Үшінші Рейх (Нацистік Германия, 1933-1945): идеология, саясат және Екінші дүниежүзілік соғыс


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Үшінші Рейх

Үшінші Рейх(немесеНацистік Алмания, ресми түрденем. Deutsches Reich-Неміс Империясы, соңранем. Großdeutsches Reich-Ұлы Неміс Империясы) (1933-1945) - Deutsche Arbeiterpartei(Ұлттық Социалистік Неміс Жұмыскерлері Партиясы, не «Нацистік партия») жәнеАдолф Һитлерканцлерболып және, 1934 ж бастап, Führer(көсем) деп аталыпелбасыболып басқарған .

Нацистік Алманиядеген термин саяси әдепті деп саналмайды, Алманияда, т. б. елдерде әдеттеҮшінші Рейхдеген терминді пайдаланады.

Нацистік Германияныңтіршілік кеңістігі, «арийлердің»нәсіл тазалығы, антисемитизм, Версаль келісімінәтижесінде Германияның жерінің қысқартылғаны және сол арқылы абыройының аяқасты етілгені үшін кек алу, Кеңес Одағынақарсы ұғымдарға негізделген саясаттарыЕкінші дүниежүзілік соғыстыңжәне соның кезінде фашистік режимнің , саяси қарсыластарын және басқа да Шоа деген атпен белгілі қырып-жоюының басты себептері болып саналады. Соғыстың аяғына қарай Германияның инфраструктурасы қирап, одақтастардың бомбылаулары және қала ішінде жүргізілген ұрыстардың нәтижесінде (әсіресе 1945 жылыБерлинқаласының ішінде болған ұрыстардың нәтижесінде) басты қалалары үйінділерге айналды.

Фашист билігінің кезінде Германия, әскери және территориялық тұрғыдан алғанда, 1940-шы жылдардың басында Еуропаның билеуші мемлекетіне айналды. 1938 жылы Аустрияны өзіне қосып алғаннан кейінҚасиетті Рим империясызаманынан бері Аустрияны қамтыған алғашқы герман мемлекетіне айналды. Фашист режимі 1945 жылы күйрегеннен кейін Аустрия қайтадан тәуелді мемлекетке айналды. Сол күйреудің тағы бір нәтижесі - Германия өзініңПруссиядеген өте маңызды тарихи аймағынан толығымен айырылып қалды.

Аты[өңдеу]

Германияның ресми аты 1933 жылы нацистер билік басына келген соң өзгертілген жоқ. Оның аты 1871 жылы Германия біріккен мемлекет ретінде құрылғаннан бері болып келгендейDeutsches Reich(яғни «Герман рейхы») болып қала берді. Тек 1943 жылы ғана фашист үкіметі ресми түрде Германияның атынGroßdeutsches Reich(яғни Ұлы Герман рейхы) деп өзгертті. Ол ат қолданыста 1945 жылғы май айына дейін қала берді

Нацистік партияDrittes Reich(«Үшінші рейх») жәнеTausendjähriges Reich(«Мыңжылдық рейх») деген аттарды өздері құрғылары келген барлық неміс ұлтының өкілдерін қамтитын империяны атау үшін қолданатын. «Мыңжылдық рейх» деген атау қысқа ғана уақыт қолданылып, 1939 жылы келемеждеу болмасын деп қолданыстан шығарылды. 1945жылғымамырдың 8-інен кейін Үшінші рейх туралы жазылған кітаптар мен мақалаларда сол «мыңжылдық» деген сөз оның іс жүзінде өмір сүрген он екі жылымен көп рет салыстырылды.

Екінші Дүниежүзілік соғыс[өңдеу]

1936 ж. Германия мен Жапония «антикоминтерндік пактіге» қол қойды, 1937 ж. оған Италия қосылды. Жапония 1931 ж. Қытайда, Италия 1935-36 ж. Эфиопияда, Германия мен Италия 1936 - 39 ж. Испанияда басқыншылық соғыстар жүргізді. 1938 ж. Германия Австрияны, Мюнхен келісіміне (1938 ж. 29 қыркүйекте Мюнхен қаласында Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия үкімет басшылары кездесіп, Чехословакияның Судет облысын немістерге беру, Германия көршілерінен баска жер талап етпеуге келісім жасасты) сәйкес Чехословакияның Судет облысын, 1939 ж. наурызда Чехословакияны, Литваның Мемель облысын, сәуір айында Италия Албанияны басып алды. Еуропада өз мүдделерін қорғау үшін Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Польша, Румыния, Грекия, Түркия елдерін қорғауға міндеттеме алды, сондай-ақ, КСРО-мен үжымдық қауіпсіздік жөнінде келіссөз жүргізді. Кеңес үкіметі олардың кейбір талаптарымен келіспей, келіссөзді тоқтатты да, керісінше, Германиямен өзара шабуыл жасаспау пактісіне (1939 ж. 23 тамыз) қол қойды.

Осы Молотов-Риббентроп келісімі (В. Молотов КСРО-ның, М. Ребентроп Германияның атынан келісімге қол қойған) бойынша екі мемлекет жасырын түрде Шығ. Еуропадағы өздерінің ықпал ету аймақтарын бөлісіп алды. Финляндия, Латвия, Литва, Эстония, Бессарабия және Польшаның шығыс бөлігі (Нарва, Висла, Сен өзендерінің шығыс жағы) Кеңес Одағына, ал қалған бөліктер түгелімен Германияға тиесілі болды.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия және оның одақтастары Еуропада жаулап алған жер (көкпен боялған) .

Соғыстың 1-кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек - 1941 ж. 21 маусым) . КСРО-мен келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, ал 3 қыркүйекте Ұлы-британия мен Франция Германияға соғыс жариялады. Поляк армиясы 8-28 қыркүйекте Варшаваны ерлікпен қорғағанымен еріксіз берілді. 17 қыркүйекте Қызыл Армия Молотов - Риббентроп келісімі бойынша, Польшаның шекарасынан өтіп, Бат. Украина мен Бат. Белоруссияны өзіне қосып алды, ал қыркүйек - казан айларында Эстония, Латвия, Литва үкіметтерімен өзара көмек шарттарын жасасып, әскер кіргізді. Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағандарымен, 9 ай бойы ешқандай ұрыс кимылдарын жүргізген жоқ. Осыны пайдаланған Германия Ұлыбритания теңіз флотына соқкы берді де, Бат. Еуропаны жаулап алуға кірісті. 1940 ж. сәуір - мамыр айларында Норвегия мен Дания жаулап алынып, 10 мамырда Бельгия, Нидерланд, Люксембургке, әрі қарай Францияға басып кірді. Петен бастаған француз үкіметі қарсыласудан бас тартып, 22 маусым күні берілді. Оңт. Францияда Петеннің «қуыршақ үкіметі» құрылып, елдің қалған бөлігінде герман билігі орнады. Маусым айында (1940) Италия үкіметі де Франция мен Ұлыбританияға соғыс жариялады. Енді гитлершілер ағылшын қалаларын аяусыз бомбалауға кірісті. Бірақ Гитлер Ұлыбританияға басып кіруден бас тартып, Кеңес Одағымен соғыска мұқият дайындала бастады. Жапониямен, Италиямен достык нығайтылды. Балкан компаниясы (1941) нәтижесінде Грекия жаулап алынып, Югославияда фашистік Сербия, Хорватия «мемлекеттері» күрылды. Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндия фашистік одақка қосылды. Басып алынған жерлерді қырып жою, еріксіз жүмысқа пайдалану саясаты жүргізіліп, нәтижесінде фашистерге қарсы карсыласу козғалысы дүниеге келді. АҚШ үкіметі бейтараптык саясатынан бас тартып, Ұлыбритания мен баска да Еуропадағы соғысушы елдерге несиеге немесе жалға соғыс материалдарын (лендлиз) беру туралы заң қабылдады (1941 ж. 11 наурыз) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үшінші рейх (1933-1945): Германия фашизмінің билікке келуі, заңнамасы және Екінші дүниежүзілік соғыс
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі еврей ұлтына қарсы нацистік геноцид: Гитлер, концлагерлер және сот жауапкершілігі
Германия мен Италиядағы фашизм: нацизмнің көтерілуі, Екінші дүниежүзілік соғыс және соғыстан кейінгі бейбіт келісімдер
Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945): себептері, кезеңдері және Кеңес Одағының рөлі
Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі Тегеран конференциясы: екінші майдан және Германия мәселесі
Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945): алғышарттары, басталуы, жүру барысы және қорытындылары
Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945): кезеңдері, салдары және Үндіқытайдағы әсері
Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945): басталуы, негізгі кезеңдері және салдары
Екінші дүниежүзілік соғыс: басталуы, негізгі кезеңдері және Кеңес Одағының рөлі (1939-1945)
Екінші дүниежүзілік соғыс: соғыс алдындағы сыртқы саясат, негізгі кезеңдері және халықаралық салдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz