Йод туралы түсінік



1. Йод туралы түсінік
2. Йод жетіспеушілігінің пайда болуы, маңызы және алдын алу
3. Йод және адам денсаулығы
Әдебиеттер тізімі
Йод, I – элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элемент. Галогендер тобына жатады, ат. м. 126,9; ат. н. 53; тығыздығы 4,93 г/см3; балқу t 113,60С; қайнау t 184,350С. Йодты1811 ж. француз химигі Б.Куртуа ашқан. Табиғатта тұрақты бір изотопы бар (127J), бос күйінде кездеспейді. Қара сұр түсті, күлгін жылтыр, өткір иісті. Лаутарит, дитцент минералдарында, мұхитсуы, мұнай кендеріндегі ілеспе суда, балдырларда кездеседі. Суда нашар, органикалық еріткіште (спирт, эфир, күкірткөміртек, хлороформ) жақсы ериді. Көптеген металдармен және сутекпен жоғары температурада әрекеттеседі. Сілтімен әрекеттесіп йодатты тұз түзеді, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш сипат көрсетеді. Йод мұнайдағы ілеспе судан хлормен, натрий нитратымен немесе қышқыл қатынасатын марганец қос тотығымен тотықтыру арқылы өндіреді. Йод және оның қосылыстары медицинада, металл өндіруде (титан, циркон, гафний), фотосурет өңдейтін химиялық реактив жасауда, т.б. қолданылады. Адам организмінде Йодтың жетіспеушілігі қалқанша бездің ұлғаюына,бұғақ ауруына шалдықтырады.
Йод жетіспеушілігінің пайда болуы, маңызы және алдын алу
Йод жетіспеушілігі ауруларының мәселесі әлемдік денсаулық сақтау саласында маңыздыларының бірі болып саналады. Оның маңыздылығы аталған аурудың кең етек жаюымен анықталады.
Йод жетіспеушілігі ағзаға қалыпты қабылданып отыратын йодтың жеткілікті дәрежеде болмауынан пайда болады. Йод жетіспеушілігі ауруларының мәселесін шешу, әсіресе, Қазақстан үшін маңызды. Өйткені қазіргі таңда біздің елімізде йод жетіспеушілігінің тиімді алдын алу бағдарламасының жоқтығы тұрғылықты халықтың әртүрлі топтарында қалқанша безінің эндемиялық ұлғаюына әкеліп соқтырып отыр. Йод тапшылығының басқа аурулардан зардабы еш кем емес. Өткен жылғы денсаулық сақтау ұйымының берген мәліметі бойынша, әлемде 650 млн адам осы дертпен күресуге мәжбүр екен. Ал, 2 млрд адам ағзасында осы дерттің айқын белгілері көрініс берген. Біздің еліміз йод жетіспейтін аймақтардың қатарында. Сол себепті де, бізді алаңдатып отырған мәселе көп.
1. http://prezi.com/7s9pa9nmveiz/presentation/
2. kk.wikipedia.org/wiki/Йод

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Йод туралы түсінік
2. Йод жетіспеушілігінің пайда болуы, маңызы және алдын алу
3. Йод және адам денсаулығы
Әдебиеттер тізімі

Йод, I - элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элемент. Галогендер тобына жатады, ат. м. 126,9; ат. н. 53; тығыздығы 4,93 гсм[3]; балқу t 113,6[0]С; қайнау t 184,35[0]С. Йодты1811 ж. француз химигі Б.Куртуа ашқан. Табиғатта тұрақты бір изотопы бар (127J), бос күйінде кездеспейді. Қара сұр түсті, күлгін жылтыр, өткір иісті. Лаутарит, дитцент минералдарында, мұхитсуы, мұнай кендеріндегі ілеспе суда, балдырларда кездеседі. Суда нашар, органикалық еріткіште (спирт, эфир, күкірткөміртек, хлороформ) жақсы ериді. Көптеген металдармен және сутекпен жоғары температурада әрекеттеседі. Сілтімен әрекеттесіп йодатты тұз түзеді, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш сипат көрсетеді. Йод мұнайдағы ілеспе судан хлормен, натрий нитратымен немесе қышқыл қатынасатын марганец қос тотығымен тотықтыру арқылы өндіреді. Йод және оның қосылыстары медицинада, металл өндіруде (титан, циркон, гафний), фотосурет өңдейтін химиялық реактив жасауда, т.б. қолданылады. Адам организмінде Йодтың жетіспеушілігі қалқанша бездің ұлғаюына,бұғақ ауруына шалдықтырады.
Йод жетіспеушілігінің пайда болуы, маңызы және алдын алу
Йод жетіспеушілігі ауруларының мәселесі әлемдік денсаулық сақтау саласында маңыздыларының бірі болып саналады. Оның маңыздылығы аталған аурудың кең етек жаюымен анықталады.
Йод жетіспеушілігі ағзаға қалыпты қабылданып отыратын йодтың жеткілікті дәрежеде болмауынан пайда болады. Йод жетіспеушілігі ауруларының мәселесін шешу, әсіресе, Қазақстан үшін маңызды. Өйткені қазіргі таңда біздің елімізде йод жетіспеушілігінің тиімді алдын алу бағдарламасының жоқтығы тұрғылықты халықтың әртүрлі топтарында қалқанша безінің эндемиялық ұлғаюына әкеліп соқтырып отыр. Йод тапшылығының басқа аурулардан зардабы еш кем емес. Өткен жылғы денсаулық сақтау ұйымының берген мәліметі бойынша, әлемде 650 млн адам осы дертпен күресуге мәжбүр екен. Ал, 2 млрд адам ағзасында осы дерттің айқын белгілері көрініс берген. Біздің еліміз йод жетіспейтін аймақтардың қатарында. Сол себепті де, бізді алаңдатып отырған мәселе көп.
Йод - бұл маңызды микроэлемент, ол жер бетіндегі тірі ағзалардың өсуі мен дамуына қажет. Қазақстанда йод жетіспеушілігі "жасырын аштық" деп саналады. Осыған байланысты йод жетіспеушілігінің медициналық-әлеуметтік және экономикалық маңызы денсаулық, интеллект, білім сапасына әсер етіп отыр, уақыт өте келе халықтың кәсіби әлеуетіне әсер етеді.Денсаулығы қалыпты адам бір күнде 150 микрограмм йод тұтынуы қажет. Бұл қажеттілік өтелмесе, адам ағзасы түрлі ауруға шалдығады. Йод жетіспеушілігі иммунитеттің әлсіреуін тудырып, ағзаның түрлі инфекцияларға қарсы тұру қабілетін төмендетеді.
Барлық аймақтарда қалқанша безінің эндемиялық ұлғаюы (эндемиялық жемсау) ұл балаларға қарағанда, қыз балаларда көбірек кездеседі (45%-50%), эндемиялық жемсау 6-7 жастан басталып пубертаттық жаста барынша жоғары көрсеткішке жетеді.
Адам ағзасындағы йод - тиреоидты гормондар үшін құрылыс материалы. Тиреоидты гормондар ағзадағы барлық мүшелер мен жүйелердің жұмысын реттейді және жақсартады. Балалар үнемі өсу мен даму үстінде болады десек, йод жетіспеушілігі салдарынан әлсіздік бірден байқалады. Эндемиялық жемсау саны балалар санымен бірге өсіп келеді. УЗИ көрсеткіші бойынша 7 жаста - 15%, 12 жаста - 25-30% балалар осы дертпен ауырса, жасөспірімдер арасында ол 40%-ға дейін жетеді.
Балалардағы йод жетіспеушілігі салдарынан бала ақыл-ойының артта қалуындағы әлсіз көріністерден критинизмге дейін жетеді, көңіл күйінің тұрақсыздығы, депрессия болуы мүмкін, әлсіздік, ұмытшақтық, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, оқушылар зейіні шоғырлануының төмендеуі, сабақтың аяғына дейін отыра алмауы байқалады. Содан барып жүйке жүйесімен қоса барлық ағза зардап шегеді. Балалар бас сүйегі ішіндегі қысымға байланысты бас ауруына, әлсіздіктің пайда болуына, терінің сұрлануына шағымданады, астеникалық синдром көріністері, кардиологиялық өзгерістер - ырғақтың бұзылуы, АҚ жоғарылауы немесе төмендеуі, инфекциялық және суық тию ауруларының жиілеуі, екінші иммундық жетіспеушілігі салдарынан өткір аурулардың созылмалы түрге өтуі, бұлшық ет сұлбасының әлсіреуіне байланысты дене бітімінің өзгеруі болуы мүмкін. Осының барлығының себебі - йодтың жетіспеушілігі.
Еуропада жаппай алдын алу мақсатында - йодталған тұз қолдану (өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан белгілі), құрамында йоды бар препараттарды топпен пайдалану жүргізіледі.Әркім-ақ біздегі тамақтарда йодталған тұз бар деп санайды. Алайда, Қазақстан тамақтану академиясы жүргізген медициналық-демографиялық зерттеу нәтижесі 5 844 отбасының 29%-ы йодталған тұз қолданатынын, ал отбасылардың 13,4%-ы сыртқы қорабындағы "йодталған" деген сөз шындыққа жанаспайтын (тест нәтижесінде йодтың ізі де болмаған) тұз пайдаланатынын көрсеткен.Тағам арқылы йодты қабылдау экономикалық, физиологиялық, рационалдық жағынан дұрыс деп есептелсе де, қазіргі таңда ол жеткіліксіз болып отыр. Әлсіз топтар, ерте жастағы және мектеп жасындағы балалар арасындағы йод жетіспеушілігін жою үшін топтық алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет, ол үшін әлемдік тәжірибеге сай йодид,йодомарин 100 және йодид,йодомарин 200, йодид-прт органикалық емес йод қолданылады. Осыларды ұсына отырып, біз өзгеріске түскен қалқанша безі гормондар синтезін қайта қалпына келтіруге ықпал етеміз.
Әрине, тек қана эндокринолог-дәрігерлер бұл мәселені шеше алмайды, ата-аналар мен педиатрлардың көмегі керек.Уақытында йодтық алдын алу өскелең ұрпақтың - біздің болашағымыздың денсаулық деңгейін, үйлесімді дамуды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам ағзасына химиялық элементтердің тигізетін әсері
Химиялық элемент
Антисептикалық препараттар
«Медбикелік ісі негіздері» пәнінен тәжірибиелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу 2 бөлім Дәрілік терапия тәсілдері және әдістері
Айғырларды пішу
Қатерлі ұлпа мен мүше
Мұнай өнімдері құрамындағы қанықпаған көмірсутектерді анықтау
Липидтердің (майлардың) қасиеттерін зерттеу
Асептика және антисептика. Хирургиялық инфекция
МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУ
Пәндер