Бухгалтерлік есеп шотының бас жоспары


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Бухгалтерлік есеп шотының бас жоспары

БЕ жүргізу тәжірибесінде синтетикалық топтастыру және аналитикалық жіктеу шоттарымен қатар аралық шоттар қолданылады. Арапық шоттар деп синтетикалық топтастыру және аналитикалық жіктеу шоттарының арасындағы қосымша шоттарды айтады. Бұл шоттар арқылы жіктеу шоттарындағы көрсеткіштерді әрі қарай топтастырылады да, синтетикалық шоттардағы БЕ объектілерінің негізінде жүргізіледі. Әсіресе синтетикалық шоттардағы көп номенклатуралы БЕ объектілерін жіктеп көрсету үшін аралық шоттардың атқаратын ролі зор. Аралық шот арқылы бір номенклатураға кіретін, әр топтардын мәліметтерін көрсетуге болады. Аралық шоттар "Материалдар", "Сату" т. б. шоттар құрамында жүргізіледі.

Оларды топтастыру арқылы өндірістік қажеттілердің көптеген түрлерін, бұлардың атқаратын міндеті мен қызметіне қарай бір тектес топтарға топтастыруға болады. Аралық шоттар есебін жүргізуде арнайы толтырылмалы қағаздар (құжаттар) колданылмайды. Аралық шоттар тобын пайдалану арқылы тек қана аналитикалық жіктеу көрсеткіштері қорытынды есеп жасау үшін қажет. Аралық шоттардың тізімі, саны БЕ жүргізудің Бас жоспар бағдарламасында көрсетілмейді. БЕ жүргізу тәжірибесінде синтетикалық жинақтау шоттары бірінші қатарлы, аралық шоттар екінші қатарлы, ал аналитикалық жіктеу шоттары үшінші қатарлы шоттар тобын түзейді .

Шаруашылық жұмыстарына дұрыс басшылық ету және БЕ дәл жүргізілуін бақылап, тексеріп отыру үшін жинақталған мәліметтер қажет. Активтер мен мүліктердің жеке түрлері және қорланудың көздерін, сондай-ақ өндіріс процесінің барысына байланысты жинақталған мәліметтерді әрбір айдың аяғына қарай БЕ шоттарының көрсеткіштері негізінде алуға болады. БЕ әрбір шоттарында есеп объектілерін тек қана бір түрінде жүргізілетіндіктен, бұл есеп объектілерін жалпылама түрде сипаттау үшін БЕ жұмыснда айналым ведомостары қолданылады. Бұл ведомость арқылы әрбір ай сайын, әрбір шоттардағы орын алған шаруашылық операцияларының қалдығы мен айналыс жиыны есептелінеді.

Айналым ведомосы ағымдағы шаруашылық операцияларының жинағын шығару үшін қажетті әдістерінің бірі болып есептелінеді. Аналитикалық жіктеу және синтетикалық жинақтау шоттарынын көрсеткіштері негізінде жасалынатын кестені айналым ведомосы деп атайды.

Синтетикалық шоттар бойынша айналым ведомосын жүргізудің тәртібі төмендегіше.

Арнайы кестеге әрбір шот аттары жеке жолдарға жазылады және бұл шоттар бойынша дебеттік немесе кредиттік бастапқы қалдықтар түсіріледі де, ай ішіндегі дебеттік және кредиттік айналым жинағы жазылады.

Содан соң әрбір шоттар бойынша дебеттік және кредиттік қалдықтар шығарылады. Келтірілген мысалда шығарылған жинақтардың бірдей болып, тен келуінің нәтижесі мүліктер мен қор көздерінің баланста екі жақты жүргізіліп, шоттар бойынша екі жақты жазудың дұрыстығын көрсетеді.

Бастапқы қалдықтың (272000) Д және К жинағының бірдей болуы кіріске баланстағы активтік және пассивтік жинақтардың тең келіп, бірдей жинақталатындығынан және мүліктер мен қор көздерінің екі жақты топтастырылып, дұрыс көрсетілгендігінен болып отыр. Ай ішінде айналым жинақтың (45600) Д-мен К-ң бірдей болуы БЕ-ң шоттарына екі жақты жазу әдісінің дұрыс орындалып, әрбір шаруашылық операцияларының бірдей сомада тиісті шоттардың Д-мен К-не қатесіз жазылғандығын көрсетеді. Соңғы қалдықтың (258900) Д-мен К-ң бірдей болуы кіріспе баланстағы активтік және пассивтік көрсеткіштердің теңдігін және шаруашылық операцияларының ай ішінде тиісті шоттарға екі жақты жазу әдісінің дұрыс жазылғандығының қамтамасыз етілуіне байланысты.

Синтетикалық жинақтау шоттары бойынша жасалынатын айналым ведомосының ерекшелігі үш көзінің жинақтарының бірдей болуында. Аиналым ведомостарының бұл ерекшеліктерін БЕ шоттары бойынша жүргізілген екі жақты жазулардың дұрыстығын және есептер қорытындысын шығару үшін пайдаланады. Кез келген қордың жинақтарының тең болмауы, жіберілген қатені көрсетеді.

Синтетикалық жинақтау шоттары бойынша жасалған айналым ведомосында шаруашылық мүліктерінің құрамы мен орналасуы, орын алған өзгерістер, қорлану көздері, шаруашылық операцияларының өзгерісі жөнінде маңызды мәліметтер жинақталады.

Бұл көрсеткіштер оперативті - шаруашылық жұмыстарына дұрыс басшылық жасау, экономикалық талдау, бақылау жұмыстарын кәсіпорынның әрбір бөлімдері үшін жүргізу үшін қажет. Сонымен қатар синтетикалық жинақтау шотының айналым ведомосының соңғы қалдығының негізінде есепті баланс жасауға да болады.

Аналитикалык, жіктеу шоттарының айналым ведомосы әртүрлі болады. Мұның өзі аналитикалық жіктеу шоттарындағы объектілер көрсеткіштерінің ерекшеліктеріне байланысты.

Мысалға, мүлік көздерінің есебі көпшілік жағдайда ақшалай өлшеммен жүргізіледі. Сондықтан аналитикалық жіктеу шоттарының айналым ведомосы тек қана ақшалай өлшем үшін бағаналар (колонка) берілген. Ал материалды құнды заттар есебі ақшалай және натуралды өлшемдермен өлшеніп жүргізілетіндіктен, айналым ведомость бағаналарында бұлардың саны мен сомасын көрсететін бағаналар болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік есептің шоттары
Дебиторлық берешектер және олардың есебі
Төлем карточкаларымен есеп айырысу
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Қаржы жұмсауға аудит
Бухгалтерлік баланс және есеп беру
Банк және банктен тыс мекемелердің есебі
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары
Бухгалтерлік есептің типтік есептеры
Бухгалтерлік есеп халықаралық стандарттар есеп саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz