Шығыс және қазақ емшілігінің мәдени үйлестігі



1 Емдіктің халықтық сипаты және түрлері
2 Қоғамдық бірлестік және адам құқы
3 Ғұлама ғалым, ғылымнамалық ұлы еңбек
4 Ө. ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫ ТІЛ.КӨЗ СҰҒЫ ЖӨНІНДЕ
5 Ө. Тілеуқабылұы және дәрілік шөптер
6 Магия природы и четыре стихии
7 Өтейбойдақ бабамыз салған сара жол
8 «Шипагерлік Баян» тарихи терең медициналық ғылымнама
Адамзат тарихының өркендеу кезеңдерінде әлемдегі кез-келген ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне тән жеке емдік халықтық сипаттары мен әдіс-тәсілдері болды. Халық шипагерлігі адамзат қоғамның алғашқы сатысында пайда болды. Ол ешқандай ғылыми дәлдік пен дәлелді басшылыққа алмады. Тек қана өзіндік халықтық емдік сипаттарының жетістігінің жобалай дамыған көрсеткіштері арқылы ғана өзіндік жалғасын үндестіре білді. Байыбына барсақ, емшіліктің тарихтағы қос арнасын аңғару қиын емес. Шартты түрде, бірі – шығыстық шипагерлік, енді бірі-ертеден тамыр таратып келе жатқан дәстүрлі медициналық бағыты. Бізде шипагерлік туралы, оның үстіне шығыстық шипагерлік мәліметтер үзіңкі күйде, сүреңсіз болғандықтан, ел арасында Шығыстық шипагерліктің қуаты мен қызметі туралы мәлім және мәлім емес ой-пікірлер сан алуан.
Десекте, емшіліктің объектісі мен мақсаты қайда бол-масын ұқсас, үйлес, ортақ. Тек ауру-сырқат туралы түсініктер, оны түсіндіру тәсілдері немесе емдеу тәжірибелері әр уақытта бір-біріне ұқсай бермеді. Бұл ауру түрлерінің көбейгенін ғана емес, оны емдеудің баламалы тәсілдерінің қалыптасқанын білдіреді. Емдік адам анатомиясы мен физиологиясын дұрыс, жақсы білуден басталады әрі өсімдіктер мен жан-жануарлар ағзамының емдік қасиеттерін біліп, оларды орнымен қолданудан жалғасын тапты. Организм құрылымы мен қызметтерін білу, игеру мәселелері біртіндеп, баяу жүрсе де, емдік жұмысы әр саты да жүріп, түрлі дәстүрлік жалғасын тапты. Организмнің дене құрылысы мен қызметін жақсы білушілік, өсімдіктердің емдік қаси-еттерін ажырата алатын сауаттылық, емдік қасиеттерді дертке орай қолданатын ептілік бір адамның бойынан табыла берсе, ондай жандар шипагерліктің негізін қалаушылардың санатын құрады.
Қазақ халқының шипагерлік емдік өнері көне дәуірден ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, өркендеу мен даму кезеңдерінде де халықтық емдік сипатын сақтап келді. Емшіліктің жеке дара шипалық танымы нәтижесінде ұлттық жалпы шипагерлік ілімінің негізі қалана бастады. «Шипалық таным», «шипагерлік» деген ұғымдар енді ғана, жаңадан ғылыми айналымға енуде. Бірақ бұл ұғымдардың мән-мазмұны туралы түсініктер әлі тиянақтала қойған жоқ. Сондықтан да, шипагерлердің іліміне арнайы тоқталу қажеттігі туындайды.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
1 тарау  шығыс және қазақ емшілігінің мәдени үйлестігі
 
              1.1 Емдіктің  халықтық сипаты және түрлері
Адамзат тарихының өркендеу кезеңдерінде әлемдегі кез-келген  ұлттың
өзіндік ерекшеліктеріне тән жеке емдік халықтық сипаттары мен әдіс-
тәсілдері болды. Халық шипагерлігі адамзат қоғамның алғашқы сатысында
пайда болды. Ол ешқандай ғылыми дәлдік пен дәлелді басшылыққа алмады. Тек
қана өзіндік халықтық емдік сипаттарының жетістігінің жобалай дамыған
көрсеткіштері арқылы ғана өзіндік жалғасын үндестіре білді. Байыбына
барсақ, емшіліктің тарихтағы қос арнасын аңғару қиын емес. Шартты түрде,
бірі – шығыстық шипагерлік, енді бірі-ертеден  тамыр таратып келе жатқан
дәстүрлі медициналық бағыты. Бізде шипагерлік туралы, оның үстіне
шығыстық шипагерлік мәліметтер үзіңкі күйде, сүреңсіз болғандықтан, ел
арасында   Шығыстық шипагерліктің қуаты мен қызметі туралы  мәлім және
мәлім емес ой-пікірлер сан алуан.
Десекте, емшіліктің объектісі мен мақсаты қайда бол-масын ұқсас,
үйлес, ортақ. Тек ауру-сырқат туралы түсініктер, оны түсіндіру тәсілдері
немесе емдеу тәжірибелері әр уақытта бір-біріне ұқсай бермеді. Бұл ауру
түрлерінің көбейгенін ғана емес, оны емдеудің баламалы тәсілдерінің
қалыптасқанын білдіреді. Емдік адам анатомиясы мен физиологиясын дұрыс,
жақсы білуден басталады әрі өсімдіктер мен жан-жануарлар ағзамының емдік
қасиеттерін біліп, оларды орнымен қолданудан жалғасын тапты. Организм
құрылымы мен қызметтерін білу, игеру мәселелері біртіндеп, баяу жүрсе де,
емдік жұмысы әр саты да жүріп, түрлі дәстүрлік жалғасын тапты.
Организмнің дене құрылысы мен қызметін жақсы білушілік, өсімдіктердің
емдік қаси-еттерін ажырата алатын сауаттылық, емдік қасиеттерді дертке
орай қолданатын ептілік бір адамның бойынан табыла берсе, ондай жандар
шипагерліктің негізін қалаушылардың санатын құрады.
Қазақ халқының шипагерлік емдік өнері  көне дәуірден ғасырлар бойы 
ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып,  өркендеу мен даму кезеңдерінде де халықтық
емдік сипатын сақтап келді. Емшіліктің жеке дара шипалық танымы
нәтижесінде ұлттық жалпы шипагерлік ілімінің негізі қалана бастады.
Шипалық таным, шипагерлік деген ұғымдар енді ғана, жаңадан ғылыми
айналымға енуде. Бірақ бұл ұғымдардың мән-мазмұны туралы түсініктер әлі
тиянақтала қойған жоқ.   Сондықтан да, шипагерлердің іліміне арнайы
тоқталу  қажеттігі
туындайды.                                                                  
                                                                            
           Сондықтан біз осы еңбегімізде профессор Ж. Молдабековтың мына
түсініктемесін негізге аламыз:“Шипагерлiк-көп салалы Десекте ойымызды
ықшамдап көрелiк.
 Шипагерлiк – ерекше өмiр,  ұмытылмас өнер, өтiмдi өнеге, тәнмен
араласу, дертпен аңдысу, көңiлдi айықтыру жолы, жанды сауаттандыру амалы,
келбеттi көрiктендiру, тұлғаны бiтiмге туралау, тұрақтату әдiсi.
Бабамыздың түсiнiгiн келте қайырып, қысымдасақ:
 Шипагерлiк дегенiмiз -  өзектен тиянақ табатын тұғырлық өнер,
толғауын нар кескiдей ашалап, нақтамалап, дәл түсiретiн тұжырымдау;
- әрқандай түйiндемелердi ұштастыру арқылы несiптiк ризықпен күшiн
мiнсiз өткiзу;
- болмыстағы тұтас бiтiмдiктi қалыптастыру, қимыл-қарекетке сәйкес
араластық жарасым жасау;
- науқасқа сырқаттың сезiлiстерiн дер кезiнде сездiргiлiк, сезгiлiк
тапқырлығы;
- адамдықты көрер көзiдiк сезiлiс, әйгiленiм мен әйгiлiм сезiлгiлiгi,
тағы осындай сипаттамалар табыларлық.
 Өмiрiмiздiң өрiсiн тұлғалаған, елiмiздiң есiн жиғызған - емшiлердiң,
тәуiптердiң, дәрiгерлердiң тарихымыздағы тағлы-мы әрқалай, бірақ алыс-
берісте есте қаларлық, қараңғы тұғырлықта тәнге тәберік. Осы қасиеттердiң
басын қосқан, ұрпақтарға жеткiзген Өтейбойдақ Тiлеуқабылұлының қызметi
мен көрегендiгi, шығармасы мен шеберлiгi көптеген ұрпақтарды
ойландыратын, әлi де ой туғызатын үлкен өнер   деген тұжырымы шипагерлік
өнердің құндылығы мен күрделілігін  аңғартады.
Қарапайым халық емі түрлері оның жеке ұлт болып бөлінуіне де, ілгері 
пайда болғандығына да күманмен қарауға болмайды. Алғашқы рулық үйсін,
қаңлы, найман, қыпшақ т.б. тайпалары дәуірінде-ақ, шипагерлер ауру
адамның сырқатын емдеуді қолға ала бастаған.
Заманның өзгерісіне қарай атадан балаға сандаған ғасырлар бойы ашықта
- жасырында  және құпия да жалғасын тапқан шипагерліктің қарапайым
халықтық емдік әдіс-тәсілдері туралы халық хабардар болған.
Бұдан қазақтың халық шипагерлігінің  тарихы ұзақ, біздің 
дәуірімізден де арырақ басталатыны байқалады. Қазақтың  шипагерлігінің 
емдік  сипаттары ғасырлар бойы жылдар жылжыған сайын жаңа дәуірлік даму
сипатына ие болды. Қазақ  шипагерлігінде  адамның сырқатының  пайда болу
себептерін біліп анықтаған сайын   емдеп жазудың мәдени емдік жолы 
ілгерілей  бастады. Қазақ шипагерлері таби-ғаттың ауа райының тұрақты
қалыптылығы мен әртүрлі өзгерістерін адамның денсаулығының қалыпты әрі
қалыпсыз болуына және жан –жануарлар мен өсімдік әлемнің тіршілігіне де
үлкен әсері бар деп қарады. Өйткені, ұлттық  шипагерлік ауа, су, топырақ
және күн сәулесін  табиғаттың негізгі тіршілік көзі деп есептеді. Халық
шипагерлері  ертеде ауру  адамның  ішкі және сыртқы  сырқатты белгілерін
– өзі айтқаны бойынша тыңдау, тамыр ұстау, ауырған адамның өңін байқау,
сөзіне, тұлғалық  көрінісіне және  жүрісіне қарап, денені сипау мен
аурудың өзінен сұрау арқылы  анықтады. Аурудың түрін анықтаған соң,
өзінің дайындаған  дәрі – дәрмегін ішкізіп  емдеу, қан алу, шертіп немесе
шертпей  денеге  лоңқа қою, уқалау, құяң үзу, денеге ыстық – суық өткізіп
емдеу, арасанға түсу минералды  суларға – З.Қ. ,  күн нұрына қақталу,
бұлаулау  қарағай, , ермен, қайың жапырақтарына, жалбыз  т.б. , қой
терісі мен қой жынына түсу, қуатты мол ет, сүт, маңыз, ірімшік, құрт,
айран, саумал, қымыз  сияқты тағамдарды  пайдалану  т.б. әдістерін  ауру-
ларға емдікке қолданған. Мәселен, жаңа сойылған жылқының, қойдың, ешкінің
жылы терісіне суық тиген, белі шойырылып ауыратын сырқаты бар адамдарды
түсіріп орап, үстіне қалың жапқыш жауып, терлету тәсілін пайдаланған.
     Халық  шипагерлері  аурудың денесінен қан алу тәсілінде өзіндік әдіс
– тәсілдері бойынша орындаған.
Ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы  осыдан бес ғасырдан бұрын адам
бойындағы қанды: адал қан, арам қан, құтырған қан, қанды ірің -
деп төрт топқа бөлген [1, 160-161 бб.]. Шипагер осы тұжырымы бойынша
жылдың мезгілдік өзгерісіне сайкес, көктемде адамның да қанында пайдасыз
өзгерістік құбылыстар болатыны туралы анықтамасын ұсынды, идеясын дәлдей
білді. Қан адамның өмірінің негізі құралы әрі мүше бөлшектерін майлаушы
қызметін атқаратынын да  анықтай алды. Қан жанның серігі немесе
құрамдас бөлігі болатынына жеке тәжірибелеріне сүйеніп анықтады, 
ешқандай күман келтірмеді. Халықтық шипагерліктің ғылыми медицинаға
жақындауына тұңғыш рет негізін қалаған осы ғұлама баба еді.
 Қан жөнінде емдіктің қарапайым халықтық тәсілдерін жас кезінен
бастап ғұмырының ақырына дейін зерттеген, еңбектер жазған медицина
ғылымдарының докторы, профессор Е. Оразақов халықтық шипагерліктің емдеу
әдіс – тәсілдері  туралы былай дейді: Адам денесіндегі арам қанды сыртқа
шығару қарықтық салу, лоңқа төңкеру арқылы қан тасуды емдеу үшін
шертпек, қандауыр, біз, містер, қарықтық атты құралдар пайдаланадылады.
Қан көбіне шеке және маңдай тамырдан алынады.
Ол үшін мойынға сүлгі салып еппен бұрғанда, әлгі қан тамырлары басқа
қан тамырларынан ерекшеленіп білеу-ленеді. Содан кейін шертпек не
қандауырдың ұшін оттың жалынына жалатып алып қан тамырын аздап тіледі,
сол сәтте қою қара қан ағады, аздан соң қанның түрі бозғыл тартып,
қалыпты жағдайға келгенде сүлгіні босатады да, қанды тоқтату
әрекетіне кіріседі ... [4, 25 б.]- деп, ғалым шипагердің өзінен бес
ғасыр бұрынғы идеялық ойларын толықтырады. Халықтардың аймақтық
орналасуына қарай, жеке шипагерлердің де ұқсастық немесе өзіндік құпиялық
емдік әдіс-тәсілдері болды. Шипагерлікте сыртқы ауруларға оташылықтағы
сынық пен буын шығу жататындықтан, сынықтың денедегі түріне қарай
шипагерлер сынған сүйекті орнына келтіріп таңу мен қарапайым операция
жасау сияқты  оташылық  тәсілдерін пайдаланды. Оның  қарапайым озық
жетістіктерін байыта білді.
Ұлы Әмір Темірдің 1333 – 1405 өзі жазған өмірбаянында 1354 жылы 
қатты сырқаттанады. Самарқанның шипагері анардың шырынымен емдей алмай,
Түркістанның шипагері қан алып, айықтырғанын айтады [2, 12-13 бб.]. Бұдан
Орта Азияда X-XV ғасырларда дамыған жоғары ғылыми шипагерлік ілім
болғанынан хабардар етеді. Қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының
да өзінің Ши-пагерлік баян атты медициналық энциклопедиялық еңбегінің 
де жазылуы осы XV ғасырда екені жоғарыдағы айтыл-ғандардың шындыққа
үйлесетінін білдіреді. Халық емші-лігінің  емдік халықтық сипаттарын оның
өткені, бүгіні және болашағы жөнінде кезеңдерге бөліп жүйелеп қарауды
қажет етеді. Шипагерлік саласының отызға жуық түрі барын ескерсек,  бұл
ғылыми талдауды жеңілдетіп қалмастан, оның өрісін кеңейтіп, болашағының
таза өркендеуіне және басқа да ғылымдар саласымен қатарлас әрі тең
дамуына маңызды болмақ. Бұндай танымдық жеке-жеке анықтамалық сипат-
тамалар мен тұжырымдамалар жасау, халықтық шипагерлік өнерінің ұлтты
рухын өркендетуге және зерттелуіне зор көмегі болатынына бағыт бере
алады.
Сондықтан да халық шипагерлігіне ғылыми танымдық зерттеулерді
жалғастыра беру, бұлақтың бітелген көзін ашқандай әсері болары шындыққа
айналмақ. Әр түрлі кезеңдерде шипагерліктің халықтық сипаты неше түрлі
кедергілерге ұшырап, өрісін кеңейте алмауынан кенжелеп қалды. Сонда да 
болса, ертедегі шипагерлер емдеу жүйесінде  дәрісін негізгі және қосымша
дәрілер деп бөліп, өзінің рецептерін пайдаланды. Сөйтіп қайнатпа дәрі,
шар дәрі, ұнтақ дәрі, оқ дәрі, шекерлі – шарбәт  дәрі, қоймалжың дәрі,
шылатпа дәрі, сылама дәрі, т.с.с. дәрі – дәрмектерді  өсімдіктердің 
құрамынан  сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі, шайыры,
тұқымы, хайуанаттар мен жәндіктердің мүшелерінен    сүйегі ,еті, сүті,
терісі, майы, жүні,  т.б.   оның ішінде аю еті, бұғы мүйізі, жолбарыс
сүйегі, құдыр кіндігі, құстардың еті, жұмыртқасы, бие қымызы, сиыр сүті,
 түйе шұбаты, шаян, сүлік т.б. және минаралдардан  мыс, сынап, күкірт,
ашудас, тотияйын, тұз, алмас т.б. сол дәуірдегі өлшемдік жүйемен
дайындаған  кг,г грамм, мил.грамм өлшемі болмаған.Мәселен, Шәрбат
дәрілерді дайындауда бір немесе бірнеше түрлі дәрілерді  суда қайнатып,
шамасынан сүзіп алып, оған шекер, бал немесе жеміс суларынан қосып
әзірлейді. Сылама дәрілерді аю, борсық, жылқы, қаз майларынан 
дайындаған. Тамшы  дәрілерді ішуге, көзге, құлаққа тамызу үшін әртүрлі 
дәрілерден  жеке – жеке мөлшермен дайындаған.
Қазақ шипагерлері өздері жасаған дәрілерін тұмаудың алдын алуға, бас
ауруға, зиянды жәндіктердің шаққан уытын қайтаруға да қолданған.
Дегенмен, Орта Азия мен қазақ жерінен орта ғасырдан бастап шыққан ғұлама
ғалымдар, есімдері бүгінде әлемге белгілі Әл-Бируни, әл-Разани,  Әбунәсір
әл – Фараби, Жүсіп Балласағұн, Әбу-Әли ибн-Сина  т.б. ғұламалардың
медицина саласындағы еңбектері емдіктің халықтық сипатын өркендетіп,
ғылыми ілімге жақындауына зор ықпал етті. Ғұламалар еңбегі халықтық
шипагерліктің бай мұрасынан жинақталып сұрыпталып жазылғандықтан да,
еңбектің идеялық тұжырымдары халықтың арасында тез тарады әрі оң
қабылданды. Халықтық шипагерліктің теориялық пен тәжірибелік жетістіктері
ең алдымен қазақ елі мен Орта Азияда шипагерліктің өрісінің кеңеюіне,
өркендеуіне әсері зор болды. Әсіресе Отырардың түлегі   ғылымда екінші
Аристотелі атанған  ғұлама ғалым  әл-Фараби Адам ағзалары жайлы және
Жануарлар ағзалары жайлы т.б. медициналық еңбектерін жазып қалдырса, ал
әл-Фарбиді өзінің ұстазы атаған, оның ілімін дамытушы ғұлама ғалым әрі
дәрігер Әбу Әли  Ибн Cина   медицинаға арнап 16 кітап жазғандығы мәлім
болды. Бұл ойшылдардың халықтық шипагерлік ілімін ғылыми теориялық әрі
тәжірибелік ілімге айналдыруы,  халықтық шипагерліктің  емдік тәсілдері
мен әдістерін байыта түсті. Қазақтың халық емшілігі өзімен іргелес Қытай,
Тибет, Монғолия, Үндістан, Орта Азия, Араб, Ресей т.б. елдердегі халықтың
емдік дәстүрлерімен, бір жағынан, өзінше ерекше, бір жағынан, олармен
ұқсас,  сабақтас та болды.
Қазақтың халықтық емдік жүйесіндегі  үлкен ілгерілеудің нәтижесі оның
шипагерлерінің Шығыс пен көрші елдердің шипагерлік өнерлерінің
жетістіктеріндегі үндестік пен ұқсастықты еді. Қазақ шипагерлерінің
көршілерінің шипалық әдіс-тәсілдерін пайдаланып, өзіндік шипалық
тәсілдерін байыту мен  біріктіру шеберлігінің жетістігі, ұлттық
шипагерліктің негізін қалады  деген тұжырымдама жасауға болады.
Халық емшілігінің  ізгілік мұраларын бір ілімдік арнаға келтіруде 
ғұлама ғалымдардың жаңа ойлары, жаңа ғылыми тұжырымдары мен білген
теориялық пен тәжірибелерінің оң жетістіктері  халықтың денсаулығын
сақтау мен қорғауға арнағандығын аңғартады. Халық емшілігінің тарихи
жетіс-тіктерін көптен зерттеп жүрген, медицина ғылымдарының кандидаты,
ғалым Бекен Тұрсын : Халық емінің өрлеу кезеңдері жазба
деректердің жоқтығынан әлі зерттеліп біткен жоқ. Қазақтың халық емінің де
тамыры көне дәуірден ғасырлар бойы ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатқан
халық мұрасы. Халық емі жоқ ұлттың бүгінге дейінгі өмірі де, болашағы да
болмас еді. Қазіргі меди-цинаның негізі мен ірге тасын қалағанда сол
халық емі,яғни халықтық медицина екенін кім жоққа шығара алар -
дейді [5, 41 б.]. Бұндай ғылыми тұжырымдама да өмір шындығынан
алынғандығын аңғартады.
Халықтық шипагерліктің жеке дамуының тарихын дәлелдейтін нақтылы
тарихи деректері болмады. Оның тарихы халықтың ауыз және жазба әдебиеті
бойынша, саяхатшылар мен көпестердің қолжазбалары мен күнделіктері
негізінде, архологиялық және этнографиялық топтардың материалдары мен
тағы да басқадай деректерге сүйене жасалынып келді.
Қазақтың халық шипагерлігінің қыры мен сырын зерделеп қолжазбаларын
қалдырған А. Левшин, А. Ягмин, Ш. Уалиханов, Н. Зеленд т.б. да
зерттеушілер де өздерінің жеке ойларын білдірді. Мәселен, қазақ даласында
қан алу емі ауруларды емдеудің негізгі жолы екенін Г. Колосов (1903 ж.),
А. Ягмин (1845 ж.) жазды. Ал дәрігер Шустовтың (1895 ж.) жазуы бойынша
қазақтың шипагерлері адамның басы қатты ауырғанда, бастың белгілі бір
жерін бізбен шаншып, оның орнына күл сепкен. Бұл емдеу тәсілі  қытайдың
инемен емдеу тәсіліне ұқсастығы байқалады. Бұл емдеу тәсілі қытайдан да
бұрын немесе қатарлас  қазақ халықы арасында да дамығандығын
білдіргенімен, оның біртіндеп ел арасында емдік түрден алшақауы
нәтижесінде, ұлттық емдік сипатын  жоя бастағанын көрсетеді. Халықтың өз
ұлттық жазуы болмауынан  оның сан алуан шипалық шипагерлік әдіс-
тәсілдерін қағаз бетіне хатқа түсіруіне мүмкіндігі болмады. Шипагерлер
көргенін, білгенін, естігенін көбіне есте сақтап, жеке шипалық
қызметтерін жалғастырып отырды. Қазақ емшілері аурудың пайда болуы
денедегі  сыртқы суықтық пен ішкі ыстықтықтан болады  деп ұғынды. Ауруды
жазудың негізі оны терлету деп, ауруға суық тиген деген болжаммен шөп
дәрілерін – апиынды, мияның тамырын және жалбызды беріп терлеткен.
Терлеген ауруды қатал жылы бөлмеде ұстаған. Өкпе мен Көк жөтел ауруларына
ұшырағандарға күшті қуатты тағамдар беріп, қымыз ішкізіп және жылқы мен
борсықтың майында ішкізіп емдеген.
Халық шипагерлері өздерінің ауруды емдеудің тәжі-рибелерін дамыту
нәтижесінде жүзден аса ішкі және сыртқы адам ағзаларының ауруларының
аттарын  білген. Шипагерлер ауру  ыстықтық пен суықтықтан болатындықтан
адам қуатының  тепе-теңдігінің бұзылуына әсері болатынын  түсінді. Емдеу
тәсілдерінде ойлап таба білді. Ертеден-ақ, қарапайым халық шипагерлері
психикалық аурулардың пайда болудағы сыртқы сипаттық  себептерін жақсы
білгендіктен оған меңіреу, есі ауысқан, елірме, жынды, қоян-
шық, құтырған, делбе, талма т.б. анықтамаларды қою арқылы
шипагерліктің ұлттық сипаттағы психологиялық және философиялық танымдарын
туғызды. Жүйке-жүйесінде ауытқудың әртүрлі сырқаттарына ілінгендерді
емдеудің емдік тәсілдерін білген қазақ шипагерлерінің қарапайым тәсіл-
дерінің дұрыстығынан
оның ілімдік негізіне жол ашылды. Сондықтан да, халықтық емдік
жүйелері жеке  шипагерлердің шипалық іс әрекеттік тәжірибелері  арқылы
жинақталып, бір тұтас халықтық емдік жүйенің сипаттық негізін қалауға 
әрі оны дамытуға  ыңғайластырылды.        
Халық шипагерлігінің алғашқы сатысында бақсы –балгерлердің сиқырлы
әсерлері мен қарапайым емдіктің халықтық шипалық сипаты қатарласа,
адамның ауруын емдеуге үлестерін қосып отырды. Сондықтан да, халық
шипагерлері алғаш рет ауруды емдерде көбінесе діни сенімдер мен әдеп-
ғұрыптарға негізделді. Дегенмен, қоғам-ның даму жүйесі халықтық
шипагерлікте оташылар, сынық-шылар, шөппен емдеушілер, қан алушылар,
сылап-сипаушылар, діни сенім және әдет – ғұрыптармен емдейтін  т.б.
топтары пайда болды да, олар бойларындағы қасиеттерін  жақсы жақтардан
көрсетіп дәлелдеуге әрекет етіп нәтижелі болуына ұмтылды.
Бақсылық өнері тәңірдің  сиы, құпиясы деген ұғымда болды. Бақсы ол
өз  ортасыныда басшы және шипагері қызметін атқарып өзінің болжампаздық,
көріпкелдік, құма-лақшылық, сиқырлық, ақын-сазгерлік ерекшеліктерімен 
халықты өзіне иландыру сенімі арқылы емдеді.  Халық шипагерлері өркендей
келе әртүрлі емдеу тәсілдері ішінде шамандық діни сенімі тәсілімен:
қайтыс болған киелі әруақты адамдардың кесенесі басына ауру адамды түнету
арқылы мал сойғызып, әруақтарға арнап дұға оқытып ауруынан жазылуына,
нәрестелі болуына  немесе жолы ашылуына тілектер тілету арқылы   бүгінде
жалғасуда  - З.Қ және  уқалау, ұшықтау, қақтыру, аластау, қорықтық құю,
үшкіру, дем салу, шошындыру, дұғалық ішірткі беру, тұмар жазып беру,
аштау, бақсылардың  көмегіне жүгіну, ауруды көшіру, ауруды қуу, көшіріп
емдеу, ұқсастық табу арқылы емдеу, ықылықты емдеу, арбау сөздеріменде,
емдеу деген иландыру әдістерімен, шешек ауруын емдеу, жылан, бүйі және
қарақұрт шаққаннан емдеу, шабақтау, сорбақта т.б. шипалық тәсілдерді
пайдалану арқылы өрісін кеңейте бастады. Мәселен, шипагерлер қан қысымы
өзгерген, бет-аузы қисайған, қол-аяқтың тартылуын адам организміндегі
нервтердің зақымдануы деп болжап, қажетті емін пайдаланып, сырқатты жаза
білді. Ол үшін науқасқа күйдірілген  ыстық қышқаш темірді  жалатқанда,
одан адамның тілі күймей, керісінше адамның артқы миы мен тұлабойы
тітіркенген. Осының әсерінен денедегі зақымдалған нерв талшықтары оянып,
қалыпты жұмыс істей бастауынан аурудың беті бері қараған. Ұшықтауда да
тітіркендіру әдісін пайдаланып бетке суық сумен бүрку және жүгенмен
ұшықтау арқылы, немесе шошындыру үшін аурудың үйіне атпен шауып кіру
тәсілі бойынша да, шошынған нервтердің қалпына келуі үшін  емдік шаралар
қолданған. Бұл емдік шипалық тәсіл бүгінгі ғылыми медицинадағы шартты
рефлекстік шошындыру мен өзін-өзі иландыру тәсіліне ұқсастығын білдіреді.
Шипагерлер ішкі ауруларды көбінесе қан кетіру, денені уқалау мен
ысқылау, денесін қалың жамылғышпен жауып  қымтап жылту,  ішін айдату, 
құстыру, тамақты аздап беріп ашықтыру, қайнатылып жасалған дәрі–дәрмектің
тұнбасын немесе ұнтақтарын ішкізумен терлету, зәрін шығару, ішін жүргізу,
қақырық түсіру арқылы емдесе, ал табиғи минералды сулар және балшықтар
арқылы аяқ – қолдары мен тері ауруларын емдеген. Халықтық шипагерлікте
шипагерлер сыртқы жара, ойық жара, сынық, буын шығу, күйік, ісік,
сіңірдің тартылуы әрі созылуы мен үзілуін және ісікті де емдей
білген.    
  Кейбір деректер бойынша, қазақ халық шипагерлігінде оташылық  XIX-
XX ғасырдың басында жақсы дамығандығы  баяндалып оның ғылыми құрал
саймандық оташылықтан онша алшақтығы байқалмаған. Оташылар: қан тоқтату,
қан алу, үсіген жерлерді емдеу, күйікті, жылан мен қарақұрт шаққанды,
адам денесіндегі бездерді, көздің ағын сылып алу, желкеге шыққан шиқанды
кесіп алу, ісіктің аузын шығару т.б. емдік көмектерін жасаған. Мәселен,
қанды тоқтату үшін адамның өзінің аққан қанын жинап алып, оны шағын
ыдыста күйдірген де, одан кейін жанған қанның күлін жараның үстіне
сепкен. Құмырсқаның илеуін суға қайнатып ісіген жерге таңу арқылы аузын
шығарған. Кейде қарапайым тәсілмен  жасалған Қимай майын жағумен сыртқы
жараны емдеген. Бұл туралы қазақтың халық емін дамытып ғылыми анықтама
берген медицина ғылымдарының докторы, профессор Естөре Оразақов былай
анықтама береді: Қимай алу үшін қойдың қиын қаластырып жағады, жер
ошаққа өртеген қойдың құмалағы мен қиының будақтаған қою қара түтінінің
үстіне қазанды төңкергенде жіңішке түтікпен жанындағы жабық ыдысқа
тамшылап ағатын майын қимай дейді[4, 24 б].  
Сынықшылар ешқандай дәрі көмегінсіз әрі гипссіз сынықты салып,
қарапайым әдіспен таңып мерізімдік шарттық әдіспен қосымша емін жасап,
сынықтың толық әрі мінсіз бітуін қадағалаған. Қазақтың көреген оташылары
нәрестенің опырылып кеткен бас сүйегінің ұсақ сынған бөлшектерін еппен
алып, оның орнына жас тасбақаның сауытын жапсырып, оны жаңа сойған тайдың
ішегімен орап таңып тастап қалыпты түрде жазып алуы, халықтық
шипагерлердің емдеу мәдениеті сатысының жоғарылығын көрсетеді. 
Дегенмен, біздің заманымыздың III-IV ғасырларында Орталық Азияда
өркениеттің дамығанын бүкіл дүниежүзілік ғалымдары мойындайды. Бұған
дәлел Орталық Қазақстан-дағы Қарабие моласын археологиялық қазу кезінде
бас сүйегін тесіп хирургиялық операция жасалған жас адамның қаңқасы
табылады. Бұл адамның өмір сүруін білгір ғалымдар болжаммен біздің
заманымызға дейінгі V-III ғасырлар деп болжайды [6, 11 б]. Бұл біздің
дәуіріміздің III - IV ғасыр-ларында Орталық Азияда өркениеттің кең
дамығандығы оның өнерінің бір саласы халықтық шипагерліктің ертеден - ақ 
дамып отырғанын аңғартады.
Ғұлама шипагер Ө. Тілеуқабылұлы сырқаттың пайда болуы туралы өз ой
тұжырымын: аурудың пайда болуының негізі көзге көрінбейтін майда
құрттардың әсерінен [1, 102 б]-дейді.   Осыған байланысты ғұлама шипагер
ауру түрі де үш түрлі: тума, тұқым қуалайтын және жұқпалы болатынына да
тоқталады. Шипагердің осындай аурудың жұғуы мен асқынуына байланысты
танымдық тұжырымдамасы,  бүгінгі медицина тілімен түсіндіргенде ауру
қөзге көрінбейтін ұсақ микроптардан жұғады деген ұғымға жақындайды. Шипа-
гердің емін қолданғанда аурулардың түріне қарай бөлек рецепін пайдаланып,
кейде өзі де ауруларға берілетін дәрмегін ішіп улануы, қайтадан оның емін
табуы, одан кейін қана ауру адамды емдеуге пайдалануы шипагердің
батылдығы мен өз ісіне деген танымдық қатал жауап-екршілігін білдіреді.
Бұл шипагердің ұлты мен оның ұрпағының болашағын зор сеніммен
бағалап, өзіне-өзі есеп беретін таза ғылыми адам екенін көрсетеді.  Ғалым
шипагер Ө.Тілеуқабылұлы  өлім аузына іліккен үсіген адамдарды сусыз
жерлерде тұншық-тырма, ал өзен суы бар жерлерде малма деген емдеу
жолдарын қолданса, күйікке ұшырағандарды күйіктің дәрежесіне қарамай емін
жалғастырып  нәтижесін  көреді. Қысқасы, Ө. Тілеуқабылұлы қарамаған
аурулар сирек шығар, ол бәріне тәуекел етіп  Аллаға сиынып шипагерлік
өнерін іліми тұрғыда дәлелдеп дамыта білді.
Табиғат  кеңістігінің шексіз шипалы емге бай екенін түсінген шипагер
Ө. Тілеуқабылұлы еуропалық медицинасы ғылымынан бұрын-ақ, рахитпен
ауыраған баланы жылы киіндіріп күн шуаққа шығарып тұрса сырқатынан
жазылып, аяғын басып кетеді деген ұсынысынан қазақ халқының шипагерлік
емдік тәсілінің табиғатан нәр алып, ертеден дамығандығының негізгі бір
дәлелі болумен қатар, оның  философиялық танымдық ойының тереңдігінің
нәтижесін айқындайды.
 Қазақ халқының шипагерлері оба, тырысқақ, шешек, алапес, сүзек,
күйдіргі, қызылша сияқты қауіпті індет ауруларының өте қауіпті екенін
және одан қорғану мен сақтанудың, ал кейбіреулерін емдеудің  жолдарына
да  өте сауатты болған.       Мәселен, оба ауруына ұшыраған адамды оңаша
бөлек үйде ұстау, ешқандай жақын қатынаста болмау, тамағын ұзын ағаштың
ұшына байлап беру, егер өте қауіпті болса өзімен бірге  мүлкінде өртеп
бұл орыннан елі тұтас көшіп кетіп қайта оралмаған. Бұл тәсілдердің
бүгінгі ғылыми медицинаның гигиналық сақтану мен қорғану талаптарына
ұқсатығын білдіреді. Дегенмен, көптеген жұқпалы әрі қауіпті аурулардың
пайда болу себептерін, анықтау жолдары мен емдік тәсілдерін ғалым шипагер
Ө. Тілеуқабылұлының XV ғасырда-ақ ғылыми анық-тамалық жүйесі бойынша оң
нәтижеге жетуге деген іс-әрекеті орындалғанын байқауға болады. Ол арманын
көбіне дала тәжірибесінің жетістіктерінің болжамына қарай іске асыра
білді. Шипагер емдіктің халықтық сипатын ғылыми жүйеге толық жақындата
алды. Халықтық шипагерлік өнері халықпен бірге жаралып, бірге  өмір
сүріп, әдіс-тәсілдерін жалғастырып өркендейтініне ерекше мәндік
көзқараспен қарады. Оның болашағына жауапкершілікпен қарағаны халықтың
жеті өлшеп, бір рет кес деген ойының шеңберінің талабын орындағанын
көрсетеді. Шипагердің осындай терең танымдық ой толғанысы оның
Шипагерлік баян еңбегінен анық байқалады. Халық шипагерлігі жөнінде
алғаш Қазақтың халық медицинасының құпиясы атты моно-графиялық
еңбектерін жазған медицина ғылымдарының докторы, профессорлар А.Алдашев
пен Ж.Әлімханов: Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының халық емшісі
дегеніміз - халық ұғымы бойынша қолынан әр түрлі өсімдіктерден,
минералдық заттардан, жануарладың әр түрлі ағза мүшелерінен дәрі –
дәрімек жасап сол бойынша әр түрлі ем қолдана білетін, сол ем домын өз
ортасының қоғамдық, мәдени және діни ұғымдарына сайкес
халыққа медициналық көмек бере алатын адам,- деген анықтамасы
негізінде халық емшілігінің шипагерлік өнерінің тарихи кезеңінің
қажеттілігіне тоқталады [ 7, 137 б.].  Ғұлама шипагер Ө.Тілеуқабылұлы
өзіне дейінгі көне танымдық шамандық діни сенімдік пен иландыру арқылы
емдік жүйелерінің пайдасынан зиянның молдығын анықтап, ол нақты ілімдік
әрі ғылыми жүйе бойынша ауруды емдеудің  шипалық дәрі-дәрмектік тәсілін
ұсынды. Халықтық шипагерліктің өткеніне зер салсақ оның даму сатысының
біртіндеп өсіп отырғанын байқауға болады.
Ғұлама баба шипагерлердің өзін екі топқа: Дарымдылық  және Болжамалы 
деп бөліп, бұл шипагерлерді 24 түрге жіктеп әр атаудағы шипагердің 
теңдессіз шипагер, емші, қаншы, тамыршы, оташы,  сынықшы, бақсы,
балгер,  әулие,  әнбие т.б. жеке-жеке шипалық емдік сипаттарына 
тоқталып, әрбір шипагер өз қолынан келген емін қана қолдануды  және емші 
деген атаудан шипагер атауы дұрыстығын анықтап берді. Бұндай
шипагерлердің атаулық ғылыми анықтамалары осыдан бес жарым ғасыр бұрын
белгілі болғанымен,  ол жүйелік шипагерлік атаулар бүгінде әлі ғылыми
анықтамаға енбеуі салдарынан төрт-бес шипагерлік атауы ғана  емші,
бақсы, құмалақшы, сынықшы т.б. аталуда. Бұл шипагерлік өнерінің ғылыми
зерттеулерде әлі жоқтығын аңғартады. Аурудың пайда болуының себеп-
салдарын адамдардың ортасындағы кейбір денесінен кері қуат бөлетін
адамдардан болатынын шипагерлер ертеден-ақ сезді және кері қуат бөлетін
адамдарды да, оның туғызатын ауруы түрінде анықтап білген. Мәселен, адам
сырқатының пайда болуының кейбір себептері тіл сұғы мен көз сұғы бар
 деген адамдардың  кері әсер күшінен болатынын қарапайым халықтық түснік
болса, шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы  оны іліми негізде дәлелдеп
жазады.
Көзі мен тілінің сұғы бар адамның сыртқы және ішкі денелік
мүшелерінің белгісіне дейін шипагер дәйекті негізде дәлелдеді деп, оның
Шипагерлік баянында анық айқындама берілді деуге толық негіз бар.
Дегенмен, қараүзген  шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы қазақ халқының
емдік тәсілінің халықтық жүйесіне үлкен өзгеріс жасады. Ө. Тілеуқабыл-
ұлының Шипагерлік баян еңбегі халық шипагерлігіне жаңа қадам, жаңа
танымдық көзқарас туғызып, жаңадан ғалымдар мен зерттеушілердің бір
тұтас  ұлттық этникалық халықтық емдік  жүйесін жасауына  ең негізгі
сенімді құралға айналды.
Бүгінде көптеген ғылым жүйесінің ғалымдары мен зерттеушілері
ғұламаның медициналық энциклопедиялық еңбегіне өздерінің оң
тұжырымдамалық бағаларында беруі мен зерттеу жұмыстарын бастап
жалғастыру, осы ғұлама еңбегінің жетістігі мен ғылымнамалық нәтижесі
екенін аңғартады. Бұның дәлелін ғалым медиктің ой  тұжырым-намасынан
табамыз. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Ш. Абдуллаев Тамыр –
жан сезімі деген ғылыми мақаласында Ө. Тілеуқабылұлының еңбегіне:
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өзінің Шипагерлік баян атты еңбегі арқылы
бүгінде есімі дүние жүзіне әйгілі болып отыр. Бабамыз өткен ғасырдағы
дана ғалым, одан қалды Европаның әйгілі оқымыстыларының ой пікірі бір –
бірімен жалғасып, елімізді жұртшылықты өте қуанышқа бөлей отырғаны 
мәңгілік тарихта ұмытылмайтын оқиға деген анықтамасын береді[8, 58 б.].

Қоғамдық бірлестік және адам құқы
Әділбеков Әбдіберік
                                                                
           Заңгер.
Алматы қ. 
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 1 бабына сәйкес
мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары болып табылады.
Сондай-ақ, Конститутцияның 23 бабында азаматтардың бірлесу
бостандығына құқығы бар екендігі, қоғамдық бірлестіктердің қызметі
заңмен реттелетіні көрсетілген.
31.05.1996 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 
Қоғамдық бірлестіктер туралы заңының 2 бабында көрсетілгендей 
қоғамдық бірлестіктер болып, саяси партиялар, кәсіптік одақтар және
азаматтардың заңға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына
жету үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктері танылады.
Сондай-ақ, аталған заң талабы бойынша қоғамдық бірлестікке
қатысушылардың (мүшелерінің) осы бірлестіктерге өздері берген
мүлікке, соның ішінде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ. Олар өздері 
мүшелері ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттері
бойынша жауап бермейді, ал аталған  бірлестіктер өз мүшелерінің 
міндеттемелері бойынша  жауап бермейді.
Қоғамдық бірлестіктер туралы заңының 7 бабына сәйкес
қоғамдық бірлестіктер  мәртебесі   республикалық, регионалдық және
жергілікті болып  бөлінеді. Бұл  мән-жай  Әділет Министрлігі
тарапынан  тіркеуден өткенде тіркеу куәліігінде анық көрсетіледі,
яғни республикалық мәртебедегі қоғамдық бірлестіктер өзінің
қызметін  бүткіл республика көлемінде жүргізеді, ал  жергілікті
мәртебедегі  қоғамдық бірлестіктер тіркеу куәлігінде  көрсетілген
аумақта  ғана (белгілі бір қала немесе облыс  көлемінде) қызмет
жүргізуі тиіс, оның республика көлемінде  қызмет атқаруға құқы жоқ,
мұндай жағдайда ол  қоғамдық  бірлестіктің басшысы заң алдында жауап
береді.
Аталған заңның 14 бабында  көрсетілгендей қоғамдық
бірлестіктің құрылымдық бөлімшелері яғни филиалдары мен өкілдіктері 
аумақтық әділет органдарында  есептік тіркеуден өтуі тиіс.  Олай
болмаған жағдайда олардың қызметіне жол берілмейді.  Сондай-ақ, 
кейбір жағдайда  заңды түрде тіркеліп  қызмет атқарып жатқан 
қоғамдық бірлестіктерді тексеруде  заң бұзушылықтарға жол беріліп
жататыны жасырын емес.
Қоғамдық бірлестіктердің және олардың филиалдарының  қызметіне
тексеру жүргізгенде мемлекеттік органдар тарапынан тексеріс  жүргізу
туралы қаулы қабылданады.  Ол қаулыда тексерістің мақсаты, қашан
және қай жерде жүргізілетіні, әрі тексерушінің аты-жөні  
көрсетіліп,  тексеру органы басшысының қолы  қойылады. Осыдан кейін
тексеру қаулысы прокуратура органында тіркеліп, ол жайлы тиісті
белгі  қойылады. Егер қаулы тіркелмесе онда тексеру жұмыстары
жүргізілмейді, ал егер жүргізіле қалған жағдайда тексеру заңсыз
жүргізілген болып  есептелінеді.
   Ата  Заңның 12 бабында адамның және азаматтың өз құқықтары
мен бостандықтарын  жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен
бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен  қоғамдық
имандылыққа нұқсан келтірмеуі тиіс делінсе, 34 бабында әркім
Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңдарын сақтауға,  басқа
адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін
құрметтеуге міндетті  делінген.
 Құқықтық сауатының төмендігінен кейбір азаматтар тексеру
органына қатысы жоқ алаяқтардың алдауына түсіп заңсыздықтың құрбаны
болып жататыны өкінішті-ақ. Сондықтан әркімнің  құқықтық сауатын
үнемі жетілдіріп отырғаны абзал.
 
 
Ғұлама ғалым, ғылымнамалық ұлы еңбек
Әзімхан Тышанұлы
Доцент, ғалым.
ҚХР, Үрімжі қ. 
            Өмірдің барша сәтінде келе бермейтін, некен-саяқ келелі
қуанышты халық даналығы Өшкенің жанып, өлгенің тіріліп пе еді-
 дейтін аталы сөзбен сипаттайды. Бес жарым ғасыр жалғанның жарығын
көре алмай, енді ғана тіріліп отырған ғұлама ғалым, қараүзген
шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының Шипагерлік баянын ғылымдағы,
ұлт мәдениетіндегіосы бір жарқын шұғыла, келелі қуанышты Өшкен
жанып, өлген тірілді десек, кем қалмаса, артық айтылған болмайды.
            Әдеттегі сүйінші сұрау салтында сүйінші сұраушы алдымен:
Сүйінші! Сүйінші сүйіншімді бер! - деп сүйінші иесімен келісіп
алып, онан соң сүйіншінің мән-жайын айтушы еді. Мұндай дәстүрде де
өзіндік мән жоқ емес. Психологияның өмір тәжірбиесіне аса бай дана
халқымыз әуелі Сүйіншімді бер! - деп қуаныш иесінің көңілін біраз
байырқалатып алмай, қуанышты бірден лақ еткізсе, оның психологиялық
дүниесінде астан-кестендік туып, ері әсер беретінін ерте байқаған.
Сол секілді бұл сүйінші хабарымызда, біз де а дегенде ғұлама
ғалым, ғылымнамалық ұлы еңбенктен бір-ақ түстік. Мұндай жалаң,
абстракциялық ұран тәріздес көпісткен сөздердің алдан айтылуы,
сүйінші сұрауда пәлендей оқа болмаса да, ғылыммен отаспайтны
белгілі. Осыдан келіп әу бастан оқығандардың: Баяғы көп дарбаза
сөздің бірі ғой, - деп нәумездене қалуы ғажап емес. Оның бер
жағында 500 жылдың алды деген сөзді туу баста айтып қойдық. 500
жылды қойып, күні бүгінге дейін жазба дүниеде Қадырғали би Қосымұлы
Жалайырдың он жетінші ғасырдағы Жылнамалар жинағынан басқа ештеңе
табылмай және бас-аяғы жоқ бұл бір құранды жинақтың өзіне де кем
дегенде 3 түрлі дау: біріншіден, аударма (Рашидадиннің Жамих ат-
тауарихының аудармасы); екіншіден, авторы Қадырғали емес,
үшіншіден, шығарма қазақ тілі емес, татар тілінде жазылған дейтін
даулар еріп, қыр соңынан қалмай жүрген шақта қазақтан бес жүз жылдың
алдында бір ғұлама ғалым шығып, қазақ тілінде ғылымнамалық  ұлы
еңбек жазып еді денеге қапелімде ешкім сене қоймаса керек. Дегенмен,
мұның да, пәлендей бір оқасы жоқ. Зайырын қуғанда нәумездену де,
сенбеу де  көз жеткізуге ізденудің бір жолы ғой. Ал біздің Айтпай
жатып құлдық деп бірден абстакциялық атауды дүрс еткізуіміз басқа
емес, құлақты елең еткізіп, осы ұлы еңбектің бір ерекшелігін яғни
ғылымнамалық (энциклопедиялық) сипатын ашып алу үшін ғана. Айталық,
ғалымның жазған Шипагерлік баяны - медициналық еңбек. Ол өзінің
жүйелілігі, кемелдігі, ғылымилығы жағынан осы заманғы медициналық
ғылыми еңбектердің қай-қайсысымен еркін шеңдесе алады. Таныстырмай-
ақ, ешқандай түсіндірусіз-ақ, бұған еңбекті оқыған кімде-кімнің өз
көзі жете алады. Сол себепті  біздің айтпақшы болып отырғанымыз бұл
жақтағы емес, жоғарыда аталғандай, еңбектің екінші бір жалпылық
жағы, яғни ғылымнамалық сипаты. Кез келген медициналық еңбектердің
(кез келгенін қойып, ең таңдаулысы да) ғылымнама бола алмайтыны
баршаға аян. Ал біздің ғұлама ғылымымыздың Шипагерлік баяны әрі
ұлы медициналық еңбек, әрі ғылымнама. Тек шипгерлік жағынан емес, ол
халқымыздың тіл, мәдениет, тарих, философия, психология, этнография,
география, этика, мораль, тағы басқа жақтарынан да қыруар білім,
мәліметтерді береді. Бұған қарап бұл бір құрамды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ
Дәстүрлі емдеу әдістері
Биологиялық активті нүктелер
Халық медицинасы
Халық емшілігі
Ұлттық қазақ медицинасының дамуының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері
Тұздың пайдалану тарихы
Математика ғылымының қалыптасуы, математикалық теорияның пайда болуы
ШИПАГЕРЛІК ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
Нарықтық экономиканың теориялық негіздері
Пәндер