Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасы
І. К і р і с п е ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерінде жеткіншектерді тәрбиелеу мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
ІІІ. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін отбасы тәрбиесінде пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
IV. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін мектепке дейінгі мекемелердің тәрбие процесінде пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
V. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін жалпы білім беретін мектептің оқу.тәрбие процесінде пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
VІ. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін мектептен тыс мекемелер тәрбиесінде пайдалану ... ... ... ... ... ...18
VII. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін жеткіншектер тәрбиесінде пайдалануға болашақ педагог мамандарды даярлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
VIIІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ІХ. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттаған бүгінгі қазақ халқының мақсаты – қазіргі ғаламдану процесіндегі өзінің ұлттық мектебін халық педагогикасы дәстүрлерінде құру, ғылым-білім пәндерін бүкіл әлемдік стандартқа сәйкестендіру барысында тек қазақ тілі құнарында өркендету, дәстүрлі еңбек тәрбиесінің дербестігіне кепілдік беру. Бұл бүгінгі мәдени-әлеуметтік ортадағы жеткіншектердің дәстүрлі еңбекке деген құндылық бағдарын қалыптастыруды, ата-бабалар тәжірибесін меңгертуді міндет етеді.
Қазақстанның тәуелсіз өркениетті мемлекет болуына байланысты Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының қабылдануы, қазақ тілінің «Мемлекеттік тіл» ретінде жариялануы, қазақ этнопедагогикасының дербес ғылым мәртебесіне жетуі, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың
тұжырымдамасының», «Мәдени мұра бағдарламасының» және «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңдарының қабылдануы жасөспірімдерді халқымыздың дәстүрлі еңбек түрлеріне тәрбиелеу мәселесіне жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауды талап етеді.
Бүгінгі таңда жасөспірімдерге көпсалалы ұлттық мектептерде халықтың дәстүрлі еңбегімен тығыз байланыста тәрбие беруге зор үміт артылып отыр.
Себебі, кеңес дәуірінде қазақтың ұлттық мектебі болмады, мектептер қазақ мектебі деп аталғанмен, олар орыс мектебінің қолайсыз көшірмесі еді, ұлттық мектептердің ұлттылығы жойылып, олардың қазақ халқы үшін пайдасы болғанымен, жас ұрпақтың ұлттық тұрғыдағы еңбек тәрбиесіне зияны тиді.
Ұзақ жылдар бойы әкімшілдік-әміршілдік әдіске негізделген тәрбие кезінде жеке адам елеусіз қалды, оның өзіндік мүмкіндігіне, өмірлік мақсатына мән бермеушілік және оның еріктілік негізінде дамуына тежеу салушылық орын алды. Жас ұрпақ ата тарихындағы дәстүрлі еңбек тәрбиесінен, ана тілінен, төл мәдениетінен қол үзді. Сондықтан да бүгінгі таңда, отарлау мен бодандықтың бұғауынан азат етілген ерікті қоғамда, тәуелсіз және құқылық мемлекет құру кезеңінде қазақ халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесінің мазмұнын, қағидаларын, мақсаты мен міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі жаңартудың қажеттігі туып отыр. Ол үшін:
• Қазіргі қазақ мектебінің болашақта «Қазақ ұлт мектебіне» ұласуын көздеп оның жүйесін теориялық-әдіснамалық тұрғыдан белгілеу;
• Оқу-тәрбие процесін отбасынан бастап үздіксіз демократиялық
нысанда қалыптастыру;
• Қазақтың көпсалалы ұлт мектебін балабақшадан бастап университетке дейінгі аралықта үздіксіз білім берудің барлық басқыш-сатыларын
қамтитын, әрі қазақ ұлтының тілін, ділін, мәдениетін, дәстүрлі еңбек тәрбиесін, рухани болмыс-бітімін осы басқыштардың әрқайсысында да әлемдік өркениеттің жетістіктерімен шебер ұштастыра білетін біртұтас үзіліссіз жүйе ретінде қалыптастыру;
• Қоғам мен мектеп, мектеп пен ата-ана, мұғалім мен шәкірт, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастыққа, сабақтастыққа, үздіксіз тәрбие нысанына, оның ұлттық ұстанымына баса назар аударып, нағыз демократиялық дербес мектеп жасау қажет.
• «Қазақ ұлт мектебі» тәуелсіз Қазақстанда ғана өз атына лайық мәртебе
ала алады, өйткені ол Қазақстанның ұлттық білім саясатын жүзеге асыратын еліміздің ең негізгі көпсалалы оқу-тәрбие мекемесі болып табылады.

1. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы //Егемен Қазақстан, 1999ж., 11 маусым.
2. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы.-Алматы: Қазақстан, 1998. -31б.
3. «Қазақстан Республикасы жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы».Алматы,2005.
4. «Мәдени мұра» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама болуы тиіс. Егемен Қазақстан. 29 қараша, 2003ж.
5. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң (жоба). Егемен Қазақстан. 14 мамыр, 2002ж.
6. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. Алматы: Қазақстан, 1994. -40б.
7. Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан /ҚҰрастырғандар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. –Алматы: Кітап, 1992. -196б.
8. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы: 1 том /Құрастырғандар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. –Алматы: Рауан, 1994. -317б.
9. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы: 2 том /Құрастырғандар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. –Алматы: Рауан, 1998. -415б.
10. Тәлім-тәрбие хрестоматиясы /Құрастырғандар С.Қалиев, Р.Ізғұттынова, Г.Жексембаева. -Алматы: Рауан, 1996. -161б.
11. Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. –Алматы: РБК, 1994. -140б.
12. Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану. –Алматы: Рауан, 1993. -63б.
13. Болатбаев К.К. Халықтық педагогиканы бейнелеу өнері пәнінде қолдану. Алматы: АлМУ, 1995, -76б.
14. Ұзақбаева С.А., Қожахметова К.Ж. Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы. - Алматы: Өнер, 1998. -22б.
15. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. –Алматы: Әл-Фараби, 1995. -463б.
16. Ғаббасов С. Ізгілік Әліппесі. –Алматы: Қазақ университеті, 1992. -186б.
17. Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. –Алматы: Рауан, 1994. -40б.
18. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін мектептерінің тұжырымдамасы. –Алматы: РБК, 1994. -32б.
19. Қазақстан Республикасының «Жоғары білім туралы» заңы. –Алматы: РБК, 1996. -32б.
20. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. –Алматы: РБК, 1995. -29б.
21. Құрсабаев М. «Атамекен» ұлттық ғылыми-тәлімдік, рухани-танымдық бағдарламасын оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге асырудың этнопедагогикалық-этнопсихологиялық мәселелері. –Алматы, 1993. -110б.
22. Ахметова З. «Кәусар бұлақ» бағдарламасы. –Алматы: Кәусар бұлақ, 1994. -32б.
23. Жарықьаев Қ., Қалиев С., Әбілова З. «Қазақ этнопедагогикасы» дәрісінің бағдараламасы. –Алматы: РБК, 1993. -27б.
24. Бөлеев Қ. Қазақ халқының этнопедагогикасы. Оқу бағдарламасы. –Жамбыл, 1992. -17б.
25. Бөлеев Қ., Бөлеева Л.Қ. Мұғалім және ұлттық тәрбие. –Алматы: Нұрлы Әлем, 2000. -116б.
26. Әбдіқасымов Р., Бөлеев Қ., Бөлеева Л.Қ. Ұлттық тәлім-тәрбие. Дайындық курсының бағдараламасы. –Жамбыл, 1993. -15б.
27. Халық педагогикасы – бала тәрбиесінде //Дайындағандар Қ.Бөлеев, А.Мейірманова, Р.Садуақасова. –Жамбыл, 1992. -81б.
28. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. Оқу бағдараламасы. –Алматы: Әл-Фараби атындағы ҚМҰУ, 1999. -33б.
29. Есенжолова С.Д. Этнопедагогика. Учебная программа. –Алматы: КазГНУ им. Аль-Фараби, 1998. -41с.
30. Бөллев Қ. Көшеров Н. Қазақ этнопедагогикасы. Оқу бағдарламасы. –Жамбыл, 1993. -23б.
31. Наурызбаев Ж. Этнокультурное образование школьников. Программа спецкурса для студентов педвузов. –Жезказган, 1995. -12с.
32. Әбдіғапбарова Ұ.М. Қазақ ұлттық ою-өрнек өнері. Арнайы курс бағдарламасы. –Алматы, 1997. -22б.
33. Калыбекова А.А. Казахские народные традиции в музыкально-эстетическом воспитании детей. –Алматы: Рауан, 1993. -123с.
34. Оршыбеков Ы. Қазақ халқының педагогикалық мәдениеті. –Алматы: Білім, 1981. -53б.
35. Жарықбаев Қ., Қалиев С. «Қазақ тәлім-тәрбие тарихы» дәрісінің бағдарламасы. –Алматы: РБК, 1994. -30б.
36. Жарықбаев Қ.Б., Бөлеев Қ. Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің даму тарихы. Арнайы курс бағдарламасы. –Жамбыл, 1992. -10б.
37. Бөлеев Қ., Бөлеев Т. Қазақ этнопедагогикасының тарихы //Қазақстан мектебі, 1996. №2.
38. Боданов Ж.Қ., Бөлеев Қ. Қазақтың халық педагогикасы. –Жамбыл, 1993. -22б.
39. Айтмамбетова Б., т.б. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. –Алматы: РБК, 1995. -185б.
40. Жүнісов А. Бабалар дәстүрі. –Алматы: Балауса, 1992. -106б.
41. Сарыбеков Н., Сарыбеков М., Сарыбеков К.Д. Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлері. –Алматы: Рауан, 1997. -51б.
42. Сатқанов О. Еңбек сабағында қазақ өнеріне баулу. –Алматы: Рауан, 1992. -47б.
43. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие.Алматы:Білім, 1995.-232б.

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ШАЛҒЫНБАЕВА Қ.Қ.
Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру
жүйесінде пайдалану
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Алматы, 2004
УДК 372.8
ББК 74.200.52
Ш - 21
Шалғынбаева Қ.Қ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ДӘСТҮРЛЕРІН ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ
БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ – Алматы, 2004 – 25 б.
Пікір жазғандар: С.А. Ұзақбаева, п.ғ.д., профессор
А.К. Рысбаева, п.ғ.д., профессор
ISBN 9965-14-490-7
Тұжырымдаманың материалдары қазақ халық педагогикасында
жеткіншектерді еңбекке тәрбиелеу проблемасына байланысты этнопедагогикалық
әдебиеттерге, ғылыми зерттеулерге, жалпы білім беретін орта мектептердегі
еңбек тәрбиесі тәжірибесіне теориялық талдау жасау негізінде құрылған.
Сонымен қатар, қазақтың халықтық педагогикасындағы еңбек тәрбиесінің
мақсаты, міндеттері, қағидалары, мазмұны мен түрлері мазмұндалады.
Тұжырымдама мектеп мұғалімдеріне, тәрбиешілерге, студенттерге, ата-
аналарға әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылады.
ББК 74.200.52
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық
университетінің педагогика кафедрасы
баспаға ұсынған, хаттама № 10,
мамыр айының 12 жұлдызы, 2004 ж.
Ш 4310030000
00 (0) - 04
© Шалғынбаева Қ.Қ., 2004.
ISBN 995-14-490-7
І. К І Р І С П Е
Үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттаған бүгінгі қазақ халқының
мақсаты – қазіргі ғаламдану процесіндегі өзінің ұлттық мектебін халық
педагогикасы дәстүрлерінде құру, ғылым-білім пәндерін бүкіл әлемдік
стандартқа сәйкестендіру барысында тек қазақ тілі құнарында өркендету,
дәстүрлі еңбек тәрбиесінің дербестігіне кепілдік беру. Бұл бүгінгі мәдени-
әлеуметтік ортадағы жеткіншектердің дәстүрлі еңбекке деген құндылық
бағдарын қалыптастыруды, ата-бабалар тәжірибесін меңгертуді міндет етеді.
Қазақстанның тәуелсіз өркениетті мемлекет болуына байланысты
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңының қабылдануы, қазақ
тілінің Мемлекеттік тіл ретінде жариялануы, қазақ этнопедагогикасының
дербес ғылым мәртебесіне жетуі, Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білім беруді дамытудың
тұжырымдамасының, Мәдени мұра бағдарламасының және Мемлекеттік жастар
саясаты туралы заңдарының қабылдануы жасөспірімдерді халқымыздың дәстүрлі
еңбек түрлеріне тәрбиелеу мәселесіне жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауды
талап етеді.
Бүгінгі таңда жасөспірімдерге көпсалалы ұлттық мектептерде халықтың
дәстүрлі еңбегімен тығыз байланыста тәрбие беруге зор үміт артылып отыр.
Себебі, кеңес дәуірінде қазақтың ұлттық мектебі болмады, мектептер
қазақ мектебі деп аталғанмен, олар орыс мектебінің қолайсыз көшірмесі еді,
ұлттық мектептердің ұлттылығы жойылып, олардың қазақ халқы үшін пайдасы
болғанымен, жас ұрпақтың ұлттық тұрғыдағы еңбек тәрбиесіне зияны тиді.
Ұзақ жылдар бойы әкімшілдік-әміршілдік әдіске негізделген тәрбие
кезінде жеке адам елеусіз қалды, оның өзіндік мүмкіндігіне, өмірлік
мақсатына мән бермеушілік және оның еріктілік негізінде дамуына тежеу
салушылық орын алды. Жас ұрпақ ата тарихындағы дәстүрлі еңбек тәрбиесінен,
ана тілінен, төл мәдениетінен қол үзді. Сондықтан да бүгінгі таңда, отарлау
мен бодандықтың бұғауынан азат етілген ерікті қоғамда, тәуелсіз және
құқылық мемлекет құру кезеңінде қазақ халық педагогикасындағы еңбек
тәрбиесінің мазмұнын, қағидаларын, мақсаты мен міндеттерін қайта
қарастырып, түбегейлі жаңартудың қажеттігі туып отыр. Ол үшін:
• Қазіргі қазақ мектебінің болашақта Қазақ ұлт мектебіне ұласуын
көздеп оның жүйесін теориялық-әдіснамалық тұрғыдан белгілеу;
• Оқу-тәрбие процесін отбасынан бастап үздіксіз демократиялық
нысанда қалыптастыру;
• Қазақтың көпсалалы ұлт мектебін балабақшадан бастап университетке
дейінгі аралықта үздіксіз білім берудің барлық басқыш-сатыларын
қамтитын, әрі қазақ ұлтының тілін, ділін, мәдениетін, дәстүрлі еңбек
тәрбиесін, рухани болмыс-бітімін осы басқыштардың әрқайсысында да
әлемдік өркениеттің жетістіктерімен шебер ұштастыра білетін біртұтас
үзіліссіз жүйе ретінде қалыптастыру;
• Қоғам мен мектеп, мектеп пен ата-ана, мұғалім мен шәкірт, ата-ана мен
бала арасындағы ынтымақтастыққа, сабақтастыққа, үздіксіз тәрбие
нысанына, оның ұлттық ұстанымына баса назар аударып, нағыз
демократиялық дербес мектеп жасау қажет.
• Қазақ ұлт мектебі тәуелсіз Қазақстанда ғана өз атына лайық мәртебе
ала алады, өйткені ол Қазақстанның ұлттық білім саясатын жүзеге
асыратын еліміздің ең негізгі көпсалалы оқу-тәрбие мекемесі болып
табылады.
Жеткіншектерді жан-жақты дамыту ғасырлар қойнауынан келе жатқан еңбек
тәрбиесінің ең негізгі мақсаты. Халық өзінің жас ұрпағы есті, адал,
мейірімді, еңбекқор, ержүрек, ар-ожданы мол, парасатты болып өссін деген
үмітпен өмір тәжірибесі сынынан өткен тәлім-тәрбие мұрасын қолданған.
Әсіресе, баланы еңбекке тәрбиелеуге байланысты ерте заманнан жиып-
терген ұлттық тәлім-тәрбиесінің асыл қазынасы, мол тәжірибесі бар. Ананың
бесік жырынан басталатын қарым-қатынас, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр,
халықтың ауызекі творчестволық үлгілері – жеткіншектердің дүниетанымын,
сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра.
Сондықтан Қазақ халық педагогикасының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін
үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасын жасауға жоғарыдағы
аталған құжаттармен қатар, мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының
тұжырымдамасы, ҚР азаматтарының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын
қалыптастыру тұжырымдамасы, этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамалары
тірек етілді.
Тұжырымдама алты бөлімнен тұрады және қазақ халық педагогикасының
дәстүрлі еңбек түрлерін өзара бірізділікті сабақтастықта жүзеге асыруды
көздейді:
1. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерінде жеткіншектерді
тәрбиелеу мазмұны.
2. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін отбасы тәрбиесінде
пайдалану.
3. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін мектепке дейінгі
мекемелердің тәрбие процесінде пайдалану.
4. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін жалпы білім
беретін мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалану.
5. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін мектептен тыс
мекемелер тәрбиесінде пайдалану.
6. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін жеткіншектер
тәрбиесінде пайдалануға болашақ педагог мамандарды даярлау.
ІІ. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІНДЕ
ЖЕТКІНШЕКТЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУ МАЗМҰНЫ
Қазақтың дәстүрлі еңбек тәрбиесіндегі тәжірибесін бүгінгі таңдағы
жеткіншектер тәрбиесінің негізіне алу – халық педагогикасының
мүддесі, әрі талабы. Жеткіншектердің әлеуметтік ортадағы сан салалы қарым-
қатынасы мен іс-әрекетін ұйымдастыру барысында халықтық тәжірибе мен ізгі
қасиеттерді оның бойына дарыту қашаннан игі мақсат болып келеді.
Демек, тәрбие – жалпы адамзаттық құндылықтар мен халықтың ғасырлар
бойы жинақталған, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас
ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,
дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын
қалыптастыра отырып еңбекке тәрбиелеу.
Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – ұлттық сана-сезімі оянған, қоғамдық
байлықты еселей түсуде нарықтық экономика қағидаларына бейімделе отырып,
ұлттық руханият пен мәдениет құндылықтарын кеңінен пайдалана алатын, қазақ
халқының дәстүрлі еңбегіне бейімделген, белсенді, іскер, бәсекелік,
қабілеттілік, шығармашылық қасиеттерге дағдыланған сегіз қырлы, бір
сырлы жеке тұлғаны қалыптастыру.
Халықтық педагогика процесіндегі ұлттық сана-сезім – адамның рухани
өмірінің басты белгілерінің бірі. Ұлттық сананың қалыптасу деңгейінен
адамның ана тіліне, туған елдің мәдениеті мен тарихына, елі мен жерінің
байлығына деген сүйіспеншілігі, азаматтығы көрінеді. Өз елін, ұлтын
қадірлейтін адам ғана басқа елді де қадірлей біледі.
Осы ретте, жаңарған қоғамның басты мақсаттарының бірі – әрбір сәбиден
бастап жоғары оқу орындарындағы жастарға дейін туған елінің мәдени
қазынасынан айырылып, рухани мүгедек болып қалмауы үшін, ана тілін, дінін,
салтын, дәстүрлі еңбектің түрлерін меңгертуді оларды өмірлік қажеттілігіне
айналдыру.
Өркениетті республикамыздың көпсалалы мектептерінде жеткіншектерді
еңбекке этнопедагогикалық мол қазынаға сүйене отырып тәрбиелеудегі ең
өзекті міндеттердің бірі – дәстүрлі еңбекке баулу, кәсіптік мамандықты беру
бағдарламасы арқылы болашақ мамандығына байланысты менеджмент, маркетинг,
технология, бизнес, т.б. салалардан білім, тәрбие беруді ұйымдастыру,
өнімді еңбекке және іскерлік бизнеске ұластыру.
Сонымен қатар еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен
қарауды, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін
қалыптастыру қажет.
Тұжырымдама мақсатына сәйкес, отбасы еңбек тәрбиесінен бастап әрбір
жасөспірімге жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән еңбекке деген
көзқарасы, еркі, өзіндік еңбек іс-әрекетін жасай алатын қабілеті бар
субъект екенін ескере отырып, төмендегі міндеттер мен бағыттар жүзеге
асырылады:
1. Қазақ этнопедагогикасындағы ғылыми мағлұматтар мен халық тәжірибесіне
негізделген дәстүрлі еңбекке тәрбиелеудің құралдары
мен әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы жеткіншектердің еңбекке деген
ұлттық сана-сезімін, еңбек дағдыларын, еңбек етуге әзірлігін,
әдеттенуін қалыптастыру.
2. Көпсалалы ұлттық мектептерді еңбек кабинеттерімен қамтамасыз ету, оқу-
өндіріс комбинаттарының жанынан ашылған еңбекке тереңдетіп даярлайтын
оқу орындарында дәстүрлі еңбек түрлерінің тәрбиелік мазмұнын
күшейтумен қатар үйретуді, меңгертуді көздеген қосымша арнайы
пәндерді, курстарды, факультативтік оқуларды енгізу.
3. Қазақ ұлтының дәстүрлі еңбек түрлерінің қайта түлеуіне,
жасөспірімдерді еңбекке даярлаудағы этникалық салт-дәстүрлер мен
әдет-ғұрыптардың еркін гүлденуіне құқылы екенін жас ұрпақтың
санасына сіңіру.
4. Балалар мен жастардың еңбек етуге әдеттену, әзірлену, жұмысты істей
білуге деген ықыласын арттыру; олардың ұжымдық еңбек дағдыларын
қалыптастыру; еңбексүйгіштік, шығармашылық, белсенділік, іскерлік
қасиеттерін дамытып, оны қоғамдық еңбек талабына сай іске асыруға
көмектесу.
5. Тәрбиенің басты бұлағы – ата-ана мектебі, сондықтан қыз бала мен
ер бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу, оларды келешекте отбасының
иелері деп есептеп қыз баланы: отбасының береке-құтын сақтайтын
келін, ана ретінде имандылыққа, әдептілікке, кішіпейілділікке,
кешірімділікке, жан сұлулығы мен тән сұлулығының жарасымды
қасиеттеріне жастайынан бейімдеу; отбасына қажетті іскерлік пен
дәстүрлі еңбектің түрлеріне: ас пісіру, іс тігу, кесте тоқу, үй ішін,
өзін-өзі таза ұстау, үнемдеу, бала тәрбиелеу, т.б. үйрету,
дағдыландыру; ер баланы: үй шаруашылығына көмектесуге, мал, егін
шаруашылықтарына, қолөнер еңбегіне баулу және атбегілікке,
құсбегілікке, сазгерлікке, т.б. үйрету, бейімдеу;
6. Тәрбие барысының өн бойында жастардың мамандықты еркін таңдауына
негізделген кәсіби бағдар жүйесін құру; ауылға қажетті кәсіптерді
меңгеруге мүмкіндік жасау (фермерлік, қожалық, жеке меншік, сәндік-
қолданбалы қолөнер және т.б.);
7. Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп, өзін-өзі
тәрбиелеуге дағдыландыру; компьютермен басқарылатын автоматтық
технология жүйесін меңгерту, Интернет арқылы өзінің кәсіптік мамандық
біліктілігін арттыру;
8. Нарық экономикасы талаптарын жүзеге асыру процесіне еркін еңбек
пен жоғары өнімділік кепіл бола алады. Сондықтан жеткіншектерге
дәстүрлі еңбектің адам өміріндегі мәні мен маңызын түсіндіру,
шығармашылық еңбекті дамыту, еңбек дағдысын баланың бойына
жастайынан сіңіру, оны табиғи қажеттілікке айналдыру, жоғары
икемділікке, нарық жағдайындағы бәсекелікке бейімдеу;
9. Қоғам мен мемлекет өркендеуінің ғылыми-техникалық прогреспен тығыз
байланыстылығын ескере отырып, жеткіншектерді ауылшаруашылық
техникасының тетігін еркін меңгерген жұмысшы маманы ретінде
тәрбиелеуге баса көңіл бөлу; өнім шығару және өңдеу
шеберханаларындағы еңбекке қатыстыру; өндірістің бағыт-бағдары
тек қана нарық екенін, оның дүниежүзілік тәжірибеде кеңінен
қолданылатынын жеткіншектерге түсіндіру; іскерлік бизнеске бағыттау
және т.б.
Бүгінгі күннің талабына сай жеткіншектердің еңбек тәрбиесінің
мақсаты мен міндеттерін айқындаумен қатар, оның мазмұнын,
әдіс-
тәсілдерін және оны ұйымдастырудың негізгі қағидалары анықталды.
1. Еңбек тәрбиесінің басты қағидасы – мақсаттылық. Баланы жоғары
құндылық деп бағалап, оның ерекше қабілетін және дарындылығын көре
білу, сол ерекшеліктеріне сәйкес өз еркімен таңдаған еңбектің түрін
меңгеруге қоғамдық ортада тиісті жағдай жасап, бағыт-бағдар беру.
Шығармашылыққа, іскерлікке бейімдеу.
2. Дәстүрлі еңбек тәрбиесінің үздіксіздігі, беріктігі, жүйелілігі.
Қазақ халқының жеткіншектерді дәстүрлі еңбек түрлеріне тәрбиелеудегі
әлеуметтік ортаның тәжірибесін негізге алу, ағартушылық-педагогикалық
ой-пікірлерін, идеяларын, ауызекі творчестволық шығармашылығын
үздіксіз оқу-тәрбие жүйесінің мазмұнына ендіру.
3. Дәстүрлі еңбек түрлерінің қоғамдық өмірмен байланысы. Еңбек тәрбиесі
табысты болу үшін өркениетке ұмтылған еліміздің әлеуметтік-
экономикалық, мәдени-рухани, тарихи, саяси жағдайларын ескере отырып,
қазақ халқының мәдени мұрасындағы тәжірибесін жеткіншек ұрпақтың
бойында қалыптастыру мақсатында тәрбие процесінің барлық сатыларында
(отбасы, бала-бабақша, мектеп, колледж және т.б.) тәрбие мекемелерінде
ұйымдастырылатын іс-әрекеттің үздіксіздігін қамтамасыз ету.
4. Жеткіншектерді дәстүрлі еңбекке түрлеріне ұжым арқылы тәрбиелеу.
Отбасынан бастау алатын әулеттік тәжірибені меңгерте отырып, көпсалалы
қазақ орта мектептерінде халықтық педагогикадағы еңбек тәрбиесінің
әдістерін, құралдарын пайдалану арқылы дәстүрлі еңбектің үйірмелік,
кешенді оқу-өндірістік, ғылыми-әдістемелік орталығын ұйымдастыру.
5. Жеткіншектердің жас және дара ерекшеліктері мен жыныстық өзгешелігін
ескере отырып дәстүрлі еңбекке тәрбиелеу. Ер баланы ер балаға тән
дәстүрлі еңбек түрлеріне тәрбиелеу, қыз баланы қыз балаға тән дәстүрлі
еңбек түрлеріне тәрбиелеу.
IІІ. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІН ОТБАСЫ
ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Қазақстан Республикасының Ата Заңында: Балаларына қамқорлық жасау
және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы деп атап
көрсетілсе, Қазақстан – 2030 бағдарламасында Әкелер мен аналардың,
аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін
күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді
сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде
болатынын көргіміз келеді, [311] делініп, ұрпақ тағдырына ерекше мән
беріледі.
Демек, жеткіншектердің еңбек тәрбиесінде отбасының алатын орны
ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да
алмастыра алмайды. Өйткені отбасының мақсаты баланы өмірге келтіру ғана
емес, оған мәдени-әлеуметтік ортадағы дәстүрлі еңбек түрлерінің құндылығын
қабылдату, аға ұрпақтың, ата-бабалардың, даналардың ақыл-кеңесін, еңбек
тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған ортаға, адамзат қоғамына пайдалы азамат
етіп тәрбиелеу. Аға ұрпақтың, еңбек тәжірибесі, үлгі-өнегесі, өз борыштары
мен парыздарын мүлтіксіз орындауы – еңбек тәрбиесінің үлкен мектебі.
Отбасы тәрбиесінің тағы бір артықшылығы – үйдегі адамдардың жас
шамасы әр түрлі болса да бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат
ынтымақтастығы. Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Ата
дәстүрінің бай тәжірибесінен бүгінгі жастардың үйренетіні көп.
Қазақ отбасында жеткіншектердің еңбекке деген парасатты көзқарасын
қалыптастыру жөніндегі тәжірибесінен де алатын үлгі-өнеге мол. Ол еңбектің
қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істермен ұштасқан. Ер
баланы қозы, лақ қайтару, отын-су әзірлеу, мал өнімдерінен тұрмысқа қажетті
құрал-жабдық жасау (қамшы, шідер, жүген өру, тері илеу, қару-жарақ жасау,
т.б.), қора салу, киіз үйдің ағашын дайындауға, ұсталық, зергерлік өнерге
баулуға көзделсе, қыз балаларды үйдің ішін жинау, ыдыс-аяқты жуу, кесте
тігіп, өрмек тоқу, ас пісіріп, баланы, қонақты күте білуге үйреткен.
Балаларды еңбекке тәрбиелеу барысында ата-аналар оларды тек өзі үшін ғана
емес, жалпы халықтың игілігі үшін еңбек етуге, еңбекке құрметпен қарауға,
еңбек процесінің қуаныш-ләззатын сезініп, түсіне білуге үйретті. Балалар
үлкендерге көмектесе жүріп және олардың өнегелі істерін, шеберлік
дағдыларын қабылдай отырып, үнемі табиғат аясында болды, оның әсемдігінен
ләззат алды. Күннің шығуы мен батуын бақылап, құстардың көңілді әнін,
шегірткенің шырылын, малшылардың өткен-кеткен әңгімелерін, ән-күйі,
ертегілерін естіп өсті. Балаларды еңбекке осылайша ерте араластыру
олардың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, көркемдік-эстетикалық
талғамдарының жетілуіне, дене бітімдерінің толысып дамуына, сонымен бірге
халықтың мәдени мұрасына аялы көзқарасын арттыруға жәрдемдесті.
Оның танымдық қағидалары ең алдымен, балаларды туған жерінің табиғаты мен
байлығын, дәстүрлі шаруашылығына байланысты еңбек түрлерін меңгертуге
негізделген. Оларды қазақ халқы жазалау әдісі арқылы емес, балаға түсіндіру
әдісінің ең тиімді, қарапайым ізгілік жолдарымен, қызықтыру арқылы үгіттеу,
сендіру, үйрету, жаттату, т.б. әдіс-тәсілдермен жүзеге асырған. Осы
мақсатта ертегілерді, мақал-мәтелдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды,
шешендік сөздер мен баталарды, өлең-жырлар мен аңыз-әңгімелерді,
эпостарды, т.б. молынан пайдалана білген. Мысалы, Жақсы бала – сүйеніш,
жаман бала – күйеніш, Жаңбырмен жер көгереді, батамен ер көгереді,
Жақсы сөз – жарым ырыс – деген мақалдар соның айғағы. Олар жастарды
рухтандыратын, имандылыққа, еңбекке тәрбиелейтін, ізгілік, іскерлік,
еңбексүйгіштік қасиеттерге сендіретін құдіретті құралдар.
Демек, жеткіншектердің еңбек тәрбиесі – ата-аналарға, ата-әжелерге
ортақ іс, жауапты міндет.
Сондықтан отбасындағы еңбек тәрбиесінде мына мәселелерге назар
аударған жөн.
– ата-әжелердің немере, шөбере тәрбиесінің игіліктеріне жарататын құнды
еңбек тәжірибесін ескере отырып, мүмкіндігінше үш ұрпақ өкілдерінен
(ата, әке, бала) құралған отбасыларын қуаттау, көбейту;
– жеткіншектердің еңбек тәрбиесіндегі ананың орнын мойындаумен қатар,
әкенің жауапкершілігін, тәрбиелік мүмкіндіктерін арттыру. Отағасы
шаңырақтың қорғаны, асыраушысы, ақылшысы саналады. Сондықтан қазақ
әулетінің ер-азаматты бағалау, пір тұту дәстүрін одан әрі жалғастыру;
– отбасының тірегі, зор байлығы – көп бала екендігін жастар санасына
сіңіру; ұрпақтар тәрбиесінде қазақ халық педагогикасындағы дәстүрлі
еңбек түрлерін меңгертуді негізге алуын қадағалау, үйрету.
Жаңа өркениетті қоғамдағы отбасының жасөспірімдерді дәстүрлі еңбекке
тәрбиелеудегі маңызын, әлеуметтік-экономикалық жағдайын, хал-ахуалын
көтеруге ықпалын тигізетін кейбір ұсыныстарды енгіздік:
• отбасындағы дәстүрлі еңбек түрлерін әлеуметтік-экономикалық жағынан
қорғауды мемлекеттік дәрежеге көтеру;
• отбасы еңбек тәрбиесіндегі дәстүрлі еңбек түрлерін ғылыми дәрежеде жан-
жақты зерттеу, арнайы ғылыми-тәжірибелік лаборатория ашу, бұл
дүниежүзілік тәжірибеде өркениетті елдер қатарына жетудің негізгі
шартының бірі;
• педагогикалық-психологиялық тұрғыдан дәстүрлі еңбектің отбасы
тәрбиесінде дәріптеуге тұратын түрлеріне арналған көпшілік ағарту
жұмыстарын жүргізу;
• отбасы еңбек тәрбиесіне арналған оқу-әдістемелік құралдар, кеңестер,
ұсыныстар, озық тәжірибелер жинақтарын шығару. Мәселен, Ата-аналар
тәлімі, Шеберлер мектебі, Ата кәсіп мектебі, т.б.;
• Қазақстан Республикасының өркениетті даму жолындағы отбасы
еңбек тәрбиесінің мәртебелік орнын айрықша бағалау, оны жаңа деңгейге
көтеру мақсатында жылдың бір күнін Отбасы жұлдызы деп белгілеу, бұл
күннің барлық ұжымдарда аталып өтуін қадағалау;
• Отбасындағы еңбек тәрбиесінің ең тиімді, ең құнды тәжірибесін, ерекше
нәтижелілігін жинақтау және тарату, оны әрбір отбасы игілігіне
айналдыру;
• Отбасы күнін өткізуге бүкіл қоғам болып шығармашылықпен қарау, оны
түрлендіру, мәселен, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар,
кездесулер; отбасындағы еңбек әулеттерінің салтанатты шерулерін; жас
отаулардың дәстүрлі еңбек түрлерінен жарыс-сайыстарын ұйымдастыру;
тәлім-тәрбиелік сұхбаттар, тәжірибе алмасу, пікірлесу; көп балалы
отбасыларына көмектесу, Асар жасау және т.б.
IV. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІН МЕКТЕПКЕ
ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Қазақ халқында арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындар
(балабақша) болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезеңнен бастап, бесік
жыры мен ұлттық ойындар, ертегі, аңыз-әңгіме, тақпақ, санамақ, қаламақ,
т.б. арқылы еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеп отырған.
Аяғы шығып, еңбегі қатып, тілі р-ға келген ойын баласын тәрбиелеудің
ел ішіндегі дәстүрі де тәрбиеші ұстаздар назарын аударуға тұрарлық қызықты
да, қызғылықты объектісі болған. Мәселен, Ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілерсің, Ұлың жақсы болсын десең, ұлы жақсымен, қызым жақсы болсын десең,
қызы жақсымен ауылдас бол, – деп келетін мақал-мәтелдердің астарында
қаншама мән жатыр.
Төрт түлік малды тіршілігіне тірек еткен көшпелі халықтың ұрпақ
тәрбиесінде де сол негізді тұғыр еткендігі заңдылық, дәстүрлі бала
тәрбиесіндегі еңбекке баулу тәсілдерінің өзінен-ақ талай сыр ұғуға болды.
Мысалы, аяғы шыққан жас бала қозы-лақты ермек етсе, есейе келе құлын
мен ботаны маңайлайды. Ал тай үйретіп міну – қазақ баласының әжетке
жарағандығының белгісі. Бір қарағанда тұрпайылау көрінгенімен, осы
әрекеттердің барлығында да тәрбиенің үлкен мектебі жатыр. Бала еңбектің
әліппесін көзін ашқаннан оқып, оның не екендігін жан-дүниесімен сезініп
өспек, сондай-ақ бүкіл жан-жануарлар, табиғат әлеміне деген сүйіспеншілік
те бала көкейіне осы кезден-ақ мысқалдап дариды. Мейірімділік пен
имандылықтың да алғашқы ұрығы бала жүрегіне осылайша біртіндеп сіңіріледі.
Қошақаныңа тиме, ол да өзіңдей сәби ғой, обал болады, көк шөпті жұлма,
көктей соласың немесе күшігіңе тамақты өз
қолыңмен бер, сауап болады деп келетін ата-аналар сөзінде халық санасында
жылдар бойы қалыптасқан философиялық қағида жатыр.
Дәстүрлі тәрбие дағдысы бойынша баланың қабырғасы қатысымен
шамасына қарай еңбекке араластырады. Ер бала әке қолғанатына айналып, қыз
бала үй ішілік тірлікке қол ұшын береді. Қазіргі таңда осы жоғарыда аталған
халықтық педагогикаға сәйкес қарапайым еңбек дағдыларын бала санасына
жастайынан орнықтыратын алғашқы тәлім-тәрбие баспалдағы – балабақша.
Мұндағы негізгі міндет – сана-сезімі ұлттық психология негізінде
қалыптасқан, қазақ халқының дәстүрлерін меңгерген, дені сау, ақылды,
парасатты, елжанды азамат тәрбиелеу.
Балабақшадағы балалар еңбегінің негізгі төрт түрі бар: өзіне-өзі
қызмет көрсету, шаруашылық-тұрмыстық еңбек, табиғаттағы еңбек және
қол еңбегі. Еңбектің жекелеген түрлерінің үлес салмағы түрлі жас
кезеңдерінде бірдей емес. Олардың әрқайсысының тәрбие міндеттерін шешуде
белгілі өз мүмкіндіктері бар.
Өзіне-өзі қызмет көрсету өзін күтуге (жуынуға, шешінуге, киінуге,
төсегін жинауға, жұмыс орнын әзірлеуге және т.с.с.) бағытталған. Еңбек
қызметінің бұл түрінің тәрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік
қажеттігінде. Бұл іс-әрекеттер күн сайын қайталанатындықтан, балалар өзіне-
өзі қызмет көрсету дағдысын мықтап игереді; өзіне-өзі қызмет көрсету міндет
ретінде ұғыныла бастайды.
Мектепке дейінгі сәбилік шақта өзіне-өзі қызмет көрсету белгілі
қиыншылықтарға байланысты (саусақ бұлшық еттерінің жеткілікті
дамымағандығы, әрекеттердің бірізділігін игерудің қиындығы, оларды
жопсарлай білмеушілік, көңілінің оңай бөлінуі), ал мұның өзі дағдылардың
қалыптасу процесін тежейді, кейде баланың қажетті әрекетті орындауға
құлықсыздығын туғызады. Алайда тәрбиеші балалардың осы жас кезеңінде-ақ
өзіне-өзі қызмет көрсете білу қабілетін дамыта бастайды, қажетті
әрекеттерді орындауда ұқыптылық пен мұқияттылық, дербестік болуына күш
салады, тазалық пен мұнтаздыққа әдеттендіреді. Осының бәрі сабырлылықты,
табандылық пен игі тілектестікті, көтермелеп отыруды талап етеді.
Балалардың өзіне-өзі қызмет көрсетуіне орай тәрбиеші әрбір баламен жеке-
дара жұмыс жүргізеді, онымен алуан түрлі байланыс жасайды, көтеріңкі көңіл
күйін қолдап отырады. Киімнің және оның түрлі бөлшектерінің, қажетті
құралдардың аттарын атай отырып, балалардың ана тіліндегі сөздік қорын
кеңейтеді. Балалар өздеріне қамқорлық жасалғанын сезінеді, ересектерге
сүйіспеншілік сезім мен сенімі қалыптасады.
Мектепке дейінгі естияр шақта балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуде
әжептәуір дербестікке ие болады, еңбектің бұл түрі олардың тұрақты
міндетіне айналады. Тәрбиелік міндеттердің қиындатыла түсуі қимыл-
әрекеттердің сапасына, өзін күту процесіндегі ұйымдасқан тәртіпке, оған
жұмсалатын уақытқа қойылатын талаптың арттырылуынан көрінеді. Тәрбиеші
балаларда өзара көмектесу тәсілдерін қалыптастырады, оларға
жолдастарынан қалай көмек сұрауды, қалай көмек көрсетуді, көмектескені
үшін алғыс айтуды үйретеді.
Мектепке дейінгі ересек шақта өзіне-өзі қызмет көрсетудің жаңа
түрлері: төсегін жинау, шашын, аяқ киімін күту, үзілген түймелерін өздері
қадау және т.б. еңбекке тәрбиеленеді. Бұл кезеңде тәрбиелік міндеттер
күрделене түседі, олар: балалардың бойында мұнтаздық пен тазалық әдеттерін,
құрбыларының арасында өзін дұрыс ұстау дағдысын қалыптастыруға бағытталады.
Бала басқалармен араласуы барысында өзіне-өзі қызмет көрсетеді, сондықтан
да ол маңайындағылардың қажеттіліктерін түсінуі, білуі тиіс. Тәрбиеші
нақты мысалдар арқылы басқалардың қажетін ескере отырып қалай істеу керек
екенін: шешінетін жерде шешінген баланың өтіп кетуі үшін жол беру; жуынған
кезде кезекшілерді алдымен жіберу (өз міндеттеріне кірісу үшін олардың
тезірек жуынғаны маңызды), балалардың бәрі уақтылы жуынып үлгеру үшін
кранның алдында ұзақ тұрып алмау, басқа біреуге қолайсыздық жасамау үшін
өтуге рұқсат сұрау және т.с.с. керек екенін түсіндіреді. Осының бәрі
балаларды қарапайым еңбектегі сақтыққа, маңайындағыларды құрметтеуге
дағдыландырады.
Мектепке дейінгі балалардың шаруашылық-тұрмыстық еңбегінің нәтижелері
олардың еңбек қызметінің басқа түрлерімен салыстырғанда оншалық елеулі
болмағанымен, ол балалар бақшасының күнделікті өмірінде қажет. Бұл еңбек
үйдің ішінде және аулада тазалық пен тәртіп сақтауға, режимдік процестер
ұйымдастыруда ересектерге қолқабыс тигізуге үйретеді. Шаруашылық-тұрмыстық
еңбек ұжымға қызмет көрсетуге бағытталған, сондықтан онда балаларды өз
қатарына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу үшін мол мүмкіндіктер бар.
Мектепке дейінгі сәбилік шақта тәрбиеші балаларда қарапайым шаруашылық-
тұрмыстық дағдыларды: үй сыпыру, жинау, үстел жасауға көмектесу, ойнап
болғаннан кейін ойыншықтарды тәртіпке келтіру және жуу, ауладағы
жапырақтарды жинау, бақтағы орындықтардағы қарды сыпыру және т.т.
дағдыларды қалыптастырады.
Естияр топта шаруашылық-тұрмыстық еңбектің мазмұны едәуір ұлғаяды:
балалар үстел үстіне ыдыс-аяқты түгел өздері жайғастырады, оқуға қажетті
барлық нәрсені дайындайды, қуыршақтардың киім-кешегін жуады, текшелердің
шаңын сүртеді, ауладағы жолдарды сыпырады және т.б. Балалардың ұлғайған
мүмкіндіктерін пайдаланып және қалыптасқан дағдыларды ескере отырып,
педагог балаларды еңбекте күш-жігер жұмсау қажет екенін үйретеді,
тапсырылған істі орындауда олардың дербестігін, белсенділігі мен ынтасын
дамытады.
Балалар бақшасының ересектер тобында шаруашылық-тұрмыстық еңбек
мазмұны бұрынғыдан да молығып, жүйеленеді де, көбіне кезекшілердің тұрақты
міндетіне айналады. Балалар бөлме мен аулада тазалық сақтайды,
ойыншықтарды, кітаптарды жамап-жасақтайды, сәбилерге көмектеседі.
Мектепке дейінгі ересек балаларды шаруашылық-
тұрмыстық еңбек ерекшелігі оны өздерінің дербес ұйымдастыра білуінде:
қажетті құрал-сайманды өздері іріктеп, оны ыңғайлы орналастырып, жұмыстан
соң бәрін тәртіпке келтіре білуінде. Еңбек процесінде балалар іждағаттылық,
жақсы нәтижеге ынталылық көрсетеді, құрбыларына игі тілектестікпен қарайды.
Табиғаттағы еңбек балалардың өсімдіктер мен жануарларды күтуге
қатысуын, табиғат мүйісінде, бақшада, гүлзарда өсімдіктер өсіруін көздейді.
Еңбектің бұл түрінің байқағыштықты дамытуға, тірі нәрсенің бәріне ұқыпты
қарауға, туған елдің табиғатын сүюге тәрбиелеу үшін ерекше маңызы бар. Ол
педагогтың балаларды дене жағынан дамыту, қозғалыстарын жетілдіру,
төзімділігін арттыру, дене күшін жұмсау қабілетін дамыту міндеттерін
шешуіне көмектеседі.
Сәбилік топтарда балалар ересектердің жәрдемімен балықтарға жем
береді, бөлмеде өсетін өсімдіктерді суарады және жуады, пияз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz