Оқушының білім сапасын интерактивті әдістер арқылы көтеріп, шығармашыл тұлға тәрбиелеу жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

А. Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010

Н. М. Балтабаева

А. Ясауи атындағы ХҚТУ

ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ КӨТЕРІП, ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ

В данной статье рассматриваются пути повышения качества образования посредством интерактивных методов.

This work touches on the developing ways of education quality by means of interactive methods .

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Оқыту формасы адамзат қоғамының дамуымен бірге қалыптасты. Оқыту процесінің ең ертеде қалыптасқан түрі жеке оқыту еді. Келесі кезең жеке-топтық оқыту әдісі болды. XVII ғасырдың басына қарай бұл оқыту формалары қоғам қажеттілігін өтей алмай қалды. Осы кезеңнен бастап алғашқы топтық оқыту әдісі қолданылып, ол қазіргі кездегі сыныптық-сабақ жүйесінің негізі болды. Сыныптық-сабақтық жүйенің авторы ретінде Я. А. Коменскийді атайды.

Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің сипаттамалары мынандай:

  1. оқушылар жастары бойынша сыныптарға бөлінеді;
  2. мектептегі оқыту кезеңі;
  3. сабаққа қатысу бәріне міндетті;
  4. сабақ кестесі, үзіліс, каникул кезеңдері жыл бойын қамтиды;
  5. сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстары бір тақырып және бәріне ортақ бір жоспар бойынша жүзеге асырылады;
  6. оқыту барысын мұғалім басқарады.

Интерактивтік оқыту.

Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:

1) пассивті - оқушы оқытудың «объектісі» рөлін атқарады (тыңдау және көру) ;

2) активті (белсенді) - оқушы оқытудың «субъектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс) ;

3) интерактивті - іnter (өзара), акт (әрекеттесу) . Оқыту процесі оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады.

Интерактивті оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуацияларды модельдеудің рөлдік ойындарды қолдануды, мәселен бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.

Интерактивтік оқыту технологиясы - бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардын өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру [1. 36] .

Интерактивтік оқыту технологиясы.

1) Жұптасып жұмыс істеу.

2) Ауыспалы үштік.

3) Айналмақ.

4) Шағын топтармен жұмыс.

5) Аквариум.

6) Аяқталмаған сөйлем.

7) Миландыру (миға шабуыл) .

8) Броундық қозғалыс.

9) Есептеу ағашы.

10) Өз атынан сот.

11) Азаматтық тыңдау.

12) Рөлдік (іскерлік) ойын.

13) Сығымдау әдісі.

14) Өз позицияңды ұстан.

15) Пікірталастар.

А. Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010

Балтабаева Н. М. Оқушының білім сапасын интерактивті әдістер арқылы көтеріп, шығармашыл . . .

Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін жұптасып жұмыс істеу әдісі сабақтарда жиі қолданылады.

Оқушыларға «Айналмақ» деп аталатын жұмыс түрі қатты ұнайды. Бұл әдісте екі сақина жасалады: ішкі және сыртқы сақиналар. Ішкі сақина - бұл қозғалмай отырған оқушылар. Сыртқы сақина - бұлар әрбір 30 секунд сайын ауысып тұрады. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып шығады және әрқайсысы өз сөзінің дұрыстығына әңгімелесушінің көзін жеткізуге тырысады.

Аквариум технологиясының мәнісі сонда, бірнеше оқушы шеңбер ішінде жағдаятты жасырады, ал қалғандары оларды бақылап тұрып, әрекеттеріне талдау жасайды.

Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.

Есептеу ағашы - сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман парақ) жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады.

Мұғалім мен оқушының интерактивтік шығармашылығы шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан әдістемелік инновациялар оқытудың интерактивтік әдісімен байланыстырылған.

Интерактивтік оқыту - бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.

Интерактивтік оқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процесс өзара қолдау және қайырымдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық процеспен өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді [2. 25] .

Оқыту концепциясы мен технологиясы

Оқыту барысында кем дегенде мазмұндық (нені оқыту), процессуалдық (қалай оқыту), мотивациялық (оқушылар әрекетін қалай белсенді етуге болады) және ұйымдастыру (оқушы мен мұғалім әрекетінің құрылымын қалай жасау керек) жағын бөліп қарауға болады және олардың әрқайсысына бірқатар концепция сәйкес келеді:

Мазмұндық жағына - мазмұнды қарым-қатынас, оқу материалын күрделендіру, оқу пәндерін кірістіру, дидактикалық бірліктерді ірілендіру және т. б;

Процессуалдық жағына - бағдарламалау концепциясы, проблемалық, интерактивтік оқыту және т. б;

Мотивациялық - оқу барысын мотивациялық қамтамасыз ету концепциясы, танымдық қызығушылық қалыптастыру және т. б;

Ұйымдастыру - гуманитарлық педагогика идеялары, педагогикалық еңбектестік концепциясы, орталықтандырылған оқыту және т. б.

Осы концепциялардың бәрі өз кезегінде технологиямен қамтамасыз етіледі. Мысалы, проблемалық оқыту концепциясы: проблемалы-сұхбаттасып оқыту, проблемалы-тапсырмалық, проблемалы-алгоритмдік, проблемалы-модулдік, проблемалы-компьютерлік оқыту.

Интерактивтік оқыту технологиясы мен концепциясы интеракция (ағылш. Іnteraction - өзара әсер, бір-біріне әсер ету) кұбылысына негізделген. Оқыту барысында жеке тұлғалар арасында танымдық қарым-қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өзара әрекеттесу барысында жүзеге асады.

Осы концепцияны жақтаушылардың ойынша, осындай ситуацияның жиі қолданылатыны және ыңғайлы түрі оқу ойындары болып табылады. М. И. Кларин, Ю. С. Тюнников және басқалар ойындардың білім беру мүмкіндіктерін зерттеген: ойындар педагогикада оқытудың (білім, білік, дағды) қолданылуын, жаттығу мен өңделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі әртүрлі оқушыларды ойынға тең, дәрежеде қатыстыру нәтижелерін көрсететін мүмкіндік

А. Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010

Балтабаева Н. М. Оқушының білім сапасын интерактивті әдістер арқылы көтеріп, шығармашыл . . .

береді. Сонымен қатар ойындарда барынша эмоциялық-тұлғалық әсер ету, коммуникативті біліктілік пен дағды қалыптастыру, қарым-қатынас құндылығы сияқты мүмкіндіктер бар. Сондықтан оқу ойындарын қолдану мектеп оқушыларының жеке және тұлғалық сапаларын қалыптастыруға қолайлы.

Интерактивтік оқыту технологиясы (ИОТ) - деп оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоционалдық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс-әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.

ИОТ-сын қолданатын оқыту процесінің құрылымында мына кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:

  1. Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау кезеңі. Мұғалім жұмыс тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.
  2. Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл жағдаят, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Мұғалім сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне (ойын таблосы құрылады) тоқталады. Оқушылар қосымша ақпарат жинайды, мұғаліммен ақылдасады, ойын барысы және мазмұны туралы өзара талқылайды.
  3. Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға және бағытын өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса, мұғалім ойынды бастағаннан кейін аса қажет болмаса оған қатыспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті: ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, оқушылардың сұрағына жауап беріп немесе өтініші бойынша оның жұмысына көмектесу.
  4. Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз позицияларын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, таңғалыстарын айтады, ойын барысында туындаған қиындықтары, идеясы туралы әңгімелейді. ИОТ-сын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайдаболады: мұғалім-оқушы, мұғалім-сынып, оқушылар-сынып, оқушылар-оқушылар, топ-топ, топ-оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді. Бүкіл оқыту барысында оның әртүрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы қажет. Нақты өмірде бұл жағдай әрқашан іске аса бермейді. Неге десеңіз, мұғалім бір технологияны немесе оның бір көрнекті элементін ғана тәжірибеде қолдануға бейім тұрады. Бұл жағдайда ИОТ-сының бүтіндікпринципі бұзылады: бұл процесс әртүрлі технологиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді, бүтін болғанда ғана технология педагогикалық тұрғыда әсерлі болады [3. 18] .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Проблемалық оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін арттыру
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері
Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты
Қазіргі жағдайдағы бастауыш сынып оқушыларының дамуында ақпараттық технологияның ықпалы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАСТАМАСЫН ДАМЫТУ
Оқытуда жаңа инновациялық әдістер мен технологияны қолдана отырып оқушының құзыреттілігін қалыптастыру
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру
Білім сапасын арттырудағы мұғалімнің рөлі
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және өздігінен білімін жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz