Кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1. Кәсіпорынның инновациялық қызметін басқарудың теориялық аспектілері
1.1. Инноватика теориясының қалыптасуы және оның қазiргi кездегi концепциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2. Инновациялық үрдістің құрылымы мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3. Кәсіпорындағы инновациялық қызметті басқарудың негізімен әдістері..19
2. Қазақстан Республикасының кәсіпорындарындағы инновациялық қызметті басқаруына талдау жүргізу
2.1. Қазақстан Республикасындағы инновациялық саланың қазіргі күнгі даму деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.2. Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.3. Қазақстандық кәсіпорындағы инновациялық қызметті басқару ерекшеліктері мен мәселелері (АҚ Альянс банктің инновациялық қызметтін басқару мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
3. Кәсіпорынның инновациялық қызметін басқаруды жетілдіру жолдары
3.1. Инновациялық жобаны жүзеге асыру ерекшеліктері және оның тиімділік деңгейін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
3.2. Кәсіпорындардағы инновациялық қызметтерді басқаруды жетілдіруге арналған ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 75
4. Қотытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...79
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .82

Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. [1]
Егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк.
Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп, индустриялды-инновациялық дамуға бет алған. Ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады. Елбасы атап өткендей, елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн бүгiнде инновациялық саясатты тиiмдi жүргiзiп, әлемдегi дамыған елдердiң қатарына қосылуымыз керек, реформалар жүргiзiп және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.
Қазақстан Республикасының инновациялық мәселелерге қызығуы XXI ғасырдың әлеуметтiк – экономикалық дамуында ең бiрiншi ғылыми-техникалық дамумен байланысты болып отыр. Елдiң негiзгi экономикалық дамуына , яғни өндiрiс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық және венчурлік бизнестің қалыптасуы өте маңызды болып табылады.
Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi. Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап өткендей, “елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап көрсеттi.
Сондықтан дипломдық жұмыстың тақырыбы «Кәсіпорындағы инновациялық қызметті басқару » деп аталды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Бітіру жұмысының мақсаты – инновациялық қызметті басқарудың теориялық аспектілерін зеріттеп және шет ел тәжербиесі мен қазақстандық кәсіпорындардағы инновациялық қызметті басқару механизімін талдау негізінде оны жетілдіру жолдарын ұсыну.

1. Н.А. Назарбаев. Қазақстан – 2030 Қазақстан халқына Жолдауы.
2. Н. А. Назарбаев. “Задача науки – способствовать развитию экономики” // Казахстанская правда, 16 апрель, 2002 г.
3. Н. Ә. Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
4. Кубаев К.Е. Теория и практика менеджмента, Алматы, "Қазақ университеті", 2005 г. 486 стр.
5. Кубаев К.Е. Государственное регулирование инновационным развитиям международной научно-практической конференции. Г.Алматы, Қазақ университеті, 2004 ж.
6. Кубаев К.Е. Государственное регулирование организация и управление венчурным бизнесом. // Материалы Международной научно-практической конференции: "Индустриально-инновационные развитие РК: опыты и задачи, перспективы". Алматы, Минстерство индустрии и торговли РК, -2004 ж.
7. Купешова С.Т. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саладағы мемлекеттің орны //Саясат №2, 2001
8. Купешова Сауле Телеухановна / “Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан,” – диссертация, Алматы, 2002
9. Купешова С.Т. Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. // Қаржы-қаражат № 2 2001 ж.
10. Купешова С.Т. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саладағы мемлекеттің орны // саясат, № 2, 2001 ж.
11. Ю. К. Шокоманов “Состояние и перспективы экономического развития Казахстана в переходной период” // Вестник КазНУ, Серия экономическая, №4, 2001 г.
12. Инновационный менеджмент / К.Нарибаев, С.Джуманбаев, А.Нусупова. – Алматы: Қазақ унивеситетi. – 1998. – 60 с.
13. Есентугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК // Аль-Пари. №6, 2000 г.
14. К.Кажымуратов, А.Кравцов, В.Даримбетов Индустриально-инновационное развития Казахстана: проблемы и их решение // Саясат журн. № 6. 2003 ж.
15. Әбдiжапар Сапарбаев “Инновация – негiзгi қозғаушы күш” // Егемен Қазсқстан, 24 наурыз, 2004 ж.
16. Қуат Бораш “Инновация, оның елiмiз экономикасы үшiн маңызы қандай” // Егемен Қазақстан, 23 ақпан, 2004 ж
17. Шумпетер Й. Теория экономическая развития. – Москва; Прогресс. 1998. – 454 с.
18. Бердашкевич А.П Оподдержке инновационной деятельности в Японии // Инновации №7, 2002
19. А.В.Бочаров Ю.М.Шмелев. Государственная инновационная политика – формирование национальной инновационной системы //Инновации.№2-3 (59-60), 2003. с.10-11
20. Комментарии к проекту «Основных направлений инновационной политики Российской Федерации на долгосрочную перспективу» // Инновации.№6 (63),2003.с.19-20.
21. Н.И.Иванова. Сопоставление мировых и российских тенденций развития науки и инновационной деятельности// Инновации.№4(61),2003.с.7-10
22. А.И.Никконен. Краткая история венчурного бизнеса в России // Инновации.№10 (67), 2003, с.16.
23. Балабанов И.Т. Инновационный менеджмент // СПб:Питер, 2001. 304с.
24. Бизнес-план инвестиционного проекта. Под ред. И .А Иванниковой // М.: Экспертное бюро, 1997
25. Бизнес- планы: Полное справочное руководство. Под ред. И.М. Степнова // М.: Лаборатория Базовых Знаний, 2001
26. Валдайцев С.В., Воробьев П.П. и др. Инвестиции // М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2004. 440с
27. Инновационный менеджмент. Под ред. проф. В.А. Швандара, проф. В.Я. Горфинкеля // М.: Вузовский учебник, 2004. 384с.
28. Статистика 1991-2001 десят лет независима Казахстана. Алматы. - 2002г.
29. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
30. http: // www. forum. partnerstvo. ru.
31. h t t p: / w w w nif kz. Инновациялық қор.
32. Крылов Э.И., Журавкова И.В. Анализ эффективности и инновационной деятельности предприятия// М. Финансы и статистика, 2001

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Менеджмент және бизнес кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару
Орындаған:
4 курс студенті
Ғылыми жетекші:
э.ғ.к, доцент ______________
(қолы, күні)
Норма бақылаушы: _____________
(қолы, күні)
Қорғауға жіберілді:
каф.меңгерушісі
э.ғ.д.,профессор _______________
(қолы, күні)
Алматы 2008
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1. Кәсіпорынның инновациялық қызметін басқарудың теориялық аспектілері
1.1. Инноватика теориясының қалыптасуы және оның қазiргi кездегi
концепциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .10
1.2. Инновациялық үрдістің құрылымы мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3. Кәсіпорындағы инновациялық қызметті басқарудың негізімен әдістері..19
2. Қазақстан Республикасының кәсіпорындарындағы инновациялық қызметті
басқаруына талдау жүргізу
2.1. Қазақстан Республикасындағы инновациялық саланың қазіргі
күнгі даму
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...26
2.2. Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
2.3. Қазақстандық кәсіпорындағы инновациялық қызметті басқару ерекшеліктері
мен мәселелері (АҚ Альянс банктің инновациялық қызметтін басқару
мысалында) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..49
3. Кәсіпорынның инновациялық қызметін басқаруды жетілдіру жолдары
3.1. Инновациялық жобаны жүзеге асыру ерекшеліктері және оның тиімділік
деңгейін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5 4
3.2. Кәсіпорындардағы инновациялық қызметтерді басқаруды жетілдіруге
арналған ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 75
4.
Қотытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .79
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...82
Кiрiспе
Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны
айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық
қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта
түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған,
алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi.
Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу
туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. [1]
Егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар
аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды.
Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл
шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк.
Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды
қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының
өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып
кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып
қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске
өтiп, индустриялды-инновациялық дамуға бет алған. Ал шикiзаттық өндiрiспен
даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады. Елбасы атап
өткендей, елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және
экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты
экономикалық өсу үшiн бүгiнде инновациялық саясатты тиiмдi жүргiзiп,
әлемдегi дамыған елдердiң қатарына қосылуымыз керек, реформалар жүргiзiп
және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.
Қазақстан Республикасының инновациялық мәселелерге қызығуы XXI ғасырдың
әлеуметтiк – экономикалық дамуында ең бiрiншi ғылыми-техникалық дамумен
байланысты болып отыр. Елдiң негiзгi экономикалық дамуына , яғни өндiрiс
пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық және
венчурлік бизнестің қалыптасуы өте маңызды болып табылады.
Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк
елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi
дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық
өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi.
Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап
өткендей, “елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап
көрсеттi.
Сондықтан дипломдық жұмыстың тақырыбы Кәсіпорындағы инновациялық
қызметті басқару деп аталды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Бітіру жұмысының мақсаты – инновациялық қызметті басқарудың
теориялық аспектілерін зеріттеп және шет ел тәжербиесі мен қазақстандық
кәсіпорындардағы инновациялық қызметті басқару механизімін талдау негізінде
оны жетілдіру жолдарын ұсыну.
Бітіру жұмысының негізгі міндеттері төмендегі шаралармен айқындалған:
• Инновациялық қызметтің теориялық аспектілерін зерттеу;
• Кәсіпорындардағы инновациялық қызметті басқару үрдісін талдау;
• Инновациялық қызметi басқарудағы дамыған шетел мемлекттерінің
тәжербиесін зеріттеп, олардың елiмiз экономикасы үшiн тиiмдi жақтарын
қарастыру;
• Елiмiздiң экономикалық өсуiндегi инновациялық дамудың тиiмдi екенiн
дәлелдеу;
• Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтiң дамуына талдау
жасау
• Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу шараларына шолу жасау.
• Венчурлік бизнесті ұйымдастыру механизмдерін талдау және оны тиімді
ету жолдарын іздестіру
Бұл тақырып бойынша көптеген шетелдік танымал ғалымдар зерттеу
жұмыстарын жүргізген, олардың ішінде нновациялық теорияның негізін қалаушы
атақты австриялық ғалым Й.Шумпетер, және Г.Менш, П.Друкер, Р.Фостер,
Б.Санто, М.Портер, Б.Твисс, Л.Водачек, О.Водачкова, Дж. Мартино, Д.Сахал,
Э. Янч т.б.
Сондай ақ Ресейлік экономистердің де инновациялық қызметті басқару
мәселелерін зеріттеуге қосқан үлестері көп, оларды атап кетсек:
Н.Кондратьев, П.Завлин, С.Глазьев, В.Иванченко, Е.Киселева, В.Логинов,
И.Рудакова, К.Таксир, Ю.Яковец, Е.Иванова, И.Егоров, И.Булкин, А.Фонотов
және т.б.
Отанымздың ғалымдары да бұл мәселені зеріттеуге белсене қатысып жүр,
олар А.А.Алимбаева, А.Т.Ашимбаева, У.Б.Баймуратов, Ф.М.Днишев,
Е.Б.Жатканбаев, К.Е. Кубаев, А.К.Канатчинова, А.К.Кошанов, М.Б.Кенжегузин,
Б.А.Кембаев, К.А.Сагадиева, С.К. Джумамбаев, С.Т. Купешова, А.Н.
Тургинбаева және т.б.
Менің бітіру жұмысым осы зеріттеуші ғалымдардың еңбектеріне
негізделген, бірақ инновацялық қызетті басқару, ұйымдастыру оны мемлекеттік
реттеу мәселелері әлі де болса толық зеріттелмеген. Сондықтан менің
жұмысымда инновациялық қызметті басқарудың теориялық аспектілерін тереңірек
зеріттеп, қазақстандық кәсіпорындар үшін инновациялық менеджменттің тиімді
әдістерін ұсыну негізгі мақсат болып отыр. .
Бітіру жұмысы 3-бөлімнен, кіріспеден, қортындыдан, қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-ші бөлімде кәсіпорынныың инновациялық қызметін басқарудың теориялық
аспектілері қарастырылған. Бұл бөлімде иновациялық теорияны зеріттеген
экономист классиктердің еңбектеріне, сондай ақ инновация ұғымына берілген
анықтамаларына шолу жасалынды. Инновациялық процесс кезеңдері мен оны
ұйымдастыру әдістері және инновациялық менеджменттің кәзіргі кезеңгі
басқару әдістері де осы бөлімде талданылды.
2-ші бөлімде Қазақстан Республикасының кәсіпорындарындағы инновациялық
қызметті басқаруына талдау жүргізу деп аталады. Бұл бөлімде Қазақстанның
инновациялық саласының дамуына талдау жасалынып салыстырмалы анализ
жасалынды. Сонымен қатар бұл бөлімде инновациялық саланы мемлекеттік реттеу
мәсеселері қозғалынды. Бұл сұрақты қарастыру себебіміз, инновациялық сала
мемлекеттің қолдауынсыз дами алмайтын салалардың бірі болып табылады.
Инновациялық даму саласы мемлекеттік стратегиялық маңызды салалардың бірі,
инновациялық бизнес мемлекеттік ынталандыруды көп талап етеді. Бұл бөлімнің
үшінші сұрағы нақты компанияның инновациялық қызметін басқаруын талдауға
арналды.
3-ші бөлімде кәсіпорынның инновациялық қызметін басқаруды жетілдіру
жолдары қарастырылды. Бұл бөлімде нақты инновациялық жобаға экономикалық
талдау жасалынды. Банк саласында инновациялық өнім ол түрлі жаңа депозиттік
бағдарламалар, банкоматтық жаңа қызметтермен, клиенттерге ұсынылатын жаңа
қызмет түрлерімен ғана шектеліп қойылмайды. Кейбір банктер инновацяилық
жаңа өнімдерді қаржыландыруы тәжербие жүзінде кездесіп отырады . Осындай
бір жоба осы бөлімде талданылған. Соңғы сұрақ инновациялық қызметті басқару
процессін жетілдіру үшін шаралар мен ұсыныстарға арналған.
Бітіру жұмысында: 13-кесте, 12-сурет бейнеленген. Барлығы 82 бет
1. Кәсіпорынның инновациялық қызметтін басқарудың теориялық аспектілері

концепциялары
Жалпы “Инновация” терминi XV ғ. 1-шi жартысында пайда бола бастады. Бұл
ағылшын сөзi “innovation” яғни “жандану” немесе “заттар өндiрудегi жаңа
технологиялар” деген мағынаны бiлдiредi.
Австрия ғалымы Й. Шумпетер XX ғ. 30-жылдары экономика ғылымына
инновация ұғымын енгiздi. Оның түсiнiгiнше инновация тұтынушылар
тауарларының жаңа түрлерiн қолдану , жаңа өнеркәсәптiк және рынок пен
өнеркәсiптiң жаңа ұйымдарының пайда болуымен түсiндiредi. Шумпетер бойынша
инновация – тек жаңашылдық емес, ол жаңа өндiрiстiк функция болып табылады.
Атақты экономист Джеймес Брайен Куинн инновацияллардың көптеген
қасиеттерін біріктіріп, оларды бір жүйеге келтіпріп, келесідей етіп
топтастырды :
❖ Инновациялар тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға
арналған;
❖ Олар ықтималдық қасиетке ие;
❖ Аса күрделіліктерімен ерекшелінеді;
❖ Көп уақыт керек етеді;
❖ Күтпеген жерде өзгерістерге, қарсылықтарға, тәуекелге тап болады;
❖ Әдетте идеяның фанаттары немесе нағыз ғалымдардың бастамасынан
дамиды.
Қазіргі кезде инновациялық қызметті реттейтін дүниежүзілік ұйым бар.
Ол ұйым Италияның Фраскати қаласында 1993 жылы құрылып, Инновациялық
қызметті реттейтін Фраскати құжаттары атты құжат қабылданған. Қазіргі
күні бүкіл мемлекеттер инновациялық қызмет саласын осы Фраскати құжаттары
негізінде реттеп отырады. Осы құжат бойынша инновация дегеніміз -
тәжірбие жүзінде немесе әлеуметтік салада пайдаланылатын жақсартылған
немесе тіпті жаңа өнім мен техногия түріндегі инновациялық қызметтің соңғы
нәтижесі.
Ағылшын-орыс сөздігі бойынша "инновация" бұл жаңалық енгізу,
жаңашылдық, өзгеріс деген ағыныны білдіреді. Инновация терминіне түсінік
қысқаша жалпы редакциясы В.А.Макоренконың "қазіргі кездегі түсініктер мен
терминдер" сөздігінде: "инновация" (ағылшын "innovation" -жаңалық енгізу,
"жаңалық", латын тілінде "innovation" - "жаңарту", "жаңғырту") бұл:
1. Техника мен технологияның алмастыруды қамтамасыз ету үшін
экономикаға жұмсалынатын қаражат.
2. Ғылыми-техникалық прогрестің жетістігі болатын жаңа техника мен
техноголия нәтижесі.
3. Дайын өнім, жаңа ойларды синтездеу, өндіру. Жаңа технологиялар,
моделдер құру, оларды өмірге енгзуді қамтамасыз ететін саяси бағдарламалар,
т.б.
4. Тіл білімінде – жаңа білімнің пайда болуы, морфологиядағы жаңа
түсініктердің пайда болуы.
Қазақстан Республикасының Инновациялық қызметтер туралы заңына
сәйкес инновация дегеніміз ғылыми техникалық зеріттеулер мен
интеллектуалды еңбектің нәтижесінде пайда болған жаңа немесе жақсартылған
өнім және жаңа немесе жақсартылған технология.
Егер жаңалықтың экономикалық және әлеуметтік құны болмаса, онда ол
инновация емес, себебі инновация деп өндіріске енгізілген белгілі бір
пайдалы әсерді қамтамасыз ететін инновациялық үрдістердің нәтижесін
айтамыз. Қазіргі заманғы экономикалық әдебиеттерде инновациялық өнімнің
міндетті түрде белгілі бір тиімділікке негізделуі дәлелденген. Инновациялық
пайдалы эффекттің мынадай түрлері болады :
• экономикалық тиімділік, инновациялық өнім немесе технология
міндетті түрде пайда немесе шығындарды үнемдеуге бағытталады;
• экологиялық тиімділік – инновациялық өнім экономикалық
тиімділікке ие болмауы мүмкін, бірақ ол экологиялық оң
тиімділікке ие ;
• ғылыми –техникалық тиімділік дегеніміз, өндіріске енгізілген
инновациялық өнім немесе технология ешқандай ақшалай пайда
әкелмеуі мүмкін, бірақ ол ғылым мен техникаға теориялық жаңалық
әкеледі;
• әлеуметтік тиімділік – халықты әлеуметтік қорғау саласына
арналған инновациялық өнімдер жасау.
Инновация категориясының экономикалық талдауда басты төрт аспектiсiн
көрсетуге болады:
1. инновация – ол интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы
бәсекелестiкке төтеп бередi;
2. инновация – бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады,
бірақ басқа да инновацияларға жол ашады;
3. жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тигiзедi;
4. инновация – экономикалық өсу факторы ретiнде.
Осындағы төртiншi аспектi бiздiң елiмiз үшiн маңызды болып табылады.
XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудiң
басты факторы ғылыми техникалық прогрес екендiгiн айтқан. Мұны Саймон
Кузнецте қолдады. Оның пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның
тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн
айтты.
Инноватика теориясының қалыптасуы - Й. Шумпетер теориясынан басталады.
1920 жылдары австриялық ғалым И.Шумпетер өзінің Экономикалық өсу
теориясы еңбегінде экономикалық теория ғылымдырында алғаш рет инновация
түсінігіне көңіл аударды. Оның айтуынша экономикалық тұрақтылықты жаңашыл
кәсіпкерлер бұзады. Бұл кәсіпкерлер рынокқа жаңа өнім әкеліп, басқа
кәсіпкерлерді бәсекеге шақырады. Әр кәсіпкер бәсекеден қалып қоймау үшін,
өз тарапынан басқа да жаңа өнімдер ойлап табуға мәжбүр болады. Әр
кәсіпорынның ішкі факторларын жаңадан біріктіру, яғни факторлар
комбинациясы арқасында да жаңалық алуға болады деді.
И. Шумпетер жаңа комбинациялардың бес түрін көрсетті:
• жаңа өнімді қалыптастыру;
• жаңа технология пайдалану;
• өндіріс процессін ұйымдастырудың жаңа түрлерін пайдалану;
• сатудың жаңа рыноктарына шығу;
• ресурстардың жаңа түрлерін немесе жаңа қайнаркөзерін пайдалану.
Й. Шумпетер бойынша инновация – тек жаңалық енгізу емес, сонымен қатар
өндірістегі жаңа қызмет болып табылады, кәсіпкерлік бұл кәсіп емес, ол
тәуекел, бизнес арқылы инновация нарығына жылжу қабілеті. Кәсіпкерлік
технологиялық дамумен, инновациямен және экономикалық өсуімен тығыз
байланысты.
И. Шумпетер өз теориясын Н.Д.Кондратьев толқындарымен байланыстырды.
И.Шумпетерден кейін инновациялар теориясын циклдер теориясымен байланыстыра
отырып Г.Менш, К.Фримен т.б ғалымдар жалғастырды.
Ал американдық кеңес беруші “МакКинзи” компаниясының менеджері
Р.Фостердiң технологиялық айырылымдар теориясы И.Шумпетер теориясынан
ерекше болды. Р.Фостердің айтуынша кез келген технологияның S - сияқты
белгілі бір өмірлік циклі болады. Әр кәсіпкер өз технологисының өмір циклін
жақсы білуі керек, технология құлдырау фазасына жақындаған уақытта ол
технологияны жаңартуға немесе ауыстыруға даяр болуы керек.
пайда Технологиялық айырылым
уақыт
Сурет 1 - Технологиялық айырылым
Дәл осы уақытта бір технология өзінің шегіне жеткенде келесі жаңа
технология пайда болады да, бұл жаңа технология туғызады. Технологиялық
айырылымның нәтижесінде жаңа өнім, жаңа үрдіс, яғни инновацияға алып
келеді.
Р.Фостердің теориясында инновация – бұл "технологиялық айырылымның"
жаңа технологияның пайда болуы, өндірістің және басқарудың жаңа әдісінің
пайда болуының нәтижесі. Нақты өмірде өнім-инновация және үрдіс-инновация
бір-бірімен байланысты үрдістер. Жаңа өнім, жаңа өндіріс әдістерін, сонымен
қатар жаңа технологияларды талап етеді.
Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар техника
– экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi әдiстемелiк
негiздерiн ұсынды:
• экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор инновациялық
негiздегi бәсеке болып табылады;
• экономикалық дамуда бiлiм мен интелект басты рольде болуы керек;
• интелектуалдық қызметтi институционализациялау оның құрылымы мен негiзi
болып табылады.
Инновация теориясы экономикалық өсу теориясында да қарастырылады.
Көптеген ғалымдар мен кәсіпкерлердің пікірі бойынша экономикалық өсудің
жетекші факторы: білім, интеллект, инновация болып табылады.
ХХ ғ. 50 жылдарында американдық ғалым Роберт Солоу экономикалық
өсудің жетекші факторы ҒТП болатынына назар аударды. Ұзақ болжамдарды басқа
да экономистер: Джон Кендрик, Эдвард Денисон берген. Экономикалық өсуде
технологиялық прогрестің ерекше ролін Сайман Кузнец көрсетті. Оның
ойынша, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұлттық өнімнің үнемі
өсуі, технологиялық прогрестің арқасында жетеді. Кейіннен Э.Денисон
экономикалық өсу факторларының сипаттамасын жасады. 23 фактордың: 4-і
капиталға, 1-жер, қалған 14-і ҒТП-ң жемісі.
Инновация – ғылыми-техникалық зерттеу, өндіріс, маркетинг және
менеджмент сияқты әртүрлі салаларда жүзеге асырады Қазргі күнгі
әдебиеттерге сай инновацияларды жалпы үш түрге жіктейміз:
1. Инновация -өнім (өнімдік инновация), инновациялық қызмет
нәтижесінде модернизацияланған немсе тіпті жаңа өнім
рынокқа шығарылады, әрине ол өнім өндірушіге көп пацда
әкеледі, өйткені оның жаңалығы көп (жаңа функциялары бар,
ыңғайлы, экологиялық таза, имидж)
2. инновация –процесс (технологиялық инновация), шығарылатын
өнім өзгермейді, бірақ бұрын белгілі өнім жаңа, ресурсты
үнемдей алатын технологиямен жасалынады.
3. ұйымдастырушы - басқару саласындағы инновация, бұл
инновациялар компанияның ұйымдық құрылымын өзгертуге немесе
ұйымның жаңа түрлерін ойлап табуға жатады.
Өнім-инновациясы ең көп таралған және барлық кәсіпорындарда
қолданылады. Біреулерде – бұл өнім ассортиментінің кеңею, ал басқалар үшін
өнімнің тұтынушы сапасын көтеру ретінде көрсетіледі.
Технологиялық инновацияның мақсаты өнім сапасын жоғарылату үшін,
өзіндік құнды төмендету және шығарылатын өнім ассортименті мен
наменклатурасын кеңейту мақсатында жасалатын инновациялар болып табылады.
Ұйымдастырушылық инновациялар фирманың барлық деңгейлерінде
қызметкерлер мен бөлімшелерді, жаңа бөлімдерді ұйымдастырумен сипатталады.
Атақты экономист П.Друкер инновацияларды идеялардың пайда болу
көздеріне сәйкестіріп мынадай түрлерге жіктейді:
• күтпеген жағдай, күтпеген сәттілік, күтпеген сәтсіздік негізінде пайда
болған инновациялар;
• өндіріс үрдістерін қажет етуге негізделген инновациялар;
• сана құрылымы мен нарықтық өзгерістердің нәтижесіндегі инновациялар;
• жаңа білімдерге негізделген инновациялар.
Ұзын толқын теориясында дискуссия ашқан Г.Менше инновацияларды келесі
түрлерге бөледі:
• Адам өмірінде жаңа өндіріс саласы мен жаңа кәсіп түрін қалыптастыратын
базалық инновациялар, мысалы автомобильдің, телефон және интернеттің
пайда болуы.
• Саладағы бар технологияларды жетілдіру, модификациялау негізінде пайда
болған инновациялар, мысалы түрлі түсті теледидардың шығуы.
• Псевдоинновациялар, олар базалық инновацялардың түрленуі негізінде пайда
болған өнімдер, мысалы ең алғашқы ұялы телефон – базалық инновация болса,
одан кейінгі тек функциялары түрлендірілген ұялы телефондар
псевдоинновациялар болып табылады.
Бұл бөлімді қорытып айтсақ, инновациялық қызметтерді реттеу мәселесі
өте өзекті, өйткені экономиканың бәрі адам өмірін жақсартуға арналған, ал
адам өмірін тек экологиялық таза өнім жасаумен, өмір сүру ортасын түрлі
техникамен жақсарту арқасында сапалы түрде жоғарылатуға болады.
Инновациялар сонымен қатар мемлекеттің жалпы экономикалық дамуын
жоғырылатады, өйткені жаңа технология арқасында, ғылым мен білім арқасында
экономикалық мәселелерді шешудің жаңа жолдарын табуға болады.
Сонымен инновация дегеніміз интеллектуалды еңбек нәтижесі ретінде
рынокқа тіпті жаңа немесе жаңартылған өнім және жаңа немесе жаңартылған
технология түрінде шығарылатын жаңалықты айтамыз. Бірақ ол өнімнің тек
жаңалық қасиетіне иелігі инновация болуына жеткіліксіз. Ол нағыз инновация
деп аталуы үшін белгілі бір пайдалылық эффектісіне ие болу шарт. Мәселен ол
жаңалықтар экономикалық, экологиялық, ғылыми техникалық немесе әлеуметтік
тиімділіктер әкелуі тиіс. Ал инновациялар осындай тиімділіктер мен
пайдалылықтар әкелуі үшін инновациялық қызметті дұрыс ұйымдастырып, реттеп
отыру қажет. Келесі бөлім инновациялық қызметтерді тәжірбие жүзінде
басқаруға арналады.
1.2. Инновациялық үрдістің құрылымы мен мазмұны
Инновациялық менеджменттің негізгі басқару объектісі ол иновациялық
үрдіс болып табылады. Инновациялық идеяның пайда болғанынан бастап оның
өндіріске енгізілгенге дейінгі кезеңін инновациялық үріс деп атаймыз. Бұл
кезең аралығында жаңа өнім ғылыми техникалық, лабораториялық зеріттеу,
маркетингтік талдау, рынокта сынақтан өтіп үлгереді.
Американдық ғалым Джеймс Брайттың айтқанындай инновациялық процесс ол
ғылым, техника, экономика, менеджмент және кәсіпкерлікті біріктіруші бірден
бір үрдіс.
Пеницилин сияқты құнды антибиотиктің табылуы, XVIII ғасырда
фотокартаның, телефон мен радионың, сондай ақ персоналды компьютердің пайда
болуы бұлардың бәрі инновациялық үрдістердің тиімді нәтижелері.
Инновациялық процесс бірнеше сатыдан тұратын іс әрекеттер жиынтығы. Ол
мынадай негізгі сатылардан тұрады .
Кесте 1- Инновациялық үрдіс кезеңдері
Кезең атаулары Жұмыс мазмұны
1 2
1. Алынған ойларды Рынок өзгерiсi туралы ақпарат жинау, жаңалықтар,
жүйелеу: ҒЗТКЖ ұйымдарынан алынған және маркетингтiк
зерттеулер, фирма аппараттарының сауда
делдалдарынан жинаған ақпараттары және т.б;
Фирманың жаңа өнiм өндiру мүмкiншiлiгiн және
тәуекелдер деңгейiн анықтау;
Мақсаттық рынок және оның дамуы туралы ақпараттар
жинау;
2.Жекелеген ойларды Мүмкiншiлiктердi және ойды практикалық iске
талдау және жаңа өнiм асыруды анықтау;
идеясын зерттеу: Фирма дамуы стратегиясына жаңа өнiм өндiру
жоспарының сәйкес келуi;
Болашақ өнiмнiң патенттiк айқындығын анықтау;
Өнiм өндiру идеясының нақты жобаға айналу талдауын
3. Жаңа өнiмнiң жасау;
экономикалық Өнiмнiң техникалық-экономикалық сипатын анықтау,
тиiмдiлiгiне анализ оның сапасына және тұтынушылық қасиетiне баға
жасау және маркетингтiкберу;
бағдарлама құру: Потенциалды рынок сұранысына және сату көлемiне
талдау жасау;
Жаңа өнiмдi өндiруге кететiн шығындарды анықтап,
өнiмнiң өз құнын өтеу мерзiмiн белгiлеу;
Жаңа өнiм өндiруге қажеттi негiзгi ресурстардың
көздерiн табу. Оларға: техникалық машиналар,
құралдар, шикiзаттар, материалдар, кадрлық
персоналдар және қаржылық ресурстар көздерi
жатады;
Жаңа өнiмдi игеру және оның рынокқа шығу мерзiмi;
Өнiмнiң пайдалылығын талдап, оған маркетингтiк
бағдарлама жасау
1-кестенің жалғасы
1 2
3. Жаңа өнiмдi Жаңа өнiм дамуының нақты бағдарламасын жасап
дайындау: дайындау;
Өнiмнiң техникалық жағдайын тексеру (экономикалық
және әлеуметтiк қауiпсiздiгi, оны өндiрудiң
қоршаған орта жағдайына әсерi);
Тауардың атын белгiлеп, оның тауарлық белгiсiн,
оралуын, маркировкасын жасау;
Рынокта жаңа өнiмдi Өнiмдi 3 айда шектелген рынокта тестiлеу жүргiзу;
тестiлеу: Сатылудың оптималды шараларын талдау;
Жарнама әдiсi мен құралдарын талдау;
Техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
6. Жаңа өнiмдi Жаңа өнiмнiң коммерциялық негiздемесi: сату
өндiрiске енгiзу туралыкөлемi, өнiмнiң пайдалылығы, сұранысты
шешiм қабылдау: қанағаттандыру дәрежесi, өткiзудiң негiзгi
каналдары мен әдiстерi, фирманың рыноктағы имиджi,
тұтынушылармен байланыстың тұрақтылығы;
Фирманың өндiрiстiк мүмкiншiлiктерi бар
ресурстарды тиiмдi пайдалануы және маманданған
қызметкерлермен толық қамтамасыз етiлуi;
Қаржылық мүмкiншiлiктер: инвестициялар, несиелер
және гранттар;
Жаңа өнiмде патенттiк қорғаныстың болуы.
Инновациялық үрдісті бастамас бұрын ұйымның инновацилық потенциалын
бағалап алған жөн. Ұйымның инновациялық ішкі ортасы бес элементтің
жиынтығынан қалыптасқан . Осы бес элементті блоктарға бөліп бағалай отырып
кәсіпорын инновациялық потенциалына талдау жасауға болады. Талдауды 10
баллдық шкала бойынша талдап ұйымның инновациялырды игеру мүмкіншілігін
анықтауға болады.
Инновациялық потенциал дегеніміз тұтастай мемлекеттің немесе
компанияның, жеке тұлғаның белгілі бір инновациялық жобаны жүзеге асыру
мүмкіншілігінің деңгейі. Мемлекеттің инновациялық потенциалын көптеген
министрліктердің, статистикалық агенттіктердің, ғылыми институттардың
мәләметтері бойынша анықталады.
Кесте 2- Өнімнің инновациялық потенциялын талдау
Өнімдік блок
Кәсіпорын мүмкіншілігі Бағасы
Өндірілетін өнім ассартименті , түрі
Өндірілетін өнімдердің кәсіпорын инновациялық стратегисяна
сәйкестік деңгейі
Функционалды блок
Кәсіпорын мүмкіншілігі Бағасы
Кәсіпорындағы ғылыми –техникалық жұмыс жүргізу деңгейі
Маркетинг саласы бойынша дайындылығы
Сауда коммерциялық мүмкіншіліктері
Патенттік – құқтық сұрақтармен қамтылу деңгейі
жаңа өнімне сұраныс деңгейін анықтау
Инновациялық өнімнен түсетін эффектті бағалау
Ресурстық блок
Кәсіпорын мүмкіншілігі Бағасы
Құрал – жабдықтардың техникалық дңгейі
Тәжербие-конструкторлы, зксперементтік құралдармен,
приборлпармен қамтылу деңгейі
кәсіпорынның осы сала бойынша бұрынғы ғылыми зеріттеулері
инновациялық проекттің ақпаратпен қамтылуы
мамандар мен жұмысшылар саны
Персоналдың интеллек деңгейі
Кәсіпорынның қаржы мүмкіншілігі
Компанияның шикізат қоры
Ұйымдастырушылық блогы
Кәсіпорын мүмкіншілігі Бағасы
Ұйым құрылымының инновациялық проектті жүзеге асыруға
сәйкестігі
Персоналды үйрету шараларын ұйымдастыру мүмкіншілігі
Ұйымдағы инновациялық климат деңгейі
Басқару блогы
Кәсіпорын мүмкіншілігі Бағасы
Басқарушлардың инновациялық өзгерістерге көзқарасы
Персоналды ынталандыру әдістері
Сондай-ақ инновациялық үрдісті инновациялық жоба ретінде де қарыстыруға
болады. Инновациялық жоба - инновацияға қол жеткiзуге бағытталған ғылыми,
ғылыми-техникалық, тәжiрибе-конструкторлық, маркетингтiк зерттеулер мен
жұмыстар кешенiн жүргiзу жоспарынан, сондай-ақ техникалық-экономикалық
көрсеткiштерден тұратын құжат.
Инновациялық жобаның негізгі құрамдас бөлімдері төмендегідей болады:
1. мәселенің өзектілігін дәлелдейтін кіріспе
2. маркетингтік зеріттеулер нәтижесінде құрылған жоба
3. жобаның мақсаттар бұтағы бойынша жүзеге асырылатын шаралар
4. жобаның кешенді негізделуі
5. жобаның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету негізі
6. жоба бойынша эксперттердің қортындысы
7. жобаны жүргізу механизмі
Инновациялық жобаны бастамас бұрын оның экономикалық тиімділігін
есептеген жөн.
Біз өзіміз білетіндей экономикалық тиімділік әдетте шығарылғын шығындар
мен түсірілген табыстың айырылымы негізінде анықталады.
Эт = Т - Ш,
(1)
Мұнда Эт – экономикалық тиімділік
Т — инновациялық жобадан түскен табыс
Ш – инновациялық жобаға шығарылған шығын соммасы
Әрине бұл формула инновациялық жобаның тиімділігін бізге толық көрсете
алмайды, сондықтан біз практика жүзінде кең таралған инвестициялық
жобаларды бағалау әдістерін пайдаланамыз
Әдетте дүниежүзілік тәжірибеде инвестициялық және инновациялық
жобаларды бағалау үшін мынадай әдістер пайдаланылады:
❖ Таза ағымдық құн әдісі,
❖ Рентабельділік индекс әдісі,
❖ Ішкі табыстылық нормасы әдісі
❖ Ағымды ақталу әдісі
Таза ағымдық құн әдісі (Чистая текущая стоимость (NPV – Net Present
Value)) оны немесе интегралды эффект, таза дисконтталған табыс деп те
атайды. NPV табыс пен шығындардың, дисконттық шаманың ескерілуімен белгілі
бір тағайындалған уақыттағы айырылымын көрсетеді. Ол мына формула бойынша
есептеледі:
,
(2)
Мұнда Е — банк ставкасына сай дисконттық норма
t –инновациялық жоба мерзімі.
Дисконтталған табыс мына формула бойынша есептеледі:
(3)
мұнда: PVR - дисконтталған табыс
R - белгіленген жылдың табысы
Дисконтталған шығындар мына формуламен есептеледі:
(4)
мұнда: PVk - дисконтталған шығындар
k - белгіленген жылдың шығындары
Таза ағымдық құн мына формуле бойынша есептеледі:
,
(5)
Инновациялық жоба тиімді болады егер NPV-ның шамасы оң болса.
Рентабелділік индекс әдісі ((Метод индекса рентабельности (PI
–Profitability Index)) – оны кейде табыстылық индексі деп атайды.
Рентабельділік индексі дегеніміз дисконтталған табыстың (PVR)
инновациалық шығындарға (PVK) қатынасы болып табылады.
PI = PVR PVK
(6)
Рентабельділік индексі интегралды эффектпен тығыз байланысты, егер
интегралды эффект оң болса 1,онда рентабельділік индексі де оң болады,
яғни инновациалық жоба экономикалық тиімді деген сөз.
Ішкі табыстылық нормасы әдісі (Метод внутренней нормы доходности IRR
– Internal Rate of Return)- тәжербиеде оны пайданың ішкі нормасы,
инвестицияның қайарылу нормасы деп те атайды.
Ішкі табыстылық нормасы (IRR) дегеніміз дисконтталған табыстардың жалпы
сомасы (PVR) дисконтталған шығындардың жалпы сомасына (PVK). тең болуы.
Әдетте IRR көлемі 15-20% төмен болмасы онда иновациялық жобалар тиімді
деп есептеледі.
Ағымды ақталу әдісі (Период окупаемости (РР- Payback period) жобалардың
экономикалық тиімділігін анықтаушы ең кең таралған әдіс болып табылады. Ол
белгілі бір жылдар санын құрайды, бұл жылдар аралығында Таза ағымдық құн
(NPV) оң санға айналады . Ақталу табыс алу арқасыгда салынған
инвестицияларды қайтару арқылы жүзеге асырылады. Егер де жобаның жүзеге
асырылу мерзімі ақталу мерзімінен асып кетсе, онда жоба тиімсіз болып
саналады.
1.3. Кәсіпорындағы инновациялық қызметті басқарудың негізі
Инновациялық қызмет дегеніміз бүкіл инновациялық процесс барысында
атқарылатын қызметтер. Негізінде кәсіпорындарда инновациялық қызметті
басқаратын құрал ол инновациялық менеджмент болып табылады.
Инновациалық менеджмент дегеніміз — инновацияларды, инновациалық
процесстерді және инновациялық қызмет негізінде пайда болатын қатынастарды
реттеуші, басқарушы және ұйымдастырушы жүйе.
Ұйымда инновациялық менеджмент әдетте мынадай қызметтерді атқару арқылы
жүзеге асырылады :
❖ Инновациялық қызметтің негізгі мақсатын айқындау.
❖ Инновациялық менеджмент стратегиясын таңдау
❖ Инновациялық жобаларды басқару әдістерін таңдау.
❖ Компанияның инновациялық қызметінің бағдарламасын жасау.
❖ Инновациялық процесске қатысты шараларды реттеу, ұйымдастыру.
❖ Инновациялық проекттің жүзеге асырылуын қадағалау..
❖ Инновациялық портфелді түзету және инновациялық менеджмент әдістерін
жаңарту.
Инновациялық менеджменттің басқару объектісі:
1. инновациялық жобалар мен бағдарламалар;
2. интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi;
3. технологиялар, жабдықтар мен процестер;
4. өндiрiс пен кәсiпкерлiк инфрақұрылымы;
Инновациялық менеджмент тұрғысынан алғанда инновациялық қызметпен
айналысатын кәсіпорындар - инновациялық қызмет пен процесстерді
коммерциялық мақсат үшін жүзеге асырады. Инновациялық қызметтерді үш
түрлі деңгейде орналасқан ұйымдар жүзеге асырылады:
1. мемлекеттік деңгейде, ол түрлі ғылыми зеріттеу институттары,
технопарктік құрылымдар, ғылыми орталықтар
2. ірі кәсіпкерліктегі қомақты компаниялар
3. шағын инновациялық компаниялар.
Инновациялық кызметті атқарушы тұлғалар мыналар
1. инновацияны жасаушы және iске асырушы жеке және заңды тұлғалар;
2. технополистер, технологиялық парктер, технологиялық инкубаторлар,
инновациялық қорлар, инновациялық орталықтар және инновациялық қызмет
инфрақұрылымының өзге де ұйымдары;
3. инновациялық қызметтi реттеуге қатысатын мемлекеттiк органдар;
4. инновацияларды жасаушылар мен тұтынушылардың мүдделерiн бiлдiретiн және
қорғайтын қоғамдық бiрлестiктер
Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлерi жатады:
1) қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми бiлiмдердi енгiзу;
2) экономикалық айналымда iске асырылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген
өнiмдi (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi), жаңа немесе жетiлдiрiлген
технологиялық процестi жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу, жобалау,
iзденiс, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау мен
оларға қызмет көрсету;
3) инновациялық тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi)
өткiзу рыногын ұйымдастыру;
4) өндiрiстi технологиялық қайта жарақтандыруды және дайындауды жүзеге
асыру;
5) жаңа технологиялық процестердi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн
қызметтердi) сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткiзу;
6) бастапқы кезеңде инновациялық жоба өтемдiлiгiнiң нормативтiк
мерзiмiне жеткенге дейiн жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс,
көрсетiлетiн қызмет) өндiру және (немесе) жаңа немесе жетiлдiрiлген
технологияны қолдану;
7) инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту;
8) инновациялық қызмет нәтижелерiн насихаттау және тарату;
9) игеру және iске асыру мақсатында интеллектуалдық меншiк
объектiлерiне (оның iшiнде ашылмаған ғылыми, ғылыми-техникалық және
технологиялық ақпаратқа) құқықтарды қорғау, беру және иемдену;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инновациялар жасауға
бағытталған өзге де қызмет түрлерi жатады.
Тәжірибе жүзінде инновациялық қызметтерді ұйымдастыру , жоспарлау ,
бақылаудың көптеген әдістері бар. Олардың көбісі иновациялық менеджмент,
стратегиялық менеджмент, жобаларды басқару, менеджменттің жалпы теориясы
сияқты пәндер мен ғылымдардың негізінде қалыптасқан. .
Осы инновациялық процессті ұйымдастырудың тәжірибе жүзінде бірнеше түрі
бар олар :
• сатылы әдіс (оны немесе дәстүрлі, классикалық әдіс деп те атайды)
• параллельді әдіс
• интегралды әдіс
Инновациялық қызметті ұйымдастырудың сатылы әдісі ол ұйымдағы
функционалды бөлімдерде инновациялық процесстің сатылы түрде, яғни
кезекпен жүзеге асыруына бейімделген. 2- сурет.
Жаңа өнім шығару бойынша шешім компанияның басқару иерархиясының ең
жоғарғы деңгеінде қабылданады. Онан соң инновациялық жобаны бастау туралы
мәлімет компанияның Ғылым зеріттеу бөліміне түседі. Бұл бөлім өз тарапынан
зеріттеу жұмыстарын атқарып, өнімнің жалпы техникалық қасиеттерін анықтап,
эксперименталды сынақ жұмыстарын жүзеге асырады. Инновациялық жоба онан
кейін маркетинг бөліміне жіберіледі. Маркетинг бөлімі ғылыми
зеріттеу бөлімінің нәтижелері мен нұсқауларына сүйене отырып рынокқа
зеріттеу жасап, өнімнің тұтынушылық қасиеттерін анықтап, өнімнің түрін ,
түсін, сыртқы қабын тағайындайды.
өнімнің ғылыми жобасын ұсыну
маркетингтік бағдарламасын жасау
шығындар мен пайда сметасын жасау
өндіру
құралдарын даярлау рынокқа шығу
рынокқа шығу
Сурет 2 - Инновациялық қызметті ұйымдастырудың сатылы әдісі
Осы механизм бойынша жоба қаржы бөлімінен, өндіріс және сату
бөлімдерінен өтеді. Инновациялық қызметті ұйымдастырудың бұл түрінде
көптеген кемшіліктері бар, мысалы :
1. Инновациялық жобаныі жүзеге асырылу мерзімі ұзарады;
2. Бөлімдер арасында келіспеушілік болады
3. Инновациялық жобаға деген жауапкершілік төмендейді
Келесі модель ол инновациялық қызметті параллельді түрде ұйымдастыру.
3-сурет. Бұл әдіс бойынша инновациялық өнім өндіру бойынша шешім
қабылданған соң жобаны жүзеге асыру туралы бұйрық барлық функционалды
бөлімдерге параллельді түрде түседі. Жобаны техникалық зеріттеу,
маркетингтік талдау және қаржы ресурстық анықтамалар бірдей бір мезгілде
жүргізіліп жатады. Бұл модельді пайдалану арқасында инновациялық жобаны
жүзеге асыру мерзімін қысқартуға болады.
Сурет 3- Инновациялық қызметті паралелді түрде ұйымдастыру
Бірақ бұл әдістіңде біршама кемшіліктері бар;
1. Бөлімдер арасындағы өзара байланыс әлсірейді
2. Мұнда да инновациялық жобаға деген жауапкершілік төмен болады
3. жұмысшылар екі тұрлі бағытта жұмыс атқарады, біріншісі күнделікті өз
жұмысы, екіншісі жаңа иновациялық жоба бойынша, бұндай жағдай
жұмысшылардың ынтасын төмендетуі мүмкін
4. бір бөлімде екі басшы болу қаупі болады, біреуі осы бөлімнің
күнделікті басшысы, екіншісі жаңа инновациялық жоба бойынша басшы
Сурет 4-Инновациялық қызметті ұйымдастырудың интегралды әдісі
Келесі әдіс ол интегралды әдіс. Бұл ұйымдық құрылымның матрицалық
түрініе өте ұқсайды. Жаңа инновациялық жобаны жүзеге асыру мақсатында
ұақытша топ ұйымдастырылады. Бұл топты “уақытша мақсаттық топ” деп атайды
да, бұл бөлімге функционалды бөлімдерден қажетті мамандар жинақ-талады. Ол
мамнадар өзара келісіп инновациялдық жобаны жүзеге асырады. 4- cурет.
Егерде инновациялық кызметтерді басқару әдістеріне келетін болсақ онда
оның мынадай түрлері бар: ФСА функционалды-құндық талдау әдісі, Бенчмаркинг
әдісі, QFD – тұтынушылардың пікірін сұрыптау негізінде өнімді жақсарту және
FMEA өндіріс дефекттерін жою әдісі.
ФСА – функционалды-құндық талдау әдісі кез келген өнімнің атқаратын
пайдалы қызметін толық зеріттеу арқасында оны өндіруге кететін шығынды
азайта отырып осы қызметтерді сапалы түрде жаңарту әдісі . Ең бірінші рет
ФСА – функционалды-құндық әдіс 1947 жылы Дженерал Электрик
компаниясында пайдаланылған.
ФСА әдісі бірнеше кезеңнен тұрады :
дайындық, ;
ақпараттық;
аналитикалық;
зеріттеу және ізденіс;
рекомендациялық және ұсыну;
енгізу және жүзеге асыру .
Бенчмаркинг әдісі benchmark деген ағылшын сөзінің орыс немесе қазақ
тіліне тікелей аудармасы жоқ, бірақ ол тұрақты бір объекттің көрсеткіші,
мысалы жер бетінің теңіз деңгейінің биіктігін көрсететін бағанадағы
көрсеткіш.
Ал экономикалық ілімдерде Бенчмаркинг дегеніміз ең күшті үлгі болатын
конкурент компанияларды іздестіру олардың қызметін зеріттеу, үйрену
нәтижесінде жаңа инновациялық өнім ойлап табу қызметтерінің жиынтығы.
Бенчмаркинг ең алғаш рет 1972 жылы АҚШ – тың Стратегиялық зеріттеулер
институтында пайдаланылды.
Қазіргі күнгі бенчмаркинг әдісі түрленіп көптеген салаларда
пайдаланылады . Бенчмаркинг түрлері:
• реинжиниринг
• бәсекелестік қабілеттілікті арттырушы бенчмаркинг
• стратегиялық бенчмаркинг
• глобальды бенчмаркинг
Бенчмаркинг әдісін үш деңгейде енгізуге болады
Микродеңгейде – кез келген кәсіпорынның конкуренттік позициясын күшейту
үшін пайдаланады;
Мезодеңгейде белгілі бір саланың бәсекелеге қабілеттілігін арттыру
мақсатымен;
Макродеңгейде - мемлекеттің отандық кәсіпкерлрдің бәсекеле қабілеттілігін
арттыру саясатына әсер ету.
QFD – тұтынушылардың пікірін сұрыптау тұтынушылардың қажеттіліктерін
ескере отырып өнімге өзгеріс енгізу әдісі. Ол әдіс алғаш рет 1972 жылы
Митсубиси (Mitsubishi) компаниясында пайдаланлған. С 1977 жылы бұл әдіс
Тойота (Toyota) компаниясында табысты қолданылды. Ал 1988 жылы Германия
мемлекетінің фирмаларында пайдаланыла бастады.
QFD - әдісі бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылады:
1. Тұтынушылардың қажеттіліктері мен идеялары туралы ақпаратты жинастыру
2. осы ақпаратты техникалық тілге келтіру
3. тұтынушы қажеттіліктерінің өнім сапасына қарағанда күшті және әлсіз
жақтарын қарастыру
4. өнім өзгертілгеннен кейінгі рыноктағы позицияны бағалау;
5. рыноктағы сатып алушылар сегментін анықтау
6. Қажетті өзгерістерді енгізу
7. өндіріске енгізу
FMEA - өнім дефекттерін жою әдісі мынадай қызметтер арқылы жүзеге
асырылады:
• дефекттерді жүйелі түрде тіркеп отыру
• мүмкін болатын дефекттерді алдын ала бағалау
• өнім немесе технологияның техникалық құжаттарын мұхият тексеру
• деффекттерді жою үшін жеке қорды қалыптастыру
FMEA - әдісі мынадай себептерге байланысты пайдаланылуы мүмкін
• кәсіпорын тіпті жаңа өнім өндіру процессін игеру проектін жүзеге асыру
барысында
• Егер кәсіпорын бұрын пайдалану тәжербиесі болмаған технология пайдалануды
көздесе
• өнімге жаңа конструкциялар немесе бөлшектер енгізілсе
өнім өндіруге бұрынсоңды белгісіз болып келген материалдар
пайдаланылайын деп жатса т.б.
Бұл бөлімді қорытып кетсек, инновациялық менеджмент жаңа ғылымдардың
бірі. Инновация терминінің өзі 1920 жылдардың аяғында ғана экономикалық
категория ретінде пайдаланыла бастады. Инновациялық менеджмент ғылым
ретінде және менеджменттің бір түрі ретінде екінші Дүниежүзілік соғыстан
кейін таныла бастаған. Өйткені көптеген ғылыми жаңалықтар экономикалық
салаларға әскери және қару жасау салаларынан келген. Инновациялық
менеджмент кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару ретінде, дәстүрлі
экономикалық қызметті басқарудан ерекшелінеді. Инновациялық қызметті
басқару, ұйымдастыру және жоспарлау арнайы механизм мен әдістерді талап
етеді, өйткені инновациялық өнімді жасау жоғары тәуекелділікке негізделген.
Инновациялық өнімдер тәжірибе жүзінде апробациядан өтпегендіктен оның
пайдалылық деңгейін болжау өте қиын, сондықтан да инновациялық жобаларды
кез келген қаржы институттары қаржыландыра бермейді және көптеген
кәсіпкердердің де инновациялық өнім өндіруге ынтасы жоқ. Бірақ
инновациялық үрдістер тиімді басқарылса, инновациялық менеджменттің
әдістері жоғары деңгейде игерілсе, жаңа өнім жоғары пайда әкеледі. Өнімнің
бәсекеге қабілеттілігін артырушы, экономикалық өсу және халық жағдайын
жақсартушы факторлардың бірі – бұл жаңа немесе жақсартылған,
модификацияланған өнімдер.

басқару
2.1. Қазақстан Республикасындағы инновациялық саланың қазіргі күнгі
даму деңгейі
Жиырмасыншы жүз жылдықтың 90-жылдары ғылыми-технологиялық әлеуеттi
әлсіретуге, ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердiң дағдарысына әкелген,
Қазақстанда ғылыми-технологиялық дамытудың маңызды стратегиялық
бағыттарындағы зерттеулердi күрт қысқарту, ғалым беделiнiң және ғылыми
нәтижелердiң сұранысқа ие болуының құлдырауы, кәсiпорындардың инновациялық
белсенділігінің төмендеуi, мамандар мен зияткерлiк меншіктердi шетелге
қайтару болды.
Инновациялық процестердi басқаруға кешендiк, жүйелiк әрекет етудiң
болмауы елдің инновациялық әлеуетiн дамытуды тежейдi және оны одан әрi
дамытудың басымдықтарын дұрыс бiлдiруге мүмкiндiк бермейдi.
Шешiм таппауы отандық инновациялық әлеуеттiң дамуына терiс әсер ететін
мынадай негізгі проблемаларды бөлуге болады:
• оларды тұтынушылардың талап етуі үшiн оларды рынокқа шығару мақсатында
технологиялар мен өнiмдердiң көпшiлiк ғылыми әдiстемелерiнiң
аяқталмауы. Бұл әлеуетті серiктестердiң көз алдында ұсынылған
технологиялардың (немесе өнiмдердiң) құнын күрт төмендетедi.
• технологиялық жаңа ендірмелерді енгiзудiң және оларды рынокқа шығарудың
қазіргі заманғы тетiгiнiң болмауы. Нарықтық жағдайлардағы жаңа
ендірмелерді игеру тетігі жоғарғы тәуекел, бiрақ табысты жағдайда жоғары
қайтарым тән болатын шағын инновациялық нарықпен үздiксiз байланысты.
Дамыған экономикаларда шағын инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту үшін
қажетті жағдайды (инфрақұрылымды) қамтамасыз ететiн халық шаруашылығының
ерекше секторы жұмыс iстейдi.
• инновациялық жобаларға жәрдемдесетiн, технологиялық парктер және
мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдiк қаржыландыру қорларының
желісі (венчурлiк қорлар), олардың жылдам өсу кезеңiндегi фирмаларды
қолдаудың арнайы қаржылық тетіктері, фирмаларды және зияткерлік меншікті
сертификацияланған бағалаушылар және басқалары сияқты, дамыған
инфрақұрылымдық элементтердiң болмауы;
• ішкі рынокта озық технологияларға және өнеркәсіптік жаңа ендірмелерге
төлем қабілетті тапсырыстың болмауы. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет
қызметтер саласына жатады және бұл қызметтердi рынок талап етуi тиiс.
Өкiнiшке орай ғылыми қызметтер мен ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердiң отандық
рыногы қазiргi уақытта өте аз. Кәсiпорындардың көпшілігі ғылымның
қызметтерiн "сатып ала" алмайды.
Инновациялық жүйе қалыптастыруға жүйелiк әрекет жасауды iске асыру үшiн
мемлекет тiкелей немесе жанама қатысу арқылы инновациялық саясатты тиiмдi
iске асыра алатын, оның негізгі кiшi жүйелерiн бөлу және қайта талдау
қажет. Инновациялық қызметті дамытудың ең негізгі мәселесі ол инновациялық
жобалармен қызметтерді қаржыландыру. Өзіміз білетіндей инновациялық
қызметті кез келген қаржы институттары қаржыландыра бермейді. өйткені
инновациялық өнімдерді өндіру жоғары тәуекелге негізделген. Қаржылдыру
мәселесі Қазақстан үшін де негізгі мәселе, келесі кестеде инновациялық
қызметті қаржыландыру деңгейі мен көздері көрсетілген.
Кесте 3 - Зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға кеткен шығындар
2002 2003 2004 2005 2006
Зерттеулерге кеткен ішкі 9633,0 11643,5 14579,8 21527,4 24799
шығындар, барлығы
Бюджеттік қаржы 3974,0 4875,0 7283,9 11015,6 14165
өзіндік қаржы 2539,5 1616,9 2673,5 4392,7 3595
Тапсырыс берушілер 2989,9 4495,8 4223,7 5688,0 6747
Қаржысы
Шет ел инвистициялары 80,1 653,2 343,3 331,4 253
Даму институттарының ... ... . 55,4 99,7 128
қаржысы
Инновациялық өнім мен қызметтер көлемі де жылдан жылға жоғырылап
келеді. Оған себеп инновациялық саланың мемлекеттік қолдауға ие болуы, және
кәсіпкерлердің жаңа өнім өндіруге ынтасының өсуі. Осы динамиканы келесі
суреттен көрсек болады
Сурет 5- Инновациялық өнім көлемі
Бүгiнгi күнi елдің ғылыми әлеуетi Білiм және ғылым министрлiгiнiң,
салалық министрлiктердiң ғылыми ұйымдарымен, жеке ғылыми-зерттеу
ұйымдарымен, шаруашылық жүргiзу құқығындағы сәйкес бейiмдi институттарының
қызметiн үйлестіретiн ғылыми зерттеулер бағыттары жөнiндегi зерттеу
орталықтарымен, сондай-ақ ұлттық компанияның қарамағындағы ғылыми-зерттеу
институттарымен танымал.
Инновациялық даму елдiң ғылыми-техникалық әлеуетiмен ажырағысыз
байланысты. Экономиканың дамудың инновациялық жолына көшуi жағдайында
ғылыми әзiрлемелердi коммерциялау процестерiн үйлестiру және ынталандыру
жөніндегі мемлекеттiң рөлi өседi.
Ғылыми-техникалық әлеуеттің жай-күйi бiрiншi кезекте ғылымды
қаржыландыру деңгейiмен, оның материалдық-техникалық жағдайымен, алынған
нәтижелердiң тиiмділiгiмен айқындалады. Кейiндеп қалған материалдық базаға
қарамастан Қазақстан ғалымдары өнеркәсiптің - көптеген салалары үшiн
бәсекеге қабілетті технологиялық әзiрлемелерге ие. Мысалы тау-кен-
металлургиялық кешен, химия және мұнай химиясы, биотехнологияның ядролық,
фармацевтикалық және әртүрлi салаларда инновациялық немесе жақсартылған
өнімдер жасалып жатыр. Төменжегі суретте Қазақстанда соңғы екі үш жылдар
мерзімінде жасадынған инновациялық өнімдердің құрылымы көрсетілген.
Сурет 6 - Инновациялық өнімдердің құрылымы
Бұдан басқа, БҰҰ-ның 1995 жылы коммерцияландыру ғылымды бойынша
өткiзілген миссиясына сәйкес академиялық институттарының технологияларын
iрiктеп сараптамада қазақстандық ғалымдардың 23 әзiрлемесi әлемдiк деңгейде
танылғандығын атап өту қажет. Соңғы жылдары халықаралық бағдарламалар
шеңберiнде республиканың ғалымдары өз зерттеулерiн қаржыландыруға гранттар
ұтып алуда.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жоғарғы
ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрi - ЖҒТК) мақұлдаған iргелiк ғылыми
зерттеулердiң 5 басым бағыттары айқындалған.
Басым бағыттар шеңберiнде iргелiк және қолданбалы ғылыми зерттеулердің
бағдарламаларын iске асыруды ғылыми және ғылыми-өндiрiстік орталықтар мен
Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң басқа да ғылыми ұйымдары, бағдарламаның
басқа әкiмшiлерi жүзеге асырады. Орталықтардың қызметi, ғылыми бағыттардың
үйлестірушiлерi ретiнде ғылыми ұйымдарды жетелейтiн әлеуеттерді сақтауға
және одан әрi дамытуға, пәнаралық өзара әрекеттi, материалдық және кадрлық
резервтi шоғырландыруға, ғылымның өндiрiспен және біліммен ықпалдасуын
жүзеге асыруға бағдарланған.
Қазақстанның тәуелсіздiк алғаннан кейiнгі алғашқы жылдары қабылданған
ғылыми-зерттеулер мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландырудың
бағдарламалық-мақсаттық әдiсi елдiң ғылыми әлеуетiн сақтауға және оны
ғылымның мүлде жаңа бағыттарына сәйкес келетiн ғылыми зерттеулердi
орындауға бағыттауға мүмкiндiк бердi.
Соған қарамастан, мемлекеттiк тапсырыс нысанындағы қолданбалы ҒЗТКЖ-
ны қаржыландыру ел дамуының қазіргі заманғы кезеңiнде Индустриялық-
инновациялық даму стратегиясын iске асыру шеңберiнде алға қойылған
мiндеттердi толық түрде жүзеге асыруға және ашық ұлттық инновациялық жүйенi
құруға мүмкiндiк бермейдi.
Бағдарламаның жалпы құны 2005-2015 жылдарға 139 795,13 млн.теңге, оның
iшiнде, республикалық бюджеттен - 77 272,3 млн.теңге және жергiлiктi
бюджеттен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz