Адам баласының тарихи шығуы


Адам баласының тарихи шығуы
Қазақстан жерінің, оны өте көне замандарда мекендеген адам баласының, адамзат қоғамының тарихы дүние жүзіндегі адамзаттың даму тарихымен тығыз байланысты. Адамзат баласының шығу тегінің, қалыптасуының ортақ тарихы, заңдылықтары бар. Сондықтан қай елдің, қай халықтың болсын көне тарихын дүрыс түсіну үшін, осы ең көне замандағы тарихқа шолу жасау қажет.
Тарихты дәуірлеу қоғамдық өндірістің дамуына, өндірістік қатынастардың даму деңгейіне байланысты жасалады. Белгілі бір ғылым саласының әдіс-төсілдері арқылы жасалатын кезеңге бөлу археологиялық және геологиялық деп екі кезеңге бөліп қарастырылады.
Тарихи дәуірлеудің алғашқы нұсқасын жасаған - атақты американ этнологіЛьюис Генри Морган адамзат баласы тарихын жабайылық, тағылық (варварлық ) және өркениеттік (цивилизация) деп үш кезеңге бөлді. Аталған әрбір кезеңде адамзат баласы өзінің дамуы барысында белгілі бір жетістіктерге жетіл отырды. Мысалы, жабайылық кезеңінде адамзат калыптасу үдерісінен өтіп, өзара қатынас құрды - сөйлеу тілі пайда болды, отты бағындырды, балық аулауды игерді, садақ пен жебені пайдаланды. Тағылық кезеңде адамзат баласы құмыра жасауды, егін салу мен мал бағуды үйренді, темірді өзіне бағындырды, ал өркениет кезеңі тарихта жазу-сызу шыққаннан басталады. Л. Г. Морган адамзат баласы тарихын эволюцияльқ даму тұрғысынан карастырып, тарих кезеңдерін материалдық өндірістегі белгілі бір жетістіктермен байланыстырды. Оның бұл бағыты кейінгікезендерге
бөлу ісіне дұрыс жол сілтеді.
Тас дәуірінің кезеңдерін жете түсіну үшін, осы дәуірдің геологиялық, археологиялық деректерін нақты білу қажет-ақ. Геологиялық кезеңге бөлу бойынша, шамамен 67 млн жыл бүрын кайназой дәуірі басталды. Осы дәуірде жер бетінде сүтқоректі жануарлар, құстар, әр түрлі өсімдіктер пайда болды. Кайназой дәуірі үштік және төрттік кезеңдерге бөлінеді. Адамзат баласының тарихы осы төрттік кезеңмен байланысты.
Палеолит Олдувай кезеңінен басталады. Олдувай кезеңі мөлшермен б. з. д 2, 5-млн жылдықтан 840-мыңжылдыққа дейін; шелль-ашель кезеңдері б. з. д 840-мыңжылдықтан 140-мыңжылдыққа дейін созылады. Ашелль-мустье дәуірі 140-40-мыңжылдықтар арасын алып жатыр. Соңғы палеолитке (мустье) б. з. д 40-12-мыңжылдыктар жатады.
Бүгінгі таңда бір топ ғалымдар палеолит дәуірін: ерте (төменгі) палеолит, орта палеолит және соңғы (жоғары) палеолит деп үш үлкен кезеңге бөлсе, енді бір топ ғалымдар палеолитті: ерте (төменгі) палеолит жөне соңгы(жоғары) палеолит деп екі үлкен кезеңге бөледі.
Палеолитті үш кезеңге бөлушілер ерте (төменгі) палеолитке олдувайдан бастап кейінгі ашельге дейінгі кезеңді, ал мустьені - орта немесе соңғы палеолитке жатқызады. Сонымен бірге соңғы немесе жоғары палеолитке - оринъяк, солютре, мадлен мәдениеттерін жатқызады. Екі топтағы археологтардың бұл мәселедегі таласы мустье кезеңіне байланысты екен,
22І. Приматтар эволюциясы сүткоректі жануарлардың басқа отрядтары сиякты, шамамен, бұдан 60 млн жыл өтті. Үштік кезеңнің екінші жартысында кен таралған жоғары сатыдағы маймылдардың қазбалық тобы -
дриопитектер
екі эволюциялык бағытқа:
понгидтер
мен
гоминидтерге
бастама берді. Понгидтер ұрпағы - гориллалар мен шимпанзелер қазіргі кезде де тіршілік етеді. Гоминидтерге қазіргі уақытта бір ғана түр -
Саналы адам
жатады.
Адамның арғы тегі эволюция жолымен бірте-бірте кдлай дамығанын зерделеу киын: казба қалдықтар өте аз және олардың өзі толык емес. Сондықтар гоминидтер эволюциясының әр түрлі нүсқалары бар.
1-ші оқушы. Рамапитектер
. ғалам-шарымызда (планета) 14 млн жыл бүрын гоминидтер тұқымдасына жатқызуға болатын маймылдар пайда болды деп болжайды. Бүлар -
рамапитектер.
Олар Үндістан, Шығыс Еуропа, Ресей аумағында тіршілік еткен. Олардың тісі алғашкы адамтәрізді маймылдарға қарағанда жетілген, күрек тістері мен азу тістерінің арасында ит тістері пайда болған. Рамапитектер өсімдіктекті азыкпен: астык тұқымдастар дәнімен, өсімдіктердің тамырларымен, сабақтарымен ж\е жапырактарымен қоректенген. Қорегін іздеу, жұлып алу, казу немесе аузына апару үшін үнемі енкейіп, иіліп не тік түрып, қолдарымен көптеген кимыл-козғалыстар жасаған.
2-ші оқушы. Аустралопитектер.
Олардың көптеген казба қалдықтары Оңтүстік және Шығыс Африка аумағынан табылған. Аустралопитектер ізашарларына карағанда адамға көбірек ұқсас болған, Олар тік жүрген (бойы 120-130 см, салмағы 25-45 кг), беті жалпактау, миының көлемі орташа 530 см
3
болған.
3-ші оқушы. Епті адам.
аустралопитектерге сырттай өте ұқсас жануарлар тіршілік еткен. Олардың миының көлемі едәуір үлкен - 650-1100 см
3
болған. Табанында осы заманғы адамдағы сияқты күмбез болған, яғни ол екі аяғымен тік жүрген. Бұл гоминидтін қолының саусақтары едөуір жетілген, бас бармағы баска саусақтарына қарама-қарсы орналасқан. Демек, ол қолымен тас құралды ұстап, оны пайдалана білген. Қазба жұмыстарында олардың қоныстарынан тастан жасалған қара-пайым құралдары табылған, өте ертедегі адамдардың алғашкы өкілдері болған дейді.
Адам эволюциясында біркатар ғалымдар үш сатыны бөліп көрсетеді:
ежелгі адамдар, ертедегі адамдар, осы заманеы алгашцы адамдар.
4-ші оқушы. Тік жүретін адам.
Ежелгі адамдардьщ қазба калдыктары Азия, Еуропа және Африкадан табылған. Демек, ежелгі адамдар біздің ғаламшарымызда кеңінен таралып тіршілік еткен. Оларды ғылымда
тік жүретін адам
деп атайды. Олар, сөзсіз, адамдар туысынын өкілі болып табылады. Олар бұдан бұрынғы 1 млн - 300 мың жыл аралығында тіршілік еткен. Олардың қазба қалдықтарын 1890 жылдары нидерландтык ғалым Э. Дюбуа Ява аралынан тапқан. Олардың бойы 160 см-дей болтан. Оның қазіргі адамдардан ерекшелігі - бас сүйегінің маңдай бөлігі артқа қарай жазық, тайқы, қасүсті доғалары алға қарай шығыңқы, астыңғы жақ сүйектері үлкен және ірі, иегі шығыңқы емес. Ежелгі адамдар белсенді тіршілік еткен: аң аулаған, өсімдіктерді, етті кесуге арналған қарапайым күралдар жасаған. Олар топ болып өмір сүрген - осылай жауларынан қорғану, азық табу, аң аулау, тұрғынжай салу оңай болған. Кейбір табылған қалдықтар олардың отты пайдалана білгенін дәлелдейді.
Тік жүретін адамдардьщ негізгі эволюциялык жетістігі
-
тас құралдарын жасау, абстрактілі ойлау және сөйлеу нышаны болған.
5-ші оқушы. Неандертальдықтар.
Бүл ертедегі адамдардың қазба қалдыктары Еуропа, Азия, Африкадан көптеп табылған. Ертедегі адамдар 300-400 мың жыл бүрын тіршілік еткен. Олар қаңка қалдыктары табылған Германиядағы Неандерталь аңғарына байланысты аталған. Неандертальдықтардың бас сүйегі күмбез тәрізді ж\е миыньщ көлемі1600 см
3
-ге жуық болған. Осыған қарамастан неандертальдыктардың сыртқы кейпінде көптеген қарапайым белгілер байқалған. Мысалы, қасүсті доғасы шығынқы, иегі аса жетілмеген.
Бойы
170
см-дей, дене бітімі дұрыс, бұлшык еттері жақсы жетілген. Олар мұздык дәуірде тіршілік еткен. Суықтан сактану үшін олар отты тұтатуды және жағуды, теріден қарапайым киім тігуді үйренген. Неандертальдыктар 15-20 адамнан топ болып тіршілік еткен. Олар еңбекті бөлісіл атқарған: ер адамдар ірі жануарларды аулады; әйелдер мен балалар отты сөндірмей жағып отырған, жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, ұсақ жануарлар мен құстарды аулаған. Тас қашаушылар тастан әр түрлі құралдар-пышақ, балға, балта, қырғыштар жасаған.
Ғалымдар
осы замангы алгашқы адамдар,
шамамен, 40 мың жыл бұрын пайда болған деп жорамалдайды. Олар неандертальдыктардың арасында өмір сүрген.
6-ші оқушы. Кроманьондыктар.
Осы заманғы типті қазба адамдар
кроманьондықтар
деп аталады (Франциядағы Кро-Маньон үдгірінін. атауына байланысты) . Олардың бойы биік (180 см-ге дейін), миынын көлемі 1800 см
3
болған. Кроманьондыктарда осы замангы адамдарга тән барлық белгілер болған; бас сүйегі көлемді, иегі шығынқы, айқын көрінеді. Соңғы 40 мың жыл ішінде адамның сыртқы кейпі аса өзгерген жок деуге болады. Осы заманғы алғашқы адамдардан эволюция барысында
Саналы адам
пайда болды. Біз де Саналы адам
(Homo sapiens)
түрінің өкіліміз.
33Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстанның территориясы -планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана болып табылады.
Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар әлі көп.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2, 5 миллион жыл бұрын пайда болған. Жер жүзінде еңбек етуге қабілетті болған ең ежелгі өмір сүрген адам хомохабилис - «шебер адам» (презинджантроп) болып есептелінеді. Оның сүйек қалдықтары далбарлап жасалған шапқы құралдармен (чопперлермен) бірге 1959-1963 жылдары Олдувэй шатқалынан (Шығыс Африка - Кения) табылды. Ол 1 млн. 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Хомо хабилистің мыйының көлемі (652 см3) австралопитек маймылдарының мыйынан біраз асады. Бірқатар басқа ерешеліктері болған, мәселен, түргеліп жүргендікті аңғартатын, айқын білінетін табан имектігі.
Алғашқы адамдардың (олдувэйлік) еңбек құралдары: қырын өткірлеу үшін ұрып жұқартылған малта тастар мен дөрекі ауыр тас сынықтары (чопперлер) болды.
Адамның эволюциясындағы одан кейінгі қадам хомо эректус - «тік жүретін адам» сатысына байланысты. Бұл тұрпаттың өкілдері тас дәуірінің Шелль-ашель мәдениетінің иелері питекантроп пен синантроп болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz