Бөлек жазылатын сөздер



Екі (кейде одан да көп) сөз қатар айтылып, бір ғана ұғымды білдіретін, яғни бір ғана затты, құбылысты, қимылды, түр-түсті, санды атайтын к ү р д е л і с ө з д е р д і ң әрбір компоненті бөлек жазылады. Олар мыналар:
Екі зат есім катар айтылып, бір ғана затты атап, алдыңғысы соңғысының тегін (неден жасалғанын), неге арналғанын, немен жұмыс істейтінін және өзгелерінен ажыратылатын белгілерін білдірсе, олар бір-бірінен бөлек жазылады. Мысалы: ағаш шот (ағаштан жасалған шот), ат қора (атқа арналған қора), жел диірмен (желмен жұмыс істейтін диірмен), жол азық (жолда жеуге арналған азық), май шам (маймен жанатын шам), шай қасық (шай ішкенде жұмсала-
тын қасық) т.б.
Бұлардың қатарына екінші компоненті бау, айыл, жіп, сап, киім, қалта, май, кағаз, ағаш ("өсімдік" деген мағынада емес, зат, бұйым жасайтын материал - "древесина'" мағынасындағы) сияқты зат есімдер мен олардың түрлерін (яғни сол сөз атап тұрған заттың түрлерін) айырып атайтын сапалык, не қатыстық сынды білдіретін есім сөздер жатады. Мысалы, бау сөзімен келетін: аяқ бау, балақ бау, жел бау, қарғы бау, қармақ бау, тамақ, бау деген күрделі сездердің барлығын-да да алдыңғы компонент баудың түрлерін атайды (бұл қатарға шашбау, белбеу сөздері кірмейді, олар кірігіп барып, бірігіп кеткен сөздер, яғни осылайша жазылуы дәстүрге айналғандар). Сол сияқты: қүр айыл, тос айыл, шст айыл; бас жіп, күзеу жіп, мойын жіп, өрмек жіп дегендерде алдыңғы сөздер айыл мен жіптердің түрлерім айырып атайтын анықтауыш сөздер, сондықтан бөлекжазылады.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР
Екі (кейде одан да көп) сөз қатар айтылып, бір ғана ұғымды білдіретін,
яғни бір ғана затты, құбылысты, қимылды, түр-түсті, санды атайтын к ү р д е
л і с ө з д е р д і ң әрбір компоненті бөлек жазылады. Олар мыналар:
Екі зат есім катар айтылып, бір ғана затты атап, алдыңғысы соңғысының
тегін (неден жасалғанын), неге арналғанын, немен жұмыс істейтінін және
өзгелерінен ажыратылатын белгілерін білдірсе, олар бір-бірінен бөлек
жазылады. Мысалы: ағаш шот (ағаштан жасалған шот), ат қора (атқа арналған
қора), жел диірмен (желмен жұмыс істейтін диірмен), жол азық (жолда жеуге
арналған азық), май шам (маймен жанатын шам), шай қасық (шай ішкенде
жұмсала-
тын қасық) т.б.
Бұлардың қатарына екінші компоненті бау, айыл, жіп, сап, киім, қалта,
май, кағаз, ағаш ("өсімдік" деген мағынада емес, зат, бұйым жасайтын
материал - "древесина'" мағынасындағы) сияқты зат есімдер мен олардың
түрлерін (яғни сол сөз атап тұрған заттың түрлерін) айырып атайтын сапалык,
не қатыстық сынды білдіретін есім сөздер жатады. Мысалы, бау сөзімен
келетін: аяқ бау, балақ бау, жел бау, қарғы бау, қармақ бау, тамақ, бау
деген күрделі сездердің барлығын-да да алдыңғы компонент баудың түрлерін
атайды (бұл қатарға шашбау, белбеу сөздері кірмейді, олар кірігіп барып,
бірігіп кеткен сөздер, яғни осылайша жазылуы дәстүрге айналғандар). Сол
сияқты: қүр айыл, тос айыл, шст айыл; бас жіп, күзеу жіп, мойын жіп, өрмек
жіп дегендерде алдыңғы сөздер айыл мен жіптердің түрлерім айырып атайтын
анықтауыш сөздер, сондықтан бөлекжазылады.
Екінші компоненті кағаз сөзі болып келген күрделі атаулардын бір
қатары бір ұғымның (кейде бір құжаттың) атын білдіреді: арыз кағаз, жолдама
кағаз, куәлік кағаз, қатынас кағаз, мақтау қағаз, рұқсат қағаз, талақ
қағаз, шакыру кағаз. Бұлардағы алдыңғы сөздер "қағаздың" (жазылған
дүниенің) неге байланысты, не үшін берілетін
(жолданатын, жазылатын) құжат екендігін білдіреді: рұқсат қағаз - бір
нәрсеге (іс-әрекетке, затқа т.б.) рұқсат ететін құжат, талақ қағаз - көне
атау, әйелін талақ еткенін куәландыратын кағаз т.т. Бұлардың көпшілігінің
бірінші сөзі осы мағынада қағаз компонентінсіз-ақ қолданыла береді:
жолдама, куәлік, шакыру, арыз т.т. Енді бірқатар тіркестерде алдыңғы
компонент қағаздың сапалық не қатыстык сынын білдіретін анықтауыштар болып
келеді: ватман қағаз, көшірме қағаз, катырма кағаз. Бұл көрсетілген екі
жағдайдың екеуінде де кағаз сөзімен келген тіркестердің әрбір сөзі бөлек
жазылады. Адам, мал, айуан организмі мүшелерінің атауларын білдіретін екі
зат есімінен кұралған күрделі сездердің әрбір компоненті белек жазылады.
Олардың соңғы компоненті кобінесе жалпы атау (сүйек, жілік, кол, тіс, көз,
жақ, омыртқа, бет, ет, тамырт.б.) болады да, алдыңғы компоненті соларды
анықтап, ажыратып тұрады: асық жілік, тоқпан жілік, ортан жілік; бел
омыртка, мойын омыртқа; ортан қол, сұқ қол; тоқ ішек, ащы ішек; күре
тамыр, желке тамыр, қан тамыр; күрек тіс, ақыл тіс, азу тіс, сүт тіс, ит
тіс, бас сүйек, төс сүйек, жақ сүйек, төбе сүйек, бет сүпек; көк желке, қыр
желке, ой желке; сан ет, қол ет, қара ет, қызыл ет, сұрпы ет т.т.
Үш зат есім қатар келіп, алдыңғы екеуі соңғы сөз білдіріп тұрған
заттың түрін саралау үшін айтылса, олар белек жазылады: үйрек бас ер, қос
етек көйлек, мысық мұрт жігіт, саба құрсақ байлар,
Түбір күйінде компоненттері бір-бірінен белек жазылатын анықтауышты
тіркестер мен тұрақты тіркестерге етістік не есім тудыратын жұрнақтар
жалғанғанда да, сөздердің бөлек жазылуы сақталады, бұлар күрделі етістік
немесе күрделі сын есім қатарына жатады. Мысалы: ақ таңдақ (жер) - ақ
таңдактану (жер ақ таңдақтанып жатыр), қара барқын - қора барқындану, іш
кұса (болу) - іш құсалык, темір жол - темір жолдық (құрылыстар), ортан қол
-ортан колдай (жігіт), көп бала ~ көп балалы (отбасы), жоғары сапа -жоғары
сапалы, шала сауат - шала сауатты, мал дәрігері - мал дәрігерлік, көп ұлт -
көп ұлттық, коп жыл ~ көп жылдық (еңбек), ұсак буржуазия - ұсак
буржуазиялық. иесін атайтын термин), көп жылдық еңбек, ал көпжылдык
шырмауық (соңғыда көпжылдык сөзі күрделі ботаникалык терминнін компоиенті
болып тұр), бес жылдық оқу, ал бесжылдық (термин).
2. Бірге жазылуы дәстүрге айналған дүниежүзілік, бүкіл одақтық
сияқты косылып таңбаланатын бес-алты сөздің орфограммасын емле сөздіктеріне
қарап біліп алуға болады.
3. Болск не дефис арқылы жазылатын екі компонентті жгілкы есімдердон
қазақ тілі жүрнактарымен жасалған туынды создер кіші оріппсн косылып жазы-
лады: Коста-Рики - костарикалықтар, Батыс Сібір – батыс сібірлік.

Күрделі сан есімдерді құрап тұрған сөздердің әрқайсысы барлық тұлғада
да бөлек-бөлек жазылады: он бір, он бірінші (қабат), он бірге (Балам он
бірге шықты), он бірлерде (Ол бала он бірлерде), он екі, он екінші, он
тоғыз, жиырма бір, бір мың, он мың.
Сан есімдермен жанастырыла қолданылатын жарым, есе, рет де-ген сөздер бөлек
жазылады: бір жарым, үш жарым, екі есе, екірет, бес есе, бес жарым, бес
рет.
Болжамды сан есім жасауға қатысатын шақты, шамалы, қаралы деген шылаулар да
бөлек жазылады: он шақты, отыз шақты, жүз шамалы, мың қаралы (қой), жүз
каралы (атты).
Түсті білдіретін екі (кейде үш) сын есім қатар айтылып, үшінші бір
түстің атауы болып тұрса, олар бір-бірінен бөлек жазы-лады: кара күрең,
қара торы, қызыл ала, қызыл күрең, қара көк, сары ала, көк ала, ак, сары,
ақ сұр, шұбар ала.
Жеке тұрып, барлық заттардың түсін білдірмейтін ал, кұба, кер, кұла, шабдар
сияқты сөздермен қатар келген түс атаулары да бөлек жазылады: ал күрең, ал
қара, ал қара көк, ал қызыл, ал қоңыр, қара кер, ақ құба, құла жирен, кұла
кер, ақ шабдар, шабдар ала.
Малды (көбінесе жылқыны) сипаттау үшін сын есіммен қатар айтылатын
төбел, қасқа, шолақ сияқты сөздер де бөлек жазылады: торы төбел (ат), құла
қаска (бие), шолак торы (жабағы), ак бақай (ат). Екі сып есімнен жасалып,
немесе басқа сөздермен аралас келіп, малдың (көбімесс жылкының) меншікті
аты - жалкы есім болып тұрған сөздер бірігіп, бас әріппен жазылады: Ақан
серінін Құлагері. Менің Торы-төбелім. Құлақасқа Жирен торыдан озып келді.
2. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дара және күрделі сөздерді танып-танытудағы пікірталастар. Сөздерді бірге, бөлек жазудағы ұстанымдар
Сөйлеу тілі
Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері
Қазақ фонетикасының құрылымы
Қазақ тілі оқулығындағы жаттығу жұмыстары
Қазақ тілі орфографиясындағы негізгі және қосалқы принциптер
Күрделі аталымдардың ғылыми негіздері мен басты ұстанымдары
Нормативтік қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтарын өткізуге арналған арналған әдістемелік нұсқау
Түбір сөз
Тілдік норманың қалыптануы
Пәндер