Еңбекке баулуды оқыту әдістемесі
Кіріспе
Еңбекке баулуды оқыту әдістемесі
Сабақ.мектептегі оқыту және тәрбиелеу процесінің негізгі формасы
Бастауыш сыныптағы еңбекке баулуды оқыту әдістемесі пән ретінде

Еңбекке баулы әдістемесмі еңбектің тәрбиелік маңызын нығайтуды, политехникалық білімнің мазмұнын белгілеуді, пәнаралық байланысты дамытуды, кәсіптік бағдарлау жұмыстарын тереңдетуді, еңбек сабағымен нығайта түсуді, оқу жоспарында көрсетілгендей, еңбек сабағымен басқа пәндер арасындағы тығыз байланысты орнықтыруды талап етеді.
Бүгінгі мектеп оқушыларының сана-сезімі ғылыми-техникалық прогреспен бірге күн санап даму үстінде. Олардың даму мен білім негіздерінің қалыптасуына отбасы мен мектептың рөлімен қатар, күнделікті өмірдегі техникалық ағымдық ақпараттық құралдар,теледидар, радио, компьютер мен газет-журналдардың өзіндік үлестері мол. Білім беру жүйесін дамыту мақсатындағы реформаның негізгі бағыттарының мәні – оқу мен тәрбие сапасының жоғары болуына, әр пәнді оқытудың ғылыми дәрежесіне және ғылым негіздерінің берік игерілуіне, еңбек тәрбиесімен адамгершілік тәрбиесінің, эстетикалық тәрбие мен дене тәрбиесінің оқушылардың бойында дұрыс қалыптасуына ықпал етеді. Ең негізгісі оқу мен тәрбие жұмысын қазіргі қоғам талаптарына сай оқытудың озық әдіс-тәсілдері мен жаңаша жолдарын қолға алу болып табылады. Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін орта мектептердегі білім мазмұнында түбегейлі өзгерістер болуда. Білім беру саласында үнемі ізденіс үстінде жұмыс істеп келе жатқан әдіскер мұғалімдер, мен әдістемелік көмекші құралдар құрастыру, оқыту әдістерін жетілдіру және оқытудың озық тәжірибелерін игеру жолдары қолға алынуда.
Ұсынылып отырған оқу құралына жоғарыда көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін оқу міндеттеріне байланысты төмендегідей шешімдерді іске асыру қарастырылған:
-оқушыларға еңбектің түрлері туралы мәлімет беру, қазіргі кездегі өндірістің жалпы негіздерімен таныстыру:
-теориялық және практикалық тұрғыда оқушыларды ең көп таралған материалдардың физикалық, механикалық және технологиялық қасиеттерімен таныстыру:
-оқушыларды әр түрлі материалдарды өңдеуге керекті қарапайым аспаптар мен құралдарды қолдана білуге үйретеді:
Әр түрлі бұйымдарды құрастыру тәсілдерімен таныстыру:
-өз жұмысын жоспарлай білуге қалыптастыру,эскиздер сызулар, технологиялық карталар құрастыру, жұмыс орнын ұйымдастыру, технологиялық операциялар жасау, еңбекте өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру:
-еңбек мәдениетінің негіздерін меңгеру, балалардың әртүрлі бірлескен және жеке жұмыстарын ұйымдастыра білу.

Еңбекке баулы әдістемесмі еңбектің тәрбиелік маңызын нығайтуды,
политехникалық білімнің мазмұнын белгілеуді, пәнаралық байланысты дамытуды,
кәсіптік бағдарлау жұмыстарын тереңдетуді, еңбек сабағымен нығайта түсуді,
оқу жоспарында көрсетілгендей, еңбек сабағымен басқа пәндер арасындағы
тығыз байланысты орнықтыруды талап етеді.
Бүгінгі мектеп оқушыларының сана-сезімі ғылыми-техникалық прогреспен
бірге күн санап даму үстінде. Олардың даму мен білім негіздерінің
қалыптасуына отбасы мен мектептың рөлімен қатар, күнделікті өмірдегі
техникалық ағымдық ақпараттық құралдар,теледидар, радио, компьютер мен
газет-журналдардың өзіндік үлестері мол. Білім беру жүйесін дамыту
мақсатындағы реформаның негізгі бағыттарының мәні – оқу мен тәрбие
сапасының жоғары болуына, әр пәнді оқытудың ғылыми дәрежесіне және ғылым
негіздерінің берік игерілуіне, еңбек тәрбиесімен адамгершілік тәрбиесінің,
эстетикалық тәрбие мен дене тәрбиесінің оқушылардың бойында дұрыс
қалыптасуына ықпал етеді. Ең негізгісі оқу мен тәрбие жұмысын қазіргі қоғам
талаптарына сай оқытудың озық әдіс-тәсілдері мен жаңаша жолдарын қолға алу
болып табылады. Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін орта мектептердегі
білім мазмұнында түбегейлі өзгерістер болуда. Білім беру саласында үнемі
ізденіс үстінде жұмыс істеп келе жатқан әдіскер мұғалімдер, мен
әдістемелік көмекші құралдар құрастыру, оқыту әдістерін жетілдіру және
оқытудың озық тәжірибелерін игеру жолдары қолға алынуда.
Ұсынылып отырған оқу құралына жоғарыда көрсетілген мақсаттарды жүзеге
асыру үшін оқу міндеттеріне байланысты төмендегідей шешімдерді іске асыру
қарастырылған:
-оқушыларға еңбектің түрлері туралы мәлімет беру, қазіргі кездегі
өндірістің жалпы негіздерімен таныстыру:
-теориялық және практикалық тұрғыда оқушыларды ең көп таралған
материалдардың физикалық, механикалық және технологиялық қасиеттерімен
таныстыру:
-оқушыларды әр түрлі материалдарды өңдеуге керекті қарапайым аспаптар
мен құралдарды қолдана білуге үйретеді:

-өз жұмысын жоспарлай білуге қалыптастыру,эскиздер сызулар,
технологиялық карталар құрастыру, жұмыс орнын ұйымдастыру, технологиялық
операциялар жасау, еңбекте өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру:
-еңбек мәдениетінің негіздерін меңгеру, балалардың әртүрлі бірлескен
және жеке жұмыстарын ұйымдастыра білу.
Еңбекке баулуды оқыту әдістемесі
Әдістеме пәні ретінде оқытужәне тәрбиелеу прцесінің ерекшеліктері мен
заңдылықтарын қарастырады.
Педагокикалық ғылымның жалпы және жеке әдістемесә бар. Жалпы оқыту
заңдылықтары дидактикамен байланысты, ал жеке – әрбір оқыту пәнінің зерттеу
объектілерін, міндеттерін және әдістерін қарастырады.
Оқыту мен дамытудың өзара тығыс байланысты үдерістер бар, олар:
оқытудың мазмұны, мұғалімнің қызметі – оқыту, оқушылардың қызметі – оқу.
Әдістеменің міндеті – осы үш заңдылықтардың байланыстарын зерттеу және
соның негізінде оқу пәнінің, оқытудың мазмұнының талаптарын құрастыру.
Сонымен, әдістеменің объектісі болып оқыту процесі саналады.
Оқыту әдістемесі әрдайым бір мақсатқа бағытталады. Қазіргі мектепте
оның мақсаты тек оқушыларды білім мен, білікпен және дағдымен қаруландырып
қою емемс, сонымен қатар денесі шыныққан, иілімді ақылымен, жқсы
эстетикалық талғамымен және жоғары ізгілік қасиеттерімен жан-жақты дамыған
адамдарды әзірлеу.
Оқыту әдістемесі машықтық тәжірибені теориялық жағынан
қорытындылайды, өзін дәлелдейтін және жақсы нәтижелер беретін оқыту
әдістерін ұсынады.
Қазіргі әдістемеде, соның ішінде еңбекке баулу әдістемесінде, оқу
пәніне және оны құру жүйесінде ғылыми материалды таңдауда белгілі мөлшерде
айқындалады, яғни оқу пәнінің логикасын талап етеді.
Мектеп шеберханаларындағы қауіпсіздік техникасы ережелері
"Еңбекке үйрету бойынша кауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауда
мұғалімдер мен үйірмелердің жетекшілері мынаны атқаруға міндетті:
1. Қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөнінде қолданылып
жүрген ережелер мен нұсқалардың орындалуын қамтамасыз ету;
2.Сабақтар мен жұмыстарды тиісті құрал-жабдықтар, қауіпсіздік техникасы
ережелері мен нормаларында көрсетілген басқа да жағдайлар бар кезде өткізу;
3.Жұмыс орындарының, құрал-жабдықтардың, приборлардың, аспаптардың
қауіпсіздігін және үйдің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету;
4. Оқушыларға қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқау беріп, оны журналға
тіркеу;
Жоспарға енгізу және еңбекті қорғау жөнінде келісім жасау үшін
қауіпсіздік техникасы жөнінен шараларды талдау;
Белгіленген арнаулы киім мен қорғаныс құралдарынсыз оқушыларды жұмыс
істеуге және сабаққа жібермеу;
Адам өміріне қауіп туғызатын жұмысты не сабақты тоқтатып, ол жөнінде
мектеп директорына хабарлау;
Жазатайым жағдай жөнінде әрдайым дереу директорға хабарлап отыру;
9. Олардың өз міндеттерін орындамауы салдарынан болған жазатайым жағдай
үшін жауап беру.
Оқушылар шеберханаларында жұмыс істеген кезде қауіпсіз жағдайды
қамтамасыз етуге бағытталған нұсқаулар мен басқа да шараларды өткізген
кезде мұғалімдер ҚР білім мииистрлігі бекіткен қауіпсіздік техникасы
жөніндегі ережелерді басшылыққа алады.
Еңбекке баулуды оқыту әдістерін сөз етпес бұрын, жалпы педагогика
ғылымындағы әдіс, тәсіл ұғымдарына сақталып кетейік.
Педагогикалың энциоклопедияда оқыту әдістері -мұғалім мен оқушылар
жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны
игереді, оқушылардың дүниетанымы калыптасады, қабілеттері дамиды, - деп
жазған. Олай болса, еңбек сабағында пайданатын әдіс дегеніміз - тиімді
тәсілдермен сабақты ұйымдастырып, оны сапалы жүргізу.
Яғни, оқыту әдістері мұғалім мен оқушыладың арасындағы оку тәрбие
жұмыстарын нәтижелі етіп орналастыру іс-әрекетінің тәсілдері. Дәлірек
айтқанда, әдіс- белгілі бір мақсатқа жету іс-әрекеті нақты жүйеге
келтіретін тәсілдердің жиынтығы. Ол оқу-тәрбие жұмысындағы әдістерді
педагогикалық дидактика негіздерін бетке ұстай отырып, оқушылардың танымдық
қабілеттерінің дамуына мүмкіндік тигізуі тиіс, яғни оқушылардың ойын,
қиялын дамытуға өз бетімен ізденіп, жаңа білімді меңгеруге ықпал жасауы
тиіс.
Оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің сапалы түрде қолданылатын
тәсілдері, ал максатқа жету мұғалімнің сол тәсілдерді тиімді таңдап алып,
шебер пайдалана отырып оқыту процесін ұйымдастыруына, оқушылардың
қабылдауға даярлық дәрежесіне мұғалім мен оқушылардың белсенді
педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.
Жалпы әдіс пен тәсілді ажыратып, жіктеп көрсету пікірталас туғызады,
өйткені оқыту үрдісінде екеуі бір бірімен ауыспалы болып келуі мүмкін.
Мысалы:
Мұғалім сабақты ауызша баяндау барысында сәндік-қолданбалы өнерге
байланысты шығармашылық жұмыстарды көрнекі түрде көрсетсе, онда көрнекі
әдістемелік тәсілге айналады.
Оқушылар белгілі бір шығармашылық жұмыстарды зерттеп, талдап нақты
білім алса, онда осы сабақта қолданған жіктеме ауызша баяндау тәсілге
айналады да, көрнекі керсету әдісі болып саналады.
Сонымен, мектептегі еңбекке баулу пәнін оқыту және тәрбиелеу мақсат-
міндеттерін орындауға пайдаланатын бірнеше педагогикалық әдіс-тәсілдер бар.
Мұғалім осы әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалануда оқылатын жаңа сабақтың
мазмұнын, мақсат-міндеттерін оқушылардың танымдық деңгейін ескеруі қажет.
Бір сабақ барысында бірнеше әдіс-тәсілдер пайдаланылуы мүмкін .
Еңбек сабағын оңытуда пайдаланатын негізгі мынадай әдіс-тәсілдерге
тоқталып көрейік.
Ауызша әдіс
Ауызша әдіс- сабақтың қандай кезеңінде болса ,ол сұрақ-жауап,
әңгімелесу, пікірлесу, нұсқау беру тәсілдерін құрайды. Бұл әдіс көбінесе
сабақтың жаңа терминдік кезеңінде басым орын алады.
Мұғалім ауызша баяндайтын материалын алдын ала дидактикалық талаптарға
сай дайындайды, ол мәтіннің оқушыларға түсінікті болуы тиіс, егер де онда
оның окушыларға жаңа терминдік сөздер ұсынылса, онда оның мән-мағынасы
ашылып, түсіндірілуі мүмкін. Оқушылар тақтаға жазылып көрсетілген жаңа
терминдік сөзді жұмыс дәптерлерге түсіріп алғаны жөн. Мұғалімнің
әңгімесіндегі мәліметтер белгілі фактілермен, ғылыми дәлелдермен бекітілуі
керек.
Сабақтың ауызша әдісіне бөлінетін уақыт сабақтың тақырыбына, атқаратын
іс-шара мазмүнына немесе сабақтын, еңбекке баулудың түрі бойынша қаралуына
байланысты.
Мысалы, 1-2 сыныптардағы еңбек сабақтарында жаңа сабақты баяндауға 8-10
минут уақыт бөлінсе, ал 2-3 сыныптарда 10-13 минут уақыт бөлінуі мүмкін.
Ауызша әдісте сұрақ-жауап, пікірлесу, әңгімелесу сабақты қызықты ете
түседі, оқушылар тек тыңдаушы ғана болып қоймай, өзін сол мәселеге
қатысушы, араласушы ретінде сезінеді. Оларды басты және өте маңызды
мәселелердің мазмұнын, өзара байланысын анықтауға талпындырады. Оқушыларды
шығармашылық жұмысқа шабыттандырып, өздеріне сенімін молайтады, мәселе
туралы жеке пікірлерін құрау дағдыларын қалыптастырады. Ауызша әдісте
оқушылардың болашақ машықтық жұмысына шығармашылық көзқарасын, қиялын,
шабытын ояту үшін тақырып мазмұнына байланысты қысқаша талдату үлкен нәтиже
береді.
Түсіндіру - жаңа білімді, ереже заңдылықтарын, еңбек құралдарын,
материалдар мен жұмыс істеу ережелерін ауызша айтып көрсету немесе еңбек
пәніне байланысты жаңа бейтаныс сөздердің (терминдердің) мағынасын ашып
айту.
Түсіндіру, әсіресе жаңа сабақ мазмұнын ауызша әңгімелеу барысында жиі
қолданылады, бірақ бұл түсіндірулер ауызша әңгімелеу жүйесін бұзбай,
кезегімен қолданылғаны жөн. Сонымен қатар, түсіндіру сабақтың машықтық
кезеңінде де орын алады.
Түсіндіру мынадай талаптарға сай болуы керек:
жүйелі түсіндірілу;
дәлелдер келтіру;
өлшемдік, түстік салыстыру, мысалдар келтіру;
сұрақтарды нақты тұжырымдау.
Түсінікті жеңіл меңгеру үшін көрнекіліктер, сөздік талдаулар, сұрақ-
жауаптар қолданылады.
Әңгімелесу - ол оқытудың диалогтік әдісі, мұғалім тақырыпқа байланысты
әңгіме туындататын сұрақтарды мұқият ойластырып дайындайды. Әдгімелесу жаңа
білімді іс-әрекет ережелерін жеңіл меңгеруге жол ашады. Проблеманы
түсінуде, шешуде мұғалім мен оқушының іс-әрекетін ынтымақтастыққа
ұйымдастыруға мүмкіндік туады.
Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімдік қорын тексеріп
байқауына болады.
Әңгімелесу арқылы оқушылардың ой-өрісі, өз бетімен пікір құрастырып,
оны жариялау, коммуникативтік қабілеттері дамиды, яғни сөйлесу, пікірлесу
мәдениеті қалыптасады.
Әңгімелссу нәтижесі кобінесе қойылатын сұрақтардың мазмұнына
байланысты. Мұғалім оқушылардың әңгімелесу барысында жауаптары толық,
аяқталған болуын қадағалауы тиіс.
Әңгімелесу еңбек пәнінің затқа қарап бұйымының көлемін, түстік
ерекшелігін жекеленген композициялық, мазмұндық құрылымына талдау жасауда,
оқушылардың аяқталған машықтық жұмыстарын талдауда кеңінен өткізіледі.
Оқутәрбие процесінде дидактикалық талаптарға сай жоспарланган
әңгімелесудің мынадай мүмкіндіктері бар;
ой-өрісті, тілді дамыту;
оқушылардың білімін тексеру;
оқуға ынтасын арттыру;
сөйлеу, сөйлесу мәдениетін дамыту;
тәрбие беру;
оқытуды ізгілендіру.
Көрнекілік әдіс
Көрнекілік әдісін, әсіресе бастауыш сыныптардың алғашқы сатысында
кеңінен қолдану өте маңызды. Ол оқушылардың құбылысты, оқиғаны, мәселені,
оны шешу жолдарын көріп, сезініп қабылдауына, түсінуіне, есте сақтауына,
заттардың құрылысын, қасиеттерін өз беттерімен немесе оқытушының көмегімен
зерттеп тануына мүмкіндік жасайды. Көрнекілік әдісі, сонымен қатар оқушының
байқампаздық, есте сақтау, салыстыру арқылы талдау қасиеттерін дамытады.
Еңбек сабағындағы көрнекілік әдісі демонстрациялау, иллюстрациялау,
экрандық бейнелеу, дыбыстық тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
Демонстрациялау ол заттың сыртқы пішінін, ішкі құрылысын көрсетумен
қатар табиғи түрін анықтауға мүмкіндік береді. Демонстрациялау кезіндегі
бақылау, талдау, зерттеуді жүйелі жүргізу керек.
Оқушылардың демонстрацияланған көріністер немесе заттар туралы өздері
әңгімелеуі өте маңызды. Ол оқушылардың қоршаған орта туралы өз пікірлерін,
көзқарастарын қалыптастырады, коммуникативтік қабілеттерін арттырады.
Демонстрациялау кезінде мұғалім әңгімесі басты рөл атқармай, жетекші рөл
атқаруы қажет.
Иллюстрациялау- ол нәрсенің, құбылыстың, көріністің техникалық суреті,
яғни орындау ережелері, шеберлердің, зергерлердін, шығармаларының
репродукциялары, фотосуреттер, технологиялық карталарды көрсету және сабақ
барысындағы мұғалімнің тақтаға орындаған түсіндірме эскиздері, сызбалары
болып табылады. Бұл тәсіл еңбек сабақтарыыың барлығында дерлік қолданылады.
Иллюстрациялау тәсілімен демонстрациялау тәсілдері бір-бірімен өте тығыз
байланысты болып келеді. Иллюстрациялау тәсілінің нәтижелі болуы, ол
мұғалімнің көрсету әдістемелік шеберлігіне байланысты. Ол үшін мұғалім
көрсетілетін көрнекіліктің сабақ процесіндегі дидактикалық маңызын,
танымдық ролін анықтап білуі қажет. Тәжірибеден белгілі болғандай, сабақ
үдерісінде шамадан тыс көрнекіліктер оқушылардың көңілін негізгі мәселеден
ауытқытуы мүмкін. Сондықтан да мұғалім алдын ала дайындаған көрнекіліктерді
әңііме болатын мәселе негізінде ғана бастап көрсеткекі дүрыс.
Экранды бейнелік тәсілі дегеніміз - мәселені, көріністерді,
репродукцияларды және т.б. мәліметтерді эпиодоскоп, эпипроектор,
киноаппараттар, бейне-таспа, теледидар, компьютер арқылы көрсету болып
табылады. Бұл тәсіл оқушылардың сабаққа ерекше қызығушылығын арттырады,
танымдық деңгейін көтереді, мәлімет алудағы техникалық құралдардың орнын
көрсетеді. Осы техникалық құралдарды, оларға салынатын мәліметтерді мұғалім
алдын ала әзірлеп, диафильм, кинофильмдердегі жетекші мәтіндер мазмұнымен
танысады. Бұл тәсіл көбінесе еңбек өнерінің түрлерімен танысу сабақтарында
кеңінен колданылады. Экранды бейнелік тәсіл тек жаңа мәлімет беру ғана
емес, тексеру, бекіту, корытындылау, яғни дидактикалық іс-әрекеттердің
барлығында қолданылады.
Бұл тәсілдің тағы бір ерекшелігі қоршаған ортадағы немесе жұмыс
барысындағы ұзақ мерзімді үрдісті тездетіп көруге болады.
Мысалы, оқушылардың машықтық жұмысы барысындағы көріністерін оларды
жұмысты орындау тәсілдерін көрсетуге болады.
Дыбыстық тәсілдерде сабақ процесінде оқушылардың жаңа материалды
меңгеруіне, қиялдауына, шығармашылық жұмысты елестетуіне мүмкіндік жасайды.
Бұл тәсіл грампластинкалар, магниттік таспалар, әр түрлі музыка аспаптары
арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, ертегілер кейіпкерлерін мүсіндеу
тақырыбындағы сабақта белгілі бір ертегіні толық немесе үзіндісін
грампластинка, магниттік таспа арқылы тыңдатып, оқиға желісін, мазмұнын
оқушыларға талдатуға болады. Табиғи материалдармен жұмыс деген тақырыпта
өткізілетін сабақта өзен-көлдердегі құстардың, терек жапырақтарының шуылын
немесе музыкалық шығармаларды пайдаланып, оқушылардың қиялына, елестетуіне
көмектесуге болады.
Сонымен, көрнекілік әдіс-тәсілдер педагогикалық процестің барлық
кезеңінде қолданылады. Олар жан-жақты образды қабылдауға және ойлануға
негізгі тірек болады.
Практикалық әдіс
Практикалық әдіс теориялық білімді белгілі бір іс-әрекетте жүзеге
асыру, меңгеру үшін қолданылады. Ол жаттығулар, эскиздер және сабақ
тақырыбы бойынша орындау, көркем жобалау (дизайн) жұмыстары болып табылады.
Еңбек пәнінде машықтық әдіс басты әдістердің бірі болып саналады,
өйткені онда көру, сезініп қабылдаудан басқа, барлық дерлік сабақта
машықтық іс-әрекет арқылы икемділік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру
мақсатында жүргізіледі.
Ал машықтық жұмыс барысында сабақтың көптеген уақыты (30-35
минут)машықтық жұмысқа беріледі.Бұл сабақтарда машықтық жұмыстан басқа әдіс-
тәсілдер пайдаланылмайды деген сөз емес, практикалық әдіс көбіне көрнекілік
әдіспен жетеленіп отырады.
Машықтық әдіс барысында мұғалім оқушылардың, жаңа материалды қалай
қабылдағанын және оған байланысты іскерлік дағдыларды қалай меңгергендігін
бақылап байқауына болады.
Машықтық әдісті сабақ процесіне екі түрлі негізде жүргізуге болады, ол
бойынша жаңа сабақ, материалы, жұмыс ережелері түсіндіріліп болған соң
оқушылар толық өз бетімен жұмыс істейді. Мұғалім бақылаушы, қажет болған
жағдайда еңбек іс-әрекеттің әрбір кезеңдерін жеке-жеке түсіндіріп,
орындатып, оқушыларды машықтық іс-әрекеттерді жоспарлы, жүйелі, саналы
жүргізуге дағдыландыруы керек. Ол оқушыларды' кез келген жұмыс процесін
жүйелі., ұқыпты ұйымдастыруға тәрбиелейді.
Репродуктивтік әдіс
Репродуктивтік әдіс ол белгілі бір берілген білімді немесе мұғалімнің
тапсырмасы бойынша іс-әрекеттің тәсілін қайталау, еске түсіру болып
табылады. Мұғалім еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың алдында
ұсынылған жаңа білім, жаңа іс-әрекеттерді өткен сабақтардағы білім мен іс-
әрекеттерді бірнеше рет еске түсіру арқылы оқытуды ұйымдастырады.
Репродуктивтік әдіс өткен білімді, Іс-әрекетті үнемі қайталап еске
түсіре отырьш, жаңа білімді, іс-әрекетті жүйелі бірізділікпен қабылдауды
көздейді.
Мысалы, 1-сыныпта Ұлттық бұйымдарды әшекейлейік тақырыбы бойынша
өткен сабақтарда танысқан ою-өрнек түрлерін және жолақ ішін безендіру
әдістерін сұрақтар қою арқылы еске түсіріп, сол ою-өрнектерді безендіру
әдісін қайталап, осы сабақтағы безендіру жұмысына тірек етіп алуға
болатындығын айтуға болады.
Репродуктивтік әдісі арқылы мұғалім оқушылардың білімдік қорының
деңгейін тексеріп, бақылап қол жеткізеді және оқушылардың өздері меңгерген
іс-әрекеттер мен білімдердің, өзара тығыз байланысты екендігін тануға
мүмкіндік жасайды.
Бүл әдісті әр оқу тоқсанының аяғында немесе оқу жылы аяғындағы
сабақтарда кеңінен қолдану нәтижелі болады.
Проблемалық әдіс
Проблемалық әдіс - оқу-тәрбие процесінде оқушыларға алдыңғы тақырыпқа
байланысты дүниетанымдық, іс-әрекеттік, проблемалық жағдайларды туғызу. Бұл
әдіс бойынша оқушылар сабақ мазмұнына байланысты белгілі бір проблемалык,
сұрақтарды, тапсырмаларды ғылыми, шығармашылық тұрғыдан ізденістер жасап,
зерттеп, салыстырып, ойланып шешуге талаптанады.
Проблемалық тапсырмалар жекелеген оқушыларга немесе ұжымдық топтық шешу
мақсатында беріледі. Ұжымға немесе топтарға қойылған проблемаларды шешу
барысында оқушылар бір-бірімен ақылдасып, пікірлесіп, ойланып шешуге әрекет
жасайды. Ол әрекет оқушыларды ұжымшылдыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа
тәрбиелейді. Сонымен қатар, бұл әдіс оқушының логикалық ой-өрісін, қиялын,
дүниетанымын молайтып, сабаққа сапалы ынтасын арттырып, өз ой-пікірлерін
дәлелдей білуге үйретеді.
Ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс
Ішінара ізденіс немесе эвристикалык, әдіс. Бұл әдіс оқу-тәрбие
процесінде оқушылардың, алдына қойылған проблемаларды бірте-бірте өз
беттерімен шешу үшін алдын ала зерттеу жолдарын ұйымдастыруды үйретеді.
Мұғалім оқушылардың алдына қойылған проблеманы шешу жолдарын өздерімен
бірігіп жоспарлайды. Мұғалім осындай жүйе бойыншапроблеманы шешуге
әкелетін сұрақтар қояды және іздену кезеңдеріне оқушылардың тегіс қатысуын
қадағалап, ұйымдастырады. Окушылар осыған дейін алған білімдерін
пайдаланып, ізденеді, шығармашылық қабілеттерін танытады.
Зерттеу әдісі
Зерттеу әдісі оқушылардың шығармашылық-танымдық жұмыстарын ғылыми
деңгейге жақындатуды көздейді. Оның негізі - жаңа проблемаларды шешу
жолында оқушылардың ізденушілік, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін
ұйымдастыру болып табылады.
Зерттеу объектісін мұғалім өзі көрсетіп, машықтық тапсырма береді. Ол
практикалык зерттеу тапсырмалары сабақ барысында қысқа мерзімдік немесе
сыныптан тыс ұзақ мерзімде орындауға берілуі мүмкін.
Зерттеу барысында жұмысты жоспарлау, материалдар жинақтау, талдап
зерттеу, болжам пікір айту, нәтижені қорытындылау іс-әрекет дағдыларын
қалыптастырады.
Жоғарыда көрсетілген оқытудың негізгі әдіс-тәсілдерін басқа педагогика
ғылымындағы еңбек пәнін окыту тәжірибесінде осындай дәстүрлі әдіс-
тәсілдермен қатар, дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалануда маңызды болып
табылады, оларға ойындар, сайыстар, көрмелер және т.б. жатады.
Сабақ жүйесіне енгізілген осындай дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер
оқушылардың шығармашылық ізденіске деген құштарлығын оятып, өзіндік образ,
өзіндік іс-әрекет жобасын құруға мүмкіндік жасайды,
Мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті негізінде жіктелетін әдістер:
Қайталау (репродуктивтік) - түсіндіру, әңгіме,
сұхбат, дыбыс жазба, оқыту.
Жартылай іздену - әңгімені оқып, сұхбаттасып,
кинофильмдер және видеофильмдер көріп, сызба мен
технологиялық картаны оқып, ақпарат алғанмен, оны
өз бетіменн ізденіп, толтырғанда колданады.
Проблемалық әдіс - мәселе қою, мәселе туралы ойлану, мүмкіндік шешімді
(гипотезаны) көздеу, мәселені практикалық түрде шешу.
Ізденушілік әдіс - мәселені толық, өз бетімен ізденіп шешу.
Сабақ-мектептегі оқыту және тәрбиелеу процесінің негізгі
формасы
Бастауыш сыныптарда өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес ұйымдастырудың
үш түрі кеңінен қолданылып келеді. Мұғалім бастауыш сынып оқушыларының жас
ерекшеліктеріне сай оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдері арқылы сабақты
түсіндіріп, машықтық жұмыстарды төменде берілген ұйымдастыру түрлерінің
ішіндегі ең ұтымдысын ұйымдастыра білуі керск:
Оқушылардың жұмыстарын жаппай түрде ұйымдастыру түрі;
Оқушылардың жұмыстарын топтық түрінде ұйымдастыру түрі;
3. Оқушылардың жұмыстарын жекелей тапсырмалар беріп ұйымдастыру
түрі;
1-түрі. Оқушылардың жұмысын жаппай түрде ұйымдастыру түрі еңбек түрінің
қай түрлерімен болса да, белгілі бір еңбек үрдісін белгілі бір кезеңде
үйрету қажет болған жағдайда ұйымдастырылады:
Бұл ұйымдастыру түрінің негізгі ерекшеліктері -сабақ барысында барлық
оқушылар белгілі бір уақытта біркелкі жұмыстар атқарады, алайда оқушылардың
жұмыс орындау қарқындары әркелкі болады. Өтілетін сабақтың тақырыбына
сәйкес берілетін түсініктер барлық оқушыларда бірдей болғандықтан, оқыту
бөлімдері үшін де өте ұтымды болып саналады.
2-түрі. Оқушылардың жұмыстарын топтық түрінде ұйымдастыру екі нұсқада
жүзеге асырылады:
1-нұсқа. Әр топшаға берілетін тапсырма бірдей болып келеді, ал топша
мүшелері әркелкі жұмыстар орындайды, атқарады (2-3 оқушыдан);
2-нұсқа. Әр топшаға түрлі тапсырмалар беріп, ал топша мүшелері әркелкі
жұмыстар атқарады.
3-түрі. Ұйымдастырудың бұл түрінде көбінесе 3-4 сынып оқушыларымен
жұмыс істегенде, яғни үздік, қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізу арқылы
іске асырылады немесе мұғалім оқу бөлімінің ермексаз,жапсырмалау жұмыстарын
орындағанда қолдануы мүмкін.
Соңғы жылдары педагогикальқ журналдар мен газет беттерінде оқытудың
озық тәжірибелерімен, оқытудың әдіс-тәсілдерінің түрлерімен сабақты
ұйымдастырудың формалары туралы материалдар көптеп жазылуда.
Сабақ оқу жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, оның
атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше.
Дәстүрлі емес сабақтар - сайыс сабағы, жарыс сабағын, жәрмеңке сабағын
ұйымдастырудың формаларын еңбек пәнінің мұғалімі жетік меңгере білуі керек.
Қазіргі кезде оқушыларды жаңаша әдіс-тәсілмен қатар, сабақты
ұйымдастырудың қосымша формаларын қолданбайынша, жүргізілетін сабақтар
оқушылар үшін кызықты болмайды. Бұл жерде, әрине мұғалімнің іскерлігі мен
шеберлігі және дағдысы қажет етіледі.
Сонымен, оқыту формаларын таңдап алу, біріншіден, оқу-тәрбие жұмысының
міндеттеріне, екіншіден, оку материалының көлемі мен күрделілігіне,
үшіншіден, ұжымдағы оқушылардьң оқу мүмкіндігіне байланысты.
Әрбір нақты сабақ алдында қойылатын негізгі міндетіне байланысты
сабақтың құрылымы және жеке кезеңдердің, атқаратын қызметі өзгеріп отыруы
мүмкін. Осы тұрғыдан шеберханалардағы сабақтарды бірнеше түрге бөлуге
болады. Шеберханадағы сабақтардың негізгі түрлерін қарастыралық:
1. Оқушылардың жаңа білім игеретін сабағы. Мұндай
түрдегі сабақтарға кіріспе сабақтар, сондай-ақ басқа
оқу тақырыптары бойынша сабақтар жатады, мұндағы
оқытудың негізгі міндеті оқушыларға теориялық
мәліметтер беру кейбір ұғымдарды қалыптастыру болып табылады.
Оқушылардың жаңа білім игеретін сабақтарында жаңа материалды баяндау
негізгі орын алады.
2. Іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру сабағы.
Шеберханаларда мұндай сабақтар көп болады. Іскерлік
пен дағдыларды калыптастыру сабағының басты кезеңі
оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі болып табылады.
Мұндай типтегі сабақтарды бұйымдарды жасау және
құрастыру кезінде ұйымдастырған әлдеқайда дұрыс болады.
Алғашқы іскерлік және дағдыларды қалыптастыруға арналған сабақтарды бір-
бірінен ажырата білу керек. Кез келген технологиялық операцияны практика
жүзінде оқып-үйрену оқушыларды еңбек тәсілдерін орындау ережелерімен
таныстырудан басталады.
3. Білімді практикада қолдаиу сабағы. Кез кел-
ген практикалық жұмысты тиісті білімді қолданбай
орындау мүмкін емес. Дегенмен, білімді пайдалануда
мұғалім басты назар аударатын негізгі оқу міндеті болатын жағдай да
ұшырасады.
Мысал үшін модель жасау жөніндегі сабақтарды алайық. Модель жасау үшін
технологиялық процестерді конструкциялау жөне құрастыру жөніндегі
білімдерді меңгеру керек. Оқушылар нақты мысалдар арқылы модель жасаудың
жалпы негіздері туралы мағлұматтар алуы, модель жасау процесі бағынатын
бірыңғай ережелер және талаптармен қарулануы қажет. Моделъ жасау
сабақтарында оқушылардың білімді практикада іскерлікпен пайдалануы, әсіресе
осы себептен де қажет.
4. Қайталау сабағы. Оқушылардың жаңа материалды игеруге және мықтап
ұғып алуға әзірлігін тексеруге бағытталған кайталау сабақтың барлық түрінде
қолданылады. Ол мұғалімге сабақтың негізгі оқу міндетін орындауға
көмектесетін маңызды кұрал болып табылады. Алайда қайталаудың өзі сабақта
ең негізгі орын алатын кез де болады. Қорытындылау сабақтары осы түрдегі
сабақтарға жатады.
Оқушылардың білім және іскерліктен жинақтап-қорыту жөніндегі жұмыстары
шеберханаларда еңбекке үйретудің бүкіл кезеңін қамтитын алдын ала жасалған
жоспар бойынша өткенде ерекше тиімді бола түседі.
5. Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру сабағы.
Шеберханалардағы әр сабақта оқушылардың білім,
іскерлік және дағдыларын тексеруге назар аударылады. Сонымен бірге, білім,
іскерлік және дағдыларды
комплексті түрде тексеру мақсатымен бақылау жұмыс,-
тары жүргізіледі, оған арнаулы сабақтар бөлінеді. Бұл
сабактарда оқушылар өз беттерімен жұмыс істейді.
Осыған байланысты жұмыс объектілерін, оларды жа-
сау процестеріне оқушыларға таныс емес мәліметтер
мен еңбек тәсілдері енбеуі үшін ерекше мұқият іріктеу
қажет.
Сабақтардың қарастырылған типтерімен қатар, шеберханаларда сабақ өткізу
практикасында аралас сабақ деп аталатын сабақ жиі қолданылады, ал өту
процесінде бірнеше мәндес оқу міндеттерін шешетіндігімен сипатталады.
Оқушылар үшін еңбек тапсырмасы ретінде белгіленетін объектіні сабақ
басталғанға дейін мұғалімнің өзі жасағаны жөн.
-Біріншіден, оқушылар мұғалімнің еңбек тәсілдерін өте жетік білетінін
және өздеріне үлгі бола алатынын көрсе, оның абыройы арта түседі.
-Екіншіден, мұғалім жасап шығарған үлгілер окушылар үшін эталон
қызметін атқарады.
-Үшіншіден, мұғалім еңбек үрдісін өзі атқара отырып, оқушыларда қандай
қиыншылық туатынын, олар қандай қателіктер жіберетінін айқын білетін
болады,т.б.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуында оқушылардың қателіктерін талдаудың
маңызды орын алатынын атап айту керек. Оқушылардың қателіктерін түзетуге
оку уақытының 10 пайызға дейін кететінін тәжірибе көрсетіп отыр.
Оқушылардың қатесі әр түрлі себептерден тууы мүмкін. Егер жаңа материалды
жеткілікті анық етіп баяндамаса, егер еңбек тәсілдерін орындауы жеткілікті
етіп анық көрсете алмаса, оқушылардың қателесуіне кейде мұғалім кінәлі
болады. Мұғалімнің, түсіндіруін жеткілікті назар аудара тыңдамай, жұмыс
кезінде бөгде істермен айналысса қателескеніне кейде оқушының өзі кінәлі
болады. Оқушыларды қандай тақырыпты оқығанда қателер жіберетін және бұл
қателердің сипаты қандай болатынын өткен жылдар тәжірибесін біле отырып,
мұғалім олармен күресудің алдын алу шараларын белгілейді. Мысалы, 1-сынып
пен 4-сынып оқушыларының сызбаны оқытуға және олармен жұмыс істеуге әзір
емес екені белгілі. Сондықтан мұғалім сызба жөнінен берілетіи кейбір
мәліметтерді шартты белгілер ретінде қарастырады.
Оқудың сапалы өткізілуі көбіне ұйымдастыру мәселерін мұғалімнің алдын
ала шешіп қоюына байланысты. Мәселен, әр оқушы кесетін және өлшейтін аспап
жиынтығымен және қажетті мөлшердегі дайындамамен қамтамасыз етілуі тиіс.
Аспаптардың бірі болмаса бірінің жарамай, дайындаманың бүлініп қалатынын
ескере отырып, басы артық аспап және дайындама ұстаған жөн.
Көрнекі құралдарды өзірлеу де мұғалімнің көп назар аударуын талап
етеді. Ең алдымеы техникалық құжаттар: сызбалар және технологиялық
карталар, т.б.
Мұғалімдер, әдетте 1-4 сыныптар үшін технологиялық карталармен
шектелмей, бұйымды өңдеудің барлық кезеңдері көрсетілетін арнаулы стендтер
дайьндайды.
Мұғалімнің, сабаққа дайындалуы сабақтың жоспарын жасаумен анықталады.
■ Еңбекке. баулу сабақтарының ерекшеліктері
Еңбекке баулудың басқа пәндерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.
Бұл ерекшеліктер мынадай:
1. Уакыттың негізгі бөлігі сабақтың машықтық түріне берілетіндігі
(шамамен 30 минут).
2.Машықтық жұмыс қоғамға пайдалы бағытта жүргізіледі. Оқушылардың өз
қолымен жасаған жұмыстары басқа сабақтарда көрнекі түрде қолдануға немесе
балабақшаларға, жанұяға ойын балаларына беріледі.
3. Кесу құралдарымсн жұмыс орындау окытушының
техникалық қауіпсіздік ережесін катаң сақтауьн ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz