Ұлттық сақтандыру рыногының қалыптасуы


Жоспары
Кiрiспе . . 2
1Ұлттық сақтандыру рыногының қалыптасуы
1. 1 Сақтандыру - қоғамдық- өндіріс қатынастарының ежелгі санаттарының бірі . . . 5
1. 2 Сақтандыру құқы және сақтандыру қызметі . . . 10
1. 3 Жалпы сақтандырудың түрлері. 11
1. 4 Сақтандыру құқының қайнар көздері . . . 14
2 Сақтандыру шарты
2. 1 Сақтандыру шартының ұғымы және оның ережелері . . . 16
2. 2 Сақтандыру шартының нысаны . . . . 22
2. 3 Сақтандыру шартының мазмұны . . 23
2. 4. Саќтандыру шартың жасасу . . 28
2. 5 Сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату және оның зардабы32
2. 6 Саќтандыру шартын жарамсыз деп тану. . 34
2. 7 Саќтандыру шартын ќолданылуы. 38
3 Саќтандыру рыногы. Сақтандыру рыногының қатысушылары
3. 1 Саќтандыру (қайта сақтандыру ) ұйымының қызметі ……. . ………. 44
3. 2 Саќтандыру брокері . . . 45
3. 3 Саќтандыру агенті . . . 46
3. 4 Сақтанушы, сақтандырушы, пайда алушы. . 47
3. 5. Актуарий. . 50
4 Саќтандыру объектілері
4. 1 Саќтандыру жағдайы. 52
4. 2 Саќтандыру сыйлық ақылары53
4. 3 Саќтандыру сомасы. 54
4. 4 Саќтандыру төлемі. . 55
4. 5 Саќтандыру құпиясы
5"Виктория" сақтандыру компаниясының саќтандыру қызметі, сақтандыру қызметінің ұйымдастырылуы ………. . . 57
Қорытынды68
Пайдаланылған әдебиеттер. . 70
Кiрiспе
Бұл бiтiру жұмысының тақырыбы: "Ұлттық сақтандыру рыногының қалыптасуы" деп аталады. Қозғалған мәселенiң қазiргi таңдағы маңыздылығы зор. Сақтандырудың өзіне тән нақты ерекшелігі бар. Қиын нарықтық жағдайда өзiндiк ерекшелiгiмен қалыптасқан сақтандыру қызметінің бүгiндегi алар орны үлкен. Республикада жаңа сақтандыру рыногы қалыптасуда, мұнда ерікті сақтандыру түрі бірінші орында. Әлеуметтік сақтандырудың түрі бойынша мемлекеттік міндетті сақтандыру түрі енгізілді (медициналық сақтандыру, автомобиль көлігін сақтандыру, су көзін сақтандыру) . ҚР "Сақтандыру қызметі туралы" заңының 6- бабына сәйкес міңдетті сақтандыру 16 тармақты қамтиды.
Жұмыс кiрiспедең, бес тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен түрады.
Кiрiспе бөлiмiнде сақтандыру қызметi мен сақтандыру шартының маңыздылығы, алатын орны туралы қысқаша баяндалған.
Бiрiншi тарау сақтандыру қызметiне арналған. Бұл тарауда сақтандыру қатынастарының қоғамдық қатынастар iшiндегi алатын орны, сақтандыру қызметiнiң түсiнгi, маңыздылығы және нарықтық қатынас жағдайындағы қалыптасу ерекшелiктерi қарастырылған.
Екiншi тарауда сақтандыру шартының түсiнгi, түрлерi, нысаны, мазмұны, мұнымен қатар сақтандыру шартының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оның жарамсыздығы сұрақтары өз орнын тапқан.
Үшінші тарау саќтандыру рыногы, сақтандыру рыногының қатысушылары атты ұғымдарды ашады.
Төртінші тарауда саќтандыру объектілерінің түрлері: саќтандыру жағдайы, саќтандыру сыйлықақылары, саќтандыру сомасы, саќтандыру төлемі, саќтандыру құпиясы қарастырылады.
Бесінші тарауда қазақстандық "Виктория" сақтандыру компаниясының саќтандыру қызметіне, сақтандыру қызметін ұйымдастыруына сараптама жүргізілген.
Қорытынды бөлiмiнде сақтандыру шартының сақтандыру қызметi аясындағы маңыздылығың ескерiле отырып, жұмысқа қысқаша қорытыды жасалады.
Қолданылған әдебиеттер тiзiмiнде арнайы әдебиеттер мен жұмысты жазуда қолданылған нормативтi-құқықтық актiлер тiзiмi көрсетiлген. Жұмысты жазу барысында құқық, заң, сақтандыру шарты, сақтандыру қоры, сақтандырушы, сақтандыру, сақтандырылушы, сақтандыру резервi және т. б. терминдер қолданылған.
Жалпы сақтандыру қызметi кез-келген өркениеттi мемлекеттiң шешуiн табуы тиiс ең басты мәселелердiң бiрi болып табылады. Өйткенi қоғамдағы әлеуметтiк жағдайдың дұрыс қалыптасуында сақтандыру қызметiнiң алатын маңыздылығы өте зор. Бұл қажеттiлiктен Қазақстан да шет қалмауы тиiс. Сақтандыру қызметiнiң дурыс жүзеге асырылуы үшiн бұл қызметке мүдделi тараптардың арасында өзара сенiмдi келiсiм болуы керек. Және де бұл келiсiм құқықтық жағынан жоғары деңгейде қамтамасыз етiлуi тиiс. Осы тұрғыда сақтандыру қызметi сақтандыру шарты арқылы жүзеге асырылады. Қазiргi таңда Қазақстанда сақтандыру шартының көптеген түрлерi бар. Бұл жағдай сақтандыру қызметiнiң әлi күнге дейiн дұрыс арнасына түспей, келеңсiз күй кешуде екендiгiн көрсетедi. Сақтандыру қызметiнiң бiрден-бiр көрiнiсi ретiнде табылатын сақтандыру шартының құқықтық жағынан қажеттi деңгейде қамтамасыз етiлуi кезек күттiрмейтiн жағдай. Тек соңғы уақытта ғана бұл мәселе өз шешiмiн тапқан сияқты. Қоғамдағы ең басты қажеттiлiктердiң бiрiнiң дұрыс жузеге асырылуының нысаны болып табылатын сақтандыру қызметiнiң маңызы, нарықтық жағдайда қалыптасу ерекшiлiгi және сақтандыру шартының осы қызмет аясындағы алатын орны, мазмұны, бұл шарттың жасалу, өзгертiлу, тоқтатылу ерекшелiктерi бұл тақырыпты жан-жақты игеремiн деген кез-келген тұлға үшiн маңызды. Осы сұрақтардың жауабы және бұл сұрақтармен байланысты басқа да мәселелер алдағы жұмыста кең тұрғыда, жан-жақты қарастырылады.
Жұмыс Қазақстан Республикасың заңдарына талдау жасала отырып, ғылыми арнайы әдебиеттердi пайдалана отырып жазылды.
1 Ұлттық сақтандыру рыногының қалыптасуы
- Сақтандыру - қоғамдық- өндіріс қатынастарының ежелгі санаттарының бірі
Сақтандыру - қоғамдық- өндіріс қатынастарының ежелгі санаттарының бірі болып табылады. Адамдар мүліктердің иелері ретінде сақтандыруды өздерінің мүліктерін табиғат апаттарынан немесе тонаудан, басқа да күтпеген жағдайда болатын шыгындардан қорғану әдісі ретінде қолданылып келеді.
Мұның өзі мүдделі адамдардың материалдық шығындарын бірігіпөтеу әдісін ойластыруға жұмылдырады. Мұндай жағдайда, ілгеріде мүмкін болатын шығынды бірігу арқылы көптің есебінен өтеу мүлік иелеріне өте пайдалы және олардың мүліктерінің сақталуына кепілдік береді.
Табиғат апаты, кез-келген уақытта болып тұрмайтын кездейсоқ жәйт, сондықтан зардап шегетіндердің саны мүдделі жақтарға қарағанда әлде қайда аз мөлшерде болады. Мұндай жағдайда мүмкін болатын залалды бірігу арқылы өтеу, мүдделі мүлік иелерінің апаттың салдарынан болған шығынды азайтады. Сақтандыру салымына қатысушылар аңағурлым көп болса, соғурлым қатысушылардың әрқайсысының шығынға төленетін қаражаты аз болады.
Сақтандыру қазіргі уақытта жеке тұлғаның да, занды тұлғалардың да белгілі бір оқиғаға байланысты (сақтандыру жағдайы) жан-жақты, универсалды қорғау құралы болып табылады.
Сақтандыру жағдайы болған кездегі сақтандыру төлемі, сақтанушылардың жарналарынан құрылатын қор есебінен төленеді.
Қазіргі өркениеттілік "Қоғам тәуекелдері" ретінде қарайды. Көптеген ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша, ғылыми-техникалық жетістіктердің дамуы және оларды жер-жерде өндірістерге енгізілуі, апат аумағының көбейуі мүмкіндігін және осымен байланысты сақтандыру тәуекелдерінің туындау мүмкіндігі көп болмақ. Мұның растығына көз жеткізу үшін болып жатқан үлкен-үлкен апаттармен опаттардың статистикасымен немесе төтенше жағдайлар (өрттер, жарылыстар, авариялар мен жарақаттар ) жөніндегі оқиғаларды айтуға болады.
Сақтандырудың өзіне тән нақты ерекшелігі бар. Зиян күтпеген жерден болады. Сақтандыру аясы да өте кең түрде қолданылады. Бұл тауар өндірісінде, қызмет көрсетуді де, адам өмірімен денсаулықты да, еңбекке қабілеттілікті де қамтиды. Көптеген елдердің азаматтық заңдарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Заңдарына сәйкес, сақтандырушы сақтанушыға келтірген зиянның (кеселдің) толық мөлшері төленуі тиіс.
Сақтандыру заңының маңызын мына мысалдардан көруге болады. 2003жылы мамыр айында Алматының қақ ортасында "Тұран-Әлем Банктің" инкассатор мәшинесіне қарулы шабуыл жасалып, тонаушылар қыруар қаржыны үптеп кеткені белгілі. Кейін қылмыскерлерден ақшаның бір бөлегі банкке қайтарылды. Ал, 200 мың АҚШ доллары шамасындағы қалған бөлігін "Тұран-Әлем Банкпен" банк тәуекелін кешенді сақтандыру шартын жасасқан "БТА" сақтандыру компаниясы өтеді. Мұндай шарт болмағанда банк едәуір шығынға батар еді. Тағы бір мысал. Осыдан бірер жыл бұрын Алматы әуежайы өртеніп кетті. Бірақ ол ешқандай өтем жасалған жоқ. Сөйтіп, қаланың жаңа әуе қақпасы құрылысын қаржыландыру біраз қиындықтармен жүргізілді. Егер республикада сақтандыру рыногы жақсы дамыған болса, әуежай сияқты өте маңызды нысан сақтандырудан тыс қалмауы тиісті. Мұның өзі сақтандырудың қажеттігіне әлі де жете мән берілмей отырғандығының, сондай-ақ сақтандыру қызметінің белсенділігі төмен екендігінің де белгісі.
Ұлттық сақтандыру рыногының қалыптасуының бастапқы кезеңі Қазақстан дербес мемлекет ретінде құрылған күрделі жағдайларда өтті. Алғашқыда мемлекеттік сақтандыруға балама сақтандыру ұйымдары көптен құрылды. Бірақ олардың сақтандыру қызметімен шындап айналысуға қабілетсіз болып шықты.
Сақтандыру бизнесінің дамуы сақтандыру туралы арнаулы заңдар мен Президент Жарлықтары жарияланғаннан кейін барып жөнге келе бастады. 1994 жылы сақтандыру қызметін қадағалау және іріктеу жөніндегі уәкілетті орган, бұдан соң 1995 жылдың қазан айында ведомствадан тыс Мемлекеттік сақтандыруды қадағалау құрылды. 1999 жылдың шілдесінен бері уәкілетті мемлекеттік орган Ұлттық банк болып табылады.
Бұл орайда 2000 жылдың аяғынан бастап қолданысқа енгізілген "Сақтандыру қызметі туралы" Заң мен сол жылы қарашада Президент жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын" айту керек.
Аталған бағдарлама мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды және орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру рыногын қалыптастыруды мақсат етеді.
Сақтандыру қатынастардың қоғамдық қатынастар iшiндегi алатын орны және маңызыны жоғары екенiн ескерiп, оның iшкi мазмұнында сақтанушының мүддесi әрине сан алуан, сонымен қатар қоғамда болып жататын келеңсiз оқиғаларда аз емес.
Мемлекеттiң осы қатынастарға қажеттi дәрежеде әсер ету үшiн, дұрыс жолға қойып бағыт берiп реттеу үшiн қанша құқықтық реттетенiменде, басты ауыртпалық осы қатынастарға түсушi мүдделi жақтардың әрекетiне негiзделiнедi. Оның себебi құқықтық актiлер жалпыға, көпшiлiк қауымға, жалпы қоғамдық қатынас субъектiлерiне тiкелей жеткенде дәлiрек анықтауды қажет етедi. Бiрақ бұл мәселе субъектiге абсолюттi түрде тәуелдi деген сөз емес, яғни мемлекет осы қатынастарды реттеушiлiк кепiлi болғандықтан, ол тек шеңберiн анықтайды. Ал тiкелей iшкi мән-жайлар құқықтық қатынас субъектiлерiнiң белгiлi бiр мәмiлеге келуiнiң нәтижесiнде жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда сақтандыру шыртының негiзiнде жүзеге асырылады.
ҚР “Сақтандыру қызметi туралы заңың 18 - желтоқсан 2000ж қабылданған 1 бабына сай бұл қатынастар тек осы заңмен емес сонымен қатар ҚР “Азаматтық кодексiне” де сай келуi керек.
Сақтандыру - бұл қоғам өмiрiнiң маңызды саласы болып табылады, сол себептен бұл салаға ерекше қөңiл бөлiп отырады. Мемлекетiмiз Кеңес Одағына мүше болып тұрған кезiнде бұл түгелiмен мемлекеттiк қызмет болып табылған, ал қазiргi уақытта болса мемлекет тек сақтандыру қызметiн мемлекеттiк реттеп отырумен шектеледi. Бiрiншi кезекте сақтандыру қатынастарына қатысушылардың жүрiс-тұрыс ережелерiн белгiлеп отыратын нормативтiк құқықтық актiлер шығару жолымен жүзеге асырылады. Сақтандыруға арналған құқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз ету үшiн мемлекет сақтандыру саласындағы заңдылыққа қадағалау жүргiзедi, ол үшiн арнайы мемлекеттiк органдар құрады. 1
Сақтандыру - бұл шаруашылық субъектiлердiң және азаматтардың төлеген сақтандыру сыйақылары есебiнен қалыптасқан ақша қорларынан қамтамасыз етiлетiн, белгiлi бiр оқиғалар тұған кезде, солардың мүдделерiн қорғауға, келген зиянның орнын толтыруға байланысты жүзеге асырылатын қызмет түрi болып табилады.
Кәсiпкерлiк пен сақтандыру қызметтерi тығыз байланысты, дәлiрек айтсақ, сақтандыру қызметi-кәсiпкерлiк қызметтiң бiр түрi.
Осы жерде кәсiпкерлiк қызметтiң табиғатымен шартталған белгiлi бiр сақтандыру мүдделерi пайда болады. Осы сақтандыру мүдделерiне сүйене отырып, кәсiпкерлер дамудың жаңа, тиiмдi нысандарын жүзеге асырып, капиталды жұмсайтын жаңа салалар iздейдi.
Экономикалық категориясы ретiндегi сақтандыруға келесiдей белгiлер тән:
- Қайта бөлу қатынастарының болуы;
- Сақтандыру тәуекелiнiң болуы;
- Сақтанушылар және сақтанышылардың сақтандыру қоғамының құрылуы;
- Жеке және топтық сақтандыру мүдделерiнiң үйелесiмдiлiгi;
- Барлық сақтынушылардың келген зиянға бiрлесiп жауап беруi;
- Сақтандыру төлемақыларының қайтарымдылығы;
- Сақтандырудың өзiн-өзi ақтайтындығы;
- Сақтандырудың оқыстылыққа, аяқ астынан оқиғанын болуына негiзделуi;
- Сақтандыру саласының мемлекетпенен қатаң түрде реттелiп отыруы. 2
Нарықтық экономикаға көшу кезеңiнде қоғамдық қатынастардағы сақтандырудың ролi жоғарылап, сақтандыру қызметтерiнiң өрiсi кеңейiп, мемлекеттiк сақтандыру альтернативi дамиды.
Нарықтық экономика кезiнде сақтандыру - бiр шетiнен адамдардын қалыпты өмiрiн және бизнестерiн қорғаудың қүралы болып табылады, ал екiншi шетiнен пайда алып келетiн қызметтiң тұрi. Сақтандыру ұйымдарының пайдаларының көзi- сақтандыру қызметiнен тускен кiрiстер, уақытша бос қаражаттарды өндiрiстiк және өндiрiстiк емес қызмет салаларына инвестициялау, кәсiпорынның акциялары, бағалы қағаздар болып саналады. Сақтандыру қызметi “жалпы сақтандыру” және “өмiрдi сақтандыру” - салалары бойынша жүзеге асырылады.
1. 2 Сақтандыру құқы және сақтандыру қызметі
ҚР Сақтандыру қызметі туралы Заңының 4-ші бабына сәйкес Сақтандыру дегеніміз - сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтандыру қызметі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын кызмет.
Қандайда болмасын қоғамда өз қызметтерін атқару процесінде адамдар бір-бірімен қоғамдық қатынаста болады. Бұлардың бір қалыпта дамуы үшін оларды реттеу қажеттігін керек етеді. Былайша айтқанда олардың ара-қатынастарын келісім жолымен үйлестіру тәртібі болып табылады. Бұл қағида толығынан сақтандыру мәселесіне де тікелей қатысты. Сақтандыру қорын құру мен пайдалану процесі заңмен үйлестіріліп реттеледі, немесе сақтандыру қатынасы болып табылады. Ал сақтандыру қатынасы мемлекеттік тәртіппен үйлестіріліп құқық нормалармен реттелінеді.
1. 3 Жалпы сақтандырудың түрлерi
1 Жаза- тайым жағдайдан және аурудан сақтандыру
- Медициналық сақтандыру
- Автомобиль көлiгiн сақтандыру
- Су көлiгiн сақтандыру
5 Темiр жол көлiгiн сақтандыру
- Әуе көлiгiн сақтандыру
- Жүктердi сақтандыру
- Басқа мүлiктердi сақтандыру
9 Кәсiпкерлiк тәуекелдi сақтандыру
10 Автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық- құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру
11 Темiр жол көлiгi иелерiнiң азаматтық- құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру
12 Су көлiгi иелерiнiң азаматтық - құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру
13 Азаматтық - құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру-деп жiктеледi. 3
Өмiрдi сақтандыру:
1 Аннуитеттiк сақтандыру
- Өмiрдi сақтандыру деп бөлiнедi.
Аннуитеттiк сақтандыру - сақтанушы белгiлi бiр жасқа жеткен жағдайда, науқастығы, мүгедектiгi, жасына байланысты еңбек - қабiлеттiлiгiн жоғалтқан жағдайда, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағда немесе жеке табыстарының кемуiне немесе обан айырылуына әкелiп соққан жағдайларда зейнетақы немесе рента түрiнде кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн жеке сақтандырудың түрi болып табылады.
Өмiрдi сақтандыру - сақтанушы қайтыс болғанда немесе сақтандыру мерзiмi бiткенге дейiн немесе сақтандыру шартында белгiленген жасқа дейiн өмiр сүрген жағдайда сақтандыру өтемiн алатын жеке сақтандыру түрi болып табылады.
Содай-ақ, сақтандыру түрлерiн мiндеттiлiк сипатына қарап, ерiктi сақтандыру және мiндеттi сақтандыру деп бөлемiз. Ерiктi сақтандыру тараптардың өз ерiктерiменғ шартқа отыру арқылы жүзеге асырылады, ал мiндеттi сақтандыру белгiлi бiр заң актiлерi негiзiнде шартқаотыру арқылы жүзеге асырылады. Ол заң актiлерi ҚР парламентiмен, ҚР Үкiметiмен, ҚР Ұлттық Банкiмен кабылданып, мiндеттi сақтандыру түрлерi көрсетiлiп берiлген.
Нарықтық экономикада әрбiр тұлға өз қаражатын қалай жұмсайтындығын, қандай бөлiгiн тұтыну қажеттiлiгiне жұмсап, қандай бөлiгiн жинақтайтынын өзi анықтайды. Адамға басқа адамдармен мәмiлелер жасау бостандығы берiледi. Сақтандыру раногы осы ерекшiлiктердiң барлығын есепке ала отырып, жұмыс iстейдi. Нарықтық экономика тұсында ұсыныспен - сұраныс еркiн анықталып, нақты сақтанушыға қажет деген сақтандыру қазметтерi жүзеге асырылады. Оснының барлығын реттеп отыратын, қажеттi нормативтiк актiлердi шығарып, сақтандыру раногына қатысушы субъектiлердiң iс-әрекеттерiн бiрыңғай ретке келтiрiп отыратын өкiлеттi орган - Қазақстан Республиқасының Ұлттық Банкi болып табылады.
Сақтандыру қызметiне мемлекеттiк бақылау және қадағалау Қазақстан Республиқасының сақтандыру туралы заң талаптарының сақталуы мақсатында, сақтандыру қызметiнiң тиiмдi түрде дамуы, сақтанушылардың, сақтандырушылардың басқа да мүдделi тулғалар мен мемлекеттiң құқықтары жүзеге асырылады. Елiмiздiң аумағында сақтандыру саласындағы мемлекеттiк басқару мен, Ұлттық Банкi тiралы Заңымен, ҚР Ұлттық Банкi туралы ҚР Президентi бекiткен Ережемеген, сондай-ақ, ҚР Ұлттық Банкi бекiткен Сақтандыруды қадағалау Департаментi туралы Ережемен реттеледi. 4.
Сақтандыру жағдайлары туындаған кезде зияның орнын толтыруға кеткен шығындарды қаржыландыруға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ ұзақ мерзiмге инвестициялаудың бiр көзi болып табылады. Қазiргi кезде Қазақстан аумағында өте қарқанды түрде жүзеге асырып жатқан процестердiң бiрiгуi сақтандыру рыногын түпкiлiктi қалыптастыру және оның тиiстi инфрақұрылымдарын құру болып отыр. қазақстандағы сақтандыру раногынның даму жағдайының көрсеткiштерi елiмiздiң ұлттық сақтандыруының негiзi құрылғанын мәлiмдеп, дәлелдеуге, содай-ақ Қазақстандағы сақтандыру құқықтық қатынастардың бастамасы болып табылатын сақтандыру, сақтандыру қызметi, әлi де зерделеу-зерттеуiн асыға күтiп жатқан аяға, оның iшiнде экономикалық және құқықтық тұрғыдан қарастыруды әбден қажет ететiн өзектi бағытқа айналып отыр.
Сондықтан, бiрiншi кезектегi мақсат белгiлi бiр мөлшерде сақтандырудың экономикалық табиғаты мен мән-маңызын, сақтандыру экономикалық тұйықталған қатынастарының ерекшелiктерiн қарастыру және жете танысып - бiлу болып табылады.
Сонымен бiрге, сақтандыру iсiн дамытудың ұзақ мерзiмдi мақсаттарына жету үшiн мына келесiдей iс-әректтердi жүзеге асыру қажет:
1 Сақтандыру қызметiн мемлекеттiк реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру.
2 Сақтандыру қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру.
3 Сақтандыру жүйесiнiң қаржылық орнықтылығын және берiктiлiгiн қамтамасыз ету.
4 Қазақстандық және халықаралық сақтандыру рыноктарының өзара қарым-қатынастарын дамыту.
- Сақтандыру қызметiн көрсету рыногындағы құрылымдық саясатты жүргiзу.
1. 4 Сақтандыру құқының қайнар көздері
Әр мемлекетте сақтандыру қатынасы сол мемлекеттің қатынасқан құқығының қайнар көздері жүйелері мен реттелінеді.
Заң ғылымында құқықтың қайнар көздеріне мемлекеттік тұрғыдан азаматтардың сақтандыру қатынасын реттейтін әр түрлі нысанда қабылданатын құқық нормасынан жиынтығы жатады.
Сақтандыру құқының қайнар көздері жалпы құқықтық және арнайы құқықтық болып екіге бөлінеді. Жалпы құқық нормалары болып:
1 Жалпы құқықтың және оның бір саласы ретінде саналатын сақтандыру құқының негізгі қайнар көзі- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң- Қазақстан Республикасының Конституциясы 62-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен қабылданған заң;
- Конституциялық заң - Қазақстан Республикасының Конституциясы 2-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң;
- Заң актісі- Конституциялық заң Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық күші бар жарлығы, және Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысы;
- Қазақстан Республикасының заңы;
- Сенат пен мәжілістің қаулылары жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясы сақтандыру құқын реттеудің негізгі принципі және ол барлық сақтандыру заңының негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы ең жоғары заңды күшке ие. Қандай да болмасын заң және басқада мемлекеттік органдар шығаратын құқық нормалары Қазақстан Республикасының Конституциясына сай болып қайшы келмеуі тиіс. Бұлай болмаған жағдайда олар құқықтық норма ретінде күшін жояды.
Сақтандыру ісін тікелей реттейтін арнайы құқық нормалары:
1 Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы заңы;
2 Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (ерекше бөлімінің 40-тарауы) ;
- Сақтандыру мекемелерінің бұйрықтары және нұсқаулары;
- Лицензиялау тәртібі;
- Сақтандыру ісін қадағалау және өзгеде ықпал ету шаралары;
- Сақтандыру шарты болып табылады
Осы көрсетілген сақтандыру ісін тікелей реттейтін арнайы құқық нормалары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді.
Қазақстан Республикасының "Сақтандыру қызметi туралы"Заң 2000 жылдың желтоқсан айында қабылданып, күшіне енді. Заң 13 тараудан және 78 баптан турады. Заң кәсіпкерлік қызмет түрі ретінде сақтандыруды жүзеге асырудың негізгі ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерін құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметін тоқтату ерекшеліктерін, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру рыногындағы қызметінің талаптарын, сақтандыру рыногынын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін қадағалауды қамтамасыз ету принциптерін белгілейді.
Уәкілетті мемлекеттік органының осы Заңға сәйкес қабылдайтын сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі нормативтік-құқықтың актілері сақтандыру рыногының барлық қатынастары үшін міндетті болады.
Қазақстан Республикасында сақтандыру қатынасы Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің ерекше бөлімнің 40 тараунда 803-845-ші баптардан турады. Осы Кодекстің сақтандыру тараундағы баптар 2000 жылы желтоқсан айында " Қазақстан Республикасының кейбір Заң актілеріне сақтандыру ісі және сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
2 Сақтандыру шарты
2. 1 Сақтандыру шартының ұғымы және оның ережелері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz