Қазақстанның жаңа бюджеттік саясаты


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 106 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ МИНИСТРЛІГІ

«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ» АҚ

Қазақстанның жаңа бюджеттік саясаты

Новая бюджетная политика Казахстана

МИНИСТЕРСТВО ЭКОНОМИКИ И БЮДЖЕТНОГО ПЛАНИРОВАНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

АО «ИНСТИТУТ ЭКОНОМИЧЕСКИХ ИССЛЕДОВАНИЙ»

ББК 65. 261. 3

Қазақстанның жаңа бюджеттік саясаты. - Астана: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, компания «Профи Полиграф» баспасы, 2008. - 211 б.

Бұл брошюра Қазақстан Республикасындағы бюджеттік процесті жетілдіру, нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеу жүйесін енгізу мәселеріне арналған. Брошюрада бюджеттік саясаттың мәселелері, соның ішінде бюджеттің қалыптасуы, бюджеттік қаражаттарды тиімді жұмсау, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған.

Мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау мәселелерімен айналысатын мамандарға, мемлекеттік қызметкерлерге, ғылыми қызметкерлерге арналған.

© Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, 2008
:
© Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, 2008:

© «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, 2008.

© Профи Полиграф компаниясы, 2008

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе: 1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі . . .
3: 4
Кіріспе: 1. 1 Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау . . .
3: 4
Кіріспе: 1. 2 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері . .
3: 8
Кіріспе: 1. 3 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары . . .
3: 13
Кіріспе: 2-тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері . . .
3: 20
Кіріспе: 2. 1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы . . .
3: 20
Кіріспе: 2. 2 Республикалық бюджет . . .
3: 23
Кіріспе: 2. 3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні . . .
3: 25
Кіріспе: 2. 4 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі . . .
3: 27
Кіріспе: 3-тарау. Республикалық бюджеттің құрылымы . . .
3: 29
Кіріспе: 3. 1 Бюджеттің кірістері . . .
3: 29
Кіріспе: 3. 2 Бюджеттің шығыстары . . .
3: 36
Кіріспе: 3. 2. 1 Әлеуметтік бюджет . . .
3: 42
Кіріспе: Білім беру . . .
3: 42
Кіріспе: Денсаулық сақтау . . .
3: 48
Кіріспе: Зейнетақымен қамтамасыз ету . . .
3: 54
Кіріспе: 3. 2. 2 Экономикаға арналған бюджет . . .
3: 58
Кіріспе: Көлік және коммуникациялар . . .
3: 58
Кіріспе: Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі . . .
3: 61
Кіріспе: Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалану . . .
3: 64
Кіріспе: Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары . . .
3: 68
Кіріспе: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы . . .
3: 76
Кіріспе: 3. 2. 3 Қауіпсіздікке арналған бюджет . . .
3: 78
Кіріспе: Ұлттық қорғаныс . . .
3: 78
Кіріспе: 3. 2. 4 Бюджетаралық қатынастар . . .
3: 80
Кіріспе: 4-тарау. Қаржылық тұрақтылықтың кепілдіктері . . .
3: 91
Кіріспе: 4. 1 Мемлекеттік борыш . . .
3: 91
Кіріспе: 4. 2 ҚР Ұлттық қоры . . .
3: 95
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
3: 104

Кіріспе

Бұл брошюра Қазақстан Республикасы бюджетінің мазмұнын көрнекті нысанда көрсететін бірінші басылым болып табылады. Бұл бюджет туралы ақпарат қана емес. Бұл кітап соңғы жылдар ішінде Республика өмірінде қандай өзгерістердің болғаны және мемлекеттің қоғам алдында тұрған міндеттерді шешу үшін аса маңызды басқару тетігі - мемлекеттік бюджетті қалай пайдаланғаны туралы. Бұл бюджет туралы ашық ақпарат. Мемлекеттік ақшаның қайда пайдаланатындығын білгісі келетін оқырмандар үшін ашық және Қазақстанды басқа елдермен бюджеттік саясатқа байланысты кең мәселелер шеңбері бойынша салыстыру үшін ашық ақпарат.

