атына деген жағымсыз сезімі туады.
Баланың талаптануы өзінің ортасында күшпен, тәрбиеленушілерге барабар
озбырлықпен жүзеге асырылады. Қажеттіліктерін жүзеге асыра алмаған
жағдайларда ашу-ыза, қызбалылық, мазасыздану сезімдері туады.
Тағы бір маңызды жағдайға назар аударғанымыз жөн – балалар үйіндегі
біз деген ұғым. Ата-ана қамқорынсыз өскен балалардың интернаттық біз
ұғымы қалыптасады. Бұл ерекше психологиялық құрылым. Ата-анасыз өскен
балалар әлемді біздің және бөтен, біз және олар деп бөледі.
Бөтендерден бәрі бірігіп өздеріне керектісін алуға дайын. Оларда
бөтендерге және өзімізге деген ерекше қарым-қатынас қалыптасқан.
Интернатта өмір сүретін балалар өз топтарының ішінде өзінің
құрбыларына немесе өзінен кіші балаларға қатыгездік көрсете алады. Өзін
олай ұстауы бірнеше себептерден, біріншіден жүзеге асырылмаған
сүйіспеншілік пен танылмағандық, баланың сезімдік тұрақсыздық жағдайда
болуы, ата-ана қамқорлығынан айрылуы.
Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің сана-сезімінің тағы бір маңызды
ұғымы бұзылған, ол жеке тұлғаның психологиялық уақыт ұғымы. Бала өзінің
қазіргі кездегі күйін өткен заманғы немесе болашақтағы өзімен біріктіре
алмайды: өзінің жеке өткен шақтары көп жағдайда есінде сақталмаған, болашақ
олар үшін анықталмаған.
Интернаттық мекемелер тәрбиеленушілерінің жыныстық теңесу проблемасы
белгілі. Отбасында бала өзінің қай жынысқа жататынын ерте анықтайды: мектеп
алдындағы уақытта өзінің жыныс қатынасына сай мінез-құлықтарға, ықыласқа,
өзінің жыныстық бағасына иеленеді. Еркек және әйел мінез-құлық
стереотиптері өзінің жыныстық өкілімен қарым-қатынас құру арқылы сана-
сезімге енеді. Балалар үйіндегі балалар мұндай жағдайлардан оқшау келеді.
Мектеп жасына жетпеген балалар өзінің қай жынысқа қатысты екенін жақсы
біледі, және өзін қыз бала немесе ер бала ретінде бекітуге тырысады, бұл
жағдайда олар отбасында өскен балалардан еш айырмашылығы жоқ. Алайда
жыныстық теңестіру сапасының айырмашылығы бар. Егер отбасында өскен бала
өзін ата-анасымен, бауырларымен, өзінің туысқандарымен теңестірсе, ата-
анасының қамқорынан айрылған балалар ең алдымен өзін құрдастарымен
теңестіреді, яғни айтқанда тобындағы қыз балалар мен ер балалар. Балалар
үйіндегі ер балаларға жыныс қатынасын теңестіру қиынға түседі, өйткені ол
жерде еркектер аз, үлгі ретінде алатын ешкім жоқ. Топтық біз ұғымында қыз
балалар мінез-құлық түрінің озбырлығын алады. Бұл өміршеңдіктің түрі, өзі
сияқты күйсіз балалардың немесе бөтендердің ортасында өзін бекіту.
Болашақ отбасында жыныстық орны жөнінде түсінігінің аздығы,
жыныстардың айырмашылығы жөнінде білімінің жоқтығы, өзінің келбетіне
немқұрайлы қарауы мінез-құлық стереотиптерін және нормативтік бағдарының
қалыптасуын қиындатады. Дене бітімінің теңестірілуі жеткіліксіз
болғандықтан, өзінің денесіне деген сезімдік бағалау қатынасы бұзылады, өз
дене бітіміне көңілі толмағандықтан психологиялық қызбалылық туады, бұл
теңсіз психосексуалдық дамуға және жеке тұлға ретінде психологиялық
қорғаныссыз қалуына әкеліп соғады.
Жеке тұлғаның әлеуметтік кеңістігі қоғамдық заңға сәйкес адамның
құқықтарымен және міндеттерімен тығыз байланыста. Балалар үйінің
тәрбиеленушілері ерекше бір қоғам ретінде топтық адамгершілік белгілермен
өмір сүреді, олар заңдарды айналып өтеді, тек өздерінің топтық ар-
намыстары, сенімділігі және т.б. сезімдермен өмір сүреді.
Балалар үйінде тәрбиелену кезіндегі дамудың әлеуметтік жағдайы ата-
анасының қамқорынсыз, өмірлік шарттары (әр баланың әрдайым тәулік бойы
балалар мен ересектер арасында болуы, зерігуі, жалғыз қалуға мүмкіндіктің,
өзінің заттарының және орнының болмауы), баланың қатынасу ортасының, өзіне
деген қатынасының бұзылуы оның жеке тұлға ретінде дамуына кедергі болады.
Интернаттық мекемелерінде өмір сүретін барлық балалар құрдастарының
көптігіне бейімделуі тиіс. Балалардың көптігінде әлеуметтік психологиялық
ерекше жағдайлары жасырылған, олар озбыршылықты күшейтетін, мазасыздықты,
сезімдік қызбалылықты құрайды.
Балалар үйлерінде және мектеп-интернаттарда онанизм, гомосексуализм
және басқа да сексуалдық ауытқушылықтар аз емес. Бұларға себеп болатындар:
жетіспейтін сүйіспеншіліктің орнын толтыру, жағымды сезімдердің кемшілігі,
қалыпты адам қатынастары. Баланың жалғыз қалуына жағдайдың болмауы ерекше
психологиялық проблема болып келеді.
Бұндай жағдайларда өмір сүретін балалардың асыранушы позициясы
қалыптасады (бізге беруге міндетті, беріңдер), жауапкершілік және
ұқыптылық жоқ.
Тәрбиеленушілердің жеке тұлға ретінде адамгершілік дамуының
проблемалары
Адамгершілік дамуы тәрбиеленушілердің жеке тұлға ретінде дамуының
басты проблемаларының бірі болып табылады. Адамгершілік дамуының
проблемалары бастауыш мектеп жасындағы балаларда басталады және көп
жағдайларда олар ұрлықта, жауапкершіліксізте, өзінен әлсіздерді қорлауда,
жан ашу сезімдінің төмендеуінде байқалады, жалпы айтқанда, баланың моралдық
мөлшерлерді, ережелерді және шектеулерді қабылдамауы мен түсінбеуінің
кемшілігі.
Егер төменгі жастағы тәрбиеленушілер биморалдық қылықтарды жете
түсінбегендіктен, ренжіткен адамнан кек алу үшін немесе қоршаған адамдардың
сезімдері мен қажеттіліктерін түсінбей, керектігін алу үшін, жасайтын
болса, ересек жастағы тәрбиеленушілердің адамгершілік проблемалары әлде
қайда күрделі. Көптеген жеткіншек-тәрбиеленушілер төменгі моралдық
тұрақтылыққа ие.
Тәрбиеленушілердің адамгершілік дамуы жеке тұлға ретінде дамуының
негізгі құрылғысы бола тұра, тұлғаның сезімдік-еріктілік және зияткерлік
дамуының бұзылуының салдарына байланысты.
Жетім-балалардың социализациялау проблемалары
Зерттеушілер интернаттық мекемелерінде тәрбиеленушілердің өзекті
проблемаларына жетім-балалардың социализациялау қиыншылықтарын жатқызады.
Социализация қиыншылықтары деп, бұл болмаса басқа әлеуметтік рөлді
қабылдаудағы баланың қиындықтар жиынтығын айтамыз. Өмірге келген сәттен
бастап бала бірден әлеуметтік қатынас әлеміне түседі – адамдар арасындағы
қатынас әлемі, бұл жерде әр адам белгілі бір рөлді атқарады: отағасы,
көрші, дос, саясатшы, қала тұрғыны және т.б. Осы ролдерді меңгере отырып
адам әлеуметтенеді, жеке тұлға ретінде қалыптасады.
Баланың қалыпты қатынастары (отбасы, достары, көршілері және т.б.)
болмағандықтан, рол бейнесін ол қарама қайшы ақпараттар негізінде құрайды.
Осыған орай әлеуметтік рөлдің елес бейнесі пайда болады. Өзінің жетім
ретіндегі әлеуметтік рөлі жалған қалыптасады. Бұл рөл адаммен бірге өмір
бойы жүзеге асырылады.
Қорытындылай келе, интернаттық мекемелеріндегі тәрбиеленушілердің жеке
тұлға ретінде дамуының негізгі себептерін бөлуге болады:
1. Тұқым қуалаушылық әсерлер және орталық жүйке жүйесінің анатомо-
физиологиялық бұзылыстары (тұқым қуалаушылық, маскүнемдік,
нашақорлық және т.б.)
2. Жатыр ішіндегі баланың даму проблемалары: бас тартушылардың
керексіз жүктілігі, бала мен ана арасындағы жатыр ішіндегі
қатынастарының бұрмалануы, алмасу қатынастарының бұзылуы.
3. Жетіспеушіліктің әр түрлі түрі (аналық, қозғалыс, сенсорлық,
психикалық, сезімдік, әлеуметтік).
4. Ортаның әсері (педагогикалық қараусыздық).
5. Отбасынан зорлап алу және интернаттық мекемелерге орналастыру.
6. Жетім-балаларға арналған мекемелердегі білім беру-тәрбиелеу
процестерін ұйымдастыру кемшіліктері:
* ересектер мен балалардың қатынастарын дұрыс ұйымдастырмау: балалар
мекемелеріндегі қатынастар түрлерінің нәтижесізділігі, қатынастың
авторитарлық түрі ересек-бала деңгейі және бала-бала деңгейі;
* психологиялық қолайлылықтың жоқтығы, сондай-ақ баланың денсаулығы мен
дамуы көптеген әсерлерге байланысты; тек қана дұрыс тамақтану, күн тәртібі
ғана емес, сонымен қатар психологиялық қолайлылық түсінігінің жоқтығы.
Психологиялық қолайсыздық баланың өмірдегі маңызды қажеттіліктермен
қамтамасыздандырылмағандықтан туындайды, қажеттіліктер дегеніміз –
қауіпсіздік, сүйіспеншілік, қатынастар, қоршаған ортаны ересек адам арқылы
тануы;
* көпшілік, ұжымдық, жаппай тәрбиелеудің мінездері; тәрбиеленушілердің
өмірінің уақыт дәрежесінің жоғары деңгейі, таңдау құқығының жоқтығы және
баланың бостандықта даму аймағының болмауы.
* балаларды тәрбиелейтін ересек адамдардың тұрақсыздығы;
* ойындарды ұйымдастыру жұмыстарының кемшілігі, әсіресе мектеп жасына
дейінгі балалар үйлерінде;
* мекемелердің жабық ортасы, даму ортасының тым тар болуы, балалардың
нақты-сезімдік деңгейінің кемтарлығы, объектілердің бірқалыптылығы мен
аздығы;
* интернаттардағы, сәбилер үйлеріндегі және балалар үйлеріндегі
тәрбиелеушілерінің психологикалық-педагогикалық дайындығының кемшілігі;
* отбасы жоқтығының салдарынан даму кемшіліктерін толықтырмайтын және
балалар дамуының проблемаларын қамтитын оқытулар мен тәрбиелеу
жұмыстарының аздығы;
* мекемелердегі балалардың өзіндік басқару деңгейінің төменділігі (немесе
жоқтығы);

Баланы зерттеу кезінде келесі аспектте ақпараттарды жинау қажет:
- өмір сүру жағдайлары;
- баланың әлеуметтік-құқықтық статусы;
- отбасылық және әлеуметтік байланысы (туысқандарының болуы, олардың
мекен жайы);
- физикалық және психикалық денсаулығы;
- баланың жеке ерекшеліктері, мінез-құлқы;
- оқудағы ерекшеліктері (оқуға деген қатынасы және үлгерімі);
- ересек адамдармен және құрдастарымен қарым-қатынас ерекшеліктері;
- этникалық, мәдениеттік, тілдік қажеттіліктері;
- өзін-өзі тағайындау білімінің деңгейі.
Әлеуметтік-психологиялық зерттеу нәтижесінде баланың мінез-құлқының
ерекшеліктері және өзіндік мінезін айқындалады.
Баланың сана-сезім құрылысының ерекшеліктері:
- өзінің сапасын, мүмкіншіліктерін және мүмкіндіктерін түсіну;
- өз-өзін бағалау деңгейі;
- жыныс рөлін теңестіру.
Баланың сезімдік ерекшеліктері:
- өзінің сезімі мен уайымдарын сөзбен жеткізе білу;
- эмпатияға мүмкіндігі;
- әлеуметтік сезімдерінің қалыптасуы;
- қауіп деңгейі;
- басқыншылық деңгейі;
- ырықсыздық деңгейі.
Қатынас ортасының ерекшеліктері:
- қатынасты жете білу деңгейі;
- өзінің іс-әрекеттерін серіктестерінің іс-әрекеттерімен келістіре білу;
- жанжалдық жағдайларын шешу дағдыларының болуы;
- әлеуметтік нормалар мен ережелер жүйесінде бағыт бағдар таба білу.
Бала қажеттіліктері:
- басты физиологиялық қажеттіліктердің қанағаттану деңгейі;
- әлеуметтік қажеттіліктердің қанағаттану деңгейі; (сүйіспеншілікте,
достықта, адамдармен қарым-қатынаста);
- өз-өзін дамыту қажеттіліктерінің қанағаттану деңгейі (өзінің
мүмкіндігі мен мүмкіншіліктерін дамытуда).
Диагностика әдістері:
1. Жеке әңгімелесу (интервью):
• бала жөнінде жалпы ақпарат;
• баланың қызығушылығы мен әуестенуі;
• баланың қажеттіліктері мен сезімдік жағдайы.
2. Тәрбиеші анкетасы.
3. Әлеуметтік қызметкердің, психологтың және медицина қызметкерінің
анкетасы.
4. Әдемі сурет әдістемесі.
5. Шварцландердің моторлық сынау әдістемесі.
6. Жеке сапа жөнінде балалық сауалнама.
7. Айзенк сауалнамасы.
8. Адам суреті әдістемесі.
4.3. Асырап алушы ата-аналарды потенциалды әлеуметтік-психологиялық тексеру
Асырап алушы ата-аналарды іріктеу белгілерін анықтау көптеген
жағдайларда қызмет жұмысының мақсаты мен міндеттеріне байланысты. Не
маңызды екенін білу қажет: тез арада көптеген балаларды орналастыру немесе
сәтсіз орналастыру санын азайту. Іріктеу белгілері мақсаттарға сәйкес
елеулі айырмашылықта болуы мүмкін.
Потенциалды ата-аналардытәрбиелеушілерді бағалау үш бағытта
орындалады:
- асырап алушы ата-аналардыңтәрбиелеушілердің дәлелді деңгейінің
бағасы;
- ата-аналардың мүмкіндіктерін бағалау;
- асырап алушы ата-аналардыңтәрбиелеушінің баланы отбасына қабылдап
алуға психологиялық тұрғыда дайын болуын бағалау.
Асырап алушы ата-аналардыңтәрбиелеушілердің мотивациясын бағалау
Асырап алушы ата-ана боламын деуші кандидаттардың келесі тобын бөліп
көрсетуге болады:
- отбасы құрылымын өзгертуді қалау (туған балаларының болмауы, көп
балалы болуды, отбасының жыныстық құрылымын өзгертуді армандау, бос
ұя синдромы);
- өзін-өзі дамыту (өзін кәсіпкерлік дамыту, біреуді сүю);
- адамгершілік көмек көрсету себептері (күйсіз қалған балаға көмек
көрсету, қоғамның әділетсіз құрылымын өзгерту және т.б.);
- отбасына қосымша құралдарды алу мүмкіндігі.
Артықшылыққа ие отбасылар:
• Соңына дейін қолданылмаған ата-аналық потенциалын іске асыруы, өйткені
туған балалары ержеткен.
• Отбасында бір баладан көп бала болғанын қалайтындар.
• Жалғыз адамдардың толық отбасы құруды қалайтыны.
• Туған балалары жоқ отбасыларға.
Мұндай ата-аналардың арнайы дайындықтан өткеннен кейін өзінің ата-
аналық қабілетінің дамуымен қоса оларда өзінің балаға деген байланысы
айқындалады, болашақ үшін жауапкершілгі қалыптасады.
Асырап алушы ата-аналардыңтәрбиелеушілердің ата-аналық мүмкіндіктерін
бағалау
Көрсетілген баланың қажеттілігін қанағаттандыру үшін асырап алушы ата-
аналардыңтәрбиелеушілердің келесі ата-аналық қабілеттері болуы керек:
- баланың денсаулығын сақтау қабілеті
- баланың білім алуға көмек көрсету қабілеті
- баланың өзіндік дамуына көмек көрсету қабілеті
Асырап алушы ата-аналардыңтәрбиелеушілердің баланы отбасына қабылдап
алуға психологиялық дайындығын бағалау.
Кандидаттың баланы отбасына қабылдауының психологиялық дайындығын
бағалау келесі бағыттарда жүргізіледі:
• өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
• өзіндік қарым-қатынас диагностикасы;
• отбасындағы қарым-қатынастар.
Асырап алушы ата-аналардыңтәрбиелеушілердің ата-аналық
мүмкіншіліктерін және баланы отбасына қабылдап алуға психологиялық
дайындығын бағалауды әлеуметтік қызметкер және психолог жүргізеді.
Бағалау әдістері:
- Диагностикалық сұхбат
- Арнайы тесттер, сауалнамалар
- Жағдайлық есептерді қою және шешу

Баланы отбасына аламын деуші адамдармен жұмыс жүйесі:
1. Ақпараттық жұмыс (кездесу немесе сымтетік арқылы сөйлесу). Жұмысты
қамқорлық ұйымы және балалар мекемесі жүргізеді.
2. Жеке әнгімелесу. Асырап алушы ата-аналардың анкетасы. Психолог және
әлеуметтік оқытушы жүргізеді.
3. Отбасының өмір сүру деңгейін тексеру. Әлеуметтік оқытушы мен қамқорлық
мекеме маманы жүргізеді.
4. Қамқорлық мекемелерінің қорытындылары.
5. Баламен кездесуді ұйымдастыру. Әлеуметтік оқытушы мен топ
тәрбиелеушісі жүргізеді.
6. Баланы асырап алушы отбасына беру жөнінде келісім шартын құру (асырап
алу кезінде сот шешімі). Қамқорлық мекемесінің басшысы ұйымдастырады.
7. Баланы отбасына тапсыру. Топ тәрбиелеушісі, әлеуметтік оқытушы немесе
әкімшілік өкілі жүргізеді.
Жеке сөйлесуді (сұхбат) жүргізу кепілдемелері:
Сұхбат кезінде келесі жағдайларды анықтау қажет.
1. Жалпы ақпарат: жасы, отбасылық жайы және тұрғылықты жағдайы, отбасы
мүшелері, жұмысы, өмірлік бейнесі жайында әңгімелеп беруін сұрану.
(Егер кандидат құжаттарын әкелген болса, оларды қарау, керек жағдайда
ескертпелер мен толықтырулар жасау қажет).
2. Бала жөнінде тілектерін анықтау. Бала жөнінде сұрастыру, баланың қанша
жаста, қандай жыныста болуын қалайтынын сұрастыру.
3. Отбасы мүшелерінің баланы алу жөніндегі шешімге қалай қарайтындығы
жөнінде сұрастыру. Отбасының әр мүшесіне баланың пайда болуы қандай
өзгерістер әкелетіндігін анықтау (баланың отбасындағы рөлі,
міндеттері, отбасындағы орны).
4. Әңгімелесушінің дәйекті дәлелдерін анықтауға тырысу, кандидат баланың
отбасында болғандығынан не күтетіндігін түсіну. Сұранысқа түрткі
болған жағдайды және осы бастаманы кім бастағанын анықтау. Оның
ниетінің қаншалықты байсалды екендігін түсіну.
Сұхбат өткізудің бірнеше кеңестері:
• Егер сұхбат жүргізуші себептің түпнұсқасының анықталмағандығын
байқаса, нақты бір өмірде пайда болатын жағдайды ұсынуға болады, бұл
жағдайды қарастыра отырып сұхбат жүргізуші кандидаттың берілген
жағдайда қандай іс-әрекеттер жасайтынын анықтай алады.
• Әңгімені таспаға жазып алуға болады (кандидаттың рұқсатымен).
Әңгімелесу біткеннен кейін бұл деректер кестеге немесе деректер қорына
жазылады.
Әңгімелесу нәтижесінде оны жүргізген қызметкер кандидатты алғашқы
бағалауын жасайды. Ары қарай бағалау кандидаттың отбасы мүшелерінің
тексерілу актілерімен толықтырылады және кандидатты білетін қызметкерлермен
бірге талқыланады.
Егер сұраныс қабылданса, керекті зерттеулер жасау кезеңі басталады, баламен
танысу, құжаттарды даярлау.
5. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТА НӘТИЖЕЛІ КЕҢЕС БЕРУ ДАҒДЫЛАРЫ
5.1. Нәтижелі қатынас
Әлеуметтік жұмыс жасау кезінде маман жұмысының маңызды түрінің бірі
нәтижелі қатынас болып табылады. Маман адамдарға әсер ету қабілетіне ие
болуы қажет, сөйлесуді негізге алып, адамдармен қатынасын құра білу қажет.
Әлеуметтік жұмыс жүргізу кезінде маман өзінің кәсіптік сапасын дамытуы
қажет: бейімділік, адамға деген уайымшылдық қабілетінің болуы, оның
проблемаларын шешуге қатысу. Өзінің жұмысында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz