АСАН ҚАЙҒЫ - ДАЛА ДАНЫШПАНЫ



КІРІСПЕ БӨЛІМ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
1.1 ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ
1.2 АСАН ҚАЙҒЫ . ДАЛА ДАНЫШПАНЫ
1.3 АЛАША ХАН КЕСЕНЕСІ

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Сәулеттік ерекшелігі мен әлеуметтік қызметі күрделі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының өзіндік сыры мол. Сондықтан да, кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына арнайы тоқталудың маңызы ерекше деп білеміз. Қалпына келтіру дегеніміз – мұражай ісінде табиғи тозудың әсерінен пайда болған бүлінуді жойып, оны бастапқы қалпына келтіру деген мағынада қолданса керек. Қалпына келтіру тек кәсіби шебер-реставраторлардың қолымен ғылыми негізде іске асырылғанда ғана нәтижелі болатыны сөзсіз. Кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын сипаты мен маңыздылығына қарай бірнеше кезеңге бөліп қарастырған орынды.
Бірінші кезең: кесене салынғалы бергі ХХ ғ. бас кезі, яғни І дүниежүзілік соғыс басталғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Екінші кезең: 1917 жылдан 1950 жылдардың бас кезіне дейінгі кезеңді қамтыса, үшінші кезең: 50 жылдардың бас кезінен, мұражай ашылған 1978 жылға дейінгі уақытты еншілейді, төртінші кезең: мұражай мәртебесі өзгеріп, "Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып өзгеріп, "Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып аталған 1989 жылдан осы кезеңге дейінгі уақытты қамтиды. Жөндеу және қалпына келтіру саласындағы әр кезеңнің көтерер жүгі жеңіл емес. Осы арқылы қоғамның мәдени мұраға деген көзқарасы танылатындығы сөзсіз.
1. Нұрмұхаммедов Н.Б. Ахмед Ясауи сәулет ғимараты: Альбом – Алматы: Өнер, 1988. 168 – бет.
2. Йасауи Қ. А. Хикмет жинақ: Даналық сыр, – Алматы: «Жалын», 1998. – 656 бет.
3. Туркестан: Фотоальбом/Сост. Р. Насыров. – Алматы: Өнер, 1993. – 200 с.
4. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия/ Бас ред. Б. Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы, 2004. – 696 бет. 6- том.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ БӨЛІМ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
1.1 ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ
1.2 АСАН ҚАЙҒЫ - ДАЛА ДАНЫШПАНЫ
1.3 АЛАША ХАН КЕСЕНЕСІ

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.1 ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ
 
Сәулеттік ерекшелігі мен әлеуметтік қызметі күрделі Қожа Ахмет Ясауи
кесенесіндегі жөндеу және қалпына келтіру  жұмыстарының өзіндік сыры мол.
Сондықтан да, кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына арнайы 
тоқталудың маңызы ерекше деп білеміз. Қалпына келтіру дегеніміз – мұражай
ісінде табиғи тозудың әсерінен пайда болған бүлінуді жойып,  оны бастапқы
қалпына келтіру деген мағынада қолданса керек. Қалпына келтіру тек кәсіби
шебер-реставраторлардың қолымен ғылыми негізде іске асырылғанда ғана
нәтижелі болатыны сөзсіз. Кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын
сипаты мен маңыздылығына қарай бірнеше кезеңге бөліп қарастырған орынды.  
Бірінші кезең: кесене салынғалы бергі ХХ ғ. бас кезі, яғни І
дүниежүзілік соғыс басталғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Екінші кезең: 1917
жылдан 1950 жылдардың бас кезіне дейінгі кезеңді қамтыса, үшінші кезең: 50
жылдардың бас кезінен,  мұражай ашылған 1978 жылға дейінгі уақытты
еншілейді, төртінші кезең:  мұражай мәртебесі өзгеріп,  "Әзірет Сұлтан
мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып өзгеріп, "Әзірет Сұлтан
мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып аталған 1989 жылдан осы
кезеңге дейінгі уақытты қамтиды. Жөндеу және қалпына келтіру саласындағы әр
кезеңнің  көтерер жүгі жеңіл емес.  Осы арқылы қоғамның мәдени мұраға деген
көзқарасы танылатындығы сөзсіз.
Бірінші кезеңде атқарылған жұмыстар туралы белгілі шығыстанушы
М.Е.Массонның зерттеу еңбегінен көп мағлұматтар кездестіруге болады.
Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін Әзірет Сұлтан кесенесін жөндеуге алғаш
рет 1872 жылы көңіл бөлінді. Ол жұмыстар кесене төңірегіндегі қоқысты
тазалауға бағытталды. Ал, 1884 жылы қазынадан 15 мың сом қаржы бөлініп,
кесененің төбесінен су өткізбеу шаралары жасалып, шөге бастаған кесене
іргетасы бекітілді. 1886-1887 ж.ж. кесененің батыс бұрышын құлаудан сақтау
үшін қабырғаның сыртынан кірпіштен тіреулер өрілді.  
Үкіметтік шаралардан бөлек жергілікті тұрғындардан жиналған 12 мың сом
қаржыға Асхана бөлмесі мен кесенеге әрлеу жұмыстары жүргізілді. 1910 жылы
жүргізілген бұл жұмыстан бір жыл өткен соң Түркістан генерал-губернаторлығы
арнайы комиссия шығарып,  кесенені тиянақты жөндеуден өткізу үшін 100 мың
сомның жұмыс көлемін анықтады. Бұл жерде әңгіме қалпына келтіру емес, тек
қана жөндеу жұмыстары туралы болып отырғандығын атап айту керек. Сол кездің
ақша бағамында бұл қомақты қаржы еді. Әйтсе де І дүниежүзілік соғыс зардабы
аталған шараларды іске асыруға мүмкіндік бермеді. Бұл кезеңде жөндеу
жұмыстарының ғылыми негіздемесіз тұрпайы технологиямен жүргізілгендігін
көреміз. Мысалы,  қабырғаның сыртқы бедеріне еуропалық үлгідегі кірпіш
қаланып,  әрлеудің стилін бұзды,  өрнектер әктеудің астында қалды, тіпті
орталық бөлмедегі сәндік плиталар алынып тасталды.
 
Бұл кезеңде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі адам қолымен,  қоғам ықпалымен
қамқорлыққа алынумен бірге,  тағылықпен қирату әрекетін де бастан өткізді.
Атап айтқанда, 1864 жылдың 9 шілдесінде полковник Веревкиннің бұйрығымен
ғимаратқа зеңбіректен он екі оқ атылды, оның бірі кесене қабырғасына тиіп, 
зақымдады. Массонның жазуына қарағанда, кесене қабырғаларының
жарылғандығын, оның құлаған жағдайда жанындағы әскери гарнизонды басып қалу
қаупін желеу етіп,  жергілікті әкімшілік Қожа Ахмет Ясауи кесенесін бұзуға
қаулы шығарып,  сорақылық жасаған. Бірақ,  бұл қаулы Түркістан генерал-
губернаторының араласуымен бұзылған.  
Ал,  кесенені жөндеу және қалпына келтірудің екінші кезеңі ХХ ғ.
басындағы әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты болды. Кеңестер билігі
жүргізген әлеуметтік реформалардың қатарында мәдениет ескерткіштері мен
өнер туындыларын сақтап қалу мақсатында олардың мемлекеттік меншік деп
жариялануын атауға болады. Осындай өзгерістердің ықпалымен Түркістан АКСР-
інің Орталық Атқару Комитеті "Мемлекеттік және көркемдік маңызы бар көне
ескерткіштер мен өнер туындыларын қорғауға алу” жөніндегі №191 декретін
жариялап,  бұл жұмыстарды жүзеге асыру Архив басқармасына жүктелді.
Ал, 1921 жылдың 23 мамырында Түркістан Республикасы Халық Комиссарлар
Кеңесі Халық ағарту комиссариаты жанынан өнер туындылары мен табиғат
ескерткіштерін қорғаумен және мұражай жұмыстарын ұйымдастырумен айналысатын
комитет (Туркомстарис) құрып, оның ережесін бекітті.
1922-1923 ж.ж. профессорлар Д.И.Печкин мен А.А.Семенов басқарған
экспедиция Түркістан қаласында болып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін суретке
түсірген, архитектуралық өлшемдерін алып, оны қорғаудың қарапайым шараларын
ұйымдастырды.
Әйтсе де мамандардың, қаражат пен құрылыс материалдарының жетіспеуіне
байланысты ел ішіндегі ескерткіштердің ең маңыздыларын ғана қорғауға алып,
жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік болды. Солардың қатарында Айша Бибі
кесенесі, Сайрам колонналары мен Сығанақ қаласы қалдықтарымен бірге,  Қожа
Ахмет Ясауи кесенесі де бар еді. 
1938 жылы Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі қаулысына сәйкес
прорабтық шаруашылық ұйымдастырылып, ол кейбір жөндеу, қалпына келтіру
жұмыстарымен шұғылданды. Бұл жұмысқа Б.Н.Засыпкин кеңесшілік жасаған. Онда
жүргізілген жұмыстар қалпына келтіру талаптарына біршама сай келді.
Әзірет Сұлтан кесенесіндегі қалпына келтіру жұмыстарының үшінші
кезеңінің басты ерекшелігі оның ғылыми сипат алуында еді.  
Үкімет шешімі бойынша 1945 жылдан бастап Қазақстан аумағындағы
архитектуралық ескерткіштерді есепке алу, зерттеу және қалпына келтіру ісі
Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы архитектура жөніндегі республикалық
басқарма қарамағына көшірілген болатын. 1951-1957 жылдары Қожа  Ахмет Ясауи
кесенесін қалпына келтіру мақсатында Өзбек КСР Министрлер Кеңесінің Құрылыс
істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің арнаулы ғылыми-жөндеу шеберханасы
Қазақ КСР-імен арадағы келісім-шарт бойынша елеулі жөндеу жұмыстарын
жүргізді.
1951-1954 ж.ж. бұл жұмысқа Б.Н.Засыпкин ғылыми жетекшілік етсе, 1955-
1957 жылдары осы шеберхананың ғылыми кеңесі басшылық жасаған. Осы уақыт
ішінде архитекторлар В.Филимонов, И.Плетнев, Т.Карумидзенің жобалары
бойынша цементтен іргетас орнату,  ғимараттың қабырғаларын қалпына келтіру
жұмыстары қолға алынды. Қазандық күмбезінің төрт және сегіз қырлы
қабырғаларын әрлеу жұмысы  архитектор Т.Карумидзенің басшылығымен жүзеге
асырылды. 1954 жылы ескерткіш іргетасында жатқан топырақ бастапқы деңгейіне
дейін аршылып, мәдени қабаттардың қалыңдығы кей тұстарда екі, екі жарым
метрге жететіндігі анықталды. Бастапқы кездегі тыстама қалдықтарын негізге
ала отырып,  барлық қабырғалар іргесі қалпына келтірілді.
1958 жылы Өзбек КСР-інің жоғарыда аталған өндірістік шеберханасымен
жасалған шарт бұзылып,  жөндеу жұмыстары 1960 жылы Қазақ КСР Министрлер
Кеңесінің құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетіне тапсырылды.
Деректерге қарағанда, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің құрылыс істері 
жөніндегі мемлекеттік комитеті Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қалпына келтіру
жұмыстарына жауапсыз қараған. 1952 жылы басталған қалпына келтіру жұмысы 
ұзаққа созылды. Мемлекет тарапынан бөлінген қаржы көп жағдайда тиімсіз
пайдаланылды. Қалпына келтіру жұмысы техникалық жағынан төмен дәрежеде
жүргізілді, ескерткішке инженерлік бақылау жасалынбады.
Бір өкініштісі, жоғарыда аталған жөндеу жұмыстарының ұзақ мерзімге
белгіленіп, кешенді ғылыми негізделген нақтылы жоспары болмады. Қожа Ахмет
Ясауи кесенесіне ғана баса көңіл бөлініп,  іргесіндегі шағын кесенелер,
діни ғимараттар мен дәстүрлі тұрғын үй кешендерін жөндеу немесе қалпына
келтіру  жағы назардан тыс қалды. Соның нәтижесінде аталған жұмыс біржақты
сипат алды.
Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің тарихи
ескерткіштермен жұмыс жүргізудегі мұндай оралымсыздығы түзетіліп, 1966 жылы
Қазақ КСР Минстрлер Кеңесінің шешімімен Мәдениет министрлігі жанынан
республикалық ғылыми-жөндеу шеберханасы, ал 1972 жылы Түркістан қаласында
арнайы жөндеу және қалпына келтіру шеберханасы ашылды. Осы жерде қазақтың
біртуар азаматы, Өзбекәлі Жәнібековтің өлшеусіз еңбегін атап өтуіміз керек.
Жоғарыдағы жұмыстар тікелей Өзекеңнің араласуымен қолға алынып,  жүзеге
асырылды.
Қазақстан археологтары мен сәулетшілері үлкен ғылыми ізденістердің
нәтижесінде осы шеберхананың өндірістік базасын және жөндеуші шеберлердің
тәжірибесін пайдалана отырып кесенедегі қалпына келтіру жұмыстарына
қажетті  бояулар,  шыңылтырлы кірпіштер дайындаудың жаңа технологиясын
жасап, өндіріске енгізді.
 
1978 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мұражай болып ашылғаннан кейінгі
уақытта жөндеу мен қалпына  келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіле бастады. 
Тарихи ескерткіштің республикалық мұражай мәртебесін алуы, онда кең
көлемде  қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді талап етті.
Осы жылы кешен құрамындағы "Шығыс моншасы” қайта қалпына келтірілді. 
1975 жылға дейін үздіксіз жұмыс істеп келген монша тарихи-мәдени ескерткіш
ретінде, өзінің негізгі қызметін тоқтатып,  1979 жылдан бастап мұражайға 
айналдырылды. 1980 жылы қалпына келтірілген Қорған қабырғасы мен Қорғанның
қақпасын бұрынғы сақталған сурет,  сызбалар негізінде жаңадан тұрғызуға
тура  келді. Ал,  жұма мешітінің 1878 жылы салынған ғимараты бастапқы қалпы
сақталып,  қайта қалпына келтірілді. ХІV ғ. ескерткіші болып табылатын
Шілдехана ішінара қалпына келтіріліп,  консервацияланды.
Бұл кезеңде жүргізілген барынша күрделі қалпына келтіру жұмыстары
Рәбия Сұлтан Бегім кесенесіне байланысты болды.
Ескерткіш зерттеудегі Б.Засыпкин, археолог К.Шахурин, сәулетші
Т.Карумидзелердің еңбектері кесенені қалпына келтірудің жоспарына ғылыми
негіз болды. Әсіресе, 1958 жылы К.Шахуриннің археологиялық қазба жұмыстары
кесененің іргетасы мен қабырғаларының сұлбасын анықтауға мүмкіндік берді.
Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі – "Казпроектреставрация” институтының
жобасы бойынша қайта қалпына келтірілген түрі. Ол – бір күмбезді құрылыс, 
биіктігі 20,60 см. Сыртқы қарама-қарсы қабырғаларының ара қашықтығы 16,65
см., және  14, 25 см. Кесененің күмбезі биік мойындықпен көтерілген.
Күмбездің диаметрі 8,65 см2. Құрылысы қос қабатты күмбезбен көмкерілген.
Сыртқы күмбезі төрт бұрышты көк плиталармен қапталған, ішкі күмбезі
күйдірілген кірпіштен өрілген,  ол құрылыстық міндет атқарса, сыртқы күмбез
көркемдік міндет атқарады.
Түркістандағы зерттеу және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруға
бірқатар үкіметтік қаулылар қабылданды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі отандық
қалпына келтірушілердің мектебіне айналды, онда қазақстандық алғашқы
қалпына  келтіруші-шеберлер Х.Шахапов, Б.Атаханов, А.Оразбаев жұмыс істеді.
Осы аталған жұмыстар кесене кешеніндегі қалпына келтірудің шешуші, соңғы
кезеңіндегі табысты жұмыстарға берік негіз қалады.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қалпына келтіру жұмыстарының төртінші
кезеңі еліміздің тәуелсіздік алуымен байланысты  болды. Жетпіс жыл бойы 
халқымыздың ұлттық рухын бұғаулаған тоталитарлық жүйе қасиетті ғимараттың
тарихи-мәдени құндылық ретінде әлеуметтік мүмкіндігін пайдалануды
шектегендіктен жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары біржақты жүргізілді. 
Кесенеге сәулет өнерінің үздік туындысы ретінде мән берілгенімен, оның
тарихи,  рухани сипатын қалпына келтіру  екінші кезекке ысырылды.
 
Тәуелсіздік жағдайында ұлттық мүддеден туындаған мәдени, рухани өрлеу
көптеген құндылықтарды қайта қарауды, қайта бағалауды қажет етті. 1992
жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің "Тарих және
мәдениет ескерткіштерін сақтау туралы” қаулысы қабылданды.  Осы қаулының
ізімен 2.07.1992 ж. "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы”
Қазақстан Республикасының Заңы жарыққа шықты. Бұл заң еліміздің тәуелсіздік
жағдайында  тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауды және оны қалпына келтіру
жұмыстарын ұйымдастырудың құқықтық негізін қалады.
Дегенмен, тарихи ескерткіштерді қорғау мәселесіне қатысты заңдық
нормативтік құжаттарды және оны жүргізудің технологиясын халықаралық
стандартқа сәйкестендіруге байланысты жаңа міндеттер туындады. Осы кезге
дейінгі жүргізілген қалпына келтіру жұмыстары халықаралық талаптарға сай
келмейтін еді.
Сәл шегініс жасап,  деректерге сүйенсек, 1964 жылы 21-31 мамыр
аралығында Венеция қаласында архитекторлар мен тарихи ескерткіштер бойынша
техникалық мамандардың ІІ Халықаралық конгресінде консервациялау мен
қалпына келтіруде басшылыққа алынатын іргелі қағидалар бекітілген. Соның
нәтижесінде мәдени құндылықтарды консервациялау және реставрациялау саласы
бойынша халықаралық зерттеу орталығы құрылды. Әлемдік деңгейдегі
ескерткіштердің сақталуы, қалпына келтіру жұмыстарына ғылыми-әдістемелік
жетекшілік жасап,  халықаралық стандарттардың орындалуын қатаң қадағалайтын
бұл орталықтың маңызы ерекше еді.

1.2 АСАН ҚАЙҒЫ - ДАЛА ДАНЫШПАНЫ
 
 
Табиғат – бүкіл әлем.Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты
қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей
байланысты. Одан шығатын қорытынды- адам табиғатының бір бөлігі.[1]Қазақ
тарихында Сыр өңірі тарихының алар орны ерекше.Ежелгі заманнан бастап Сыр
өңірі сан мың ұрпаққа құтты қоныс, жайлы мекен болғаны белгілі.Бұл
топырақта есте жоқ ескі кезеңдерден-ақ бағы жетіп, базары қызған қырыққа
жуық көне қалалар мен жарты ғаламды жалғастырған Жібек жолының арналы абағы
сайрап жатыр.Сөйлете білсең оның әр уыс топырағы, әр бұтасы, әр тасы алуан
түрлі ғибратты шежіре шертер еді.[2]
Сыр бойы сырға бай. Онда сан ғасырлардан бергі аты әлемге мәшһүр ірі
тұлғалар ғұмыр кешкен, атасақ санап тауыса алмаспыз.Әлі кұнге дейін
зерттелмегендері қаншама десеңші.      
Бұл жәдігердің ең әсем әрі көрнектісі – Асан Ата мазары. Рас, кейбір
әдеби зерттеулерде Асан қайғының жерленген жері туралы түрлі пікірлер бар.
Бірақ, оның мазары Сыр бойында, дәлірек айтқанда осы Оқшы Ата қорымында
(қазақ тілі мен әдебиеті -1994, №3,4-5 б) жерленген. Асан ата кесенесі 1992
ж мемлекет қорғауына алынған. [3]
Дала данышпаны ретінде танылған Асан қайғының рухани мұралары халық
санасында сақталған.Асан қайғы жөніндегі аңыз- әңгімелер мен әр түрлі алуан
деректерді біршама қалыпқа түсіріп, құнды пікірлер жазған академик- жазушы
М. Әуезов болды. Бұл тарихта болған адам. Бірақ, тірлік еткен заманы
Жәнібек ханның тұсы дегені болмаса, дәлді кім еді, қай ортадан шығып еді,
қандайлық еңбек, әрекет етіп, қандай өмір шегіп өтіп еді. Бұл жайынан
ешқайсынан дәл дерек жоқ. [4] Асан қайғының саяси іс-әрекеттері
төңірегінде қалам тартқан академик Ә. Марғұлан болды. Ғылым, Асан қайғы
деп аталуы – халықтың қамын көп ойланған екендігін айтады. Қазақстан
тарихына арналған кейбір еңбектерде Асан қайғы ХV-ХVI ғ.ғ өмір
сүрген.        Асан қайғы – ХIV ғасырдың екінші жартысы да Еділ бойында
дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің
болашағын ойлап жүргендіктен, замандастары оны Асан атаны қайғы деген
сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. [5]
 Шоқан Уәлиханов Асан қайғыны дала данышпаны деді. Әлкей Марғұлан
Асан Ата ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың
ойшыл данасы деп бағалады.         Асан қайғы –көптеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АСАН ҚАЙҒЫ - ДАЛА ДАНЫШПАНЫ ТУРАЛЫ
Асан қайғының айтқандары
Асан қайғы - аңыз кейіпкері
Асан қайғы философиясы
Өмір сүрген кезеңі
Асан Қайғының танымындағы дүниге көзқарасы
Көшпелілер философы
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТӨЛ ДҮНИЕ ТАНЫМЫ
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ әдебиетінің түп тамыры
Пәндер