Соңғы жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының экономикалық стратегиясы макроэкономикалық жағдайдың тұрақтануына қол жеткізу болып табылды, бұл мемлекеттік бюджет тапшылығының азаюын және қатаң монетарлық және кредиттік саясатты іске асыруды білдірді. Бұл міндетті шешуде Республика елеулі табыстарға қол жеткізді: атап айтқанда, 2004 жылы Бюджет кодексі қабылданды, бағдарламалық-мақсатты және орта мерзімді бюджеттік жоспарлау әдістері белсенді түрде қолданыла бастады. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді Стратегиясы мемлекеттік қаржыны басқаруды жетілдіруді реформалардың басым бағыттарының бірі ретінде айқындады. Бұл міндетті орындауда Республика маңызды жетістіктерге жетті: соның ішінде 2004 жылы Бюджеттік кодекс қабылданды, бюджеттендіру мен орта мерзімді бюджеттік жоспарлау бағдарламалы-мақсаттық әдістері белсенді қолданыла бастады. 2007 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне бюджеттің жоспарланған шығыстарын тиісті саладағы бюджеттік қаржыландыру есебінен күтілетін нақты нәтижелермен байланысын қамтамасыз етуге ықпал ететін мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа тәсілдерді енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Әкімшілік реформаны бір мезгілде жүргізу Қазақстан Республикасы министрліктерінің жұмысына бағдарламалық сипат енгізуге, айқын жолға қойылған ведомствоаралық үйлестіруді, министрліктердің өкілеттіктері мен жауапкершілігін, олардың есеп берушілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл брошюраның мақсаты - Қазақстан Республикасының бюджетін оның азаматтары үшін барынша түсінікті ету. Ол үшін онда бюджеттің тұтастай алғанда елге және Қазақстан Республикасының әрбір жеке азаматына не беретіндігі ғана емес, және сонымен бірге осы күрделі әрі көп жақты түсініктің нені білдіретіні де сипатталады.

Атап айтқанда, бюджеттің не үшін қажеттігі және ол мемлекеттің экономикадағы рөлін қандай түрде көрсетілетіндігі түсіндіріледі. Бұдан басқа, брошюрада бюджеттің қалай қалыптасатындығы, салықтардың қайда жіберілетіндігі және бюджет туралы шешімнің қалай қабылданатындығы, сондай-ақ бұл процестің әртүрлі сатыларына бюджет реформасы енгізген өзгерістер туралы сөз болады.

1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі

1. 1 Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік басқару саласындағы қайта құрулар қоғамның қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталады.

Мемлекеттік басқарудың жаңа тәсілі мемлекеттік құрылымдардың жеке меншік компаниялар өздерінің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолданатын технологиялар мен рәсімдерді пайдалануына негізделеді.

Осы парадигманың шеңберінде мемлекеттік ұйымдар тұтынушыларға қызметтер көрсететін құрылымдар ретінде қарастырылады. Демек, олардың жұмысының тиімділігі ұсынылатын қызметтердің сапасын көтеру, олардың спектрін кеңейту және онымен байланысты шығындарды азайту арқылы қамтамасыз етіледі.

Аз шығындармен көбірек сапалы қызметтер көрсету қабілеті де мемлекеттік ұйымдардың жұмысын бағалауға нарықтық тәсілдің негізінде жатады.

Бұл ретте бақылау жүйесі қателік жібергендерді жазалауға емес, ең алдымен проблемаларды шешу жолдарын іздестіруге бағдарланады.

Жаңа мемлекеттік басқару мемлекеттік саясаттың мақсаттарына қол жеткізу үшін орталықсыздандыруды, сондай-ақ мемлекеттік емес институттардың әлеуетін кеңінен пайдалануды алдын ала болжайды.

Шығындарды азайту және шығыстарға бақылау жасау мақсатында корпоративтік басқаруда өзінің тиімділігін дәлелдеген мынадай әдістер мен құралдар қолданылады: стратегиялық жоспарлау, басым міндеттерді шешуге қолданылатын бағдарламалық тәсіл, қаржыны басқару мен деректерді электрондық өңдеу.

Жаңа мемлекеттік басқару тұжырымдамасына сәйкес соңғы онжылдықта дамыған елдердің көпшілігінде жүргізілген бюджеттік реформалардың негізгі элементтерінің бірі орта мерзімді қаржылық жоспарлау шеңберіндегі нәтижелерге бағдарланған бюджет жасау моделін пайдалануға көшу болды.

Бұл модельдің шеңберінде бюджет мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен жоспарланатын нәтижелері негізге алына отырып қалыптастырылады. Бюджеттік шығындардың функциялар мен мемлекеттік қызметтерге нақты байланысы болады, оларды жоспарлау кезінде бюджеттік бағдарламалардың шеңберіндегі түпкі нәтижелерді негіздеуге негізгі назар аударылады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің дербестігі мен жауапкершілігі кеңейеді: жекелеген функциялар мен бағдарламаларды орындауға арналған ұзақ мерзімді ауыспалы қаржыландыру лимиттері белгіленеді, ал осы шығыстарды пайдаланудың бағыттарын нақтылауды бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өздері жүзеге асырады. Бұдан басқа, ресурстарды пайдалануды оңтайландыруға арналған ынталандырулар құрылады. Шешімдер қабылдау жауапкершілігі төменгі деңгейлерге беріледі. Қаржының және қызмет нәтижелерінің мониторингі мен кейінгі сыртқы аудиті жүргізіледі, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін бағалау қол жеткізілген нәтижелер бойынша жүргізіледі.

Бюджет шығыстары нәтижелілігінің мониторингі жүйесін құрудан басқа, бұл модель үш жылдық бюджеттік жоспарлауға көшуді болжайды. Мұндай тәсілдің шеңберінде әрбір бюджеттік цикл алдыңғы бюджеттік циклда бұрын мақұлданған тиісті жылға арналған орта мерзімді қаржылық жоспардың негізгі параметрлерін қараудан, сыртқы факторлар мен жағдайлардың өзгерістерін талдаудан, жоспарланатын жылдың негізгі бюджеттік көрсеткіштеріне енгізілетін өзгерістерді негіздеуден, сондай-ақ кейінгі жылдарға арналған бюджеттік жобаларды түзетуден немесе әзірлеуден басталады.

Бұл ретте бюджеттің түпкі нәтижелерге бағдарлануы тұрғысынан алғанда, жыл сайын бір жылға алға жылжытылатын орта мерзімді қаржылық құжатқа бағдарламалар әкімшілерінің арасындағы үш жылдық кезеңге арналған ассигнованияларды бөлуді енгізудің негіз қалаушы мәні бар. Бұл бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау кезеңін ұзартады, бюджет шығыстарын оңтайландыру үшін ынталандыру жасайды, бюджет шығыстары нәтижелілігінің индикаторлары жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді, ведомстволар қызметін бағалаудың объективтілігін арттырады, бюджет жобасын дайындауды жеделдетеді және оның сапасын арттырады.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1297 қаулысымен бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және оның мазмұнына жаңа тәсілдер енгізуді, бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру рәсімін сапалы түрде қайта қарауды көздейтін Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама бекітілді.

Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі:

- Қазақстан Республикасындағы қазірде бар стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың тиімді үндестігін қамтамасыз етуге;

- мемлекеттік органдардың қызметін мемлекеттің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге, нақты нәтижелер алуға бағдарлауға;

- бюджеттік үдерісті бюджет қаражатын ашық бөлуге және мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес қаражатты барынша тиімді басқаруға бағдарлай отырып, қысқа мерзімді бюджеттік жоспарлаудан орта мерзімді бюджеттік жоспарлауға көшуді қамтамасыз етуге;

- азаматтарға көрсетілетін қызметтер сапасын талдауға және бағдарламалық құжаттарды іске асыру нәтижелеріне бағытталған мемлекеттік органдар қызметі тиімділігінің кешенді бағасын енгізуге бағытталады.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2008 жылғы ақпандағы Жолдауын іске асыру мақсатында Үкімет жаңа Бюджет кодексін әзірледі, ол нәтижелерге және үш жылдық бюджеттік жоспарлауға бағдарланған мемлекеттік жоспарлау мен бюджет жасау жүйесіне көшудің заңнамалық негізіне айналуға тиіс.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлауының жаңа жүйесі мынадай өзара байланысты деңгейлерді қамтиды (1-сурет) .

Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің әрбір деңгейі - бұл дербес бағдарламалық құжат. Жүйе «Қазақстан-2030» стратегиясын, ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын қоса алғанда, стратегиялық бағдарламалық құжаттарды біріктіреді.

Бұдан басқа, жаңа мемлекеттік жоспарлау: 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 3 жылға арналған республика мен өңірлердің бюджеттік параметрлері, мемлекеттік органның стратегиялық және операциялық жоспарлары, 3 жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттер, Премьер-министр немесе жергілікті атқарушы органның әкімі мен мемлекеттік орган басшысының арасындағы мақсатты трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісімдер сияқты нәтижелерге бағдарланған бюджет жасаудың элементтерін қамтиды.

Мемлекеттік жоспарлаудың қисынды жігін құру үшін мыналарды көздейді:

- мемлекеттік органдардың дербестігі мен қызметтің нәтижелеріне жауапкершілігін күшейтетін Үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асырудың негізгі құралы ретінде мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлау жүйесіне көшу;

- мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары міндеттерінің бюджеттік бағдарламалармен, мемлекеттік органдар қызметінің аралық және түпкілікті нәтижелерін бағалаудың сандық және сапалық көрсеткіштерінің жүйесін әзірлеумен байланысуы;

- мемлекеттік орган қызметінің жоспарланған жылға арналған жоспары туралы баяндамасын стратегиялық жоспарлардың негізінде қалыптасқан және мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттарын болжамды шығындармен байланыстыратын бюджеттік өтінімнің құрамдас бөлігі ретінде практикаға енгізу;

- мемлекеттік органдардың жоспарларын әзірлеу және іске асыру кезінде, мемлекеттік жоспарлауға жаңа тәсілдер енгізуді ескере отырып, олардың дербестігі мен жауапкершілігін күшейту;

- мемлекеттік органдардың нақты стратегиялық нысаналы индикаторлар жүйесін әзірлеуі;

- мемлекеттік стратегиялық мақсаттар мен тиісті түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мониторингінің жүйесін енгізу.

1-сурет. Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі - бюджетті жоспарлау негізі

1. 2 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері

1997 жылы Қазақстанда «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясы қабылданды. Ол ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мынадай жеті негізгі басымдықтарды қамтиды: ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы; экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурстары; инфрақұрылымды, әсіресе көлік және байланысты дамыту; кәсіби үкімет.

Бұл ұзақ мерзімді басымдықтар елдің даму жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу кезінде тұрақты бағдарлар болып табылады. Қазақстан кеңестік қоғамнан кейінгі кеңістікте бірінші болып стратегиялық жоспарлау жолын таңдап алды.

Нақ осы «Қазақстан-2030» стратегиясы Мемлекет басшысының 1997 жылы халыққа арнап сөз сөйлеген бірінші жолдауы болды. 11 жыл өткеннен кейін экономикалық реформаларды мақсатты жүргізудің, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырудың, қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз етудің арқасында Қазақстан экономикалық өсу қарқыны бойынша әлемдік көшбасшылардың біріне айналғанды деп тұжырым жасауға болады.

2000-2007 жылдар ішінде ЖІӨ-нің өсу қарқыны жылына орта есеппен 10%-ды құрады. 2007 жылдың қорытындылары бойынша елдің ЖІӨ көлемі 104, 1 млрд АҚШ долларын құрады, ал жан басына шаққандағы ЖІӨ 1997 жылмен салыстырғанда 5 есеге жуық өсіп, 6 727, 9 долларға жетті.

2-сурет. 1998 - 2007 жылдардағы кезеңде Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің орындалуы

Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті түрде жүргізуде. Экспорттың ілгерілей өсуі оң сауда теңгерімі мен ел резервтерінің сенімді өсуін келіседі. Республиканың 2007 жылғы сыртқы сауда айналымы (80, 5 млрд АҚШ доллары) 1997 жылмен салыстырғанда (10, 8 млрд) 7, 4 есе ұлғайды.

Елде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасты. 1993 жылдан бастап 2007 жыл аралығында Қазақстан 100-ден астам елден 69 млрд АҚШ долларына тікелей шетелдік инвестициялар тартты, оның ішінде 2007 жылы ғана - 17, 5 млрд АҚШ доллары.

Бұл ретте өңдеуші өнеркәсіпке тікелей шетелдік инвестициялардың тұрақты ұлғаю үрдісі байқалады. Мәселен, олардың жалпы сомасы 1993 жылғы 44, 7 млн АҚШ долларынан 2007 жылы 893, 5 млн АҚШ долларына дейін - 20 есе ұлғайды.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге елдің басты құжаты - «Қазақстан-2030» даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленген салалық және аумақтық стратегияларды (индустриалдық-инновациялық даму, көлік, ақпараттық және т. б. ) іске асыру ықпал етті.

Даму стратегиясының жеті ұзақ мерзімді басымдықтары елдің ұдайы өсуі үшін әзірленді және қазіргі кезде табысты іске асырылуда.

«Қазақстан-2030» даму стратегиясындағы бірінші басымдық ретінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету белгіленді. Ұлттық егемендік пен аумақтық тұтастықты қорғау кез келген мемлекеттің ұдайы және тұрақты түрде өсуінің қажетті шарты болып табылады.

Осы басымдықты іске асыру үшін Стратегияда елдің мемлекеттік шекараларын ресімдеуге, Қарулы Күштерді реформалауға және мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуға, құқық қорғау органдарының жүйесіндегі өзекті проблемаларды шешуге, атап айтқанда, қылмысқа қарсы күрес пен құқық тәртібін нығайтуға бағытталған тұтас бірқатар іс-шараларды жүргізу көзделеді. Стратегияға енгізілген шараларды практикалық іске асыру ұйымдасқан қылмыс, діни экстремизм мен терроризм, нашақорлық пен есірткі бизнесі, адамдар саудасы және заңсыз көші-қон сияқты қазіргі заманның шақырулары мен қауіптеріне жауап беруге мүмкіндік береді.

Даму стратегиясы қабылданған сәттен бастап ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде аз нәрсе істелген жоқ. Мемлекеттің әскери құрауышында ірі ауқымдағы реформалар жүргізілді: Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылымын құру аяқталды, әскери басқару органдары жетілдірілді, әскерді кәсібилендіру мен материалдық-техникалық жарақтандыру, әскери инфрақұрылымды дамыту, қайта қарулану және т. б. жөніндегі іс-шаралар жүргізілді.

Қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу мақсатында ішкі істер органдары құқық тәртібін сақтау тетігін жетілдіруде, құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі профилактикалық қызмет жандандырылуда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әртүрлі қызметтерінің жұмысына қазіргі заманғы технологиялар мен әдістер енгізілуде.

Ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі нығайту үшін осы саладағы халықаралық ынтымақтастық кеңейтілетін болады.

Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер ұлттық дамудың ұзақ мерзімді стратегиясының келесі аса маңызды басымдығына айналды. Бұл басымдыққа ұлттық қауіпсіздікке бөлінетін мән сияқты мән бөлінеді, өйткені қоғамдағы, оның үстіне, Қазақстан сияқты көп ұлтты және көп конфессионалды қоғамдағы келісімсіз қандай да бір қауіпсіздік туралы сөз болмайды.

Осы міндетті орындау: елдің барлық азаматтары үшін мүмкіндіктердің теңдігіне кепілдік беруді; Қазақстанда тұрып жатқан барлық этникалық топтар үшін тең құқықтарды қамтамасыз етуді; өтпелі кезеңнің әлеуметтік проблемаларын шешуді; дәулеттілер мен жарлылардың арасындағы айырмашылықты азайтуды; әр түрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынастарды нығайтуды қамтиды.

«Қазақстан-2030» даму стратегиясы іске асырылған он бір жылдың ішінде ел «қазақстандық жол» ретінде белгілі болған ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайтудың өзіндік үлгісін құрды. Қазақстанның саяси жүйесіне реформа дәйекті түрде жүргізілуде.

Екінші басымдықтың шеңберінде болашаққа арналған стратегиялық міндет қоғамды одан әрі топтастыру және бірыңғай бәсекеге қабілетті қазақстандық ұлтты қалыптастыру болып табылады.

Үшінші басымдық - шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.

Қазақстан өз дамуында экономикалық өсу стратегиясының 10 негізгі қағидаттарын ұстанады: мемлекеттің экономикаға шектелген тікелей араласуы, макроэкономикалық тұрақтылық, бағаны одан әрі ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда, жеке меншік институттарын нығайту, жекешелендіру және шетелдік инвестициялардың тиімді қорғалуын қамтамасыз ету, энергетикалық және басқа да табиғи ресурстарды игеру және оларды ұтымды пайдалану, индустриялық технологиялық стратегияны қалыптастыру, өндірісті әртараптандыру.

Бұрын атап өтілгеніндей, 1997 жылдан бастап өткен кезең ішінде Қазақстанның экономикасында айтарлықтай жағымды өзгерістер болды. Соңғы жылдардың экономикалық өсімі мен макроэкономикалық тұрақтылық әлемдік нарықтардағы шикізат тауарларына қойылған жоғары бағаларға, және соның салдарынан шикізат өнімі экспортының ұлғаюына байланысты өндіруші өндірістердің жедел дамуымен түсіндіріледі. Алайда, Қазақстан экономикасының одан арғы тұрақты дамуы экономиканың әртараптандырылуы мен жаңғыртылуының, сондай-ақ өнімдердің бәсекелі түрлерін өндіруге арналған жағдайлар жасаудың және экспорттың өсуінің негізінде мүмкін болады.

2003 жылы Индустриялық-инновациялық стратегия қабылданған сәттен бастап отандық экономиканы әртараптандыру жөніндегі жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қазақстандық экономиканы жеделдетіп жаңғыртудағы, оны құрылымдық жағынан қайта құрудағы маңызды рөл «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасына бөлінеді. «Қазақстан - 2030» стратегиясын іске асыру үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «ҚазАгро» ұлттық холдингі құрылды, олардың қызметінің негізгі мақсаты мемлекеттік активтерді тиімді басқару болып табылады. Өңірлік деңгейде коммуналдық активтерді басқару жөніндегі шаруашылық функцияларын беру мақсатында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) құрылған.

Қазіргі кезде «ақылды экономиканы» қалыптастыру және адами капиталды дамыту негізінде Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы мәселе күн тәртібінде тұр.

Стратегияның төртінші ұзақ мерзімді басымдығы Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты болып табылады.

Осы басымдықты іске асыру мынадай негізгі бағыттарды көздейді: ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру; тамақтануды, қоршаған ортаның тазалығын және экологияны жақсарту; қазіргі заманғы білім беру жүйесін дамыту, кадрларды даярлау және қайта даярлау.

Елдегі экономикалық жағдайда тұрақтандыру аясында денсаулық сақтау, білім беру саласындағы реформалар, сондай-ақ зейнетақы реформасы жүргізілді, демографиялық жағдай жақсарды. Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесімен қамту елеулі түрде кеңейтілді.

Перспективада алдыңғы қатарлы елдердің деңгейіндегі өмір сүру сапасының қазақстандық ұлттық стандартын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Энергетикалық ресурстарды дамыту ұлттық Стратегияның бесінші басымдығы болып белгіленген. Қазақстан энергетикалық ресурстардың ауқымды қорына иелік етеді, мұнай мен газ қорлары бойынша әлемнің мұнайлы елдерінің бірінші ондығына кіреді, жыл өткен сайын мұнай мен табиғи газ өндіруді ұлғайтуда. Нақ осы мұнай-газ саласы экономиканың басқа салаларын соңынан ерткен локомотивке айналды.

Стратегияны іске асыру шеңберінде Қазақстан қолда бар қорларды жедел әрі тиімді пайдалану үшін озық халықаралық технологияларды, ноу-хау мен ірі капиталды тарту үшін әлемнің жетекші мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді шарттар жасасты. Сондай-ақ мұнай мен газдың экспорты үшін құбыржолдар жүйесін құрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді макроэкономикалық саясаты
Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет кірістерінің жүйесі
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін ұйымдастырудың теориялық негіздері
Бюджеттік саясат
Аймақтық экономикалық құралдар
Әлеуметтiк-экономикалық ахуал
Облыстық бағыныстағы қалалар бюджеті
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі: қазіргі жағдайы, мәселелері және даму перспективалары
Бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz