Статистикалық көрсеткіштер. Абсолютті және қатысты шамалар



1 Статистикалық көрсеткіштер
2 Абсолютті статистикалық шамалар
3 Қатысты шамалар
Статистикалық көрсеткіш деп - әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді сипаттайтын қорытындылаушы шаманы айтады. Жиынтықтың жеке мәндері белгілерді, ал сандық-сапалық сипаттамасы жиынтықтың (топтың) қасиетін- статистикалық көрсеткішті білдіреді.Мысалы, нақты бір студенттің орташа үлгерімі-бұл белгі, жоғары оқу орнының студенттерінің үлгерімі-бұл көрсеткіш болады.
Статитикада қорытындылаушы шамалардың үш тобы бар. Олар: абсолютті шамалар, қатысты шамалар және орташа шамалар.
Енді осы қорытындылаушы шамаларға жеке-жеке тоқталайық.
Абсолютті статистикалық шамалар бастапқы мәліметтерді жинақтау арқылы алынады.
Абсолютті шамалар деп - қоғамдық құбылыстардың абсолютті мөлшерін, (көлемін) сипаттайтын көрсеткіштерді атайды. Абсолютті шамалар жеке және жалпы болып, екіге бөлінеді.
Жеке абсолютті шамалар зерттелетін жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін (көлемін) білдіреді. Мысалы, бір мектептегі оқушылардың саны, бір дүкеннің тауар айналымы, бір жұмысшының айлық табысы және т.б. Жалпы абсолютті шамалар жеке абсолюттік шамалардың қосындысынан алынады. Абсолютті шамалардың көмегімен зерттелетін құбылыстардың абсолютті мөлшерін сипаттайды: көлем, салмақ, аудан, ұзындық және т.б.
Абсолютті көрсеткіштер атаулы сандар болып келеді, сондықтан абсолютті шамаларды есептеу кезінде төмендегідей өлшем бірліктері пайдаланылады:
а) табиғи: дана, тонна, литр, шаршы метр (м2)), куб метр (м3) және т.т.с.;
б) құндық: өнім бірлігінің бағасы, өнім бірлігінің өзіндік құны, сатылған тауар бірлігінің құны;
в) есептік өлшем бірліктері бірнеше табиғи өлшем бірліктерінің тіркесі арқылы алынады. Мұндай өлшем бірліктерінің мысалы ретінде тоннокилометрлерді (ткм) алуға болады. Ол көлік жұмысының көлемін бағалау үшін қолданылады: егер салмағы 5 тонналық жүк 50 километр қашықтыққа тасымалданса, онда тасымалдардың көлемі 250 ткм құрайды;
г) шартты-табиғи өлшем бірліктері жалпы тұтынушылық қасиетке ие өнімнің көлемін бағалау үшін пайдаланылады. Мұндай өлшем бірліктері энергетикада (шартты отын), консерві өнеркәсібінде (шартты банка), полиграфия өнеркәсібінде (шартты баспа табақ) пайдаланылады;
д) еңбек өлшем бірліктері: адам-күн, адам-сағат.

Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Статистикалық көрсеткіштер. Абсолютті және қатысты шамалар
3. 1 Статистикалық көрсеткіштер
Статистикалық көрсеткіш деп - әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді сипаттайтын қорытындылаушы шаманы айтады. Жиынтықтың жеке мәндері белгілерді, ал сандық-сапалық сипаттамасы жиынтықтың (топтың) қасиетін- статистикалық көрсеткішті білдіреді.Мысалы, нақты бір студенттің орташа үлгерімі-бұл белгі, жоғары оқу орнының студенттерінің үлгерімі-бұл көрсеткіш болады.
Статитикада қорытындылаушы шамалардың үш тобы бар. Олар: абсолютті шамалар, қатысты шамалар және орташа шамалар.
Енді осы қорытындылаушы шамаларға жеке-жеке тоқталайық.
3.2 Абсолютті статистикалық шамалар
Абсолютті статистикалық шамалар бастапқы мәліметтерді жинақтау арқылы алынады.
Абсолютті шамалар деп - қоғамдық құбылыстардың абсолютті мөлшерін, (көлемін) сипаттайтын көрсеткіштерді атайды. Абсолютті шамалар жеке және жалпы болып, екіге бөлінеді.
Жеке абсолютті шамалар зерттелетін жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін (көлемін) білдіреді. Мысалы, бір мектептегі оқушылардың саны, бір дүкеннің тауар айналымы, бір жұмысшының айлық табысы және т.б. Жалпы абсолютті шамалар жеке абсолюттік шамалардың қосындысынан алынады. Абсолютті шамалардың көмегімен зерттелетін құбылыстардың абсолютті мөлшерін сипаттайды: көлем, салмақ, аудан, ұзындық және т.б.
Абсолютті көрсеткіштер атаулы сандар болып келеді, сондықтан абсолютті шамаларды есептеу кезінде төмендегідей өлшем бірліктері пайдаланылады:
а) табиғи: дана, тонна, литр, шаршы метр (м2)), куб метр (м3) және т.т.с.;
б) құндық: өнім бірлігінің бағасы, өнім бірлігінің өзіндік құны, сатылған тауар бірлігінің құны;
в) есептік өлшем бірліктері бірнеше табиғи өлшем бірліктерінің тіркесі арқылы алынады. Мұндай өлшем бірліктерінің мысалы ретінде тоннокилометрлерді (ткм) алуға болады. Ол көлік жұмысының көлемін бағалау үшін қолданылады: егер салмағы 5 тонналық жүк 50 километр қашықтыққа тасымалданса, онда тасымалдардың көлемі 250 ткм құрайды;
г) шартты-табиғи өлшем бірліктері жалпы тұтынушылық қасиетке ие өнімнің көлемін бағалау үшін пайдаланылады. Мұндай өлшем бірліктері энергетикада (шартты отын), консерві өнеркәсібінде (шартты банка), полиграфия өнеркәсібінде (шартты баспа табақ) пайдаланылады;
д) еңбек өлшем бірліктері: адам-күн, адам-сағат.
3.3 Қатысты шамалар
Қатысты шамалар құбылыстардың сандық қарым-қатынасын білдіреді, олар бір абсолютті шаманы екіншісіне бөлудің нәтижесінде есептеп шығарылады. Мұнда бөлшектің алымын салыстырмалы шама, ал бөлімін салыстыру негізі немесе базалық шама деп атайды.
Қатысты шамалар салыстыру негізі 1-ге тең болғанда коэффициенттер түрінде, салыстыру негізі 100-ге тең болғанда пайыздармен, салыстыру негізі 1000-ға тең болғанда промильмен өлшенеді.
Мазмұнына қарап қатысты шамалардың: динамикалық, жоспарлық тапсырманың орындалуы, жоспардың орындалуы, құрылымдық, үйлестік (координациялық), үдемелік (интенсивтік), салыстырмалы, дәрежелік топтары бір-бірінен бөліп көрсетіледі.
3.1. Динамиканың қатысты шамасы зерттелетін құбылыстардың уақыт бойынша өзгеруінің деңгейін сипаттайды. Белгілі бір кезеңдегі немесе уақыттың нақты мезетіндегі құбылыстың шамасын, оның өткен кезеңдегі шамасымен немесе өткен кезеңдегі нақты уақыт мезетіндегі шамасымен салыстыру арқылы алынады. Динамиканың қатысты шамасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нақты шамалардың маңызы, өлшем бірліктері
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Статистикадағы қорытынды көрсеткіштер және олардың түрлері
Өсу қарқыны
Халықаралық миграция туралы статистикалық есепті ұйымдастыру
Қатысты шама
Вариация көрсеткіштері және олардың қасиеттері. Статистикалық талдауда вариация көрсеткіштерін қолдану
Уақыт қатарының талдауы мен болжамдары
ӨСІҢКІЛІК ҚАТАРЛАРДЫ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ЕСЕПТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Статистикалық бақылау зерзаты
Пәндер