Исламдағы әйел кісінің алатын орны



1 Исламдағы әйел кісінің алатын орны
2 Әйел құқы және отбасы.
Мейірімді, рахымды Аллаһтың атымен бастаймын
Исламдағы әйел кісінің алатын орны ер кісінің алатын орнынан жоғары және биік болмаса, төмен емес екендігін тарих сахнасынан байқауға болады.
Олардың әрқайсысы үмметтің жартысын қамтып, кейбір кезде әйел затының да ер кісіден жоғары болатын жағдайлары да болады. Бір жағынан әйел кісінің Исламда алатын орны Исламға дейінгі жағдайынан да асып түспек. Міне сол себептен мұсылманмын деген әркім әйел затының Исламда қандай орын алатынын білгісі келеді. Ал Ислам дінінің шариғаты әйел затына қандай артықшылықтар мен жақсылықтар, қандай құрмет көрсеткен екен?!..
Әйел заты Ислам дініне дейін біреу сатып алатын және сатып жібере салатын тауардың немесе үй жануары есебінде, сол орында болатын. Бұл көбінесе кездесіп жататын жағдай болатын. Әйел заты ешқандай да мирас алмай, оны біреу мирас қылып тастап кете алатын болған, өзінің жеке меншік бір затын иеленуге де билігі немесе еркі де болмай, көп қоғам орталықтарында бай және дәулетті болуға да шамасы болмаған. Оның күйеуі немесе әйелі бір затпен толықтай иеленуге тыйым сала алатын болған, ол өз пікірін білдіре алмайтын болған, біреудің рұқсатынсыз ешнәрсе істей алмайтын болған, және әйел бай болса, көп жағдайда күйеуі оның рұқсатынсыз әйелінің мал-дүниесі мен байлығын қолдана алатын болған, мал-дүниесін сарп ете алатын болған, жұмсай алатын болған.
Кейбір мемлекеттерде оның адам екендігінде таласып, осыған байланысты үлкен-үлкен жиналыс-конференциялар ұйымдастырып, оның жаны бар ма, әлде жоқ па; өлімнен кейін ол ер кісілер тәрізді қалып қояды ма, немесе ол әйел кісі ер адамдар тәрізді құлшылық қылуы керек пе; Аллаһқа бойұсынған болса ер кісілер тәрізді Жәннатқа кіре ме; міне осы мәселелердің айналасында таласып, ой жүгіртіп, үлкен-үлкен жиналыстар мен конференциялар ұйымдастырған болатын. Діни қоғамдардың өзінде әйел заты тауар ретінде ғана жүрген. Осылайынша V ғасырда христиан съезі болып, Бакун қаласында болған бұл жиналыста әйел заты жануар (немесе хайуан), лас нәжас зат екендігі жайлы, одан аулақ болу керектігі жайында, оның жаны жоқ, дәріс (дін) үйренбейді және үйретілмейді, ол қаншама жерден құлшылық қылса да Аллаһ оның құлшылық-ғибадаттарын қабыл етпейтіндігін және Жәннатқа кірмейтіндігін, ол ер адамға қызмет қылу керектігі, ол әйел кісі қабаған ит немесе түйе тәрізді мұрындық (намордник) киюі керектігі жайлы үкім шығарылды. Бұл істердің барлығы да әйел кісінің күлмеуі немесе жымиюына, сөйлеуіне тыйым ретінде болып отырған істер болатын. Өйткені олар, яғни әйелдер шайтанның арбауы немесе қақпаны болатын. Адамдардың кейбір қоғамды әйелді төмен түсіруде жеткен жетістіктері осы болатын.
Британияда Х ғасырдың соңына дейін ер кісілерге; оның әйелін сатып жіберуге және қатерлі немесе жұқпалы аурумен ауырып қалса өлтіріп тастауға құқық беретін заң шыққан болатын. Міне осы қарқынмен келіп, XVI ғасырда басқа съезд болады. Бұл съездте сиқыршы деген айыппен ешбір дәлелсіз айыпталған әйелдерді азаптау мәселесі талқыланып, мыңдаған әйелдерді сиқыршы деген айыппен жандырып, өртегендері тарихтан белгілі. Тек Пайғамбар (с.ғ.с.) дүниеге келгеннен кейін 15 жылдан кейін 586 жылы әйел затына байланысты «ол адам, бірақ ер адамға қызмет үшін жаратылған» деген үкім шықты.
Араб жартыаралында болған жағдай келесі бейнеде болатын: адам өзінің жаңа туылған қызын тірілей көміп тастайтын болған. Бірақ бұл жағдай кейбір тайпаларда ғана орын алған болатын. Бір қызығы: сол адам өз қызын көміп тастаған соң үйінде баланы өлтіріп тастадым-ау деген сезімсіз-ақ тынышталу үшін ұйықтап, демалу үшін қайтып келетін болған. Оған біреу келіп істеген ісінің дұрыс еместігін айтатын біреу де болмаған. Бұл әйел затының Исламға дейінгі жағдайы болатын. Ал Ислам келген соң Ислам оған не істеді екен?!..
Ислам дінінің әйел затына алып берген ең бірінші артықшылығы: Ислам діні адамға әйел затын, яғни қыз баланы туылған бойда тірілей көмуге тыйым салды. Оның да адам екендігін түсіндірді. Ер кісі мен әйел кісінің екеуі де адам екендігін баяндап, адамзаттың өзі екеуінсіз болмайтындығын баяндады. Аллаһ қасиетті Құранда оған байланысты:
«Ей, адамдар! Шүбасыз сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық және бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлт-ұлт және рулар қылдық! Шынында Аллаһтың қасында ең ардақтыларың - тақуаларың. Шәксіз Аллаһ толық Білуші, әр нәрседен Хабардар!» («Әл-Худжурат»:13)-деген. Бұл аят адамзаттың бір ер мен бір әйелден пайда болғандығын (тарағандығын) және олардың арасында тақуалықпен болмаса, ешқандай айырмашылықтары жоқ екендігін ашық баяндап кеткендігін байқауға болады. Ал сол екеуінің арасында қайсысы Аллаһтан артығырақ қорқатын болса, міне сол кісі Раббысының алдында құрметтірек және артығырақ екендігін білдірді. Басқа бір аятта Аллаһ:
«Әй, адам баласы! Сендерді бір кісіден жаратып, одан оның жұбын жаратып, ол екеуінен көптеген ерлер мен әйелдерді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар!..» («Ан-Ниса»:1)-деген. Бұл аят әйел затының ер кісінің өзінен жаратылғандығын және оның да адам екендігін ашық баяндап кеткен. Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.) бұған байланысты бір хадисінде: «Әйелдер еркектердің туыстары (жақындары)»-деген. (Ат-Тирмизий)
Ал әйел кісінің иманы мен сенімі болса, ол ер кісілер тәрізді иман келтіріп, ізгі амалдар істей алады ма, әлде жоқ па, оған байланысты Аллаһ Құранда ер кісі мен әйел кісінің иманының айырмашылығы жоқ екендігін баяндап кеткен. Оған байланысты Аллаһ Құранда:
«Әй, иман келтіргендер! Сендерге мумин муһаджир әйелдер келсе, оларды сынаңдар! Аллаһ олардың имандары жайлы жақсырақ біледі. Сонда егер олардың мумин әйел екендігін білсеңдер, онда оларды кәпірлерге қайтармаңдар!» («Әл-Мумтахина»:10)
1. к. г. юнг. символ и архетип. мөсквә, 1991.

2. қондыбай с. арғықазақ мифөлөгясі. үшінші кітәп. -алматы: дәйк-пресс, 2004. -488 б.

3. айдаров ғ. орхон ескерткіштерінің тексі. -алматы: ғылым, 1990. -220 б.

4. есімөв ғ. сана болмысы (саясат пен мәдениет туралы ойлар) -алматы: ғылым, 1998. -1 кітәп-272 б.

5. еляде м. миф әспектілері. ауд. қондыбай с. //мифөлөгя: құрылымы мен рәміздері. алматы, жазушы, 2005. -566 б.

6. өрінбекөв м. ежелгі қазақтың дүниетәнімі. -алматы: ғылым, 1996.

7. өрінбекөв м. с. генезис религиөзнөсти в қазақстане. -алматы: дәйк-пресс, 2005.-240 с.

8. уәлиханов ш. таңдамалы. -2 бас. -алматы: ²жазушы², 1985. -432 б.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мейірімді, рахымды Аллаһтың атымен бастаймын
Исламдағы әйел кісінің алатын орны ер кісінің алатын орнынан жоғары және
биік болмаса, төмен емес екендігін тарих сахнасынан байқауға болады.
Олардың әрқайсысы үмметтің жартысын қамтып, кейбір кезде әйел затының да ер
кісіден жоғары болатын жағдайлары да болады. Бір жағынан әйел кісінің
Исламда алатын орны Исламға дейінгі жағдайынан да асып түспек. Міне сол
себептен мұсылманмын деген әркім әйел затының Исламда қандай орын алатынын
білгісі келеді. Ал Ислам дінінің шариғаты әйел затына қандай артықшылықтар
мен жақсылықтар, қандай құрмет көрсеткен екен?!..
Әйел заты Ислам дініне дейін біреу сатып алатын және сатып жібере салатын
тауардың немесе үй жануары есебінде, сол орында болатын. Бұл көбінесе
кездесіп жататын жағдай болатын. Әйел заты ешқандай да мирас алмай, оны
біреу мирас қылып тастап кете алатын болған, өзінің жеке меншік бір затын
иеленуге де билігі немесе еркі де болмай, көп қоғам орталықтарында бай және
дәулетті болуға да шамасы болмаған. Оның күйеуі немесе әйелі бір затпен
толықтай иеленуге тыйым сала алатын болған, ол өз пікірін білдіре алмайтын
болған, біреудің рұқсатынсыз ешнәрсе істей алмайтын болған, және әйел бай
болса, көп жағдайда күйеуі оның рұқсатынсыз әйелінің мал-дүниесі мен
байлығын қолдана алатын болған, мал-дүниесін сарп ете алатын болған, жұмсай
алатын болған. 
Кейбір мемлекеттерде оның адам екендігінде таласып, осыған байланысты үлкен-
үлкен жиналыс-конференциялар ұйымдастырып, оның жаны бар ма, әлде жоқ па;
өлімнен кейін ол ер кісілер тәрізді қалып қояды ма, немесе ол әйел кісі ер
адамдар тәрізді құлшылық қылуы керек пе; Аллаһқа бойұсынған болса ер
кісілер тәрізді Жәннатқа кіре ме; міне осы мәселелердің айналасында
таласып, ой жүгіртіп, үлкен-үлкен жиналыстар мен конференциялар
ұйымдастырған болатын. Діни қоғамдардың өзінде әйел заты тауар ретінде ғана
жүрген. Осылайынша V ғасырда христиан съезі болып, Бакун қаласында болған
бұл жиналыста әйел заты жануар (немесе хайуан), лас нәжас зат екендігі
жайлы, одан аулақ болу керектігі жайында, оның жаны жоқ, дәріс (дін)
үйренбейді және үйретілмейді, ол қаншама жерден құлшылық қылса да Аллаһ
оның құлшылық-ғибадаттарын қабыл етпейтіндігін және Жәннатқа
кірмейтіндігін, ол ер адамға қызмет қылу керектігі, ол әйел кісі қабаған ит
немесе түйе тәрізді мұрындық (намордник) киюі керектігі жайлы үкім
шығарылды. Бұл істердің барлығы да әйел кісінің күлмеуі немесе жымиюына,
сөйлеуіне тыйым ретінде болып отырған істер болатын. Өйткені олар, яғни
әйелдер шайтанның арбауы немесе қақпаны болатын. Адамдардың кейбір қоғамды
әйелді төмен түсіруде жеткен жетістіктері осы болатын.
Британияда Х ғасырдың соңына дейін ер кісілерге; оның әйелін сатып жіберуге
және қатерлі немесе жұқпалы аурумен ауырып қалса өлтіріп тастауға құқық
беретін заң шыққан болатын. Міне осы қарқынмен келіп, XVI ғасырда басқа
съезд болады. Бұл съездте сиқыршы деген айыппен ешбір дәлелсіз айыпталған
әйелдерді азаптау мәселесі талқыланып, мыңдаған әйелдерді сиқыршы деген
айыппен жандырып, өртегендері тарихтан белгілі. Тек Пайғамбар (с.ғ.с.)
дүниеге келгеннен кейін 15 жылдан кейін 586 жылы әйел затына байланысты ол
адам, бірақ ер адамға қызмет үшін жаратылған деген үкім шықты. 
Араб жартыаралында болған жағдай келесі бейнеде болатын: адам өзінің жаңа
туылған қызын тірілей көміп тастайтын болған. Бірақ бұл жағдай кейбір
тайпаларда ғана орын алған болатын. Бір қызығы: сол адам өз қызын көміп
тастаған соң үйінде баланы өлтіріп тастадым-ау деген сезімсіз-ақ тынышталу
үшін ұйықтап, демалу үшін қайтып келетін болған. Оған біреу келіп істеген
ісінің дұрыс еместігін айтатын біреу де болмаған. Бұл әйел затының Исламға
дейінгі жағдайы болатын. Ал Ислам келген соң Ислам оған не істеді екен?!..
Ислам дінінің әйел затына алып берген ең бірінші артықшылығы: Ислам діні
адамға әйел затын, яғни қыз баланы туылған бойда тірілей көмуге тыйым
салды. Оның да адам екендігін түсіндірді. Ер кісі мен әйел кісінің екеуі де
адам екендігін баяндап, адамзаттың өзі екеуінсіз болмайтындығын баяндады.
Аллаһ қасиетті Құранда оған байланысты: 
Ей, адамдар! Шүбасыз сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық және бір-
біріңді тануларың үшін сендерді ұлт-ұлт және рулар қылдық! Шынында Аллаһтың
қасында ең ардақтыларың - тақуаларың. Шәксіз Аллаһ толық Білуші, әр
нәрседен Хабардар! (Әл-Худжурат:13)-деген. Бұл аят адамзаттың бір ер мен
бір әйелден пайда болғандығын (тарағандығын) және олардың арасында
тақуалықпен болмаса, ешқандай айырмашылықтары жоқ екендігін ашық баяндап
кеткендігін байқауға болады. Ал сол екеуінің арасында қайсысы Аллаһтан
артығырақ қорқатын болса, міне сол кісі Раббысының алдында құрметтірек және
артығырақ екендігін білдірді. Басқа бір аятта Аллаһ: 
Әй, адам баласы! Сендерді бір кісіден жаратып, одан оның жұбын жаратып, ол
екеуінен көптеген ерлер мен әйелдерді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар!..
(Ан-Ниса:1)-деген. Бұл аят әйел затының ер кісінің өзінен жаратылғандығын
және оның да адам екендігін ашық баяндап кеткен. Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.)
бұған байланысты бір хадисінде: Әйелдер еркектердің туыстары (жақындары)-
деген. (Ат-Тирмизий)
Ал әйел кісінің иманы мен сенімі болса, ол ер кісілер тәрізді иман
келтіріп, ізгі амалдар істей алады ма, әлде жоқ па, оған байланысты Аллаһ
Құранда ер кісі мен әйел кісінің иманының айырмашылығы жоқ екендігін
баяндап кеткен. Оған байланысты Аллаһ Құранда:
Әй, иман келтіргендер! Сендерге мумин муһаджир әйелдер келсе, оларды
сынаңдар! Аллаһ олардың имандары жайлы жақсырақ біледі. Сонда егер олардың
мумин әйел екендігін білсеңдер, онда оларды кәпірлерге қайтармаңдар! (Әл-
Мумтахина:10)
Аллаһ бұл жерде һижрет қылып келген әйел кісілерді иман келтіргендер
екендігін айтып, Аллаһ олардың имандарын өте жақсы білетіндігін айтып
жатыр. Бұл - әйелдерден де иман мәселесі талап етіледі деген сөз. Басқа бір
аятта мұсылман ерлер мен әйелдерге байланысты Аллаһ: 
Сондай мумин ер мен әйелдерді жазықсыз кейіткендер; жала жауып, ашық күнә
жүктеп алды (Әл-Ахзаб:58)-деген. 
Ал жаза алу мен ахіреттегі болатын жағдайларға байланысты ер кісілерден еш
айырмашылығы жоқ екендігін және бірдей екендігін айтып кеткен. Ер кісі
болса да, әйел кісі болса, егер ол адам тақуа болып, Аллаһқа құлақ асып,
тыңданып жүрген болса, тағат-ғибадатында болып, Аллаһтың ризашылығын алған
болса, міне сол кісі Жәннатқа кірмек. Аллаһ Құранда: 
Кімде-кім бір жамандық істесе, сонда ол соның өзіндей ғана жаза көреді. Ал
ер, әйел кімде-кім сенген түрде ізгі іс істесе, міне солар Жәннатқа кіреді.
Сондай-ақ олар онда есепсіз ризыққа бөленеді (Ғафир:40)-деген болатын.
Бұл аяттан Жәннатқа тек қана ер адам емес, егер бойұсынған болса әйел кісі
де кіре алатындығына мүмкіндік бар деген сөз, яғни Жәннатқа кіру үшін ер
кісі мен әйел кісінің арасында тақуалығы болмаса ешбір айырмашылық жоқ
деген сөз. 
Тағы да Ислам дінінің әйел кісіге берген ең маңызды құқықтарының бірі -
әйел кісінің өз байлығы мен дәулетіне ие бола алатындығы. Сол дәулетін әйел
кісі қалай қолданса да, қалай жұмсаса да өз еркі болатындай мүмкіндік туды.
Оған күйеуінің де көзқарасы керек болмады. Ислам діні ер кісіге әйелінің
байлығы мен дәулеті, ақшасына мұрын сұғуға да тыйым салып, ер кісі кедей
болса, өзінің және әйелінің ризашылығымен ғана ақша шығара алатындығы, және
әйел адамның ондай жағдайда ақша шығармауға да хақысы бар екендігін
білдіріп кеткен. Аллаһ Құранда: 
Әйелдердің маһрын (қалың малын) ықыласпен беріңдер! Сонда егер маһрдан бір
нәрсе кеңшілік етсе, онда оны жеңдер! Сіңімді, жүрімді болсын! (Ан-
Ниса:4)-деген.
Бұл жерде Аллаһ ер кісіге ол отбасы-шаңырағының басшысы болса әйелінің
нәпақасы мен ақшасынан алуға міндетті емес екендігін, өзі табуы керектігін
айтып кеткен және ер кісінің міндетіне осы шаңырақтың тамағы мен нәпақасын
тауып беруі міндет екендігін, әйелін байлығы мен ақшасынан шығаруға
мәжбүрлеуге болмайтындығын айтып кеткен. Бұл әйел затының құрметтелуінің
шегі болып табылады. 
Сосын Ислам оған мирастан да үлескер болатындай бақыт берді. Бұдан бұлай
әйел кісі өзінің әкесі менкүйеуінен және ағасынан шамалы болса да мирас
алып қалатын құрметке ие болды. 
Оған қоса Ислам діні әйел кісіге өзінің қалаған адамына некелесіп, отбасы
құрып, бала көбейтуге мүмкіндік беріп, тала алғысы келсе, талақ беру емес,
қазыға барып некесін бұзуға және талақ керек болса сұрауға мүмкіндік беріп
қойды. Ислам ер кісіге өзіне адал жар таңдауға мүмкіндік бергені тәрізді
әйел кісіге де кімге некелесіп жатқанын білу үшін өзіне балаларының әкесі
болатын ерді таңдауға мүмкіндік беріп қойды. Тағы да ер кісіге Ислам
шариғаты талақ бере алатын мүмкіндік бергені тәрізді әйел кісіге де талақ
сұрауға мүмкіндік берді. Бірақ әйел кісінің айырмашылығы: ол талақ бере
алмайды, бірақ талақ сұрай алады. Бұл процес шариғатта хулъ деп аталады.
Бұл әйел адамның құқығы болып табылады. Бұл Аллаһтың әйел кісіге алып
берген үлкен құрметтері мен құқықтарының кейбірі ғана. Бұндай құрмет пен
сыйды адамзат басталғаннан бері көрмеген болатын. Бірақ кебйрі
батыстанушылар мен шығыстанушылар Исламның әйел кісіге зұлымдық
қылатындығын және оларға байланысты әділетсіздік қылатындығын айтып
айыптайды. 
Біріншісі - Ислам әйелге мирас мәселесінде зұлымдық қылып малдың жартысын
ғана береді немесе аз береді деген айыптаулары. Екіншісі - олардың айтуы
бойынша: Ислам ер кісіге төрт әйелге дейін некелесуге рұқсат беріп, әйел
кісіге бір күйеумен ғана болуды рұқсат беретіндігі. Одан қалды бұл әйел
затын төмен түсіру деп бағалайды. Үшіншісі - Исламды, ол әйел затына арнайы
бір киімдерді кигізіп, оның денесін көрсетпейтін қылып киюді әмір етіп,
осылайынша әйел затын төмен бағалайды деген айыптаулары. Өйткені бұл орамал
арқылы әйел затының еркін болуына шектеу қоб деп айыптайды.
Біріншісіне жауап: олардың Ислам әйел затына мирас мәселесінде зұлымдық
қылып ер кісіге қарағанда малды (ақшаны) аз береді деген сөздері. Бұл
жерде тек отбасының нәпақасы мен қамтамасыз етуін ер кісінің мойнында
екенін айту керек. Міне сол себептен ер кісі әйел кісіге қарағанда мирастың
көбірек бөлігін алып, әйелінің де, балалардың да, әйелі үйіне ақша
жұмсамауын сұраса да, сұрамаса да міндеті болып табылады. Әйелі бай бола
тұра күйеуі кедей болса да сол үйдің адамдарының нәпақасын тауып отыру
әйелінің міндетіне кірмейді. Одан кейін Ислам шариғаты ер кісіге әйелінің
маһрын беруге міндеттейді. Бұл - екі некелесіп жатқан адамдардың арасында
келісім арқылы болатын сый түрі. Әйел кісінің хақысы және бұл маһрды ер
кісі өзінің малынан бөліп алып, әйелінің малы арту үшін бөліп беретін
ақшалай немесе сыйлықтай беретіні.
Екіншісі: көп әйел алу мәселесі. Бұл жерде көп әйел алуға рұқсат ететін
жалғыз ғана Ислам діні емес екендігін айтып кету керек. Христиан дінінен
басқа барлық иләһи діндер мен батыл діндердің барлығы да көп әйел алуды
рұқсат, болады дейді. Дегенмен Таурат пен Інжілден пайғамбарлардың
өздерінің бірнеше, көптеген әйелдері болғандығы жайлы хабарлар бар. 
Үшіншісі: әйел кісілердің киім кию дәстүрі. Расында Ислам діні әйел затына
құрмет көрсетіп, арнайы бір ұятты жерлерін жауып, жасырып тұратын және
пәктігін сақтап тұратын киім берген. Оған қоса Ислам әйел затын басқа
көздерден жасырып, өзінің денесінің әурет екендігін және сыртқа
көрсетпеулерін талап етіп. Міне осында әйел затына деген нағыз құрмет бар
екендігін ойланып қарауға болады. Әйел адамның денесін ашық көрсетіп,
жалаңаш қоюға болмайды. Өйткені бұл жануарларға және хайуандарға тән іс
болып табылады. Егер адам немесе әйел заты жалаңаш және босқындықпен жүрсе
және бұл мәдениет деп аталатын болса, онда хайуандардан олардың не
артықшылығы бар?! Өйткені хайуандар киім кимейтіні анық!

сламдағы әйелдің орны мен ролі туралы терең зерттелген шығармалармен
көпшілік қауым жете таныс болмағандықтан, ислам мәдениетінде әйел адамның
құқығы тым шектеулі деген жадағай түсінік қалыптасқан. Бұндай түсініктің
қәзіргі батыс елдерінің исламды жаппай қаралауынан туындаған тенденциясы
екені белгілі. Әйтседе, Ислам дінінде әйел затына үлкен мәртебе берілген.
Бүгінгі шығармамызда осы жәйттердің басын ашуды көздеп отырмыз.
Исламға дейінгі кезеңде арабтарда әйелдің құқығын тым төмен еді. Әсіресе,
арабтар қыз балаларды тірідей жерге көметін. Өлтіруге қимағандары қыздарын
ұл балдарша киіндіріп, жұрттан жасырып ұстайтын. Бұлай әйелдің мәртебесін
тым төмендететін себебі, қыздар өскенде жезөкшелік жасап, абыройымызға дақ
түсіреді деп ойлайтын. Шынында да Исламға дейінгі жабайы араб қоғамында
жезөкшелік ерекше асқынып тұрды. Кейбір арабтар ұлдарын текті ету үшін
әйелдерін өз қолымен ақсүйек адамның төсегіне апарып жатқызатын. Жезөкше
әйелдер жүкті болып қалған жағдайда, Кайф деген сәуегей келіп, еркектердің
біріне мына баланың әкесі сенсің деп, оны зинадан туған балаға әке қылатын.
Арабтардың шиғар деген некесі бойынша, қыздары бар арабтар бір-біріне
қыздарын қалың малсыз беріп үйленетін. Бәдел деген неке бойынша, арабтар
әйелдерін бір-біріне беріп айырбас жасайтын. Күйеуі өлген жесірді
туыстарының бірі зорлықпен өзіне әйел ететін. Исламнан бұрынғы арабтардың
азғынданғаны соншалықты, тіпті олар өгей шешелеріне дейін үйлене беретін
еді.
Ал, Ислам дінінің келуімен әйелге деген зорлық атаулы күшін жойып, әйелдер
ерекше жоғары мәртебеге қол жеткізді. Исламның әйелге бұлай ерекше жоғары
статус беруі, исламның прогрессивті маңызға ие дін екендігін айғақтайды.
Ендеше исламның әйел заты үшін әкелген ізгіліктеріне тоқталып өтер болсақ.
Исламдағы әйел затының мәртебесі туралы мұсылмандық сенім ғылымында (калам)
көптеген ізгі көзқарастар бар. Атақты имам Матуриди пайғамбарлар тек қана
еркек нәсілінен келеді, сондай-ақ, халиф, әкім, әмірші, қолбасы әйел
затынан болмауы тиіс дегенмен, бірақ, әйел адам муфти бола алады деген
болатын. Ал, ахлу сунна сенімінің келесі бір ірі өкілі имам Әшаридің
пікірінше пайғамбарлар әйел затынан келген деп білді. Ол бұл пікіріне: Біз
Мұсаның анасына уахи еттік (Таһа, 2038). Мұсаның анасына: Оны еміз де
оған бір нәрсе болады деп қорықсаң, онда оны дарияға салып жібер. Қорықпа
да күйінбе! Расында оны саған қайтарамыз да оны пайғамбарлардан қыламыз
деп уахи еттік (Қасас, 287) деген аяттарды дәлел ретінде келтірді.
Сонымен бірге, имам Әшаридің пікірінше, әйел адам муфти, әкім және дін
уағызшысы бола алады. Себебі, әмр бил-мағруф уа нахи анил-мүнкер
(жақсылыққа бастау, жаманшылықтан қашыру) олардың да парызы саналады. Имам
Әшари осы пікірінің негізінде Мәрием, Асия, Сара, Хажар, Хабба және Мұсаның
анасын пайғамбар болуы ықтимал деп пайымдады.
Исламға дейінгі араб қоғамындағы ең азғын әрекеттердің бірі зинақорлық
екенін жоғарыда айтып өттік. Ислам келгеннен кейін зинақорлыққа пышақ кесті
тиым салынды. Пайғамбарымыз (с.а.у) зина жасауға тиым салып қана қоймай,
бұл үкімнің мәнін тәптіштеп жан-жақты түсіндіретін.
Бір күні мұсылмандықты қабылдағанымен қараңғылық дәуірде бойына сіңіп
қалған зинақорлық секілді жиіркенішті әдетінен арыла алмаған бір жас жігіт
Пайғамбарымызға (с.а.у)-ға келіп:
- Уа, Алла Елшісі, маған зина жасау үшін рұқсат берсең?! – дейді.
Пайғамбарымыздың жанында отырғандар жігіттің әбес өтінішін ести сала, оған
бірден ұрса бастайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у)  жігітті қасына шақырып,
былай дейді:
- Осындай нәрсенің сенің анаңа жасалғанын қалар ма едің? Сонда жігіт:
- Әке-шешем Сенің жолыңда құрбан болсын, ей, Алла Елшісі, әрине қаламаймын!
– дейді  тіксініп.
- Ешқандай адам анасына мұндай жиіркеніштілікті қаламайды. Сенің  қызың
болса, оған осындай нәрсенің жасалғанын қалар ма едің? Сонда жігіт:
- Жаным Саған құрбан болсын, ей, Расулаллаһ, еш қаламас едім! – дейді жаны 
одан сайын түршігіп.
- Ешбір жан да қызына мұны тілемес еді. Ал әпкелеріңе осындай нәрсе
жасалғанын қалар ма едің?
- Жоқ, Пайғамбарым, мұны да қаламаймын.
- Ешкім де әпкелеріне мұндай сорды қаламайды. Қарындастарыңа ше, оларға
осындай жамандық жасалғанын қалар ма едің?
- Жо-жоқ, қаламаймын.
- Ешкім де қарындастарын қасіретке душар еткісі келмейді, – деген Алла
Расулы (с.а.у.) қолын әлгі жігіттің жүрек тұсына қойып: Аллаһым, бұның
күнәсін кешір, жүрегіндегі жамандықтарды тазала, намысын сақтауға жәрдемші
бол! – деп дұға етеді.
Көш реформасы (хижра) болмай тұрып-ақ, Мекке кезеңінде Құран-Кәрім әйел мен
еркек теңдігін былайша паш етті: Шын мәнінде мен сендерден еркек, әйел
амал істеушілердің амалын зая қылмаймын. Бір біріңненсіңдер (Әли-Ғымран-
195). Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте, оны
жақсы тіршілікте жаратамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық
береміз (Нахыл-97). Хақ Елшісі (с.а.у) да әйел мен еркектің теңдігі
хақында: Әйелдеріңіздің  сіздерде, сіздердің әйелдеріңізде  хақтарыңыз
бар деген болатын.
Арабтардың қыздарын тірідей жерге көмуін Құран-Кәрім былай деп сынға алды:
Егер олардың біреуі қызбен шүйіншіленсе (әйелінің қыз тапқанын естісе),
оны ашу қысып, беті қап-қара бола бастайды.Өзіне берілген жаман хабардың
салдарынан, елден жасырынады. Оны қорлыққа шыдап ұстау немесе топыраққа
көміп тастау керек пе, Ал, олар нендей жаман үкім береді (Нахыл-58-59).
Сөйтіп, Арабтардағы ең зұлым, ең азғын арам әдетке тыйым салынып, Ислам бұл
қаскөйлікті тоқтатты.
Құранда әйелді қадірлеу туралы былай баяндалады: Сендер үшін Аллаһ өз
нәсілдеріңнен әйел затын жаратты. Әйелден бала, баладан немере көрдіңдер.
Сендерге ризық етіп алуан түрлі шырынды жеміс өсірді. Сонда да болса
олардың өтірікке бой ұрып, Аллаһ берген игілікке күпірлік ететіндері
қалай? (Нахл сүресі).
Ал, Алла Елшісі (с.а.у) мұсылмандарға әйел затына ерекше көңіл бөлу
керектігі туралы: Мұсылмандардың ең жақсысы, әйеліне дұрыс қарағаны,
сондай-ақ, Әйелдерге жақсы мінезде болыңыздар деген болатын. Ислам әйелді
өз апа-қарындасыңдай құрметтеуге шақырады. Бұл туралы Пайғамбарымыз
(с.а.у): Әйелдерге ер кісілер өзінің апа-қарындастарынша мәміледе болуы
керек деп насихаттаған болатын.
Әйел дегенде ана еске түседі. Ал, Құранда әкеге құрмет көрсетуді анадан
бөліп-жарып айтпайды: Сендерге Алла тек өзіне ғана бойсұнуды бұйырды, ата-
аналарыңа жақсылық жасауды өсиет етті. Олардың біреуі немесе екеуі бірдей
қартайса түһ деп, зекіп ұрыспаңдар. Екеуіне де мейірімді болыңдар.
Екеуіне де зор мейіріммен, кішіпейілдікпен бас иіңдер. Аллаһым, олар мені
бала кезімде қалай мәпелеп өсірсе, Сен де оларға сондай рақымдылық ете
гөр! – деп айт (Исра сүресі, 23-24). Осы аяттың тәпсірін жасаған Сәйид
Кутуб әке-шешеге құрмет жайлы Хафыз Әбу Бәкір Бәззардың мына риуаятын мысал
ретінде келтіреді: Бір адам хажылық кезінде анасын арқалап алып Қағбаны
тауап етеді. Бір кезде Пайғамбарымыз (с.а.у)-нан Оның ақысын өтей алдым
ба? – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у): Жүкті болған кезінде
алған бір тынысының ақысын әлі өтей алмадың, – деп жауап береді.
Ислам мемлекетінің ішкі функциясындағы үлкен өзгерістердің бірі, отбасылық
қарым-қатынастың бір ізге түсіп, әйел мен еркектің, ата-ана мен балалардың
құқықтар мен міндеттерінің орынды белгіленуі еді. Отбасы – адамның өз
бақытын тауып, ұрпақтың жалғасуы, әрі ислам діні бойынша күнә деп саналатын
жаман әрекеттерден қорғайтын бірден-бір қорған.  Ислам діні бойынша отбасы
түрі – патриархаттық негізде қалыптасты.  Алайда, бұл қараңғылық дәуірдегі
ер адамның отбасыдағы үстемдігінен өзгеше еді. Бірақ, отбасын басқаруда
отағасы белгілі құқықтарға ғана ие болды. Мысалы, әке өз баласын сатуы мен
өліміне шешім қабылдауына құқығы болмады. Осыған байланысты қараңғылық
дәуірде орын алған жас сәбиді өлтіру әдетіне тыйым салынды. Сондай-ақ,
мұсылман құқығында әйел күйеуінің алдында кейбір мәселелер бойынша тәуелсіз
болды. Алайда, еркектің қоғамдағы атқарар жұмысы ауыр болғандықтан, әйелден
кейбір мәселелерде үстемдікке ие-тін. Бұл жайында Құран былай дейді: Еркек
– әйелге билік жүргізеді. Себебі, Аллаһ оларды бір-бірінен артық етіп
жаратқан және ерлер әйелдер үшін мал-мүліктерін сарп етеді. Жақсы әйел
еріне бойсұнады, ерлері жоқ кезде бір Аллаһты пана тұтып, өздерінің
абыройын сақтайды. Ал егер олардан жаман қылық көрсеңдер үгіт-насихат
айтып, ескертіңдер, оған көнбесе төсекте бірге жатпаңдар. Онда да болмаса
(соңғы шара ретінде) ұрыңдар. Егер бағынса, басқа жол іздеп оларды
жәбірлемеңдер. Аллаһ сендерден ұлы, әрі үстем. Ерлі-зайыпты екеудің
ынтымағы жараспай бара жатқанынан қауіптенсеңдер, онда ер жағынан бір әділ
адамды, әйел жағынан бір әділ адамды жұмсаңдар. Аллаһ оларды татуластырар
болса, онда араларының жарасып кетуіне дәнекер болыңдар. Аллаһ шынында да
бәрін біліп, барлығынан хабардар болып тұрады (Ниса сүресі, 34-35).
Құранның бұл үкімдерінің басты мұраты – отбасының татулығын сақтап, егер,
әйел мен ердің арасында келіспеушілік туындаған жағдайда, оны шешу үшін,
ортаға татуластырушыларды салып, отбасының айрылысуын тоқтатуды көздеген-
ді. Ислам діні патриархаттық отбасыны белгілі бір өлшемде ғана қолдады.
Өйткені, отбасылық қатынаста ер адамның әйелдің көңіліне дұрыс қарау, азық-
түлікпен қамтамасыз ету, киіндіру секілді міндеттері және әйелдің тәуелсіз
жеке көзқарасының болуы, мұсылман құқығында әйел мен еркектің белгілі бір
деңгейде теңдігі болғандығын көрсетеді.
Пайғамбарымыз (с.а.у) ер адам мен әйелдің кәмлет жасына толғаннан кейін
мүмкіндікке қарай тез үйленуін уағыздады. Бұл туралы Ол (с.а.у) былай
дейді: Неке менің сүннетім. Кімде-кім менің сүннетіммен амал етпесе,
менімен бірге емес. Үйленіңдер, себебі мен қиямет күнінде басқа үмбеттердің
қасында сандарыңмен мақтанамын. Кімнің үйленуге шамасы жетсе, үйленсін.
Пайғамбарымыз (с.а.у) негізін салған мұсылман құқығы бойынша үйлену парыз,
уәжіп, сүннет, харам,  мәкруһ, мубах болып алтыға бөлінеді.
1. Үйленбеген жағдайда жыныстық қатынасқа баратыны анық болған адамға
үйлену парыз. Бірақ ер кісі әйелінің материалдық (ішіп-жемі, киімі, тұрғын
үй, ауырған жағдайда дәрі-дәрмек қаражаты) жағдайы және мәһир (қалың мал)
ақысымен қамтамасыз етуі тиіс.
2. Үйленбеген жағдайда жыныстық қатынас жасауы мүмкін қаупі бар адамға
үйлену уәжіп (керек). Бұндай жағдайдағы еркекке қойылатын шарт әйелдің
мәһир (қалың мал) және материалдық жағдайын қамтамасыз етуі тиіс.
3. Үйленгеннен кейін жұбайына жәбір көрсетуі анық, белгілі болған адамға
үйлену харам (тиым салынады).
4. Ауру болып, үйленгенде бұл ауру жұбайына жұғатын болса, немесе жұбайында
да ауру болып, үйленгенде бұл ауру еріне жұғатын болса, онда бұндай неке
харам болып табылады.
5. Жұбайына жәбір көрсетуі мүмкін болған  адамға үйлену мәкруһ (Аллаһ
сүймейді).
6. Үйленбесе жыныстық қатынасқа баратын қаупі жоқ, үйленсе жұбайына жәбір
көрсету да қаупі жоқ адам үшін үйлену сүннет.
Үйлену мәселесіндегі мұсылман құқығының бұл үкімдері халықты зинадан
қорғауға негізделгені анық байқалады. Себебі зина отбасының шаңырағын
шайқалтатын бірден-бір апат түрі. Сондықтан, Пайғамбарымыз (с.а.у)  бойдақ
жігіттерге: Ей жігіттер! Сіздердің араларыңыздан кімнің үйленуге шамасы
жетсе үйленсін. Себебі үйлену көзді және нәпсіні харамнан қорғаушы деп
жастардың зинаға бармастан бұрын үйленуге кеңес берген.
Мұсылман құқығында үйленудің соңы әйелге зұлымдық жасаумен жалғасатын
болса, мұндай некені макруһ (Алла сүймейді) деп танып, әйелді зұлымдықтан
қорғайды. Әйелді зұлымдықтан қорғаумен бүкіл жанұяның құрып кетуінің алдын
алады. Себебі зұлымдық көрген әйелде күйеуіне деген өшпенділік сезім
күшейеді де жұбайлардың бірлігін қамтамасыз ететін сүйіспеншілікке деген
жолдар жабылады. Бұл отбасыда дүниеге келетін баланың педагогика тұрғысынан
алғанда тәрбиесі жетілмейді.
Мұсылман құқығында үйленудің ең жақсы түрі әз Пайғамбар (с.а.у)-ның
сүннетінің негізінде үйлену екендігін анық байқауға болады. Адамзаттың
ардақтысы (с.а.у) мұсылмандарға үйленудің келтірер пайдасы туралы былай
деген болатын: Мұсылман Алладан қорқып оған бойұсынғаннан кейін жақсы бір
әйелден пайда көрген сияқты еш нәрседен пайда көрмейді. Себебі әйеліне
бұйырса, бұйрығын тыңдайды, жүзіне қараса сүйіспеншілігі оянады, сапарға
шықса өзі болмаған уақыт бойы намысын және күйеуінің мал мүлкін қорғайды.
Бұл туралы Құранда: Әйелдер сендердің киімдерің, сендер әйелдеріңнің
киімдерісіңдер (Бақара 187) – деп жұбайларды бір-бірінің денесін суықтан,
ыстықтан қорғайтын, рухты түрлі зиянды нәрселерден қорғайтын киімге
теңеген.
Мұсылман құқығында некеге тұрудың үш шарты бар. Бірінші шарты бойынша,
үйленуші ер адам мен әйелдің кәмілет жасына толуы, ақыл есінің дұрыс болуы
және Құранда некелесуге тиым салған негіздер сақталуы керек. Екінші шарты
бойынша, екі тараптың өзара келісімі болуы тиіс. Үшінші шарт бойынша,
некеге куәландырылып, жариялануы шарт.
Маһир (қалыңдық сыйы), әйелдің келісіміне қарай, ақшалай немесе заттай
болуы да мүмкін. Мәһирдің маңызы туралы Құранда Ниса сүресінің 24 аятында
баяндалады. Мәһир қалыңдыққа берілетін түрлі бағадағы құн ғана емес,
керісінше қоғамдағы әйелдің беделін білдіретін әйелдің және ақысы саналатын
сыйақы. Исламнан бұрынғы дәуірде Арабтарда “Ниһлә” деп аталатын  қыздың
құны берілетін болған. Оны тек қыздың өкілдері алатын болған. Ал исламда
әйел адам мәһірдің құнын да өзі белгілеп, жұмсауы да өз еркінде болды.
Мәһір үшін белгілі шек қойылмаған. Құран “Олардың біріне (әйелдерге) жүк-
жүк мәһір берсеңдер де одан бірде-бір нәрсені кері алмаңдар” (21-Ниса 20)
деп үндейді.
Мұсылман құқығы мына адамдардың бір-бірімен үйленуіне тыйым салды:
Әйелдерден әкелерің үйленгендерді үйленбеңдер. Бірақ өткен өтті. Бұл бір
арсыздық және жиренішті жаман жол. Сендерге аналарың, (әке-шешелеріңнің
аналары) қыздарың, (ұл-қыздарыңның қыздары) қыз туыстарың, (әке-шеше бір
немесе бөлек) әкелеріңмен туысқан әйелдер, шешелеріңмен туысқан әйелдер,
еркек немесе қыз туыстарыңның қыздары, (олардың қыздары) сүт емеізген
аналарың, жақындасқан әйелдеріңнің (бұрынғы ерінен болған) қолдарындағы
өгей қыздарын, егер жақындаспаған болсаңдар, сендерге бір оқасы жоқ. Бел
балаларыңның әйелдері және енкі қыз туысты бірге үйленулерің арам
қылынды...(Ниса 422-23).  Құранның бұл үкімдері сөз жоқ, қараңғы араб қоғамы
үшін үлкен жаңалық болатын. Өйткені, исламға дейін арабтар өгей шешемен
және кейбір туыстарымен үйлене беретін.
Мұсылман құқығының отбасылық қатынастағы тағы бір жаңалығы, бір мұсылманның
бас-бостандығы жоқ, күңмен некеге тұруына рұқсат беруі еді. Исламға дейін,
арабтар күңдерді некелеспей нәпсіні қандыруға қалағанынша пайдаланатын. Ал,
ислам күңдермен некеге тұрмайынша жақындасуға болмайтынын ескертті:
Сендерден біреудің, мүмін азат әйел алуға шамасы келмесе, онда
қолдарыңдағы мүмін күңдерден алсын. Алла имандарыңды жақсы біледі. Бір-
біріңненсіңдер. Ендеше күңдеріңді қожайындарыңның рұқсатымен олардың
мәһирлерін дұрыс беріп, абыройлы болулары, зинашы және астыртын көңілдес
болмаулары шартымен алсын (Ниса425).
Мұсылман құқығы бойынша әйел мен еркектің табиғи қасиеттеріне қарай өз
міндеттері болды. Ер адам отбасының материалдық жауапкершілігін өз мойнына
алды (22-Талақ 6-7). Отбасыдағы ер адамның материалдық жауапкершілігі мына
негіздерден тұрды:
1.Азық-түлік. 2. Киім-кешек. 3.Тұрғын үй. 4. Дәрі-дәрмек және емделу. 5. Үй
жұмыстары көбейіп моральды салмақ түсетін болса үй қызметшісін жалдау.
Ал, әйел мұсылман құқығы бойынша өз табиғатына сай, үй тіршілігін, яғни, ас
пісіру, киім-кешекті жуу, үйді тазалау, сәндеу, бала-шағаға тәрбие беру
секілді нәзік істерді атқарды.
Мұсылман құқығы ерлі-зайыптылардың бір-бірін таңдауда қателесудің және әр-
түрлі жағдайда келіспеушіліктердің болатынын ескеріп, отбасының бұдан
арықарай өмір сүруі мүмкін болмаған жағдайда, ерлі-зайыптылардың ажырасуына
рұқсат береді. Пайғамбарымыз (с.а.у) мұсылмандардың мүмкін болса: Аллаһтың
жақсы көрмейтін ісі ажырасу деп ажыраспауын үндеген. Ажырасу мұсылман
құқығы термині бойынша талақ деп аталады. Мұсылман құқығындағы талақ
етудің мынандай ерекше негіздері бар:
1. Құран мен Сүннет тәртібіне қайшы негіздегі талақ ету харам (тыйым
салынған).
2. Тәртібі мен іс-әрекетінде кінәрат болмаса да кемшіліксіз әйелді талақ
ету макрүһ (Алла сүймейтін, жақсы көрінбеген).
3. Ішкілік, құмар сияқты харам істермен шұғылданудан бас тартпаған әйелмен
ажырасу  сүннет.
4. Отбасылық өмірде харам істерді жасап, дін бойынша парыз болған амалдарды
тәрк еткен әйелді талақ ету парыз. (5-359).
5. Араларында махаббат болмаған жанұялардың ажырасуы тұрғысында әр түрлі
көзқарастар бар. Бұл ерлі зайыптылардың өздеріне қалған шешім.
Мұсылман құқығы талақ үкімін жанұяны бұзу үшін емес, қайта жанұяның
беріктігі үшін қолданады. Яғни, жұбайлардың үйленбестен бұрын жіберген
қателігін немесе жанұя болғаннан кейінгі қателікті түзету үшін талақ үкімі
жүзеге асырылады. Сонымен бірге, талақ үкімі арқылы тараптар кеште болса
өздерінің қателіктерін түзетіп, яғни ажырасып, психологиялық немесе
материалдық тұрғыда өзіне тең жар табуға мүмкіндік алады. Мұсылман
құқығында талақ ету құқығы ер адамға берілуінің себебі, ер кісі әйел
психологиясынан ерекше салмақтылығы және шешім қабылдауда байсалдылығы
негізге алынған.
Мұсылман құқығы некенің маңызды екенін білдіру мақсатында талақ сөзінің
қалжың болса да айтылмауына, аса мән береді. Талақ үкімінің мақсаты
жұбайлардың арасын жарастыру. Себебі еркектің талақ айтуы үшін қойылған  ең
жақсы тәртіп бойынша талақ үш рет, айтылуы керек. Яғни, талақ еткеннен
кейін, ерлі-зайыптыларға қайта қосылуға үш рет мүмкіндік береді. Қайта
қосылуға мүмкіндік беретін мұндай талақ етуді ража талақ деп атайды. Соңғы
талақ айтылғанға дейін 3 ай мерзім өтеді. Бұл ұзақ мерзім олардың өкінуі
мен ойлануларына уақыт береді. (21-Талақ 1) Ал, үш рет талақ еткеннен кейін
рұқсат бермейтін талақ түрін вайн талақ деп атайды.
Мұсылман құқығы бойынша мұсылман ер адамға бір мезгілде төрт әйелге дейін
үйленуге рұқсат берді. Бұл туралы Құранда былай баяндалады: ...Өздеріңе
жаққан басқа әйелдерден екі, үш және төртке дейін үйленіңдер...(Ниса 43)
Бірақ, мұсылман құқығында ер адам әйелдеріне тең қарай алмаса, көп әйел алу
харам (тыйым салынады) саналады. Бұл туралы Құранда былай айтылады:
..Сонда егер тең ұстай алмаудан қорықсаңдар, онда біреу алыңдар... (Ниса
43). Яғни, көп әйел алуға ер адамның психологиялық, материалдық тұрғыдан
дайындығы болып, әйелдерін бір-бірінен алаламайтын теңдік қағидасы
негізінде қарауы тиіс. Мұсылман құқығы көп әйел алуға мынандай себептердің
болуы керектігін алға тартады:
1. Физиологиялық тұрғыдан күшті болып, бірінші әйелінің келсімімен әйел
алуға болады.
2. Бірінші әйелінің физиологиялық тұрғыдан кемістігі (тумайтын бедеу немесе
әртүрлі ауруларға ұшыраса) болса, келесі бір әйелмен некеге тұруға болады.
3. Туған жерінен түрлі  себептермен басқа елге өтіп кеткен жағдайда, алты
айдан кейін басқа әйелмен некеге тұруға болады.
4. Әлеуметтік жағдайға орай, яғни, соғыс жағдайында ері қайтыс болған жесір
әйелдердің ешқандай қараушысы болмаған жағдайда немесе жоқшылықтан зина
жасауға баруы мүмкін басы бос әйелмен некеге тұруға болады.
Мұсылман құқығының жоғарғы себептердің негізінде төрт әйелге дейін үйленуге
рұқсат беруі, мұсылман қоғамының көптеген әлеуметтік мәселелерінің оң
шешілуіне мүмкіндік тудырды. Шайқастарда мерт болғандардың жесір қалған
әйелдеріне өзге мұсылмандар үйленіп, олардың қамқоршысы болды. Нәтижеде,
жесір әйелдердің отбасылық әлеуметтік мәселелері оң шешіліп, мұсылман
құқығының бұл шешімі жесір әйелдердің жоқшылықтан жаман жолға түсуінің
алдын-алды. Пайғамбарымыз (с.а.у) жесір қалған әйелдерге өзі де үйленіп,
басқа мұсылмандардың жесір әйелдерге үйленіп, оларға қамқоршы болуын
үндеді. Қолымыздағы деректерге қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.у) төрт әйел
емес, одан да көп (он бір әйел) әйелге үйленген. Пайғамбарымыз (с.а.у)-ға
төрт әйелден де көп әйелге үйленуге Құран рұқсат берген болатын: ...Сондай-
ақ, егер мүмін бір әйел өзін Пайғамбарға бағыштаса; Пайғамбар оны
некеленгісі келсе, бұны; өзге мүміндерден ерекше саған халал еттік... (Ахзап
3350) Зерттеушілер Пайғамбарымыз (с.а.у) Айша (р.а) ғана қыздай алған.
Қалған әйелдері жесір болғандығын айтады.
Исламға дейінгі араб қоғамындағы тұрпайы әдеттердің бірі, тайпалық дәстүр
бойынша шеше, әйел, қыз, сәбилер мирас алалмайтын. Тек соғысуға жарайтын ер
адам ғана мирас алатын. Осыдан араб қоғамында дүние-мүліктің ұрпақтан
ұрпаққа қалдырылуы үнемі келіспеушіліктерді, ренішті тудыратын. Ал,
мұсылман құқығы бойынша отбасының барлық мүшелері, яғни, ұл-қызы болсын
белгілі мөлшерде мұрадан пай ала алды. Бұл туралы Құранның Ниса сүресінің 5-
6 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылмандардың қасиетті орындары
Әйелдің еркекпен теңдігі мәселесін танып білу
Исламдағы жанұя мәселесі
ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ МІНДЕТТЕР
Исламдағы әйел мәселесі
Ислам дініндегі антрапалогиялық мәселелер
Исламдағы адам өмірі
Мұсылмандықтағы жанұяның орны мен мәні
Талақтың тілдік мағынасы
Исламдағы әйел мәселесі және қазіргі қоғам
Пәндер