Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы және оны іске асыру кезеңдері


Мазмұны:
Кіріспе . . . 7
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ
1. 1Англия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым қатынасы . . . 10
1. 2. М. Тэтчердің 1991 жылғы Қазақстанға жасаған сапары және онда талқыланған мәселелер . . . 23
1. 3. Қазақстан мен Ұлыбритания арасында жүргізген экономикалық байланыстар . . . 25
2 ҚАЗАҚСТАН МЕН АНГЛИЯ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫНЫҢ ОРЫН АЛУЫ, КЕЗЕҢДЕРІ
2. 1Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы көші - қон саясаты . . . 28
2. 2 Қазақстан мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама королдігімен қол жеткізген келісімдер мен уағдаластықтар . . . 49
Қорытынды . . . 58
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 60
Кіріспе.
Зерттеудің көкейкестілігі: Аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орынды иеленген ірі Еуразиялық мемлекет өзінің сыртқы саясатын қалай жолға қояды және қандай жетекші бағыттарға басым береді. Сондай- ақ оның көршілес елдермен ғана емес жалпы әлемдік қоғамдастықпен қарым- қатынастары қалайша қалыптасады мұның бәрі көптеген мемлекеттермен зерттеу орталықтарының мұқият назарында болды. Отандық дипломатияның алдына қойған мақсаттарды әлемдік қоғамдастықтың түсіністік пен қабылдағанын оның үстіне жас мемлекетті қолдайтындығын мәлімдегенін атап өту керек. Қазақстанның оң сипаттағы қадамдарына жауап ретінде жетекші ядролық державалар біздің елімізге қауіпсіздік беру шешімін қабылдады, ол құжатта АҚШ, Ұлыбритания және Ресей Қазақстаның ДНЯО- ға қосылуын құттықтай отырып сондай-ақ біздің еліміздің өзінің аумағынан барлық ядролық қару жарақты шығару туралы міндеттемесін ескере отырып өздерінің «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, егемендігін және казіргі бар шекараларын құрмет тұтуға» дайын екендіктері туралы мәлім етті. Біздің еліміздің әлемдік қоғамдастыққа кіру процесін және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талдай отырып, 1992 жылы 25 мамырда қол қойылған Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Қазақстанның Еурапа және Ресей шартының маңызында атап өту керек. Ғаламдануға қатысты айтсақ, Батыста да және бұрынғы кеңестік мемлекеттердің бірқатар елдерінде де бұл жаңа құбылыс мемлекеттің экономикадағы және саясаттағы рөлін күшейтумен тығыз байланысты деген қорытындыға келуде. Шынында да жеткілікті түрде күшті ұйымдасқан мемлекет қана тұрақты туындап отыратын қауіп- қатерді, бірінші кезекте экономикалық қауіпсіздікке қатысты қатердің еңсере алады. Осы мысалдан дипломатияны елдің экономикалық қажеттілктерімен тығыз байланыстырудың өміршендігінің тағы бір дәлелін көруге болады. Қазақстандық сыртқы саясат қызметінің алдында күрделі міндеттер тұр, олар: Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу, шикізат тауарларының экспортына жәрдемдесу, ең алдымен мұнайды шетелдік рыноктарға шығартуды қолға алу, мемлекеттік шекараны делимитациялау.
Диплом жұмысының тақырыптық тарихнамасы: Бұл диплом жұмысы барысында Қ. Тоқаевтің [5], С. И. Абдулпатаевтің[1], Н. Ә. Назарбаевтің[12] еңбектеріне негізделіп жазылған. Сонымен қатар ғалымдардың танымдық мақалаларын және мерзімді басылымдар қолданылған[39, 41, 15, 16] .
«Географиялық ұғымдағы халықаралық ортасына» және мемлекетік өзінің экономикалық әлеуетіне барабар сыртқы саясатты жүзеге асыру- барлық елдердің алдында тұрған ең басты дипломатиялық міндет. Кезкелген мемлекеттің сыртқы саясатындағы оңды сипаттың белгілері ретінде мыналар саналады, олар: алға қойылған мүдделерді қорғаған кездегі икемділік және принциптілік. Қазақстан бұдан тыс қала алмайды. Оның үстіне біз сияқты ірі еуразиялық мемлекет үшін бұл міндет айрықша маңызды болып табылады. Көп векторлық- күш пен қаражатты барлық бағыттар бойынша рәсім етуді білдірмейді.
Дұрысында бұл барлық мүдделі мемлекеттермен жан - жақты әріптестік стратегиясы керсінше жағдайда Қазақстан әлемдік саясаттың бір курс-қалтарысында елеусіз күн кешер еді. Қандай да бір географиялық шектермен немесе аймақтық сипаттағы проблемаларды шешумен шектелу елдің ұлттық мүдделеріне айтарлықтай нұқсан келтіретіні белгілі. Және мұндай саясатты әлемдік қоғамдастық құптай қоймайтыны да түсінікті болса керек.
Бүгінгі Қазақстан туралы ой толғағында өткендігін тағы да бір рет еріксіз еске түсіресің. Қазқастан жаңа дәуірге аяқ басты. Экономикадағы құрылымдық реформалардың қарқыны мен ауқымы бойынша Қазақстан ТМД- дағы барлық елдердің алдына шықты. Мұның өзі, әрине, экономикалық дамуға да ықпал етті- ішкі жалпы өнімнің өсімі 2000 жылғы 9, 6 процентті құрайды ( әлемдегі ең жоғарғы нәтижелердің бірі), еліміздің алтын валюта резервті тұңғыш рет 2, 5 миллиард доллорға ұлғайды, инфлияция деңгеиі 10 пайыз шегінде қалды. Ұқсату өнеркәсібінде және ауыл шаруашылығында сапалық өзгерістер болды. Халықтың жан басына шаққандағы шетелдік инвестициялар сомасы бойынша Қазақстан бұрынғы социалистік мемлекттердің арасында жетекші позиицияға ие болды.
Осы үрдістерге тұрақты сипат беру үшін Мемлекет басшысының бастамасы бойынша қазірдің өзінде 1 миллиард доллардан астам резерв бар Ұлттық қор, сондай- ақ экономикалық басымдық берілетін салалардың несиелуге қызмет ететін Қазақстанның Даму банкісі құрылды. Қазақстан экономикасындағы қазіргі үрдістер экономиканың бірте - бірте тұрақты өсу траекториясына көтеріліп келе жатқаннан көрсетеді.
Экономикалық дамудағы табыстар, сөз жоқ, тиімді сыртқы саясатты жүргізуде негіз қызметін атқарады. Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген нәтижелерді еселеу үшін қосымша мүмкіндіктер ашылды.
Еліміздің халықаралық сипаттағы жетістіктерін біз лайықты түрде егемен Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың есімімен байланыстырамыз. Еліміздің сыртқы саяси басымдықтырын дұрыс қоя білу еңбегі сол адамның атымен байланысты. Президент еліміздің сыртқы саясаттағы басымдылықтарын мынадай жолмен тұжырымдаған болатын: «Қазақстан өзінің геосаяси жағдайы мен экономикалық әлеуетіне байланысты тар аймақты проблемалармен шектеліп қалуы мүмкін емес
Зерттеудің нысаны: Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің географиялық орналасу және оның ұлттық мүделлері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен қалыптасты. Жаңа технологиялардың және ғаламдану процесінің дамуына, планеталық сипаттағы қауіп - қатердің пайда болуына, жаңа экономикалық құрылымның қалыптасуына, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуі мен сан алуандығына байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер - мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді, көкейкесті халықаралық проблемаларды шешуге қатысты жедел әрі икемді үн қатуға, осы мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және іске асыруды талап етеді. Алайда, сыртқы саясаттың негізі саналатын қағидаттары өзгеріссіз қала береді.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстанмен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастың дамуы және экономикалық әлуметтік қатынастар болып табылады.
Зерттеудің міндеті: Қазақстан мен Ұлыбританияның дипломатиялық қатынасының даму тарихы және Қазақстанның сыртқы саясатын толығымен зерттеу. Сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңі мынадай өрелі міндеттерді жүзеге асырудан басталды. Біріншіден біздің мемлекетіміздің шын сипатын танытуымыз. Екіншіден, Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындап, оның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуіміз кажет болды. Үшіншіден, әлемдік шаруашылық жүргізу мен экономикалық байланыстарға белсене араласуымыз қажет болды.
Бұл міндеттерді жүзеге асыруда әрине президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі аса зор. Қазақстанның қуаты мен мүмкіндіктерін шетелдерге кеңінен насиқаттау үшін дүние жүзі мемлекеттері басшыларымен тікелей байланысқа шықты. Біз әлемдік қауымдастыққа тең құқылы және тәуелсіз әріптес ретінде танылдық. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі екі айдың ішінде әлемнің тоқсан екі мемлекеті елімізді таныды.
Қазақстанның сыртқы дүние мен өз ара қарым - қатынасының шарттық, құқықтық базасы жасалды және дамыды. Ядролық державалар Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Франция тарапынан кауіпсіздік кепілдігі қаматамасыз етілді.
Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру, аналитикалық талдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы зерттеудің логикасы мен мақсаты анықталды және қойылған міндеттерді шешу дәйектілігін көрсетеді. Жұмыс кіріспеден екі тараудан қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.
Қорытындыда жұмыста жасалған түйіндер нақтыланып негізгі нәтижелер көрсетілді. Алдынғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылу үшін қазақ елінің мәдениеті, оқу ағарту ісі жоғары деңгейде даму қажет. Елбасымыз Н. Назарбаевтың 2007 жылғы Қазақстан халқына жолдауында « Біздіңм еліміз тайталас туып кетуі ықтимал жағдайларда өзара келісуге боларлық саяси шешім табу жолында халықаралық дәнекер міндеттерінде атқара алар еді.
. . . Шығыс пен Батыс арасындағы түсіністікті жақындастыруға бағытталған ірі халықаралық бастамалар жасау кезек күтірмеитіен міндет» екендігін ерекше атап өткен.
Осы бағыта дипломатиялық сыртқы саясатымыздың рөлі айрықша. Дипломдық жұмысқа өзек болып отыған Қазақстан мен Англия арасындағы дипломатиялық қарым - қатынасты сөз еткен қомақты зертеулердің қатарынан табылады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ
Англия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым- қатынасы
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзінің экономикалық әлеуетін, өзінің геосаяси жағдайын барабар бағалай білу айрықша маңызды болды. Осы істегі қателік Қазақстаның сыртқы саяси бағытына зиянды ықпал етуі мүмкін еді. Шынында да егер Қазақстан халықаралық мәселелерде өзінің мәртебесіне сәйкес келмейтін жетекші позиция ұстануға әрекет етсе, кереғар құбылысқа душар болар едік. Сонымен бірге өзінің проблемалары шеңберінде шектеліп қалуды және төңірегінде болып жатқан оқиғаларға енжарлықпен қарауды ақтауға болмайды. Әлемде болып жатқан геосаяси өзгерістерді де ескермесе болмайтын, өйткені олар белгілі бір деңгейде Орталық Азиядағы жағдайға ықпал етіп жатты. Сондықтан Қазақстаның сыртқы саясат тұжырымдамасын әзірлеуде осы факторлардың бәрі де есепке алынды. Бүгінгі күні билік құрып отырған батыстық жүйе құндылықтарын халықаралық қатынастар саласының ығыстыру үрдісі өсіп келеді.
« Батыстық» және «Шығыстық» құндылықтарды, олардың халықаралық саяси және экономикалық ынтымақтастыққа ықпалын талқылау « Азия - Еуропа» форумындағы тақырыптардың біріне айналды. Еуропа және кейбір дамушы елдерді қаперге алатын болсақ, күштердің басқа да орталықтардың күшейе түсуін күтуге болады. Бірақ күштердің әр алуандығы әлемдік құрылымның күйреуіне әкелуі екі талай. Керісінше, өркениетті мемлекетердің қазіргі бар әлемдік тәртіпті сақтауға ұмтылысы осы заманғы халықаралық қатынастардың түзілімін нығайтуға жәрдемдеседі. Бұл әлемдік тепе - теңдік және ғалымдық тұрақтылықты сақтау мүмкіндігі туралы айтуға себепші болады. Географиялық орналасу ерекшелігі Қазақстанға белгілі бір геосаяси артықшылықтар береді, сонымен бірге геоэкономика көзқарасы тұрғысынан елеулі қиындықтар туғызуда. Екі ірі державалар арасындағы ұлан- батақ аумақта орналасқан біздің еліміз белсенді саясат жүргізудің қосымша мүмкіндігін алады. Мұндай саясат ұзақ мерзімді мүделерді қамтамасыз етудегі табандылықпен қатар жоғары дегейдегі ептілік пен икемділікті де талап етеді. Әлемдік экономиканың өсе түсіп отырған интеграциясы қаржылық ресустарға, жаңа технологиялар мен рыноктарға қол жеткізуді жеңілдетеді. Капиталдар рыногында шиеленісті бәсекелестік Қазақстандағы инвеститциялық ахуалды одан әрі жақсартуды талап етеді. Бұл ірі трансұлттық корпарацияларды еліміздің экономикасына тарту үшін маңызды алғышарттар жасайды. Бірақ Қазақстан экономикасын ашық есік саясатын жүргізуі экономиканың барлық салаларының тепе тең сипатта дамуына жәрдемдесетін мемлекеттік реттеу шаралары мен үйлесім табуы тиіс. Қазақстаның ішкі саяси тұрақтылығы барлық негізгі бағытардағы сыртқы саясаттың ұғынықтылығына, ашықтығына және болжап білуге болатындығына байланысты, мұндай сыртқы саясат мемлекет ретінде оның әлемдік қоғамдастықтағы позициясын нығайтады. Қазақстан халықаралық қатынастарда негізге алатын қағидаттарды, БҰҰ Жарғысын, сыртық саяси істерге парасатты ойды және сындарлы бағытты берік ұстанады, ал ішкі істерде - азаматтық татулық тұрақтылық, қоғамдық құрлысты демократияландыру және адам құқығын сақтау саясатына адал. Негізгі халықаралық проблемаларға қатысты өзінің шешімдеріне жауапкершілікпен қарайтын, ғаламдық қауіпсіздікті нығайтудың қажетті шарттары ретінде тұрақтылықтың сақталуына мүдделілік білдіріп жүрген Қазақстаның тұлғасынан әлем кемелденген мемлекетті көріп отыр. Біздің еліміз егемендікті, тәуелсіздікті және мемлекетіміздің аумақтық тұтастығын, адам құқығын және заңның үстемдігін құрмет тұту принциптерін ақтауға негізделген әлемдік тәртіпті қалыптастыру жөніндегі халықаралық жұмыстарға белсенді түрде қатысуға дайын екендігін білдірді. Қарусыздану саласындағы Қазақстаның кейінгі кездегі акциялары жетекші әлемдік державалар мен халықаралық ұйымдардың жоғары бағасын алды. Әлбетте, дипломатялық қызметтің міндеттер мен мақсаттары тізбесі осы айтылғандармен шектелмейді. Президент Н. Назарбаев 1995 жылғы ақпанда сыртықы саясатың мәселелері бойынша алғашқы кеңесте, 1996 жылғы 11 қыркүйектегі және 1998 жылғы 15 қырқүйектегі сыртқы істер министірлігінің алқа мәжілісінде сөйлеген сөздерінде дипломатия саласына тікелей тартылған қызметкерлердің алдына қойылатын талаптардың тұтас жиынтығын белгіледі . Бұл талаптар Қазақстанда жүргізіліп жатқан рефораларды сыртқы қолдауды қамтамасыз етудің саяси және экономикалық әдістерінің икемді үйлесімін қамтиды. Дипломатиялық қызметтің алдына мемлекетіміздің ұзақ мерзімді мүдделері тұрғысынан әлемдегі қазіргі үрдістерді жан - жақты талдау міндеті қойылды. Нақты айтатын болсақ қазақстандық дипломатияның мақсаттармен міндеттері мынадан көрінеді:
- Батыстың, Азияның және Таяу Шығыстың индустриялды дамыған елдерінің, сондай- ақ халықаралық қаржылық - экономикалық институтардың тарапынан Қазақстан экономикасына ірі көлемдегі инвестицияларды тарту:
- Экономикалық міндетерді, экологиялық проблемеларды, содай - ақ әлемдік коммуникацияға шығуды қамтамасыз етуді шешуге қатысатын жекелеген мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың Қазақстанға іс жүзінде көмек көрсетуіне мұрындық болу:
- Экономиканың және мемлекеттік басқарудың түрлі салаларында Қазақстандық мамандардың шетелде даярлаудың бағдарламасын жүзеге асыру:
- Ғылыми - техникалық мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық құқықтық реформа қылмысқа және терроризмге қарсы күрес проблемалары бойынша шетелдік мемлекетермен және халықаралық бірлестіктермен ақпарат алмасуға қатысу:
- Жетекші халықаралық саяси және қаржылық институтармен байланыстарды тұрақты дамытуды қамтамасыз ету:
- Қазақстан Республикасының азаматтарымен ұйымдары шетелдерде қарым - қатынасқа түскен жағдайда олардың мүделерін қорғау:
- Отандық өнімдердің сыртқы рыноктарға шығуын қамтамасыз ету еліміздің шетелдік әріптестер мен сауда - экономикалық байланыстарын ұлғайту:
Қазақстанның таранзиттік әлеуетін тиімді пайдалану. Сонымен қатар Қазақстанды Еуропамен қарым - қатынасын экономикалық жағынан жақсарту. Қазақстан дипломатиясының Англиямен ықпалды аймақтық құрылымдармен саяси және экономикалық байланыстарды кеңейтуге тиісінше көңіл бөледі. Әлемдік саясаттың, экономиканың және мәдениеттің негізгі орталықтарының бірі болып табылатын Еуропа елдерімен қарым - қатынас Астананың сыртқы саясатының стратегиялық бағыты болып қала береді. Еуразиялық мемлекет болып табылатындықтан Қазақстан еуропалық елдермен преспективалық ынтымақтастықты өзінің дипломатиялық ажырамас құрамдас бөлігі ретінде қарай отырып. Олармен өзара қарым - қатынастың бүкіл кешенін тұрақты түрде назарында ұстайды. Экономиканың өзара тәуелдігі мен бірін - бірі өзара толықтыратын, шаруашылық және көліктік әсіресе демократиялық байланыстар болды. Қазақстандық дипломатия өзара тиімді экономикалық гуманитарлық байланыстарды жеке байланыстарды қалпына келтіру жөніндегі күш жігерді ұлғайтуға бағытталған қызматін жалғастыратыны хақ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан жасаған халықаралық шарттар мемлекетіміздің әлемдік қоғамдастыққа ену прцесін қамтамасыз етуде маңызды рөл ойнады. Олар бүгінгі күнге дейін біздің еліміздің ішіндегі әлуметтік экономикалық реформаларға оң сипатта ықпал етуде Мемлекетіміздің тарихи маңызы бар халақаралық құқықтық құжаттарды атап өту керек Ең алдымен бұлар Қазақстанның басқа мемлекеттермен ұзақ мерзімді ынтымақтастығының басымдық берілетін бағыттарын белгілейтін шарттармен келісімдер. Қазақстан Англиямен ынтымақтастығының шарттық құқықтық базасын құру кезеңі дипломатиялық қызметтің Англия астанасында елшілік ашудан басталды. Осы кезеңнен бастап қазіргі уақытта еліміз осы заманғы әлемді қоғамдастықтың барлық үрдістерімен тығыз байланыста қаралды.
Қазақстан сияқты еуразиялық мемлекет үшін сыртқы саясатың орасан зор маңызы бар. Біздің мемлекетіміз өзінің жаратылысы бойынша ұлттық мүделерді қорғауға, содай - ақ мемлекттік құрлысқа белсенді түрде жәрдемдесуге бағытталған ұтымды дипломатияны жүргізуге міндетті.
1992 жылы қаңтарда тоғыз шет мемлекеттпен дипломатиялық саясат орнатылды республикамыздың сыртқы саясат ведмоствасы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі екі айдың ішінде әлеммнің тоқсан екі мемлекеті елімізді таныды. Қазақстаның сырты дүниемен өзара қарым қатнасының базасы жасалды және дамыды. Қазақстан республикасының алғашық новаилары сыртқы істер министірлігінде 1992 жылығы наурыз айында әзірленді. Тұжырымда қауіпсіздік кеңесінде екі рет: 1995 жылы және 2000 жылдары бекітілді. Қазақстан Республикасы Конститутсиясының қырқыншы бабында былай деп көрсетілген: «Қазақстан Республикасының Президенті- мемлекеттің басшысы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халық аралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға». 1992 жылы 16 мамырда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде республикамыздың сыртқы саясатының концепсиясын жасауға және оның басым бағыттарын таңдауды негіздеуге кіріскен болатын. Бұл құжатта: «Ең алдымен біз өз саясатымыздың бибітшілік сүйгіш бағытын жариялаймыз және әлемнің бірде- бір мемлекетіне теритториялық талабымыздың жоқтығын мәлімдейміз. Кез келген әскери жанжалдың апатты салдарға әкеліп соғатыны жөніндегі өзіміздің жауапкершілігімізді түсіне және сезіне аламыз:[1]
- Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым мақсаты ретнде бейбітшілік сақтауды мойындаймыз;
- Саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға жетудің құралы ретінде соғысты және күш көрсету қоқан лоқысын қабылдамаймыз;
- Ядролық қарусыз мемлекет мәртебесін алуға және ядролық қаруды тараптау туралы шартқа қосылуға ұмтыламыз;
- Қалыптасқан шекаралардың бұзылмауы, басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принціптерін ұстанамыз», - деп басты- басты бағытымызды атап көрсеткен болатын.
Президент сыртқы саяси қызметің басым бағыттарына тоқтала келе: «Қазақстанның геосаяси жағдайы мен этнодемографиялық құрамының ерекшелігі, экономикасының дамуы мен әскери құрлысының деңгейі оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, қайта ең алдымен өз күшіне және парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, әсіресе мемлекетегі қалыптасуының казіргі, күрделі кезеңінде, саяси құралдарды басым етеді».
Президент еңбектері геоэкономикалық фактордың маңыздылығын атап көрсетіледі: «Ашық теңізге тікелей шыға алмау, каммуникатциялық құралдардан қашықта орналасу біздің халықаралық экономикалық байланыстарға қатысуымызды қиындатады. Сондықтан көршілес мемлекеттермен, ең алдымен біз үшін дүние жүзі комумуникатциясына енетін қақпа болып табылатын ресеймен және Қытаймен толық сенім принципінде өзара достық қатнастың ерекше мәні бар.
Басқа елдермен сауда экономикалық қатынастарды дамыту, осы қатынастарды барынша диверсификатсиялау үшін Қазақстанға қазіргі заманғы халықаралық құқығы сәйкес, өзі үшін теңізге бөгетсіз шығуды баянды ету кажет».
Ең бастысы- Қазақстанның Еуропа мен Азияның түйіскен аймағындағы жолдардың торабында орналасқан географиялық жағдайынан туындайды. Таяу көршілер- Ресей, Қытай және Ислам мен орталық Азия мемлекетері, Таяу және Шығыс елдері маңызды әлемдік орталықтар болып табылады.
Қазақстаның дүние жүзілік теңіз сауда арналарынан жырақта жатқанына қарамастан, біздің транзит әлеуметімізді пайдаланушы салалар болашақ дамуымызға зор көмегін беретіндігі анықталып отыр. 2003 жылғы 28-29 тамызда Алматыда теңізге шығатын жолы жоқ және тасымал жолында орналасқан дамушы елдердің министірлерінің сондай - ақ транзиттік тасмал саласындағы ынтымақтастық мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен халық аралық конференсия өтікізілді. БҰҰ-ның ұйытқы болуымен өткен үш жиынға сауда, көлік, комууникация салаларының министірлерімен қоса жиырма үш аймақ аралық ұйымдар мен комиссиялардың ресми өкілдері қатысты. Теңізге шығу жолы жоқ отыз елдің он алтысы даму деңгейі барынша төмен елдер саналады. Сол себепті Қазақстан Еуропа елдерімен Сыртқы саясат қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі Англиямен қатынас болып табылады. Перезидент Назарбаев «Қазақстан егеменді мемлекет ретінде қалыптасуымен дамуының стратегиясы» Англиямен өзара қарым- қатнаста қажет болған жағдайда көптеген мерзімді шарттар жасауға тырысамыз. Дүние жүзі қоғамдастығына ену саясатын нарықтық жүйенің үш басты орталығы АҚШ, Жапония және Батыс Еуропамен серіктестік мүмкіндігін тиісті бағалай отырып құру қажет және нақ осылардың дниежүзілік шаруашылық байланыстарын күшейтудің қозғаушы күші болғаннын есте сақтаған жөн», - деп атап көрсетті. Еуропа қауіпсіздігі жүйесіне белсенді қосылу республика мүдессіне сай келді. Хелсинки Қортынды актісіннің он принсіпінің арасында -шекаралардың мызғымасытығы мемлекеттердің теротериялық тұтастығы мен күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан- лоқы жасамау бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz