Әлеуметтану ғылымдар жүйесінде


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   
  1. ТАҚЫРЫП: Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде.

Жоспары.

1. Әлеуметтану ғылым ретінде

  1. Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары.
  2. Әлеуметтану пәнінің өзге қоғамдық ғылымдармен байланысы.
  3. Қоғамның дамуы заңдылықтары.

1. Жоғары оқу орындарының оқу жоспарына әлеуметтану пәні дербес ғылым ретінде 90-жылдардың басында енгізілді. Әлеуметтануды оқып үйренудегі мақсат - өзімізге бейтаныс адамдар мен олар ұйымдасқан бірлестіктер арасындағы кұнде кездесетін әдетті қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсіну, әлеуметтік мәселелерді зерттеуге деген ынта - жігерді арттыру.

Әлеуметтік білімнің негізгі қызметі-әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу.

Бұл ғылымның «социология» деген атауы латын, грек сөздерінен құралған: «societas»-латын тілінде қоғам, «logos» грекше ілім, ұғым деген сөз. Демек социология қоғам туралы ілім деген мағынаны білдіреді. Бірақ қоғам басқа да ғылымдардың зерттеу обьектісі болып табылады. Сондықтан әлеуметтану - қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл ғылымның өзіне тән обьектісі мен пәнін ашып бере алмайды.

«Қоғам» деген термин әлеуметтануда адамдар арасында болып жатқан алуан түрлі қарым-қатынастардың күрделі жиынтығын білдіреді. Сондықтан, жалпы алғанда, қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу обьектісі бола отырып, сонымен қатар әрбір ғылым өзінің ерекше зерттеу объектісін бөліп алады. Экономика ғылымдарының объектісі-өндіріс, өндірістік қатынастар, тұтыну мәселелері. Экономика саласымен салыстырғанда, саясаттанудың өз ерекшелігі бар. Саясаттану саяси билік жұргізу мәселелерімен тікелей байланысты. Бұл политологияның, саяси ғылымдардың обьектісі. Қоғамның рухани өмірін, яғни рухани байлықты өндіру, тарату ісімен, адамдардың рухани қажеттерін өтеудің жолдарын, түрлері мен әдістерін зерттейтін мәдениеттану, педагогика, психология сияқты бірқатар ғылымдар бар. Міне бұдан көптеген қоғамдық ғылымдардың зерттейтін объектісі -тұтас қоғам емес, оның белгілі бір саласы ғана екенін түсіну қиын емес.

Демек әлеуметтану қоғамды тұтас қарастырмайды, тек сол қоғамның әлеуметтік өмірін ғана зерттейді. Яғни, адамдардың айтарлықтай кең қауымдастықтарының арасындағы (таптар, халықтар және басқа әлеуметтік топтар, ұлттар т. б. ) және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде көзге тұсетін жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады. Осы қатынастардың субъектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтік қатынастар әлеуметтік топтар (топтар мен әлеуметтік таптар), әлеуметтік-демографиялық (ерлер, әйелдер, балалар, жастар, зейнеткерлер, отбасы мүшелері), әлеуметтік территориялық (қала, село тұрғындары), әлеуметтік-этникалық (ұлттық, халықтық топтар), әлеуметтік-кәсіптік (еңбек коллективтері, кәсіптік бірлестіктер), жеке адамдар арасындағы қатынастар болып бөлінеді. Сонымен, әлеуметтік өмірдің өзегі-адамдардың және олардың бірлестіктерінің іс-әрекеттер, өзара байланыстары. Осыған сәйкес әлеуметтану адамдардың өзара қарым-қатынасында білдіретін мінез-құлқы жайлы ғылым деуге де болады.

Әлеуметтану ғылымының ішкі логикасын, оның пәнін ашатын, әлеуметтік құбылыстар мен процестердің мәнін танып білудің тірегі-категориялар мен заңдары. Категориялар-әлеуметтік болмыстың мәнді жақтарын, қасиет - белгілерін, құрылымдық элементтерін бейнелендіретін негізгі ғылыми ұғымдар. Ал осылардың арасындағы ішкі және қажетті байланыстар мен қатынастарды бейнелендіретін ұғымдар - заңдар болып табылады.

Әлеуметтану ғылымының негізгі категориясы «әлеуметтік» ұғымы. Бұл ұғым «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құрылыс», «әлеуметтік институт» т. б. көлемді ұғымдарды қамтиды. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше маңызды категорияларға бөлінеді. Мәселен, «әлеуметтік топ» категориясы «тап», «әлеуметтік қабат», «халық», «отбасы» ұғымдарымен тікелей байланысты.

Әлеуметтану әлеуметтік болмысты, социумды зерттейтін ғылым болғандықтан, оның заңдары да әлеуметтік сипатта болады, яғни қоғамның, әлеуметтік қауымдастықтардың, топтармен жеке адамдардың іс-әрекеттері мен өзара байланыстарының заңы болып табылады. Әлеуметтік заңдар адамдардың және олардың топтарының мінез-құлқын реттейді, жеке адамдар мен олардың қоғамдастықтарының арасындағы қарым-қатынстарды анықтайды. Ол заңдар адамдардың және олардың бірлестіктерінің іс-әрекеттерінен көрініс береді. Әлеуметтік заңдарға, мысалы, әлеуметтік жіктелу, бірігу заңдары, әлеуметтік мобильдік (бір топтан басқасына өту) заңы, қоғамдық өмірдің интернационалдануы, жеке адамның әлеуметтенуі т. б. заңдар жатады. Олардың сипатына көрініс беруіне қарай динамикалық және статистикалық заңдарға бөлінеді. Динамикалық заңдар нақты жағдайда өз ретімен болатын оқиғалар арасындағы бір мәнді, қатаң байланысты көрсетеді., олардың бағытын, түрлері мен факторларын анықтап береді. Статистикалық заңдар әлеуметтік құбылыстарды қатаң қажеттілік тұрде айқындамай, белгілі бір ықтималдыққа жол береді, сөйтіп әлеуметтік өзгерістердің негізгі бағыты мен тенденциясын ғана көрсетеді.

2. Әлеуметтану білімінің мәні оның құрылымынан көрінеді. Алынған білім деңгейіне қарай әлеуметтану теориялық және эмпирикалық болып бөлінеді. Теориялық деңгейде әлеуметтік өмір саласында жинақталған нақты материялдардың терең талдануы жұргізіледі, оның даму тенденциялары анықталады, негізгі категориялар мен заңдарға талдау жасалынады. Эмпирикалық деңгейде бақылау, сауал жұргізу, құжаттарға талдау жасау, статистикалық мәліметтер негізінде эмпирикалық материал жинақталады, сондай-ақ алынған материалдың алғашқы өңделуі жұргізіледі.

Іргелі және қолданбалы әлеуметтанудың айырмашылықтары көрсетіледі. Алғашқысы теория мен методологияны жетілдірумен, екіншісі - әлеуметтік өмірдің құрылымының іс-тәжирибелік мәселелерін зерттеумен айналысады.

Әлеуметтану білімін сондай-ақ ұш деңгейге жіктеуге болады:

Біріншісі - жалпы теориялық әлеуметтану. Бұл біртұтас социумның өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтарын анықтауға бағытталған макросоциологиялық зерттеу болып табылады.

Екіншісі-әлеуметтік жүйенің жекелеген құрамдас бөлімдерінің әрекет етуі мен өзара байланыстарының заңдылықтарын зерттеуге бағытталған жалпылығы орташа социология.

Үшіншісі - микросоциология. Ол жекелеген адамдардың қимылы мен өзара қарым - қатынасын, мінез-құлқын бақылау арқылы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттейді.

Әлеуметтану білімінің құрылымы осындай. Әлеуметтану ғылымының мәні сондай-ақ оның қоғамда орындайтын қызметіне қарай анықталады.

  1. Теориялық-танымдық қызметі. Әлеуметтану қоғамының сондай-ақ оның жеке құрылымдарының қызметі мен даму заңдарын, оны жинаудың әдістерін, әлеуметтік фактілер туралы білімді анықтайды.
  2. Іс-тәжирибелік қызмет адамдардың әлеуметтік өмірін жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстарды беретін қолданбалы әлеуметтанумен де тығыз байланысты.
  3. Дұниетанымдық қызмет. Бұл ғылым өз зерттеулері арқылы қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне қатысады, қоғамның ілгерілеуіне ықпал етеді.
  4. Сындық қызмет. Әлеуметтану Әлеуметтану теорияларына сын көзбен қарайды, тұлғаның қызығушылығы тарапынан танымдық дұниені бағалайды.
  5. Бағалау қызметі зерттелінуші әлеуметтік өмірге әлеуметтік бағдар жасаумен (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) байланысты.

3. Әлеуметтанудың ғылым ретіндегі ерекшелігі басқа қоғамдық ғылымдармен арақатынасын айқындаумен танылады. Әлеуметтану тұтас қоғамды ғана емес, сонымен бірге оның жеке бөлшектерін, бөлімдерін де зерттейтін ғылым. Қоғам - өте күрделі объект, бір ғана ғылымның аумағында зерттеу мүмкін емес. Тек қана бірнеше ғылымның жетістіктерін біріктіре отырып, күрделі құрылым, адамзат қоғамын толық және қарама-қайшылықсыз зерттеп, жүйелі баяндауға болады.

Әлеуметтану басқа пәндермен тығыз байланысты . Психология, әлеуметтік психология, саяси ғылымдар және этнография ғылымдар білімінің жүйесімен байланыста әлеуметтік білімді құрайды. Туыстас пәндер-бір-бірінен ұғымдар мен категорияларды алып пайдаланып, зерттеу нәтижелері, тәсілдері және теориялық жаңалықтарымен алмасады. Әлеуметтанушылар өз зерттеулерінде психология, экономика, социология т. б. қоғамдық пәндердің методтарын еркін қиыстырып пайдаланады.

Басқа ғылымдармен салыстырғанда әлеуметтану мәселеге жан-жақты кең көлемде қарайды. Ол бұқараның мінез-құлқын жүйелеп зерттеуге мүмкіндігі бар, сондықтан статистикаға жақындайды. Алайда оның адамның ішкі дұниесіне еніп, зерттеуге мүмкіндігі жоқ.

Қазіргі кезде ғылымдар арасында әлеуметтануды гумантитарлық ғылымдар жүйесіне ме, әлде әлеуметтанулық ғылымдар жүйесіне жатқызу керек пе деген сауалға ортақ пікір қалыптасқан жоқ. Бір жағынан әлуметтану, психология, әлеуметтік психология, экономика, саясаттану әлеуметтік ғылымдар жүйесіне кіреді. Олар бір-бірімен тығыз байланысып, тығыз ғылыми одақ құрады.

Гуманитарлық пәндер жүйесіне тарих, философия, әдебиеттану, мәдениеттану кіреді. Гуманитарлық ғылымдар қарапайым модельдерге бағалау пікірлерге, сапалы методтарға сұйенсе, әлеуметтік ғылымдар - формальды модельдерге, математикалық аппаратқа және сандық білімге арқа сұйейді. Екі ғылым арасындағы тағы бір айырмашылық гуманитарлық ғылымдар рух, мәдениет, құндылықтар әлемін зерттейді, ал әлеуметтік пәндер бұларды қарастырмайды.

Екінші жағынан, әлеуметтанудың философия, тарих мәдениеттанумен көп ұқсастығы бар. Мұндай жағдайды әлеуметтануды гуманитарлық ғылымдар жүйесіне жатқызуға болады.

Мұндай жағдайда әлеуметтануды екі статусты: әлеуметтік және гуманитарлық ғылым ретінде қарастыруға болады. Әлеуметтануды әлуметтік ғылым ретінде қарастырғанда үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде адамдардың мінез-құлқы туралы, қоғамның құрылымы, қызмет етуінің обьективті заңдылықтарын оған кіретін әлеуметтік институттармен бірге статистикалық мағлұматтарға сұйене отырып зерттейтін ғылым деуге болады.

Әлеуметтану басқа ғылымдармен салыстырғанда кейін пайда болып басқа ғылымдардың ұғымдарын, нақты статистикалық нәтижелерін, таблицалық мәліметтерін, графиктері мен ұғымдық схемаларын, теориялық схемаларын қабылдап алды. Философиядан әлеуметтануға қоғам, адам, құндылықтар, индивид, прогресс, даму және бірнеше т. б. ал театр өмірі тарапынан «рөл», юриспруденциядан- «статус» ұғымдары енді. Әлеуметтану өз тарапынан әлеуметтендіру, девиантты, делингвентті мінез-құлық, интеракция сияқты ұғымдарын қосты. Экономистерден әлеуметтану: капитал, еңбек, еңбекті ұйымдастыру, ақша, рынок, бюджет, меншік, тауар т. б. терминдерді қабылдады. Сонымен әлеуметтану ғылымын қоғамдық ғылымдармен арақатынасын қысқаша қарастырып көрелік. Әлеуметтану мен әлеуметтік философияның арақатынасын қарастырғанда ең алдымен әлеуметтанудың философиялық ғылымдарға жатпайтынын, өйткені ол әлеуметтік философияға қарағанда жалпылығы әлдеқайда төмен заңдылықтарды қарастыратынын атап көрсеткен жөн. Олардың тығыз байланысын анықтайтын мәселе- екеуі де қоғамды жүйелі тұрде тұтас әлеуметтік организм түрінде қарастырады. Бірақ әлеуметтік философия қоғамды бүкіл дұние ғаламның ерекше, құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны жалпы философиялық ұғымдардың,, категориялар мен заңдардың көмегімен түсіндіреді. Әлеуметтік философия қоғам дамуын жалпы философиялық заңдардың, яғни табиғат, қоғам және адам ойлауының ең жалпы заңдарының әлеуметтік көрінісі тұрғысынан зерттейді. Әлеуметтік философия әлеуметтанудың жалпы теориялық және методологиялық негізі болып табылады. Өйткені әлеуметтану қоғамдық өмірге нақтылы талдау жасағанда, әлеуметтік философияның категориялары мен заңдарын басшылыққа алады да оның қағидалары мен қорытындыларын анықтау, нақтылау арқылы өзінің өмір шындығымен, практикамен байланысын кеңейте, тереңдете тұседі.

Әлеуметтану мен тарих өзара бір-біріне әсерін тигізеді. Әлеуметтанулық қорытындылар тарихи тәжирибеге, фактілерге сұйенеді, сөйтіп оның табыстарына себепші болады, өмірден алшақтауына, шамадан тыс абстракциялық жалпылауларға жол бермейді. Әлеуметтанулық зерттеулер тарихшыларға тарихи процестерді терең талдауға көмектеседі. Осы екі ғылымның өзара байланысының кұшеюі тарих әлеуметтануының тууына алып келеді. Сонымен, әлеуметтік философиямен бірге социология да тарих ғылымы үшін жалпы теориялық және методологиялық негіз болып табылады. Саясаттану мен әлеуметтанудың тығыз байланысы мен өзара әсері саясат әлеуметтануы деп аталатын арнаулы әлеуметтанулық теорияның тууынан айқын көрінеді. Солай болғанымен бірақ бұлар өз алдына жеке ғылымдар. Әлеуметтану әлеуметтік болмысты, қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейтін ғылым болса, ал политология қоғамның саяси болмысын, саяи өмірін зерттейді. Өздерінің пәні мен тәсіліне сәйкес бұлардың әрқайсысы біртұтас қоғамдық құбылыстарды өз тұрғысынан ерекше зерттейді. Әлеуметтану басқа да арнайы қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. Мысалы, құқықтану ғылымын алайық. Әлеуметтану құқықты, құқықтық қатынастарды жеке-дара қарастырмай, бүкіл қоғамдық өмірдің бір бөлігі ретінде қарап, әлеуметтанулық заңдардың құқық саласындағы көріністерін қарастырады. Әлеуметтанудың алдына қоятын міндеті- құқыққа және оның әлеуметтік рөліне әлеуметтік факторлардың, қатынастар мен институттардың және әлуметтік ұйымдардың тигізетін әсерін анықтау.

1-ші лекцияға арналған бақылау сүрақтары:

1. Әлеуметтану қоғам, әлеуметтік қатынастар, өзара әрекет механизмдері, әлеуметтік қауымдастықтың әрекет ету және даму заңдылықтары туралы ғылым ретінде.

2. Әлеуметтанудың басқа әлеуметтік ғылымдармен байланысы: әлеуметтану және философия, әлеуметтану және педагогика, әлеуметтану және психология, әлеуметтану және саясаттану, әлеуметтану және экономика, әлеуметтану және тарих.

3. Жаратылыстану ғылымдары жүйесінде әлеуметтанудың атқаратын ролі.

4. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы. Макро және микро әлеуметтану. Теориялық және қолданбалы әлеуметтану.

5. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары. Әлеуметтанудың әдістемесі.

Негізгі әдебиеттер:

1. Әбсаттаров Р. М. Дәкенов. Әлеуметтану. Оқулық. Алматы. 2004., 2007ж.

2. Әлемдік әлеуметтану антлогиясы. Алматы. Қазақстан. 10 томдық. 2006ж.

3. Икенов А. И. Әлеуметтану негіздері. Алматы. Экономика. 2004ж.

4. Қарабаев Ш. Әлеуметтану негіздері. Алматы. 2008ж.

5. Ғабдуллина Қ. Құқық әлеуметтануы. Алматы. 2005ж.

6. Рахметов К. Ж., Болатова А. Н. Социология. Алматы. 2005ж.

7. Оданова Р. К. Жалпы әлеуметтану. Лекциялар курсы. Шымкент. 2004ж.

8. Айбеков Б. Ө., Абенов К. К. Әлеуметтану. Оқу құралы. Шымкент. 2003ж.

9. Смелзер Н. Социология. М., 1994. Гл. 9.

2- лекция тақырыбы. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары.

Жоспары:

  1. О. Конт әлеуметтану ғылымының негізін қалаушы.
  2. Э. Дюркгейм, М. Вебер, П. Сорокин батыс әлеуметтану өкілдері және Ресейдегі әлеуметтанулық ойлардың дамуы.
  3. Қазақстандағы әлеуметтік көзқарастар мен әлеуметтану ғылымы.

1. Әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуын француз философы Огюст Конттың (1798-1857) есімімен байланыстырады, ол ғылыми айналысқа алғаш рет «әлеуметтану» деген терминді енгізді. Конт нақты ғылым мен білімді ұгіттеуші болды және әлеуметтанушыларды қоғамды қатаң ғылыми негізінде зерттеуге шақырады. Оның пікірінше, әлеуметтану жалпы заңдарды зерттеуі тиіс: а) ерекше әлеуметтік организм ретіндегі қоғамның тұтастығы; б) адамзат (оның өткені, бұгінгісі, болашағы) ; в) бүкіл адамдар ұрпақтарының органикалық тұтастығы ретінде түсіндірілетін адамзат; г) қазіргі елдер, халықтар мен мемлекеттер жүйесі ретіндегі бұгінгі адамзат; д) адамзат қызметі нәтижесінің объективтілігі; ж) адамдар санасы мен психологиясын жетілдіру процестері; з) адамдар мінез-құлқы; и) адамдар идеялары мен ой-пікірлерінің дамуы; к) отбасы, мемлекет және басқа да әлеуметтік институттардың пайда болуы, өмір сүруі мен өзгеріске тұсуін анықтайтын жалпы заңдар деңгейінде, сонымен қатар олардың нақты қоғамдық құрылыстары мен формаларының заңдары деңгейінде қоғам туралы білімдерді біріктірген әмбебап теориялық ғылым ретінде түсінеді.

Конттың көзқарасына сәйкес әлеуметтану мынадай әдістерді қолдануы тиіс:

  • Қоғамдық процестердің барысын қадағалау үшін бақылау;
  • Эксперимент, яғни әдейі, арнайы жасалған өзгерістерге бақылау жасау;
  • Адамзат өмірін жануарлар дұниесімен салыстыру;
  • әр түрлі елдер мен халықтардың өмірін белгілі бір көрсеткіштер бойынша

салыстыру;

  • тарихи талдау әдісі, әр түрлі тарихи кезеңде адамзаттың немесе жекелеген

халықтардың әр түрлі қалпын салыстыру.

Алайда, бәрі бірдей оған бір ауыздан ұн қата алмады. Сондықтан да кейінірек қоғамтануда екі бәсекелестік бағыт қалыптасты, ол: позитивизм және антипозитивизм.

«Конттың 1830 жылдары «Позитивті философияның негізгі курстары» атты еңбегі жарық көрді. Міне, осы еңбегінде негізгі ойлары айтылады. Конт негізін қалаған позитивзмнің (Латын тілінде positivus-жағымды) негізгі мәні мынада, әлеуметтану субъективті пікір мен абстрактілі дәлелсіз философиялыққа салынбауы керек. Ол қоғамды зерттейді, қоғам тірі табиғат сияқты «организм». Табиғат заңдары сияқты, оның дамуын объективті заңдар басқарады. Сондықтан да ол әлеуметтану, биология, анатомия және т. б. жаратылыстану ғылымдары үлгісіндегі нақты ғылымдар жүйесіне кіреді, ол нәтижесін тексеріп білуге болатын дәлелді ғылым. Мұндай «түсіндіруші әлеуметтану», олардың ойынша, қандай да болсын идеология мен жеке адамдардың пікіріне тәуелді болмауы керек.

Антипозитивизм мен «ұғындырушы әлеуметтану» қоғам туралы ғылымда басқаша көзқарас қалыптастырады. Бұл бағыттың негізгі өкілі әлеуметтанушы, философ, және тарихшы М. Вебер (1864-1920) болды. Ол және оның ізбасарлары әлеуметтік өмірді зерттеудің негізі ретінде оны ұғынуды алды және оған субъективті баға берудің мүмкіндігін айтты.

Олар ғылымды унификациялауға қарсы шықты, яғни жаратылыстану ғылымы мен қоғам туралы ғылымды ортақ жүйеге келтіруге болмайды деді. Әлеуметтану ерекше таным теориясын жасап, қолдануы керек. Табиғат құбылыстары объективті, ол адамның санасы мен еркінен тыс өмір сүреді. Оларды ғылыми тәсілдер арқылы дәл өлшеп, оны тәжірибе жұзінде қайталауға болады. Қоғам-адам әрекетінің нәтижесінде мәдениет желісі бойынша оны өзгертіп, және жетілдіріп отырады. Қоғам қайталанбас тұлғалардан тұрады, сондықтан индивидуализациялық тәсілмен шын ықыласпен ұғынуды талап етеді. Сонымен бірге, осы ұғыну арқылы алынған нәтижелерді тәжірибе жұзінде тексеруге болады.

Мысалы, суретшінің салған кенептігі суретінің бояуын табиғи-ғылыми тәсіл арқылы, оған физикалық-химиялық талдау жасауға болады. Алайда, бұл тәсіл суретшінің бейнелеген суретінің мәдени мәні мен идеясы туралы ештеңе айта алмайды. Тағы бір мысал, жолаушы және бомбалаушы ұшақ ғылыми көзқарас тұрғысынан құрылымы бірдей, алайда әлеуметтік қызметі әр түрлі. Мұны тек «ұғынушы әлеуметтану» ғана анықтайды.

Конт пен Веберден басқа әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасып дамуына неміс ойшылы К. Маркс (1818-1883), ағылшын философы әрі әлеуметтанушысы Г. Спенсер (1820-1903) және француз әлеуметтанушысы Э. Дюргейм (1859-1917) үлкен ұлес қосты. Бұл ойшылдар қоғамтанулық мәселелерге жауап іздеді, ол: қоғам дамуының жолдары қандай; ондағы қатынастарды қалай реттеу керек, адамның әлеуметтік мінез - құлқын не анықтайды және т. б. Олардың әрқайсысының зерттеу тәсілі мен теориялық тұжырымы болды.

Э. Дюргейм әлеуметтік таным жеке индивиттердің мінез-құлқы мен санасына емес, қоғамның әрбір мүшесінен жоғары тұратын әлеуметтік фактіні зерттеуге бағытталуы керек деп түсіндіреді.

Әлеуметтік фактілер - адамдардың біріккен әрекеті мен ұжымдық санасынан қалыптасқан ерекше қоғамдық құбылыс. Бұл қоғамда әрекет ететін моральдық және құқықтық нормалардың белгілі салт-дәстүрлер мен әдеттерге, дінге, ғылымға, ағарту ісіне т. б құндылықтарға қатынасы. Осы әлеуметтік фактілер бір қоғамды екінші қоғамнан ажыратады. Олар индивидтің көпшілік адамдар арасындағы мінез-құлқын айқындайды.

К. Маркстің ерекшелігі, оның дұниені танып, білу ғана емес оны өзгертуге ұндеуі. Өзгерістің негізгі тәсілі революция-қоғам өміріне кұшпен өзгеріс енгізу. Тек бір таптық (пролетариаттық), екінші тапты (бұржуазияны) жоюуы, қоғамдағы қарама-қайшылықты шешеді.

Бұған қарама - қарсы Г. Спенсердің қоғамды өзгертуге негізгі идеясы-эволюция. Ол табиғаттың тірі организмдердің мыңдаған жылдар бойына қалыптасқаны сияқты, адамзат қоғамында биологиялық организм сияқты, қоғам жәй формадан күрделі формаға қарай дамитынын айтады.

М. Вебердің негізгі ойы-жалпыны қамтитын рационалдық (латын тілінде rationalis- ақыл-парасаттық) идеясы, яғни ақыл парасатқа бағытталып, мақсаттандырылып ұйымдастырылған өмір. Бұл: 1. рационалды тиімді шаруашылық; 2. рационалды бюрократия, яғни пісіп-жетілген қоғамды басқару жүйесі; 3. рационалды құқық - адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін нақты және іс-әрекеттегі нормалар мен тәртіптер; 4. рационалды дін, адамдар бойында еңбексұйгіштік, қарапайымдылық, адалдық пен әделеттілік қалыптастырды.

ХХ ғасырда әлеуметтану ғылымы АҚШ-да жемісті дамыды. Егер Еуропада әлеуметтану жеке ғылымдардың ынта жігері арқылы дамыса, америкада басынан жақсы ұйымдастырылып, қаржы бөлініп, университеттік білімнің ажырамас бөліміне айналды. Математика, статистика, модельдеу тәсілдері мен экспериментті кең қолдану әлеуметтануды нақты ғылым ретінде қалыптастырды.

Америка ғалымдарының негізгі кұші практикалық мәселелерді шешуге бағытталған, яғни, адамдар мінез - құлқының себептері қандай, әлеуметтік бақылау мен басқаруды қалай жетілдіруге болады, өндірісті адамдардың ынтымақтастық рухын, еңбек өнімділігін арттыруды, халықтың әл-ауқатын көтеруді қалай қамтамасыз ету керек деген секілді мәселелер.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғ. басындағы Америка әлеуметтануының негізгі бағыттарының бірі бихевиоризм, қалыптасты. «Бихевиоризм» ағылшынның «behavior» - мінез-құлық туралы ғылым деген мағынаны берді. Бұл бағыттың негізін қалаған американ психологы Эдуард Торндаик (1874-1949) пен Джордж Уотсон (1878-1858) және олардың шәкірттері шын мәнінде адамның «мінез-құлық технологиясын» жасауға ұмтылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары
ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Әлеуметтану – әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі
Әлеуметтану ғылымының тарихы
Әлеуметтану ғылымы туралы
Әлеуметтану білімінің құрылымы
Жеке салаларының және кішігірім жүйесінің қызметтері туралы теория
Әлеуметтану ғылымының тарихы мен әлеуметтану пәнінің зерттеу объектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz