Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәніне арналған дәрістер


Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәніне арналған
- ОҚУЛЫҚТАР МЕН WEB САЙТТАР ТІЗІМІ
Негізгі:
- Абдакимов А. Қазақстан тарихы (Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін) . Алматы: «Қазақстан», 2003. - 492 б.
- Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. Алматы: «Санат», 2001. - 312 б.
- Кан Г. В. История Казахстана. Алматы: Аркаим, 2002. - 222 с.
- Қазақстан тарихы (5 том) . Алматы: «Атамұра», 1998. - 523 б.
- Энциклопедия Қазақстан тарихы (2 том) . Алматы: «Атамұра», 1998. - 356б.
- Энциклопедия Қазақстан тарихы (3 том) . Алматы: «Атамұра», 2002. - 502б.
- Сабыров С. Қазақстан тарихы. Алматы: «Ғылым», 2002. - 224 б.
- Кан Г. В. История Казахстана. Пособие для студентов. Алматы, 1998. - 110с.
- Қасымбаев Ж. К. Қазақстан тарихы. Алматы, 1994. - 228 б.
- Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) . Алматы: «Дәуір», 1994. - 448 б.
- Козыбаев М. К. История и современность. Алма-Ата, 1991.
- Қозыбаев М. К. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы, 1992.
- Касымбаев Ж. К., Шаймерденова М. Ж. История Казахстана. Учебно-методический комплекс. Изд. «Билим». Алматы, 1997.
- История Казахстана: белые пятна. Алма-Ата, 1991.
- История Казахстана в лицах. Вып. І. Акмола, 1993.
- Верт Н. История советского государства. М., 1992.
- Назарбаев Н. Ә. Сындарлы он жыл.
- Назарбаев Н. Ә. Ғасырлар тоғысында.
- Қазақ ССР тарихы. 5 томдық.
- Қазақ Совет Энциклопедиясы.
- Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992; Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде. Алматы, 1994; Қазақстан - 2030 жыл, Тарих тоғысында. Алматы, 1998.
- Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы, 1992.
- Омарбеков Т. Зобалаң. Алматы, 1994; соныкі: 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997.
- Қожабекұлы Б. А. Тарихи таным. Алматы, 1994.
- Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995.
- Қазақ. Оқу құралы. Алматы, 1994.
- Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық, 1 т., Алматы, 1996.
- История Казахстана с древнейших времен до наших дней. Т. 1. Алматы, 1996.
- История Казахстана с древнейших времен до наших дней (очерк) . Алматы, 1993.
- История Казахстана с древнейших времен до конца ХҮІІІ века. (Практикум - учебное пособие) . Алматы, 1992.
15. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Тақырып 1: Кіріспе. Қазан және кеңес үкіметінің орнауы кезеңінде (1917 қазан -1918 жж. )
Жоспары:
- Кіріспе.
- Ресейдегі қазан төңкерісі. Қазақстанда кеңестік империяның жаңа басқару жүйесінің орнығуы.
- Алашорда мен Қоқан автономиялық үкіметтердің тағдыры.
- Қазақстанның азамат соғысына тартылуы.
- Азамат соғысы жылдарындағы социалистік құрылыс. «Соғыс коммунизмі» саясаты және оның ерекшеліктері.
1. 6. Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы.
Лекцияның мақсаты: Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні бойынша кіріспе шолу. Ресейдегі қазан төңкерісінің мәні мен мазмұнын және оның Қазақстанға әсерін ашып көрсету. Алашорда мен Қоқан автономиялық үкіметтердің орнығуы және олардың жойылуы жөнінде мәліметтерді жеткізу. Кеңес өкіметі орнатылғаннан кейін Қазақстанның азамат соғысына тартылуы жөнінде және онда жүргізілген әскери іс-қимылдар, майдандардың ашылуы туралы мәселелер қарастыру. Азамат соғысы жылдарында енгізілген «Әскери коммунизм» саясатының мәнін талдау. 1918-1920 жж. болған азамат соғысы аяқталуымен Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы және оның құрылымы туралы мағлұматтар беру.
Лекцияның мазмұны: 1917 жылғы аќпан революциясының алғашќы күнінен бастап, большевиктер буржуазиялыќ демократиялыќ революцияға ұластыру үшін күресті. 1917 жылы шілде де Уаќытша үкіметке ќарсы жұмысшылар көтеріліс ұйымдастырылды. Уаќытша үкіметке ќарсы жұмысшылар көтеріліс ұйымдастырылды. Уаќытша үкімет бұл көтерілісті басты нєтижесінде ќос үкіметтің билігі аяќталып, бүкіл үкіметтің билігі уаќытша үкіметтің яғни буржуазияның ќолына өтті. Большевиктер партиясы бүкіл бүкіл үкімет советке берілсін деген ұранды күн тәртібінен алып тек ќарулы көтеріліс арќылы уаќытша үкіметті ќұлатып, социалистік революция жасауға бағыт алды. Бұл жөнінде большевиктердің көсемі Ленин 1917 жылы сәуір тезистерінде наќты айтты. 1917 жылы 25-ќазан күні ұлы ќазан төңкерісі (жаңа жыл санауы бойынша 7 ќараша) Петроград жєне басќа үлкен ќалалар да большевиктердің ұйымдастыруымен болған ќарулы көтерілістердің нәтижесінде буржуазияшыл Уаќытша үкімет ќұлап, үкімет большевиктер бастаған советтерге берілді. Кеңес өкіметі яғни большевиктер партиясы елді социализм жолымен дамытуға бағыт алды.
Ќазан революциясынан кейін Ќазаќстанда ќазаќ автономиясын ќұру мєселесі болды. 1918 жылы сєуір айында Түркістан АССР-і орнады орталығы Ташкент ќаласы болып, Ќазаќстанның Оңтүстігіндегі Сырдария жєне Жетісу облыстары Түркістан АССР-інің ќұрамына кірді. Ќазаќстанның ќалған жерінде ұлттыќ автономиялыќ мемлекет ќұру үшін дайындыќтар жүргізді. 1920 жылы Орынбор ќалаларында Ќазаќстан советтерінің ќұрылтай съезі болып, съездің шешімі бойынша Ќазаќ АССР-і ќұрылды.
Жалпы 70 жылдың көлемінде социализм жєне коммунизм туралы ойшылдардың болжамдары бұрмаланып, социализмнің бұрмалауына єкеп соќты. 1918-1920 жылдары азамат соғысының шет елдік интервенция жылдары жаңа ќоғамдыќ жағдайларды туындатып єскери коммунизм саясатын жасауға алып келді. Соғыс коммунизм саясаты салыќ пен салғырттардың алмасуы. Салыќ белгілі бір процентін ғана берді. Салғырт бүкіл өнімін өкіметке берді.
Азамат соғысы жылдарында бүкіл азыќ-түлік салығы салғыртпен алмастырылды. Мемлекеттік билік тарапынан заңдастырып, халыќтардың бүкіл өндірген өнімен мемлекетке тегін беруге мєжбүр етті.
Ќазаќстанда Кеңес үкіметінің орнауы жєне жеңуі жолындағы күрес Ресейдегі біртұтас революциялыќ процестің ажырамас ќұрамдас бір бөлігі табылды. Бүкіл елдегі сияќты, мұнда да революциялы жєне ұла-азаттыќ ќозғалыс өрістей берді.
Күресте жұмысшылар жетекші роль атќарды, олар соғыстың тоќтатылуымен, сегіз сағаттыќ жұмыс күнін талап етті, ал кейбір кєсіпорындар мұндай тєртіп рұќсатсыз-аќ енгізілді. Фабрика, зауыттарда, шахтарларда интернационалдыќ ќұрамда фабрика зауыттардың комитеттері мен кєсіподаќтар ќұрыла бастады.
Ќазаќстандағы 1917 жылдың көктемі мен жаздың басындағы революциялыќ жєне ұлт-азаттыќ ќозғалыс єлі де бейбіт сипатта еді. Уаќытша үкіметтің 18 маусымда майданда шабуылға шығу жөніндегі контрреволюциялыќ саясаты дағдарысќа ұшырады. 10 күн ішінде орыс єскер өлгені жєне жаралғаны бар 60 мыңдай адамнан айырылды. Мұның өзі жұмысшылар мен солдаттардың ашу ызасын туғызды. 3-шілдеде Петроградта жұмысшылардың ќуатты шеруі басталды, олар өкіметтің кеңестерге өтуін талап етті. 4-шілде де оған ќатысушылардың саны 500-мыңдай адам болды.
Уаќытша өкімет халыќтың бас көтеруін басып тастау үшін майданнан өзіне берілген єскер бөлімшелерін алдырды, сөйтіп революцияшыл жұмысшылар мен солдаттарды аямай жазалады.
3-ќазанда жұмысшылармен солдаттардың Перовск кеңесі Уаќытша үкіметтің учаскелік комисарын орнынн түсірді. 4 ќазанда Семей шаруалары депутаттарының облыстыќ II-съезі ќызу жарыссөзден кейін ќарар ќабылдады онда:Кеңестер билік орнатып, билікті өз ќолдарына алулары керек - делінген.
Барлыќ єскери бөлімшелерге Кеңестің рұќсатынсыз ешќандай жауынгерлік бұйрыќтар орындалмауын ұсынды. 17 ќазанда Орынбор гарнизонының әскери бөлімшелері өкілдерінің жиналысы мемлекеттің барлыќ өкіметтік билік кеңестерге берілуін талап етті.
1917 жылы жұмысшылардың 24-ќазанда Петерборда басталған ќарулы көтерілісі жеңіспен аяќталды. Астананың барлыќ маңызды обьектілері: вокзалдарды, телефон-телеграфты, электростанцияларын, үкімет мекемелерін, мемлекеттік банкты басып алды. Уаќытша үкімет ќұлап, оның минстрлері ќамауға алынды.
25 ќазанда кешкісін Смольныйда кеңестердің бүкіл ресейлік ІІ-съезі ашылды, ол В. И. Ленин жазған "Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға" үндеуін ќабылдады. Онда барлыќ өкімет билігінің орталыќтан жергілікті жерге дейін жұмысшылар, солдаттар мен шаруалар депутаттарының кеңестерінекөшкені жария етілді. Съезд "Бітім туралы декретті жєне Жер туралы декретті бекітті, жұмысшылар мен шаруалырдың тұңғыш үкіметі-Халыќ комисиарлары Кеңесін ќұрып оның төрағалығына В. И. Ленин сайланды.
Петроградтағы оќиғалар туралы, Ленин басќарған Кеңес үкіметінің ќұрылғаны туралы жєне Ресей халыќтарының ғасырлар бойы арманын білдірген оның алғашќы декреттері туралы хабар Ќазаќстанның ќалалары мен селоларына лезде тарады, олар өлкеде бұрын-соңды болып көрмеген жаңа күш-ќуат пен революциялыќ жігер туғызды. ¤лкенің еңбекшілері көтеріліске шыќќан жұмысшылар мен шаруалардың органы болған Кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске көтерілді.
1917 жылы 20 ќарашада Кеңес өкіметінің "Ресей мен Шығыстың еңбекші мұсылмандарына" үндеуді жариялады, оның айрыќша мєні болды. Онда былай деп атап көрсетілген: "Бұдан былай сізде нанымдарыңызбен єдет-ғұрыптарыңыз, сіздердің ұлттыќ жєне мәдени мекемелеріңіз ерікті жєне дербес ќұќыќты" - деп жарияланды.
¤здеріңіздің ұлттыќ тыныс-тіршіліктеріңіздің ерікті жєне кедергісіз реттеңіздер. Ресейдің басќа халыќтарындай, сіздердің де ќұќыќтарыңызды революция жєне органдары, жұмысшы, солдат жєне шаруалар депутатарының кеңестері ќорғайтынын біліп ќойыңыздар". Үндеудің шет отар аймаќтарының езілген халыќтарына дем бергені, Кеңес өкіметінің Ќазаќстанда жеңіске тездеткені сөзсіз.
Кеңес өкіметінің орнауы Ќазаќстанның бар облысында біркелкі болмады, ол таптың күштердің ара ќатынастарына, Орал мен Сібірге, темір жолға жаќын ќашыќтығына, жергілікті жұмысшылардың топтасќандығына жєне олардың село, ауыл, ќышлаќ т. б. жартылай пролетариатымен байланысты болды.
Саяси партия дегеніміз таптың немесе оның белгілі бір бөлігінің маќсат мүдделерін білдіреді жєне олардың барынша белсенді өкілдерін біріктіреді. партия саяси ұйым ретінде өзінің єлеуметтік негізін ќұрайтын белгілі бір таптың маќсат мүддесін жүзеге асыру үшін күреседі.
1917 жылғы ќарашамен 1918 жылдың ќаңтар айларында өткен сайлауларда ќазаќ еңбекшілерінің басым көпшілігі "Алаш" партиясының бағдарламалыќ талаптарын ќолдайтынын көрсетті. "Алаш" партиясы өкімет билігі жолындағы күресте большевиктерге елеулі оппзиция болды.
1917 жылы ќарашаның он төртінде Орынборда "Алаш" партиясының Торғай облыстыќ комитеті ќұрылып, оған Є. Бөкейханов басшы, А. Байтұрсынов орынбасар жєне он төрт адам мүше болып сайланды.
1917 жылы "Ќазаќ" газетінің 251-нөмерінде "Алаш" партиясының бағдарламасының жобасы жарияланды "Алаш" партиясы 1917 жылдың желтоќсанның 5-13 арлығында өткен ІІ-съезінде заңды болып ќұрылды.
"Алаш" партиясы 1917-1920 жылдар арасында төрт кезеңнен өтті 1917 жылдың күзімен көктеміне дейінгі кезең. Бұл кез "Уаќытша үкіметті ќолдау жергілікті, жергілікті үкіметті ќолына алу
- 1918 жылдың басынан жазына дейінгі кезең Совет үкіметін формальды түрде мойындап, күрес тактикасын өзгертіп, Совет үкіметінің жергілікті органдарына өздерінің кейбір өкілдерін енгізіп, олардың іргесін єлсірету саясатын жүргізді.
- Азамат соғысы басталғаннан 1919 жылдың көктеміне дейінгі кезең. Совет үкіметіне ќарсы күресіп, Дутов пен одаќ ќұрып, Колчакќа арќа сүйеді.
- 1919 жылдың көктемінен 1920 жылдың соңына дейінгі кезең.
Ќызыл Армияның аќ гвардияшылар мен шетел интервенциясына ќарсы күресте шешуші табыстарға жетуі. Алашордашылардың соңына еріп, Совет үкіметіне ќарсы күрескен ќазаќ шаруаларының көптеп Совет үкіметі жағына шығуы, "Алаш" ќозғалысының єлеуметтік базасын єлсіретіп, оны тұйыќќа тіреді.
"Алаш" партиясының бағдарламасына келетін болсаќ, оны өркениетті елдердің конституциясымен салыстырып ќарайтын болсаќ: АЌШ-тың конституциясымен салыстыра ќарайтын болсаќ: АЌШ-та президент єрі үкімет басшысы, єрі мемлекет басшысы. Бүкіл заң билігі конгрестің ќолында. АЌШ конституциясының ең басты жетістігі үш саяси праволыќ принцип негізінде жүзеге асады олар: федарализм, сот, конституциялыќ баќылау.
"Алаш " партиясының бағдарламасында осы үшеуі де көрініс тапќан.
Ќазаќ автономиясы өзге ұлыстармен тең дєрежеде РСФСР ќұрамына кіретін облыстардан тұрады. Ќазіргі земствоның барлығы осы күйінде саќталады. Бұл АЌШ-ғы штат егемендігімен Германияның жер туралы принцпімен үндеседі.
РСФСР мен тең праволы жек бастың азаткерлігі, сөз баспассөз, одаќ бостандығы ќамтамасыз етілсін. Бұл АЌШ конституциясының преамбуласы мен сєйкес келеді "Дін мемлекеттен ажыратылады, адамдардың барлығы тең праволы. "
Ќазаќтардың өз алдына муфтиі болады, некеге тұру, туылу, опат болу, ажырасу туралы нєрселер ќазаќ молдаларына ќалдырады. Сот билігі АЌШ 3 бойындағы федералдыќ соттың принцптерімен толыќ сєйкес келмеседе тиімді жаќтары ескерілген. Аралас ұлттар тұратын жердегі сот билігі, сот ісін ќазаќ тілінде жүргізіледі байырғы халыќтың єдет-ғұрып заңдылыќтарының нормалары ескерілуі жөнінідегі ұсыныстар Алаш бағдарламасының ұлттыќ мемлекеттік ќұрылымындағы ерекшеліктерді ескеруден туған. Халыќты ќорғау үшін қазіргіден басќаша негізде ұйымдастырылған єскер болуға тиіс. Бұл декабристердің "Русская правда" конституциясымен астасады. Салыќ байлыќ мөлшеріне ќарай төленсін делінген. АЌШ конституциясының 1913 жылғы ХҮІ-толыќтырулармен ұштасады.
Советтік ќоғамтану ғылымы НЭП - жаңа экономикалыќ саясат кезеңін ұзаќ жылдар бойы социализм идеалдарынан уаќытша шегіну кезеңі ретінде түсіндіріп келді. Жаңа экономикалыќ саясат тұтас алғанда "Социалистік таңдау" идеясы бағытын саќтай отырса да, ол біраќ реформизімнің өзгеше бір моделі, ќоғам дамуының єкімшілік-єміршілдік жүйесі жауып тастаған баяндыраќ жолы болатын.
Ќатты дағдарыс екпіні Республиканың ауыл шаруашылығынан айќын байќалады. Мысалы, егістік көлемі 1914 ж. 3, 6 млн. деседен (ор. -деястина) 1922 ж. 1, 6 млн. десеге дейін ќысќарады. Егіннің шығымдылығы сол 1914 ж. єр деседен түсетін 38, 7 пұттан 1921 ж. 18, 7 пұтќа дейін азайды. Осы кезеңде астыќтың жалпы өнімі 3 еседен аса кеміп кетті.
Малшаруашылығының саласы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі ќара мал саны 2, 1 млн. -ға, жылќы 2 млн. -ға, уаќ мал (ќой, ешкі) 6, 5 млн. -дай, түйе - 0, 3 млн. -ға азайды. Жалпы алғанда осы жылдарда барша мал түрі 10, 8 млн басќа кемиді.
Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдыќ аштыќќа апарып соғады. Єр жерден түскен аќпарға ќарағанда, 1921-1922 жж. Орынбор губерниясында 445 м. адам, Ќостанай губерниясында - 225м, Оралда - 400 мың, Аќтөбеде - 360 мың, Бөкей губерниясында - 100 мың адам аштыќ азабын тартты.
Бақылау сұрақтары:
- Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсының мақсаты мен міндеттерін атаңыз?
- Қазақстанда кеңес өкіметі қандай сипатта орнады?
- Азамат соғысы жылдарында (1917-1920жж. ) Қазақстанда болған шайқастарды атаңыз?
- Алашорда мен Қоқан автономиялық үкіметтері қандай сипатта орнады және олардың тағдыры жөнінде айтыңыз?
- Қазақстанда «Әскери коммунизм» саясаты қашан және қандай сипатта енгізілді және оның ерекшеліктерін атап көрсетіңіз?
Лекция бойынша ОБСӨЖ тапсырмалары:
1. Қазан төңкерісі және оның Қазақстанға әсері
2. Азамат соғысы жылдарында Жетісу, Орал майданындағы әскери іс-қимылдар
Қолданылатын әдебиеттер:
- Абдакимов А. Қазақстан тарихы (Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін) . Алматы: «Қазақстан», 2003. - 492 б.
- Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. Алматы: «Санат», 2001. - 312 б.
- Кан Г. В. История Казахстана. Алматы: Аркаим, 2002. - 222 с.
- Қазақстан тарихы (5 том) . Алматы: «Атамұра», 1998. - 523 б.
Тест тапсырмалары:
1. Алашорданың уақытша орталығы болған қаланы атаңыз?
a) Верный
б) Торғай
в) Семей
г) Қостанай
д) Тараз
2. Өлкеде Кеңес өкiметi қарулы күреспен қай аудандарда орнады?
a) Семей, Орынбор, Верный
б) Ақмола, Павлодар
в) Өскемен, Зайсан
г) Жезқазған, Перовск
д) Маңғыстау, Атырау
3. 1918 ж. 20 сәуiр - 1 мамыр аралығында Ташкенттегi Түркiстан өлкесi кеңесiнiң Ү съезiнде республика құрамына қандай облыстарды енгiздi?
a) Астрахань, Бөкей ордасы
б) Ақмола, Торғай
в) Семей, Өскемен
г) Сырдария, Жетiсу
д) Орынбор облысы
4. "Алаш" партиясының бағдарламасын Семей уезi еңбекшiлерiнiң қанша пайызы қолдады?
a) 85, 6 %
б) 57, 5 %
в) 75 %
г) 38, 4 %
д) 92, 8 %
5. 1918 ж. Семейде ауылшаруашылық коммуналарын ұйымдастыру жұмыстарын кiмдер жүргiздi?
a) Ауылшаруашылық комитеттерi
б) Қызыл отаулар
в) Қазақ-қырғыз шаруалары
г) Халық комиссарлары
д) Орыс жұмысшылары
Тақырып 2: Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж. )
Жоспары:
2. 1. Қазақ АКСР-ы және Түркістан республикасы.
2. 2. Қазақстанда Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
2. 3. 1921-1922 жж. жер-су реформасы. Жер мәселесінің шиеленісуі.
2. 4. КСРО-ның құрылуы. Қазақ АКСР-ның КСР Одағына кіруі.
2. 5. Ф. И. Голощекиннің (1925-1933 жж. ) «Кіші қазан» идеясы, оның мәні.
2. 6. Қазақстанда жаппай ұжымдастыру науқаны: әдістері, түрлері, қарқыны.
Лекцияның мақсаты: Лениннің ұсынған жобасы - Қазақстандағы жаңа экономикалық саясатқа көшудің нәтижелерін қарастыру. 1921-1922 жж. жер-су реформасының саяси мәнін ашуда тарихи талдау жасау. Ф. И. Гоощекиннің қатаң «Кіші қазан» саясатының саяси мазмұны мен мәнін көрсету. Қазақстанда жаппай ұжымдастыру науқанының ауыр салдары мен жасалған бұрмалаушылықтар қарастыру.
Лекцияның мазмұны: Мемлекеттік күштеу саясаты ауыл мен село наразылығын күшейте түсті. Кейбір кезде өкімет ќолданған єкімшілік єлек-шєлегінен шаруалар айылын да жимады, тіпті ќарулы ќарсылыќ көрсетті. 1920ж. Семей облысында бүліншілік бұрќ етті, оған өкіметтің азыќ-түліктік өктемділігіне төзбеген орташалар мен дєулетті топтардың едєуір бөлегі ќатысты. Сол жылы мұндай толќу Батыс Ќазаќстанда да тарады, онда Ќызыл Армияның бұрынғы дивизия командирі А. Сапожниковтың басшылыќ етуімен кең көлемді шаруалар ќозғалысы ќанат жайды. 1921 ж. аќпан-наурызында өлкенің Аќмола, Петропавл, Көкшетау т. б. ояздарда шиеленіс ќордалана бастады.
РК ПХ съезі (1921 ж. наурыз) шаруашылыќ мүддесін іске ќосудың пєрменді жүйесін жасау жолында шешуші шара ќолданды. Тап осы съезде азыќ-түлік салымынан азыќ-түлік салығына көшу туралы шешім ќабылданды. Біраќ бұл шара жаңа экономикалыќ саясат шеңберінде жүзеге асырылып жатќан реформалар кешенін түгел ќамти алмады. Салыќ саясатында шаруашылыќ саласындағы белсенділікке жаңа серпін берген аса мєнді өзгерістермен бірге, ќаржы да, кредит те, аќша шаруасында, арендада, еңбек заңында, жер ісін реттеуде жєне єлеуметтік-экономикалыќ ќатынастың басќа да бірќатар фрагменттерінде пєрменді ќам харекеттер жасалды.
Жаңа экономикалыќ саясат шеңберінде жасалып, жеделдете жүзеге асырылған аса маңызды шаралар көп ұзамай ауыл шаруашылығының жай-күйін жаќсартуға игі єсерін тигізді. 1925 ж. егіннің көлемі 3 млн. гектарға жаќындады. Орал, Аќмола, Семей губернияларының бірќатар дєстүрлі астыќты аудандарында егін түсімі 1913 ж. деңгейіне жетті. Мал шаруашылығы саласы да дағдарыс бұғауынан босанды. 1925 ж. мал саны 1922ж. салыстырғанда, екі есе өсті.
Сауда-саттыќ өркені де кең жайылады. 1926ж. Ќазаќстан территориясында 128 жєрмеңке жұмыс істеді. Жєрмеңке саудасының жалпы айналымы 20 млн. сомға жетеді. Ойыл, Ќуандыќ, Ќарќара, Ќоянды, Темір, Көкшетау, Атбасардағы сияќты жыл сайын өткізілетін жєрмеңкелер даңќы шартарапќа кең жайылып кеткен еді.
Республика халыќ шаруашылығында аныќ көріне бастаған өсу нышаны дағдарыстан шығудың белгісі ғана емес, тоќырау мен ќұлау тенденциясының уаќыт өткен сайын жағымды-жарќын ќам-харекетке орын бере бастағанының күєсі еді. Мұндағы ең басты нєрсе шаруашылыќ орындары нарыќ экономикасының өлшем-мөлшеріне шыға бастағандығы болатын.
¤зінің стратегиялыќ маќсат-мұратында жаңа экономикалыќ саясат баяғы таптыќ мүдденің ќиялы идеясын алға тарта берді, сол себепті де социалистік тенденция бейтарап ќалдырыла алмады.
ұзаќ єлеуметтік-мєдени эволюция барысында ќалыптасќан дєстүрлі шаруашылыќ -экономикалыќ кешені сырттан өндірілетін реттеуші баќылауға кєдімгідей ќарсылыќ жасап баќты. Алайда ќызметтің єбден күйттелген механизіміне жєне дєстүрлі ќұрылымының ұдайы өндірісіне, оның єлеуметтік-мєдени жєне институционалды приоритеттеріне, аќырында социумды ұйымдастырудың экологиялыќ жүйесінің ќалыптасќан тєртібіне көзсіз килігу уаќыт өткен сайын күшейе түсті, бұл єрине бүлдіргіш процесті туғызбай тұра алмады. Этнос өмірін ќамтамасыз ету жүйесіне жасалған көп соќќының біріншісі 20-шы жылдары берілді.
Шаруашылыќ-мєдени ќам-харекеттің үстем түрі есебінде, Ќазаќстанның аридтік жағдайында тіршілік ететін мал шаруашылығының маќсаты "Күн көріс экономикасы" болып табылады, оған тек өндіріс ќұралдарын яғни мал мен жайылымды жєне ќажетті азыќ-түлікті ұдайы өндіруді ќамтамасыз еткен жағдайда ғана ќол жетеді.
Єлбетте, ќауым өндіріс пен оның өнімін бөлу саласындағы ќайшылыќтардың күллі жиынтығын саќтап ќалады. Єлеуметтік жіктелу нєтижесінде ќауым мүшелерінің бір бөлігі кедейленіп, ќауымнан шығарылады, өйткені өндіріс ќұралынан (мал) айырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz