ИТАЛИЯ МЕН ГЕРМАНИЯДАҒЫ ФАШИЗМ


ИТАЛИЯ МЕН ГЕРМАНИЯДАҒЫ ФАШИЗМ
Фашизмнің сипатты белгілері. «Фашизм» сөзі итальянның «фашио» сөзінен шығып, «шогыр» мағынасын, сонымен бірге «одақ, бірлестік» түсініктерін білдіреді.
Фашизмнің саяси ұраны нәсілшілдік және ұлтшылдык еді. Олардың нәсілшілдік теориясы бойынша немістер «жоғары нәсілге», ал калған ұлттар «төменгі нәсілге» жатты. «Жоғары нәсіл» бүкіл адамзат баласын билеп-төстеуге және дүние жүзінде жаңа төртіп орнатуға жаратылған. Жаңа тәртіп орнатудың негізгі жолы - баска елдер мен халықтарды басып алу. Осылайша Германия фашизмі өзінің алда жүзеге асырмақшы болған басқыншылық саясатын дәлелдеді.
20-жылдардағы фашизм. 1920-1921 жылдары Италиядағы экономикалық дағдарысқа байланысты Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін іле-шала өрістеген фашистік қозғалыс кең көлемде лаңкестік әрекетке ұласып, тез арада күшейіп алды. 1919 жылы наурызда Миланда өткен жалпы ұлттың жиналыста фашистік әскери қосындардың одағы құрылды. Фашистік топтарды құрушы, кейінірек партияны ұйымдастырушы Бенито Муссолини болды.
Жұмысшы отбасынан шыққан Муссолини мектеп мұғалімі болатын. Социалистік партияға мүшелікке өтіп, оның алдыңғы қатарында болды. Сол қанаттың өкілі ретінде ол соғысқұмарлық пен соғыс атаулыға қарсы шықты, Италия социалистік партиясының (ИСП) басшы органдарына сайланды және партиянын, орталық органы саналатын «Аванти» газетінің редакторы болды. Алайда 1914 жылы ол партия қатарынан қуылып, «Пополо д' Италия» газетін шығарды және соғыстан кейін фашистік топтарды құруға ат салысты.
Фашистердің екпінді күші болып, таптық белгілерінен айырылған элементтерден, кез келген қылмысты жасауға дайын қылмыскерлерден құралған жауынгер топ құрылды. Бұл топтарды ағайынды Перроне, Пирелли, Палоно, Оливетти және т. б. монополистер, ірі латифундия өкілдері, генералдар қаржыландырып отырды. Фашистік қозғалыстар қатары кедейленген ұсақ және орта буржуазия есебінен бірте-бірте кеңейе түсті. Ал 1921 жылдан бастап, бұлар лаңкестік жолға көшті. 1921 жылы қарашада фашистер, Ұлттық фашистік партия құрды, оның басында Муссолини тұрды, оны «Дуче» («көсем») деп атайтын.
Муссолини 1922 жылы 28 қазанда фашистік топтардың Римге жорығын ұйымдастырды. Үкімет өз еркімен биліктен кетті. Король фашистерге карсы әскер жіберуден бас тартты. Король осыдан кейін оны Римге шақыртып, үкіметті басқаруды үсынды. Муссолини парламенттің вотум сеніміне ие болды.
Фашистердің үкімет билігіне келуі, әдеттегі үкімет алмастыруға ұқсамады. Бұл контрреволюциялық төңкеріс еді. Оған ешкім карсы тұра алмады және осыдан кейін елдегі қалыптаскан демократиялық құрылысты тоталитарлық фашистік режіммен алмастыру үдерісі басталды.
Фашистік режімнің орнауы. Муссолини құрған үкімет коалициялық сиякты болып көрінді. Алайда үкімет Парламенттің қызметіне нұқсан келтіріп, оған тиесілі міндеттерді өзіне алып, өз жұмысын бірден күшейтті. Үкімет, ең алдымен, Парламенттің келісімінсіз жыл бойы қаражат сомасын және әкімшілік аппаратты кайта құру шараларын жүзеге асыруға кол жеткізді. Заң шығарушы билік 1922 жылы желтоксанда құрылған Үлкен фашистік кеңестің (ҮФК) қолына шоғырланды. Оған Муссолини төрағалық етті. ҮФК-нің құрамына фашистік партия басшылығының мүшелері, фашист-министрлер және Муссолинидің өзі іріктеп алған жергілікті жердегі фашистік лидерлер енді.
Фашистер басып алғанға дейін ресми заңнан тыс әрекет еткен қарулы қосындар фашистік лаңкестіктің басты құралы қызметін аткару және мемлекеттік институт мөртебесін иеленді. 1923 жылы олар Ұлттық қауіпсіздік ерікті полициясы деп аталатын - фашистік ерекше қарулы күш болып қайта құрылды. Бұлар корольге берілгендігі туралы ант қабылдаса да Муссолиниге бағынды. Лауазымды қызметкерлер фашистік саяси кеңесшілердің бақылауына алынды.
"Маттеотти дағдарысы". Фашизмге қарсы қалалар мен деревньяларда орта жіктерінен шыққан оппозиция әр түрлі деңгейде керінді. 1923 жылдың көктемінде антифашистер Халык партиясы съезінде күшті қолдау тапты, осыдан кейін Муссолини Халық партиясының министрлерін үкіметтен куды. Джованни Амендол бастаған либералдардың бір бөлігі «Конституциялық оппозиция» деп аталатын топты құрды.
1924 жылдың 6 сәуірінде фашистік сайлау заңы негізінде парламентте сайлау өтті. Ресми мәліметтер бойынша оппозициялық партиялар шамамен 1/3 дауысқа ие болды. Жаңа сайланған палата мәжілісінде Унитарлық социалистік партияның (УСП) хатшысы Джакомо Маттеотти дәлелдерге сүйеніп, фашистердің қандай әдістермен сайлауда ойлаған нәтижеге жеткені туралы айыптап сөз сөйлейді. Фашизмге қарсы осы батыл акция оның өмірін киды. 1924 жылдың 10 маусым күні Муссолинидің тікелей бұйрығымен Маттеоттиді фашистер өлтірді.
Маттеотти өлімі саяси дағдарыстың пісіп-жетілген түсында болып, Италияда фашистік режімді құлататындай елдің наразылығын туғызды. Бүкіл елде үкіметтің қызметтен кетуін және баскесерді жазалауды талап еткен антифашистік бас көтерулер басталды.
Оппозициялық партиялардың депутаттары парламенттен кетіп, Авентин деп аталатын блокты құрды. Авентин блогы Италияның барлық, фашизмге карсы күрестеріне айналып, халықтың кең колдауына ие болды. Алайда олар фашизмді моральдық талқылау науканымен жеңуді және корольге ықпал етіп Муссолиниді қызметтен кетірумен жеңеміз деп есептеді. Авентин блогындағы партиялардың бытыраңқылығын пайдаланып, фашизм ұсақ буржуазиялық топтарда оппозициялық бағыттағы дамуды бөсеңдетіп, 1925жылдыңбасында қайтадан шабуылға шықты.
Фашистік диктатураның толық орнауы. 1925-1926 жылдары демократияның барлык элементтері жойылып, үкіметте тек фашизмді жақтаған министрлер ғана калды. 1926 жылы караша айында бірнеше төтенше заңдар қабылданды. Оппозициялық партиялар таратылды, антифашистік басшыларға тыйым салынды. Антифашистік қимыл-әрекетке катысты деген күдіктілерге өкімшілік тарапынан куғындау енгізілді және Муссолинидің, корольдің еміріне кастандық жасаушыларға әлім жазасы кесілетін болды.
1927 жылы фашистік диктатураның-куғын-сүргінге түскендерді жазалайтын негізгі органы - ерекше трибунал және цщия саяси полиция мекемелері құрылды. Ерекше трибуналда антимемлекеттік қылмыскерлер деп саналған адамдар мен фашизмнің белсенді қарсыластары жазаланды.
Муссолини үкіметінің сыртқы саясаты. Бұл үкімет, негізінен, бас-кыншылығымен көзге түсті. 1935-1936 жылдары Италия-Эфиопия соғысы Муссолинидің, оның үкіметінің басқыншылык жоспарын жүзеге асыруда жасаған алғашқы қадамы еді. Эфиопияны басып алғаннан кейін, ол Германиямен тізе косып, Испанияға қарсы қарулы интервенцияға катысты.
Бастапқыда фашистік Италиямен ұлтшыл Германия арасындағы қатынастар шиеленіскен еді, әйткені екеуінің де Австрия, Дунай алабы және Балқан женінде ұстаған жоспарлары болатын. Алайда Дуче Австрияны, Чехославакия мен Польшаны басып алу женіндегі Гитлердің жоспарын қолдады және өзі 1939 жылы сөуірде Албанияны басып алды. Содан кейін Италия Екінші дүниежүзілік соғыста толығымен Германия жағына шығып, бірлесіп соғысуды үсынды.
Германияда фашизмнің пайда болуы. Соғыс аякталғаннан кейін Германия экономикалык дағдарыс жағдайында болды. Шикізат, отын қоры толығымен азайған болатын. Ауыл шаруашылығында да қүлдырау байқалды. Елде әпидемия, аштық басталды. Үзакка созылған соғыс және қымбатшылық азаматтардың жеке жинап сақтаған ақшаларын бітіріп, тауысты. Елде өткір әлеуметтік-экономикалық дағдарыс қалыптасты. Неміс қоғамының бүқаралық санасы зиянды реваншизм мен жаугершілік саяси экстремизм идеяларымен уланған еді. Германияның жеңілісін көптеген немістер марксистердің және еврейлердің тіміскілеуімен түсіндірді.
Веймар үкіметі Версаль келісімінің шарттарын орындауға тиісті болды. Бүған консервативтік, ұлтшыл партиялар мен ұйымдардың үлкен топтары қарсы түрды. Бавариядағы экстремистік қозғалыс зор белсенділікпен көзге түсті. «Еуропа социализмі» (марксизм) идеясының ықпалына карсы тұруға қабілеті бар, сондай ұйымдардың біріне өз еркімен әскери қызметтен кеткен ефрейтор А. Гитлердің басшылығымен 1919 жылы қаңтарда құрылған неміс жұмысшы партиясы жатты. Ол Баварияда «неміс социализмі» идеясын таратудың маңызды арнасы ретінде карастырылды. Кейін оның атын Германия ұлттық социалистік жұмысшы партиясы деп өзгертті (ГҮСЖП) . Партияның бағдарламалық талаптарын жасау басталды.
Бастаіщы кезеңде ГҮСЖП Мюнхендегі шағын топ болатын. Келе-келе партияның жағдайы жаксара бастады. 1920-1923 жылдары А. Гитлердің төңірегіне Бавария өнеркәсіп өлемінің адамдары топтаса бастады.
Адольф Гитлер (1880-1945 жж. ) Австрияның Браунау қаласында дүниеге келді. А. Гитлер 14 жасқа толғанда кеденде жұмыс істейтін әкесі қайтыс болады. Линце қаласының орта мектебін аяқтай алмайды. Әкесі қайтыс болғаннан кейін, ол Венаның көркемсурет академиясына түсуді көздейді, бірақ қабылдау емтихандарынан өте алмай қалады. Анасы қайтыс болғаннан кейін 1913 жылы Гитлер көрші орналасқан Германияның Мюнхен қаласына қоныс аударады. Ол ез еркімен Германия әскеріне барады және соғыстың бүкіл төрт жылын Батыс майданда өткізеді. Ол екі рет жараланды және ефрейтор деген әскери атақ алды. Германия жеңілісін А. Гитлер марксистер мен еврейлердің тіміскі әрекеттерімен түсіндірді. Гитлер тамаша шешен болды. Әскер қатарынан босағаннан кейін ол ұлтшылдардың шағын партиясына қосылды және оның көшбасшысына айналды.
1923 жылы ол өзінің жақтастарымен Мюнхенде билікті басып алуға («сыра бұлігі») тырысты. Сот оны бес жылға түрмеге қамауға үкім шығарды. Түрмеде Гитлер «Майн кампф» («Менің күресім») деген кітап жазды, онда өзінің саяси және нәсілшілдік идеяларын баяндайды. Бір жылдан соң тұтқыннан босап, белсенді түрде саяси қызметпен айналысты.
1929-1933 жылдардағы әлем дағдарысы оңалып келе жатқан жағдайларды жокка шығарып, Германияны өте катты күйзеліске ұшыратты. Үш жыл барысындағы дағдарыста ендіріс қүлдырады. 1929 жылдың деңгейімен салыстырғанда енеркөсіп өндірісінің өнімі 58%-дан аспады. Жұмыссыздардың саны 9 млн-нан асты. Дағдарыс мыңдаған фермерлер мен қолөнершілерді қамтыды. Германия буржуазиясының дағдарысты жеңілдетуге шамасы шектеулі еді. Елдің ішкі нарығы өлсіз болды. Ал бай отарларынан айырылуы Германияның қолын тас байлады. Өнеркәсіп иелері шығынға батты. Германия енеркөсібінің империяны жақтайтын топтары Веймар Республикасының әлеуметтік саясатына наразылық білдіріп, тұрақты, мықты үкімет құруды талап етті. Веймар Республикасының ондай талапты орындауға мүмкіншілігі болмады.
1930 жылдың көктемінде үкімет басында тұрған коалициялық кабинет таратылып, Веймар Республикасының өмірі аяқталды.
Фашистердің билікке келуі. Веймар өкіметінің күйреуі жаңа саяси партиялардың өрлеуін тудырды. Осындай жағдайда ұлтшылдар өздерінің Германия ұлттық-социалистік жұмысшы партиясының негізін нығайтуға мүмкіндік алды. Оның басында А. Гитлер тұрды. Гитлер және оның сыбайластары ұлтшылдьщ идеяны маңызды құрал ретінде пайдаланды. «Жау бейнесін жасау», оны күшпен басу фашистердің идеялық-жарнамалық ғылымының маңызды тірегі болды.
30-жылдардың басында ГҮСЖП ұйымдары ірі неміс кәсіпкерлері мен мол қаржылық қолдау алып отырды. Ұлтшылдардың Германияда диктатура орнату пиғылы, Версаль бітімін жокқа шығару, отарларды қайтарып алу, елде «күшті өкімет құру», т. б. ұрандары ұсақ буржуазияның талабына сай келіп, бұқаралык топтарға жағымды болды.
1933 жылы 30 қаңтарда президент П. Гинденбург (1925-1934 жж. ) А. Гитлерге үкіметті құруды тапсырып, оны рейхсканцлер етіп тағайындады. Үкімет құрамына біркатар буржуазиялык партиялардың өкілдері кірді. Рейхстат құрамына өзгерістер енгізу үшін мерзімінен бұрын парламент сайлауы белгіленді. Солшыл топтардың беделін кеміту үшін гитлершілер рейхстатад өрт қойып, оны коммунистердің лаңкестік әрекеті деп жала жапты. Бірақ 1933 жылы наурыздағы парламент сайлауы Гитлер партиясына жеңісті қамтамасыз ете алмады. Енді ұлтшылдар Конституцияны бұзып, ГКП мандатын жоққа шығарды.
1933 жылдың наурызында П. Гинденбург рейхстаг аркылы Гитлер кабинетіне төтенше өкілеттік беру заңын шығарды. Бұл заң үкіметті парламент бақылауынан босатты және калаған заңды актілер қабылдауға рүқсат берді. Гитлер бүдан былай Германияда сайлау болмайтынын жариялады. Заңның 48-бабы бойынша Веймар республикасының барлык негізі - демократия, Конституция, өкімет органдары, саяси партиялары, сайлау жүйелері жойылды.
- жылдың сөуірінде гитлершілердің саяси күпия полициясы -Гестапо құрылды. Оның міндеті режімнің қарсыластарын жою болды. Гестапо және «СС» (сақшы жасақтар) ұйымдары Германиядан тысқары аймақтарда да гитлерлік үкіметтің лаңкестік қаруы болды. 1933 жылдың ортасында барлык саяси партиялар таратылды немесежойылды. «Мемлекет пен партия біртұтастығын қамтамасыз ету»заңы ГҮСЖП-ны «неміс мемлекеттік идеясын іске асырушы» жалғызпартия деп жариялады. Баспасезге бақылау койылды. Жергіліктіөкімет органдары тоталитарлык диктатураның аткарушы құралынаайналды.
1933 жылы тамызда Гинденбург өлгеннен кейін президенттің,
канцлердің және жетекші парияның өкілеттілігі Гитлерге берілді.
1933 жылы «СД» бөлімшілері және концентрациялық жазалау лагерлері ашылды. Германиядағы барлық саяси билік Гитлерге жүктеліп, ол Германияның «Фюрері» («көсемі») деп жарияланды. 1933 7
Жаңа экономикалық саясат. Әкономиканы милитаризациялау.
Германиядағы мемлекеттік билік түрінің ауысуы экономиканы мемлекеттік жүйелеу бағытымен қабаттасты. Елдің экономикалық күш-куаты тоталитарлық мемлекеттің және корпорация басындағылардың қолында болды. Экономиканы милитаризациялау Германия шаруашылығының дағдарыстан шығуының басты жолы болды.
1933-1935 жылдары мемлекеттік реттеу тетігінің құқықтық негізін қалайтын бірқатар заңдар қабылданды. Мемлекеттід экономикалық өмірін неміс шаруашылығының Бас кеңесі басқарды. Оның құрамына аса ірі 18 корпорация мен банк жетекшілері кірді. Өндірісте «фермерлік» жүйе таратылды. Өндіріс иелерінің мемлекеттік билік өкілеттігі болды. Олардың шешіміне бағынбау, ұлттық төртіпке қарсы сатқындык әрекеті ретінде қаралды.
Ауыл шаруашылығы өндірісін реттеу ісі - «Азық-түліктік сословие» атты меншік құрылымға тапсырылды. Ол ауыл шаруашылығындағы барлык ұйымдарды бағындырды. Көсіподақтық ұйымдар таратылды. Олардың орнына «Неміс еңбек майданы» атты ұйым құрылды.
1934 жылы «Ұлттың еңбекті ұйымдастыру» заңы негізінде, 25 жасқа дейінгі ер балалар мен қыздар үшін еңбек міндеттілігі енгізілді. Жұмыс күні 10-14 сағатқа ұзартылды. Құрылыс жүйелерінің тірілуі, жаңа авто және темір жолдардың салынуы жұмыссыздықты демде азайтты. Қағаз ақша көп басылды. Акшаның қүнын және жалакының деңгейін үйлестіру үшін азық-түлік корлары карточкалық жүйеге көшірілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz