Роза Бағланова



1. Роза Бағланова
2. Өмірбаян
3. Әндері
4. Балалармен тығылмаш ойнайтын
5. Бет майын мәскеулік маман әзірлейтін
6. Дәмді палауы аңыз болған
7. Ескерткіш қойсақ деп едік...
8. Гастрольдерде ұлының жөргегін иіскеп отыратын
9. Өзбекстаннан Бигелдинов қайтарған
10. 25 жыл сыр ретінде сақтадым
11. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Роза Бағланова (қаңтардың 1, 1922, Қазалы, Қызылорда облысы — Ақпанның 8,2011, Қызылорда облысы) — Роза Тәжібайқызы Бағланова – әнші,Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық артисі (1967), Халық қаһарманы(1996). Қызылорда облысының Қазалы қаласында 1922 жылы бірінші қаңтарда туған. Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен 2-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады. 1947 – 1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949 – 1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты, ерекше сазды әншілік мектептің қалыптасуына ықпал жасады. Роза Бағланова қазақтың халық әндерін, замандас композиторлар әндерін, шет ел халықтарының (венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, әзербайжан, корей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б.) әндерін нақышына келтіре орындады. 1946 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломаты, 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен, Шапағат медалімен марапатталған.
1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.
2. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009
3. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,
4. Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Роза Бағланова
Роза Бағланова (қаңтардың 1, 1922, Қазалы, Қызылорда облысы -- Ақпанның 8,2011, Қызылорда облысы) -- Роза Тәжібайқызы Бағланова - әнші,Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық артисі (1967), Халық қаһарманы(1996). Қызылорда облысының Қазалы қаласында 1922 жылы бірінші қаңтарда туған. Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен 2-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады. 1947 - 1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949 - 1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты, ерекше сазды әншілік мектептің қалыптасуына ықпал жасады. Роза Бағланова қазақтың халық әндерін, замандас композиторлар әндерін, шет ел халықтарының (венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, әзербайжан, корей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б.) әндерін нақышына келтіре орындады. 1946 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломаты, 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен, Шапағат медалімен марапатталған.
Өмірбаян
1922 жылы Қызылорда облысында туған. 1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталды. 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан. 1947-1949 жж. Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында істейді. 1949 жылы Бухарестте өткен бүкіл дүниежүзілік жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты атанды. 1949-1960 жж. Жамбыл атындағы Республикалық филармонияда жұмыс істеді. 1960 жылдан Қазақконцерт солисі. Роза Бағланова сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, КСРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқады. Гастрольдік сапарға шығарда Р. Бағланова міндетті түрде сол баратын елінің тіліндегі әнді үйренеді. Бірақ, қазақтың халық әндерін оның орындауында тыңдау ләззатына ештеңе тең келмейді.
2011 жылы қаңтардың 8 Алматы қаласында Роза Бағланова қайтыс болды.
Әндері
Әдемі -- Әні Е. Хасанғалиевтікі, сөзі Ә. Тәжібаевтікі
Әншінің орындауындағы Абайдың Желсіз түнде жарық ай, композитор М. Төлебаевтың ақын өлеңіне жазған Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, С. Мұхамеджановтың Жарқ етпес қара көңлім не қылса да, Қиыстырып мақтайсыз әндері Қазақ радиосы фонотекасында сақтаулы, бірнеше рет күйтабаққа жазылған.
Ақмаңдайлым, Ах, Самара городок, Әдемі-ау, Ақ көгершін, Ортеке әндерін кім орындаған деп сұрасам ше? Ол - Роза Бағланова апаларың, әрине. Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған адамды білмеулерің мүмкін емес. Қазақстанның, Өзбекстанның және КСРО-ның Халық әртісі. Халық қаһарманы... Өмірде өшпес із қалдырған, ерек тұлға. Ол кісі туралы естелік айтушы жақындарының сөзін тыңдасаң, жүрегің елжіреп кетеді екен. Әншінің қасында жүрген адамдардан апамызға лайық бір мінез байқалатындай. Айналып-толғануды, адамға ерекше мейірмен сөйлеуді Роза ападан үйреніп алғандай. Роза Бағланова туралы үлкен-кішінің естелігінен ерекше жылылықты сездік...
Мен бұл үйге 20 жасымда келін боп түстім. Ол кісі маған туған анамдай мейірім көрсетті. Мамандығым бойынша бастауыш сынып мұғалімімін. Жұбайым Тәжен - заңгер. Әр келіннің менің енемдей енесі болса ғой. Апамыздың жүрегі кең, балажан еді. Жақсы көретін адамдарының бәріне ат қоюшы еді. Ұлын Ақтәженім, немере ұлын Алтынсақам, Маржан қызымызды Ақмаржаным деп атайтын. Ал мені Бозторғайым дейтін. Шырылдайсың да жүресің шыр-пыр болып деп еміренуші еді.
Төрт немересі өсіп келеді
Апамыздың қазір төрт немересі бар. Ең үлкені - Ақерке. Ол - жұбайымның бірінші некесінен дүниеге келген бала. Өзі сондай инабатты, сыпайы. Өз анасымен бірге тұрады. Пианиноны жеті жыл оқып, меңгеріп алды. Жасы 17-де. Ал Тәжібай баламыз - 12-де. Маржанымыз - 11-де. Ол суретті тамаша салады. Болашақта актриса болғысы келеді. Пианинода да ойнай алады. Кіші баламыздың есімі - Үрбибі. Оған 1 жас 4 ай болды. Әжесі бұл кішкентайды көрмей кетті, өкініштісі. Төрде ілулі тұрған портретін көрсетіп, бұл - сенің әжең деп үйретудеміз. Үрбибіміз әжесіндей әнші болар ма екен деп үміттеніп жүрміз.
Балалармен тығылмаш ойнайтын
Әжесі барда балаларымыз біраз ес біліп қалған болатын. Сабақтан келген соң, көбіне бірге тығылмаш ойнайтын. Әжелері көзін байлайды. Олар үйдің бұрыш-бұрышына тығылады. Шаршадым, таба алмадым дегенде, біз мұндамыз деп атып шығып, әжелерін бас салып құшақтайтын. Сосын апамыз тізерлеп алып, арқасына екеуін бірдей отырғызып алады. Үйде шеңбер жасап, немерелерін арқалап жүретін. Апа, беліңіз ауырады десем, жо-оқ, бұларды арқама салып көтермегенде, кімді көтерем дейтін.
Кейде екі бала қиғылық салып, сабақтарын оқымай қоятын. Сонда апам жарықтық: Мен сендердің мамаларыңды ренжітпеймін, ал сендер неге ренжітесіңдер?! - деп қабақ шытса, екеуі жым болатын. Бірақ, апамыздың ешқашан біреуге дауыс көтеріп сөйлегенін көрмеппіз.
Өте қонақжай, қолы кең кісі еді. Үйде әрдайым дастархан жаюлы тұратын.
Соғыста аман алып қалған жігіт концерттеріне келіп жүрді
Мен не көрмедім?! Ашар-шылықты да, соғысты да өткердім. Жоқшылық заманда мектепке киетін киімім де болмады. Аяғыма жаман байпақ киіп, үстіме жамау шапанды іліп жүрсем де, сабақтан қалмайтынмын. Күннің суығында бірнеше шақырым жердегі мектепке қатынап оқыдым деп, бала кезін жиі еске алатын. Соғыс жылдары есіне түссе, терең күрсінетін. Соғысты жиі әңгімелейтін. Тыңдап отырып, жүрегіміз ауыратын. Соғыс кезінде бір офицер аяғынан жараланған адамды жолда қалды-рып кетпекші болыпты. Енді адам болмайды, арқалап әуре болмайық деген көрінеді. Сонда апамыз: Егер бұл жас баланы тастап кетсеңдер, әскери билікке бұл істеріңді әшкере қыламын, - депті. Ақыры оны жолда қалдырмай, өздерімен алып кетеді. Сөйтіп, жаралы жас аман қалыпты. Кейін сол кісі апамызға алғысын білдіріп, талай концерттеріне бір аяғымен іздеп келіп жүріпті.
Бет майын мәскеулік маман әзірлейтін
Әйел адам өзіне күніне бес минутын арнап, күтім жасауы тиіс дейтін. Шикі жұмыртқаға шүберек малып, бетін сонымен сүртетін. Содан кейін бетін сабындап жуып, бетмайын жағатын. Францияның Guerlain деген бетмайын қолданатын. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Роза Тәжібайқызы Бағланова
Қазақ композиторларының вокалдық шығармаларын осы академиялық мәнерде орындаудың ерекшеліктері
Қыздар жар - жары
Василий Васильевич Верещагин (1842-1904)
Отанын барлық жаудан қорғаған даңқты батырлар біздің жүрегімізде
Қазақстанның музыка және балет өнері
Хасанғалиев Ескендір
XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің дамуы
Қазақтың ұлттық өнерлері
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көркемөнер
Пәндер