Үшінші түрік қағанатының (ұйғыр) кейбір мәселелері
1 Тоғыз.оғыз және ұйғырға байланысты тарихи деректер
2 Ұйғыр қағанатын құраған тайпалардың шығу тегі

Ғылыми еңбектерде тоғыз-оғыз және ұйғыр мәселесі бүгінге дейін көп уақыт бойы талас тудырып келеді. Тоғыз-оғыз және ұйғырға байланысты тарихи деректер қытайдың ресми жылнамаларында (Вэй шу, б.103; СТШ.б.195;Суй шу, б.84; СТШ. б. 217; Цэ фу юань гуй; Ляо ши), Реі-сһенің (Ріеn-i Tien) XVIII ғасырда қайта құрастырылған Сүй шудің жаңа нұсқасында; байрғы түрік ұстындарында (Орда-балық, КТ, БК, МШУ, Тұй-ұқұқ, КЧ, Тэс, Теркін); М.Қашқари сөздігінде, мұсылман деректерінде едәуір жақсы сақталған.
Тоғыз-оғыз және ұйғыр проблемасымен Ресейлік В.В. Бартольд (2. с.491), В.В.Радлов (28), М.П.Мелиоранский, А.Г.Малявкин (17, 18), Канадалық Э.Пуллибланк (26. рр.35-42), еуропалық Ж.Р.Гамилтон (5. рр23-69), Лю Маоцай (15.212,591-592), К.Маккерaс (20), қытайлық Фэн Цзя-чэн, Чэн суло, Му Гуан вэнь (36. ч.І.ІІ), Чэнь Чжумянь (1958), сияқты көптеген ғалымдар еңбектерін арнады.
Ұйғыр проблемасына байланысты әлемнің белді де белгілі синолгтары Н.Я.Бичурин, Ф.Хирт, Э.Шабанналардың заманынан бері әбден қалыптасып, қозғалтуға болмайтындай болып қалған ғылыми қиғаш түсініктерге қазіргі заман синологтар мен түркологтары сын көзбен қарай бастады. Әлемнің түріктанушы жаңа толқыны бұрынғы консервативтік көзқарастан арылып жаңа ізденістерге шыға бастады. Бұл топта жапондық Т. Ханэда (35. рр.157-324), А. Катаяма (12. рр.39-55), қытайлық Лю Мэйсун (16. рр.97-103), Қазақстандық Қ.Сартқожаұлы (29. 23-65 б.); (30. 109-114.бб.), Т.Зәкенұлы (30. 109-114.бб; 8, 240-269. бб), Б.Еженханұлы (2006, 23-64.бб), Ж.Ошан (23. 268-338; 22,476-480.бб) т.т.с.с. зерттеушілер бар.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан кейін зерттушілер ұйғырлардың шығу тегіне байланысты «Сюнну→ гаочэ → чилэ (чили) → теле (тегрег~терег) → хуйэхэ» деген қалыптасқан үлгіге сын көзбен қарап, аса сақтықпен сараптама жасай отырып, жаңа нәтижелерге қол жеткізті. Осы мәселелерге тікелей байланысты бұған дейінгі зерттулерге сүйене отырып гао-гэ (као-кіu), теле (Тһіәк-lәк), оғұз (wou-ho), ұйғыр (хуй-хэ), Иоллуғ(уао-1о-ко) сияқты атауларға сараптама жасауды жөн көрдік.

1. Банзаров Д. Об ойратах и уйгурах. //Собрание сочинения. 1958,с.184
2. Бартольд В.В. Сочинения. Т. ІІ. Ч. І. –М., 1963.
3. Бичурин Н.Я. Бичурин Н.Я. (Иакиеф). Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. Т.І. – М.-Л., 1950.
4. Bazin L. Les calendriers turc anciens et medievaux. Lille, 1974
5. Hamilton J. Toquz-oquz et on-uyγur// JA. 1962.T. 250.
6. Грумм-Гржимайло. Западная Монголия и Урянхайский край. Т. II. Л.., 1962.
7. Дестунис С. Византийские историки. СПб. , 1860.
8. Зәкенұлы Т. Көне Түркі ескрткіштеріндегі Қытай жазбалары.ҮІІ-ХІІ ғғ. Өскемен. 2008.
9. Czeglédy K. On the numerical composition of the ancient Turkish tribal confederatin // AOH. 1972. T. XXV.
10. Jutaka Joshida. Some new reading of the Sogdian version of the Karabalgasun inscription // Documents et archives provenant de l’Asie Centrale. Edite par Akiza Haneda. Kyoto.1990.
11. Karlgren B. Gramata Serica Resensa. Gőteberg, 1964.
12. Катаяма А. Токуз-окуз то «кюсей» но сомёндай-ни цуите (О проблемах касающихся токуз-огузов и девяти фамили ) //Сигаку дзасси. 1981. Т. 90. №12.
13. Klaproth J. Sur quelques antiquites de la Sibirie// JA. 1823.T. II.
14. Кононов. Родословная туркмен. Сочинение Абу-л-Гази, хана Хивинского. -М-Л., 1958.
15. Liu Mau-tsai. Die chainesischen Nachirichten zur Geschichte der Ost-Türken.Bd. I-II. Wiesbaden, 1958 (Gottinger Asiatischer Forchungen.Bd.X).
16. Лю Мэйсун. Ұйғырлардың өз атын “құйғыр” деп өзгертуі жайында.1980,№1.-103б.
17. Малявкин А.Г. Историческая география Центральной Азии. -Новосибирск. 1981.
18. Малявкин А.Г. Танские хроники о государствах Центральной Азии. Новосибирск, 1989.
19. Малявкин А.Г. Уйгурские государство в IХ-XII. в.в. Новосибирск.1983.
20. Mackerras C. The Uighur Empire (744-840) According to the T’ang Dynastic Histories. Canberra. 1968.
21. Мори М. Кодай торуко миндзоку си кенную (исследоваения по истории древних тюрков). Токио. 1971.
22. Ошан Ж. Хуэйхэ, хуэйху және хузхур // Еуразияшылдық идеасы контексіндегі Қазақстан түріктануы (халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның мақалалар жинағы) -Астана. 2009.
23. Ошан Ж. Еженханұлы Б. Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. ІҮ том. Әулеттік тарихи жылнамалар 2-бөлім. Алматы.2006.
24. Pelliot P. L`origine de T`ou-kiue; nom chinos des Turks // TP. vol.XVI. 1915.
25. Pulleyblank E.G. A Sogdian colony in der Mongolia // TP, vol. 41, 1952.
26. Pulleyblank E.G. ‘Some Remarks on the Toquzoghuz Problem’ // Ural-Altaische Jahrbücher 28. 1956.
27. Рашид-ад-дин. Сборник летописей (Пер. с персидского Л.А. Хетагурова). -М-Л., 1952. т.1. ч.1.
28. Радлов В.В. К Вопросу об Уйгурах. ( Из предисловия к изданию Кутадгу-билика). СПб. 1893.
29. Харжаубай С. Тогуз-оғуз және Он-уйгур // АС. УБ:, 1982, -23-63 .бб
30. Сартқожаұлы Қ., Зәкенұлы Т. Ұйғыр Ордасы және қазақ жеріндегі оғыздар мен ұйғырлар // Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Хабаршысы. 2005. №1. 109-119 б.

Үшінші Түрік қағанатының (ұйғыр) кейбір мәселелері
Ғылыми еңбектерде тоғыз-оғыз және ұйғыр мәселесі бүгінге дейін көп
уақыт бойы талас тудырып келеді. Тоғыз-оғыз және ұйғырға байланысты тарихи
деректер қытайдың ресми жылнамаларында (Вэй шу, б.103; СТШ.б.195;Суй шу,
б.84; СТШ. б. 217; Цэ фу юань гуй; Ляо ши), Реі-сһенің (Ріеn-i Tien) XVIII
ғасырда қайта құрастырылған Сүй шудің жаңа нұсқасында; байрғы түрік
ұстындарында (Орда-балық, КТ, БК, МШУ, Тұй-ұқұқ, КЧ, Тэс, Теркін);
М.Қашқари сөздігінде, мұсылман деректерінде едәуір жақсы сақталған.
Тоғыз-оғыз және ұйғыр проблемасымен Ресейлік В.В. Бартольд (2.
с.491), В.В.Радлов (28), М.П.Мелиоранский, А.Г.Малявкин (17, 18), Канадалық
Э.Пуллибланк (26. рр.35-42), еуропалық Ж.Р.Гамилтон (5. рр23-69), Лю Маоцай
(15.212,591-592), К.Маккерaс (20), қытайлық Фэн Цзя-чэн, Чэн суло, Му Гуан
вэнь (36. ч.І.ІІ), Чэнь Чжумянь (1958), сияқты көптеген ғалымдар еңбектерін
арнады.
Ұйғыр проблемасына байланысты әлемнің белді де белгілі синолгтары
Н.Я.Бичурин, Ф.Хирт, Э.Шабанналардың заманынан бері әбден қалыптасып,
қозғалтуға болмайтындай болып қалған ғылыми қиғаш түсініктерге қазіргі
заман синологтар мен түркологтары сын көзбен қарай бастады. Әлемнің
түріктанушы жаңа толқыны бұрынғы консервативтік көзқарастан арылып жаңа
ізденістерге шыға бастады. Бұл топта жапондық Т. Ханэда (35. рр.157-324),
А. Катаяма (12. рр.39-55), қытайлық Лю Мэйсун (16. рр.97-103), Қазақстандық
Қ.Сартқожаұлы (29. 23-65 б.); (30. 109-114.бб.), Т.Зәкенұлы (30. 109-
114.бб; 8, 240-269. бб), Б.Еженханұлы (2006, 23-64.бб), Ж.Ошан (23. 268-
338; 22,476-480.бб) т.т.с.с. зерттеушілер бар.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан кейін зерттушілер ұйғырлардың шығу
тегіне байланысты Сюнну→ гаочэ → чилэ (чили) → теле (тегрег~терег) →
хуйэхэ деген қалыптасқан үлгіге сын көзбен қарап, аса сақтықпен сараптама
жасай отырып, жаңа нәтижелерге қол жеткізті. Осы мәселелерге тікелей
байланысты бұған дейінгі зерттулерге сүйене отырып гао-гэ (као-кіu), теле
(Тһіәк-lәк), оғұз (wou-ho), ұйғыр (хуй-хэ), Иоллуғ(уао-1о-ко) сияқты
атауларға сараптама жасауды жөн көрдік.
І. 1. Ұйғыр қағанатын құраған тайпалардың шығу тегіне байланысты
қытай деректерінде көп ақпарат сақталған. Осы материалдарды зерттеген
зерттеушілер ұйғырлардың арғы тегі деп атап келген сеп, гао-чэ, дин-лин,
телэ, чилэ, т.т.с.с тайпаларды түрік этносынан бөліп алып қарастырып келген-
ді. Сондықтан біздің тарапымыздан гао-чэ, дин-лин, телэ, проблемасына
сараптамамызды жүргізуді жөн көрдік.
1.1. Биік арбалы гао-чэ (као-кіu) Динлиндерге (Ting-ling≈tieng-lieng)
байланысты қытайдың ХШ (бөлім. 96А), ШЦ (б.123), СТШ (б.221 Б), СШУ
(б.14А), ТД (б.197), ВСТК (б.342), ТПХЮЦ (б.194) түпдеректердегі
ақпараттарды саралап сараптаған Чэн Чжумянь (39. 913б), А.Г.Малявкин
(18.с.201-202, К.355,356); Б.Еженханұлы (23, 47-49б; К.157;-56б,к.1) сияқты
ғалымдардың жасаған тұжырымдамасы түрік текті, түркі тайпалар одағы екенін
дәлелдеген.
1.2. Тһіәк-lәк (чилэ=чили), Ті-lint’lәk-іәk (тили), Th`e-lo~t`iәk-lәk
(теле), tek-lek (terek) атауға байланысты қытайдың СШу (б.199Б), ЦТШ
(б.96), СТШ (б.217), БШУ (б.103) деректеріне сүйене отырып, әлемнің белгілі
синологтары Ж.Р.Гамилтон (5, 23-64), Чэнь Чжумянь (39, 679-
680,692,715.б.б), Мори (21, р.53), Т.Ханэда (35), Х.Мацуда (39),
А.Г.Малявкин (17, с.83,к; 29; 92,148), Б.Еженхан (23, 56 б, к,1) сараптама
жасады. Олар, чили (чилэ), теле (тили~тегрек) атаулары әртүрлі кезеңде әр
қилы жазылып келген түрік деген атаудың қытай иероглифімен белгілеген әр
түрлі жазылымы. Қытай иероглифімен шет тілінің атауларын түсіру өте күрделі
мәселе. Шежіре жазушы немесе тарихи белгілеу жазушы қытай авторларына
шетелдік жат сөздер қалай естілсе (жекелеген авторға) солай белгілей
берген. Өйтсе басқа тілдің дыбысын қытайлық автор қалай қабылдаса, солайша
белгілей берген. Осы сөзіміздің дәлелі мынау: Іліг қағанның аты қытай
нұсқаларында 20 түрмен, тегін (tegin) атауы 49 түрмен, Өтүкен (őtűken)
атауы 15 түрмен жазылған.
Жоғарыдағы ғылыми сараптамалар мен зерттеулер б.з.б биік арбалы (гао-
чэ=kao-kiu) динлиндер, кейінгі тили, чилэ; тили-теле, тегрек terek
атулары түрік атауының әр кезеңде әртүрлі жазылып сақталған формасы деп
түсінгеніміз жөн сияқты.
ІІ. 2.1. Орталық Азияда ертеорта ғасыр дәуірінде шығысы Хянганнан
батысы Алтай-Саян, Тарбағатай аймағында түркі текті қалың ұсақ тайпалар
мекендеді. Ол тайпаларды қытай дерегінде у-ху, у-гэ, юань хэ, вэй-хэ деп
белгілеген. Бұл атауларды әлемнің белді де белгілі синолгтары В. Томсен
(1896, с.148), Э.Пуллинблак, Ж.Р.Гамилтон, К.Маккерас сияқты ғалымдар, сол
дәуірдегі қытай иероглифтерінің дыбысталу оқылымына бейімдеп жасаған
В.Карлгреннің (Kаrlgren.1964) транскрипциясын пайдалана отырып жоғарыдағы
тайпалар атауының транскрипциясын жасаған еді. Онда; uo-γuət~wou-ho~*у-ху;
uo-γuo~*wou-hou~*у-гэ; jiwan-γuət~*yuan-ho~*ювэньхэ; wou-hou~*wei-ge ~вэй-
гэ.
Мұндағы транскрипциялар дыбысталу жағында, тарихи деректік жағынан да,
атаудың этникалық және саяси жағынан да алып қарастырғанда “oγuz” деп
жаңғырту “ujγur” деп оқуға қарағанда анағұрлым жақын әрі дөп келетінін
көрсетеді. Осылайша жаңғыртпа жасауды Жапон ғалымы Т.Ханэда (35, рр.157-
324), Қазақстандық талантты жас ғалым Ж.Ошан (22, 476 б), С.Харжубай (29,
23-63 б.) Т.Зәкенұлы сияқты қазіргі заман синологтар мен түркологтар ұсынып
келеді. Орталық Азиядағы бұл ұсақ тайпалар (гао-чэ), динли, тили, теле,
деген деген атаумен қатар, Хань дәуірінен бері үзілмей wou-wan, uo-γuon (у-
ху, у-гэ) деген атаумен қытайдың тарихи деректерінде белгіленген.
Хан патшалығының дәуірінде wou-wan, uo-γuon тайпаларының аты аталады.
Бұл тағы да “oγuz” атауының б.з.б. хатқа түсіп белгіленуі. Мұсылман
деректерінде “γūz, γuzzi”; Византия деректерінде “uz” деген түрмен
белгіленген. “Oγuz” атауының этимологиясымен И.Маркварт (oq-оқ, -uz-адам),
А.Немет (oq-оқ, –“z”-қандай бір жұрнақ), О.Прицак (oq[loqu]=оқ,тайпа),
Л.Базен (őgűz-жас бұқа), М.Будберг (ugur –мүйіз, oγuz-мүйізді ат), П.Пелио
(оγuš~oguz=әулет) деген зерттеулерден кейін Д.Банзаров ( oq-ру, -“uz”-
көптік жалғауы- , с.184)(14, 84) деген анализ жасап, оγuz сөзінің
мағанасы тайпа екенін дәлелдеп берді. Бүгінгі күні барлық түркологтар
Д.Банзаровтың тұжырымдамасын толық қабылдады. Ежелгі Хан дәуірінен б.з. VI-
VII ғғ. дейін бүгінгі Монгол даласында “oγuz” деген жалпылама атаумен
аталған ұсақ түркі тайпаларының жиынтық атауы. Кейін бұл қалың “oγuz”
тайпалары әртүрлі қуатты тайпалардың құрамына еніп іріктеле отырып, соңында
Тоғыз-оғұз конфедерациясына біріккен. Күш қуаты нығая келе осы “oγuz”
тайпалары Кіндік Азияға билік жүргізу үшін Қыпшақ конфедерациясымен
бәсекелесе бастады. Кіндік Азияның көшпелі түрік тайпаларының ішінде оғұз
тобы мен қыпшақ конфедерациясынан басқа тайпалар Орталық Азия аймағына
билік жүргізуге дайын емес еді.
2.2. Кіндік Азиядағы бүгінгі Моңғолия Республикасының жерінде б.з. І-
Х.ғғ теле (түрік) тайпаларын Көк түріктердің өздері жазып қалдырған
Күлтегін, Білге қаған, Тұй-ұқұқ, Онгин, Тэс, Теркін т.т.с.с ескерткіш
мәтіндерінде Тоғыз-оғұз деп көктасқа қашап тұрып жазып қалдырған. Оғұздың
ұсақ тайпалары бір тудың астына бірігіп, өздерінің атауына тоғыз сандық
символын қосып атап, тоғыз-оғұз атауын қалыптастырды. Оғұздардың өздері
қалыптастырған осы атауды ҮІ-ҮІІ.ғғ бастап тоғыз деген сандық артикул
қытайдың ресми деректеріне енгізілді. Кейін б.з. 744-745 ж.ж Уйғыр
қағанатын орнатушылар осы тайпалық одақ екенін дәлелдейтін тарихи
ақпараттар жақсы сақталған. Бұған байланысты бірнеше тарихи деректерді алға
тартуға болады. Онда:
а) Ұйғыр қағанатының 824-жылдары Орда тарапынан тұрғызған Ай Теңірде Құт
болмыш Алып Білге қаған ұстынының соғды нұсқасының екінші жолында; Ұлы
Түркілердің әлем билеушісі Ай Теңірде Құт болмыш оғұз ханзадаларына
(wγwztykyn’wk’) өгелеріне (абыздарына) осы мәңгітас (ескерткіш) тұрғыздық
(Ov.sogd.2) деген ақпарат жазылған Соғд мәтінінің үшінші жолында тоғыз-
оғұз Ел-өгесі (δw(’wz)’ wγwz ‘yl’ ‘wk’sy ‘l-p ynčw pγ trγan) Алып Ынанчу
Баға-тархан (Ov.sogd.3) деген дерек және сақталған. Бұл тарихи деректер
Ұйғыр қағанатының билеуші тайпасы, қағанаттың титулдық тайпасы “oγuz” –дар
соның ішінде тоғұз-оғұздар екенін дәлелдейді. Дәл осы сөйлем осы ұстынның
қытай мәтінінде былайша қайталанады: Тоғыз-құзқұр (қырғи) Ай Теңірде Құт
болмыш Алып Білге қағанның киелі жазу, қасиетті қару ескерткіші
(Ov.china.1.) . Соғды мәтінінде оғұз, тоғұз-оғұз деп ақпаратты анықтап
тұрып қайталап берген. Мұның сыртында 760 жылы тұрғызған Ұйғырдың Ел-етміш
Білге қаған ұстынына тоғыз-оғұз, он-ұйғур (МШУ.І.1) деп жазылған. Әуелі
тоғыз-оғұз одан соң ғана он-ұйғур атауы. Бұл нақты деректер Ұйғур
қағанатын орнатушы билік тайпасы тоғыз-оғұздар екенін даусыз дәлелдейді.
Б.з. ҮІ-ҮІІІ.ғғ аралығында Кіндік Азиядағы ұсақ тайпалардың күш қуаты
артып, экономикасы нығайған сайын өз ара бәсекелестікке түсе бастаған. Осы
кезеңнен бастап өздерінің қуаттылығын, толысқандығын көрсетіп, басқамен
терезесі тең тайпа екенін паш ету үшін түркі монғол халықтарының дүние
танымында қасиетті саналған 9 (тоғыз) санын тайпа атауына артикул
ретінде қосып атай бастаған (9. р.279). Түріктермен монғол халықтары
басқаға сый ұсынса тоғыз-тоғыздан береді. Қыз ұзатса тоғыз-тоғыздан жасауын
жасайды. Айдың, күннің құбылысын тоғыз амалмен есептейді. т.т.с.с.
Сондықтан тоғыз символдық атау. Тоғыз-оғұз аталған тайпалардың саны тоғыз
емес мүмкін одан да көп. Сөйтіп ұсақ тайпалардың өзара бірігуі, бір-біріне
кірігуі арқылы нығайып тайпалық одақ, тайпалық бірлестік дәрежесіне
жеткенін анықтайтын саяси тоғыз-оғыз атауы пайда болған (26. р.42).
Тоғыз-оғұздардың Хань, Вэй патшалығы заманында цзю син телэ (тоғыз-
оғұз теле) деп атап келген. Жоғарда көрсеткеніміздей қасиетті тоғыз санын
бір ғана Оғұздар емес, Орталық Азиядағы басқа Түркі тайпалары осы сандық
артикулды тайпа атауына қосып жазу дәстүрге айналған. Түркілердің өздерінің
айтуы бойынша қытай шежірелеріне енгізген. Онда:
Тоғыз-оғуз теле (цзю син телэ)
Тоғыз-оғуз (цзю син)
Тоғыз-оғуз түрік (цзю син туцзюе)
Тоғыз-оғуз едіз (цзю син седе)
Тоғыз-оғуз қырғыз (цзю син цзян кунь)
Тоғыз-оғуз татар (цзю син да-да)
Тоғыз-оғуз басмал (цзю син ба-си-ми)
Тоғыз-оғуз алты чуб шоғдақ (цзю мин лю ху чжоу)
Тоғыз-оғуз қу (цзю син хунь)
Тоғыз-оғуз соғд (цзю син ху чжоу)
Тоғыз-оғуз тоңра (цзю син тунло)
Тоғыз-оғуз сығыр (цзю син сыцзе)
Тоғыз-оғуз байырқу (цзю син ба-е-гу)
Тоғыз-оғуз абыз (цзю син абусы)
Тоғыз-оғуз қарлұқ (цзю син гэ-ло-лу)
Ол дәуірде тоғыз санынан басқа үш, отыз, он сандарын тайпа символына
айналдырған. Мысалы:
Үш тұғлұғ түрік = Көк түрік ордасының билеуші тайпасы-қыпшақтар.
Үш қарлұқ - қарлұқтың үш тайпасы.
Отыз-оғуз - Сырдария бойының түркі тайпалары.
Сегіз-оғуз сегіз байырқу
Отыз-татар – Шығыс Монғол даласындағы монғол тайпалары.
Үш ыдуқ татар – Монғолдардың алтын ұрпағының үш тайпасы.
Кейін Х ғ сандық артикул алу дәстүрі бәсеңдей бастаған.
ІІІ. 3. Қытайдың Таң патшалығының ресми шежірелерінде (СТШ.217;
СТS.195,7а,11; Цэфу юань гуй (ЦФЮГ. 976;) деп жазылған иероглифті
зерттеушілер уо-wo-kо немесе yao-lo-ko деп транскрипциялап jаγlaqar
(yaγlaqar) деп жаңғыртып келген еді. Ғылыми әдебиеттерде осылай қалыптасып
қалды. Біздің тарапымыздан осы жаңғыртпаға сын көзбен қарауға тура келді.
3.1. Қытайдың жоғарыдағы түпдеректері мәтінінде деп жазылған
иероглифтерге sin yoloko chi деп транскрипция жасалады. Алғашқы иероглиф
(sin) тек, ататек деген мағына береді. Соңғы иероглиф (chi)
ру, фамилия, шығу тегін білдіреді. Олай болса yoloko деген рудың атауы ту
баста бұл дүниеде өмір сүрген жеке тұлға болып шығады. Ол, жай бір адам
емес аты шыққан тұлға болғандықтан есімін бүкіл бүтін ру, тайпа алып, ру,
тайпа атауына айналдырған. Демек, yoloko деген қытай иероглифімен
белгіленген атауды түркі тілінің тілдік нормасына түсіргенде, бұған дейінгі
зерттеушілер jаγlaqar (yaγlaqar) деп оқыған. Біз бұл атауды Көне түркі,
Ұйғур текстілерінен іздестіргенде бірде бір қағанның атауы кездеспеді.
Моңғолиядан табылған Сүжі мәтінінде jаγlaqar qan ata (яғлақар хан ата)
деген жеке тұлғаның аты аталады. Бұл тұлға б.з. 824-840 жылдар аралығында
өмір сүрген. Ал біздің сөз етіп отырған ру, тайпамыз б.з. 606 жылдары оғуз
тайпаларын бастап Түрік қағанатына қарсы көтерілген. Міне, сол себептен біз
бұл иероглифті түркі тілінің тілдік нормасына түсіргенімізде Иоллуғ
(jolluγ) деп жаңғыртуды жөн көрдік. Осы мәселеге байланысты байырғы
түріктердің өздері жазып қалдырған мәтіндерінің деректерімен салыстыра
қарастырайық.
3.2. Соғд мәтінінің 3-жолында Тоғыз-оғуз Ел-өгесі (абызы) Алп Ынанчу
Баға-Тархан, Иолығ Ұлық өтүр Баға-Тархан, Иолығ Ұлық Құтлұғ Баға-Тархан
жазуды жазды. ... ұлық киелі жазу (...γ(w)`δw(`wz) ` wγwz ` yl`wk`sy `l-p
ynčw pγ trγn, y(w)l-γ `wl`wk `wtyr pγ` trγan, ywl-γ `wl`wk γwtl-wγ
p[γ`trγ`n (yp)l, p-šδ(k)w [s]rδ pc(yp)y...)(Ov.Sogd.) (Бұл сөйлемнің
түпнұсқасын қайта қарап, біздің тарапымыздан редакцияланды) деп ескерткіш
ұстынындағы үш жазуды үш адам жазғанын мәлімдеген. Сонымен қатар тоғыз-
оғуздың Ел-Абызы, екінші және үшінші адам тоғыз-оғуздың иолығ тайпасы
немесе хан әулетінің өкілдері екенінен ақпарат берген. Егер jaγlaqar атты
тайпа хан руы болған болса бұл авторлардың аты мен лауазымының алдына
jaγlaqar атауы жазылар еді. Олай болмаған. Бір мәрте емес, үш мәрте
қайталап иоллугтар әулетінің жоғары мәртебелі, үлкен лауазым иелерінің аты
құрметпен аталып отыр.
Түрік қағанат заманында Баға-Тархан атағы Тұй-ұқұқ, Күлі-чор сияқты
аса беделді ел-өгелеріне (абыздарына), қолбасшыларға ғана берілетінді. Мына
Соғд мәтініндегі дерек Уйғур дәуірінде сол дәстүр жалғасын тауып, билік
тайпасынан шыққан мәртебелі көсемдерге берілгендігінен хабардар етіп отыр.
3.3. Теркін ескерткішінің 1-бетінің 1-жолында jolluγ qaγan ja[my
qaγan] bumyn qaγan üč qaγan olurmys=Жоллуғ қаған, Жа[мы қаған], Бумын қаған
үш қаған иелік етті (Теркін.І.1) деген ақпарат бар. Ұйгур қағандары өз
қолдарымен жазып қалдырған бұл түпнұсқадағы Иоллуғ (Жоллуғ) қаған аты, оның
әулетінің атау. Бұл атау әншейін жол-жөнекей аталып отырған жоқ.
Теркін мәтінінде аты бірінші боп аталып отырған Иоллуғ қаған атты
мәртебелі адам Бірінші Түрік қағанатын орнатқан Бұмын қағаннан (545-551жж.)
бұрын, оның алдындағы Жамы қағаннан да бұрын б.з. ІV-V ғасырларда
оғуздардың биік арбалы (гао-чэ); телэ аталып жүрген кездегі ұсақ оғуз
тайпаларының басын қосып хандық құрған хан болуы мүмкін. Осы ұлы адамның
данқын, беделін алып жүрген оның тума әулеті кейін Иоллуғ атын алып, Иоллуғ
руы қалыптасқан сияқты. Кейін қыпшақ-түріктері мен Орталық Азияға билігін
жүргізу үшін бәсекеге алғаш құлшына кірісіп, оғуздардың (тоңра, байырқу,
бұғы) тайпаларымен бірігіп Ұйғур (хуэй-хэ) хандығын құрып, одан сәтсіздікке
ұшыраса да әлсін-әлсін бас көтерумен жүздеген жылдар бойы (б.з. 470-744
жж.) шайқасып, нәтижесінде Ұйғур (Хуэй-хэ) қағанатын құрды. Біздің осы
пікіріміздің дәлелі, Орталық Моңғолиядан табылған Тэс (Тез) ескерткіш
мәтінінде: jolluγ aja (žolluγ aža) bašy olurty=Әз-Жоллуғ басы (басшысы,
бастаушысы) болды (Тэс.17) деген ақпарат, алғаш Ұйғур хандығын орнатуға Әз-
Иоллуғтар басшылық еткенін сөз етіп отыр. Тэс мәтінінде жай бір қағанға
емес аса құрметті, мәртебелі, ерекше үлкен бедел иесі екенін анықтайтын Әз
(aja~aža) эпитетін қолдана отырып ол адамның кім екенін хабардар еткен.
Осы сөздің этимологиясына көз жүгіртелік. Мәтіндегі aja (aža) лексемасы
күні бүгінге дейін түркі халықтарының тілінде сақталып, текті атаның, аса
құрметті, қадірменді басшыларының, көсемдерінің атына қосып айтылатын
символдық атау болып қалыптасқан. Қазақ тарихында Әз-Жәнібек (алғаш қазақ
хандығын орнатқан хандардың бірі), Әз-Тәуке деген екі-ақ ханның есіміне
қосып айтылады.
Aja- құрмет, құрмет көрсету, алқау (Аnalyt.in., Т ІХ, ТS І.). j~ž-ге
ауысқан кезеңде
Aža- әже, ата, әке, король және басқа да туыстық атау орнына жүрген (31.
с.232).
СТШ-дің 217 бумасындағы деген мәтінді барлық синологтар
Хуэйхэлердің (Ұйғурлардың) хан әулеті шыққан руының аты иологэ деп
аударып келді (3. с.301; 23.331 бет). Бұл сөйлемнің қытай иероглифіндегі
көрсетілген астары иологэ деген хан болғандығын білдіріп, сездіріп
тұрғандықтан осылайша аударып келген. Сондықтан да, Қытай дерегіндегі Уо-wо-
kо, Уао-lо-kо деген транскрипцияны jaγlaqar деп оқуға мүлдем келмейді.
Оның тағы бір дәлелі, қытай тілінде r дыбысы жоқ болса да γ, q
дыбыстары бар-ғой. Соның біреуі қытайдың иеороглифине түсуі тиісті еді. Ол
да жоқ. Сондықтан да, қытай нұсқасындағы уао-lо-kо деген атау түрік
мәтіндерінде сақталған, Ұйғур қағанатының билік тайпасы Иоллуғ деп оқуды
жөн көреміз.
IV. 4. Ұйгур этнонимі мен шығу тегіне, тарихына байланысты батыс,
шығыстың әдебиеттерінде біраз деректер сақталған. Осы деректерді ғылыми
айналымға түсіріп сараптаған зерттеулерде жеткілікті.
4.1. Әлем түркологтары мен синологтарының зерттеу нысанына айналған
жәдігерліктерді атасақ, олар: Рашид-ад-диннің жылнамалар жинағы, Ибн
Хордадбектің Жолдар мен мемелекеттер кітабы, Масудидің Алтын садақ
кітабы және Ибн аль-Асир, Ибн-Халдунның еңбектері, Ата-Малик Жувейнидің
Әлем жаулаушысының тарихы, Қытайдың Юаньши (Моңғол империясының тарихы),
Вэй шу (б. 103), СТШ (б.217), Цэфу Юань Гу (ЦФЮГ), Ляоши, Сүй тарихының Pei-
che нұсқасы (XVIII ғғ.), Түркі жәдігерліктері КТ, БК, Тэс, Теркін, Туй-
ұқұқ, Орда-балық, М.Қашқаридің Дивани лұғат-ит Түрік, Ю.Баласағунның
Құтадғу білік, Әбілғазы Баһадүрдің Түрік шежіресі, Оғуз-наме сияқты
тарихи жәдігерліктерді айтуға болады. Европа бағытында да Ұйгұрлардың шығу
тегіне, тарихына, миграциясына байланысты біраз тарихи ақпараттар
сақталған. Онда Клавдия Птолемей, Мойсей Хоренскии, Менандр (7) жазбалары
бар.
4.2. Жоғарыдағы тарихи түпнұсқаларға сүйене отырып бір ғасырдан астам
уақыт бойы ғалымдар Ұйғұр атауына байланысты ізденісін тоқтатқан жоқ.
Бұған дейін Ю.Клопорт, В.Шотт, Я.И.Шмидт, А.Казембек, Г.Вембери,
В.В.Радлов, Г.Е.Грумм-Гржимайло, Д.Банзаровтар түсініктемелер беріп,
сараптамалар жасады (28. с.5-13).
Ю.Клопорт ujγur атауы түрік лексикасынан екенін білдірсе, В.Шмидт
керісінше ujγur этимологиясы түркі сөзі емес деген қорытынды жасаған. Ал,
А.Казембек ujγur атауы түркі лексикасынан және мағынасы; көптеген түркі
тайпалары бірігіп бас қосып жиналып бір бүтін болғанын білдіреді-десе,
Г.Вембери ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz