Оңтүстік, Шығыс Қазақстан жағдайында күздік бидайдың кешенді құнды сорттарын шығару



Тақырыбтың өзектілігі: Ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары өнімді әрі жаңа сорттарын шығару көп жағдайда селекциялық жұмысқа жан.жақты зерттелген бастапқы материалды таңдауға байланысты болады. Бастапқы материал коллекциясы физиолого.генетикалық әдістерінен алынған мәліметтерімен толтырылуы мүмкін. Жүргізілген көптеген физиолого.генетикалық және биотехнологиялық зерттеулермен жаңа шаруашылыққа құнды белгілері бар бірегей генотиптер құрылатындығы белгілі.
Басқа тәсілдермен анықталмайтын физологио.генетикалық, физиолого.биохимиялық, фотосинтетикалық және морфофизиологилық қасиеттері бар өсімдіктер формаларымен генотиптер коллекциясын құрудың тәжірбиелік маңызы зор. Сондықтан бір неменсе аз геннен бақыланатын құнды селекциялық белгілері бар генофонды коллекциясы генетикалық селекциялық белгілері бар генотипті анықтау үшін, құрастырылған ауылшаруашылық дақылдарының генофенді коллекциясын генетикалық және селекциялық шұнғыл зерттеулерді жүргізу селекция үшін өте маңызды мәселе.
Ауылшаруашылығы дақылдарының, оның ішінде күздік бидайдың өнімділігін арттырудың шарттарының бірі, күздік бидайды өсіруге қарқынды, экономикалық тиімді технологияны өндіріске енгізумен қатар, сорттық өнімін, оның сапасын арттыру үшін селекцияның бастапқы материалдарын мүқият таңдап зерттеу, әдістерін жаңа технологиямен жинастрып қолдану қажет.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік . шығыс және орталық Азия Республикаларында, сонымен қатар Қырғыстанда күздік бидай басты дәнді дақыл болып табылады. Қамтамасыз етілген және қаматамасыз етілмеген тәлімі егістіктерді негізгі аудандарын осы егіс алып жатыр және бірен саран жерде суару жағдайында егіледі. Қазақстанда барлық күздік бидай егісінің 90% тәлімі жер шаруашылығының еншісінде. Осыған байланысты бірқатар жоғары сапалы және төзімді егінді егу технологиясын жетілдіруде сорт ерекше маңызды болып табылады.
Сорттар өзінің әсемділігіне және бейімделгіштігі бойынша агроэкотип деп аталатын әртүрлі топтарға бөлінеді. Бүгінгі күні нақты негізгі үш агроэкотип анықталды: таулы, суармалы және құрғақ далалы, сонымен осы жерлердің әрқайсысына өзіндік бейімделген белгілерімен қасиеттері бар сорттардың біраз топтары егіледі.
Тақырыбтың өзектілігі: Ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары өнімді әрі жаңа сорттарын шығару көп жағдайда селекциялық жұмысқа жан-жақты зерттелген бастапқы материалды таңдауға байланысты болады. Бастапқы материал коллекциясы физиолого-генетикалық әдістерінен алынған мәліметтерімен толтырылуы мүмкін. Жүргізілген көптеген физиолого-генетикалық және биотехнологиялық зерттеулермен жаңа шаруашылыққа құнды белгілері бар бірегей генотиптер құрылатындығы белгілі.
Басқа тәсілдермен анықталмайтын физологио-генетикалық, физиолого-биохимиялық, фотосинтетикалық және морфофизиологилық қасиеттері бар өсімдіктер формаларымен генотиптер коллекциясын құрудың тәжірбиелік маңызы зор. Сондықтан бір неменсе аз геннен бақыланатын құнды селекциялық белгілері бар генофонды коллекциясы генетикалық селекциялық белгілері бар генотипті анықтау үшін, құрастырылған ауылшаруашылық дақылдарының генофенді коллекциясын генетикалық және селекциялық шұнғыл зерттеулерді жүргізу селекция үшін өте маңызды мәселе.
Ауылшаруашылығы дақылдарының, оның ішінде күздік бидайдың өнімділігін арттырудың шарттарының бірі, күздік бидайды өсіруге қарқынды, экономикалық тиімді технологияны өндіріске енгізумен қатар, сорттық өнімін, оның сапасын арттыру үшін селекцияның бастапқы материалдарын мүқият таңдап зерттеу, әдістерін жаңа технологиямен жинастрып қолдану қажет.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік - шығыс және орталық Азия Республикаларында, сонымен қатар Қырғыстанда күздік бидай басты дәнді дақыл болып табылады. Қамтамасыз етілген және қаматамасыз етілмеген тәлімі егістіктерді негізгі аудандарын осы егіс алып жатыр және бірен саран жерде суару жағдайында егіледі. Қазақстанда барлық күздік бидай егісінің 90% тәлімі жер шаруашылығының еншісінде. Осыған байланысты бірқатар жоғары сапалы және төзімді егінді егу технологиясын жетілдіруде сорт ерекше маңызды болып табылады.
Сорттар өзінің әсемділігіне және бейімделгіштігі бойынша агроэкотип деп аталатын әртүрлі топтарға бөлінеді. Бүгінгі күні нақты негізгі үш агроэкотип анықталды: таулы, суармалы және құрғақ далалы, сонымен осы жерлердің әрқайсысына өзіндік бейімделген белгілерімен қасиеттері бар сорттардың біраз топтары егіледі.
1. Богданов Е.Д и др. «Коллекция форм и линий озимой пшеницы» «Биологические основы селекции генофонда растений» Алматы, 2005г. с.47.
2. Католог районированных в Центральной Азии сортов пшеницы и ячменя. Алматы, 2003 г. с.146.
3. Нурбеков С.И. Биологические кретерии селекции озимой мягкой пшеницы сухостпеного агрэкотипа. Автореферат на соскание ученый степени доктор биологических наук. Алмалыбак, 2010г.
4. Байханов Ж.Р. Создание адаптивного селекционного материала озимой пшеницы для ЮГА и Юга-Востока Казахстана. Автореферат на соискание ученый степени кандидат наук Алмалыбак, 2008 г.
5. Есимбекова М.А. Генетические ресурсы мягкой пшеницы для селекции на адаптивность и продуктивность. Автореферат на соскание ученый степени доктор биологических наук. Алматы, 2010г.
6. Бисенбаев А.К. Эндодезоксирибонуклеазы и адаптоз клеток алейронового слоя зерна пшеницы. Билогические основы селекции и генофонда растений. Алматы 2005г. с.41
7. Алшораз А.Т. Новый перспективный сорт мягкой озимий пшеницы «Крассноводопадская 97». Биологические основы селекции и генофонда растений. Алматы 2005, с.95
8. Дубовой В.И. Итоги и перспективы селекционно озимий пшеницы в Мироновском институте пшеницы им. Ремесло. Биологические основы селекции и генофонда растений. Алматы 2005, с.68
9. Кушаков В.И. Физиологическое обоенование моделей сортов пшеницы. М: Агропромиздат, 1985 с.55
10. Уразалиев Р.А., Нурпеисов И.А., Шегебаев О.Ш. Сравнительная комбинационная ценность сортов озимой пшеницы различных экотипов по признаку морозостойкости Сельскохозяйственная биология. -1982,-т.13, №1.-с.51-54.
11. Уразалиев Р.А. Комплексная программа селекции агроэкотипов озимой пшеницы для Казахстана (ОПАКС) Алма-Ата: Кайнар, 1980
12. Уразалиев Р.А., Шегебаев О.Ш. Сорта озимой пшеницы Руководство по апробации с.-х. Культур. – Алматы, 1987. с. 22-31.
13. Уразалиев Р.А. Пшеницы Казахстана. Алма –Ата: Кайнар, 1984
14. Уразалиев Р.А. Селекция интенсивных форм и сортов озимых зерновых культур для влагообеспеченной среднегорной зоны в условиях орошения юго-востока Казахстана Материалы Всесозн.науч.-метол.полевого семинара-совещания селекционеров по проблеме селекции сортов зерновых культур интенсивного типа и использования исходного материала-Ташкент, 1982. с.39-42.
15. Уразалиев Р.А., Нурпеисов И.А. Вклад ученных в поплнение сортовых ресурсов озимой пшеницы для орошаемых земель Казахстана. Селекция и семеноводство. 1987. №1-с.9
16. Уразалиев Р.А., Нурпеисов И.А. Использование мировой коллекции озимой пшеницы в селекции. Физиологические основы повышения продуктивности и устойчивости зерновых культур Тезисы Республиканской конференции. –Целиноград, 1984.с.191
17. Нургасенов Т.Н., Қалиев А.Х. Генетика, Селекция және тұқым шаруашылығы. Алматы, 2007
18. Нургасенов Т.Н., Қойшыбаев Ә.Қ. Егіс дақылдарының селекциясы. Алматы, 1993
19. Уразалиев Р.А. Создание, сохранение и использование генетических ресурсов сельскохозяйственных культур. Генетические основы селекции зерновых культур. Алматы: 1988.
20. Калиев А.Х. и др. Селекционно ценные образцы озимой пшеницы. Билогические основы селекции и генофонда растений. Алматы 2005.с.95
21. Каталог районированных в Центральной Азии сортов пшеницы и ячменя. Проект GTZ- СИММУТ, информационное бюро «Семена»: Алматы,2003 с.103
22. Денисенко Т.В. Охрана труда. М., 1985 с.85
23. Пережогин М.А. и др. Охрана труда М., «Комс», 1982 с.92

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Тақырыбтың өзектілігі: Ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары өнімді әрі жаңа сорттарын шығару көп жағдайда селекциялық жұмысқа жан-жақты зерттелген бастапқы материалды таңдауға байланысты болады. Бастапқы материал коллекциясы физиолого-генетикалық әдістерінен алынған мәліметтерімен толтырылуы мүмкін. Жүргізілген көптеген физиолого-генетикалық және биотехнологиялық зерттеулермен жаңа шаруашылыққа құнды белгілері бар бірегей генотиптер құрылатындығы белгілі.
Басқа тәсілдермен анықталмайтын физологио-генетикалық, физиолого-биохимиялық, фотосинтетикалық және морфофизиологилық қасиеттері бар өсімдіктер формаларымен генотиптер коллекциясын құрудың тәжірбиелік маңызы зор. Сондықтан бір неменсе аз геннен бақыланатын құнды селекциялық белгілері бар генофонды коллекциясы генетикалық селекциялық белгілері бар генотипті анықтау үшін, құрастырылған ауылшаруашылық дақылдарының генофенді коллекциясын генетикалық және селекциялық шұнғыл зерттеулерді жүргізу селекция үшін өте маңызды мәселе.
Ауылшаруашылығы дақылдарының, оның ішінде күздік бидайдың өнімділігін арттырудың шарттарының бірі, күздік бидайды өсіруге қарқынды, экономикалық тиімді технологияны өндіріске енгізумен қатар, сорттық өнімін, оның сапасын арттыру үшін селекцияның бастапқы материалдарын мүқият таңдап зерттеу, әдістерін жаңа технологиямен жинастрып қолдану қажет.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік - шығыс және орталық Азия Республикаларында, сонымен қатар Қырғыстанда күздік бидай басты дәнді дақыл болып табылады. Қамтамасыз етілген және қаматамасыз етілмеген тәлімі егістіктерді негізгі аудандарын осы егіс алып жатыр және бірен саран жерде суару жағдайында егіледі. Қазақстанда барлық күздік бидай егісінің 90% тәлімі жер шаруашылығының еншісінде. Осыған байланысты бірқатар жоғары сапалы және төзімді егінді егу технологиясын жетілдіруде сорт ерекше маңызды болып табылады.
Сорттар өзінің әсемділігіне және бейімделгіштігі бойынша агроэкотип деп аталатын әртүрлі топтарға бөлінеді. Бүгінгі күні нақты негізгі үш агроэкотип анықталды: таулы, суармалы және құрғақ далалы, сонымен осы жерлердің әрқайсысына өзіндік бейімделген белгілерімен қасиеттері бар сорттардың біраз топтары егіледі.
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы Ғылыми зерттеу Институты ғалымдарының өнімділік деңгейі жоғары, сапалық көрсеткіштері басым, сұламалыққа және ауруларға төзімді сорттардың жаңа түрлері Богарная 56, Прогресс, Қарлығаш, Стекловидная 24, Жетісу, Алмалы, Наз, Раусин, Дербес, Арап, Эритроспермум 350, Нуреке, Майра, Сапалы, Алия, Рамин Жадыра, Қарасай, сорттары шығарылды және аудандастырылды, олар өте жоғары қарқын алып егістікте кең көлемде өсіріліп келеді.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында ауылшаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығын болашақта жандандырып дамытуға СІММYТ, JCARDA және Қазақ Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының генетикалық ресурстарын тиімді пайдалану, дәнді дақылдардың генетикалық әртүрлілігін көбейту, жаңа сорттарды шығаруда селекциялық жұмыстың тиімділігін арттыруда.
Осыған орай күздік бидай сортүлгілерінен белгілі ортаға бейімделген икемділігі жақсы, өнімі жоғары, сапалы аурулар мен зиянкестерге және сұламалыққа төзімді бастапқы материалды сұрыптап алу селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы өзекті мәселе болып табылады.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Оңтүстік, Шығыс Қазақстан жағдайында күздік бидайдың кешенді құнды сорттарын шығару жолында сорт үлгілерден белгілі ортаға бейімделген, икемді өнімі мен сапасын жоғары ауруларға, зиянкестерге және сұламалыққа төзімді селекцияның бастапқы материалын сұрыптап алу.

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ҚЫСҚАША ШОЛУ
Астық шарушылығын үдемелі түрде жүргізіп, өнім өндіруге неғұрлым жоғары талаптар қойылып отырған жағдайда ең жоғарғы өнімдер жинауға қол жеткізу мәселесінің маңызы зор. Саланы дамытудың деңгейі неғұрлым жоғары болғанда өнімділіктің артуы мен оны мейлінше көтеру жағдайы өсімдіктің өнімділіктің артуына әсер ететін барлық факторларды комплекстік тұрғыдан лайықтауға негізделген. Мұның өзі жер өңдеудің барлық үдемелі әдістеріне көнімді, өсімдіктерге табиғи факторлардың әртүрлі әсер ету жайы ескеріле отырып астық өсірудің технологиялық элементтерін жетілдіру барысында өнімділігі аса жоғары сорттарды егіп өсіргенде ғана мүмкіндік болмақ. Интенсивті технологияны ендіргенде сорттарды дұрыс таңдай білудің маңызы зор деп көрсеткен. Ең біріншіден, жоғары агрофонда жатып қалуға төзімді аудандастырылған интенсивті сорттады пайдаланған дұрыс. Жаңа сорттар жоғары агрофон жағдайында қосымша өнім беруді қамтамасыз етеді. Екішіден, өсімдіктердің кейбір шаруашылық биологиялық кемшіліктерін жойғаннан кейін егістік аумағын арттыруға мүмкіндік туады. Үшіншіден, сыртқы кері әсерлерді жойып отыру барысында шешуші маңыз атқарады[1]. Әлемнің көптеген елдерінде астық өндіруді дамытудың интенсивті әдісі қазір қолданылып отыр. Қазіргі кезде астық өнімділігін арттырудың 50%-ы, тыңайтқыштарды пайдаланудың 25%-ы, селекциялық жұмыстарды тиімді жүргізудің 20%-ы жер өңдеу жүйесін агртехниканы және өсімдіктерді қорғауды жақсартудың есебінен жүзеге асып келеді. Ресейде ХХ-ғасырдың басында (1901ж) 1 гектардан 0,54 тоннадан астық жиналды, ең көп өнім алынды деген, ал төңкеріске дейінгі 1913 жылы бұл көрсе көрсеткіш 0,73тоннадан асқан жоқ. Дүние жүзінде тыңайтқыштарды қолданудың алғашқы қатарлы агртехнологиялар мен селекция жетістіктерін пайдаланудың нәтижесінде 1950 жылдан бастап астық өнімділігі арта бастады. Олардың қыстың қатаңдығына шыдамды, қысқа мерзім ішінде бапталатын, жатып қалсада сынбайтын, өте төзімді және ауруларға да көп шалдыға бермейді.
Ал, Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағының топырақ климаттық жағдайына сай келетін лайықты сорттар әлі күнге дейін шығарыла қойған жоқ. Астықты селекциядан өткізудегі негізгі мақсат - өнімділіг жоғары элементтерді, оның жекелеген компоненттерін, арасындағы себебтік байланыстарды, оның өзінің мәнісін дұрыс ұғынып, өнім қараушыларды, яғни үдемелі генатиптердің басты сипаттарын түсіну. Селекция арқылы қол жеткізетін табыстар өнім құрылымының негізгі заңдылықтарын білуге тікелей байланысты[3].
Өнімділікті жәй бір белгі деп қарауға болмайды. Ол жекелеген белгілердің өзара әсерлерінен құралатын комплекс. Өнімді құрайтын комплекстер егіс егілген алаңның бірлігіне есептелінген масақ саны, дән мен сабақтың қосындысынан тұратын масақтың (дәннің салмағы) граммға шаққандағы қосындылардан тұрады.
XXI-ғасырдың басында жер шарының халқы 6 миллиардтан асты. Халықты астықпен қамтамасыз ету үшін сол астықтың орташа өнімділігін төрттен бірге арттырып, ондағы белоктың құрамын ұлғайту талап етіледі. Бұл міндеттер қкзіргі кездегі әлемдік селекцияның даму бағытында белгілеп бергендей.
Күздік бидай аса бағалы дақыл. оның дәні тамақ ретінде жұмсақ жаздық бидайдың дәнінен мүлде кем емес.
Тағамдық сапасымен қатар күздік бидай өзі өсірілетін аймақтарда қашанда өнімлідігі жағынан жаздық жұмсақ және қатты бидайлардан асып түсіп отырады. Мұның өзі Республиканың астық балансында аса зор роль атқарады деген сөз.
Күздік бидай Қазақстанда егіле бастаған жаңа дақыл түрі болып саналады, оның біздің жерде таралуы, ең алдымен оңтүстік еуропалық топқа жататын "Укринка", "Кооператорка", кейнірек "Безостая-1", "Мироновская 808" сияқты сортардың әкелінуімен байланысты.
Бұл компонентердің әрқайсысы көптеген факторлардың бір-біріне генетикалық әсер етунің және агроэкологиялық жағдайлардың нәтижесі болып табылады [4], [8].
Сабактың басынан біткен масактардың саны каншалықты болса, соншалықты гүлдер жарылады. Масақтың қанша өнім беретінін осыған карап болжауға болады. Жарылып өсе бастаған масақтардың санының аз немесе көп болуы генетикалық және генитакалық емес факторларға байланысты. Масақтардың санына күннің каншалықты көп түсетіндігі де әсер етеді: егер бидай қалың себілсе, масақтары азрақ болатындығы дәлелденді. Өйткені қалың масақ бір біріне көлеңке жасайды. Егіс бас тартып гүлдей бастаған кезде масақтың көп болуына жарықтың мейлінше көп болып, температураның төмен болғанының пайдасы зор.
Дәннің масқта көп болуы жалпы өсімдік сабағында гүлдердің молдығына да тікелей байланысты. Масақтағы гүлдердің саны оның сорттылығының да белгісі, ол тұқым қуалаушылықтан бөтен факторларға да қатысы барлығын байқатады.
Мысалы, жарықтың берілу мерзімі қысқарған жағдайында сабақтың масағындағы гүлдің саны көбейе түседі. Ал, темперарура жоғарлаған жағдайда өсіп келе жатқан масақтың гүлдердің пайда болуы оргоногездің V-сатысында бұзылады да, нәтижесінде олардың жалпы саны кемиді. [5], [7].
Дәннің қалыптасуы масақтағы дәннің санының аз немесе көп болуы үшін шешуші роль атқарады. Әдетте масақтағы гүлдердің барлығына дән пайда бола бермейді, өйткені бұл процесстің генеративті органдардың фертильдігіне, ұрықтануға байланысты және бұл өз кезегінде генативтік жағдайы мен гүлдену кезіндегі ауарайының құбылмалылығына тәуелді. Гүлдің фертиндігіне қоршаған ортаның әртүрлі факторларды әсер етеді. Жоғары температурамен құрғақшылық генеративтік органдардың пайда болуына әсер етеді. Өйткені пайдалы тозаңдарды тазалап отырады. Егер гүлдену мен ұрықтануға дейін тозаңның аналық клеткалары түзілу кезеңінде температура жоғары, әрі қуаңшылық болса астық өнімі мейлінше азайып кетеді.
Тозаңдағы дәндерде зат алмасуындағы өзгерістерге байланысты потологиялық бұзылушылық орын алады. Төмен температураның әсерінен генеративтік органдар құрылу кезінде фертильде тозаңдардың аз көлемде болуы шартты жағдай.
Өсімдік гүл жарған кезде ылғалдың аз болуынан тозаңдар жалаңаштанады да, ұрықтану процесі бұзылады.[6][8]. Масақтың гүл жару кезеңінен бастап дән пайда бола бастайды, бірақ барлық фертильдік гүлдер тозаңға оранып болғанша нағыз үлкейген көлеміне жете қоймайды. Егер бас тартқаннан кейін ылғал аз болатын болса, дән өсіп, дамымай қалады.[7]
Жердің ылғалдылығы жеткілікті болған жағдайда азот пен тыңайту арқылы егін тез бас тартып, дәннің өсуі жылдамдатылады. Дәннің ары қарай өсіп жетілуіне және салмағының артуына сыртқы факторлардың да әсері мол.
Дәннің алғаш пайда болған кезінде, яғни гүл жарғаннан кейінгі он күннің ішінде құбылмалы температуралар дәннің түпкілікті салмағына көп әсер ете қоймайды. Өсімдіктің басындағы дәннің қалыптасатын кезіндегі судың аз болуы сол дәннің санының кем болуына үлкен әсер етеді.
Қазіргі кезде Қазақстанның оңтүстік шығысында егілетін бидайдың көлемі 3,8 млн. гектар. Бұл Республика бойынша егілетін жалпы егіс көлемінің төрттен бірі, оның көпшілігі жаздық бидай болса, күздік бидай 10 млн. гектардан астам жерге егіледі.
Бидайды ғылыми тұрғыдан селекциялау 1909 жылы Шымкент уезінде Т.А.Титастың басшылығымен Красноводопад тәжірбие алаңының ашылуымен байланысты. Бұл жерде 1923 жылдан Красноводопад мемлекеттік селекция станциясында белгілі селекциянер А.К.Гольбек өз жұмысын бастады.[7] Оның негізгі жұмысы Орта Азия мен Қазақстанда аса көп орын алған мүлде қамтамасыз етілмеген қырлы жерлерге егуге лайық бидай сорттарын шығаруға байланысты селекциялаудан тұрды. Бұл ретте А.К.Гольбек 1923 жылы Кашкадарья облысындағы Карши ауданындағы кең таралған жергілікті бидаймен 1929 жылы жерсіндірілген Грекум -283 пен Грекум-289 сорттарыннан тұратын екі бағыт ең озық деп саналады. Ал оның "Красная звезда" (Қызылорда облысы, Қазалы ауланында өсетін бидайды сүрыптау арқылы шығарылған) атты бидай сорты кеңінен мәлім болды.[7]
А.К.Гольбек арандату аналитикалық әдіс дегенді ойлап тапты, мұндай селекция алудың барысында бидай тұқымы осы аталған сорт үшін тиімсіз деп табылған кезеңдерде себіледі: нәтижесінде тұқымның формасы жекелеген биологиялық типтерге бөлініп кетеді. Мысалы: "Красная звезданың" кәдімгі жазғы сортын сәуір айының аяғында егу арқылы биологиялық күздік бидай бағыты шығарылды, ал кейін Красноводопадская 49 деп аталды. Бұл әдіс гибриттік популяциямен жұмыс істегенде құндылық танытты.[9]
Қазгі кезде Қазақстанның оңтүстік шығысында бидайды секлекциялық жұмыстары 1971 жылы В.Р.Вильямс атындағы қазақ егіншілік ғылыми зерттеу институтының жанынан құрылған. Шығыс селекция орталығының басшылығымен жүзеге асырылды. Ол аталған институттан (1956 жылға дейін Алматы ГСС-і болған еді) басқа селекция жұмыстарын Красноводопад, Зыряновск мемлекеттік селекция станциялары, Қазақ ауылшаруашылық институты (қазіргі Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті) Қазақстан Республикасы, Ғылым Академиясының ботаника институты жүзеге асырып келеді[10].
Қазақ Егіншілік Ғылыми зерттеу институтында П.Ф.Федоров жергілікті бидайды АҚШ-тың GripLek сортымен будандастыру арқылы Алма-Атинская деп аталатын жаздық бидайдың жұмсақ сортын шығарды, ол 1956 жылы будандастырылды, ал гибридтен алынған Гибрид-57 (Закавказьедегі: Эритоспермум Украина) 1963 жылы аудандастырылады.
Қазақ егіншілік ғылыми зерттеу институты жанынан Шығыс селекция орталығын ұйымдастыруға байланысты оның қамтитын барлық аймағында селекциялаудың аса кең мүмкіндіктері ашылды. Оның негізінде жаздық және бидайларды селекциялау мен агроэкотиптердің ұзақ мерзімге жасалған комплексті бағдарламалар алынып отырды. Бұл ретте күздік және жаздық бидайлардың сорттарын селекциялау бойынша Оңтүстік Қазақстандық агроэкотиптік аспектілерді бағыт етіп отырған.
Шығыс селекциялық орталықтағы академик Р.А.Оразалиев пен оның шәкірттері И.А.Нұрпейісовтың басқаруындағы жаздық бидайдың аязға шыдамдылығын зерттеу, О.Ш.Шегебаевтың бидайды селекциялаудың генетикалық-биотехнологиялық аспектілерімен Гетерозис мәселелері жайлы жүргізген зерттеу жұмыстарын бөле-жара айтуға болады.
Ю.В.Перуанский бидайдың физиологиялық - биохимиялық принциптерін бастапқы және селекциялық материалдарының алшақ жасау К.К.Қожахметовтың бидайдың алыстатылған гибридизациясы жөніндегі зерттеу жұмыстарыда аса құнды деп есептелінеді.
Соңғы ондаған жылдардың ішінде Шығыс селекция орталығының селекционерлері П.Ф.Федоров., Н.Л.Удольская., А.Ф.Марко., Р.А.Оразалиев., О.Ш.Шегебаев, Т.С.Зусманович, Б.С.Сариев, В.В.Новохатин, С.Г.Абугалиев, С.И.Нурбеков және басқалар күздік және жаздық бидай сорттарын шығаруда айтарлықтай табыстарға қол жеткізді.Олар негізінен гибридттік популяция бағытымен сұрыпталып алынған төмендегідей күзгі бидай сорттары: Красноводопадская 210х, Безостая 1 1976 жылы аудандастырылған. Красноводопадская 26 (Красноводопадская 1 1986 жылы аудандастырылған Алма-Атинская полукарликовая 1), (Н-213708 (Италия) х Безостая 1 (Линия из кооператорки) х Безостая 1 1986 жылы аудандастырылған); Жаздық Уральская Юбилейная (Маркиз х Эритоспермум 841 х Альбидум 604), сорты 1979 жылы аудандастырылған, Казахстанская 3 сұрыптау (Безостая 1 популяциясы, Казахстанская 129, әртүрлі жағдайларда сынақтан өткізілген, 1980 жылы аудандастырылған), (Эритоспермум 74), (Казахстанская 126х Безостая 1) х Саратовская 29, 1982 жылы аудандастырылған). Әрбір селекционердің мақсаты неғұрлым мол өнім беретін бидай тұқымын шығару болып табылады. Бұл кез-келген селекциялық бағдарламаның ең басты кретерийі. Бидай өсімдігінің өнімділігіне, бидайдың әрбір өсімдігі сортының берерінің аз, көптігіне сыртқы факторлардың орасан зор әсері болады. Олар әр жылдарда вегетациялық мерзімінің барысына әртүрлі өзгерістерге ұшырай отырып, әрқилы әдістермен әсер етеді.[13]
Бидай сорты жоғары өнім беру үшін ең кемі оның өсімдігі мына төмендегідей үш түрлі шартқа жауап беруі тиіс:
1. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына қажетінше қарсы тұра білу;
2. Өзі өсіп тұрған ортаның пайдалы жағдайлары бар мүмкіндігінше қабылдай білу;
3. Жоғары өнімділік қасиеттерін өндірістік себу кезінде сақтау қажетті.
Бірінші талаптың орындалуы үшін бидай өсімдіктерін: аурулар мен бүлдіруші зиянкестерге комплексті түрде қарсы тұра алушылық, қысқа шыдамдылық (күздік түрлері үшін), құрғақшылыққа, ыстыққа қарсы шыдамдылық, әр аймақтың ерекшелігіне сай сабағының ұзындығына байланысты төселіп жатып қалмау сияқты ерекшеліктер тән болуға тиіс. Осы аталған белгілердің қайсысы болсада өте күрделі: сондықтан селекциялардың арнайы әдістерін қолданып отыруды талап етеді.
Н.И.Васильев (1935) селекциялық бағдарламалда міндеттерді қою әдісімен шешуді бірінші болып негіздеді. Оның бидайдың сорттылығына табыну жөнінде жазып кеткендері бүгінгі күнге дейін мән-мағынасын жоғалтқан жоқ. Бұл ретте бидай сортына деген талап аймақтардың жағдайына, селекция міндетінің өзгеруіне және ғылымның даму деңгейіне қарай уақытында жөнге салып отыруы қажет екендігі жөніндегі
Н.И.Васильевтың нұсқауы ескертіліп отыруы қажет. Ең таза деген сорттың фенотипін анықтау үшін бір-бірінен тіркемелі мүшелердің тығыз биогеннің аллеялары арқылы ғана ажыратылатын қисық сызықтардың аса үлкен маңызы болуы мүмкін. (Дорофеев В.А., Якубницп М.М., Руденко М.И. және басқалар, 1969 ж; Мережо А.Ф. 1980ж, Крупнов В.А. 1981-1984 ж; Коваль О.Ф. 1983ж). Неғұрлым көбірек таралған сорттардың негізінде осындай бағыттардың сериясын жасап, оларды әртүрлі аймақтарда салыстырмалы түрде сынақ арқылы мейлінше жоғары өнім алуда қалыптастыру үшін анықталған белгілердің қай дәрежедегі тиімді деген сұраққа жауап табуға болады. Селекциялық бағдарламаларды жоспарлау барысында сорттың популяция құрлымы жайлы генетиканың мәліметтердін ескерудің маңызы зор. Бұл реттегі бағыыт бойынша Ленинград мемлекеттік Университетінің генетика кафедрасында айтарлықтай жұмыстар жүргізілді.[11],[12],[13],[14],[15] ,[16] , бидайдың сорттарын таза бағыттық типке жатқыза отырып, оларға жыныстық автогомдық көбею, өсімдіктердің генотиптерінің гомозиготтығы, ал кейбір жағдайларда гетерогендіктің барлығына тән екендігін көретеді. Популяцияның мұндай қалпы өзінен-өзі тозаңданғанда сақталып, айқұм-ұйқым тозаңдану кезінде жоғалып кетеді. Мұның өзі популяциялық гомеостазаны сақтап тұрудың мехонизімдерінің бірі болса керек. Осы айтылғандарды ескере отырып жаңадан жасалатын сорттардың тиімді деген генетикалық құрылымын ертерек жоспарлағаны дұрыс. Бұл мақсатқа жету үшін будандастыру мен сұрыптау жүйесі қолданылады. Өнімділіктің көрсеткіштері әрбір аймақта өздерін нақты түрде байқата алғаннан кейін ғана сорттың үлгілері селекциялық барша процестің тиімділігін арттыруға өздерінің көмегін жасай алады. Мұның өзі сұрыптау жұмыстарын жұмыс процессі барысында қалыптасқан субъективті түрдегі көзқарасын ғана емес, ғылыми тұрғыдан негізделген нақты критерийлерге сүйеніп те жүргізуге болатындығына мүмкіндік береді.
Әдебиеттерде көрсетілгендей, жоғары өнімдерге қол жеткізетін бидай өсімдігінің құрлымы жөнінде қалыптасқан. Н.И.Вавиловтың (1957 ж) агроэкотип жайындағы өсімдіктің генетикалық шартпен сипатталатын концепциясына сай нақты экологиялық және агротехнологиялық жағдайлапда дамудың онтогенездік белгілерін байқатса, сорттың мейлінше жоғары өнімділігімен өнімінің арасындағы алшақтықты әлдеқайда қысқартуға болатындығы белгілі болды.
Алғашқы аналитикалық селекция Қызылсарқырамалы Мемселекбекетінде орналастырылған. Жергілікті жердің жағдайына бейімделген ерте пісетін сорттардың және бітік астықты алу міндеті қойылған, яғни жеке сұрыптау әдісі арқылы қаттылығы бойынша әртүрлі биік богарлардың белдеулеріне өсіру, нәтижесінде бұл өзін-өзі ақтады. Бұл кезеңде күздік бидайдың Грекул 433 және Альборубрум 22308 сорттары алынып, 1954 ж аудандастырылды және Шымкент, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, сонымен қатар Түркмен және Өзбек республикаларында өте көп таралды. Бұл сорттар оңтүстік Қазақстанда А.И.Гильбеков және орталық Азияда көптен өсірілетін, жергілікті аборигенді сорттардан жеке сұрыптау әдісі арқылы алынған.[19]
Алматы селекциялық станцияларында Алматы облыстарында өсірілетін күздік бидайдың сорттарын шығару жұмыстары басталды.
Селекциялық жұмыстардың басында жергілікті материалдарды жинау үшін экспедициялық жұмыстар жүргізілетін орындар болады. Қазіргі кезде, Оңтүстік Шығыс Қазақстан өңірінің стресстік жағдайына бейімделген, ауру - зинкестерге төзімді жоғары өнімді және сапалы бидай сортын шығару мақсатында күздік бидай селекциясының бастапқы материлдарын алу экологиялық селекцияның өзекті мәселесі болып табылады.
Селекциялық материялдар ең алдымен Кавказда өсірілетін күздік қатты бидай үлгілерінен және Қазақстанның оңтүстік облыстарында, Талдықорған, Алматы және шығыс Қазақстан облыстарында кездесетін жергілікті материялдардан және Ресейдің европалық бөлігіндегі тасымалы үлгілерден алынды. Алайда, 50 жылдарға дейін нәтижесі жақсы құнды сорттар алуға қол жетпеді.
Қызылсарқылмалы Мемлекеттік селекция бекетінде төмендеген жылу режимімен және қысы жиі жауын-шашынды болатын жылдары бидайдың татпен зақымдану қаупінің болатындығын көрсетті. Осыған байланысты облыстардағы төрт биік белдеулерде сорттық сынақтар ұйымдастырылды: Қараспанда (қамтамасыз етілмеген богарлар), Қызыл сарқырамада (жартылай қамтамасыз етілген богарлар), қарабау және Тасқынды (Бурном) (қамтамсыз етілген). Будандастыру әдісіне бағытталған селекциялық жұмыстар 1944-1945 ж.ж. толығымен жүргізілді және қарсыз, экологиялық жағдайлары әртүрлі жерлерде селекциялық меһатериалдар сыналды.[7]
Күздік қатты бидайдың 12 сорттарынан цитоплазма негізінде стерильді аналогтар МС-Безостая 1, МС-Мироновская 808 және МС-Бизон формалары шығарылды. Фертилділікті және ұрықтандыруды туғызатын қалыпты жағдай таңдалып алынды.
Құрғақ далалы аймақта, тау етегінде және таулы аймақ жағдайында фертилділіктің қалпына келуі және ұрықтандырудың әртүрлі дәрежесі анықталды, онда сыртқы орта жағдайлары және генотиптің қатысы көрсетілген.[3],[9]
Гетерозистің пайда болу ерекшеліктерін және фетилділікті қалпына келтіруші және цитоплазмалық аталық ұрық негізіндегі күздік бидайдың сорт аралық гибридтеріндегі дәндердің технологиялық қасиеттерінің тұқым қуалауын жете зерттеді.
Жұмсақ бидайдың сорттарын және гетерозистің гибридтердің фотосинтетикалық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеді.
Факультативті және жаздық бидайды шығару заңдылықтарын зерттеді.
Қазақстанда 1972-1974 ж.ж. алғаш рет Р.А.Уразалиевтің басшылығымен бидай селекциясы бойынша тірек пункттерінде үлкен экологиялық тармақ құрылды, нәтижесінде Қазақстанның әртүрлі табиғи-климатты аймақтарында көлемді селекциялық-гентикалық жұмыстар дамыды.[10],[11],[12],[15]
Гибридті константы генотиптердің белоктық формуласы селекциялық процестің ерте кезеңінде болашақсыз материалдарды аластау үшін пайдалануы мүмкін екендігі дәлелденді [8]
"ОПАКС" бағдарламасын жүзеге асыру барысында селекцияның методикалық негізін атқаратын іздену және теориялық зерттеулерді жүогізді. Көбінесе И.А.Нурпеисов 1977-1982 ж.ж. қысқа беріктіктің басты лимиттеуші факторы ретінде суыққа төзімділікке генетикалық-селекциялық зерттеулер жасады. Зерттеулерден сорт аралық гибридтерде суыққа төзімділік қасиеттері негізінен аралық және доминанттың көп жағдайда басым болуы нәтижесінде берілетіндігі дәлелденді және үстінен доминанттық деңгейі біршама төмен болатындығы байқалды. Суыққа төзімді формаларды мақсатқа байланысты екі кезеңге бөледі: гибридттердің ерте (F1 және F3) және кейінгі ұрпағы[15].
Академик Р.А.Уразалиев өзінің шәкірттерімен және әріптестерімен бірге ізденістер мен теориялық зерттеу жүргізу нәтижесінде сорттық үлгілердің негізін анықтауға мүмкіндік берді және 10 шақты контрасты экологиялық тірек пункттерінде кең көлемде селекциялық жұмыстың алып қарқыны анықталды. Көпжылдық (40 жыл) селекциялық-гентикалық жұмыстардың нәтижесінде Шығыс селекциялық орталықтарында және көбінесе дәнді дақыл селекциясында қазіргі уақытта біздің елімізде және оның ішінде шығыс селекциялық орталықтарында 30 жыл бойы сорттар егілуде. Бұдан былай сорттық потенциял біршама артқан және әр аймаққа бейімделген бидай сорттары болды: егін шаруашылығының Қазақ ҒЗИ таулы, суармалы, суарылмайтын және құрғақ далалы агроэкотиптері шығарылды. Оның ішінде Қазақстан бойынша Орталық Азия аудандарында сорттар кең көлемде аудандастырылды: Богорная 56, Прогресс, Қарлығаш, Пиротрикс 50, Наз, Дербес, Раусин, Арап, Алмалы, Сапалы, Юбилейная 60, Южная 12, Жетісу, Стекловидная 24, Эритоспермум 350, Актерекская, Казахстанская 10; ГСС Қызылсарқырамада: Красноводопадская 210, Красноводопадская 25, Память 47, Октябрина . Сонымен, Стекловидная 24, Жетысу, Наз, Алмалы, Казахстанская 10 сорттары өте көп аудандастырылған. Қиыр оңтүстікте Стекловидная 24, Южная 12 егілді. 2007 жылдан бастап ҚазӨҚҒЗИ (ҚазНИИЗР) сорттардың жаңа ұрпағы аудандастырылды: Алия, Егемен, Алем, Жадра, Қарасай және факультативті сорт Нуреке, Трактила таза сорттары. Қазақстан селекциясында жалпы сорт санының 25 немесе 90 % пайдалануға жарамда күздік бидай сорттары болып табылады. Алмалы, Наз, Егемен, Сапалы; Арап, Нуреке, Майра, Алия, жаңа сорттары ерекше қызығушылық тудырады, олар тат басу, қара күйе, септориоз, жапырақтың дақтануы, тамырдың шіруі сияқты өте қауіпті патогендерге төзімділігімен ерекшеленеді, ал Юбилейная 60 және перспективті - Нуреке, Реке, Мереке 70 сорттарының өнімділіг жоғары, ол өте күшті сорт алудың кепелі-жақсартушы болып табылады. Жалпы Қазақстанда егілетін күздік бидай сорттары 800 мың гектарды алып жатыр. Олардың арасында ҚазӨҚҒЗИ (КазНИИЗР) 80% немес 600 гектар егілді. Көбінесе Қазақстанда күздік бидайдың 94% егілді. Көбінесе Стекловидная 24, Богорная 56, Наз сорттар егілді [19].

2 ТӘЖІРБИЕ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ ЖАҒДАЙЛАРЫ,
ӘДІСТЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДАРЫ.

2.1 Топырақ-климаттық жағдайы.
Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу учаскісінің тәжірбие шаруашылық териториясы, гидротермикалық коэфиценті 0,7-ге тең, климаты қоңыржай, континентальды тау бөктері (предгорная) аймағында орналасқан.
Ауаның температурасы қарашаның 1-ші онкүндігінен бастап минус (-1) градусқа, ал кейбір жылдары бұл, ауысу желтоқсанның 2-ші онкүндігіне дейін созылуы мүмкін. Қар жамылғысы 85-100 тәулікке дейін жатады. Қар қалыңдығы 20-35 см дейін болады. Қысты күні ауа райы күрт жылынып кейбір жылдары қар еріп кетуі байқалады. Тәжірбие шаруашылығы орналасқан жерде ауа температурасының абслютті минимумы -36°С көрсетті.
Ауа температурасының 0°С-ке көтерілуі наурыздың екінші онкүндігінде байқалады. Көктемгі мезгіл 30-50 күнге созылады да, ауа температурасы тез көтеріледі.
Үсіксіз кезеңнің ұзақтығы 150-170 тәулікті құрады. Көктемде топырақта ылғал көбінесе наурыз-мамыр айларында жауған жауын-шашын мөлшерінің жартысы келеді.
Ауаның максималды температурасы +35°С көктемде байқалған. Жазғы кезең 120-180 тәулікке созылады. Ыстық кезең сәуірдің екінші онкүндігінде басталады. Орташа ауа температурасы +20 - +24°С. Жазғы кезеңде ауаның қолайлы температура жиынтығы 3450- 3750°С (0°С жоғары),
ал +10°С жоғары жиынтығы 3100-3400°С аралығында. Ауаның орташа ылғалдығы 55-60% шамаларында. Жазда жауын шашын
мөлшері көктемге қарағанда 2-3 азаяды, бірақ кейбір жылдары бір тәулікте бір айда жауатын жауын мөлшері түсуі мүмкін.
Ауа температурасының күзгі 15°С төмендеуі қыркүйектің үшінші онкүндігінде басталады.
Тәжірбие жүргізген жердің ауа райының сипаттамасы Есік метеостанциясының мәліметтері бойынша алынады. Бұл метеостанция тау бөктерінде орналасқан да біздің зерттеу жүргізген жерге жақын орналасқан.
2.1 кестеден көргендей бұл жерде орташа көпжылдық жауын-шашын мөлшері 540 мм.
Ауаның жылы кезеңінде оның 300 мм жауын-шашын түседі. Ауаның орташа температурасы +8°С шамасында.
Көпжылдық орташа ауа ылғалдылығы 49,2 мм шамасында.
2010 жылы жауын-шашын мөлшері көпжылдық мәліметке сәйкес сәуір, мамыр айларында орташа көрсеткіштен төмендеу болды. Күз кездері де жауын-шашын орташа көрсеткіштен аздау болды.

2 кесте
Егістік алаңының агрофизикалық көрсеткіштері
Гаризонттар
(қабаты)
Көлемдік салмақ
гсм³
Жалпы кеуектілік,
%
Топырақтың агрегаттық құрамы

10-0,25 мм агрегаттар
Құрылым коэффиценті
%
Суға төзімді агрегаттар жиынтығы, %
0-10
1,27
51,2
76,7
3,3
34,1
10-20
1,33
48,8
73,4
2,8
30,8
20-30
1,40
46,1
68,3
2,2
29,5
30-40
1,48
44,6
62,8
1,6
29,3
0-40
1,37
47,3
70,3
2,6
30,9

Тәжірбие алаңының шалғынды қоңыр топырағының 0-20 см қабатының механикалық құрамы орташа саздықты, тереңдеген сайын ауырлай береді. Профильдер бойынша, физикалық саздың мазмұны 41,8 - 50,0 % құрайды.
Бұзылмаған топырақ қабатына толық сипаттама беру үшін, жалпы кеуектілігін анықтайды. Кеуектілік - топырақ қасиеттерінің маңызды көрсеткіштерінің бірі, ол негізінен су және ауа режимдерімен сипатталады.
Топырақ қабатының орналасу тереңдігіне байланысты кеуектілігі 44,6 - 51,2 % арасында ауытқыды.
Н.А. Качинскийдің шкаласына сүйеніп, топырақтың жоғары қабатының кеуектілігі - қанағаттанарлық, ал 20-40см қабатының кеуектілігі қанағаттандырғысыз деп есептеуге болады.
Су және ауа режимдерінің оңтайлы жағдайлары ұсақ түйірлі және дәнді құрлымды топыраққа жасалады. Қазіргі кезде топырақ құрылымын агрегаттардың мөлшеріне байланысты 3 топқа бөлінеді: түйірлі (агрегаттары
0,25 мм); микроқұрлымды (агрегаттары 0,25 мм). П.А. Костычев ұсынысы бойынша, топырақ құрлымын суға берік (агрономилық бағалы) және берік емес деп сипаттаған.
Біздің анықтауымыз бойынша, тәжірбие алаңшасының топырағының құрамы және суға беріктілігі алғы егіске байланысты болды. Жалпы топырақтағы 0,25 - 10,0мм мөлшердегі агрегаттар 60,5 - 79,7% құрады. Топырақтың құрылым коэфиценттерінің көсетуі бойынша, учаскінің топырағының құрылымы қанағаттанарлық, сондықтан ауылшаруашылыдақылдар өсіруге қолайлы.
Зерттеу жүргізілген жердің топырақ - климат жағдайына талдау жасай келе, төмендегідей Қазақ Егіншілік және өсімдік шаруашылығы институтының теориясының топырақ климат жағдайы ауылшаруашылығының дәнді дақылдарын өсіруге және одан мол өнім алуға мүмкіндіктер береді.
Ізденіс жүргізілген жердің табиғи өсімдіктері қоңырбасты әртүрлі шөпті және жусанды эфемер ассоциалармен берілген. Табиғи өсімдік жамылғысы жатаған бидайдық (Agropyron repens ), жима тарғақ (Dactylis glomerata ), еркекшөп (Agropyron desertorum), тарлау (Elumis gigantens), шалғынды қоңырбас (Peapzatensis), шалғынды атқонақ (Phleum pratense), қамыс құрғақ (Phragmites comunis). Көктем мезгілінде эфемерлер (Pea bulbosa ) кең тараған. Табиғи өсімдіктер негізінен көктемгі, жазғы және күздік жайылымға пайдаланылып, өнімділігі 6,8 цга, өзен бойында шалғынды қоңырбасты әртүрлі шөптер дамыған және олар көбіне шбындыққа пайдаланылады, орташа өнімділігі 15 цга.
Жоғарғы агроклиматтық және топырақ құрылымы мәліметтері бойынша "Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының" тәжірибелік учаскелері күздік бидай дақылын өсіруге өте қолайлы.

2.2 Тәжірбиелік зерттеу жұмысының мақсаты,
әдістері және материалдары.

Дүние жүзі үлгілерінің ішінен бидай селекциясының барлық талаптарын қанағаттандыратын дайын сортты табу өте қиын, сондықтан дүниежүзілік әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күздік бидай сорттарының өнімділігі
Күздік бидай сорттарының салыстырмалы дән өнімділігі және оның құрылымы
Қазақстанда арпа селекциясының қалыптасуы
Күздік жұмсақ бидайдың суыққа төзімділігі
Күздік арпаның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Күздік бидайдың халық шаруашылығындағы маңызы
Республиканың оңтүстік-шығыс аймағында күздік бидайдың ақ ұнтақ ауруының таралуын және зияндылығын анықтау
Астық тұқымдастарына сипаттама
Түр аралық будандастырудан алынған будандардың селекциялық генетикалық ерекшеліктерін зерттеу
Қазақстанның оңтүстік шығыс жағдайында жаздық қатты бидай сортүлгілерінен селекцияның бастапқы материалдарын құру
Пәндер