Қазақстан Республикасы мен Қытай халық республикасының қазіргі экономикалық байланыстар деңгейі және болашағы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
І Кіріспе . . .
1. Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық, саяси
қатынастар деңгейі және олардың даму стратегиясы.
1. 1. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық . . .
Республикасының қазіргі экономикалық байланыстар
деңгейі және болашағы . . .
2. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық
Республикасының саяси қарым-қатынас стратегиясы
ІІ. Қорытынды . . .
ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Мәселенің өзектілігі. Кеңес одағының ыдырауы XX ғасырдың соңғы мезгіліндегі ең ірі оқиғаның бірі болып, жалпы халықаралық жағдайдың өзгеруіне әсерін тигізді. Бұрынғы Кеңес одағының үлкен шаңырағынан бөлініп, жаңа отау көтерген дербес елдердің бірнешеуі Қытай Халық Республикасымен көршілес Еуропа мен Азияның тоғысында тұрған Қазақстан Республикасы және бірнеше жаңа тәуелсіз мемлекеттер Қытай елімен жеке дара, тікелей байланыстар орнатып, осынау құрлықтағы саяси жағдайдың өзгеруін туындатты.
Екі алып мемлекет, Қытай мен Ресейдің бүйірлерінде орналасқан Қазақстанның болашақтағы даму деңгейі бүгінгі күндегі Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының дамуына байланысты. Қытай Еуразияның жүрегінде орналасқан Қазақ елі үшін дүниежүзілік сауда қарым-қатынастары жүріп жатқан теңіздерге шығар мүмкіндік , әрі маңызды экономикалық серіктес мемлекет болып табылады. Өзара экономикалық, мәдени информациялық ынтымақтастықтың орнауы екі жаққа да пайда әкеледі.
Реформа жүргізіп экономиканы дамыту - Қытайдың алдыға қойып отырған басты міндеті. Бұл міндетті орындау үшін бейбіт және тұрақты халықаралық орта қажет. Сол үшін Қазақстанмен бейбіт жағдайда тепе-тең тұру принципінің негізінде қарым-қатынасты дамыту Қытай сыртқы саясатының басты бір бағыты. Қытай Қазақстанмен қатынасын дамытуға ерекше назар аударып, оны сыртқы саясатындағы ең басты орынның біріне қойып отыр. Қазақстанмен достық қатынасты жақсарту Қытайдың батыс солтүстік аймақтарында тыныштықпен осы аймақтың экономикасын дамытуға септігін тигізетіні белгілі. Ежелден түркі халықтарының мекені болған шығыс Түркістан жеріндегі ұлтаралық қатынастары шын мәнінде Қытайдың ішкі тұтастығымен тікелей байланысты болғандықтан да дербес түркі мемлекеттерінің ішіндегі даму потенциялы жоғары Қазақстан Республикасымен байланыстың тұрақтылығы Қытай үшін өте маңызды.
Қазақстан Қытай халықтарының қарым-қатынастарының 3 мың жылға жуық ұзақ тарихы бар. Әлемге әйгілі «Ұлы жібек жолы» екі ел халқының қоян-қолтық қатынасын жалғап келді. Ресей империясымен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы заманында ғана үзіліп қалған ежелгі «Жібек жолын» қайта жаңғыртып оны осы заман жобасына сай етіп қолдану Қытай-Қазақстан халықтарының болашағы мен осы аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін қосар үлесі зор болып қала бермек.
Қазақстан президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан-Қытай қатынасына ерекше назар аударып, үлкен мән береді. Ол былай деп өз ойын ашық білдіреді: «Меніңше, адамзаттың XXI ғасырдағы дамуы көбінен көп қытаймен байланысты болады. Көптеген елдер Қытаймен арақатынасты өзінің сыртқы саясатының негізгі өзегі деп түсінеді. Ал Қазақстан үшін осындай болашағы зор, экономикасын қарышты қадаммен дамытып келе жатқан мемлекетпен ойдағыдай қарым-қатынас орнату айрықша маңызға ие». Ал өз тарапынан Қытай елбасшылары Қазақстанмен қарым-қатынасына баса мән беріп келеді. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Цзянь Цземинь былай дейді: Қытай мен Қазақстан басшылары екі елдің дәстүрлі достық қарым-қатынастарын дамытуға зор маңыз береді. Соңғы жылдары менің және президент Н. Ә. Назарбаевтің арасында осы күнге дейін көп кездесулер өтті. Біздің арамызда қазірдің өзінде бірлескен саяси құжаттарда өз бейнесін тапқан және екі жақты қарым-қатынастарымыздың тұрақты дамуы үшін берік саяси жаңа қарым-қатынастың заңды ірге тасы болып отырған екіжақты қарым-қатынастардың және ірі халықаралық проблемалардың үлкен тобы бойынша ортақ түсініктің бір қатарына қол жеткіздік. Жалпы, Қазақстан-Қытай басшылары қарым-қатынасты дамытудың екі жақ үшін де өте маңызды екендігін көп рет қайталап көрсетеді. Сондықтан бұл мәселелерді талдап, сараптау жұмыс тақырыбын арттырады. Зерттеу жұмысында XX ғасырдың 90 жылдарындағы, яғни Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, өз бетінше сыртқы саясатын қалыптастыра бастаған уақыттағы Қазақстан Қытай қатынастарының дамуы, әсіресе оның саяси саладағы стратегиясы, экономикалық ынтымақтастығы сарапталады. Мемлекет қауіпсіздігі, шекара мәселесі, екі елдің экономикалық және сыртқы саясаты ашылып түсіндіріліп, Қазақстанның сыртқы саясатындағы Қытай Халық Республикасының алатын орнына ерекше көңіл бөлінеді.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Қазақстан Қытай қарым-қатынастары жөнінде саясаткерлер мен зерттеуші ғалымдар тікелей және жанама зерттеулер арнап келеді.
Біз қарастырып отырған кезең тек соңғы жылдары ғана ғылыми зерттеулер объектісіне айналды. Қазақстан диломаты Қ. С. Сұлтановтың «Казахские Китайские отношения на современном этапе» (1991-1995г) деген еңбегінде Қытай мен Қазақстанның саяси жағдай қатынасындағы ерекшелігі мен оның екі ел қатынасындағы әсерін тілге тиек етіп, Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының тарихы, қазіргі жағдайы және болашағы сарапталып көрсетілді. Сондай-ақ екі елдің реформаларын салыстыра зерттеп, оның екі ел саясатындағы ролі мен болашағы баяндалады.
Қазіргі кезде Қазақстанның халықаралық аренадағы басқа мемлекеттермен қатынасының орнауы мен дамуын, оның принциптерін анықтауға арналған зерттеулер көп. Оның ішіндегі ең көлемдісі 1998 жылғы жарық көрген «Актуальные проблемы внешней политики Казахстана» атты мақалалар жинағы. Бұл жинақта Қазақстан елшілерінің өздерін толғандырып жүрген сыртқы саясат мәселелерінің сан-алуан қырлары жөнінде нақты пікірлері өзінің дәйектілігімен маңызды.
Бұл жинақта Қазақстанның Қытайдағы елшісі Қ. С. Сұлтановтың «по пути добрососедства» атты мақаласында Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының даму деңгейі, екі елдің саяси, экономикалық, мәдени қатынастар деңгейі ашық көрсетілген. Бұл Қазақстан-Қытай қатынастарының даму процесін егжей-тегжейлі таныстырады. Қазақстан-Қытай арасындағы экономикалық қарым-қатынастар жөніндегі егжей-тегжейлі жазылған еңбек ретінде К. Сыроежкин мен А. Ш. Қадырбаевтың мақаласын атап өтуге тұрарлық. Олар бұл мақалада экспорт мен импорт алмасулар туралы 1990 жылдардан бастап таблицалар негізінде тұжырым жасайды.
Осы тақырыпқа қатысты ғылыми ізденістер де соңғы жылдары өз жемісін бере бастады. 1999 жылы Қытай саясаттанушысы Тян Жун Фэн өзінің «XX ғасырдың 90-шы жылдарындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының кейбір мәселелері» атты кандидаттық диссертациясын қорғады. Онда екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері, оның мүмкіндіктері мен перспективалары сөз болады.
Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының Қазақстанның сыртқы саясатында Қытайдың алатын ролі мен маңыздылығын, жалпы екі ел қарым-қатынасының дамуының барысын түсіндіруде Қазақстан Президенті Н. Назарбаев пен Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрі Қ. Тоқаевтың Қазақстанның сыртқы саясат мәселелеріне арналған еңбектері негізгі арқау болады. Қ. Тоқаев екі ел байланыстарын жақсартудың өте маңызды екенін талай рет атап көрсеткен еді. Ол «Под стягом независимости» деген еңбегінде Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарына көптеп тоқталады. Онда екі мемлекеттің бұрынғысы мен қазіргісін және келешегін егжей-тегжейлі таныстырып, оның маңыздылығын, өте теңдік күшке ие екендігін баса айтады, сондай-ақ екі елдің халықаралық мәселелер жөніндегі көзқарасының ұқсастық жақтарын атап өтеді, әрі ірі мәселелер жөніндегі ұсыныстардың кейбір жақындықтарын құптайды.
Қазақстанда тарих ғалымдарының докторы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, профессор Ж. К. Қасымбаев өзінің «Казахстан-Китай Караванная торговля в XIX начале XX веков» атты еңбегінде Қазақстан-Қытай қатынасының ежелгі тарихы туралы сөз қозғайды. Ол XIX ғасырдан XX ғасырдың басына дейін екі ел арасындағы сауда қатынастарын сипаттайды.
Қазақстан ғалымдары мен саясаткерлері Қазақстанның сыртқы саясатының теориялық және практикалық мәселелерін ғылыми тұрғыдан зерттеп негіздеуге өз үлестерін өлшеусіз қосып келеді. Соның нәтижесінде Қазақстан сыртқы саясатының қазығы бекем қағылып, оның әртүрлі бағыттағы беталысын зерттеуге негіз қаланған.
Бұл жалпы Қазақстанның сыртқы саясаты жөніндегі зерттеулер болғанмен, әлі де жеткілікті емес.
Соның ішінде әсіресе, Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының сыр-сипаты әлі де толық ашылып біткен жоқ, дегенмен бұл жөнінде Қазақстан ғалымдары К. Ш. Хафизова НА. Алдабеков сияқты бір топ зерттеушілер көп ізденіп, Қазақстан мен Қытайдың тарихи байланыстарын зерттеу арқылы қазіргі беталысқа үлгі ұсынып келеді.
Мысалы тарих ғылымдарының докторы, профессор К. Ш. Хафизова өзінің «Китайская дипломатия Центральной Азии (XIV-ХІХвв. ) » атты еңбегінде екі елдің қарым-қатынастарын көрсеткен.
Қазақстан-Қытай байланыстарының салаларын, сипатын, даму қарқыны мен перспективаларын саралау, зерттеу ісінде Қазақстанның әлемнің өзге елдермен байланысы туралы жазылған еңбектердің нұсқау болары заңды. Қазақстанның Еуропаның, Азия мен Америка құрлығы елдері мен саяси, экономикалық, мәдени байланыс орнатудың негізгі аспектілері, мәселелері мен перспективаларына қатысты бірқатар зерттеулер, мәселелердің қарастырылу бағытына жол сілтейді. Сонымен бірге Қазақстанның өзге шетелдермен байланысын салыстыра отырып, Қазақстан-Қытай қатынасының орнын көрсетуге мүмкіндік береді.
Жұмыстың деректік негізіне шолу. Ғылыми жұмыстың алға қойған мақсаттарын орындауда негіз болған деректердің шығу тегіне орай бірнеше топқа бөліп сөз етуге болады. Заң актілері мен өкімет қаулылары. Тақырыпты зерттеу барысында Қазақстан-Қытай заңдары мен өкімет қаулылары негіз болып алынған. Мемлекет қайраткерлерінің еңбектері мен сөздері. Бұл топта Қазақстан мен Қытай ел басшылары мемлекет қайраткерлерінің: Н. Назарбаев, Қ. Тоқаев, Б. Балғынбаев, Қ. Сұлтанов, Т. Сүлейменов, Цзянь Цзяминьнің, Дэн Сяопиннің, т. б. сөздерін дәлел еттік.
Екі елдің дипломатиялық құжаттары. Олар - Қытай мен Қазақстан арасында 1992 жылдың 3 ақпанында дипломатиялық қатынастар орнаған күннен бастап екі ел арасындағы ынтымақтастардың барлық салаларында байланыстардың қалыптасуына жол ашқан, декларациялар, келісімдер. Бұл құжаттар екі ел арасындағы қатынастардың барысы мен сипатын ерекшелеуде аса маңызды деректік негіз болады. Қазақстан-Қытай арасындағы ресми келісім шарттар, қарым-қатынастар «Егеменді Қазақстан», Казахстанская Правда» газеттерінде жүйелі түрде жарияланып тұрды.
Жұмыстың ғылыми-зерттеу тәсілдері.
- Зерттеу жұмысын орындауда жалпы ғылымда кеңінен тараған салыстыру тәсілі қолданылды. Бұл тәсіл екі елдің даму мәселелерін зерттеуде өте құнды екені белгілі.
- Сараптау тәсілі, әсіресе Қазақстан мен Қытайдың сыртқы саясат стратегияларын саралап, ғылыми негіздеуде өз көмегін тигізді.
- Қадағалау тәсілі, екі елдің арасындағы қарым-қатынастардың даму барысын зерттеудің ең қарапайым да тиімді тәсілі болды.
Жұмыстың зерттеу мақсаты. Қазақстан мен Қытайдың саяси стратегиясымен екі жақтың қарым-қатынастарын дамытудағы принциптеріне талдау жасалып, Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының орнауы, даму беталысы және оның ерекшелігі жөнінде өз көзқарасын білдіріп және Қытай-Қазақстан қарым-қатынасында сақталып отырған шешілмеген мәселелерді көрсетіп, оны шешудің жолдары қарастырылды. Осы мақсаттардан мынадай міндеттер туады:
- Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясында Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынастың алатын орнын анықтау.
- Қытай сыртқы саясатының түп қазығы, бағыттарын көрсете отырып, Қазақстанның Қытайға, Қытайдың Қазақстанға қатысты саяси стратегияларының принциптерін тұжырымдау.
. Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден негізгі және қорытынды бөлімдермен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Қазақстан Республикасымен Қытайдың арасындағы экономикалық, саяси қатынастар деңгейі және олардың даму стратегиясы.
1. 1. Қазақстан Республикасымен Қытайдың қазіргі экономикалық байланыстар денгейі және болашағы.
Қазақстан мен Қытайдың өзара қарым-қатынастарына екі мың жылдан астам уақыттың жүзі өтті. Сондықтан Қазақстан Шығыстағы осынау ұлы көршісімен араласудың бай тәжірибесі молынан жинақталған. Біздің ұлттық тарихымыздың ұзына бойына Аспан асты Елімен қарым-қатынас ең басты маңызға ие болып келген. Адамзаттың XXI ғасырдағы дамуы көбіне-көп Қытаймен байланысты болады. Көптеген елдер Қытаймен ара-қатынасты өзінің сыртқы саясатының негізгі өзегі деп түсінеді . Ал Қазақстан үшін осынау болашағы зор, экономикасы қарқынды қадаммен дамытып келе жатқан мемлекетпен ойдағыдай қарым-қатынас орнату айрықша маңызға ие. (1)
Мемлекеттер арасындағы тұрақты, көнеден келе жатқан дәстүрлі және сыналған өзара қарым-қатынас пен шынайы байланыстардың негізі өзара сауда мен экономикалық ынтымақтастық болып табылады. Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда байланыстарының терең тарихы бар, оның маңызды кезеңі бізге Жібек жолы тарихынан белгілі. Қазақстан мен Қытай арасындағы бүкіл тарихқа шолу жасасақ. Саудаласушы екі жақтың өзара қарым-қатынасы мен экономикалық мүмкіндіктерінің көрсеткіші іспетті өркендеуі мен күйзеліс кезеңдері жиі алмасып тұрған сан ғасырлық сауда байланыстарының болғандығын көреміз.
Әртүрлі тарихи кезеңдерде Қытай Қазақстан және Орталық Азия елдерімен болған сауда байланыстары стихиялы түрде болды.
Өзінің Құлжа мен Қашқарға сапарында Ш. Уәлиханов қол жазбаларында Батыс Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда байланыстарына өте үлкен мән берді. Ол Қытайдағы ішкі сауданы жан-жақты сипаттап зерттеулер жүргізеді. Сауда көлемі, товардың өту деңгейі, сұраныс коньюктура, әуелі дайындалу технологиясы да кәсіби деңгейде анықталған, сондай-ақ, Батыс Қытайдағы негізгі сауда Орта - Азиялықтардың қолында деп өтіледі. Ұлы ғалымның жазбаларынан Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда байланыстарының эволюциясы да анық көрінеді, (2) одан екі ел арасындағы байланыстардың өзіндік дәстүрі қалыптасқандығының және сауда өзара тең сұраныстан туғандығына, көз жеткіземіз. Екі арадағы қарым-қатынас үнемі жайлы болды десек қателескен болар едік. Тұрмыстық, жағдайдағы түсініспеушілік мәселелері де үнемі болып тұрды. Бірақ ол қандай да саяси қарама-қайшылықтарға қарамастан экономикалық ынтымақтастық үнемі жалғасып жатты және ол байланыстар екі мемлекеттің прогресс жолында дамуына жағдай жасап үнемі өзара тиімді болып отырды. Бұған екі ел арасындағы экономикалық байланыстары жөніндегі түпдеректер мен құжаттар куә бола алады. Ресей империясы кезінде Қазақстан сауда байланыстары жағынан өзінің шекаралас орналасуына байланысты екінші орынға ие болды. Ал кейін Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы кезінде ол қарым-қатынастардағы Қазақстан позициясы бұрынғыдан да бекей түсті . 1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылған соң Қытай мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы арасында өзара ынтымақтастық та өте жемісті кезең басталды, . Қазақстанда да қызмет жасаған «Кеңес Синь Цзян саудасы» шеңберінде ондаған кәсіпорындар құрылып, сауда жүргізілді.
Кеңес Қытай сауда байланыстары жөніндегі барлық зерттеулерде ондағы Қазақстанның алар орнына міндетті түрде көңіл бөлінеді. Оның барлығы объективті қатармен жасалған шынайы документтерден тұрады.
1991 жылғы желтоқсанда Қытай Халық Республикасымен Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамыту мақсатымен достық, ынтымақтастық, теңдік және өзара тиімділік негізінде сауда-экономикасының келісімін жасады. Ол бес жыл мерзімге күшінде болды. Ал 1992 жылы ақпанда Қазақстан Қытай үкіметаралық мазмұндамасына қол қойды. Онда азаматтық авиация, темір жол және автомобиль транспорты, экономика, сауда, ғылым мен техника саласында екі ел жан-жақты ынтымақтастықты келісім бойынша, Қазақстан 1993-1995-ші жылдары Қытайдан 30 миллион жанға әртүрлі тауарлар мен жабдықтар алды. Бірқатар құжаттар елшілік мәселесіне, шекарадан өткізу пунктерін ашуға, Қытай мен Қазақстан азаматтарының өзара сапарларына арналады. Сонымен қатар Қазақстан территориясында Қытай дүкендерінің жүйесін ашу көзделді. Соңғы жылдары Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық байланыстар дамып отыр. Мұнда 1992 жылдың сәуір айынан бастап теміржол қатынасы орнатылды. 1992 жылдың тамыз айында Қазақстан мен Қытай арасында өкілдіктер ашу туралы келісімге қол қойды.
Мемлекеттік тәуелсіздікке жеткен соң біздің республикамызда жаңа жағдай қалыптасты. Мұндай дипломатиялық қарым-қатынас жағдайы басқа елдерде ондаған жылдар бойы, кейбірінде жгздеген жылдар бойы қалыптасқан.
Ресми түрде біздің Мемлекетімізді таныған соң, айта кеткен жөн, Қытай біздің тәуелсіздігімізді алғашқылардың бірі болып таныды, көп кешікпей диломатиялық қарым-қатынас та орнады. Қазақстан мен Қытай төтенше және өкілетті елшілер алмасты. Алғашқы мемлекеттік сапарлар болды. Мемлекет басшыларының, Үкімет басшыларының әртүрлі дәрежедегі мемлекеттік құрылым басшыларының кездесулері, келіссөздері өтті. Екі жақты келісімдерге қол қойылды. Біздің географиялық кеңістіктерімізге қан тамырларындай болып әуе жолымен де, темір жолымен де, автомобиль трассасымен де көлік көші жүрді. Бір сөзбен айтқанда екі жақты қарым-қатынастың дамып тереңдеуіне қажетті негіз де, алғы шарттар да қаланды.
Барлық ресми қабылданған Халықаралық «хаттамалық» міндеттемелер ескерілді, екі жақтан да есік ашылды. Жұрт бір-біріне жылы қарайды. Енді тату көршілік қарым-қатынастық дәрежесі жағдайы туралы сөз қозғауға болды. Олар ең алдымен мемлекет басшыларының өзара қарым-қатынасы мен дипломатиялық ынтымақтастықпен ең соңында осы байланыстарында қол жеткізіп, қол қойылған келісімдерінің жүзеге асырылуы мен айқындалады.
Өзара қарым-қатынастың барысына талдау жасай отырып, мына жайды атап көрсетуге болар еді. Мемлекет басшылары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қытай Халық Республикасының төрағасы Цзян Цземинь арасындағы қарым-қатынас айтарлықтай ашық, ықыласты және өзара сенімге негізделген, өзара мүдделілік жағдайында болды, 1993, 1994, 1995 жылдары болған екі жақты кездесу кезіндегі қол қойылған келісімдерден екі көрші мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың көпқырлылығы мен перспективаның саяси көзқарастарының бүгінгі күн тақырыптарынан туған жақындығы көрінді.
Екі ел басшылығы қабылдаған 1993 жылғы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы достық қарым-қатынастар негізі жөніндегі ортақ Декларация сауда-экономикалық байланыстардың дамуына жақсы жағдай туғызды. Ортақ мүдде тұрғысынан келісуші жақтар сауда-экономикалық байланыстарға үлкен мән береді. Келісуші жақтардың пікірінше, Қазақстан мен Қытайдың экономикасы өзінің құрылысында бір-бірін толықтырып, екі жақты тиімді ынтымақтастық үшін перспективалар бар. Келісуші жақтар өздерінің арнайы заң шығарушы органдарына, ынтымақтастыққа тиімді жағдай жасалуын ескерту қажет, әсіресе ол инвестиция мен мүлікті ортақ қорғауға алуға, шекараның тиісті мекемелерінде ынтымақтастықпен байланыстарға қолдау көрсетіп дамытуға, жалпы экономикалық байланыстардың кез-келген формасына мемлекет көмектесуі тиіс.
Қол-қоюшы жақтардың, екі жақты экономикалық ынтымақтастықта мына бағыттары айрықша назарға алынады; олар өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, биотехнология, транспорттық қатынастар, энергетика, космосты зерттеу т. б.
Декларациядағы берілген үзіндіден байқайтынымыз ол екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды шараларын қамтиды. Мемлекетаралық Декларацияны жүзеге асыру мақсатында екі мемлекеттің Үкіметтері оның механизмдерін реттеуші нақты нормативті құжаттар қабылдады, олар «Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға құрал-жабдық пен товар жеткізу үшін берілетін мемлекеттік кредит жөнінде» (26. 02. 1992), «Қазақстан территориясында Қытай дүкендерін ашу жөнінде» (26. 02. 1992), «Инвестицияға қолдау көрсету мен екі жақты қамқорлық көрсету жөнінде» (10. 08. 1992) . құжаттар. Экономикалық ынтымақтастық интенсивті болуы үшін сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның құрылуы қажеттігін туғызды.
Қазақстан мен Қытай арасындағы 1991-1995 жылғы сыртқы сауда статистикасын сараптау, бір мезгілде Қазақстан тарапынан импортқа қарағанда экспорттың тиімді сальдосы өсуге бет алған тұрақты үрдісті байқатады. Қытай бүгін Қазақстанға киім, жүн бұйымдарын, аяқ-киім жоғарғы сұраныстағы товарларды тұрмыстық жабдықтарды, радио, электроқондырғыларын, құрылыс материалдарын, көмір, қант, өсімдік майын әкелді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz